Англияның азаматтық құқығының негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
2.1. Шетел азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік
2.2. Қазіргі таңдағы негізгі азаматтық-құқықтың жүйелері
2.3. Дамыған мемлекеттердің азаматтық құқығының принциптері
2.4. Азаматтық құқықтың дерекнамалары
2.4.1. Францияның азаматтық құқығы негіздері
2.4.2. Германия азаматтық құқығының негіздері
2.4.3. Англияның азаматтық құқығының негіздері
2.4.4. Ақш азаматтық құқығының негіздері
2.4.5. Жапония азаматтық қүқығының негіздері
2.4.6. Қытай халық республикасы азаматтық құқығының негіздері
2.4.7. ТМД елдерінің азаматтық құқық негіздері
2.5. Шетел мемлекеттеріндегі азаматтық құқықтың негізгі институттарының
жалпы сипаттамасы
III. Қорытынды бөлімі
IV. Пайдаланған әдебиеттер .

І. Кіріспе
Құқық пен заң шығарушылық адамзат мәдени мұрасының ажырамас бөлігі,
сондықтан да басқа халықтар мен мемлекеттердің тарихи тәжірибесіне зерделей
қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің сыртқы
байланысының дами түсуіне орай шетел азаматтық құқығын білудің әрбір заңгер
үшін, оның ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.
Маман-цивилист шетел азаматтық құқығымен қоса халықаралық жеке құқықты
да оқып-үйренуі керек.
Менің курстық жобамның тақырыбы Шетел азаматтарының құқығының негізгі
ерекшілігі. Осыған орай, жалпы азаматтардың құқығы, кейін шетел
азаматтарының құқығына тоқталуды жөн көрдім. Халықаралық жеке құқық
дегеніміз мемлекеттің жеке ішкі заңдарын, халықаралық шарттар мен әдет-
ғұрып нормаларымен біріктіретін кешенді құқықтық жүйе болып табылады. Бұл
жүйе коллизиялық-құқықтық және материалдық-құқықтық әдістемелерге сүйене
отырып, халықаралық сипаты бар қатынастарды, яғни мүліктік және жеке
мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық азаматтық-құқықтық сипаттағы әрі мүліктік, әрі
жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды қамтитын болғандықтан, мемлекеттің
ішкі азаматтық құқығымен ұштасады.
Екінші жағынан алып қарағанда, халықаралық жеке құқық құрамында
әртүрлі халықаралық элементтері бар халықаралық жария құқыққа ұқсайды.
Халықаралық жеке құқық тұрғысында қолданылатын "халықаралық" терминінің
халықаралық жария құқығының сондай терминінен ерекшелігі болады. Ол белгілі
бір жағдайларда азаматтық құқықтық сипаттағы қатынастардың мемлекеттік ішкі
құқықтық жүйесі шеңберінен шығып шетел құқығын, сондай-ақ әдет-ғұрып
нормаларын қолдану мүмкіндігін туғызады.
Халықаралық жеке құқық мынадай негіздерге жүгінеді:
а) мемлекеттің ішкі заңдары;
ә) халықаралық шарттар;
б) халықаралық әдет-ғұрыптар.
Халықаралық жеке құқық "тараптардың ерік дербестігі" деп аталатын
арнайы принциппен сипатталады, яғни бұл тараптардың өздерінің қатынастарына
қолданылуға тиісті құқықты таңдау туралы келісімдерінің нормаларын
біріктіретін институт дегенді білдіреді.
Халықаралық жеке құқықтың нормаларын коллизиялық, шиеленісті, сілтеме
жасау немесе құқық қолдану деп атау дәстүрі бар.
Халықаралық жеке құқық нормалары негізінен екі элементтен:
1) коллизиялық нормалар қолданылатын қатынастардан;
2) қандай да тиесілі құқықты қолдануды анықтаудан (халықаралық, өз елі
немесе басқа мемлекет) тұрады.
Қолдануға тиісті құқық алты құқық аясына жинақталғаи:
1) қатынастарға қатысушыларының жеке заңы, азаматтығы туралы заңы,
заңды тұлға құрылған елдің заңы, тұрған жері немесе тұрғылықты жері туралы
заңы — Lex personalis;
2) мүліктің тұрған жерінің заңы —Lex rei sitae;
3) құжат жасалған жердің заңы (мәміле жасау көзіндегі заңға сәйкес,
деликт көзіндегі заңсыз құжат) — Lex loci aktus;
4) қызметті жүзеге асыру орнының заңы— Lex loci activitas;
5) соттың, төрелік соттың яғни дауды шешетін заңы — Lex fori;
6) сол қатынаспен неғұрлым тығыз байланысты болатын заң — Lex causae.

2.1. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ НЕГІЗГІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ

Халықаралық жеке құқық ерекше түрдегі халықаралық қатынастарды
реттейді. Осы құқықтың аясына Қазақстанның барлық аумағындағы шетелдік
заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі, шетелдік
азаматтардың Қазақстаннның аумағындағы мүлікке құқық меншігі жатады, сондай-
ақ Қазақстан азаматтарының шетелдегі мүлікке меншік құқығы, сыртқы
мәмілелерін жасаудың шарты мен тәртібі, интеллектуалдық меншікке
шетелдіктердің құқығын қорғау, Қазақстан азаматтарының шетелдегі өнертабыс
құқығын қорғау, шетелдіктермен некеге тұрудың ұйымдық-құқықтық нысандарын
жасау, олардың шетелдегі еңбек қатынастарын жүзеге асыру жоғарыда аталған
саламен реттеледі.
Бүгінгі танда әлемдегі әрбір мемлекеттің өзіне тән құқық жүйесі бар.
Қандай елде болмасын, құқық жүйесі аясындағы азаматтық құқықтың орны
айрықша. Француз ғалымы Рене Давид азаматтық құқыққа мынадай анықтамасын
берген: "Нағыз құқық — жеке құқық болып қала береді, заңгерді қалыптастыру
тек азаматтық құқықты оқып-үйрену арқылы ғана болуы мүмкін".
Әдетте, құқықтық жүйелер: роман-герман құқығы, "жалпы құқық" және
социалистік құқық болып үш топқа бөлінеді. Айта кету керек, мемлекеттік
емес қауымдастықтың өз құқығы болады, айталық, оған канон құқығы, мұсылман
құқығы, индустар құқығы жатады. Сондай-ақ, бүкіләлемдік немесе аймақтық
көлемде мемлекетаралық және сыртқы сауда қатынастарын реттеуге арналған
халықаралық құқық та бар.

2.2. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1. Арнайы әдебиетте азаматтық-құқықтық жүйені бір-бірінен ажыратуға
көмектесетін мынадай элементтер келтірілген:
1) құқық дерекнамасыиын құрамы мен ара салмағы;
2) азаматтық құқықтың құрылымы (мәселен, тұлғалар, заттық құқық,
міндеттемелік құқық, айрықша құқық, отбасы және мұрагерлік құқық);
3) құқық қолдану тәжірибесі (сот, конституциялық, әкімшілік және тағы
басқа);
4) құқыққа қатысты орныққан пікірлердің (доктрина) жиынтығы және оны
тәжірибеде қолдану.
Осы элементтерден келіп азаматтық-құқықтық жүйесінің роман-герман
(континенталдық), жалпы құқық (англосаксондық), социалистік, мұсылмандық
және патриархалдық деп аталатын түрлері шығады. Ал енді осы жүйелерге
қысқаша сипаттамалар берелік.
2. Континенталдық (роман-герман) жүйесі. Рим құқығы негізінде қалыптасып,
Еуропада пайда болған, сондықтан да оны континенталдық жүйе деп атап
кеткен. Қазіргі кезде роман-герман құқықтық жүйесі әлемнің көптеген
мемлекеттеріне таралған. Ерте заманнан бастап роман-герман құқықтық жүйесі
жария және жеке құқық принципіне бөлінген болатын. Мәселен, атақты жапондық
ғалымдар Сакаэ Вагацума мен Тору Арийдзуми былай дейді: "Адамзаттың барлық
қатынастарын екі топқа бөлуге болады: жеке тұлға ретінде әлеуметтік
қатынастар (мүліктік қатынастар және азаматтық ахуал) және мемлекеттің
қатынастары (мемлекеттің құрылымы мен ұйымдастырылуы, құрылымды жүзеге
асыру және тағы басқа). Оның біріншісінде жеке құқықтық қатынастар,
екіншісінде жария қатынастар болады". Мұндай бөліну барлық жүйелерге тән
емес. Мәселен, англо-саксон жүйесі құқықты жеке және жария деп бөлмейді.
Бұл жүйеде құқықтар келісім-шарт құқығы және т.с.с. болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі де жеке және жария құқық деп
бөлінбейді. Айта кететін жайт, жеке қатынастар ұғымы азаматтық қатынастарға
қарағанда анағұрлым кең болып келеді. Сондықтан да жеке қатынастар тек қана
азаматтық қатынастар меншектеліп қалмайды, ол сонымен қоса сауда, жеке
халықаралық құқықтарды да қамтиды.
Ұзақ уақыттар бойы ғылыми әдебиетте жария және жеке құқық буржуазиялық
құқыққа тән ерекшелік делініп келді, ал жеке құқықты азаматтық және сауда
құқығына бөліп қарастыру дәстүрі де бар. Мәселен, қазір коммерциялық
қатынастарды реттейтін батыстық құқық нормаларының барлық жүйесі азаматтық
құқықтық қатынастарды реттеумен ерекшеленеді, яғни сауда (коммерциялық
құқығы) азаматтық құқықтан өзгеше. Қазақстандағы заң шығарушылар Азаматтық
кодекске азаматтық құқықты да, сауда құқығын да енгізуді дұрыс деп тапты,
бірақ та кейбір мамандар мұнымен келісе қоймайды.
Профессорлар Ю.Г.Басин мен М.К.Сүлейменов мұндай пікірлер қазіргі
экономикалық байланыстардың сипатын ескермегендіктен туындап жүргенін
дәлелдеп, шетелдегі сауда кодекстерінің ауқымы тар әрі тәуелділіктен арыла
алмайтынын алға тартады. Осы пікірге орай мына бір мәселені де айта кеткен
жөн. Мысалы, кейбір елдерде (айталық, Швейцарияда, Италияда) азаматтық және
сауда кодекстерін қосу жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілуде, бірақ бұл
жұмыстың нәтижесі әлі шыққан жоқ. Біздің пайымдауымызша, Қазақстанда сауда
(коммерциялық кәсіпкерлік немесе шаруашылық тәрізді) кодекстерін ез алдына
шығару дұрыс болмас еді, себебі біз Батыстың қателігін қайталасақ, қазақ
заң саласының менталитетін, беделін түсіріп алуымыз мүмкін.
Қазіргі зерттеулерде "дуализм жөнінде емес, қайта жеке құқықтың
плюрализмі туралы айтатын кез келді және оны айту керек" дейтін көзқарас
пайда бола бастады. Турасын айтсақ, дуализм термині қолдануға келмейді,
өйткені азаматтық, сауда құқықтары мен еңбек, іс жүргізу, сондай-ақ отбасы
және аграрлық (экологиялық) құқық салалары да бөлініп отыр. Дамыған Батыс
елдерінің жекелеген құқық салаларының немесе жеке құқыққа байланысты
институттарының өздеріне тән ерекшеліктері бар болса да, олар
қатысушылардың заң алдындағы тендігіне сүйене отырып, мүліктік және онымен
байланысты (сондай-ақ көбі байланысты емес) жеке мүліктік емес өзіндік
қатынастарды реттейді.
Осы кезде құқыққа сүйенетін адамзат қауымының көбінде статут құқығы
(статут ағылшын тілінде — "заң" дегенді білдіреді) орын алған, былайша
айтқанда, заңның рөлі айрықша. Ең алдымен заң континенталдық жүйеде
үстемдік етеді, осы жүйеге Қазақстан Республикасының заңдары да жатады.
Орыс құқығы да континенталдық жүйеге негізделген. Американдық ғалым
Кристофер Осакве: Қазақстан ұзақ жылдар бойы Ресейдің отары болғандықтан,
оның азаматтық құқығының тарихына мұндай жағдай өз ізін қалдырмай қойған
жоқ дейді. Заңның үстемдік ету саясатын Қазақстан да қолдап отыр, соның
бір куәсі ретінде Қазақстанның бірқатар заңдары құқықтың континенталдық
жүйесіне сүйенгенін айтсақ та жеткілікті.
Сонымен қатар қазіргі біздің азаматтық заңдар басқа да құқықтық
жүйелердің, атап айтқанда, континентальдық, англо-саксондық ("жалпы құқық")
және социалистік құқықтардың рецепцияларына (нормаға сүйену), яғни олардың
идеяларын, нормаларын, институттарын пайдаланды деп тұжырым жасауға болады.
3. Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе роман-герман жүйесі сияқты жария
және жеке құқық немесе азаматтық пен сауда құқығы деп бөлінбейді, онда тек
"жалпы құқық" және "әділдік құқығы" деген жүйе бар. "Жалпы құқық" король
сотымен құрылып, бүкіл Англияға қолданатын құқық болып табылады. "Әділдік
құқығы" канцлер сотымен құрылатын жалпы құқық нормаларына өзгертулер мен
толықтырулар енгізетін нормалардың жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгінде ағылшын
құқығының негізіне айналған. Сондықтан да ағылшындар заңгерлерді "жалпы
құқықтың" заңгерлері және "әділдік құқығының" заңгерлері бөліп қарайды.
4. Құқықтың мұсылман жүйесі. Мұсылман құқығы шариатқа негізделген. "Шариат"
— арабтың "шариа" — "мақсатқа жетудің дұрыс жолы", "шариа" — "заңдарды
жолдау, шығару" деген ұғымдарды білдіреді. Осы түбірден келіп "ташрртун"—
"заң шығару", "шариун" — "заң шығарушы", "мута — шарргун" — "заң маманы"
деген сөздер шыққан. Ислам өзінің мән-мағынасы
бойынша дін заңы болып табылады. Мұсылман құқығы ("фикһ" деп аталады)
шариаттың құрамдас бөлігі болып саналады. Мұсылман құқығы құқықтың мынадай
негіздерінен тұрады:
1) Құран — исламның қасиетті кітабы;
2) суннп — Мұхаммед пайғамбардың сөздері мен уағыздары;
3) кияс — аналогия;
4) иджма — ірі құқықтанушылар мен дін ілімінің тоқтам пікірлері;
5) фетв — жоғары діни білімпаздарының заң туралы түйіндері;
6) адат — исламды насихаттайтын арабтар мен басқа халықтардың дәстүрі мен
әдет-ғұрыптары.
Құран — мұсылмандық құқықтың негізі. Құран — араб тілінен аударғанда
"кітап, оқу" деген мағынаны білдіреді. Құран сүрелерден, аяттардан тұрады.
Мәселен, азаматтық құқыққа жетпіс сүре арналған. Құраннан кейін, әлгінде
айтқанымыздай, сунна, иджзма, қияс, әдет-ғұрып заңары, ғибадат ету және
адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалар бар.
Шариат ілімі екі бөлімнен: ілім кәлем және ілім фикһтан тұрады. Ілім
кәлем догмалық сенімдерді қамтыса, ал ілім фикһ сенімнің практикалық
ережелері мен азаматтық қарым-қатынасқа тиісті құқықтардан тұрады.
Фикһ ілімі азаматтық құқықтану, яғни мұсылмандардың азаматтық жалпы
тұрмыс-тіршілігіне қатысты қағидаларды, ережелерді, заңдарды қамтиды және
ол үш кітаптан тұрады. Бірінші кітабында міндеттеме, келісім және оның іске
асырылуына қатысты екі жақты өзара міндеттейтін шарттары қаралса, екінші
кітабында екі жақтың міндеттелуін талап етпейтін, тек бір жақтың ықыласына
негізделген азаматтық істер мен келіспеулер, ал үшінші кітабына барлық
мұсылмандар тарапынан сақталып, әрі орындалуға жататын заңдастырылған
қарар, шешімдер кіреді. Олар күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты қағида-
ережелер, куәлік беру, мұрагерлік, ведомыстық істер, сот міндеттері т.б.
болып бөлінеді. Баршамызға белгілі қазақтар исламның бір ағымы суннизм
жолын ұстаған. Қазақ халқы сенімді түрде өздерін мұсылманбыз деп
есептегенмен, бірақ шариаттың талаптары қазақтардың әдет-ғұрып нормаларын
ығыстыра алмаған. Айта кететін жайт, IX ғасырдан бастап, лифат заң мектебі
(оның негізін салушы Абу Ханифат есімімен аталады) оны мұсылман дініне
лайықтауға күш сала тұрса да, қазақтың бұрынғы әдет-ғұрып нормалары қала
берген.

2.3. ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Азаматтық құқық нормаларының негізгі принциптеріне жататындар:
а) жеке меншіктің қасиеттілігі;
ә) кәсіпкерліктің еркіндігі;
б) шарт еркіндігі;
в) азаматтық құқыққа қатысушылардың нарықтағы тең құқықтығы;
г) құқық бұзушының жауапкершілігі.
Жеке меншік — капиталистік экономиканың темірқазығы, сондықтан да
жеке құқық жеке меншік құқығын қорғайды. Меншік құқығы (кейде оны мүліктік
құқық деп те атайды) — барлық мемлекеттердің құқығының орталық институты.
Сол арқылы меншік құқығы қорғалып, меншік иесі мүлікті иеленуге,
пайдалануға және оған билік етуге қақылы болады. Құқықтар жүйесінде мүлікке
ие болатын қандай болмасын тұлғаны қорғау, одан айрылып қалмауын қамтамасыз
ететін принциптер бар. Дамыған мемлекеттер өздерінің заңдарында мүліктік
құқықты қорғаудың дуалистік түрін жасаған, демек, меншік құқығын қорғаумен
қатар иелікті қорғауды да қарастырған.
Шет елдердің азаматтық құқығында азаматтың кәсіпкерлікпен немесе өзге
де шаруашылықтармен айналысуына болатындығын тайға таңба басқандай етіп
тәртіптеген. Бұл салада "заңда тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі"
деген принцип кеңінен қолданылады әрі бұл азаматтық және сауда заңдарындағы
ең маңызды қағида деп есептеледі. Әңгіме етіп отырған елдердің азаматтық
заңдарында өндірістік және коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру үшін
көптеген ұйымдық-құқықтық нысандар қарастырылған. Мұның өзі кәсіпкерлерге
кәсіпкерлік істі жүргізуде оңтайлы жолдар ұсынады. Әсіресе кәсіпкерліктің
акционерлік қоғам түрі өте күшті дамығанын айта кету маңызды. Мәселен,
Францияда акционерлік қоғам үкіметтің белсенді араласуымен дамиды. Құқығы
институционалды жүйеге бағындырылған. Ал, Германияда акционерлік қоғамдары
қатаң автономиялы реттеу жолымен жүргізу және оны тәртіптеу "пандекттік"
жүйеге енгізілген.
Шарт еркіндігі принципі азамат және сауда айналымына қатысушылардың
шарттың қандай болмасын тәртібін, өздері келісіп шешетіндігіне негізделген.
Аталған принцип нарықты экономиканы дамытуға және белсенділіктің құқықтық
негізі болуына қажетті алғышарт екенін анықтайды. Бұл принциптің мәні —
меншік иесіне өзінің меншігін басқаруға мүмкіндік беру. Орыстың атақты
ғалымы Г.Ф. Шершеневич былай деп жазды: "Субъектавті шектеулерді, сондай-ақ
формализмді алып тастаған шарт еркіндігі, қазіргі құқық тәртібінің басты
негіздеріне айналып жеке меншік құқығымен қатар тұратын дәрежеге жетті."
Құқықтық теңдік принципі дегеніміз азаматтық-құқықтық қатынастарға
қатысушылардың бәрі де меншік түріне, кәсіпкерлік қызметінің құқықтық
нысанына, немесе азаматтығына қарамастан бірдей құқықтық ахуалды білдіруі
болып табылады. Бұл принцип буржуазиялық революцияға орай феодалдық қоғам
жойылғаннан кейін жүзеге асты, сол арқылы барлық азаматтар заң алдында тең
болды.
Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болған отбасына
байланысты жасалған реформа отбасылық қатынастар жүйесінде орын алған
теңсіздікті жойды (мысалы, Австрияның 1977 жылы қабылдаған ата-аналар мен
балалар арасындағы қатынастарды жаңаша реттеу туралы Заңы).
Деликт (зиян келтіру) жауапкершілік принципі азаматтық құқықтың
маңызды принциптерінің бірінен саналады. Бұл қағида шартты бұзумен
байланысты емес құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде тұлғаға немесе мүлікке
келтірілген зиянды қалпына келтіруге бағытталады. Аталған принцип бұрын
белгісіз болып келген зиян келтіретін факторлар: ядролық энергияны
пайдалану, зиян келтіретін өндіріс ошақтарын көбейту тәрізді жағдайлардың
айтарлықтай өсуімен байланысты болып отыр. Мысалы, Наполеон кодексінде зиян
келтірумен байланысты міндеттейтін тек қана бес бап болса; қазір еуропа
елдерінде жөн-жосықсыз бәсекені желеу етіп қоршаған ортаға аса қауіпті
жағдай туғызатын және т.б. заңсыз әрекеттер нәтижесінде зиян келтіретін
кінәлілерге азаматтық-құқықтық жауапкершілікті кеңінен қарастырған. Осы
айтылғандарға қарап, аталған принцип жалпыға бірдей сипат алатынын байқауға
болады.

2.4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ
Азаматтық құқықтың негізгі дерекнамалары: заң, әкімшілік құжаттар,
сот тәжірибесі (прецеденттер), әдет-ғұрыптар және халықаралық келісімдер
болып табылады. Мысалы, роман – герман жүйесі қолданылатын елдерде, заң
басты рөл атқарады ("заң құқығы"). Бұл елдерде ең жоғарғы заң сатысында
тұрған азаматтық, сауда және т.б. кодекстер дер едік. Ал англо-американдық
құқықты қолданатын елдерде сот шешімдері (прецеденттер) басымырақ.
Роман-герман құқық жүйесі таралған елдерде судья заңға қатаң түрде
бағынады және ол ең алдымен заң негізінде шешім қабылдауға тиіс. Демек,
судья талаптан ешқандай бұлтара алмайды. Мәселен, заңда түсініксіздік не
ақау болған жағдайдың өзінде де, оның норманы ойлап табуына хақысы жоқ.
Мысалы, Франция Азаматтық кодексінің 5-бабына сәйкес іс бойынша тек заңға
сүйеніп отыру міндеттелген, ал жалпы өкім түрінде шешім шығаруға тыйым
салынған.
Азаматтық құқық жүйесінде заңдардан басқа әкімшілік құжаттар да үлкен
рөл атқарады. Мұндай құжаттардың болуының себебі, ол коммерциялық салаға
мемлекеттің араласуымен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет өзіне
берілген өкілеттікке орай үкімет шығаратын заң орнына жүретін нормативтік
құжаттарға ерекше маңыз берген. Кез келген әкімшілік құжат заңға сүйенеді
және оған бағынуға тиіс, бірақ кейбір кездерде тәжірибеде бұл жүзеге аспай
қалып жүр. Көбінесе әкімшілік құжаттар заңдарды өзгертіп немесе теріске
шығаратын жағдайлар да кездеседі. Екінші жағынан алғанда, әкімшілік
құжаттарда азаматтық құқықтан туындайтын диспозитивтік нормалар барынша
императивті нормалар болып кете береді.
Барлық елдерде де азаматтық құқықтың негізінің бірі әдет-ғұрып болып
табылады. Әдет-ғұрыптың белгілері:
1) көнелілік;
2) үзілмеушілік;
3) жалпы бейбіт тұрғысынан пайдалану;
4) міндеттеу күші;
5) айқындылық;
6) басқа да жергілікті әдет-ғұрыппен үйлесімдік;
7) даналық.
Англо-саксондық құқық тараған елдерде сот шешімі (прецедент — үлгі
іс) айқындаушы тұтқа болып табылады. Оның себебі, ағылшын "жалпы құқығы"
көбіне-көп әдет-ғұрып құқығынан бастау ала отырып қалыптасқан. Прецеденттік
құқық "судьяның шешім шығару процесі көзінде пайда болатын және
қолданылатын нормалары мен принциптерінен тұрады".
Құқықтың аталған нысаны үшін құқық пен прецедент доктринасының
(ілімінің) — дерекнамасы ретінде нақты іс бойынша (дау), сот шешімі маңызды
рөл атқарады. Ағылшын прецедент доктринасының (ілімінің) негізгі принципіне
келетін болсақ, ол жоғары тұрған соттың ұқсас іс бойынша шығарған шешімі
төмендегілерінің шығарған сот шешімі үшін міндетті үлгі болады. "Сот
шешімі" ұғымын "прецедент" ұғымымен тең қоюға болмайды. Прецедентке екінші
инстанциядан және одан жоғары шешімдер қатысты келеді (Англия).
Ағылшын құқықтық доктринасы прецеденттерді міндетті күші бар
(міндетті прецеденттер) және сендіруші күші бар (сендіруші прецеденттер)
прецеденттер деп беледі. Бұл орайдағы негізгі ерекшеліктер міндеттілік
прецедентіне арқа сүйеу міндетті, ал сендіру прецеденттің есепке алынуы, не
алынуға тиістілігімен көрінеді.
Мұсылман құқығының нормалары исламды қабылдаған халықтардың әдет-
ғұрып құқық нормалары мен мазмұны жағынан көбіне-көп сәйкес келеді. Соның
нәтижесінде құқықтық реттеудің ықпалы барынша қатты сөзіледі.
Шетел мемлекеттерінің азаматтық құқығында заңмен байланыста
қолданылатын әдет-ғұрып құқығының:
1) заңға толықтыру ретінде;
2) дербес қолданылуы;
3) заңға қарсы қолданылуы тәрізді 3 тобы бар.
Алғашқы екі топ заңның осал тұстарын толықтырып, кемшілік тұстарын
түзейді. 3-топ заң нормаларын теріске шығарады немесе оны өзгертуді талап
етеді.
Әдет-ғұрыпты құқықтың дербес дерекнамасы ретінде қолданатын бірқатар
елдер бар. Мәселен, Индияның "Неке туралы" заңының 3(а)-бабына сәйкес (1955
жыл), үнділердің неке қатынасына әдет-ғұрып нормалары ұзақ уақыт бойы
қолдануда.
Адаттың нормалары дадер бес қолданылады. Адат деп ислам елдерінің,
мұсылман халықтарының әдет-ғұрып нормаларының жиынтығын айтады. Шетелдердің
азаматтық құқығында негізінен сауда мәмілелеріне қолданылатын, яғни олардың
қатынастарын реттейтін ғұрып деп аталатын ұғым бар. Ғұрып пен әдет-ғұрыптың
бір-біріне ұқсайтын жерлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ШЕТЕЛ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құкық пен заң шығарушылық
Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Социалистік құқықтық жүйе
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы. Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі
Пәндер