Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
Жоспар:
І. Кіріспе
Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама және олардың түрлері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар
2.2. Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын
қылмыстар
2.3. Жерді, құрылықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалануға
қол сұғатын қылмыстар
2.4. Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне
қарсы қылмыстар
2.5. Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы
қылмыстар
2.6. Ерекше табиғи – биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне
қарсы қылмыстар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Жалпы экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың
тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық
ережелерінің жиынтығы болып табылады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау — ең алдымен адамның өмірі мен
денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға
қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-тендікті сақтау
және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.
Осыған орай Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 11-
тарауы түгелдей экологиялық қылмыстарға арналған. Ескі кодексте мұңдай
арнаулы тарау болмаған, экологияға байланысты жекелеген баптар "Шаруашылық
қылмыстары" деген тараудан орын алған еді.
Жаңа Қылмыстық кодексте экологиялық қылмыс құрамдарының мүлдем
мынадай жаңа түрлері тұңғыш рет көрсетіліп отыр: шаруашылық және өзге де
қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап); ықтимал
экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру
мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-бап);
микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен
жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап); жануарлар
дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап); жануарлар мен өсімдіктердің
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-
әрекеттер (290-бап); ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы
(293-бап); экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-
бап);
Жалпы Қылмыстық кодекстің бұл тарауында экологияға байланысты
қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауды қамтамасыз ететін
басқа да көптеген баптар бар.
Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына,
халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңға қайшы іс-әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты — нақты табиғат ресурстары: жер, су,
ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, мал т.б. болады.
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі — қоршаған ортаны қорғау,
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи
жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — экологиялық қатынастарды реттейтін
нақты қоғамдық қатыңастар.
Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты Қылмыстық кодекстің
ІІ-тарауындағы экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
Экологиялық қауіпсіздікке кол сұғатын қылмыстар — шаруашылық және
өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап);
ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық
затгарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-
бап); микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы
заттармең жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап);
мал дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне
қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы (280-бап); экологиялық
ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап).
Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын
қылмыстар: суларды ластау, бітеу және сарқу (281-бап); атмосфераны ластау
(282-бап); теңіз аясын ластау (283-бап).
Жерді, құрылықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану
ережелеріне қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының құрылықтық
шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы
туралы заңдардың бұзылуы (284-бап); жерді бүлдіру (285-бап); жер қойнауын
корғау және пайдалану ережелерін бұзу (286-бап).
Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне
қарсы қылмыстар: су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (287-бап);
жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап); заңсыз аңшылық (288-
бап).
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне карсы
қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап); ормандарды жою
немесе зақымдау (292-бап).
Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы
қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету
қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер (290-бап); ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап).
2.1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР
Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялык талаптардың
бұзылуы (277-бап). Қылмыстық кодекстің 277-бабында көрсетілген осы
қылмыстың тікелей объектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
экологиялық талаптар: табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны
жақсарту, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын
көздейтін қатынастар болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану,
кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау,
орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану,
өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық
мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да
елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери
және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін
жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына,
адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің
жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы
сипатталады,
Заңда осы көрсетілген шаруашылық немесе өзге де қызметті жүргізу үшін
экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет: жобаны
техникалық-экономикалық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды
қалдықтармен ластауды жою шараларын қарастырумен бірге қоршаған ортаны
пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді орналастыруда
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жақтары, экологиялық, экономикалық,
демографиялық процестердің даму ерекшеліктері еске алынуы, сондай-ақ
объектілердің құрылысы құзыретті мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы
түрде берген рұқсатын алғаннан кейін жүргізілуі керек,
Обектілер барлық экологиялық талаптар орындалғаннан кейін ғана
пайдалануға беріледі; әскери және қорғаныс объектілері, әскери және ғарыш
қызметіне қойылатын барлық экологиялық талаптар орындалған соң іске
қосылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы ҚК-тің 277-бабының диспозициясында
көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын
экологиялық талаптардың бұзылуы, қылмыстың зардабы және олардың арасындағы
себепті байланыс арқылы көрініс табады.
Талаптардың бұзылуын анықтау үшің арнаулы нормативтік-құқықтық
актілерге жүгінуді талап етеді: яғни бұл баптың диспозициясы бланкеттік.
Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама. Олардың
қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы "Экологиялық
сараптама туралы"; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы"; Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы 21 қарашадағы ''Жануарлар дүниесін қорғау,
өнімін молайту және пайдалану туралы"; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
11 ақпанындағы "Өсімдіктер карантині туралы" заңдары, сондай-ақ жер
қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. заңдар жатады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы орыналғандығы Қазақстан
Республикасының "Экологиялық сараптама туралы" арнаулы заңымен реттеледі.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі шаруашылық
және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзудың коршаған
ортаның едәуір ластануы, адамның денсаулығына зиян келтіруі, жануарлар
немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуі немесе өзге де ауыр
зардаптардың орын алуы болып табылады.
Қоршаған ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың
денсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп
келтіретін залалдарды айтамыз.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге бір немесе бірнеше адамға жеңіл,
орта немесе ауырлықтағы зиян келтірулер жатады.
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне олардың
көптеген аумақтар бойынша сансыз қырғынға ұшырауы жатады.
Өзге де ауыр зардаптарға адамдардың улануы, эпидемия таралуы,
қоршаған табиғи ортаны жақсарту бағдарламасын жүзеге асырудың үзілуі, ірі
материалдық залалдардың келтірілуі т.с.с. жатады. Баптың диспозициясында
көрсетілген іс-әрекеттермен орын алған зардаптардың арасында себепті
байланыс болуы тиіс.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен
істеледі.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық және өзге
де қызметке койылатын экологиялық талаптардың сақталуына жауапты лауазымды
немесе лауазымды емес адамдар. Мысалы экологиялық сарапшылар, жергілікті
атқару органдарының лауазым адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының
лауазым адамдары т.б.
Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық
заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-
бап)
Қылмыстың объектісі — экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және
биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде адамның денсаулығы мен
қоршаған ортаны қорғау аясындағы қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — химиялық, радиоактивті, биологиялык заттар.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс ықтимал экологиялық қауіпті
химиялық: радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау,
сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық
талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе
қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндіру арқылы сипатталады.
Химиялық заттарға — өте жоғары уландыратын, зәрлі, тері-нерв
жүйелеріне қатты әсер ететін, тұншықтыратын, тітіркендіретін және адам
жүйесін зақымдандыратын нәрселер жатады.
Радиоактивті материалдарға — құрамында ядролық қосындылар бар заттар
жатады. Мысалы, уран, плутоний т.б.
Биологиялық заттарға — адамдар, жануарлар мен өсімдіктер арасында
жаппай ауру тарататын әртүрлі бактериялар, вирустар, жәндіктер т.б. жатады.

заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс
істеу тәртібі арнаулы құқықтық-нормативтік актілермен реттеледі. Яғни ҚК-
тің 278-бабында көрсетілген норма бланкеттік болып табылады.
Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды
бұзу әрекеттері адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян
келтіру қаупін төндіруі қажет.
Төнген қауіпке қоршаған ортаның сапасының, табиғат объектілерінің
жағдайларының улануға, ластануға байланысты тым нашарлап кетуі; экологиялық
зиянданудан жануарлардың жаппай өлім-жітімге ұшырауына әкеліп соғуы:
адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға нақты елеулі зиян келтіру
мүмкіндігі төнуі жатады. Зиян келтіру қаупінің болғанын немесе болмағанын
тергеу, сот органдары істің нақты жағдайларына байланысты анықтайды:
Қылмыс құрамы формальдық. Ол диспозицияда тізбектелген іс-
әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Ықтимал
экологиялық қауіпті заттармен жұмыс істеу тәртібін бұзудың қоғамға
қауіптілігін сезеді және соны істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — ықтимал экологиялық қауіпті химиялық,
радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану ережесін
сақтауға міндетті 16-ға толған адам.
ҚК-тің 278-бабының 2-тармағында қоршаған ортаның ластануына, улануына
немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, не жануарлар
немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне әкеп соққан, соңдай-ақ
төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер үшін
жауаптылық көзделген.
Бұл қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық жауаптылык заңда көрсетілген
зардаптардың біреуінің болса да орын алған уақытынан немесе ондай зардап
болмаса да, бірақ іс-әрекет төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалса
аяқталған деп танылады.
Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы:
тұрғындарды төтенше оқиғалардан қорғау жөніндегі және басқа заңдарға сәйкес
Республиканың кейбір аумақтары, объектілері шаруашылық немесе басқа
қызметтерді дұрыс жүргізбеу әрекеттерімен қоршаған ортаға, тұрғындардың
өміріне, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне тұрақты теріс әсер ететін
елеулі жағдайларға байланысты қала, аудан, жеке объект төтенше экологиялық
жағдай аумағы деп жариялануы мүмкін.
ҚК-тің 278-бабының 3-тармағында: осы баптың бірінші немесе екінші
бөліктерінде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе
кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.
Жаппай сырқаттануда көп адамдар уақытша еңбек қабілетімен айырылып,
қатардан шығып қалады. Сырқаттың тікелей себебі — экологиялық қауіпті
заттарды өндіру, пайдалану ережелерінің бұзылуынан болып табылады.
Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы
заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап)
Қылмыстың объектісі экологиялық қауіпсіздік аясындағы қатынастар.
Қылмыстың заты — микробиологиялық, биологиялық агенттер,
микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, микроскопиялық грибтер т.б.), улы
заттар.
Қылмыс объективтік жағынан микробиологиялық немесе басқа да
биологиялық агенттерді немесе улы заттарды жинап қою, жою немесе көму
кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына
ұқсату, сақтау немесе көму үшін заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына
немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызғаны арқылы
сипатталады.
Миробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттер немесе улы
заттармен жұмыс істеудің тәртібін белгілейтін көптеген нормативтік-құқықтық
актілер бар. Осы заттармен жұмыс істеудің экологиялық талаптарын бұзу
фактісін анықтау үшін маманның немесе сарапшының көмегі қажет. Демек
көрсетілген баптың диспозициясы бланкеттік. Осы бапқа сәйкес экологиялық
талаптарды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.
Әрекетке биологиялық агенттерді, улы заттарды жарамсыз тәсілдермен сақтау,
өлшеу немесе оларды өндіруге сақтау кезінде белгіленген температураны
немесе сақтау режимін бұзулар жатады.
Әрекетсіздікке осы заттарды жинап қою, өндіру, сақтаудың белгіленген
қауіпсіздік ережелерін сақтамау жатады.
Қылмыстан адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян
келтірілу қаупі тууы керек. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Заңда
көрсетілген экологиялық талаптарды бұзған елеулі зиян келтірілу қаупі нақты
болған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады.

Қылмыстың субъектісі — арнаулы, жоғарыда көрсетілген заттармен жұмыс
істеуге жіберілген адам.
ҚК-тің 279-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі —
қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның
денсаулығына зиян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің
жаппай құрып кетуіне әкеп соққан, сондай-ақ төтенше экологиялық жағдай
аумағында жасалған дәл сол әрекеттер, ал осы баптың 3-тармағында қылмыстың
өте ауырлататын түрі — осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде
көзделген, абайсызда адамдардың жаппай ауруына немесе кісі өліміне әкеп
соққан әрекет үшін жауаптылық белгіленген.
ҚК-тің 279-бабы 2-тармағында сөз болып отырған төтенше экологиялық
жағдай аумағы деп Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі" 1997 жылғы 3 шілдедегі заңының 8-тарауына сәйкес белгілі бір
аумақта адамдар-дын іс-әрекеті немесе табиғат апаты салдарынан пайда болған
коршаған ортаның адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар немесе
өсімдіктер дүниесін сақтауға тұрақты қауіп төндіретін қолайсыз экологиялық
әсері бар объектілерді айтамыз.
Малдәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен
зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы (280-бап)
Қылмыстың объектісі үй және жабайы жануарларды, құстарды және
өсімдіктерді қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың заты — жабайы және үй жануарлары, құстар, балықтар, аңдар
және басқа жануарлар, сондай-ақ өсімдіктер дүниесі.
Объективтік жағынан ҚК-тің 280-бабының 1-тармағындағы қылмыс
малдәрігерлік ережелерді бұзу індеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеліп
соғу арқылы сипатталады.
Малдәрігерлік ережелердің тізбегі Қазақстан Республикасының
малдәрігерлік заңында берілген. Осы ережелерді бұзу індеттерге немесе өзге
де зардаптарға әкеліп соққан жағдайда қылмыстық жауаптылық орын алады.
Індеттер деп жануарлардың жаппай жұқпалы аурумен ауруы (эпизотия,
сибирлік язва, топалаң, қарасан т.б.) өзге де ауыр зардаптарға, індетке
байланысты ауылшаруашылық өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) өндіруді жою,
белгілі бір тұрғын пунктеріне келіп-кетуді тыю т.б. сияқтылар жатады.
Қылмыс құрамы материалдық, ол заңда қерсетілген зардаптар орын алған
уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де
жасалады.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, малдәрігерлік ережелерді және
өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес үшін белгіленген
ережелер өзіне жүктелген адам.
Осы баптың (280-бап) 2-тармағында өсімдіктердің аурулары мен
зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді бұзу, ауыр
зардаптарға әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.
Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес шраларын
белгілейтін сантүрлі арнаулы құқықтық-нормативтік актілер бар. Осыған орай
өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген
ережелердің нақты қайсысының бұзылғанын арнаулы заң құжаттары арқылы
анықтау қажет. Баптың бұл бөлігінің диспозициясы да бланкеттік. Белгіленген
ережелерді бұзу ауыр зардаптарға әкеп соқса ғана кінәлі адам қылмыстық
жауаптылыққа тартылады. Ауыр зардаптарға — өсімдіктер ауруларының жаппай
тарауы (эпифитотия); ірі көлемдегі ауылшаруашылық дақылдарының жойылуы
немесе жануарлардың ауруы, орман ағаштарының ауруға ұшыраулары жатады,
Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап)
Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге
де қалпына келтіру шараларын жүргізу міндеті жүктелгеи адамдардың осындай
шараларды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі адам өліміне, не
адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де ауыр зардаптарға
әкеп соқса — кінәлі Қылмыстық кодекстің 294-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Қылмыстың объектісі — экологиялық қауіпсіздікті реттейтін қоғамдық
қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан экологиялық ластау зардаптарын жою
жөніндегі шараны қолданбаудан, одан заңда көрсетілген зардаптардың орын
алуынан және әрекетсіздік пен зардаптың арасындағы себепті байланыстан
тұрады. Көрсетілген зардапты жою жөніндегі шараны қолданбау өзіне осы
міндет жүктелген адамның белгіленген шараларды жүргізуден жалтаруы
(сөзбұйдаға салып ұзаққа созуы, өз міндетін дер кезінде атқармауы) немесе
тиісінше жүргізбеуі (жартылай шала жүргізуі, кешігіп жүргізуі немесе
белгіленген талапқа сай емес күйде жүргізуі), заңда көрсетілген зардап —
адам өліміне, не адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де
ауыр зардаптарға әкеп соқса 294-бап бойынша жауаптылық туындайды.
Өзіне міндет жүктелу — заң немесе басқадай нормативтік актілер,
қызмет борышы бойынша, сот шешімімен белгіленуі мүмкін.
Қылмыс құрамы материалдық, ол заңда көрсетілген зардап орын алған
сәттен бастап аяқталған деп табылады. Іс-әрекет пен зардаптың арасын
байланыстыратын себепті байланыс болуы шарт.
Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі. Қылмыстың
субъектісі арнаулы, 16-ға толған, өзіне осы бапта көрсетілген міндет
жүктелген лауазымды немесе жай адам.
2.2. СУДЫ ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ҚОЛ СҰҒАТЫН
ҚЫЛМЫСТАР
Суларды ластау, бітеу және сарқу (281-бап)
Суларды ластау, бітеу және сарқығаны үшін қылмыстық жауаптылық
белгілеудің мақсатыру пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, судың
табиғи қасиеттерін сақтауды, тіршілік етушілердің күллісіне судан болатын
зиянды тойтару болып табылады.
Қылмыстың объектісі суларды пайдалану және су объектілерін қорғау
саласындағы қатынастар.
Қылмыстың заты жер беті немесе жер асты сулары, мұздықтар, ауыз сумен
жабдықтау кездері болады.
Суды қорғау ережелері көптеген заң және басқадай нормативтік-құқықтық
актілерде: Қазақстан Республикасының су кодексінде, қоршаған табиғи ортаны
қорғау туралы заңда, суды ластаудан қорғау туралы ережелерді және тағы
басқадай нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген.
Осы қылмыстың объективтік жағы: а) жер беті немесе жер асты суларын,
мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау - бітеу, сарқу не олардың
табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, б)осы әрекеттер жануарлар немесе
өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулі
зиян келтіруге әкеп соқса, в) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті
байланыстың болуы арқылы сипатталады.
Зиянды заттардың қосылуы салдарынан пайда болған судың физикалық,
химиялық немесе биологиялық сииатының өзгеруі судың ластануы деп танылады,
осының салдарынан су коммуналдық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, балық
шаруашылығы және басқа мақсаттарға дұрыс пайдалану үшін жарамсыз болып
қалады. Судың ластануы белгіленген тәртіп бойынша суды сынап көру жолымен
анықталады. Өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтармен қоқыстардың суға
тасталуы судың бітелуі деп танылады, осының салдарынан су объектісінің
гидрологиялық жайы нашарлайды және суды пайдалануға кедергі келеді. ,
Жер асты және жер үсті суларының запас қоры, саласы кеміп,
пайдалануға жарамсыз болуын су объектілерінің сарқылуы деп білеміз. Су
объектілерінің сарқылуы өзендердің, көлдердің, бөгеттердің, жер үсті, жер
асты суларының және басқа су объектілерінің бірқалыпты су режимін
сақтаудан, суды пайдаланатын субъектілердің су объектілерінің сарқылуын
болғызбау жөніндегі міндеттерін орындаудан, жер асты суларын сарқылудан
қорғау шараларының дұрыс жүргізілмегенінен пайда болады.
Жарылыс, құрылыс, басқа жұмыстарды тікелей су объектілеріне немесе
оған жақын жерлерде жүзеге асырудың әсерінен судың құрамының зиянды өзгеруі
судың табиғи қасиеттерін өзге де өзгертулер деп айтамыз.
Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі — заңда көрсетілген
зардаптардың — жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, орман
немесе ауыл шаруашылығының, елеулі зиян келтірудің болуы болып табылады.
Яғни қылмыс құрамы материалдық. Егістіктің апатқа ұшырауы: мал жайылымының
жарамсыз күйге келуі ауыл шаруашылығына келтірілген елеулі зиянға жатады.
Жабайы андардың, құстардың өсуінің сиреуі, ағаштардың, ормандағы
барлық өсімдіктердің қурауы жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне
келтірілген елеулі зиян болып табылады,
Балықтардың ауруға, өлім-жітімге,ұшырауы, тұқым-шашпауы және тағы
басқа зиянды зардаптардың орын алуы балық қорына келтірілген елеулі зиян
болып табылады.
Заңда көрсетілген іс-әрекеттер мен зардаптардың арасында себепті
байланыс болуы шарт.
Қылмыс заңда көрсетілген балама зардаптардың біреуінін орын алған
уақытынан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздыкпен де
істеледі.
Қылмыстың субъектісі — жалпы, 16-ға толған, кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 281-бабының 2-тармағында осы құрамның ауырлататын
түрі — адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе жануарлар немесе
өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сондай-ақ ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол
әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге — жеңіл, орта, ауыр дене
жарақатын келтірулер (бір адамға болса) жатады.
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуі туралы
түсінікті Қылмыстық кодекстің 278-бабына талдау жасағанда атап көрсеттік.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға — Қазақстан Республикасының
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі заңына
сәйкес мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
мемлекеттік табиғи парктер; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік
қорық өңірлері; мемлекеттік экологиялық парктер; мемлекеттік ботаникалық
бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер; ерекше мемлекеттік маңызы бар
немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары; халықаралық маңызы бар
сулы-батпақты алқаптар; жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және
өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері жатады.
Төтенше экологиялық жағдай аумағының түсінігіне ҚК-тің 279-бабына
талдау жасағанда тоқталып өткенбіз.
ҚК-тің 281-бабының 2-тармағында сөз болып отырған — ерекше қорғалатын
табиғи аумақ және төтенше экологиялық жағдай аумағы қылмыстың істелетін
орны. Заңға сәйкес бұл жерлерде жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекет
қылмыстың зардабының болған, болмағанына қарамастан қылмыс болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 281-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса
ауырлататын түрі — осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген
әрекеттер абайсызда кісі өліміне әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.
Атмосфераны ластау (282 бап)
Қылмыстың тікелей объектісі атмосфералық ауаны қорғауға байланысты
қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты—табиғи ортаның элементі атмосфералық ауа.
Объективтік жағынан қылмыс;
а) атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды,
ғимараттарды және өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзу;
б) бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де
өзгеруіне әкеп соғу;
в) бұлардың арасындағы себепті байланыстар арқылы сипатталады.
Атмосфераға ластанатын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды,
ғимараттарды және арнайы өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзуға
Қазақстан Республикасының Атмосфералық ауаны қорғау және Қоршаған
табиғи ортаны қорғау туралы Заңдарында көрсетілген талаптарды бұзуға, лас
заттарды атмосфераға шығаруды болғызбау, лас заттарды шығаруды азайту
жөніндегі шараларды жүргізбеу, лас заттарды тазалау және оларды бақылау
шараларын жүзеге асырмау, қондырғыларды, ғимараттарды немесе өзге де
объектілерді пайдалану кезінде зиянды физикалық ықпал ету шегінің
белгіленген нормативтерін сақтамау, зиянды ауаны жоятын фильтрлі
қондырғыларды, бақылау-өлшеу приборларын пайдаланбай жұмыс істеу сияқты
әрекеттер жатады.
Қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі — ауаның табиғи
қасиеттерінің ластануына және өзгеде өзгеруіне әкеліп соғу (мысалы, жылу
радиациясының зиянды әсерлері, атмосфералық ауаның физикалық, химиялық
құрамы бұзылып, ол адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін зиян келтіру қатерін туғызуы) болып табылады. Іс-әрекет
пен зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Қылмыс құрамы
материалдық.

Қылмыстың субъектісі — лауазымды немесе жай адам. Адамның
денсаулығына зиян келтіру (282-баптың 2-тармағы) және абайсызда кісі
өліміне әкеп соққан әрекеттер (282-баптың 3-тармағы) осы қылмыстың
ауырлататын немесе аса ауырлататын түрлері болып табылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz