ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оку пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз - ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған мате-риалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.

Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі - ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздін түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.

Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі зандылықтар тұжырым-далғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.

Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәрі-де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.

Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерек-шеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасыныц маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оньщ үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ (ҮЛГІ)

ЖАСАУ

Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міңдет. Экономикалық жүйеніц жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларга түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған "диагаоз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен хейін экономикада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіңдік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрдеяі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.

Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше кеңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар - М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім - математик, физик жане кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі О. Маргешптермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-кұлық" деген едбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.

Саяси экономия ғылымы. Бұл ұғымды тұңғыш рет ғылымга енгізген меркантелист Антуан Монкретьен (1575-1631) . Саяси экономияның ерекше назар аударғаны материалдық игішктерді өндіру. Оның себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктың кең өркеңдеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды ендіріске сәйкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономия ғылымы классиктерініц көптеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623-1687) Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823), Франсуа Кенэ (1694-1774) және А. Тюрго (1727-1781) есімдері ез заманындағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми қағидалары алемдік экономикалық теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтын әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845-1904), Шоқан Уалиханов (1835-1865) . Шоқан Орыс географиялық қоғамынын толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқандар Адам Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселеяеріне ез кезқарастарын жазды.

Оқулықта экономикалық ой-пікірдің көне заманнан-ақ бастап тарихы қысқа айтылды, себебі терен үнілуге мүмкіндік болмағандықтан аса көрнекті есімдер ғана аталып, олардың қағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Буропамен ерте араласқан Ресейдің өзінде де саяси экономия ғылымы XVII ғасырдың бірінші ширегінен - I Петр дәуірінен басталады. Саяси экономия тарихын зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан тұңғыш орыс экономисі И. Т. Посошков болса, біздің топшылауымыз бойынша қазақ елінде ондай адамдар - Шоқан мен Абай.

Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ұмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға қатысқан қайраткерлердің экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.

Маркстік емес деген саяси экономияда XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басьгада бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бір бөлігі соңғы уақытта елеулі дамып, кеңінен таныла бастады. Соларда XIX ғасырдың екінші жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржинализм французша (marginal-шекті) теориясы тұжырымдалды. Маржинализм теориясы - шаруашылық қатынастарға тартылған жеке субъектіні (адамды) психология тұрғысынан экономикалық талдау. Осы мек-тептің өкілдері - Менгер (1840-1921), Э. Бем-Баверк (1851-1914), В. Визер (1851-1926) . Ал "неоклассикалық" деп аталған экономикалық теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842-1924) шығармаларында тұжырымдалды. Оның басты еңбегі "Эко-номика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық керді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚШ-та Дж. Кларк (1847-1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларымың кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары негұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX-XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теориянын бұл мектебін қайраткерлері рыноктық экономиканы сұраныс пен ұсыныстын, негізінде тепе-теңдікке жетуге қабілетті жүйе ретінде қарайды. Дж. Кейнстің (1883-1945) -1936 жылы жарық керген "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" еңбегіңде бірқатар практикалық ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канның инвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.

Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк ұсынған акселарация принципін қолданды. Экономикалық өсудің кейнстық үлгісі Р. Харрорд, А. Хансен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды. Осыған орай экономикалық тұжырымдама Василий Леонтьев (1906) еңбектерінде жоғары бағаланды. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың -"Экономикалық өсу сатылары", Р. Аронның -"Біртутас иңдустриалды коғам" және Д. Беллпосттын -"Ивдустриалдық қоғам" атты еңбектерінде қарастырылды.

Батыстағы қазіргі экономикалық ой-пікірдің белгілі өкілі - Дж. Гэлбрейт (1908 ж. ) . Оның орыс тіліне аударылған "Жана индустриалды қоғам" (М., 1969), "Экономикалық теориялар және қоғамнын мақсаты" (М., 1976) және "Капитализм, социализм, қатар өмір сүру" атты кітаптары Ш., 1988), бұрынғы кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы реттеу мәселелерін елеулі дамытумен бірге, Маркстен бөлек жаңа саяси экономия жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған.

XX гасырдың 20-жылдарында бұрынғы Кенес Одағымың Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым - экономистер Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмшшн КСРО экономикасын рынокқа көшіру мәселелерінің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық теорияға қосқан үлестері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл экономистердің теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір талабы дер едік.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның функциясы
Экономикалық теория қызметі
Экономиканың негізгі элементтері. Экономикалық заң
Экономикалық категориялар мен заңдар. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Экономикалық ой - пікірлердің қалыптасуы. Мектептен және сыныптан тыс іс- тәжірибеден өту есебі
Экономикалық теория және экономикалық саясат
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы ақпарат
Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы
Экономикалық тәрбие беру
Экономика теориясының қоғамда дамуындағы рөлі мен орны, оның пәні мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz