Қылмыстың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Шартты түрде соттау
2.2.Қылмыстың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза
тағайындау
2.3.Жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар
2.4.Мерзімдерді қосу кезінде оларды оларды белгілеу тәртібі
және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
2.5.Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
2.6.Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек
жаза тағайындау және шартты түрде соттау
2.7. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
ІІІ.Қорытынды

Кіріспе
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара
жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы
мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі Қылмыстық жаза
тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтау туралы №1
қаулысында былай делінген:
Қ.Р. Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында
тең, ешкім де сот үкімсіз қылмыс жасауда кінәлі деп
танылуға жатпайды ж\е қылмыстық жазаға тартыла алмайды
деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың
түрі мен ауырлығына, айыптың қызметтегі ж\е қоғамдағы
орнына қарамастан, әрбір қылмыстың істі заңға сәйкес
бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс.
Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық
жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында
көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай
сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша
қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын ж\е оның
түрін; соттаушының қылмыстық әрекеті қай сатыда
тоқталғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе
қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу
дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның
әрекеттерінің мағынасын ж\е келтірілген немесе келтірілуі
мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар
жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе айырлататын
жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда
неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау
негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ қылмыстық заңда қылмыс
жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы
65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық
жаза ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар
сотталушылардың жынысын ж\е жасын ескеруі қажет.
Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған
жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін
жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген
шектен шықпай тағайындайды.
Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі
ж\е кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады.
Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ
әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы
негіздері көрсетілген.

2.1. Егер түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша
шектеу, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру
немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазасын тағайындағанда
сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген
қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп
санауға қаулы шығарады.
Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасаған
қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыптының
жеке басын, соның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін
ж\е ауырлататын мән-жайларды ескереді.
Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған
адам мінез-құлқымен өзінің түзелгенін дәлелдеуге тиіс сынақ
мерзімін белгілейді. Сынақ мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі
ұзақта тағайындалады (63-бап 1,2,3-бөліктер). Яғни, шартты
түрде соттау адамға белгілі бір талаптар қоя отырып, оған
тағайындалған жазаны нақты етуден босату. Шартты түрде
сотталғандарға заң бойынша белгілі бір міндеттерді орындау
талабы қойылады (63-бап, 5-бөлік).
Шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды
оған уәкілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган,
ал әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдер мен
мемлекеттердің командованиесі жүзеге асырады.
Шартты түрде соттаудың күшін жоюдың немесе сынақ
мерзімін ұзартудың түрлі негіздері ҚК-ң 64-бабында мына
төмендегідей етіп берілген:
1. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі өткенге
дейін түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-
құлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы
бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою ж\е
сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете
алады. Бұл арайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ
мерзімінің кем дегенде жартысы өткен соң күші жойылуы
мүмкін.
2. Егер шартты түрде сотталған адам өзіне сот
жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе сол үшін
өзіне әкімшілік жаза салынған қоғамдық тәртіпті бұзса, сот
осы баптың 1-бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша
сынақ мерзімін ұзарта алады, бірақ ол 1 жылдан аспауы
керек.
3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде
өзіне сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі
орындалмаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті ұдайы немесе
қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың 1-бөлігінде
аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың
күшін жою ж\е сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау
туралы қаулы етеді.
4. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде
абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықтағы қасақана
қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою
немесе оны сақату туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін
жаза тағайындалған кезде шешеді.
5. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде
орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр
қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін
жойып, оған осы кодекстің 60-бабында көзделген ережелер
бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың 4-бөлігінде көзделген
жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.

2.2 Сот тәжірибесінде 1 адамның қылмыстық заңның
әр түрлі баптарында көрсетілген 2 немесе одан да көп
қылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде- біреуі үшін
сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ , іс
бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның
алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір
қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын
жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың
жиынтығын құрайды.
Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген
әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті
жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң
қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындаудың
жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәні мен зияндылық
дәрежесін, қылмыскердің тұлғасын ж\е істің мән-жайын,
жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды
тұтастай басшылыққа алады. Сіңіру принципі бойынша сот
қылмыстың жиынтығына кіретін әрбір қылмыс үшін біртектес
ж\е әртектес жаза түрлерін тағайындағанда жеңілірек
жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинақтап, бірақ
тағайындайды. Мысалы, қылмыскер қызғанып өз әйелін
өлтіргені үшін 6 жылға ж\е бұзақылығы үшін 4 жылға бас
бостандығынан айыру болып белгіленеді.
Тағайындалған жазаларды түгелдей қосып жаза белгілеу
дегеніміз, әрбір қылмысқа бөлек-бөлек жаза тағайындап
алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей қосып, ақырғы
жазаны анықтау болып табылады. Жазаларды түгелдей қосу
принципі сот тәжірибесінде көп жағдайларда қолданылады.
Тағайындалған жағдайларды ішінара қосып жаңа
тағайындау дегеніміз, сот ауырырақ жазаға басқа қылмыс
үшін тағайындалған жазаны ішінара қосып, ақырғы жазаны
анықтайды.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда
соттың қайсы принципті басшылыққа алтыны (сіңіру жолымен
немесе түгелдей, ішінара қосу жолымен) нақты жағдайларға
байланысты, істің жағдайына, қылмыскердің тұлғасына, әр
қылмыс үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына
сәйкес шешіледі.
Адам кінәлі деп танылған қылмыстар үшін
тағайындалған қосымша жазаны сот негізгі жазаға қоса
алады.

2.3 Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бір
жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса,
сот соңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін
толық немесе ішінара қосады.
Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер бас
бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстің
жалпы бөліміндегі осы жазалау түрі үшін көзделген
жазалардың ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы
керек.
Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру
түріндегі түпкілікті жаза 25 жылдан аспауы керек. Егер
адам үкімдердің жиынтығында осы Кодекстің 58-бабының 4-
бөлігінде аталған қылмыстардың біреуін болса да жасаған
деп танылған үкім қамтылатын болса, бас бостандығынан
айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза
30 жылдан аспауы керек.
Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қайта
жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың
оның алдындағы үкімі бойынша тағайындалған жазаның
өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.
Үкімнің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде
жазалардың қосымша түрлерін қосу осы Кодекстің 58-бабында
көзделген ережелер бойынша жүргізіледі (ҚК 60-бап).
Қылмыс жасап үкім бойынша жаза алған адамның
тағы да қылмыс істеуінің қоғамға қауіптілігі орасан зор,
сондықтан жаңа қылмыстық кодекс мұндай қылмыскерлерге
қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауға
қарағанда қатаңырақ жаза тағайындау тәртібін белгілеген.
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда сот
істелген қылмыстың ауырлығына қарамастан заң талабына
сәйкес бұрынғы үкім бойынша тағайындалған, жазаның
өтелмей қалған бөлігін түгелдей я болмаса ішінара
қосып белгілейді (ҚК 58-бабында көрсетілген сіңіру ережесі
бұл бапқа қолданылмайды).
Үкімді жинақтап тағайындаған ақырғы жаза істелген
қылмысқа тағайындалған жазадан да, сондай-ақ алдыңғы үкім
бойынша өтелмей қалған жазаның бөлігінен де артық
болуы керек.
Бірнеше үкім бойынша жаза өтеу мерзімі соңғы
қылмысы үшін үкім шығарылған уақыттан бастап
есептеледі. Үкімдерді жиынтықтап жаза тағайындағанда
негізгі жазаға жауаптылықты белгілейтін бапта көрсетілген
қосымша жазаларды да қосуға құқылы. Әр түрлі түрдегі
қосымша жазалар жеке-жеке орындалады.

2.4 Қылмыстардың жиынтығы ж\е үкімдердің жиынтығы
бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас
бостандығынан айырудың бір күніне:
а)қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір
күні;
б)бас бостандығын шектеудің 2 күні;
в)түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің
3 күні;
г)қоғамдық жұмыстарға тартудың 8 сағаты сәйкес келеді.
1. Айыппұл салу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру,
арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық
шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік
сыныбынан ж\е мемлекеттік наградаларынан айыру,
сондай-ақ мүлікті тәркілеу, оларды бас бостандығын
шектеу мен түзеу жұмыстарымен, қамаумен, тәртіптік
әскери бөлімде ұстаумен, бас бостандығынан айырумен
қосқан кезде дербес орындалады (ҚК 61-бабы).
Қылмыстық кодекстің 62-бабында былай делінген:
1. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айырудың, түзеу
жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудің, бас
бостандығын шектеудің, қамаудың, тәртіптік әскери бөлімде
ұстайдың, бас бостандығынан айырудың мерзімі айлармен,
жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзім сағатпен
есептеледі.
2. Осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген жазаларды ауыстыру
немесе қосу кезінде, сондай-ақ жазаны есепке
кезінде мерзім күндерімен есептелуі мүмкін.
3. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау
бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери
бөлімде ұстау түріндегі жаза мерзімінің 1 күніне 1
күн есебімен, бас бостандығынан шектеу түрінде ұстауға
– 2 күн 1 күн; түзеу жұмыстары мен әскери қызмет
бойынша шектеуге – 3 күнге 1 күн; ал қоғамдық
жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзіміне қоғамдық
жұмыстардың 8 сағаты қамауға ұсталған 1 күн есебімен
есептеледі.
4. Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды
қамауда ұстау уақыты мен Қ.Р. шегінен тыс жерлерге
жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған
бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты осы
Кодекстің 8-бабының негізінде ұстап берілген жағдайда
1 күнге 1 күн есебімен есептеледі.
5. Сот қарағанға дейін қамауда ұсталған, сотталушы
адамға айыппұл, белгілі бір лауазымдарды атқару
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
айыру түріндегі жазаны тағайындау кезінде сот қамауда
ұсталған мерзімді ескере отырып, тағайындалған жазаны
жеңілдетеді немесе оны осы жазаны өтеуден толық
басталады.
6. Қылмыс жасағаннан кейін психикалық аурумен
науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары қолданылған уақыт жаңа мерзіміне есептеледі.

2.5 Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда
соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін ж\е
жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе
ауырлататын мән-жайларды анықтауға міндетті.
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар
қылмыстық заң арқылы белгіленеді.
Қ.Р. Қылмыстық Кодексінің 53-бабында қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып
мыналар табылады:
а)мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет
кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;
б)айыпкердің кәмелетке толмауы;
в)жүктілік;
г)айыпкердің жас балалары болуы;
д)қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей
медициналық ж\е өзге де көмек көрсетіу, қылмыс салдарынан
келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын
өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға
бағытталған өзге де іс-әрекеттер;
е)жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-
жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен
қылмыс жасау;
ж)күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не
материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті
қылмыс жасау;
з)қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу,
аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді
тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында
қылмыс жасау;
и)қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің
заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;
к)шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты
ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге ж\е
қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге
белсенді жәрдемдесу.
Енді осы жеңілдететін мән-жайлардың ішкі мазмұнына
тоқталайық:
1. Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет
онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде іс-
әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін
біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден,
ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына
жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға
байланысты істелуі керек.
2. Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге
толмай қылмыс істегенде көп жағдайда өмірлік
тәжірибенің жеткіліксіздігіне, ересектердің теріс
ықпал етуінен немесе үлкендерге еліктеп, я болмаса
басқалардан қалмау мақсатымен, өзінің
тентектігін көрсету арқылы істеледі. Бұл жерде
бұлардың ақыл-ойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны
жастықтың салдарынан ұстамдылық жасамай қылмыс
жасайтыны еске алынып, олардың кәмелетке толмай
қылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға
жатады. Жаңа Қылмыстық кодексте (6 бөлім)
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке
берілген.
3. Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң
адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, ана
мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің
істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға
жатқызу – осының айғағы. Жүкті күйдегі әйелде
психологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Осыған
байланысты мұндай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы
келіп, қылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті
жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.
4. Айыпкердің жас балалары болуы. Жас балалар деп
жасы он төртке толмағандар саналады. Егер
айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының
болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады.
14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру
қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы
жеңілдікті қолдануға негіз бола алмайды.
5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей
мединицалық ж\е өзге де көмек көрсету, қылмыс
салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдік
зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыс пен
келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-
әрекеттер.
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты
істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда
адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер кезінде
ауруханаға жеткізіп, өлімнен алып қалады, осы көмектің
арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының
болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз
еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге немесе заңды
ұйымға өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген
мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы.
Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі адамның өзі
істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бұрынғы қалпына
келтіруі.
Егер осы жоғарыда айтылған қылмыстың зиянды әрекеттері
кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одан күшпен
өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін
мән-жайлар болып есептелінбейді.
6. Қылмысты-адамның жеке басына, отбасына, өзге де ауыр
мән-жайлар тоғысуының салдарынан істеу.
Жеке басына, отбасына ж\е басқа да себептермен
қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы,
материалдық жетіспеушілікке, жұмысындағы, отбасындағы ауыр
жағдайға, отбасы мүшелерінің биморальдық тәртібіне, тұрған
үйдегі қолайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін.
7. Қылмысты күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан
материалдық, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті
болу.
Осы жағдайлардың жауаптылықты жеңілдетудің қатарына
жатқызылуы себебі, мұндай жағдайда қылмыс істеген адам
еріксіз, басқа біреудің қорқытуынан, еріксіз көндірудің
салдарынан немесе оған материалдық басқа да тәуелді болу
себепті өз ойын емес, соның ойын іске асырады.
8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу (аса
мәжбүрлі) қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау,
орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау
жағдайларында қылмыс жасау.
Қылмысты – қажетті қорғану шегінен асса да, қоғамға
қауіпті қиянаттан қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда
қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін
жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, жеке адамға,
тағы да басқа заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол
сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді.
Қылмыстық кодекстің 99, 109-баптарында көрсетілген қажетті
қорғану шегінен шығып, кісі өлтіру ж\е денеге ауыр
жарақат салу, осы қылмыстардың аса қауіпті емес түрін
сипаттайды.
Қылмыс істеген адамды ұстау қоғамға пайдалы қылмысқа
қарсы күрес жүргізудегі қажетті әрекет. Бірақ та қылмыс
істеген адамды ұстау да қылмыстың мәні мен ұстау
жағдайына сай келмейтін жағдайда оған зиян келтіру қылмыс
болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе де, оған
ұрып жарақат салу, істеген қылмысы үшін оны өзінше
жазалау тағы басқа әрекеттер. Мұндай жағдайда кінәлінің
істеген іс-әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға
жатады.
Орынды тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылық
бағытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, медицина
саласында адамға әр түрлі операциялар жасау, дене
мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау немесе оны
қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Қылмыстық жаза туралы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Жазаның жүйелері мен түрлері
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері
Көптік қылмыстар жайлы
Қылмыстық жаза тағайындау туралы
Жаза тағайындау туралы
Жаза тағайындау
Пәндер