ИНТЕРНЕТТІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ПАЙДАЛАНУ 7
1.1 Халықаралық желінемесе Интернет 7
1.2 Интернет шет елмен байланыс құралы ретінде 10

2 ИНТЕРНЕТТІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
2.1 Ағылшын тілінің білім дәрежесін жетілдіретін сайттар 13
2.2 Интернет көмегімен оқуға, жазуға, оңаша кеңесуге үйрету 13
15
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 24
27

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар
мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен əр түрлі
əлеуметтік, экономикалық жəне саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім
жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен
компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа
формаларының ауқымы кеңейіп келеді. Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның
қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихы мен
тәжірибелерді ой елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып
табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі - интернет көздері арқылы танымдық
белсенділікті арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы бойынша толық
білім сапасынан және оны студенттердің жұмыс практикасында пайдалана білу
іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар,
ақпараттық технологияларда әртүрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың
өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар. Оқушыларға
рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп,
олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және
белсенді әдістерді қолданудың заман талабы екені мәлім. Себебі, бұл олардың
мектептегі жұмыс сапасының кепілі. Сондықтан да, оқушылардың танымдық
белсенділігін интернет көздері арқылы арттыру барысында жалпы орта білім
беретін оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне танымдық белсенділіктерді
арттыруды ендіру аса қажет.
Ол тек қана жаңа ақпараттық құралдар емес, сонымен қатар сабақ
оқытудың жаңа формалары мен әдістерді, оқыту процессіне жаңа көзқараспен
қарауды талап етеді. Ағылшын тіліне үйретудің негізгі мақсаты - оқушылардың
коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, ағылшын тілін меңгеруді
практикалық үйрету.
Зерттеудің мақсаты: интернет көздерін мектептің оқыту үрдісінде
пайдалану арқылы оқушыға ағылшын тілін практикалық үйренуіне жағдай жасау,
әрбір оқушының белсенділігін арттыруға негіз болатын оқыту әдістемесін тура
таңдау.
Зерттеу пәні: Ақпараттық технологиялар, оның ішінде интернет көздерін
қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Зерттеу нысаны: Орта мектептегі білім беру үдерісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша
теориялық талдау жасау;
- ақпараттық технологияларды мектептің оқу тәрбие үдерісіне енгізудің
әдістемесіне сипаттама және сауалнама, бақылау жүргізу;
- тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтиежесіне баға беру, қорыту;
Зерттеудің ғылыми болжамы: оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға
болар еді, егер де:
- мектептерде интернет көздерін пайдалану жолдары қарастырылып, оқушылардың
өздігімен жұмыс жасауына тиімді жолдар қарастырылса;
- оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың ғылыми-әдістемелік нұсқауларын
құрастырса, онда адамзаттық құндылықты бағалай білетін, іздену
белсенділігі жоғары, ой өрісі кең жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі
туындайды.
Зерттеудің міндеттері:
- интернет көздері негізінде оқушыларға ағылшын тілін үйретудің
психологиялық, педагогикалық сипатын ашып көрсету;
- интернет көздерінің негізінде оқушылардың ағылшын тілін оқытудың
ерекшеліктерін айқындау;
- интернет көздері негізінде ағылшын тіліне оқытудың тиімділігін
тәжірибелік эксперимент жүзінде белгілеп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар,
нұсқаулар беру;
Зерттеудің жетекші идеясы: интернет көздерін орта білім беретін
мектептердің оқыту үрдісінде жүйелі түрде, ғылыми-әдістемелік тұрғыда
дәлелдеп енгізу барысында ағылшын тілін меңгеріп, дамытуға жағдай туғызады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: шетел тілін меңгеру жолдары
туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер, жеке түлғаны
қалыптастырудағы ғылыми зерттеулер, құжаттар.
Зерттеу көздері:
- интернет көздері;
- ағылшын тілін дамытатын сайттар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Интернет көздерін пайдалану арқылы
оқушылардың білімін дамыту, аз уақыттың ішінде тілді меңгеру, тілді
меңгеріп қоймай, басқа да біліктерді дамытып, дағдыларды қалыптастыру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: жалпы орта білім беретін оқу
орындарындарында ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттыру мақсатында арнайы курс түзілді. Зерттеу
материалдарын мектептерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- оқушылардың танымдық белсенділігін ақпараттық технологиялар негізінде
арттырудың психологиялық, педагикалық сипаттамасы;
- оқу үрдісінде интернетті қолдану арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың ерекшеліктерін айқындау;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: курстық жұмыстың
теориялық,ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуымен, зерттеу
мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестігімен, тәжірибелік-эксперимент
жұмысының жоспарлығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі
дәлелденді. Ұсынылған әдістемені орта мектеп мұғалімдердің іс-тәжірибесіне
қамтамсыз етілді.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: көкейкестілігі, мақсаты,
зерттеу пәні, нысаны, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеудің жетекші идеясы
мен ғылыми жаңалығы айқындалып, жұмыстың теориялық және іс-тәжірибелік
маңыздылығы, зерттеу кезеңдері, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін енгізу
жолдары сипатталады. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні
ашып көрсетіледі.
Шет тілін оқытуда интернет желісін пайдалану атты бірінші тарауда
ақпараттық технологиялар негізінде оқытудың, танымдық белсенділікті,
индивидуалдық және топпен жұмыс жасай білу белсенділігін дамытудың
психологиялық, педагогикалық сипатына, ерекшеліктері мен білім беру
технологияларының маңзыына сипаттама беріліп, талдаулар жасалады.
Интернет көздерін ағылшын тілін оқытуда қолдану атты тарауда ағылшын
тілін оқытуда біліктерді дамытуға, тиімді білім беру процесін ұйымдастыруға
ақыл-кеңестер, нұсқаулықтар беріледі. Аталмыш біліктерді дамыту үшін арнайы
сайттардың адресі беріледі және онымен қалай жұмыс істеу керек екені
түсіндіріледі.
Қорытынды бөлімде ағылшын тілін интернет арқылы оқыту тиімділігі,
біршама міндеттердің шешілетіндігі; оқушылардың өздігімен, топтық жұмыс
жасай білуіне дағдылауға, жобамен жұмыс жасауға үйренуге болатындығы жайлы
айтылады.
Соңғы жылдары орта мектептерде жаңа ақпараттық құралдарды қолдану
мәселесі жиі көтеріліп жүр. Ол тек қана жаңа ақпараттық құралдар емес,
сонымен қатар сабақ оқытудың жаңа формалары мен әдістерді, оқыту процесіне
жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Ағылшын тіліне үйретудің негізгі
мақсаты - оқушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мен дамыту,
ағылшын тілін меңгеруді практикалық үйрету.
Мұғалімнің міндеті - әрбір оқушыға ағылшын тілін меңгеруді практикалық
үйренуіне жағдай жасау, әрбір оқушының өз белсенділігін көрсетуіне жағдай
жасайтын оқыту әдістемесін тура таңдау, ағылшын тілін үйрету процессіндегі
оқушының танып білу әрекетін жандандыру. Ынтымақтастыққа үйрету, жобалау
методикасы, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, интернет қорларын
қолдану сияқты қазіргі заманғы педогогикалық технологиялар балалардың
қабілетіне, білім деңгейіне, бейімділігіне және тағы басқа қабілеттеріне
қарай отырып, дараландыруға және жіктелуіне көмектеседі.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының жұмыс тұрмысына мыналар жатады:
- лексиканы зерттеу;
- дұрыс айта білуге дағдылау;
- диалогтік және монолог сөзге үйрету;
- жазуға дағдылау;
- грамматикалық құбылыстарға дағдылау.
Интернет қорын қолдану мүмкіндіктері орасан зор. Ғаламтор оқушы мен
мұғалімге кез келген ғаламшардың кез-келген нүктесіндегі қажетті ақпаратты
(елтану материалдары, жастар өмірінен жаңалықтар, газеттер мен журналдардың
мақалалары, қажетті әдебиетер және т.б.) алуға жағдай жасайды.
Курстық жұмыста келесі мақсаттар қойылған: мектептерде ағылшын тілінің
оқыту методикасын жаңа заманғы даму үрдісіне сай дамытып отыру. Ағылшын
тілі сабағында интернет көмегімен бірнеше дидактикалық тапсырмаларды шешуге
болады: ғаламтор материалдарын қолдана отырып кәсіби дағдыларын және оқу
шеберліктерін қалыптастыру; оқушылардың жазба сөз қабілеттерін дамыту;
оқушылардың сөз байлығын толықтыру; оқушылардың ағылшын тілін оқып,
үйренуде тұрақты мотивациясын қалыптастыру. Сонымен қатар, курстық жұмыс
оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында Интернет-технологиялары зерттеуге,
ағылшын тілді мемлекеттердегі өз құрдастарымен қызмет мақсатындағы байланыс
орнатуға бағытталған.
Оқушылар Интернет желісінде өтетін тестілеу жұмыстарына, сұрақ-жауап
сайысына, байқауларға, олимпиадаларға қатыса алады және өзге елдегі
құрбыларымен хат жазыса алады, чаттарға, бейнеконференцияларга және т.с.с.
ісшараларға қатыса алады.

1 ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ПАЙДАЛАНУ
1.1 Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар

Шетел тілі сабағында Интернет жүйесін қолдану қазіргі кезде дүние
жүзінің дамыған елдерінде дұрыс жолға қойылған. Интернет сөзі халықаралық
жүйе – international net дегенді білдіреді. Кибернетика саласын оқу, білім
мақсаттарына пайдалану жалпы дидактика мен әдістеменің ең жаңа бағдары
болып отыр. Өзге тілді үйренудегі басты мақсат - балалар бойында
мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру болғандықтан Интернеттің атқарар
қызметі өте үлкен-ақ. Өйткені интернет халықаралық көп ұлтты коғамды
қамтып, ол арқылы әлемнің миллиондаған адамдары электрондық қарым-қатынасты
қолдануда. Ал шетел тілін меңгерген адамға әлемнің ақпараттар ағымындағы
түрлі мәліметтер есігі кеңінен ашылып отыр.
Интернет арқылы оны қолданушылар электронды почта телеконференция,
видеоконференциялардан мәліметтер алып, өзінің мақалаларын, еңбектерін
жариялап, өзіне керегін WeЬ-серверге жинап, анықтама каталог жасап, іздеу
(Alta Vista, Hot Bob, Open Text т.б.) және желідегі сөйлесу (Сһаt) жүйесіне
ене алады. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің
оқытушысы Е.В.Сычаева өз тәжірибесімен бөлісе келе Интернет желісін қолдана
отырып, оқу үрдісін интеграциялап, шетел тілін оқытуда бірнеше дидактикалық
міндеттерді шешуге болатынын айтады:
а) оқушылар бойында Интернеттегі түрлі мәліметтерді қолдану арқылы
оқуға қажетті білік, дағдылар қалыптасады;
ә) жүйеден алынған материалдар арқылы монолог және диалог түріндегі
сөз біліктілігін жетілдіруге болады;
б) әріптестерімен қарым-қатынас жасай отырып шәкірттер рефераттар
дайындауға, шығармалар жазуға төселеді, яғни жазу шеберлгін ұштайды.
Әлемнің барлық үлкен газеттерінің Интернетте арнайы Web-беттері бар,
сондай-ақ ВВС ақпарат агенттігі тарататын әлемдегі адам баласының өміріне
байланысты жаңалықтарды оқып қана қоймай, тыңдауға да мүмкіндік бар.
Электронды почтаны қолдану барысында балалар өзара достық қарым-
қатынас орнатып, шетел тілін түрлі салада, түрлі деңгейде қолдануға
жаттығады. Электронды почта кәдімгі почтаға қарағанда тез, ыңғайлы және
арзан. Электронды почтаны қолданудың шетел тілін үйренуде мынадай тиімді
жақтары бар:
1) электрондық коммуникация тіл үйренудің өте тиімді практикасы;
2) хат жазу арқылы оқушылар өз қателерін түзетуге дағдыланады;
3) e-mail қолдану шетел тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырады.
Ал Интернет арқылы жер шарындағы басқа ел өкілдерімен біріккен жоба
жұмыстарын орындау кезінде шәкірттер сөз қорын байытып, өзге ел мәдениетін
үйреніп, әлеуметтік және қоғамдық ерекшеліктерді танып біледі, тілдік әдеби
этикетке, түрлі халықтардың салт-дәстүрінің ерекшеліктерін біліп, өздерін
қызықтыратын мағлұматтарды ала алады.
Коммуникативтік және мәдениетаралық біліктілікке қарым-қатынас жасау
тәжірибесінсіз қол жеткізу мүмкін емес. Интернетті қолдану арқылы ғана
әлемнің кез келген елімен, түрлі ұлт өкілдерімен, түрлі мамандық иелерімен
аутенттік қарым-қатынас жасай алуға қол жетеді.
Дүниежүзілік білім беру процессінің дамуына, соңғы ондаған жылдарда
айтарлықтай ықпал еткен жетістіктердің ең маңыздысы, дүниежүзілік
компьютерлік желі, дәлме дәл мәні Халықаралық желі (ағылш. international
net), интернет деген атқа ие болды. Оқыту мақсатында кибернетикалық
кеңістікті (syberspace) пайдалану жеке әдістеме мен жалпы әдістеменің
бірден бір бұрын соңды болмаған жаңа бағыты болғандықтан, жұмыстың әдіс-
тәсілдерін таңдаудан бастап, оқушылардың академиялық деңгейінде өзгеріс
енгізілуіне талап етумен аяқтай отырып, оқу процесін толығымен жан-жақты
қамтиды[8].
Оқытуды жаппай компьютерлендірудің бірден-бір негізі, ақыл-ойды талап
ететін жұмыстың барлық салаларына оңтайлы жағдай жасайтын тиімді тәсілдің
өкілі қазіргі заманғы компьютер екендігімен байланысты. Р. Вильямс пен К.
Макли Компьютеры в школе атты шығармасында былай деп жазыпты:
Компьютердің ерекше бір қасиеті - ол жансыз дүние бола тұра оны
қолданғанда ойынға үйрететін құрылғы да, білім алуға көмекші де бола
алатындығында. Машина қолданушымен жылы шырайлы тіл табыса алады және
кейбір жағдайда оған тіпті қолдау көрсете алады, соған қарамастан ешқашан
өзінің іш пысу, ашуланшақтық қасиеттерін көрсетпейді. Осы жағдайларды
ескерсек, оқытудағы белгілі бір аспектілерді жеке дараландыратын ең тиімді
тәсіл болуы әбден мүмкін.
Орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ең негізгі мақсат – оңтайлы
құзырет қалыптастыру, қалған барлық мақсаттар (тәрбиелеу, дамыту, ағарту)
басты мақсатты орындау кезінде орындалады. Коммуникативті шешім -
интернеттің негізгі функиясы болып табылатын, қарым – қатынасқа үйрету және
мәдениеттер арасындағы қарым қатынасқа қабілеттілік қалыптастыру дегенді
білдіреді. Байланыс болмаса интернеттан келіп-кетері жоқ - өйткені ол
көлемі және бір уақытта байланыстағы адам саны жағынан бұрын-соңды мұнша
көп болмаған халықаралық және ұлтаралық мәдени қауым. Ағылшын тілі
сабағында біз интернетке қосылғанда реалды байланыстың моделін жасағандай
боламыз.
Интернет қамтыған, нағыз байланыс ордасында байланыса отыра, оқушылар
нағыз өмірде кездесетін жағдайларды бастан кешеді. Нағыз қызықты, шынайы,
маңызды әрі кез-келген адамның қолы жетерлік есеп әлеміне кіріп,
нәтижесінде дағдыға айналған тілдің формулаларын бұрмалау емес, оқушыда
берілген тапсырмаға спонтанды көзқарас қалыптасады және оған дұрыс шешім
таба біледі, өз ойларын өзіндік ерекше формада айтып жеткізуіне себепші
болады[2].
Маңдай алды мағынасы: осы мақсатқа қызмет ететін, ағылшын тілі
сөздігінің құрылымын дәлелдейтін, мазмұнын жеткізу және мағынасын білдіру
дегенді білдіреді. Осындай жолмен оқушының көңілі формалардың өзіне емес,
формаларды қолдануға ауады және грамматикаға үйрету тікелей байланыста, тек
грамматикалық ережені жаттауға жабысып қалмай, үйрету процесін жанама
жолмен өткізуіне көмектеседі.
Компьютер оқушылардың жауабына әділ болып келеді, олардың жеке – дара
тұлға ретінде қалыптасуына көмектесетін факторлар: оқушыларды мақтап немесе
қателіктерін бетке баспайды, дербестігіне қолайлы әлеуметтік-психологиялық
жағдай жасайды, соның арқасында оларға өзіне деген сенімділігін арттырады.
Ағарту ісінің дамуы біздің күнімізде негізінде оның ақпараттық
потенциалының дәрежесіне тікелей байланысты. Осының арқасында ағарту ісінің
және жалпы қоғамның эволюциялық бағытын анықтайды.
Ақпаратты Интернеттен іздеу күннен – күнге халықтың әдетіне
айналғандықтан, дүниежүзілік ақпарат әлемінде бағыт бағдардан жақсы
хабардар болу үшін оқушы ақпарат әлемінің мәдениетін, сонымен қатар
компьютерлі экран мәдениетін толық меңгеруі қажет.
Интернет, ақпаратты жүйе ретінде өз қолданушыларына, ақпаратының алуан
түрлілігін және ақпарат қорын ұсынады. Негізгі қызмет түрлері келесі
пукттарды өзіне қосады:
- электрондық почта (e-mail);
- телеконференциялар (usenet);
- бейнеконференциялар;
- өз ақпаратын жария ету мүмкіндігі, өз жеке әлемі - үй бетін
(homepage) ашып және оны Web серверына орналастыру мүмкіндігі;
- ақпарат қорына кіру мүмкіндігі;
- анықтама тізбесі (Yahoo!, InfoSeekUltraSmart, LookSmart, Galaxy);
- іздеу жүйелері (Alta Vista, HotBob, Open Text, WebCrawler, Excite);

- байланыстағы тілдесімдер (Chat).
Осының бәрі сабақта кеңінен қолдануы мүмкін. Коммуникатив және
мәдениет аралық құзырын меңгеру қарым-қатынас тәжірибесінсіз мүмкiн емес.
Ағылшын тілі сабағында Интернет қорын қолдануда таптырмас келесі заттар:
байланыста отырған қолданушылардың екі жаққа да тең бірдей мүмкіндік бере
отырып Интернеттің виртуалды ортасы уақыт және кеңістік ұғымдарынан
тәуелсіз болуына жағдай жасайды. Интернет тек жай ғана көмекші құрал екенін
ұмытпайық, сондықтан да қалаған жетістіктерге жету үшін сабақ барысында
Интернетті сауатты қолдануға ынталану қажет.

1.2 Интернет шет елмен байланыс құралы ретінде

Бүгінгі таңда басымдылық коммуникативтілікке, интерактивтілікке,
тілдесім ақиқаттылығына, мәдениеттілік контекстінде тілді үйренуге,
оқытудың автономдығы мен гуманизациясына беріледі. Бұл принциптер
мәдениетаралық қабілеттілікті коммуникативті қабілеттілік ретінде дамытуға
мүмкіншілік береді. Бұл жұмыста интернеттің көмегімен оқу барысын
оптимизациялау тәсілдері мен жолдарын анықтауға шара қолдану қарастырылған.

Шетел тілдерін үйренуде соңғы мақсат өзге тілді ортаға еркін бейімделу
мен түрлі жағдайларға, яғни тілдесімге шұғыл әрекет ете білу болып
табылады.
Оқу нәтиежесіне жаңа көзқарастар жаңа технологиялардың пайда болуына және
ескіргендерден бас тартуға септігін тигізді. Қазіргі кездері дәстүрлі оқыту
технологиясымен оқыту Интернет көздерімен шетел тілін оқыту әдістемесіне
қарама-қайшы. Дәстүрлі түсінігі бірінші кезекте ережелерді жаттау мен
тілдік жаттығуларды орындаумен ассоциацияланады, яғни тілде сөйлеудің
орнына тіл туралы сөйлеу. Көптеген мұғалімдер сөздік қор + қажетті
құрылымдар = тіл екеніне сенімді, және бұл оқу үдерісінің негізінде жатыр.
Бірақ тіл – математика емес (тілдік құрылымдар есте сақтауға қажет
формулалар болған күнде де), қарапайым интеллектуалды субстанция емес.
Парасат белгілі бір мотивациясыз әрекетке түспейді және эмоция элементінсіз
сирек әрекет етеді, әсіресе осы әдістемелік құрылымдардың
жетіспеушілігі[5].
Шетел тілінде сөйлеуге уйрету мақсатында материалды меңгеру және
адекватты іс-әрекетті жасау үшін шынайы, нағыз өмірлік жағдаяттар туғызу
қажет (яғни, тілдесімнің аутентті принципі деп нені айтуға болады). Бұл
қателікті жаңа технологиялар,соның ішінде Интернет жөндеуге тырысады.
Адам үйренген нәрсесін тәжірибесінде қолдануға ұмтылатыны белгілі.
Сонымен қоса, білімді, дағдыны, білікті қолдану алмасуға негізделген, ал
алмасу ең алдымен шарттың білім, дағды, біліктің шартымен қаншалықты
барабар екеніне байланысты.
Олай болса, оқушыны шетел тіліне үйретуді сыныпта құрылған шетел
тіліндегі тілдесім арқылы жүзеге асырған жөн. Бұл коммуникативті
тілдесімнің мәнін анықтайды, себебі оқыту үдерісі тілдесімнің үлгісі болып
табылады.
Коммуникативті амал – тілдесімге психлогиялық және тілдік дайындық
құруға, материалды саналы ұғынуға және онымен әрекет ету тәсілдерін,
сонымен қатар, сөйлеудің тиімділігіне көз жеткізуге бағытталған тілдесімді
өңдеуші стратегия. Қолданушы үшін Интернетте коммуникативті амалды жүзеге
асыру аса киынға соқпайды. Коммуникативті тапсырма оқушылардың алдына
проблема немесе талқылауға сұрақ қою керек, оған қоса, оқушылар ақпаратпен
алмасып қоймай, оны бағалайды. Мұндай тапсырманың оқушылардың білімі мен
іскерлігін сабақ барысында қолдана білуіне үйретуі өте маңызды. Бұл амалды
әрекеттің басқа түрінен айыруға мүмкіндік беретін негізгі белгі оқушылар өз
ойларын әсерлеу үшін тілдік бірлікті өзі таңдайды. Оларда шетел тілінің
көмегімен өзін және өзінің тәжірибесін жеке тұлға ретінде көрсетуіне
мүмкіндік бар, ал жеке тұлғаның қалыптасуы болашақ оқу теориясының
негізгісі. Коммуникативті амал қазіргі дидактиканың негізгі белгісіне жауап
бере келе айтарлықтай дәрежеде оқушыға бағытталған[5].
Коммуникативті амалда Интернетті қолдану жақсы дәлелденген: оның
мақсаты білім мен тәжірибені кеңейтумен қоса, оқушыларды шетел тілін
оқытуға қызықтыру. Оқушылар тілді сабақтан басқа ортада қолдануға дайын
болу керек, мысалға, оқып жатқан тілде сөйлейтін мемлекетке барғанда,
шетелден келген қонақтарды үйде қарсы алғанда, хат жазысқанда, басқа
елдердегі достармен видео, аудио кассеталармен, тапсырманың қорытындысымен
ауысу үшін тілді білу қажет. Алайда, коммуникативтілік термині таяз
түсінілмеуі керек. Коммуникативтілік тек қана сөздің көмегімен әлеуметтік
байланысты орнату мен туристік тілді меңгеру құралы емес. Бұл тұлғаны жеке
қарым-қатынас пен оқу арқылы өзге мәдениеттердің рухани құндылықтарына
баулу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда И. Л. Биммен келіспеуге болады.
Бұл - тұлғаны басқа мәдениеттің рухани құндылықтарына тілдесім немесе оқу
арқылы үйрету. Бұл Интернетте жүзеге асатын амал оқушыларды қызықтыратын
тақырыпқа жұмылдыру мен бағдарламаның мақсатына жету үшін тақырып пен
тапсырманы таңдауға мүмкіндік беретіндігімен қызықтырады. Оқушылардың
коммуникативті қабілеттілігі кең ауқымда мәнді, шындыққа сай, мағынаға ие
қол жетерлік тапсырмаға тарту жолымен Интернет арқылы дамиды. Олардың сәтті
аяқталуы қанағаттандырады және өздеріне деген сенімділігін арттырады. Тілге
Интернет көмегімен коммуникативті оқыту оқушылардың қабілеттіліктерінің
дамуының маңыздылығын және олардың оқып жатқан тілді тілдесімге қолдануға
деген ықыласын ерекше басып көрсетеді. Ең басты мән түсінуге, мазмұндай
білуіне, мағынасын білдіруге беріледі, ал шетел тілінің құрылымы мен
сөздігін оқу осы мақсатқа қызмет етеді. Коммуникативті қажеттіліктерге
қосымша өз оқуына жауапты болу үшін Интернетпен жұмыс істеу әдістемесін
білу маңызды. Оларға тілдік қорлары жетпей қалу сияқты сан-алуан
жағдайлардан шыға білу қабілетін жаттықтыру және жақсы оқуға, өз-өзіне баға
бере білуіне, сонымен қоса, алда кезедесетін мәселелердің шешімін табуға
дағдылану керек. Ғаламдық торда оқушының дербестігін дамыту әрдайым
ынталандыруды қажет ететін үздіксіз үдерісті білдіреді. Шетел тілі
мұғалімінің алдында тұрған маңызды міндет оқушылардың өз беттілігін
біртіндеп дамытуға қолайлы тәсілдер табуы болуы мүмкін. Интернетте
коммуникативтілікті қалыптастыру біраз уақыт қажет етеді. Оқушылар қатысушы
әлеуметтік-психологиялық ұстап тұратын қалып; өзінің жеке көзқарасы,
қызығушылығы, мықты және әлсіз жақтарымен және өзіне қолайлы оқу стилімен
барлығы оны тұлға ретінде сыйлайтындығына сенімділік кажет. Интернет
көмегімен тілді оқыту әлеуметтік-анықталған тәжірибе болып табылатын бұл
қалып өзара көмек рухымен сипатталады[11]. Интернет көздері көмегімен шетел
тілін оқытуға ұсынылған талаптардың бірі әдістемеде интерактивтілік деп
аталатын сабақта өзара әрекетті тудыру болып саналады. Бұл принцип жаңа
емес, алайда бұл амалға нақты анықтама осы уақытқа дейін әлі берілмеген.
Жауапты зерттеуші Р. П. Мильрудтың анықтамасына жүгінсек, интерактивтілік
– бұл коммуникативті мақсаттың бірігуі, жұмыстың басқарылуы мен өзара
толықтырылуы және тілдік құралдар арқылы қорытынды. Бұл анықтамаға
байланысты виртуалды кеңістіктегі интерактивті амал сабақтың коммуникативті
міндетінің бір құралы болып жұмыс жасайды деген қорытындыға келуге болады.
Оның коммуникативті ұстанымнан ерекешелігі сөйлеу білігін дамытуға және
топпен жұмыс істеуге дағдылануға негізгі мән беретін ақиқат
ынтымақтастықтың болуында. Коммуникативті міндет үшін бұл аса маңызды емес
нысана (себебі коммуниативті міндеттің ең көп таралған түрі монолог). Тілге
үйрету арқылы Интернет ауызша сөйлеу білігі мен дағдысының қалыптасуына,
сонымен қатар, лексика, грамматиканы оқытуда қызығушылық пен нәтижеліліктің
қатар дамуына ықпалын тигізеді[16].
Одан басқа, Интернет тек шетел тіліне қатысты ғана емес, ең алдымен ой
операцияларымен байланысты: анализ, синтез, абстрактілеу, идентификация,
салыстыру, вербальді және мағыналы пайымдаушылықты саралау сияқты басқа да
дағдыларды дамытады. Осылайша, Интернет технологиялары арқылы қалыптасқан
дағдылар мен біліктер тек тілдік тұрғыдағы құзыреттілікпен ғана
шектелмейді. Интернет интерактивті амалдың құралы ретінде оқушылардың
әлеуметтік және психологиялық сапасын дамытады, яғни өздеріне деген
сенімділігін арттырып, ұжымда жұмыс істей білуге үйретіп, оқуға қолайлы
қалып туғызады[13].
Интерактивтілік тек өмірден шынайы жағдаяттар қалыптастырып қоймай,
оқушыларды қандай да бір жағдайға болмасын тіл арқылы адекватты әрекет
етуіне мәжбүр етеді. Бұл жұмыс жасай бастағанда ғана тілдік құзыреттілік
туралы айтуға болады. Мейлі, кейбір қателіктер болса да. Ең бастысы
басқалардың айтқанына өзінің сезімі мен эмоциясын білдіріп спонтанды,
үйлесімді әрекет ете білу, біз тілді бақылау мен қайталау, дағдылар,
әріптестің мінез-құлқының үлгісі; мәселені талқылау барысында жаңа
мағынасын анықтау сияқты интерактивтілікті интернеттің көмегімен өзін-өзі
дамыту тәсілі ретінде қарастыра аламыз.

2 ИНТЕРНЕТТІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2.1 Ағылшын тілінің білім дәрежесін жетілдіретін сайттар

Интернет грамматика, лексика біліктері мен дағдыларын дамытуға,
білімді тексеруге тиімді үстеме ретінде қолданыла алатыны сөзсіз. Бұған
түрлі машықтандыратын лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жаттығулар,
оқу білігіне арналған тесттер, грамматика, IQ – тесстері және т.б.
оқытушылар мен оқушылар WWWда керекті сайттарды таба алады.
Интернет ресурстарын қолдануда негізгі артықшылықтарға төмендегілер
кіреді: мәдениетаралық құзіреттіліктің дамуы, яғни түрлі мәдениеттермен
танысу, олардың бір-бірімен арақатынасы және бір-бірімен өзара сіңісуін
анықтау, тікелей тілдесімдегі өзара түсінісушілік пен нәтижелі
ынтымақтастыққа қол жеткізу, мәдени әмбебаптардың құрылуы.
Сайттар мен уй беттерінің қисапсыз санымен белгілі World Wide Web
барлық талғамға сай ақпараттармен қамтамасыз ететін және ағылшын тілі
сабағында мәдинетаралық құзіреттілікті дамыту әрекетінің шексіз қыры болып
табылады.
Виртуалды шындық сайты (http:www.flash.net~cssmith1vr .htm) –
бұл веб-серверде жиналған лингвистикалық және лингвистикалық емес шынайы
мәліметтердің жиналысы. Оның маңыздылығы мен мотивациясы мынада, оқып
жатқан тілдің мемлекетінің нағыз мәдениетінен тікелей бөлшек әкеледі.
Сонымен қоса, мұғалімге бару бақыты бұйырған сабақтар белгілі бір қалаға
немесе жерге ғана байланысты емес, қызығушылықтары әр түрлі адамдардан
жиналған мәліметтер базасында құрылады. Оқушыларға басқаларадың анализі
немесе талдауымен емес, осы мәліметтермен тікелей тілдесуіне мүмкіндік
беріледі.
City Net (http:www.citynet) сайты әр-түрлі мемлекеттерді шарлап,
ол жердің ескерткіштерін, арнаулы жерлерін көруге мүмкіндік береді. Мұнда
сіз әр-түрлі жерлердің-суреттерін, қоршаған орта ресурстарын, өнер болсын
барлығын қалаған тілде таба аласыз. City Net-сөзсіз новигатор. Гипермәтін
арқылы кез-келген елдің барлық мәліметтерін таба аласыз.
WILD-e (http:www.wild-e.org) сайты мұғалім үшін ең қолайлылардың
бірі. Метафоралар әлемін кезіп, өз сұрақтарын әрі Айтшы, неге? атты
сауалнамада өз жауаптарын да тіркеуге болады. (Can you tell me why?) (Why
are there so many things about teaching and educational administration that
are so pointless and stupid? ) сияқты өз сабақтарының мұқабасын түсіруге
болады.
http:www.infospace.cominfo. USA -America s homepage атты сайтта
қала мен штаттардың тарихын, мәдениетін американдықтардың өмірін білуге
болады.
Сөйтіп, осындай қызықты ақпарат арқылы, оқушыларды сабаққа баулып
қызығушылығын арттыруға болады, мақсаттарын тез талқылап, сабақта жемісті
жұмыстар атқаруға көмектеседі.
а) (httpwww.washingtonpost.com, http:cnn.comworld,
httpwww.abcnews.go.comindex.html , http:www.bbc.co.ukworldservice,
httpwww.washtimes.com); арқылы әр-түрлі қиындықтағы мәтіндерді оқу.
б) интернеттің дыбысты мәтіндері арқылы мұғалім дайындаған мәтіндерді
бағалау.
в) мұғалім, интернет дайындаған ақпараттан диалогтық, монологтық
біліктіліктерді дамыту.
г) жазу дағдыларын дамыту, жазу немесе ауызша түрде жауап қайтару,
рефераттар дайындап, әр-түрлі тақырыпта мазмұндамалар жазуға көмектеседі.
д) өз сөздік қорларын дамытып, пассивті немесе лексикалық болсын,
мәдениаралық және саясаттың тұғырында білім алу.
е) елдердің мәдениетін біле отырып, олардың тілдік спецификасын, сөз
этикеттерін, салт-дәстүрлерін білуге жол ашады.
ж) шынайы материалдарды пайдалана отырып, тек мәтін соңындағы
сұрақтарды емес, басқа да ой толғандыратын сұрақтарға жауап іздеу.
Metro Link сайты (Метро http:www.subwaynavigator.com) – бұл сайт
әлемдегі ірі қалаларға метро арқылы саяхат жасауға, сапар желісін зерттеп-
білуге, белгілі бір қаланың бөлігінен сол жерге қалай баруға болатынын
білуге болады. Қажетті нұсқаулықтар ағылшын тілінде беріледі. Сапар желісін
жорамалдап құрастырып сапар шегуге болады. Аялдамалардың аттары маршруттік
картада берілген, ал бағдарламаның өзі уақыт пен қозғалысты шамамен анықтап
отырады, қолданылған маршруттар мен станцияларды есіне сақтап отырады.
Оқушыларға сапардың маршрутын қосатын, қалада немесе станцияда кездескен
назар аударарлық орындарды суреттеу сияқты есеп беруін ұсынуға болады.
Мысалға егер сіз Берлинде саяхат жасап жүрген болсаңыз, Шарлоттенхоф метро
станциясынан шығып, Розенхалтьер алаңы аялдамасына дейін бара аласыз.
Бағдарлама бұған шамамен 50минут керек екенін анықтайды, жолда қандай
станциялардың болатынын анықтап, қалаға шықса, қандай назар аударарлық
жерлер бар екенін көрсетеді. Нақ осы маршрутпен Шарлоттенбург сарайына және
Египет музейіне, орманды жақсы көретіндер үшін Грюневальдқа, және Зообаққа
баруға болады. Есеп қаланың қызықты жерлерін нұсқайтын және метроға жақын
станцияларды күнделік түрінде немесе фотоальбом, қала қонақтарына арналған
жол нұсқаушы сияқты формаларда дайындауға болады.
WILD-e (http:www.wild-e.org) сайты ағылшын тілі оқытушысының
мамандығының проблемалары мен оны жеңудің жолдарын қарастырады. Бұл жерде
өзекті мәселелерді оқып, өзіңіздің тілегіңізбен бөлісуіңізге, метафора
әлемін зерттеуге, неге екенін айтшы (Can you tell me why?) айдарында
барлығын қызықтыратын сұрақтарға өз жауабыңыздың нұсқасын жазуыңызға,
тәжірибеңізбен бөлісуіңізге болады. Мысалға, мынадай сұрақ кездесуі мүмкін:
Неліктен педагогикалық теориялық трактаттарды жазуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми - педагогикалық, əдістемелік негіздері қалыптасу үстінде
Түсіну дағдысын дамытуда мультимедиалық құралдарды пайдаланудың маңызы
Компьтерлік окыту технологиясы
Шетел тілін оқытуда веб - сайттардың қажеттілігі
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Пәндер