Конституциялық құқықтық интернационализациялау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ АТА ЗАҢЫ:
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

1. Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні

Тарих көз жүгіріп қарасақ, Конституция ұғымы ерте заманда сонау Грецияда
Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси
құрылыс ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента
шартын бейнелейді. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз
құқықпен бейнеленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы француз төңкерісі
қарсаңында Конституция атаусөзі (латының constitutio – бекіту, орнату
деген сөз). Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне
айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда
феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғышқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған
болатын. Бірақ оның тарихи дамуының ерекшелігінің салдарынан мемлекеттің
ішкі өмірінің ең басты жақтарын, оның ішінде қоғамдық құрылысты,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін тұтас актілердің
болмауына әкеп соқтырды. Сөйтеп, осы күнге шейін, қазіргі Ұлыбритания, Жаңа
Зеландия жазбалы емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес
конституциясы деп саналатын актілердің қатарына XII-XX ғасырлардың
қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-
ғұрып (конституциялық келісім) жатады. Бұлардың бәрі бір-бірімен байланысы
жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілген, сондықтан тұтас акті ретінде
қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген біріңғай
негізгі заң) АҚШ-тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы
уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен
Францияда 1791 жылы қабылданған болатын. Кез келген конституция қоғамда
орныққан тәртіптің негізгі ұстандарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі
аса маңызды өзгерістер көрініс табады.
Конституцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқытанушылар, оны ұлттық
құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық
күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның, еінші
жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге
мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және конституциялық
құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын,
бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару
буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі
реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстна
Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың
іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық
қалыптарының бұл жүйесін заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып,
құқық реттегіштің базасын айналды. Ал, ағымдығы заңдар осы конституциялық
қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептелетіні.
Бұл оқулықта Ата заң (Конституция) оның мейлінше көп тараған мағынасы
– ең жоғарғы құдіретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады.
Конституцияның құдіретті күштілігі мынада айқын көрінеді: біріншіден, оның
нормалары өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады,
екіншіден, жай заңдар және тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда
айқындалған органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары
тиіс, үшіншіден, төиенгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың
нормаларына сәйкес болуы керек (241-бетті қараңыз).
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы төртінші Ата заң
(1937,1978,1993,1995 жж.). Кейінгі екеуінің алдыңғылардың елеулі
айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті
және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.
Кейінгі Ата заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылуы бағыттары,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-
жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси
әр алуандағы (асөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен
бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың
демократиялық адамдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік
талаптарға сай бейленеді. Қазақстан РЕспубликасы жаңа Конституциясының
мәтінінен көріп отырғанымыздай, оның нормалары ұзақ жылдарға бийімделген,
тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал Конституциясының өзі референдумда
(Қазақстан Республикасынды, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе
құрылтай жиналысында (Үндістанда, Италияда сияқты), немесе басқаша да
қабылдауы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты – мемлекет басшысының
актісі арқылы болуы да мүмкін. Сайып келгенде, Конституцияға құқықтық акт
ретнде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттік адамгершілік бағытын
ұстаушы қалып ретінде қарауымыз дұрыс. Өзінің мәні жағынан конституция сол
қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр
түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі
болып табылады. Мұндай қоғамдық үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің
орнығуы мүмкін емес.
Конституциясының мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді.
Ол үш негізгі қызметті: заң (құқықтық басты қайнар көзі ретінде), саяси
(мемелекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын – адам
және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтары) дәріптеуші қызметін
атқарады.
Демек, Қазақстан РЕспубликасының Констиуциясы барлық заң салаларының
заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық
принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің
қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуыда.
Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын
жоғарылауда.
Қоғамдық қатынастардың конституцяиялық құқықтық реттілігінің дамуын
мінездейтін әлемдегі мынадай үш негізгі тенденцияларын атап көрсетуге
болады:
1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықтық тұрақты
социализацияландыру көрінісі табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы
конституциялар, әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық)
және (саяси) құқытар мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда
ғана құқық меншігін (мәні жағынан әлеуметтік-экономикалдық тұрғыда)
мәлімдеген.
XX ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл
қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, экономикалық,
әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда енгізу қажеттігі талап етлді.
Осындай дәстрді іс жүзіне енгізіп, нығайтуға социалистік деп аталатын
елдердің (атап айтқанда КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізіді.
Демек, еңбекшілердің әлеуметтік қарсылығы негізінде пайда болған
социалистік және ұлттық-социалистік тотарлитарлық режимдердің өмір
сүруінің өзі дүниеге демократиялық мемлекетті түнгі күзетші міндетін
атқарудан әрі асырмайтын және нарық жағдайында қоғамдық қатынастардың өзін-
өзі реттеу үмітіне төнген аса зор қауіп екенін көрсетті.
Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазақ революциясына кейін пайда
болды. Олар – 1918 жылғы РСФСР Конститутциясы, 1924 жіне 1936 жылдардағы
КСРО Конституциялары, ақыры, 1977 жылғы бүкілхалықтық мемлекеттің Негізгі
заңы.Біздің республикамызда ең алғашқы Қазақ автономиялық республикасының
Конституциясы 1924 жылы жасалынды. Тек 1926 жылғы 18 ақпанда Орталық Атқару
Комитеті бекіткен болатын. Ол кезде біз Ресей Федерациясының қарамағында
болғанбыз, өкінішке орай, бұл Конституцияның жобасын Бүкілресейлік Орталық
Атқару Комитеті кейіннен бекітпей тастады, өйткені ол кездегі Ресейдің
Конституциясы боыйнша автономиялық республикалардың Ата заңдарын бекіту
Ресей өкілеттігінде болатын. Сондықтан да болар Қазақ Автономиялық
Республикасының 1926 жылғы Констиуциясы қағаз жүзінде қалып қойғаны
өкінішті.
Орталықтың үстемдігі мұнымен аяқталған жоқ. Оны біз 1937 және 1978
жылдардағы Қазақ КСР-інің конституцияларының мәтіндерінен аңғаруымыз
болады. Оларда КСРО Конституцияларының негізгі мәтіндері толығынан
сақталынған, тек аздаған өзгерістер, Қазақстан Республикасының ерекшеліген
туындаған.
2. Конституциялық құққыты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық
жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелінген туындайды. Өйткені,
біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және
маслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңы негізінде
ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан
бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың
бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі
мемлекеттік ұйымдар, т.б.
3. Конституциялық құқықтық интернационализациялау. Бұл тенденцияның
басты өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының
халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте
жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай
жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге
пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұның өзі әрбір
мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық
институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан
РЕспубликасының Конституциясындағы Республика бекіткен халықаралық
шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт
бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа
реттерде, тікелей қолдалынады (4-баптың 3-тармағы) және барлық заңдар,
Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты
нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың
міндетті шарты болып табылады, - делінген тұжырымдар осының куәсі. Демек,
біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен
халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп
есептеуімізге күмән жоқ. Ал Ресей Конституциясының 15-бабының 4-
тармағындағы жазуларға көз жіберсек, онда жалпыға танымал халықаралық
құқықтың қағидалары мен нормалары және халықаралық шарттар Ресей
Федерациясының құқықтық жүйелерінің құрамдас бөлігі болып есептелінеді.
Егер Ресей Федерациясының халықаралық шарттарында заңнан өзге ережелер
тағайындалса, онда халықаралық шарттардағы ережелер қолданылады, -
делінген.
Мемлекеттік құқық ғылымында конституция термині материалдық және
формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция – бұл
жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе констиитуциялық әдет-ғұрыптар.
Мұндай материалдық мәнінде термин конституция өмірінде аз қолданылады.
Көбінесе, біз конституцияныформальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардың
топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның
ең жоғарғы күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда
заңдардың немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.
Конституция түсінігін заңды (юридикалық) конституция және нақтылы
(фактически) конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция
– бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі құқықтық нормалардың жүйесі.
Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар. Яғни,
мұндай конституция өмірінен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы тиіс.
Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.
Сөйтіп қорыта келгенде, біз мынаны айтпақпыз. Қазақстан Республикасы
– басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар,
мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың
құқытарын, бостандықтары мен міндеттерінің негздерін, сонымен қатар
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет
принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы
(жалпы сипаттама)

Аталған мәселенің өзегін ашпастан бұрын жалпы конституциялардың
нысаны (формасы) мен құрылымына тоқталғанымыз дұрыстау шығар. Заң
әдебиеттері мен оқулықтарында көрсетілгендей, конституцияның нысаны – бұл
конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік
актілерден тұратындығымен анықталады.
Біртұтас және жалығз конституциялық акті болып есептелінетін,
мысалы, Германия, Испания, Ресей, Қазақстан Республикасынң конституцияларын
айтсақ та жеткілікті. Ал бұлардан айрықша Швеция конституциясы үш
нормативтік актілерден тұрады: 1974 жылғы басқару нысаны, онда мемлекеттік
құрылыс негіздері, негізгі бостандықтар мен құқықтар және мемлекеттік
органдардың бірыңғай жүйесі реттелген; 1810 жылғы мұрагеолік таққа отыру
актісі және 1974 жылғы ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі акт.
Егер Констиитуцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық
мәні бар негізгі мәселелрді қамтыса, онда оны кодификацияландырылған
(сұрапталған) деуімізге болады. Ал өзге жағдайда, айталық, жоғарыдағы
мәселелер бірнеше актілерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше,
кодификацияланбаған деп есептейміз.
Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың
түрлеріне сай келуі тиісті. Оның ірге тасы преамбулдан (кіріспеден),
негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша
ережелерден қалануы қажет. Әдетте, преамбулаға конституцияның мақсаты
жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен
бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады.
Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық
құрылыстың негізгі, мемлекеььік органдардың жүйелері мен мәртебесі,
мемлекет рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді.
Мемлекеттік органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктің
бөліуі қағидаларына сәйкестіндіріліп орнықтырылады: көбінесе, алдымен
парламент жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот
билігі және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.
Қорытынды ережелерде әр түрлі нормалар сөз етіледі. Мұнда, әдетте,
конституцияның күшіне ену тәртібі тағайындалады. Констиитуцияны өзгерту
тәртібі мен мемлекеттің рәміздері туралы нормалар негізгі бөлікке енбеген
жағдайда ған қорытынды ережелерде тұжырымдалуы мүмкін.
Ендігі жерде бұл қағидалардың іске асқандығын мысалы ретінде
Қазақстан Республикасының Конституцияларынан көруге болады.
Шындығына келетін болсақ Қазақстан өмірінде еліміздің Ата заңы бес
рет қабылданған болатын. Ең біріншісі – Қырғыз Кеңестік Соцалистік
Республикасының 1926 жылғы 18 ақпандағы Конституциясы. Бірақта Қазақстан
заңгер ғылымдар қауымы оны осы күнге шейін елемей келеді. Оның да өзіндік
сыры бар. Өйткені, сол кезде біздің еліміз РКФСР-дің қарамағында болатын.
Жоғарыда сөз етілгендей 1926 жылғы Конституция КАКСР Орталық Атқару
Комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР Бүкілроссиялық Орталық Атқару
Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы
жобасы онда қаралмады. Сондықтан ол республика аймағында іс жүзінде
қолданылмапты. Сөйтіп ол жоба түрінде жабулы қалды. Соған қарамастан біз
бұл туралы мәліметті естен шығармауымыз қажет, өйткені, оның бөлімдері мен
тарауларындағы тұжырымдар біздің тарихымыз, ғылымымыз үшін өте орасан зор
мәні бар екендігін кең сарайымызбен сенуіміз қажет.
Екінші конституционализм кезеңі – бұл 1937 жылғы 26 наурыздағы ККС
Республикасының Конституциясы. Ол төтенше Бүкілқазақ съезінің қаулысымен
алғысөзсіз, бөлімдерсіз бекітілген. Тек 11-тараудан (қоғамдық құрылыс,
мемлекеттік құрылыс; мемлекеттік өкіметтің жоғары органдары; мемлекеттік
басқару органдары; мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары; бюджет; сот
және прокуратура; азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері; сайлау
жүйелері; елтаңба, ту, астана; конституцияны өзгерту тәртібі) және 124
бастан тұрады. Осы мәліметтерге көңіл аударып қарасақ, азаматтардың негізгі
құқықтары мен міндеттері тек 9-тарауда ғана берілген. Оның 108-бабының 2-
бөлігіндегі Қоғамдық социалистік меншікке қол сұғушы адамдар халық жауы
болып табылады деген сөздер жаныңды түршіктіреді. Қашан адам тек қоғамдық
меншікке қол сұққаны үшін, оның көлемі мен мөлшеріне, сапасы мен құнына
қарамастан атылды десеңші.
Үшінші – 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясының
қабылданып, бекітілуі. Ол 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Бұл
Негізгі заңның өзекті мәселелері – жалпыхалықтық мемлекетті, мелекет
құрылысының принциптерін, қоғамның саяси жүйелерінің бөліктерін немесе
буындарының мызғымастығын уағыздау, ең бастысы – қоғамдық саяси ұйым
ретінде Коммунистік партияның үстемдігін заңдандыру. Барлық Қазақстан
Конституцияларына, социалистік типтік ретінде, тән ерекшелік қасиеттерінің
болуы. Ең алдымен олардың таптық мәндігі оқшауланып тұрады. 1937 жылғы
Қазақ КСР Конституциясының 2-бабында, помещиктердің, капиталистердің және
байлардың өкіметін құлату, пролетариат диктатурасын орнату, қазақ халқын
патша өкіметінің, орыс империалистік буржуазиясының ұлт езушілігінен азат
етіп, ұлтшыл контрреволюцияны қирату нәтижесінде өсіп, нығайған еңбекшілер
депутаттарының Кеңестері болып табылады, - делінген тұжырымдар сол кездегі
Қазақ КСР-інің саяси негізін құраған, ал енді оның экономикалық
негіздерінің арқауы – Конституцияның 4-бабы. Онда шаруашылықтың феодалдық
және капиталистік жүйесін жою, өндіріс құралдары мен құралжабдықтарына жеке
меншікті жою, адамды адам қанауын құрту нәтижесінде бекіген шаруашылықтың
социа-листік жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына
социалистік меншік болып табылады – делінген. Ал меншіктің бұл түрі екі
формада – мемлекеттік меншік (бүкіл халық дәулеті), және кооперативтік –
колхоз меншігі (жеке колхоздардың меншігі, кооператив бірлестіктерінің
меншігі) ретінде баяндалған. Ал, 1978 жылғы Ата заңда Коммунистік партияның
барлық қоғамдық өмірдегі басымдылығын, оның бағыт беруші басшылық рөлін
нығыздауды, экономикалық жүйенің негізгі ретінде – мемлекеттік
(жалпыхалықтық) және колхоздық – кооперативтік меншігін бекітті,
шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізуді айқындайды.
Қазақ Кеңестік конституциясында мемлекеттік өкімет органдарының
негізін қалаушы – Кеңестердің жоғарлығы заңдыланған болатын. Мысалы, халық
депутаттарының Кеңестері – КСРО Жоғарғы Кеңесі, облыстық кеңестері,
аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық, поселкелік, ауылдық кеңестері –
мемлекет өкімет органдарының біртұтас жүйесін құрайды, - делінген Қазақ КСР
Конституциясында. Шын мәнінде, бұлар өмірмен ұласпаған, өйткені жоғарыда
сөз етілген Коммунистік партия мемлекет өміріндегі барлық мәселелерді
шешулі өз басшылығына алып, нұсқау беріп отырғандығы бәрімізге мәлім.
Демек, Кеңестердің үстемдігі формальды түрде қағаз жүзінде нығыздалынып
өмірге енген. Соның нәтижесінде Кеңестер партия органдарымен алмастырылып,
бүкіл билік соңғылардың қолдарына тиген. Еліміздің сол кездегі Ата заңында
азаматтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке өзіндік құқықтары да
шетте қалмаған. Бірақта, оларды іс жүзінде орындау, мемлекет тарапынан
кепілдіктер беру мәселелері де аяқтай қалып отырған. Конституциялық заңдар
тиісті соттардың тәуелсіздігіне де қамқорлық бола алмады. Біздің осындай ой-
өрісімізге дәлелді тиек ретінде 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының
құрылымындағы төмендегі бөліктерді атап өткенді жөн көрдік: 1) Қазақ КСР-
нің қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздері; 2) мемлекет және жеке адам;
3) Қазақ КСР-інің ұлттық мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы; 4)
Қазақ КСР-і халық депутаттарының Кеңестері және олар сайлау тәртібі; 5)
Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жоғары органдары; 6)
Қазақ КСР-індегі мемлекеттік өкімет пен басқарудың жергілікті органдары; 7)
Қазақ КСР-інің экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспары.
Қазақ КСР-інің мемлекеттік бюджеті; 8) Сот төрелігі. Арбитраж және
прокурорлық қадағалау; 9) Қазақ КСР-інің Елтанбасы, Туы, Гимні және
астанасы; 10) Қазақ КСР Конституиясының қолданылуы және оны өзгерту
тәртібі. Осы конституциялық бөлімдер құрылымдарының дұрыстығына көңіліміз
толмай тұр. Оның себебі, біріншіден, Қазақ мемлекеті ұлттық-аймақтық
бөліністерге ешқандай бөлінген жоқ. Сондықтан, Ата Заңның 3-бөлімінің атауы
шын мәнінде әкімшілік-аумақтық құрылымы делінуі тиісті; екіншіден,
азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, олардың міндеттері 2-
бөлімдегі жеке адам тұжырымдарына енуі де бұрыстау сияқты.
Жаңа Конститция туралы мәселені көтерудің басты себебі – ол
еліміздегі болып жатқан қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі позитивтік
елеулі өзгерістердің салдарынан республиканың қалыптасуы мен дамуының
стратегиялық мақсаттарын баянды ету. Бәрімізге мәлім болғандай, КСРО-ның
күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп, барлық, бұрынғы социалистік
республикалардың орнына енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды
процесс. Сөйтіп, социализмнің қоғамдық құрылысы түбегейлі өзгерістерге
ұшырады. Социалистік одақтас республикалардың орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Конституциялық құқықты демократизацияландыру
Құқық жүйелерінің конституциялық негіздері
Қазақстан мемлекетінің конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы
Қауіпсіздіктің тарихи-құқықтық аспекті мен құрылымы
Қазіргі заманда тұлғаның әлеуметтену үдерісіне тиімді әсер ететін факторларды анықтап жазыңыз
Мемлекет құқық негіздері
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
Салық салудың экономикаға және әлеуметтік салаға әсері
Пәндер