Заңсыз банктік қызмет



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
2. заңсыз кәсіпкерлік (190-бап)
3. Заңсыз банктік қызмет
4. Жалған кәсіпкерлік
5. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру
6. Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару
7. Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу
8. Көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген
тәртібін әдейі бұзу
9. Көрінеу жалған жарнама беру
10. Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
11. Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз
алу мен жария ету
12. Экономикалық контрабанда
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға енген қылмыстардың
топтық объектісі — экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін
өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға
енген қылмыстардың барлығы дерлік экономикалық қызметтің әр түрлі саласында
көрініс табады.
Қылмыстың тікелей объектісі — экономикалық қызмет саласын реттейтін
нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша
тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.
Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі — оның заты
болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (206-бап); тауарлық
белгі (199-бап); осы топқа жататын қылмыстардың объективтік жағы әрекет
немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстардың құрамының міндетті белгісі—қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді
істеу тәсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық контрабандыны істеу
тәсілдері (209-бап); салық төлеуден жалтару (221,222-баптар); кеден
төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері (214-бап).
Көптеген қылмыстардың объективтік жағының белгісі — қоғамға қауіпті
зардаптың — зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру —
едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір
баптардың ескертуінде берілген, (Мысалы 189,190,193-баптар).
Субъективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
барлығы кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы
қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істелген қылмыс құрамы жоқ.
Бірақ та жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады (іс-
әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен) (Мысалы
189-бап).
Қылмыстың субъектісі — жалпы, сондай-ақ арнаулы субъекті болуы мүмкін.
Осы тараудағы барлық қылмыстар үшін субъектінің жауаптылығы 16-жастан
басталады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субъектілері
болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды
адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары
немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін.

ІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ

ІІ. 1. ЗАҢДЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ КЕДЕРГІ ЖАСАУ (189-БАП)
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке
кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін
шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу
не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды
адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген
сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, заңды
кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы).
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін
пайдалану құқығына кепілдік берген (26-баптың 4-тармағы). Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес кәсіпкерлік-меншік
түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа,
қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға
бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды
шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы
қызметі.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және
мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа
кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ, жеке кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы. Шаруа
(фермер) қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға болып табылмай-ақ,
шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар заңда белгіленген тәртіпке сәйкес Әділет министрлігі
органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Лицензиялау туралы
Заңына сәйкес кейбір кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысу үшін жеке немесе
заңды тұлғалар (ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан) арнаулы рұқсат-
лицензия алулары қажет. Лицензия – жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір
мерзімге, қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға және оны жүзеге асырудың
шарттарын белгілейтін ресми құжат болып табылады. Қазақстан
Республикасындағы шетелдік азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Шетелдік
инвестициялар туралы Заңына сәйкес тіркеуден өтеді. Осы қылмыстың
объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын қоғамдық қатынастарға қол
сұғу танылады. Ондай қоғамдық қатынастар тізбегі Қазақстан Республикасының
Жеке кәсіпкерлік туралы 1997 жылғы 6 маусымдағы арнайы Заңында
көрсетілген.
Объективтік жағынан қылмыс мына төмендегі бірнеше балама әрекеттер
арқылы сипатталады:
а) ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке
кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін
шектеу;
б) жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, не оның
қызметіне өзге де заңсыз араласу;
в) сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып жасалған осы
қылмыс;
г) немесе үлкен залал келтіріле отырылып жасалған осы әрекеттер.
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке
кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін
шектеуге — заңда белгіленген кәсіпкерлік қызметтің түрін таңдап алуға
кедергі жасау; кәсіпкерлік қызметтің түрімен айналысуға субъектілердің тең
құқығын бұзу, жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық
немесе көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
лицензия беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару;
жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалық,
ғылыми-техникалық немесе құқықтық жағынан негізсіз қолдамау, азаматтардың,
заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының заңды кәсіпкерлік
қызметке кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану
мүмкіндігін шектеу немесе одан айыру т.б. әрекеттер жатады. Жеке кәсіпкер
мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеуге не оның қызметіне өзге де
заңсыз араласуға — өндірістік бағдарламаларды өз бетімен жасау
мүмкіндіктеріне кедергі қою; өз өнімдеріне тұтынушылар мен өткізушілерді
сұрыптап алуды, олардың бағасын дербес белгілеуді шектеу; жеке немесе заңды
тұлғалардың мүлкін, мүліктік құқығын, интеллектуалдық меншік объектілерін,
қаржысын келісім шарт негізінде пайдалануға тартуды тежеу; сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыруға негізсіз араласу әрекеттері жатады.
Заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасауға — жеке немесе коммерциялық ұйымдардың занды кәсіпкерлік
қызметіне кедергі жасалуына байланысты (Мысалы, мемлекеттік тіркеуден
өткізбеу, заңсыз лицензия бермеу, әр түрлі кедергілер келтіру т.б.)
кәсіпкерлердің сотқа шағымдануы негізінде анықталып, сот құжатында
көрсетілген, заңды күшіне енген талаптарды бұзу әрекеттері жатады.
Ірі залал келтіріле отырылып жасалған заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасауға азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада
келтірілген зиян, не ұйым мен мемлекетке қылмыс жасалған сәтке Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз
есе асатын сомада келтірілген зиян жатады (189-баптың ескертуі). Өзінің
заңдылық құрылысына қарай талдап отырылған қылмыс құрамы формальдық-
материалдық құрамға жатады. Қылмыс 189-баптың диспозициясында көрсетілген
балама әрекеттердің біреуі жасалса аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық арқылы істеледі.
Кінәлі адам өзінің іс-әрекеті арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметке кедергі
жасағанын сезеді, біледі және соны тілейді.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы субъект, кәсіпкерлік қызметті
тіркейтін, лицензия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.

ІІ.2. ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІК (190-БАП)

Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу
міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе
лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым
салынған түрлерімен шүғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе
мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі
мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен
байланысты болса — іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады (ҚК-тің 190-
бабы).
Азаматтардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тәртібі Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 19-бабында көрсетілген. Осыған орай
азаматтар арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ
мемлекеттік тіркеуге тұрған уақыттан бастап кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқылы. Сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығы; мердігерлік шарт және
өзге де азаматтық-құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратындар;
көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-
ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді оған қоса импорттық
өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде
немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс
істеп, қызмет көрсетуден түскен түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы
жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, бұлар
заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады (АК-тің 19-
бабының 4-тармағы).
Азаматтық кодекстің 42-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеудің тәртібі кезделген. Осы және жеке кәсіпкерлік туралы 1997 жылғы 5
маусымдағы Заңға, Лицензиялау туралы Заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті
атқару арнаулы рұқсат лицензия болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Осыған орай осы қылмыстың объектісі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың
мемлекет белгілеген бірқалыпты дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай балама әрекеттерден құралады:
1. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу
міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия
шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей
жүзеге асыру заңда белгіленген тіркеу тәртібін бұзып, бұл әрекетті жүзеге
асыру болып табылады. Рұқсат (лицензия) алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға — заңда белгіленген қайсыбір кәсіпкерлік қызметті атқаруға арнаулы
рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу жатады. Лицензия шарттарын бұзып
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға: лицензияда көрсетілмеген қызметті
жүргізу; немесе оның жүзеге асырылуы тәртібін бұзу, лицензияны бөтен адамға
беру; қолданылу, мерзімі өтіп кеткен лицензияны пайдалану және т.б.
2. Кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану. Заңда кейбір
қызметтің түрлерімен кәсіпкерлікпен шұғылдануға тыйым салынған. Осыған
қарамастан кәсіпкер заң нормасын бұзып, тыйым салынған кәсіппен
шүғылданады.
3. Жоғарыда көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке
ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде
акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен немесе өткізумен байланысты
болса.
Қылмыстық кодекстің осы бабының ескертуіне сәйкес заңсыз кәсіпкерлік
(190-бап) және заңсыз банктік қызмет (191-бап) баптарында сомасы 500 жүз
айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс — ірі мөлшердегі табыс, ал құны жүз
айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны ірі мелшердегі тауарлар
деп, ал сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс — аса ірі
мөлшердегі табыс деп танылады.
Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 189-бабының ескертуінде берілген — ол
азаматтар үшін айлық есептік көрсеткіштен 100 есе, ал ұйым мен мемлекетке
500 еседен асатын сомада болуы керек.
Заңсыз кәсіпкерлік қылмыс құрамы жөнінен материалдық құрамға жатады.
Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген ірі зиян келтірілумен немесе ірі
мөлшердегі табыс табумен байланысты аяқталған деп танылады. Субъективтік
жағынан қылмыс кінәлінің қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Қасақаналық
тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі жалпы немесе
арнаулы болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-тармағында осы қылмыстың
ауырлататын: а) ұйымдасқан топ жасаған; б) аса ірі мөлшердегі табыс
табумен ұштастырылған; в) заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі
үшін бұрын сотталған адам жасаған түрлері көрсетілген. Ұйымдасқан топтың
түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-тармағында көрсетілген. Аса ірі мөлшердегі
табыстың түсінігі 190-баптың ескертуінде берілген. Заңсыз кәсіпкерлігі
немесе заңсыз банктік қызметі үшін Қылмыстық кодекстің 190 немесе 191-
баптары бойынша бұрын сотталған, бірақ сотталғандық атағы заңда белгіленген
тәртіппен жойылмаған немесе алынбағандар танылады (ҚК-тің 69,77-баптары).

ІІ.3. ЗАҢСЫЗ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ (191-БАП)

Ақша-несие жүйесіндегі кылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың
ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір
көрінісі болып табылады.
Қылмыстық заңда;Банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден
өткізбей немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы
рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру,
егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не
ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп
белгіленген (ҚК-тің 191-бабы).
Қылмыстың объектісі ақша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық
қатынастарға қол сұғу болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше, жеке дара
әрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды)
тіркеуден өткізбеу; міндетті рұқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік
қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген әрекеттер
ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен
байланысты болуы болып табылады.
Банктік қызметті (банктік операцияларды) лицензиясыз жүргізу,
тіркеуден өткізбеу заңсыз әрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды
сақтамау деп арнаулы заңда көрсетілген осы талаптарды сақтамау саналады.
Лицензия шарттарын бұзуға осында рұқсат етілген банктік қызметті
(операцияларды) істемей басқа қызметпен шұғылдану әрекеттері танылады.
Көрсетілген іс-әрекеттер заңда көрсетілген ірі зиян келтірумен немесе ірі
мөлшерде табыс алумен ұштасуы қажет. Егер заңда көрсетілген қылмыстық
зардап орын алмаса, онда кінәлі адам әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Ірі
зиян немесе ірі мөлшердегі табыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 190, 191-
баптарында берілген. Қылмыстың субъектісі болып заңсыз банктік қызметпен
айналысқан Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы
жоқ адамдар танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақана нысаны арқылы жүзеге
асырылады. Бұл жерде қасақаналықтың тікелей немесе жанама түрі де орын
алады.
Ұйымдасқан топ жасаған; аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан;
заңсыз банктік қызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын сотталған адам
жасаған әрекеттер заңсыз банктік қызмет жүргізу құрамының ауырлататын
түріне жатады (191-бап 2-тармағы). Бұл белгілердің түсінігі Қылмыстық
кодекстің 190-бабының 3-тармағында көрсетілген осындай белгілерге ұқсас
болып табылады.

ІІ.4. ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК (192-БАП)

Қылмыстық кодекстің 192-бабында Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік
немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден
босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру
мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген
коммерциялық ұйым құру—жалған кәсіпкерлік деп белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі кәсіпкерлік немесе басқа да коммерциялық
әрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстақ
жауаптылықтың басты шарты — азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары
мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта
көрсетілген қылмыс құрамы: кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру
ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу
немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты
келтіре отарып коммерциялық ұйым құру әрекеті арқылы сипатталады. Қылмыс
тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кәсіпкер коммерциялық ұйым құру
үшін оны тіркету және оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық
құжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап,
қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кәсіпкерлік
немесе банктік қызмет заңды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп,
банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы және есептесу шоты
белгіленеді. Осымен кәсіпкерлік ұйымның барлық заңды қызметі доғарылады да
жалған кәсіпкер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіруге
бағытталған басқа әрекеттермен шұғылданады: несие алады, азаматтардан
немесе ұйымдардан ақша қаражаттарын жинайды, сөйтіп тыйым салынған
қызметпен айналыса бастайды. Осындай әрекеттердің нәтижесінде қоғамға
қауіпті зардап — азаматқа, ұйымға қауіпті зардап немесе мемлекетке ірі зиян
келтіріледі. Осы уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады (Ірі зиянның
түсінігі ҚК-тің 189-бабының ескертуінде берілген). Қылмыстық құрамы
заңдылық мәні жөнінен материалдық құрамға жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама)
жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі—тыйым салынған қызметті
жасыру, заңсыз несие алу, салық төлеуден босатылу немесе өзге де мүліктік
пайда табу мақсаты болады.
Қылмыстың субъектісі — кез келген есі дұрыс, 16-ға толған азамат
болады.

ІІ.5. ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН АҚША ҚАРАЖАТЫН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ МҮЛІКТІ
ЗАҢДАСТЫРУ (193-БАП)

Қылмыстық кодекстің 193-бабында Көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған
ақша қаражатымен немесе өзге де мүлікпен қаржылық операциялар немесе басқа
да мәмілелер жасау, сондай-ақ аталған қаражатты немесе өзге де мүлікті
кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін
пайдалану қылмысының анықтамасы көрсетілген. Заңда мұндай әрекеттер заңсыз
жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру деп аталады.
Қылмыстың тікелей объектісі экономикалық қызмет аясындағы ақша қаражат
айналымын реттеудің қоғамдық қатынастары болып табылады.
Осы қылмыс құрамының міндетті белгісі — оның заты болып табылады.
Қылмыстың затына ақша қаражаты немесе заңсыз жолмен алынған өзге мүліктер
жатады. Ақша қаражаты теңгелік немесе валюталық көріністе болады. Мүлік
қозғалатын немесе қозғалмайтын (ғимараттар, құрылыстар, кешендер), сондай-
ақ меншікке немесе жалға алынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қылмыстық
кодекстің 193-бабындағы көрсетілген әрекеттер нысаны бойынша заңды мәнге ие
болған сияқты болып көрінеді, бірақ та мазмұны жөнінен алып қарағанда бұл
әрекеттердің бәрі қылмысты әрекетке жатады, өйткені қылмыстың заты — ақша
және мүлік заңсыз жолмен — талан-тараж, қызмет бабында пайда күнемдікпен
қиянат жасау, наркотикалық нәрселерді немесе қару-жарақты заңсыз сату,
заңсыз кәсіпкерлік немесе банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік, салықты
төлеуден жалтару арқылы алынған.
Қылмыстың объективтік жағы — заңда белгіленген мынадай нысандар
арқылы:
1) ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау;
2) басқа да мәмілелер жасау;
3) қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де
экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану. Ақша қаражатымен немесе
өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау деп заңсыз жолмен алынған ақша
қаражаттарын пайдаланып банктік есеп ашу немесе жүргізуді, оны төлем
қаражаты ретінде пайдалануды, осы қаражатқа акция, вексель, облигация,
басқадай бағалы қағаздарды алуды немесе оларды басқадай айырбас құралы
ретінде пайдалануды айтамыз.
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүліктерді
пайдалану арқылы азаматтық құқық және міндеттерді белгілейтін, өзгертетін
немесе жоятын әрекеттерді (сатып алу, сату, айырбастау, сыйға беру, т.б.)
істеуді басқа да мәмілелер жасау деп айтамыз.
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті кәсіпкерлік немесе
өзге де экономикалық қызметті одан әрі дамытуға жұмылдыру, жарғылық қорға
айналдыру кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті заңсыз жүзеге
асыру үшін пайдалану деп танылады.
Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады. Қылмыс объективтік
жақтың осы белгілерінің біреуі жасалған уақыттан бастап аяқталған деп
табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі
адам көрінеу заңсыз жолмен аталған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті
заңдастыруды ұғынады және соны тілейді. Қылмыстық ниет субъективтік жақтың
қажетті белгісі болып табылмағанымен, ол сөз жоқ соттың жаза тағайындау
барысында есепке алынады. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс кез
келген адам.
Қылмыстық кодекстің 193-бабының 2-тармағында мынадай ауырлататын
белгілер көрсетілген: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 2)
әлденеше рет; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер.
Егер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті
заңдастыруды бірлесіп жасау туралы күні бұрын — қылмыс істелгенге дейін
уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған
қылмыс деп танылады. Талданып отырған қылмыстың объективтік жағынан
белгілерін екі немесе одан да көп жасау, егер адам бұрын жасалған қылмысы
үшін заңмен белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, не
соттылығы жойылмаса немесе қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтпесе онда
қылмыс әлденеше рет істелген деп танылады. Осы бап бойынша қызмет бабын
пайдаланып жасаған әрекетке мемлекеттік органның, коммерциялық немесе өзге
де ұйымның заң бойынша лауазымды адамы деп танылғандардың қылмыстары
жатады. Қылмыстық кодекстің 193-бабының З-тармағында осы қылмыстың өте
ауырлататын белгілері көрсетілген. Олар ұйымдасқан топ, қылмыстық
қоғамдастық (қылмысты ұйым) жасаған немесе ірі мөлшерде жасалған әрекеттер.
Ұйымдасқан топ пен қылмыстық қоғамдастықтың түсінігі ҚК-тің 31-бабының
тиісінше 3,4-баптарында берілген. Осы бап бойынша он мың айлық есептік
көрсеткіштен асатын сомаға жасалған мәмілелер немесе ақша қаражатын немесе
басқа мүлікті пайдалану ірі мөлшер деп танылады (ҚК-тің 193-бабының 1-
ескертуі). Осы 193-баптың 2-тармағында көрсетілген ескертуге сәйкес заңсыз
жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті зандастыру дайындалып жатқаны
не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетіне осы
баптың екінші және үшінші тармағында көзделген қылмыстар немесе өзге де
қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194-бап) Қылмыстық
кодекстің 194-бабында Жеке кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жағдайы,
қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі туралы немесе несиенің, демеу
қаржының, несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуға арналған елеулі мәні бар
өзге де мән жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді банкке немесе
өзге де несие берушіге беру арқылы жеке кәсіпкердің немесе ұйым
жетекшісінің несие, демеу қаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуы,
сондай-ақ несиелеуді, демеу-қаржы беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не
белінген несие мен демеу қаржы мөлшерлерін шектеуге әкеп соғатын мән-
жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушіге
хабарламау, егер осы әрекеттер ірі зиян келтірсе — несиені заңсыз алу деп
табылады делінген.
Қылмыстың тікелей объектісі банктік немесе басқадай несиелік
ұйымдардың несиелік қызметін реттейтін қоғамдық қатынастары.
Несие дегеніміз банк немесе несиелік ұйымдардың қарыз алушыларға
беретін ақшалай қаражаттары болып табылады. Ақша қаражаты — осы қылмыстың
заты болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс іс-әрекеттен, қылмыстың зардабынан және
себепті байланыстан тұрады.
Заң іс-әрекеттің мынадай нысандарын белгілеген: 1) несие алу, 2)
несиені жеңілдік шарттармен алу. Бұл ретте жеке кәсіпкер немесе ұйым
жетекшісі несие алуды немесе несиені жеңілдікпен алуды осы қылмыс құрамында
көрсетілген тәсілдерді — жеке кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық
жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі туралы немесе несиенің,
демеу-қаржының, несиелеудің жеңілдікті шарттарына арналған елеулі мәні бар
өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді банкке немесе
өзге де несие берушіге беру туралы, сол сияқты несиелеуді, демеу қаржы
беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген несие мен демеу қаржы
мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты
банкке, өзге несие берушіге хабарламау арқылы заңсыз түрде жүзеге
асырылады. Яғни бұл қылмыстың істелу тәсілі көрінеу жалған мәліметтер
енгізілген ресми құжаттарды пайдалану болып табылады. Мұндай құжаттарда
жеке кәсіпкердің немесе ұйым жетекшісінің қолы қойылып, белгіленген
тәртіппен расталуы қажет.
Қылмыс заңда көрсетілген зардап—ірі зиян келтірілсе аяқталған деп
табылады. Зиян несие берушіге (банкке немесе өзге де несие берушіге)
келтіріледі. Ірі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 189-бабының
ескертуінде берілген.
Субъективтік жағынан қылмыс құрамы тікелей қасақаналықпен жүзеге
асырылады. Қылмыстың субъектісі — арнаулы субъект. Олар жеке кәсіпкер
немесе ұйым жетекшісі.
Мемлекеттік мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені
тікелей мақсатқа пайдаланбау, егер осы іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе
мемлекетке ірі зиян келтірсе, ол қылмыс құрамының ауырлататын белгісі болып
табылады (194-баптың 2-тармағы). Мемлекеттік мақсатты несие деп Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі арқылы белгілі бір мақсатқа пайдалануға (тұрғын
үй құрылысы, фермерлік шаруашылықты дамыту, өнеркәсіп объектілерін салу)
берілетін ақша қаражаттары болып табылады. Мемлекет кепілдігімен берілген
несиеге ешбір процентсіз несие алушыға банк жүйелері арқылы белгілі бір
мақсатқа пайдалану үшік ақша қаражатын белгілі бір мерзімге беру жатады.
Осы несиелерді тікелей мақсатқа пайдаланбау деп — мақсатты несиені не
мемлекет кепілдігімен берілген несиені мүлдем міндеттемеде көрсетілмеген
басқа мақсатқа пайдалануды айтамыз. Мысалы шаруа қожалығының жетекшісі ауыл
шаруашылық техникасын, тұқым сатып алу үшін мемлекеттен мақсатты несие ала
отырып, бұл қаржыны басқа коммерциялық мақсатқа — құрылыс материалдарымен
сауда-сатық жасауға жұмсайды. Несиені тікелей мақсатқа пайдаланбаудың
салдарынан азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе — осы
қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. Ірі зиянның түсінігі Қылмыстық
кодекстің 189-бабында берілген.
Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс
құрамының субъектісі 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам, яғни жай
субъект.

ІІ.6. НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУДЕН ӘДЕЙІ ЖАЛТАРУ (195-БАП)

Қылмыстық кодекстің 195-бабына сәйкес ірі мөлшердегі несиелік
берешекті өтеуден тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін ұйым
жетекшісінің немесе азаматтың әдейі жалтаруы — несиелік берешекті өтеуден
әдейі жалтару деп саналады.
Қылмыстың тікелей объектісі — несиелік шартқа қатысушының мүддесін
белгілейтін қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастар мәні немесе
мазмұнына сәйкес азаматтық құқық нормалары арқылы реттеледі.
Қылмыстың объективтік жағы әрекетсіздік арқылы ірі мөлшердегі несиелік
берешекті атаудан тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін әдейі
жалтару бойынша жүзеге асырылады. Мұндай әрекетсіздікті істеуден әдейі
жалтарған деп тануға — біріншіден несиелік берешекті өтеуден кінәлі адам
тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін, екіншіден несиені өтеуден
жалтару әдейі, үшіншіден ірі мөлшердегі несиелік-берешекті өтеуден жалтару
арқылы істелетіндігі негіз болады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық болып
табылады, қылмыс заңда көрсетілген зардап ірі мөлшердегі несиені тиісті сот
актісі заңды күшіне енгеннен кейін өтеуден жалтарған уақыттан бастап
аяқталған деп саналады. Ірі мөлшердегі несиелік берешектің түсінігі осы
баптың ескертуінде көрсетілген.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі заңда тура көрсетілген. Ол несие алған ұйым
жетекшісі немесе жеке азамат.

ІІ.7. МОНОПОЛИСТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ БӘСЕКЕНІ ӘДЕЙІ ШЕКТЕУ (196-БАП)

Қылмыстық кодекстің 196-бабында Монополиялық жоғары немесе төмен
бағаны белгілеу мен ұстап тұру, сондай-ақ рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді
шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа да субъектілерін ығыстыру,
бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру арқылы бәсекені шектеу, егер бұл
әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе —
монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу үшін қылмыстық
жауаптылық белгілеген.
Нарықтық экономиканың басты белгілерінің бірі нарықтық заңдардың өзін-өзі,
яғни сұраныстың ұсынысты ретке келтіруі болып табылады. Осы жағдайға
байланысты нарықтың бірқалыпты қызмет етуінің және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік несиені заңсыз алу
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
Зерттеудің объектісі - банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану қылмысы
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚҰПИЯСЫН ҚҰРАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯ ЕТУ, ПАЙДАЛАНУ
Экономикалық қылмыстар және заңсыз банктік қызмет қылмысының жалпы түсінігі мен сипаттамасы
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
Пәндер