Міндеттемені орындау субъектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Міндеттемелерді орындау

Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері

Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Міндеттемені орындау Көбінекөп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.

Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсатты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.

Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК 272-291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін нормативтік актілерінде бекітілген.

Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда-дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.

Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да нормативтік актілерде, міндеттеме алған жақтардың келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, пәнді, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сапасына, субектілеріне, орнына, мерзімі мен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме-дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.

Міндеттемені борышқор тап-тұйанақтай етіп орындауы үшін несие беруші немесе оған уәкілетті орган заңды немесе шартта көрсетілген мерзімді, орынды белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс.

Жоғарыда аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені тиісті дәрежеде орындалады деп айтуға болмайды.

Міндеттеменің нақты түрінде дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көрсетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.

Міндеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін қанағаттандырады.

Осы принципке сәйке борышқор тап осындай әрекеттерге баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын нәрселерджен бас тартады.

Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматтық кодекстің 354 - бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған принципке анағұрлым өзгерістер енгізілген. Біріншіден, міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралсмаса, міндеттемегі орындаудан босатпайды. Демек, аталған принцип борышқор міндеттемені бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.

Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу борыш борышқорды, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады (АК-тің 354-бабының 2-тармағы) .

Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай соманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан бас тартады (АК-тің 354-бабы) .

Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген.

Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақ та бұл принциптерді арластыруға болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға қарағанда кеңірек: мысалы, затты уақытты өткізіп барып беру арқылы нақты орындау мерзімінің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола алмайды.

Міндеттемені орындау субъектілері.

Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Сонымен бірге, заңда, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттеменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті (АК-тің 276-бабының 2-тармағы) .

Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзіне ғана талап етілетін жағдайда несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы.

Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы ережемен қаралмаса, толықтай немесе ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес жүкті жөнелтуші оны тасымалдайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларына сәйкес жүкті тасымалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына жаңа шарт жасамай-ақ жүктеледі.

Заңда көрсетілген ретте үшінші жақ, Азаматтық кодекстің 339-347-баптарына сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімінсіз-ақ несие берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді.

Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы салдарынан өзінің бүкіл мүлікке құқығынан айырылу қауіпі төнген жағдайда үшінші жаққа беріледі. Мәселен, қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші алдында қарызы бар екендігін және оны өндіртіп алу ниетін білсе, сондай-ақ жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімінсіз-ақ оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін далға алушының міндеттемедегі жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші жақтың міндеттемені орындаудын қабылдауға міндетті. Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін төлеген қаржысын қайтарып алуды талап ете алады.

Міндеттемеде оның әр тарабы-несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады ( АК -нің 269-бабының 2-тармағы) . Егер міндеттеме борышқордың немесе несие берушінің жағында бір емес, бірнеше тұлға болса, онда көпшілік тұлғалармен міндеттеме пайда болады. Мысалы, мұрагерлікке қалған жекелендірілген пәтердің үш мұрагері оны ерлі-зайыпты адамдарға сатты делік, сонда сатып алу-сату кезінде екі жақтан да көпшілік тұлғалар пайда болады, бүл орайда сатушылар-үшеу, ал сатып алушылар-екеу.

Орындау пәні

1. Бір тараптын талап ету құқығы және екінші тараптың міндетінде зат жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады.

Міндеттемені орвндау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылық қызыметтің нәтижесі, жасалатын белгілі бір жұмыстар т. с. с. Демек, борышқор міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызымет қөрсету, несие берушіге ақша төлеу тәрізді істерді қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде орындау болуы мүмкін емес.

Міндеттемені тиісінше орындау үшін борышқор міндеттемеде көрсетілген пәнді орындауға тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышқор беруге тиіс заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі.

2. Міндеттеменің пәні: кейбірінде жеке белгіленген затты беру, ал кейбірінде тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар міндеттеменің ең бастысы- ақшалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап ететін міндеттеме.

Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар заңдарда қарастырылған. Ақшалай міндеттемені орындаудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел волютасы түріндегі белгілі бір сомаға тең теңге түріндегі сомада төленуі тиіс екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сома Қазақстандық банкаралық волюта биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік волютаға сай келуі қажет.

Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берушілердің мүддесін қорғайды.

ҚР аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде шетел волютасы, сондай-ақ шетел волютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайлар немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сома ең төменгі жалақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырады (АК-тің 283-бабы) .

Демек, мұндай жағдайда азаматтың сотқа есеп айырысу жөнінде жүгінуінің қажетті болмай қалады, өйткені, мәселе өз-өзінен қалпына келеді.

Ақшалай міндеттемені орындау үшін жеткіліксіз төленген төлемнің сомасы тараптардың, өзге келісім болмаған жағдайда ең алдымен несие берушінің орындау жөніндегі шығындарын, содан соң айып пен марапаттауды, ал қалған бөлігінде- борыштың негізгі сомасын өтейді (АК-тің 282-бабы) .

Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі

1. Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай-ақ, шарт алдындағы дауды қарайтын органмен айқындалуы мүмкін.

Егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс. (АК-тің 277-бабы) .

Мысалы құрлыс объектісінің бітетін күні міндеттемені орындау күні болып табылады, ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақшаны қайтару- қарыз шартында несие беруші шартында қарастырылады.

Міндеттеме орындалуға тиісті кесімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында қаралуы мүмкін, онда әртарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, онкүндік мерзімдермен өлшенеді.

Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шрттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылы қонымды мерзімде орындалуға тиіс.

Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайда ала отырып, орындау мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі, т. б. ескеріледі.

Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін көзбен белгіленген міндеттемені, егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға міндетті (АК-тің 277-бабының 2-тармағы) .

Міндеттеменің тез арада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын, банкке ақша салатын адам талап ете алады. Борышқорға аяқ астынан болатын міндеттемені орындау үшін дайындалу үшін жеті күн мерзім беріледі. Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделгеннен тыс ретте қабылдауы керек.

Егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнінен туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы.

Кәсіпкерлік қызыметтке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген не іскерлік қызымет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немнсе міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі (АК-тің 279-бабы) . Демек бұл ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады.

Борышқордың несие беруші-кәсіпкермен алдын ала келіспей тұрып міндеттемені мерзімінен бұрын орындауы оны қиын жағдайға қалдыруы мүмкін, өйткені, оның орындалған міндеттемені аяқ астынан қабылдай қоюға дайындығы мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес. Айталық борышқордың тауар әкелетінін білмегендіктен онда дайын тұрған қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген тауарды темір жол бекетінен, кемеден ала қоятындай көлікке алдын ала шарт жасалмауы да кедергі келтіреді. Содан келіп несие беруші залал шегеді, ал мұның өзі нарық жағдайында қолайсыз нәрсе.

2. Міндеттеме орындалатын жер- борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты атқарып, қызымет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалғанын қабылдайтын орын. Мәселен, үйді жөндеу, еденді тазалау, терезені сүрту тек үй тұрған жерде ғана жүзеге асады.

Егерде міндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шартында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:

1) міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру- мүлік орналасқан жерде;

2) міндеттеме бойынша тауар немесе өзге де мүліктік тасымалдауды пайдалана отырып беру- мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсырған жерде;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері мен басқа азаматтық - құқықтық қатынастардан айырмашылығы
Міндеттемелік құқық туралы ақпарат
Міндеттемелік құқықтың ұғымы
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Міндеттемелік құқық жайлы
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері
Азаматтық кодекстің 344 - бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтыры заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізіндн
Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздері
Міндеттемесін орындауды талап ететін жақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz