Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік құқығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Тұтынушылар Одағы
Арқалық экономика және құқық колледжі

Тақырыбы: Шаруашылық
серіктестіктерінің
және акционерлік
қоғамдардың меншік құқығы

Орындаған: Қозыбаева Т.Б.
Тексерген: Ошақбаева М.К.

Арқалық 2007 жыл
1.Шаруашылық серіктестіктері негізгі мақсаты пайда түсіріп, оны
қатысушылары арасында бөлуді алдыңа негізгі міндет етіп қойған коммерциялық
ұйым болып табылады.
Азаматтық кодекстің 188-бабы 2-тармағына, сөйкес шаруашылық
серіктестігіне өз қалауынша өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету
құқығы беріледі. Демек серіктестіктің мүлкі оған қатысушылардың мүлкінен
бөлектенеді, сондықтан да бұл меншік біртұтас меншік деп аталады.
Серіктестіктердің өз қатысушыларынан осылайша тәуелсіз болуы оның шектеулі
жауапкерпшілікпен заңды түрде қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қосымша
жауапкершілігі бар және акционерлік қоғамдар (компаниялар) бір немесе
бірнеше құрылтайшымен құрылуы мүмкін (АК-тің 40-бабы 1-тармағы). Шаруашылық
серіктестіктер жекелеген қызмет түрлерімен тек арнайы рұқсат— лицензия
арқылы айналыса алады.
Қатысушыларға шаруашылық серіктестіктерінің мүжі емес, құқықтарын
жүзеге асыру арқылы мүлкінің бір бөлігі ғана тиесілі. Кез келген негіз
бойынша үлеске деген кұқығын жоғалту қатысушының серіктестіктен шығуына
әкеп соғады. Осыған байланысты шаруашылық серіктестігінің оның мүлкіне тек
міндеттемелік құқығын сақтайды. Шаруашылық серіктес-тігінін мүлкіндегі
қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен, ал акционерлік қоғамда акция
мөлшерімен есептеледі ("Шаруашылық серіктестігі туралы" Жарлықтың 7-бабы, 2-
тармағы). Шаруашылық серіктестіктің мүлкіндегі бардық қатысушылардың
үлестері ережеге сәйкес, жарғылық қорға салған салымдарына орай жүзеге
асады. Мысалы, жауапкершілігі шектелген серіктестіктің құрылтайшылық
құжаттарында серіктестіктің бір қатысушысына тиесілі үлестің ең жоғары
көлемі шектелуі мүмкін. Мұндай шектеу белгілі бір қалысушының қатынасына
байланысты тағайындалмауы мүмкін. Құрылтайшылық құжаттар негізінде
серіктестікке қатысушылардың үлес ара салмағы тең дәрежеде өзгеруін жоққа
шығаруға болмайды ("Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы" Заңның 28-бабы).
Жарғылық қордың көлемінің өзгеруі серіктестікке жаңадан қатысушы
алудан немесе одан бұрынғы қатысушының шығуынан болады, нәтижесінде әлгі
қатысушылардың әрекетіне байланысты қайта есеп жүргізіледі. Қатысушылар
өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады:
а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылар-дың қатысу құқығы; ә)
қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы (кірісті) бөлуге
қатысу құқығы; б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының
құқығы.
Серіктестіктің қарызына сәйкес олардың қатысушыларының мүлкін
біріктіру және жауапкершілік дәрежесі мұндай шаруашылық серіктестігін екі
категорияға бөлуге мүмкіндік береді. Бірінші категорияға толық және сенім
серіктестігі жатады (оларға акция шығаруға тыйым салынадьқ кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру, олардың мүшелері жеке қатысуымен негізделген, оның
қатысушыларының өздерінің барлық мүліктерін келісіп жауапкершілік етуі), ал
екінші категорияға — жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша
жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам жатады (кепілдік
сипаты бар жарғылық қордағы капиталды жинақтау, бұл орайда жауапкершілік
жарғылық қордың шеңберінде болады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығы
Өндірістік кооперативтердің меншік құқығы
Шаруашылық серіктестіктерінің меншік құқығы
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҮҒЫМЫ МЕН НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
Шаруашылық серіктестік түрлері
Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ (ЖАЙ СЕРІКТЕСТІК)
ТҰЛҒА ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Пәндер