Алынған вексельдер шоты
Кіріспе
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі
мен функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық
жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінді, яғни уақытылы жеткізіп
беріп отыру болып табылады. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында
сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың есеп беретін
уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін
оның мүліктері мен қаржыларының және олардың есеп беретін уақыттағы
жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни, күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап
отыру қажет.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай – ақ
экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті
ақпаратармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру,
қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен
қаржы және қаржыландыру тәртібі заңдарға сай іске асырылады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда
орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың уақыт
талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Бухгатерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының
сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барасында қолданылатын, яғни
толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы
көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттарына
мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-
қызметкерлердің материалдық ынталарына шаралар белгілеу жұмыстары іске
асырылады.
Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатынын, нені
зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын мұқият қарау – бұл пәннің
негізгі бағыты болып саналады.
Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есеп ұйымдастыруы мен құрылымы.
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық
субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиднттік
емес өкілдіктермен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен
шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті
жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
1. Шаруашылық серіктестіктер – құрылтайшылардың қосқан үлесі болып
көрсетілетін жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық
серіктестігі болып табылады. Құрылтайшылардың салымдарының есебінен
құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған
және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.
Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік
серіктестіктер болып құрылады.
Толық серіктестік – егерде толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз
болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке
ортақ жауапкершілікте болады.
Коммандиттік серіктестік – коммандиттік серіктестіктердің қызметіне
араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.
2. Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - ЖШС жарлық капиталы бір немесе
бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастырылуы мен құрылған жауапкершілігі
шектеулі серіктестік деп танылады. Серіктестікке қатысушылардың саны 50-ден
аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің
жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – мұндай серіктестіктің қатысушылары
оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал
бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда – қоысмша өздері еселеген
мөлшерінде салған салымдар мен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.
3. Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарын тарату
мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлға.
Ашық акционерлік қоғам - өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке,
жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары
өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен
шығара алады.
Жабық акционерлік қоғам - бұндай қоғамның акциялары тек қана өз
құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде
таратылады.
4. Өндірістік кооператив - бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік
негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және
мүліктік пайларын мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған
азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі 2 – адамнан кем болмауы
керек.
5. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорынға жататындар:
- Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз
міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді,
бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;
- Ағымдағы басқару құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан
Республикасының үкіметінің немесе жергілікті атқару органының
шешімімен құрылады.
6. Коммерциялық емес ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бірлестіктер,
тұтыну кооперативтер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер, қауымдастық
нысанындағы бірлестіктер жатады.
Субъектіні басқару оның меншік иесінің жарғысына сәйкес
ұйымдастырылады. Субъект басқарудың құрылымын, штаттарын, еңбекақы төлеудің
жүйесін және т.б мәселелерін дербес анықтай алады. Субъект өз қызметін
дербес жоспарлайды және даму болашағын, материалдық техникалық жағдайын
қамтамасыз етумен қатар, ол күрделі құрылысын да белгілейді. Ол өз өнімін,
жұмысы мен қызметтерін Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған
жағдайларды қоспағанда, өз бетінше белгіленген бағасына немесе шарттардың
негізінде саталады.
Есеп саясаты - кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін
таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастырылуы
және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қортынды шығу
фактілері кәсіпорынның есеп саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша
айтқанда, есеп саясаты – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын
тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасымен ережесі
нормативтік құқықтық құжатта белгіленген.
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы –
кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы
қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы
ақпаратпен қалыптастыру. Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек:
әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын.
Есеп саясатының әдістемелік мүлгі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың
қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандарттарының
біршама рұқсаттарымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір
әдістерімен таңдап алу жолымен қалыптасады.
Дебиторлық берешектің есебі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айрысудың есебі
бухгалтерлік есептің мынадай шоттарда жүреді:
Алынуға тиісті қарыздар шоты;
Алынған вексельдер шоты;
1210 Сатып алушылармен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары шоты.
Егер сатып алушылармен тапсырыс берушілер шартқа сәйкес жабдықтаушыға
аванс төлесе онда сатып алушылармен тапсырыс берушілер төлеген аванс
сомасын шегеріп барып төлем жасайды.
Жабдықтаушы кәсіпорын бухгалтериясы бұрынырақ төленген авнсты есепке
алады да, ол: 4410 шотының дебиті және 1210 шотының кредиті бойынша көрініс
табады.
Егерде алынуы тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен содан соң
теңгемен көрсетілсе, онда олардың есептік кезеңінің соңына пайда болған оң
айырмасы 1210 шоттың дебитінде және 6250 шотының кредитінде көрсетіледі, ал
теріс айырмасы 7430 шоттың дебитінде және 1210 шоттың кредитінде көрініс
табады.
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның
нәтижесінде ғана танылады, тбірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да
берілген жеңілдіктермен қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың құны
шегеріледі.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 6030 Сатудан түсетін
жеңілдіктер шоты дебиттеліп, 1210 шот кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға
6020 Сатылған өнімді қайтару шоты дебиттеліп 1210 шоты кредиттеледі.
Осыған сәйкес ҚҚС түзейтіліп жазылады.
Айдың аяғындағы 1210 шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің өздеріне келген тауарлы материалдық запастары мен орындалып
қабылданған жұмыстарымен қызметтері үшін өтелмеген борыштың қалдығын
көрсетеді.
Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін
болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың
айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30-90
күнге дейін тең болады, егерде осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі
өтіп кеткен деп санайды. Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап
ету құқығын факторингалық компанияларға жүктейді.
Факторинг, басқаша айтқанда қаржылық агент болып табылады және ол үшінші
тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді.
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу.
Өнеркәсіптік шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін
қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып
алады. Почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді.
Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп айрысу
жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да
шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол
алған ақшасына есеп беруі тиіс.
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп
беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға
беріледі. Есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомалар оны қуаттайтын
құжаттардың негізінде жұмсалады және бекітілген мерзімінде бухгалтерияға
тапсырады. Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды
субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделиеген аванс есептері және
оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруге тиісті
адамдарға қайтарылады. Есеп беруге тиісті тұлғалар өздеріне берілген
аванстарды толық қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп
немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома
еңбеккерлерге кассадан беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында іс-сапарда жүргендерге екі ең
төменгі көрсеткіштер деңгейінде тәуліктік ақы төленеді, демалыс және
мейрам, сондай-ақ жолда болағн күндері де қоса есептеледі. Іс-сапар мерзімі
жолда жүрген уақытын есепке алмағанда 40 күннен аспауы керек.
Іс-сапар бойынша шығындар: 1250-1251,1252 шоттарда жүргізіледі. Бұл шоттар
активті, дебитінде көбеюі, кредитінде азаюы көрсетіледі. Толтырылатын
бастапқы құжаттары: іс-сапар куәлігі, бұйрық, аванстық есеп, №7 журнал
ордер.
Міндеттемелердің есебі.
Салық бойынша бюджетпен есеп айырысу.
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің
міндеттемесі болып табылады және ол салық санына сәйкес жүргізіледі.
2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы салық кодексі
қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар
мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және
аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының
өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана салық кодексіне өзгертулер мен
толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау барысында салық салынатын
объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге
міндетті болады. Бұл кезде салық салынатын объектісі және салық салумен
байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егерде олар бар
болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар және басқа да
бюджетке төленетін міндетті төлемдер:
3110 - Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы
3120 – Жеке табыс салығы
3130 – ҚҚС
3140 – Акциздер
3150 – Әлеуметтік салық
3160 – Жер салығы
3170 – Көлік құралдары салығы
3180 – Мүлік салығы
3190 – Өзгеде салықтар
Бұл шоттар пассивті, дебитінде азаюы, кредитінде көбеюі көрсетіледі.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу.
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету
үшін өзінің материалдық – техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет
қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін
қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық
ұйымдармен келісім шартқа отырады.
Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу
үшін 3310 – Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу шотын
пайдаланады. Онда есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысанына
қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар,
атқарылған жұмыстарымен қызметтері үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310 –
шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот фактурасы және
дебиті бойынша есеп айрысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен
олардың төлем ақысы жазылады. Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі
арнайы нысандағы журналда, шот фактурасы, төлем-талап тапсырмалары бойынша
жүргізіледі.
Келіп түскен шот фактураларды алдымен Келіп түскен жүктер есебі
журналына тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс
құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе
түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған
деректер нәтижесінде келіп түскен күнін жазып қояды. Егерде жүктерді
қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен
құндылықтардың жетіспеуі немесе бұзылуы анықталса, актінің негізінде талап
сомасын 3310 шоттың кредитінен 2180 шоттың дебитінен есептен шығарады.
Толтырылатын бастапқы құжаттар: шот фактура, накладная, №6 журнал
ордер, т.б.
Банк несиелерін есепке алу.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Несие беруі және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық
банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге
асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеттігі бар кәсіпорындарға
беріледі. Несие өтеу қабілеттігі деп – кәсіпорын өзінің борышты
міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз.
Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және
ғылыми – техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін
шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін
экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі.
Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жайында коммерциялық
және келісім шарт негізінде беріледі. Несие беру банктердің өздерінде бар
несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк мекемесі табысы төмен
кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай
кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату жан-жақты зерттеледі. Кәсіпорын
несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі сондай-
ақ несиеленетін шараның қысқа сипаттамасы және оны жүзеге асырудың
экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде бенкке өтініш
береді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ
болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесін пайдаланып
отырған болса, онда кәсіпорынның берген өтінішінің оң шешімін табуы мүмкін.
Несие әдетте, қарыз алушының есеп айрысу шотында қаражатының бар
болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі және оның есеп айрысу
шотына аударылады. Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені
пайдаланған үшін пайздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.
Несиені алған жағдайда: 1040,1010 – есеп айрысу және касса шоты; 3310 –
жабдықтаушылармен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде
аталған шоттар дебиттеліп және 3010 Банк несиелері шоты кредиттеледі. Ал
несиені өтеген жағдайда 3010 шот дебиттеліп, 1040 шоты кредиттеледі.
Банк несиелері 3010 – Қысқа мерзімді банктік қарыз, 4010 – Ұзақ
мерзімді банктік қарыз шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттар пассивті.
Дебитінде азаюы, кредитінде көбеюі көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысу.
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары
өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып отырады.
Қызметкердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл
субъектідегі және құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және
өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін,
қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және
басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей
еңбек келісім-шартын жасайды.
Жеке еңбек келісім-шарты - жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы
жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім-шарттың мерзімі, еңбек
тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек
келісім-шартына тіркеледі. Жеке еңбек келісім-шарты бойынша тараптардың
жауапкершілігі, міндеті, құқықтары белгіленеді.
Іш жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады –
кесімді және мерзімді.
Кесімді еңбекақы деп - өнім санына қарай ақы төлеу. Алдын ала
белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың
әрбір бірлігін есептейді. Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы
жүйесіне бөлінеді:
- Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі;
- Кесімді сыйлық;
- Кесімді прогрессивті;
- Жанама кесімді;
- Аккордтық жүйесі;
Мерзімді еңбекақы деп - нақты істеген уақыт үшін еңбекақының мөлшері
немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептейді.
Мерзімді еңбекақы жай мерзімді және сыйақылы мерзімді болып бөлінеді.
Жай мерзімді - өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты
істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептейді.
Сыйақылы мерзімді - сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша
еңбекақы болып табылады.
Бірыңғай тариф сеткасы еңбекақының 21 разрядының негізінде құрылады
және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді.
Еңбекақы 3350 – Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек деп
аталатын шотта жүргізіледі.
Тауарлы материалдық құндылықтар есебі.
Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары
еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек
заттары өндіріс процесіне бірақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін
қордың материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы – материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады:
өндірісте пайдалануға немесе жұмыстармен қызметтерді орындауға арналған
шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы
бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа
да материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға
шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Өндіріс барысында функционалдық рөлімен мақсаты бойынша барлық
материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын
материалдар болса, ал көмекші материалдар өндіретін өнімнің өзіндік құнына
кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды.
1310 – Шикізат және матриалдар;
1320 – Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
конструкциялар және бөлшектер;
1330 – Отын;
1340 – Ыдыс және ыдыс материалдары;
1350 – Запас бөлшектер;
1360 – Басқа да материалдар;
1370 – Өңдеуге берілген материалдар;
1380 – Құрылыс материалдары;
Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік
құн, не таза құнмен бағаланады. Тауарлы материалдық құндылықтарды бағалау
кезінде Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп заңымен бекіткен
арнайы төрт әдіс қолданылады:
1. Арнайы есептеу әдісі
2. Орташа өлшенген өзіндік құн
3. ФИФО әдісі
4. ЛИФО әдісі
Лифо әдісі: Кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар
тобы 1-ші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады.
Фифо әдісі: Есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы
кезекте кіріске алынғанын өзіндік құны бойынша бағалау әдісі б.т.
Өзіндік капитал есебі.
Өзіндік капитал дегеніміз - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі
мүліктерін, негізгі құралдарын, дайын өнімдерін және шала фабрикаттарды
жатады.
Шала фабрикаттар - Жеке немесе өндірістік тұтыну үшін жарамды дайын
бұйымға айналғанша бір немесе бірнеше өндеу сатысынан өтуге тиісті еңбек
өнімі. Шала фабрикаттар өндірістің өзінде өндірілген және басқа жақтан
сатып алынған шала фабрикаттар болып бөлінеді. Өндірістің өзінде өндірілген
шала фабрикаттарға өңделіп бітпеген барлық өнімдері, яғни бір цехта
жасалған және басқа цехтарға өңделуге тиісті бұйымдар жатады. Шала
фабрикаттардың есебі 8020 Өзіне меншікті өндірістегі шала фабрикаттар
деген активті инвентарлық шотта жүргізіледі, олардың бөлек есебін
жүргізетін кәсіпорындарда өзі өндірген шала фабрикаттардың мөлшері және
олардың қайда берілгені туралы ақпарат қортындыланады. Егерде 8020 шот
қортындыланбайтын болса, өндірістің өзінде өндірілген шала фабрикаттар
аяқталмаған өндіріс ретінде 8010 Негізгі өндіріс шотында есепке алынады.
Өндірістегі шала фабрикаттар қозғалысын, яғни жедел есебін
кәсіпорынның басқару бухгалтериясы, не өндірістік – диспетчерлік қызметі
жүргізіледі.
Инвестицияның есебі.
Инвестициялар деп - өнеркәсіптің, құрылыстың, ауылшаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты –
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың
жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табысының
қаражаттарының есебінен жұмылдырады.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланылатын активі, инвестицияланған капиталдың мөлшері немесе алынатын
басқа да олжалар. Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған
жылжымайтын мүліктер жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы
қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді: ақшалай
және күрделі болып.
Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай
рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер
және жинакқ сертификаттар жатады.
Инвестиция – экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастырады, ҒТП-ның жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды
көздейтін басты фактор.
Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі..
Негізгі құралдар – материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер,
ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшеу
және реттеу аспаптары, қондырғылар, лабораториялық жабдықтар, есептеу
техникасы, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар,
шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал және т.б. жатады.
Негізгі құралдар: 2410-2417 шоттар аралығында жүргізіледі. Бұл шоттар
активті. Дебитінде көбеюі, кредитінде азаюы көрсетіледі.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік,жер учаскілері,үйлер мен
ғимараттар,өткізгі тетіктер,машинкалармен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуіш
аспаптары,өндірістк және шаруашылық құрал саймандар,шаруашылықтын ішкі жолы
болып табылады.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып 2 бөлінеді.
Негізгі құралдар – алдында қойған мақсатына және атқаратын қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1.Үйлер
2.Ғимараттар.
3.Өткізгіш тетіктер.
4.Машиналар.
5.Тасымалдау құралдары.
6.Құрал жабдықтар
7.Шаруашылық құрал жабдықтары
8.Жұмыс және өнім.
9.Көп жылдық өсімдіктер.
10.Жер
11.Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығын.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін
жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп 3 топқа бөледі.
Жұмыс істейтіндерге - өндіріс үрдісіндегі яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына – тоқтатылып қойылған
белгілі себептермен басқа да әзірге берілмеген басы артық жабдықтр жатады.
Сақтауда тұрған- негізгі құралдардың қатарына келешекте яғни алдыңғы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал жабдықтар жатады.
Материалдық активтер-сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп
есептеледі.Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екігі бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте қызмет ететін яғни өнім
өндіру орындарында пайдалынылатын негізгі құралдарды айтады.Оларға
өндіріске арналған үилер,ғимараттар,өткізгіш тетіктер,құрлыс
машиналары,көлік тасымалдау құралдары әр түрлі станоктар,двигтелдер құрал
саймандар,өлшеуіш аспаптар және тағы басқа жатады. Өндірістік емес негізгі
құралдардың қатарына.Шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында
пайдаланатын негізгі құралдар жатады.
Оларға:тұрмыстық үй жай,шаруашылықтарда денсаулық сақтау,әлеуметтік
қамсыздандыру білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі
құралдар және тағы басқа құралдар жатады.
Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтердің түрлеріне қарай
барлық негізгі құралдар:Өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы,орман
шаруашылығы,тасымалдау,байланыс құрлыс,материалдық техникалық жабдықтау
тағы басқа салалар бойынша топталады.Кәсіпорының балансындағы тұрғын үй
шаруашылықтарының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй
шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.
Материалдық активтер – сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп
есептеледі:
1.Негізгі құралдар.
2.Тауарлы материалдық қорлар
3.Қаржылық инвистициялар.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып
табылады.Негізгі құралдар бастапқы құнымен баланстық құны мен,ағымдағы
құнымен,қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны ол активті салуға,сатып
алуға,орнатуға кеткен шығындардан сондай – ақ сатып алу барысында төленген
салық соммаларынан құрлысты салу көзінде алынған несие үшін төленетін пайыз
соммаларымен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану жұмыс жағдайында
келтірумен тікелей байланысты кез- келген шығындардың жиынтығынан
тұрады.Негізгі құралдарды тасмалдау негізінде болған ақауларды жөндеуге
кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы
құнына кіргізілмей ол ағымдағы құнына кезеңнің шығыны ретінде есепке
алынады.Негізгі құралдардың әр түрлі бойынша оның бастапқы құнына мынадай
шығындар кіргізіледі:
Сонымен материалдық емес актив деп- сыртқы пішіні жоқ,бірақ кәсіпорынға
табыс келтіретін материалдарды айтамыз. Материалдық емес активтердің
шоттары:
2710-гудвилл
2720-гудвилдың құнсыздануы
2730-өзге материалдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz