ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Әлемдік экологиялық проблемалар 5
1.2 Экологияның ғаламдық проблемалары және Климаттың ғаламдық 5
жылынуы
8
2 Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблема және экономика
мәселелерінің шешілу жолы
2.1 Арал теңізі және Балқаш мәселесі
2.2 Табиғат пайдалану экономикасы 14
14
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЭКОЛОГИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ ӘР 20
ТҮРЛІ НЫСАНДАРЫ
3.1 Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық аспектісі
3.2 Қазақстан Республикасында проблеммалардың даму жағдайы және
одан сақтану шаралары 25
25
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

34
36

Кіріспе

Қазақстан жерінің ең басым бөлігі – дағдарыста болып табылады.
Адам қоғамы жер бетіндегі тіршіліктің шыққан биік шыңы, оның басқа
тірілерден ерекшелігі - "сапалылығы", "ақылдылығы". Дегенмен көне
замандарда да тіпті соңғы кездердегі " ғылыми - техникалық үдеу"заманында
адам қоғамының барлық тірлігі биік"саналықпен" жасалып жатыр деп айта
алмаймыз. Мұндай жағдай, әсіресе біздердің табиғат қорларын пайдаланудағы
көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайды қарауымыздан анық байқалады.
Кезінде дарынды орыс оқымыстысы академик В. И. Вернадский аңсаған адам
қоғамының саналы қимылының нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға
"ноосфераға" (ақыл еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай тұрғанын
мойындауымыз керек.
Белгілі Америка экологы Ю. Одумның бағалауы бойынша. . . адам өмірді
жақсы өткізу үшін (мекендеуі, тамақтық, т. б. заттармен қамтамасыз етілуі,
дем алуы) орта есеппен әрбір адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0, 6
гектары тамақтық заттар өндіру үшін, 0, 2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал
1, 2 гектары жыртылмай, табиғи сақталуы керек, - деген. Бұл жерлер дем
алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қауіпті болуына қажет.
Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 5 миллиардтан астам адам үшін қажетті
көрсеткіш көптен бері - ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті
0, 6 гектар жыртылған жер орнына, небары 0, 3 гектар - ақ келеді. Дегенмен
де бұл көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі болып келеді. Бұрынғы Одақта,
қазіргі тәуелсіз Қазақстанда бұл көрсеткіш біршама жақсы. Бұған қарап, бұл
аймақтардағы экологиялық жағдай тамаша деуден аулақпыз. Әсіресе, бұл жағдай
Қазақстанда өте нашар. Соңғы жылдарға дейін, Мәскеу - Қазақстан өндірісінің
93%-не қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға үлкен нұқсан келтірді.
Себебі, республикамыз Орталық нұсқауымен шикізат өндірумен шұғылданып
келді. Ал, шикізат өндіру - өндірістің ең ылас саласы. Сонымен, өктемдігі
биік империя орталығы 70 жылдан астам Қазақ жерінің барлық байлықтарының
беткі қаймақтарын алып келді. Сонымен қатар, экологиялық зиянды
қоқыстарын қазақ халқының үлесіне қалдырып отырды. Баршамызға мәлім,
Қазқстанда бүкіл Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығына жуығы
табылғаны белгілі. Оған қоса, республикамызды дамып келе жатқан құрылыстар
алаңы. Халық - шаруашылығымыздағы қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар,
құрылысқа қажетті құрылыс материалдар да осы өзіміз мекен етіп отырған
жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде жатыр. Міне, осы
байлықтарды барлау, қазып алу, тасымал-дау кезінде жерімізде көптеген
жарақаттар пайда болды. Оның үстіне көбісі ең арзан ашық әдіспен қазып
алған кездерде жеріміздің күлі көкке ұшып, бұл аймақтардың экологиялық
жағдайы нашарлады.
Ескеретін жай, республикамызда мұндай қазба - байлықтарды алған кезде
таза бұзылған жерлерден басқа, әзірше түсініксіз себептерден бүлінген
жерлерге қосылмай жүрген миллиондаған гектар жеріміз бар. Ондай жерлер
қатарына әскери - өндірістік кешендерге бөлінген жерлерді жатқызамыз. Яғни,
табиғат байлығын пайдалану экономикасының пәні – қоғамдық өндіріс кезінде
қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық
қатынастар болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – экологиялық мәселелердің экономикалық
аспектісін зерттеу. Осы мақсатқа сәйкес мындай міндеттері алдыма қойдым:
- әлемдік экологиялық проблемаларға шолу;
- Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблема және экономика
мәселелерінің шешілу жолын іздестіру;
- нарық жағдайында экологияның экономикалық құқықтық мазмұны әр түрлі
нысандарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында проблемалардың даму жағдайы және одан
сақтану шараларын іздестіру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ
1. 1 Әлемдік экологиялық проблемалар

Әлемді тұтас қамтитын табиғи-антропогенді, немесе антрапогендік
әсерден ірі көлемде табиғи процестерді өзгертетін проблемалар әлемдк
экологиялық проблемалар деп аталды. Оған төмендегілер жатады: кпиматтық
өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жамбырлар, шөлдену, биологиялық
әртүрліліктің азаюы, радиактивтік ластану, әлеуметтік - экологиялық
проблемалар.
Климаттық өзгерістер (парниктік эффект) атмосфера әр-түрлі газ тәрізді
заттардың мөлшерінің ұлғаюы, әсіресе қоспалардың, инфрасәулелердің шағылуы
және Жер бетінен келтірілуі жағдайларын (жылылық таралуы) нашарлатты.
Жылулық сәулелердің ғарыш кеңістігіне кері кеуіне әсер етеді . Олар өте
алмай жиналады да ауаның температурасын артуына (парниктік эффект) әкеледі.

Мәліметтер бойынша соңғы жүз жылдықта Жер бетінде температура 0, 3-0,
6 градусқа жылынды. Ауа райының әрі қарай жылуы терістіктегі мұздықтарды
ерітіп Әлем Мұхитының деңгейн көтерді. Оның әсерінен Мұхит жағалауындағы
ойпаң жерлерді су басып, көптеген елді мекендерге зиян келтірді. Сонымен
қатар жазғы жауын-шашын 15-20 пайыз кеміп, шөлдену процесі ұлғаяды.
Мұндай қауіптер 1990 жылы климаттық өзгерістер бойынша баяндамада
Халықаралық Пленумда айтылған. Мамандардың болжамы бойынша 2035 жылға дейін
климаттың әлемдік жылуы орта есеппен 2, 5
Градусқа көтерілді, ал мұхиттың деңгейінің көтерілуі 29 см, 2100 жылы-
65 см болады. Климаттық өзгерістердің қатері салдарын азайту үшін
шығарылатын көмірқышқыл газдың, азот оксидтер, хлорфтор көміртектердің
көлемін 60 пайызға төменднту, метанды – 20 пайызға төмендету ұсынылады.
Егерде адамзат бұрын суықпен күрессе, енді жылумен күресуді басталады.

1990 жылы парниктік газдардың шығарылған қосындысы әр мемлекет бойынша
төмендегі көрсеткіщтерге жеткен : АҚШ – 35, Ресей –17, Жапон – 8, Алмания –
7, Великобритания 4 пайыз. Евроодақ жалпы – 24 пайыз.
1992 жылы климаттың өзгеруі туралы Конвенция шешуін жақтаушылар
Конференциясында дамыған елдер үшін 2008 – 2012 жылдары жатады парникті
газдардың шығару көлемі аңықталған. Бұл мемлекеттер 1990 жылмен 5 пайыз
төмендетуге міндеттелді. Батыс Еуропа елдері (Евроодақ) өздерінің шығаратын
газдарын 8, Жапон 6, АҚШ – 7 пайызға азайтады. Ал, Ресей, Жаңа Зеландия
және Украина шығындыларды тұрақты деңгейде ұстауы міндеттеледі.
Шығындыларды азайту жолдарының бірі – энергоресурстарды тиімді пайдалану,
энергетикалық кешендерді техникалық қайта жабдықтау, экологиялық таза
отындарды пайдалану. Киота протоколына сәйкес дамыған елдер шығындылардың
квотасын сатуларына рұқсат етеді. Бұл схема бойынша қатусушы елдер,
шығындылары келіскен минималды деңгейден аз елдерден құқықтарын сатып
алуына болады.
Бірақ бұл механизм тек осы Протоколды бекіткен саны 141 – ге жетті,
соның ішінде Еуропаодақтың барлық мүше елдері Жапон, Канада, Жаңа Зеландия,
Норвегия және Қытай, Үндістан, Украина, құбылыстар ролі өте маңызды. Ал,
атмосфералық озон мөлшері көп Россия. АҚШ 2001 жылы келісімді бекітуден бас
тартты. Оны экономикалық өсу мүнкіншілігін шектеумен дәлелдеді. Бірақ
климаттың әлемдік жылуының салдары қайсы бір елдің экономикалық дамуының
шектелуімен салшыстырғанда анағұрлым қатерлі зиян әкеледі.
Озон қабатының жұқаруы. Үшатомды оттегі, озон, атмрсферада аз
мөлшерде болса да, оның атмосфералық процестер мен болатын қабаты 20 – 25
км биіктікте орналасқан, ол – озонфера. Мұнда озонның концептрациясы Жер
бетінде қарағанда 10 есе көп болады. Ол барлық тірі әсер ететін ғарыштық
сәулеленудің едәуір организмдерге мөлшерін тұтып қалады. Соңғы кездері
озон қабаттының жұқаруы биосферада елеулі өзгерістер туғызуы мүнкін. Жердің
озон қабатының бұзылуы жер бетінде ультракүлгін сәулелер ағының мол
түсінуіне алып келеді. Ол әрине планетадағы барлық тіршілікке қауіп
тудырады. Сондықтанда атмосфералық озонды зерттеулер жүргізілуде. 1980 жылы
Антарктидадағы ғылыми станцияларға жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы
озон құрамының төмендегіні байқаған. Осы құбылыс озон тесгі деп атаған.
1974 жылы Калифорния университетініңғ ғалымдары Ш. Роуленд және М.
Молино хлорфторкөміртектеріді озон қабатын Бұзатынын көрсетті. Осы
заттектердің ыдырау кезінде 1 хлор молекуласы ультракүлгін сәулелердің
әсерінен 100000 озон молекуласын бұзады.
1985 жылы Вена қаласында (Австрия) озон қабатын қорғау туралы
Конвенция қабылданған . 120 мемлекет және Еуропалық экономикалық
қауымдастық қатысты. Мақсаттары адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның
озон қабатындағы өзгерістермен байланысты жағымсыз әсерлерден сақтау және
қорғау.
Атмосфераның радиактивті заттармен ластануы.
Атмосфераның радиоактивті ластануы нәтижесінде радиациялық әсер ету
байқалатын болғандықтан өте қауіпті болып саналады. Радиациалық әсер -
радиоактивті заттардан бөлінетін радиактивті сәулелердің әсері. Бұл
сәулелер кейбір химиялық элементтердің атом ядроларының ыдырауы кезінде
сыртқы ортаға бөлінеді. Бөлінген радиоактивті сәулелер радиоактивтік адам
организмінің тірі тканьдары арқылы өтіп, биологиялық процесстерді бұзып,
организмде түрліше физикалық, химиялық және физиологиялық, ең соңында
патологиялық өзгерстер туғызады. Радиациялық әсерлердің шығу көздері
баршаға мәлім, қарапайым космостық сәулелерден бастап, экологиялық
катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық
станциялардағы авариялар, т. с. с. Көптеген елдерде ядорлық қаруды сынау
жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ядролық өндірістің, атом – электр
станцияларының дамуына байланысты атмосферада жасанды радиоактивтілік
көздері пайда болды.
Радииоактивті элементті өндіру мен атом қондырғыларын, двигательдерін
іске қосу жұмыстары кезінде атмосфераға өте қауіпті радиоактивті заттар
бөлінуі мүмкін. Радиоактивті заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрінде
болады, олардың азғантай сіңіріліп дозасының өзі адамның нерв системасы,
жыныс бездері, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз
қызметіне зиянды әсер етеді.
Атмосфера радиоактивті заттармен әсіресе, атом және сутекті
бомбалардың жарылуы кезінде ластанады. Атом жарылысы кезінде түзілген
изотоптардың жартылай ыдырау кезеңдері түрліше. Әсіресе, стронций – 90
(жартылай ыдырау кезеңі 25 жыл) мен цезий -137 (жартылай ыдырау кезеңі 33
жыл) өте қауіпті.
Радиоактивті изотоптар өсімдіктердің қалдықтары, жануарлардың қалдық
өнімдері арқылы да таралады. Олардың тасымалдануында қоректік тізбектер де
біршама роль атқарады. Судағы изотоптар өсімдіктерге сіңіріліп, олармен
балықтар қоректеніп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қоректенуге
пайдаланады, т. с. с.
1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосания қалаларында
жарылған атом бомбалары ондаған мың адамдардың өмірін қиды, оның зардаптары
әлі күнге дейін сақталуда.
Озон қабатының таусылу проблемалары. Озон тесінің ұлғаюы жайында
ғалымдардың айтқан болжамдары шыңдыққа айналуда. Ньюсук журналының
хабарламасында Американың ұлттық аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу
жөніндегі басқарма мамандары соңғы кезде атмосфера шоғырланған химиялық
заттардың аса көп мөлшері туралы айтады. Олар жердің озон қабатын бұзып,
барлық тіршілік иелеріне ультокүлгін сәлелердің өтуіне ықпал етуде. Бұрын
озон тесігі адам аз қоныстанған жерде болса, енді халық жиі тұратын
аймақтарда да пайда бола бастады.
Озонның үлесі өте аз - атмосфера көлемінен бірнеше ондаған миллион
үлесінде ғана. Күннің қатқыл ультракүлгін сәлелерінен ол барлық тіршілік
иелерін қорғайды.
Озон қабатында тесіктің пайда болуы - адамдарда тері рагы және көзді
шел басу ауруларының өсумен қалыпты болуда.
БҰҰ-ның ресми мәліметтеріне сәйкес озон қабаты 1%-ке қысқара, әлемде
100 мың адамның көзін шел басып (катаракт), 10 мың адам тері рагы ауруына
ұшырайды екен. АҚШ мамандарының пікірінше атмосферадағы озонның әрбір
процентке азайып кетуі, экватор аймағындағы халықтың (барлық тіршілік
иелеріне) 4-5% иммунитетін төмендетіп, ауру-сырқауды асқындырып жіберді.
Мысалы соңғы 7 жылда АҚШ-та тері рагының қаупті түрі маленомамен
ауыратындар саны 3-7%-ке артып отыр.
Денсаулыққа әсер етумен қатар, озон қабатының азайып, кеміп кетуі
жылыжай әсерін күшейтіп, егін шығымы түседі, топырақ бұзылады, жалпы
қоршаған ортаның ластануы етек алады.
Атмосферадағы озонның азайып кетуіне не себеп болады? Бұл сұрақ
оңтүстік полярдағы Антарктида үстінде байқалған Озон тесігі, яғни, осы
аймақта көктем кезінде озон - екі есеге дейін кемігені туралы АҚШ
аумағындай болады. 50 ж. соңына таман халықаралық геофизика жылында озон
қабаты ғалымдардың назарын аударған еді. Содан бері қарай жүйелі зерттеулер
жасалып келеді, Оның табиғи өзгергіштігі туралы, озон қабатының
геофизикалық бөлінулері тұрғысында көп білуге мүмкіндік туды.
70 ж. басында озонға деген қызығушылық бұрқ ете қалды. Озон тесігі

1. 2 Экологияның ғаламдық проблемалары және Климаттың ғаламдық жылынуы

ХХғ. 60 ж. Соңына қарай жиырма жылдық тыныштықтан кейін бір мезгілде
барлық сынап бағаналарының жоғары көтеріле бастағанын ғалымдар аңғара
бастады. 80 ж. Ортасына таман тағыда көтерілді. 90 ж. әлемнің орташа
температурасының жылына бастағанын метереологиялық станциялар байқады.
Әрине, бұл өзінше рекорд еді.
Ғалымдар мен экологтар саясатшыларға қарсы "шабуылға" шыға бастады.
Нәтижесінде климаттың өзгеруі бойынша мемлекетаралық комиссия жұмыс жасай
бастады. 1995 ж. Алғаш рет адамзаттың бейберекет жаққан отындарының
нәтижесі жер шарында температураның жылынуына әкелгенін ресми түрде
мойындалды. Дүрлігу мен алаңдаудың негізгі көздері - автомобиль газдары мен
өндірістік түтіндер, яғни көміртегінің қос тотығы екені анықталды.
Атмосфераға үнемі шығарылған газ бен түтіндер озон тесіктерін тудырып, одан
ультракүлгін сәулелер "жылыжай әсерін" (парниковый эффект) туындатып отыр.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жапон ҒЗИ-ның ғаламдық экологияның
проблемаларын зерттеу бойынша топ жетекшісі Сюдзо Ниноко: "Ғаламдық
климаттың өзгеруі шындыққа айналып отыр. Жылына "климаттық зоналардың"
шамамен бір жарым километр экватордан екі полюске қарай жылжуы үлкен
көлемде өзгерістерге ұшыратуы мүмкін" - деп тұжырымдайды. Жағдайдың бұлай
болуы 2030 жылы Токионың климатын тропикалық ауа райына әкелуі мүмкін.
Егер көмір қышқыл газы осы үрдіспен шығарыла беретін болса, онда
жапон аралында жылдың орташа температурасы 70 жылдан соң 2 – 3 С өседі. Бұл
мұхиттағы су деңгейінің көтеріліп 4 млн адамды көшірумен аяқталады. – дейді
жапон сарапшылары. Температура 33 С ыстықты көрсетсе, 65 жастан асқандардың
өлімі 20% артады - деп, ғалымдар қоғамды сақтандырады.
Жерге топан су ғана қауіп төндірмейді. Америка ғалымы Уолленс
Бороекердің пайымдауы бойынша, газдардың көп көлемде шоғырлануы жақын жүз
жылдықта мұхит ағыстарын өзгертуі мүмкін дейді. Мысалы, Еуропаны жылытатын
Гольфстрим. Сонда Дублинде температура 10 С-қа төмендеп, ирландықтардың
олардан кейін көрші елдердің бұғы шаруашылығымен айналысудан басқа ештеңесі
қалмайды, - дейді эколог.
"Құрама штаттар ғаламды бұзуда", - дейді бұрынғы экология министрі
Джон Гоммер (Ангия). Ол ғаламшар атмосферасының өндірістік газдар- мен
ластануын айтып отыр. Яғни, 1 млрд 200млн тоннаның бесінші бөлігі АҚШ
аумағынан ауаға көтеріледі деген сөз.
Статистика дәлелдегендей, дамымаған елдерде орташа алғанда халықтың
жан басына шаққанда жарты тоннадай көміртегінің қос тотығы келеді. Ал,
өндірісі дамыған елдерде бұл көрсеткіштер он есеге дейін жоғары.
1977 жылы БҰҰ – ның қамқорлығымен Киотода өткен әлемдік экологиялық
форумда 159 елдің өкілдері алдында АҚШ сын астында қалды. Оның қорытынды
хаттамасында Еуропа елдері 2010жылы атмосфераның ластануын 8%-ке азайтамыз
деп, АҚШ -7%-ке және Жапония - 6%-ке міндеттеме алды.
Америка енді көмір мен газды, мұнайды үш есе аз жағады, ол ауаны
ластайтын 550 млн тонна көмір қышқыл газы деген сөз. Республикалық
оппозициядағы конгресмендер болса "ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруде,
бұл экономикалық сәтсіздік" деп сипат беруде.
Мамандардың айтуынша, бас түтін мұржасымен атмосфераны ластап жатыр
деген атақтан Америка экономикалық қиындықсыз-ақ өтеді. Елдің жылу электр
станциялары 55% тиімділікпен жұмыс істесе, өндірістегі бұл көрсеткіш орташа
34% ғана. Олар соңғы жылдары жел энергиясына көп көңіл бөліп отыр. Қазір
Америкада өндірілетін жел энергиясы өндірістегімен бірдей деуге болады.
Оның үстіне Америка жаңадан орман алқаптарын отырғызбақшы. Берген
уәдеге қарамай Ресейден ауаға шығарылатын зиянды заттардың 160 млн тонна
квотасын сатып алмақшы.
Таза ауа үшін көптеген елдер шығындалғысы жоқ. Форумға қатысқан АҚШ-
тың брынғы вице-президенті А. Гор Қытай, Үндістан және дамушы елдердің
басшыларына жеделхат жолдап, оларға да міндеттеме алуларын сұраған еді.
Алдын ала болжамдарға қарағанда 2030 ж. Дамушы елдердің Еуропа Америка және
Жапон елдерін бірге алғанда да атмосфераның ластануы артып келеді екен.
2050 жылға таман көміртегінің қос тотығы атмосферада екі есеге дейін
шоғырланады, - дейді сарапшылар.
Ғаламдық проблемалардың қалыпты жағдайдан ауытқу нүктесі - климаттың
өзгеруінің басталуы деп, олар тұжырымдайды.
Көпшілікке белгілі, Қазақстан БҰҰ – ның Шектеу Конвенциясын қолдап,
оған қол қойды және оны бекітті. Конвенцияда айтылған мәселелерге Қазақстан
шын пейілмен қарап, тиісті шараларды қолдану үстінде.
Еуразия континентінің ¼ бөлігін алып жатқан Қазақстан бірегей
ландшафтты климаттық зоналарға бөлінген. Атап айтсақ, Сібірдің тайгасынан
таулы, далалы шөлге ұласып жатыр. Осындай контрасты зоналар Қазақстанда
болатын процестерді жете назарда ұстауға мүмкіндікбереді. Алынған нәтижелер
көңіл алаңдатарлықтай. Республиканың далалы өңірінде топырақ қабатының
бұзылып, шөлге айналуы, фито-, зооценоздың қысқарып, құрамының өзгеруіне
әкелуде.
Таулы аймақтағы тозу мен бұзылулар, мұздықтардың азаюына жалғасып
отыр, оның салдарынан өзендер тайызданып, өсімдіктер жойылып барады.
Нәтижесінде 1997 жылы Қазақстанда 200 км орман өртке шалынды. Қазақстан
ғалымдарының ретроспективті талдауы негізінде алынған мәліметтерге
қарағанда, жылдың орташа температурасы 1 С-ге жақындап келеді, -деп
болжануда. Осы жағдайда жағымсыз процестердің жиіленуі жыл санап арта
түсуде. Сондай-ақ, осы ресурста біз әлемнің басқа жерлеріндегі су тасқынын,
орман өрттерін, тайфундардың күшеюі және т. б. сол сияқты болып жатқан
процестерді қарастырамыз.
Ғылыми-техникалық прогресс, иәсіресе, экологиялық зардаптарды ала
келуде. Осынау прогресс атаулы қоршаған ортаның өзгеру зардаптарына әкеліп
отыр, - деген пікір қалыатасуда. Бұл алдымен атмосферада кіші газдар
шоғырларының ұлаюымен байқалып отыр.
Антарктикада алынған мұз жыныстарының талдануы кіші газдардың
шоғырлану сипатының тенденциялық өсуін белгілеуге мүмкіндік беріп отыр. Ал,
бұл газдар өткен ғасырдың ортасына таман байқалса, фторлы көмірсутегілер
атмосферада жақын арада пайда болды.
Кіші газдардың жыл сайынғы өсуі:көміртегі диоксиді – 0, 5%, метан – 0,
9%, хлор, фторлы көмірсутегі – 4% болып отыр.
Негізінде кіші газдар, оның ішінде көміртегі диоксиді және азот
тотығы қазба отындары жаққаннан пайда болатын биото.
Метанның бөлінуі ауыл шаруашылық жұмыстарының (мал аруашылығы, күріш
өндіру) және табиғи метан сүзгілерінің бұзылу салдарынан (бактериадан)
болатыны белгілі.
Галогенді көмірсутегілер негізінен антропогенді болып келеді.
Энергетика мен атмосфераға шығарылатындар жөнінде түрлі кптеген жоболар мен
үлілер дайындап, аламдық деңгейдегі зардаптарының әсері зерттелуде. Жер
бетіндегі ғаламдық жылунулар жылыжай әсерінен (парниковый эффект) кең
тараған тұжырымдамалырдың (концепция) біріне айналуда.
Жылыжай әсері – бұл күн энергиясының біршама жылу бөлігін жер бетінде
ұстап тұру.
Жылыжай әсерінің түсінігін 1863 жылы Тиндалл қалыптастырған еді. 1896
жылы Арренумс көмір қышқыл газы (көмірсутек диоксиді) атмосфераның төменгі
қаьатында болымсыз ғана (шамамен 0, 03%), егер бұл газ жоқ болса, оның
температурысын 5-6 0 С-ге жоғары ұстап тұрады. 1938 ж. Каллендер көмір
қышқыл газының климатқа тасталған антропогенді қалдықтардың тигізетін
ықпалы тұрғысынан алғаш рет өз сынысын айтан болатын.
70 ж. аз көлемдегі өзге де газдар көміртегінің диоксидіне қаоағанда
біршама жылыжай әсерінің беретіні беретіні дәлелденді.
70-80 жж. Көптеген эксперименттер жасалды, атап айтқанда, КСРО-да
көмірсутегі диоксидінің оғырлануы екі есеге дейін болған кезде ғаламдық
жылыну 2-40 С, солтүстік жарты ардағы поляр аймағында – 6-80С-ге дейін
жылынатыны айтылды.
Қазіргі таңда жылыжай әсерінің (парниковый) еліктеме сөзі қалыптасып,
оың ғаламдық климатқа ықпалы төмендегідей болмақшы.
1. Атмосфераға тұрақты түрде шыарылатын жылыжай газдары мен
көміртегі диоксиді тегіндегілер артып келеді. Соңғысының шыатын көздері –
көмір, мұнай, аз, бензин, мен ЖЭО-да жанатын отындар т. б.
Соңғы жылдары, әсіресе 30-35 жыл ішінде көміртегі диоксидінің ауфға
шығарылуы АҚШ, Еуропа, ТМД елдерінде кең етек алуда.
Жылыжай әсерін күшейтіп отырған метан, азот тотығы, газдар, галогенді
көмірсутектер себепші болуда. Кейбір пайымдаулар бойынша соңғы жылдары
жылыжай әсерінің 15-20 % салдарынан атмосфераға 5, 5 млрд тонна көміртегі
шығарылды. Дәл осылай бола берсе, 2010 жылы оның көлемі 10 млрд тонна
болады деп болжауда.
2. Атмосфераға шығарылан газдардың нәтижесінде ылдың орташа
температурасы да артып отыр. 1890 ж. әлемде тұтас алғанда 14, 5 0 С болса,
ал 1980 ж. 15, 20С-қа жетіп отыр. Температураны згеруі жыл мезгілдеріне
қарай біркелкі емес. Атап айтсақ, 1940-1970 жж. Көрсеткіш тұрақты болды,
бірақ 8 ж. 7-8 жыл ішінде жоғарыдағы амаға жетіп жығылды.
Әрине, 90-жылдардың ішінде 0, 70С-қа көтерілуі едәуір емес сияқты,
бірақ та қауіп оның өсу тенденциясында жатыр. 2030-2050 жж. қарай жылудың
орташа температураы әлемде 1, 5-4, 50С жоғары болуы мүмкін деп болжанып
отыр, яғни, жер соңғы 2 млн жыл ішіндегіден де жылы болады. ХХІ асырдың
бірінші жартысындағы жылынудың жылдамдығы өткен жүз жылдыққа қарағанда 5-10
есеге жоғары болмақшы.
3. Жылынудың зардаптары халық пен түрлі елдердің экономикасына жағымды
немесе кері әсер етуі мүмкін. Осы жақтары талқылану үстінде.
Ғаламдақ көлемдегі төтенше өзгерістің жылдамдығы, жаңа жағдайға
бейімделуді қиындығы немесе тездеп бейімделудің мүмкін еместігі туралы
бүгінде түрлі болжамдар айтылуда. Осы ғасырдың соңына қарай мұхит 0, 5-2
метр көтерілуі мүмкін. Соның салдарынан талай аймақ су астында қалмақшы.
Метео апаттарды саны артады. Осының бәрі биотоға көрінеді: флора мен
фауналар күрт азаяды, ормансыз жер көлемі артады, экожүйенің қайтарымсыз
бұзылуы басталады, - деп болжануда.
4. Статистика мәліметтері көрсеткендей ғалымдарды болжамы құр утопия
емес. Атап айтқанда, 80-жылдары жаздың 5 ыстық айы тіркелді.
Осы жылдары әлемнің бірталай елдерінде, оның ішінде КСРО-да
құрғақшылық болып, түсім кеміп кетті. 1988 жылы әлемде бидай өндіру 1, 5
млн тоннаға дейін қысқарды. Бұл соңғы 3 жылдың ішіндегі ең төмен көрсеткіш
болатын. АҚШ-та ағымдағы тұтынудан 10 млн тонна асып түсті, бұл сирек оқиға
ретінде тіркелді.
Жердің кейбір аймақтарында бір мезгілде суықтың түсуі жұмбақ күйінде
қалып отыр. Егер соңғы 10 жылда алдымен оңтүстік мұхитта, сонан соң
Сібірде, шығыс Еуропада және Солтүстік Американың батысында күннің жылынуы
байқалса, Гренландия мен Канаданың солтүстік-шығысында, Арктиканың орыс
зонасында орташа температураның төмендегені анықталады.
Математикалық болжамдарға қарамастан, полярлы аудандарда жылыну әлі
тіркелген жоқ, бірақта осы жерде көтеріледі деп күтілген болатын.
Шындығында теориялық негізі әлі бар, кейбір аудандарда жылынудың алғашқы
фазасында жылу әсеріне байланысты орташа температураның түсуі байқалады деп
болжануда ( неміс және кеңестік зерттеулерден).
Соңғы бірнеше жылда температураның көтерілуі, негізінен тропикалық
аймақтарда тіркелгені рас, бұл ахуал болжауларға қайшы келуде. Сол болжауға
сәйкес полярлық аймақта ғаламдық орташа температурадан бес ре жоғары болады
деп күтілген еді.
Ғаламдық жылынудан қалыаиасиығы кең көлемде оыс-американ экономикалық
және технологиялық ынтымақтастық комиссиясының шеңберінде талқылануда.
Басты мәселе мынада: табиғат мебепшілері және климаттың антропогендік
згерулерінің иарасындағы арақатынасын ау болып тұр. Ғаламдық жылынуының
қалыатасқан жылыжайына сірә, ревизия жасаудың қажеттіоігі әбден пісіп
жетілді. Бүгінгі таңда климаттың ғаламдық өзгерістеріне қаиысиы негізгі
қорытынды, істің мәні келесіге саяды:
1. Жылыжай газдарының атмосфераға антропогендік щығарулары елеулі
түрде күшейіп отыр.
2. Үлгілеу мәліметтері көрсеткендей ең жоғары көтерілу егі орташа
жылдың және ғаламдық орташа температураның жер бетіндегі ауасында көміртегі
диоксидінің щоғырлануы екі есе көбейгенде 1, 5-4, 5 0С құрайды.
3. Климат өзгерісінің болжауындағы оның шамасына, уақытына және
өзгерістерді аймақ кеңістігіне және уақытқа бөлуінде әлі анықталмағандары
баршылық.
4. Соңғы 100 жылда жер бетіндегі ғаламдық орташа температура 0, 3-0, 6
0С-ге көтерілгені байқалды.
5. Жылынудың мөлшері тұтастай үлгілеу негізіндегі болжамдармен
келісіледі, бірақ табиғат байланысындағы климаттың өзгерісіндей шаманың өзі
бар.
6. Жылыжай әсерінің күшеюін он жылға дейін табудың мүмкіндігі өте аз.
Ғаламдық климатты зерттеу саласындағы қазіргі ахуалға тұтастай
пародаксалды деп баға беруге болады:
- климат жүйесінің ішкі өзгеріштігі зерттеудің алғашқы кезегіне шықты
( климат құрушы ретінде бұлт жамылғысының динамикасы, мұхиттардың өзара
әрекеттері, биосфераның рөлі т. б. зерттеулер);
- көп жылдардан соң ғаламдық жылынудың қалыптасқан негізі бойынша
зерттеу жұмыстары. 10 жыл ішінде ғаламдық жылынуды дәлелдейтін айғақтың
жоқтығын қорытындылап, палеоаналогтардың болжауларына көнуге болмайтындығы
ескерілді.
Климат болжамының анықталмау дәрежесі өсе түсуде: сыртқы әсер етудің
климат сезгіштігі нашар зерттелуде, көміртегі айналымы және ғаламдық баланс
компоненттерінің арақатынасы туралы ақпараттар қайшылығы қалып отыр.
Мәселен, қазбалы отындарды жағу есебінен атмосфераға шығарылуы, жер
пайдаланудың, орман шабудың, теңіз биотосының өзгеруі т. б. Үлгілердің
барлық параметрлері үшін бағалаудың кең диапозоны тиісті. Сонымен, мұхит
деңгейі әзірге 10 см-ге ғана көтерілді, кейбір бағалау бойынша осы асыр
ортасына таман 30 см, өзгелері 150 см, тіпті 2 метрге дейін жетеді дейді.
Климаттың өзгеруін зерттеуде халықаралық геосфера – биосфера бағдарламасы
маңызды рөл атқаруда. (ХГББ)
Жылыжай жылынуының қалыптасқандығы жүзеге асты, бірақ, белгіленген
жағымды рөлі, бірқатар мемлекет нақты шараға барып, газдардың ауаға
шығарылуын біршама қысқартты.
Шектеу Конвенциясы жөнінде міндеттемені орындау барысында Қазақстанда
климаттың өзгеруі бойынша болжамды талдау жасалып, өнеркәсіп орындарының
тоқырауынан жылыжай газдарымен атмосфераны ластау 1990 жылмен салыстырғанда
біршама азайды.
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының
барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен
демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің
нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні –
табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде
қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі
Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау
мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын
алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму
заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат
қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және
әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды.
Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік
бағыттылығы өзгеруі тиіс.

2 Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблема және экономика
мәселелерінің шешілу жолы.
2. 1 Арал теңізі және Балқаш мәселесі

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы
Біздің жалпы болашағымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз,
жолда экономикалық дәуірге аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет тұрақты даму концепциясы ұсынылды.
Тұрақты даму дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете
отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп
туғызбайтын даму деп түсіну керек. Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға
алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық (БҰҰ
материалынан).
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның
қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы Тұрақты даму
концепциясын және ХХІ ғасырдың күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасын
қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз
ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде
көрсетілген.

Мәселе Мәселенің қысқаша мәні
1 2
Кедейлікпен Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың
күрес миллионерлер және 1, 1 миллиардтан астам күндік табысы
1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау
жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің
өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін
кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру;
табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім
беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық
демеу.
Тұтынудың Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі –
құрылымын қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының
өзгерту сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар
кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен
қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық
пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды
дамыту. -----
Халық және 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5, 5
тұрақтылық миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша
2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына
денсаулығын байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау
сақтау мен саласындағы стратегиялық міндеттер:
жақсарту - СПИД-пен күреске жұмылдыру;
- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
- бала өлімін кеміту;
- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
- еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны
мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;
- халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз
ету;
- балалардың денсаулығын қорғау;
- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан
тазарту және оның алдын алу.
Тұрақты тұрғын 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы
жерлер қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы
(урбанизация) экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып
табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы
өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және
дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі –
қорғау энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен
тиімді пайдаланухимиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді.
Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал
жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді
шектен тыс пайдалану және т. б.
Ормандарды Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда,
жоюмен күрес өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық
алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет
орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық
бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің
құрғақшылықпен нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл
күрес процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал
жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің
кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену
кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы
қорғау мен үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл
тиімді пайдаланушаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс
балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн.
тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан
рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғауБүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық
мен тиімді мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай
пайдалану төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең
кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды
залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық
қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Улы химиялық Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады.
заттарды 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің
қолданудың үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі
қауіпсіздігін уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда
арттыру жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің
мен шайынды жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған
суларды жою. ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5, 2 млн адам, оның
ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты
қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс
болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе
артуы мүмкін.
Радиоактивті Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру
қалдықтарды жою мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап
етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м
төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар
түзіледі.
Балалар мен Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және
жастардың оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары
тұрақты дамуды өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік
қамтамасыз беруі керек. Жастар планета халқының 13-не жақын
етудегі рөлі бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын
құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға
білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму
мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың
мақсатындағы тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ
ғылым мен білім ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін.
беру Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының
өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық
тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен
ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық
зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.
б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған
ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын
қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру –
адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция
- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық
алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін
экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас
кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың
ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған Қазақстан Республикасының
тұрақты дамуға көшу концепциясы бекітілді. Республиканың экологиялық
саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында
жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі
еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998
жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып,
ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық
процестердің ұйтқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді
интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде.
Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға,
биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды
қабылдау.
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына, ауыр техника мен
транспорт салмағымен бұзылған және мұнай-битум қалдықтарымен ыластанған
Каспий өңіріндегі жайылым жерлер де жатқызылады. Шамамен олардың көлемі 4-5
млн гектардай. Сонымен құнары қатты кеміп, бұзылған, ыластанған жерлер
республикамызда 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың құнарлығын қалпына
келтіру үшін әр түрлі топырақтықайта құнарландыру шараларын қолдану қажет.
Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы әр жерде әр түрлі болады.
Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру обьектілеріне су
тасқынынан кейін сайсала, құм-тасқа айналған алқаптар мен су астынан
босаған жерлер де жатады.
Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқанда территориясы түгелдей
Қазақстанда жатқан, Балқаш көлі аймағы территориясы шамамен жартылай
Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік-шығыс
алқабында орын тепкен қазақ жерлері туралы айтпай кетуге болмайды. Бұлардың
ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны - Арал бассейінде
орналасқан жерлер.
Арал мәселесі, оның тағдыры оған суын құятын екі үлкен өзен Амудария
және Сырдариямен байланысты. Кезінде белгілі географ ғалым А. И. Войков шөл
далада мұндай теңіздің пайдасыз жатуы бос ысырап, ол табиғаттың "қатесі",
оның қоршаған ортаға да ықпалы елеусіз.
Сондықтан да дұрыс оған құятын өзендердің суын мақта, күріш өсіруге
пайдалану көп тиімді деп есептеген еді. Кеңес заманындағы империя
белсенділері осы есепке сүйене отырып, табиғат "қатесін" жөндеуге кірісті.
Сонымен құдіреті күшті Орталықтың су министрлігінің тікелей араласуымен
Орта Азия республикалары мен Қазақстанда мақта, күріш т. б. егістерін
өрістету кездерінде өзен бойларында бірнеше су қоймалары салаынып, екі өзен
сулары ауыздықталып егіс алқаптарына пайдаланылды. Сонымен теңіз айдынының
булану тепе-теңдігі, осы жылдардан бұзыла бастады. Арал деңгейі осы жылдар
арасында 16-17 метрге төмендеді. Теңіз жүздеген шақырымға шегінгендіктен су
астынан босаған алқаптар теңіздің бұрынғы көлемінің жартысына жуықтады.
Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облыс түгелдей, Ақтөбе
бассейнімен шектескен аймақтары үкіметіміздің шешімі бойынша экологиялық
апат аймағы болып жарияланды. Арал апатын халық бұрын сезген еді, бірақ
оған араша түсу орталықтың құдіреті күшті кезінде мүмкін болмады. Оның
үстіне шегініп бара жатқан Аралды, "жуырда келетін" Сібір суымен толтырамыз
деген жалған үмітте болды. Тек, 1986 жылы орталық көптен айтылып келе
жатқан мол сулы Сібір өзендерінің суын Орта Азия мен Қазақстанға бұру
жөніндегі жобаларды үзілді-кесілді тоқтатқаннан кейін бүкіл Арал
аймағындағы халық "Аралға араша", "Арал тағдыры – адам тағдыры" деген
ұрандарды айта бастады. Бірақ бұл тілектің орындалу уақыты өтіп кеткен еді.
Арал аймағы экологиялық апатқа көптен ұшыраған-ды. Енді Аралды бұрынғы
қалыпқа келтіру іс жүзінде мүмкін емес. Әңгіме эколгиялық жағдайды әрі
қарай ұшықтырмау үшін ең болмағанда теңіз деңгейін осы қалыпта сақтау
жайында болып жүр. Арал апатының халық шаруашылығына, адам өміріне тигізген
зияны көптен бері айтылып келеді.
Сырдария суы Аралға шамалы жеткенімен, жалпы Қызылорда облысының халық
шаруашылығынан оның күріш, тағы басқа себептеріне, мұқтаждарына негізгі
өзек болып отырғаны шындық. Бірақ "су басындағылар су ішеді, су
аяғындағылар у ішеді"дегеннің кері келіп, Дарияның суы бүкіл Өзбекстан,
Оңтүстік Қазақстан жерлерін басып өтіп, ондағы мақта, тағы басқа
егістіктерді "химияландырудың" әсерлерін өзімен бірге ала келеді. Аралға
жақындаған сайын Дария суына облыстың жоғары аудандарындағы күріш, тағы
ьасқа егістіктерді "химияландыру" әрекеттерінің "жемістері" қосыла береді.
Судың тұздылығы артып , оның химиялық құрамы нашарлап адамнан бастсп бүкіл
тіршілікке, жер экологиясына қатты зиянын тигізуде. Ол туралы нақтылы
материалдар баспасөзде айтылып жүр.
Арал бассейніндегі апат теңізінің шегінгенінен, Каспий аймағындағы
апат, керісінше, теңіз деңгейінің биіктеуінен құрғақ жерлерді басып, өзінің
көлемін ұлғайтуға байланысты болып отыр. Осыған қарап, табиғатта тепе-
теңдік заңы жоқ деп қалай айтасың?!
1970 жылдың соңынан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендеу орнына,
керісінше, біртіндеп көтеріле бастады. 1978 жылдан бері қарай теңіз деңгейі
2 метрден астам биіктеді. Ал, оның көтерілуі қазір тоқтар емес. Кейбір
ғалымдардың болжауынша, теңіздің биіктеуі келесі ғасырдың ортасына дейін
созылмақ. Сонда мұндай таңғажайып оқиғаны немен түсіндіруге болады?Бұл
жайында әр түрлі көзқарастар бар. Біздің ойымызша, бұл жайында көңілге
қонарлық мәліметті геология-минералогия ғылымының докторы, Түркімен ғылым
академиясының корреспондент мүшесі К. Н. Аманниязов келтіреді. Ғалымның
ойынша Орталық Каспий Жерорта теңізі белдеуінің салалас аймағына жатады. Ол
үлкен Кавказ бен Үлкен Балқаш құрлымымен жалғасып, су астындағы жер
қабатының сейсмологиялық әсері салдарынан біртіндеп көтеріліп келеді. Теңіз
деңгейінің көтерілу "құпиясы" осында деді. Қазірдің өзінде жағалауы жайпақ
Атырау, Астрхань, Ленкоран, Маңғыстау аймағы мен Түркістан және
Әзірбайжанның біраз жерлеріне су жайыла бастады. Теңіз көтерліген сайын су
басқан жер көлемі де молая түсуде.
Балқаш көлі жайлы. Балқаш көлінің су режимі өзін оңтүстік-шығыстан
қоршаған Іле, Жоңғар, Кетпен т. б. таулардан және Қытай территориясынан
басталатын жеті өзенмен тікелей байланысты. Сондықтан бұл алқапты халық
көптен "ЖЕТІСУ" алқабы деп атайды.
Ірі жеті өзенмен бірге суын Балқашқа құятын басқа да майда өзендер
жеткілікті. Дегенмен Балқаш тағдырының күретамыры Іле өзені. Басын Қытайдан
алатын бұл өзен-осы өңірдегі ең сулысы. Балқаш көлін алғаш көрген академик
Л. С. Берг оны табиғат таңғажайыбы - деген болатын. Осындай шөлді
аймақта бірнеше ғасырлар бойы тұщы көлдің сақталуы. Шынында да
таңқалдырарлық еді. Кейінірек бұл құпиялық оқиғаның кейбір сырлары шешілді.
Біріншіден, Балқашқа құятын өзендер өз бастауынан тау мұздықтарынан, қар
суынан алады. Жол - жөнекей көп мұздана қоймайды. Бастауымен құятын көлге
дейінгі ара онша қашық емес. Екіншіден, көлдің барлық акваториясы түгелдей
тұщы емес екені анықталады . Оның шығыс бөлігі – мол сулы Іле өзені келіп
құятын аймағы тұщы.
1960 жылдан бастап Іленің төменгі сағасын суармалы егіске, оның ішінде
суды көп қажет ететін күріш өсіруге пайдаланғандықтан, Балқаш өңірінің
экологиясы нашарлай бастады. Іле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Экологиялық проблемалар жайлы
Қазақстан Республикасында экологиялық проблемалардың даму жағдайы және одан сақтану шаралары
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Туризм инфрақұрылымының тұрақты дамуы экологиялық аспектілері
Пәндер