Шарттар туралы жалпы ережелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Шарттар туралы жалпы ережелер
2.2. Шарттардың түрлері.
2.3. Шарттың мазмұны
2.4. Шартты жасау
2.5. Шартты өзгерту және бұзу

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы
пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі
қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі
міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң
талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы
ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық
қатанастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның
азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы
келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді.
Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме
жасайды: "Шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер
қолданылады". Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең,
өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті
баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше
көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.
Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық
шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен
өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Шарт еркіндігі Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық
кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-
тармағы).
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі
шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда:
1) шартты жасау не жасамау;
2) шарт бойынша серікті жақты таңдау;
3) шарттың түрін тандау;
4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса
алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-
тармағы).
Тәжірибе көрсеткендей, отандық кәсіпкерлер өзара міндеттемелерді
реттеуде көбіне-көп Қазақстанда әлі жақсы өріс ала қоймаған нарық
механизміне, сондай-ақ вербалды (ауызша) келісімдерге сүйенеді. Ал,
кәсіпкерлікте шарттық құқықты білмеу - пайданы, серіктестерді, абырой-
атақты жоғалтуға әкеліп соғады. Ал бизнестің шетелдік қатысушылары
кәсіпкерлікте нақтылы әріптестік қарым-қатынаста барлық шарттарды егжей-
тегжейлі реттеуге дағдыланған.

2.1. Шарттар туралы жалпы ережелер
Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық құқық
нормаларының дамуы сауда айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт
зат алмасудың негізгі құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік
иесінен екіншісіне ауысып отырады.
Қолтаңбалар мен мөрлері бар қағазды шарт деп түсіну, аңғалдық болар
еді. Ол дұрыс емес.
Шарт дегеніміз тараптардың арасында туындайтын өзара міндеттемелер
жүйесі екенін түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа тіреп жүр. Шарт талаптары
тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған
күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы
істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді әрі әр тарап өзін қысым көруші
ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын даушарлардың көзі
болады. Ал бұл жағдай шынтуайтына келгенде, шарт жасау кезінде оның
талаптарын дайындауға шала-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп
қарау керек.
Сонымен, шарт дегеніміз не? Алдымен ұғымның өзін қарастырайық.
Барлық дамыған елдерде шарт міндеттемелік құқықтың негізгі институты болып
табылады. Еуропа елдерінде - қатысушылармен белгілі құқықтар мен міндеттер
белгіленетін келісім, ағылшын-американ заңы бойынша бір тарап басқа тұлғаға
қатысты қабылдайтын уәде немесе кепілдік ретінде қарастырылады. Мұндай
уәдеден құқықтық салдар туғызу үшін оны басқа тарап қабылдайтын болуы тиіс.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы
белімі) 378 - бабында "екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар
мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі шарт болып
танылады" деп айтылған. Сонымен, шарт – оның тараптарының арасындағы дербес
еркінің актісі, бірнеше құжатпен бекітілген болса да, өзара келісімі болып
табылады. Шарттың атқаратын қызметі, мақсаты – құқықтар мен міндеттерді
орнату, өзгерту немесе тоқтату.
1. Бір тараптың ғана ықтияры (іс-әрекеті) жеткілікті болатын мәмілелер
(шарттар) бір жақты болып табылады. Бұл жағдайда басқа тараптың оған деген
ықтияры болмайды. Мәселен, өсиет хат жазу, сенімхат, чек беру, мұрадан бас
тарту және басқалары бір жақты шарт (мәміле) болып табылады. Бір жақты
мәмілені (мысалы, өсиетхат) көбіне-көп бір ғана тұлға жасайды, дегенмен бір
жақты мәмілелердің қайсыбірін, мәселен, ортақ сенімхат беруді, жұрт алдында
награда беруге уағда етуді, меншік иелерінің (жалға берушінің) мүлік жалдау
шартынан бас тартуын және тағы осындайларды бір тарап ретінде әрекет ететін
екі немесе одан да көп тұлғалар бірлесе отырып жасауға хақылы.
2. Екі жақты (өзара) мәміле деп екі тараптың өзара келіскен еркінен (іс-
әрекетінен) тұратын мәмілені айтады. Екі жақты мәміле шарт деп аталады. Ол
тараптың өзара келісімін білдіреді.
Екі жақты мәміле кең тараған - оларға сатып алу-сату, жеткеру,
мердігерлік, мүлік жалдау, сақтандыру, авторлық және тағы басқа шарттар
жатады.
3. Көп жақты мәміле үш немесе одан көп тараптар ықтиярымен олардың
арасындағы келісімнен тұратын мәміле. Кейбір көп жақты мәмілелерде тараптар
ықтияры мазмұны бойынша сәйкес келеді (мысалы, бірлескен қызмет туралы
шартта барлық қатысушылар бірдей ақша сомасын енгізуге және бірдей көлемде
барлық жұмыстарды орындауға міндеттеме алады), бірақ көп жақты мәмілеге бұл
сипат міндетті түрде қажетті емес. Өйткені, көп жақты мәміледе тараптардың
қатысу үлесі әр түрлі болуы мүмкін. Үштен кем емес тараптан тұруы қажет
мәмілені (мысалы, бір жақтан екі сатушы және екінші жақтан үш сатып алушы
қатысатын үйді сатып алу-сату шарты) әр тараптан бірнеше тұлга
қатысатын екі жақты мәміледен айыра білу қажет.
2.2. Шарттардың түрлері.
Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол
ашады, Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі
(өзіне тән шарт белгілері).
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек
құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру
шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны
талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу,
мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік, тасылмалдау және т.б.).
Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға
тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың
құнын төлеуге міндетті, және затты өзіне беруді талап ете алады.
Шарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және
қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе
тоқтатуға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей
жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген залалдың орнын
толтыруды талап ете алады.
Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін
атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған
затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің
құнын алады, Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей
ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының
2-тармағы). Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы
немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып
табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті ақысыз
тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз
әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген
бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы,
сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен
міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займшарты, азаматтардың
қатысуымен сақтау шарты).
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша
құқықтар мен міндеттерді алатындар — сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда
азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір
міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің
уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.
Үшінші жақтын пайдасына жасалған шарт — бұл тараптар несие берушіге
емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап
етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы). Үшінші
жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан
бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан
еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие
берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы
— шартты орындауды талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші
жаққа шарт бойынша беріледі.

2.3. Шарттың мазмұны
Шарттың мазмұны — жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже
бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан
басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-
тің 382-бабының 1-тармағы).
Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген
реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма)
белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя
алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып
белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында
қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді
(АК-тің 382-бабының 2 және 3-тармақтары).
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында
шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін
нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
1) шарттың мәні туралы ережелер;
2) заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
3) осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4) бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық
ережелер (АК-тің 393-бабы).
Кәдімгі (дағдылы) жағдайлар заңның диспозитивтік нормаларында
қарастырылған, яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды
айтады, өйткені, бұлардың шартқа енуі өз өзінен белгілі. Егер нақ сол
шартқа дағдылы жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы
белгіленген тәртіп қолданылады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына
сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік
ерлі-зайыптылардың арасындағы шартта басқаша кезделмесе, олардың ортақ
меншігі болып табылады.
Елеулі деп есептелмейтін нормативтік актілерде қаралмаған мөселелер
бойынша әр жақтың келісімі кездейсоқ жағдайлар делінеді және осы жағдайлар
диспозитивтік құқық нормаларымен реттеледі. Олар әр жақтың өзімен
қалыптастырылады және өздері арқылы заңдағы ережеге қосымша немесе
өзгерістер арқылы енгізіледі. Мысалы, әр жақ өзара келісімдер арқылы
мүлікті иеленушінің құқықтарын шартқа енгізеді, бірақ мүлікті тапсырмайды.
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-
тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған
жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе
диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік
қызмет ерісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат
нысанында жазылуы мүмкін.
Шарттар ақысыз және ақылы шарттарға бөлінгеннен басқа (мысалы, ақысыз
шартқа сыйлау, ақылы шартқа тұрмыстық мердігерлік) ҚР Азаматтық кодексі
жария шарт ұғымын енгізді. АК 387 - бабына сай жария шарт деп коммерциялық
ұйыммен жасалған және осындай ұйым өз қызметінің түріне сай оған өтініш
жасаған кез келген адамға жұмыс орындау немесе қызмет көрсету, тауарларды
сату жөніндегі міндеттемелерді бекітетін шартты атайды. Мысалы: бөлшек
сауда, жалпы қолданыстағы көлікпен жүк тасымалдау, байланыс қызметі,
энергиямен қамтамасыз ету, медициналық, қонақжай, банктік қызмет көрсету
және тағы басқалар.
Алдын ала жасалатын шарт. Бұл шарт бойынша тараптар алғашқы айтылған
талаптарға сәйкес оны болашақта жасауға міндеттенеді (мүлікті аудару,
қызмет көрсету немесе жұмыс орындау туралы). Ниет хаттамасы, егер онда
алғашқы шарт күші берілгені туралы айтылмаса, ол алғашқы шарт болып
саналмайтынын ескеру қажет. Шартты алдын ала жасалған шарт деп мойындау
үшін ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 390 - бабының 2-4
тармақтарындағы талаптарға сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, алдын ала
жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал егер
негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады және тараптар
негізгі шартты жасасуға міндеттенетін мерзім көрсетіледі.
Сондай-ақ, қосылу шарты да, шарттың маңызды түрі болып табылады.
Ережелерін тараптардың біреуі формулярында немесе өзге стандартты
нысандарда белгілеген және басқа тарап оны ұсынған шартқа тұтастай қосылу
жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады (мысалы, энергетика
жылу қуаты көздерімен қамтамасыз ету шарты).
Әр түрлі шарттардың элементтері бар шарт аралас шарт болып табылады.
Тараптардың аралас шарт жөніндегі қарым-қатынастарына тараптардың
келісімімен немесе аралас шарттың ішкі мәнінен өзгеше ұғым туындамаса,
элементтері аралас шартта ұшырасып қалатын шарттар туралы заңдардың тиісті
бөлімдері қолданылады (АК 381 - бабы).
Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарт. Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 391 -бабына сәйкес, тараптар несие берушіге емес,
шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышқордан міндеттемені
өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жаққа борышқор
орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған
шарт болып табылды.
Енді Азаматтық кодекстің 393-бабымен реттелетін шарт жасау тәртібін,
талаптарын және кезеңдерін қысқаша қарастырайық. Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 393-бабына сай тараптар арасында шарттың барлық елеулі
ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол
жеткен шарт жасалды деп есептелінеді. Мына талаптар шарттың маңызды мәні
болып табылады: шарттың мәнісі туралы талап; қолданылып жүрген заңдармен
танылған талаптар;
шарттың осы түрлеріне қажетті талаптар;
тараптардың бірінің өтініші бойынша келісімге жетуге
қажетті талаптар.
Әдетте, шарт жасасу мәнді шарттарды мазмұндайтын ұсыныстан басталады.
Азаматтық кодекстің 395-бабына сәйкес бір немесе бірнеше нақтылы тұлғаларға
жасалған шарт жасасу туралы ұсыныс, егер ол мүмкіндігінше айқын болса және
ұсыныс жасаған тұлғаның ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзін тәуелдімін
деп есептейтін ниетін білдірсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың
елеулі талаптары немесе оларды айқындау тәртібі көрсетілген болса, ол
жеткілікті түрде айқындалған ұсыныс болып табылады.
Шарттың құрылымы әр түрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда нысанына
байланысты шарттарда әр түрлі талаптар болуы мүмкін. Бірақ, "Кіріспе" және
"Қорытынды бөлім" секілді кей баптары кез келген шартта міндетті түрде
болуы қажет.
Шарттың кіріспесі мынадай міндетті баптарды қамтиды:
➢ шарттың нөмірі мен атауы;
➢ жасалған орны мен күні;
➢ тараптардың айқындамасы.
Шарт жасау сәтін дәл анықтаудың тәжірибелік мәні бар. Қазіргі
тәжірибеде шарт сәті оферта жіберген тұлғамен акцепт алу сәтіне сәйкес
болады. Заңда екі ерекшелік көзделген:
1) егер заң актілеріне сәйкес шарт жасау үшін мүлікті аудару қажет
болса, шарт тиісті мүлік берілген сәттен бастап жасалған деп саналады (АК
393-бабының 2-тармағы);
2) мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелер, соның ішінде шарттар да
тіркелгеннен кейін жасалған деп аталады (АК 155 бабының 1-тармағы).
Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер
осылай тіркелуі тиіс.
Шарт жасау орны тараптардың келісуімен анықталады. Егер шартта оны
жасау орны көрсетілмесе, шарт азаматтың тұратын жерінде немесе оферта
жіберген заңды тұлғаның мекен-жайында жасалған деп танылады (АК 398-6.).
Сыртқы экономикалық мәмілелерде шарт жасау орнын дұрыс айқындаудың маңызы
зор.
Шартты қарастыруға кіріскенде оның құқықтық сипатын барынша дәл
анықтау қажет. "Шарт" деген сөзбен шектеліп шарттың нөмірін ғана көрсету –
жеткіліксіз, оған нақты атау беру қажет. Шартқа қол қою орны мен күні де
маңызды рөль атқарады. Шартқа қол қойылған күн оның күшіне енетін мерзімін
анықтайды, ал қол қою орны туындап қалатын дауларды шешуде тараптар қай
елдің заңын басшылыққа алатынын білдіреді. Тараптардың атаулары толық түрде
беріледі. Шартты атаулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарт еркіндігі қағидасы
Шарт еркіндігі
Шарттың елеулі ережелері
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт
Шарт ұғымы және оның ережелері
Шарт ұғымы және оның түрлері
Ақысыз шарттар
Шарт ережелерін бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі
Шарттың жалпы ережелері
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт
Пәндер