Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Тақырыбы:
Орындаған: Омарбек А.А.
Тексерген: Бимендин Қ.Д.
Арқалық 2010 ж
Жоспары
Кіріспе
І. Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы
І.1 Жаңа бәсекелестердің пайда болу қаупі.
І.2 Жеткізушілердің ықпалы.
І.3 Тұтынушылар ықпалы.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес жағдайын талдау.
ІІІ. Қостанай облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының экономикалық
жағдайын талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықтық экономика дамыған елдерде шағын және орта бизнес бұл
елдердің ұлттық экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Әлемнің
дамыған елдерінде капиталды орталықтандыру шағын бизнесінің кәсіпкерліктің
күшті түрі екендігін көрсетті. Бұған көрініс болып XX ғасырдың 70 -
жылдарының ортасында болған әлемдік экономикалық дағдарыс табылады. Содан
бұл дағдарысты аз ғана шығындармен өтіп шыққан шағын және орташа фирмалар
болды. Әлемнің барлық дамыған елдерінде нарықтық экономиканың пайда болуы
және дамуы кіші және орташа кәсіпорындардан басталады, кейін олар ірі
корпорацияларға айналды. Шынында американдықтардың айтуы бойынша ірі бизнес
- экономиканың сүйегі, ал оның бұлшық еттері болып шағын бизнес табылады.
Біздің ел үшін нарықтық инфрақұрылым пайда болу кезеңінде шағын және орта
бизнестің маңызын бағалау өте қиын. Қазіргі кезеңде, ірі кәсіпорындар
реанимациялық күйде болған жағдайда, ауыртпалықтың барлығы кіші және орташа
бизнеске түседі. Бұл кәсіпорындар ішкі нарықты керекті тауарлармен және
қызметтермен қамтамасыз етуде. Бұдан басқа, ірі өндірістің қысқаруы, ірі
кәсіпорындардың күйреуі мыңдаған адамдарды жүмыссыз қалдырды.
Шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін және маңызын біле
отырып, Қазақстан Республикасының басшылығы 1997 жылдың маусым айында
арнайы заңдар қабылдады: "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы",
"Жеке кәсіпкерлік туралы". Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев 2001 жылдың 7 мамырында "2001-2002жж. Қазақстан
Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы" жарлық шығарды. Бұл бағдарламаның негізгі бөлігі болып
2002 жылдың 1 қаңтарында енгізілген Салық Кодексі табылады. Алғашқы шағын
бизнеске салық салу сферасы 1995 жылдың 24 сәуірінде №2235 "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығында көрсетілген. Қазақстан
Республикасының заңшылығына сәйкес шағын бизнестің субъектілері болып заңды
тұлға құрмай қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар және қызметкерлерінің
орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, активтерінің жалпы сомасы 60 мың
еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар
табылады.2002жылы салықтарды есептеу мәлімделген табыс негізінде жүзеге
асырылды. Өткен жылы және осы жылы қолданатын жалпы белгіленген салық салу
тәртібінің салық жүктемесі бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған 24 жеке
кәсіпкер бойынша жүргізілген мониторингке сай 2%-ға өсті. Келесідей
салдар осыған себеп болды: тоқсанға орташа жылдық табысты көбейту,
яғни кәсіпкердегі айналымның, кәсіпкерлік қызмет деңгейінің әрі қарай
өсуінің және дамуының жоғарылауы; есепті кезеңде табыс болды ма немесе
болмады ма, соған қарамастан жалдамалы жұмысшыларды және өзі үшін
әлеуметтік салықтың тіркелген мөлшерлемесін пайдалану.
Оңтайлатылған декларацияны қолданатын кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі
деңгейінде елеулі өзгерістер пайда болды. 2002 жылдың 1 шілдесі бойынша
7044 жеке 2880-і, яғни 32,4%-і оңайлатылған декларация негізінде арнаулы
салық режимін қолданды.
2003 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасы Салық
Кодексінде салық мехенизмі арқылы шағын бизнесті мемлекеттік
қолдау саясаты алғашқы рет нақты түрде расталды. Бұл қолдаудың негізгі
әдісі - шағын бизнес субъектілеріне арнайы салық режимін енгізу. Жаңа Салық
Кодексінде салық жүктемесін төмендетудің механизмдері және түрлі
әдістері қарастырылған, кәсіпкердің даму деңгейі ескеріледі, әрбір салық
төлеушіге егжей - тегжейлі әзірленген бюджетке салықтардың және басқа да
міндетті төлемдердің түсуін жоғарылатуда мүмкіндік туғызатын салық салу
режимін таңдаудағы еріктілік принципі әрекет етеді, салықтар мен алымдарды
төлеуге адалдық қатынасты ынталандырады, шағын бизнес субъектілерінің
дамуы, өсуі қамтамасыз етіледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
- кәсіпкерліктің дамуыныц экономикалық мәні;
- шағын бизнестіц даму стратегиясы;
- шағын бизнестің маркетингтік стратегиясының ерекшеліктері;
Қазақстанның кәсіпорындарындағы маркетингті пайдадану ерекшеліктері.
- Қостанай облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының экономикалық жағдайын
талдау;
- Кәсіпкерліктің жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттің рөлі;
Сонымен Республикамыздағы шағын кәсіпкерліктің даму жолдарын тереңірек
қарастырайық. Негізінен дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі үш
бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

Қазіргі заманғы бизес қиын және тез өзгермелі орта жұмыс істеуде,
сондықтан кез келген кәсіпорын ішкі және сыртқы ортаға талдау жүргізу
негізінде өз қызметінің стратегиясын дайындауы қажет. Стратегиялық
менеджменттегі түсінігі мол аппарат жөнінде сөз қозғаған кезде стратегияның
анықтамасы алғашқы мәселесінің бірі болмақ. Ең жалпы түрде стратегия ұзақ
мерзімді мақсаттарды белгілеуді және қолда бар ресурстар негізінде қойылған
мақсаттарға қол жеткізу бойынша бағдарламалық шараларды дайындауды
білдіреді. Стратегиялық менеджмент фирмаларға қандай мақсаттарға қол
жеткізейін деп жатқандарын және келешекте алға қойылған мақсаттарға қалай
жететіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алдағы кезең үшін дұрыс
стратегия жасап шығара алатын фирма өзінің бәсекелестерімен салыстырғанда
стратегиялық артықшылықтарға ие болады. Егер бәсекелестерді тез арада
фирманың таңдаған стратегиясын көшіре алмаса немесе енгізе алмаса, онда бұл
фирма ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылыққа ие болады, нәтижесінде фирма
орташа салалық деңгейден жоғары пайда табады. Стратегияны қалыптастыру және
іске асыру бірінші кезеңдерден тұратын процесс болып табылады: мақсатты
анықтау; кәсіпорынның мақсаттарын анықтау; стратегияны таңдау; стратегияны
енгізу; стратегияның іске асуын бақылау;
Ұйымның мақсаты кез- келген ұйым өз мақсатын орындау үшін өмір сүреді.
Миссия - бұл ұйымның өмір сүруінің себебі. Айқын анықталған мақсаттар бар
және соған сәйкесті жұмыс істейтін ұйымдар тиімді болып есептеледі. Сол
міндетке негізделе отырып, ұйымның мақсаты, саяси және стратегиясы
анықталады. Стратегияны қалыптастыру кезінде ұйымның қандай
классификациялық топқа жататындығын ескеру маңызды болып табылады.
Кәсіпорындардың келесідей жіктелуін ұсынуға болады:
• Көлемі бойынша, шағын, орта және ірі;
• Қамтитын аумағы бойынша: аймақтық, республикалық мәнге ие,
халықаралық диверсификациялану дәрежесіне қарай; бір бағытты бизнес және
бизнестің әртүрлі бағыттарына ие.
Филипп Котлердің анықтамасы бойынша миссия - бұл бір ұйымды басқа бір
ұқсас ұйымнан айыратын нәрсе, яғни бизнестің жүргізілуіне қарай жұмысын
ұйымдастыру тәсілі. Миссияны сондай-ақ шығарылатын өнімнің сапасы, қызмет
көрсету деңгейі кәсіпорынның орналасқан жері сияқты т.б. факторлар арқылы
сипаттауға болады.
Стратегиялық саясат дегеніміз мақсаттарды табысты түрде анықтау,
стратегияны қалыптастыру және оның енгізілуін бақылау ушін олардың қажетті
басқарумен қамтамасыз етілуі. Стратегиялық саясатқа мыналар мысал бола
алады: инвестицияның рентабелділігі 15%- дан төмен болмайтын өнім өндірісі
немесе тек қана жоғары сапалы тауарлар өнірісі.
Стратегияны дайындаушылар. Стратегияның негізгі дайындаушылары бұл
жоғары басқарушы қызметкерлер мен жоспарлау саласындағы кәсіпқой мамандар.
Шағын кәсіпорындарда стратегияны дайындау үшін сырттан кеңес берушілер
шақырылуы мүмкін.
Бизнестің сыртқы және ішкі ортасы туралы ақпарат. Стратегиялық
артықшылыққа қол жеткізу үшін және жоғары дәрежелі пайда табу үшін
кәсіпорын әрдайым бизнестің сыртқы және ішкі ортасына талдау жасай отырып,
сол ортадағы мүмкіндіктерді анықтауы қажет және ішкі ресурстардың қайсысы
ең маңызды екендігін анықтап, кәсіпорынның сәйкес даму стратегиясын таңдауы
тиіс. Бизнестің сыртқы ортасын, атап айтқанда салалық бәсекелестік деңгейі
әсер ететін факторларды толығырақ қарастырайық.
Жоғарыда айтылып өткендей фирманың қызметіне сыртқы және ішкі
факторлар ықпал етеді. Кәсіпкерлік деген барлық сыртқы ықпалдарды өз
кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады. Салалық
бәсекелестіктің деңгейі және қандай да бір салада пайда табу мүмкіндігі
келесідей негізгі бес фактор арқылы анықталады: жаңа бәсекелестердің пайда
болу қаупі; жеткізуішілердің ықпалы; тұтынушылардың ықпалы; бірін -бірі
алмастырушы тауарлардыц өндірісі және жұмыс істеп тұрған фирмалар
арасындағы бәсекелстік. Әрбір факторлардың ықпалын толығырақ қарастырайық.
І.1. Жаңа бәсекелестердің пайда болу қаупі.
Салада жаңа фирманың пайда болуы қандай да бір тауар өндірісінің
көлемінің көбеюіне әкеледі, бұл өз кезегінде тауардың орташа нарықтық
бағасының төмендеуін білдіреді, демек осы саладағы кәсіпорындардың
пайдалары да төмендейді. Кез - келген фирма жаңа салаға кірер алдында екі
түрлі проблемаға кезігеді, атап айтқанда: салаға кірудегі тосқауылдар және
салада жұмыс істеп жатқан фирмалардың қарсы жауаптары.
Салаға кіруде кездесетін тосқауылдарға өдіріс масштабы, өнімнің
дифференциациялануы, қаржы ресурстарына деген талап, тауарды тарату
каналдарына жолдың ашық болу-болмауы және мемлекеттік саясат жатады.
Өндіріс көлемінің көбеюімен бірге өнім бірлігінің өзіндік құны төмендейді.
Бұл әсер өндіріс масштабы деп аталады. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі
негізінен құжаттық шығындар деңгейінің қысқартылуы нәтижесінде пайда
болады. Қазіргі заманғы фирмалар көбінесе жекелеген тұтынушылар тобының
өспелі әралуан қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында өз өндірістерін
белгілі бағыттар бойынша жүргізуге мәжбүр болады, себебі бүгінгі таңда
өндіріс көлемінен гөрі жекелеген тұтынушылар тобының қажеттерін
қанағаттандыру деңгейі алдыңғы қатарға шығуда.
Өнімнің дифференциациялануы да жаңа салаға кіру үшін тосқауыл болып
табылатын - көбінесе фирманың тауар маркасымен байланыстырылдады.
Тұтынушылардың көңілін қызықтыру үшін жаңа фирма өз тауарларын айтарлықтай
төмен бағамен сатуға мәжбүр болады, ал бұл пайданың азаюына немесе одан да
әрі шығынға ұшырауға әкеледі. Сондықтан тауарлар мен қызметтердің
дифференциациялануының нәтижесінде пайда болған тұтынушылардың қалаулары
үшін күрес жаңа салаға кіру жолында мың тосқауыл бола алады.
Жаңа фирма тек негізгі қорларды алу үшін ғана емес, сонымен қатар
айналым қаражаттарын алу, маркетингтік қызмет жүргізу және бизнестің басқа
мақсаттары үшін қаржы ресурстарына ие болуы қажет. Жеткілікті қаржы
ресурстарының жоқ болуы да жаңа салаға кіру жолында маңызды тосқауыл.
Әдетте салада жұмыс істеп жатқан фирмалар жаңа тарату каналдарын
іздестіру сияқты үлкен проблемаға кездеседі. Олар өз тауарының бағасын
төмендету арқылы дистребютерлерін ынталандыруға мәжбүр болады, нәтижесінде
пайдаларының бір бөлігінен айырылады, сондықтан тауарды тарату каналдарына
жолдың ашық болу-болмауы да салаға кіру жолында тосқауыл болады.
І.2. Жеткізушілердің ықпалы.
Жаңа бәсекелестердің пайда болу қаупінен басқа, бәсекелестік күрес
деңгейіне ықпал ететін келесі фактор бұл жеткізушілердің ықпалы.
Жеткізушілер де бәсекелестік күрестің белсенділігін күшейтіп немесе
азайтып отырады. Бұл келесі түрде болуы мүмкін: жеткізушілер бір ауыздан
ұсыныс көлемін төмендету есебінен жеткізілетін тауар бағасын көтереді. Егер
кәсіпорын матеиалдарға жұмсалатын өспелі шығындардың орнын пайдаға зиян
келтірмей жаба алмайтын болса, оның рентабельділігі айтарлықтай төмендейді.
Жеткізушілердің ықпалы келесі жағдайларда ерекше күшіне енеді.
• Жеткізілетін тауарлар өндірісінің бірнеше фирмаларда
шоғырлануы;
• Фирмалар жеткізуші тауарының негізгі тұтынушысы емес;
• Материалдар мен бастапқы тауарлардың құны шығарылатын өнімнің
өзіндік құн құрылымының айтарлықтай бөлігін құрайды, сондықтан
фирманың табысты жұмыс істеуі үшін олардың бағасы ең маңызды фактор болып
табылады;
• Жеткізушілердің өндірістің дифференциациялануын жүзеге асырулары және
басқа салаларға өтулері, мысалы тігін фабрикасының киімдерін сататын дүкен
ашу. Фирма бір салада - киім өндіру (жеңіл өнеркәсіп) саласында жұмыс істеп
келеді, ал енді ол басқа - сауда саласына диверсификацияланады.
Бұрынғы, фабрика өндірісінің тұтынушысы болып келген магазиндер ендігі
жерде өзінің негізгі жеткізушісінен айырылады.
І.3. Тұтынушылар ықпалы.
Бәсекелестік күрес деңгейіне тұтынушылар да ықпал етеді. Тұтынушылардың
ықпалы келесі жағдайларда күшейе түседі:
тұтынушы салада өндірілетін өнімнің айтарлықтай көлемін сатып алады, ол
шығарылатын өнімніц бағасына ықпал ете алады;
тұтынушылар өнімді басқа жеткізушілерден бұрынғы немесе одан төмен бағада
сатып алу мүмкіндігіне ие.
Бірін - бірі алмастырушы тауарлардың өндірісі. Негізгі бәсекелестік
күрес ұқсас тауар мен қызмет өндірушілер арасында орын алады. Фирманың тек
бір тауар бойынша, бірақ әр жолы басқа сапалық мінездемемен тұтынушылардың
қажеттіктерін қанағаттандыру мүмкіндігі фирмаға сол тауар үшін ең жоғарғы
бағаны белгілеуге мүмкіндік береді. Бәсекелестік артықшылыққа ие болу үшін
кейбір фирмалар сатудан кейінгі қызмет көрсетуге көп көңіл бөледі. Соңында
сәтті жерге орналасу да, әсіресе сауда мен қызмет көрсету кәсіпорындары
үшін бәсекелестік артықшылық бола алады.
Жұмыс істеп тұрған фирмалар арасындағы бәсекелестік. Көптеген
салаларда бәсекелестік артықшылық пен асыра пайдаға қол жеткізу мақсатында
өткір бәсекелестік күрес орын алады. Бәсекелестік фирмалар арасында
бағаларды реттеу, өнім өндірісіне жаңалықтар енгізу және өнімді
дифференциациялау (қызмет көрсетуде артықшылықтарға қол жеткізу, жарнама
қызметін жүргізу, тауарларды несиеге беру және т.б.) негізінен пайда
болған. Бәсекелестік күрестің белсенділігі келесі факторлар арқылы
анықталады: бәсекелестердің саны мен өлшемдестігі, саладағы өсу қарқындары,
өзгермейтін немесе тіркелген шығындар деңгейі, тауарларды дифференциялау
деңгейі, өндіру көлемі.
Жаңа бизнесті бастар алдында немесе қазіргі жұмыс істеп тұрған
бизнестің келешектегі даму стратегиясын дайындау үшін бизнестің жұмыс
істейтін саласына талдау жүргізу қажет. Шамамен 20 жылдай бұрын экономика
ғылымында "стратегиялық топтар" деген термин пайда болды, оны алғаш рет
Микаел Хант қолданысқа енгізді. Оның берген анықтамасына сәйкес,
стратегиялық топ - сала ішінде бірдей немесе ұқсас стратегияларды таңдаған
фирмалар тобы. Ол негізі стратегиялық бағыттарға мыналар жатады: техникалық
саясат. Шығарылатын өнім сапасының деңгейі, баға саясаты, тауарларды тарату
жолдарын таңдау, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі. Стратегиялық
топтарды талдау саладағы бәсекелестік деңгейін зерттеп үйренудің қажетті
құралы болып табылады.
Бизнестің сыртқы және ішкі ортасын талдап, ұйымның күшті және әлсіз
жақтарын анықтағаннан кейін стратегиялық мақсаттарды және стратегиялық
баламаларды дайындау, баламаларды бағалау және кәсіпорынның негізгі даму
стратегиясын әзірлеу кезеңі басталады. Әрбір фирма өзінің міндетін жүзеге
асыруда нақты стратегиялық мақсаттар дайындайды. Стратегиялық мақсаттарды
анықтағаннан кейінгі стратегиялық баламаларды дайындау кезеңі келеді.
Стратегиялық басқару проблемасына арналған қазіргі экономикалық
әдебиеттерде стратегияның үш деңгейін бөліп көрсетеді: корпорациялық
стратегиялық, бизнес - стратегиялық және функционалды стратегиялық.
Корпорациялық стратегия әртүрлі салада немесе әртүрлі өткізу нарығында
бизнестің бірнеше түрін басқарудың нәтижесінде бәсекелестік артықшылыққа
қол жеткізу саясатында пайдаланылады. Қазіргі заман корпорациясы әртүрлі
салалардағы бизнес бөлімдерінің жиынтығы болып саналады. Сондықтан
корпорациялық стратегия басқа жұмыстармен бірге синергетикалық тиімділікке
жету мақсатында әртүрлі бизнес бөлімшелері қызметінің өзара бірігу
қызметінің нәтижесін алуды мақсат тұтады және де жекелеген бөлімшелердің
қызметтерін қарапайым түрде бір - біріне қосуға қарағанда, қамтитын ауқымы
айтарлық көп.
Бизнес - стратегия тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мен
өндіріс нәтижесінде бәсекелестік артықшылыққа кол жеткізу және жекелеген
ерекше тауар немесе қызмет түрін өткізу мақсатында дайындалады. Бизнес
стратегияны дайындау кезінде нақты бір салада немесе нарықтың белгілі бір
сегментінде бәсекелестік артықшылыққа қалай қол жеткізу керек екендігіне
ерекше көңіл бөлінеді.
Функционалдық стратегия ресурстарды пайдалану тиімділігін барынша
көбейту мақсатында дайындалады. Барлық стратегиялар айырмашылықтарына
қарамастан фирманың бірыңғай стратегиясы ретінде бірлескен түрде дайындалуы
керек. Сонымен бірге функционалдық стратегия бизнес стратегиясымен
анықталады, ал ол өз кездегінде корпорациялық стратегиямен айқындалады.
Солай болғандықтан аталмыш зерттеуде, біз негізінен шағын және орта бизнес
проблемасына бағдарланған әрбір кәсіпорынның дербес заңды тұлға екендігін
және өз стратегиясын өзі анықтайтын есте сақтай отырып, бизнес стратегияны
толығырақ қарастырамыз.
Бизнес стратегияны қалыптастыру бизнес ортасының ішкі және сыртқы
факторын зерттеуден тыс жүзеге асырылмайды. Бірақ стратегияны дайындаудағы
шешуші фактор тұтынушылардың қажеттіктері болып табылады.

кол жеткізу саясатында пайдаланылады. Қазіргі заман корпорациясы әртүрлі

жету мақсатында әртүрлі бизнес бөлімшелері кызметінің өзара бірігу

қызметтерін қарапайым түрде бІр - біріне қосуға қарағанда, қамтитын ауқымы
айтарлык көп.

өндіріс нәтижесінде бәсекелестік артықшылққа қол жеткізу және жекелеген

сегментінде бәсекелестік артыкшылыққа қалай қол жеткізу керек екендігіне

қарамастан фирманың бірынғай стратегиясы ретінде бірлескен түрде дайындалуы
керек. Сонымен бірге функионалдық стратегия бизнес стратегиясымен
анықталады ал ол өз кездегінде корпорациялық стратегиямен айқындалады.

шешуші фактор тұтынушылардың кажеттіктері болып
табылады. Тұтынушылардың стратегиялық мәнге ие болуына байланысты келесі
сұрақтарға жауап беру керек:
• Өндірістің тұтынушысы кім?
• Тұтынушылардың қандай қажеттіктерді қанағаттандырылуда?
• Тұтынушылардың қажеттіктері қалай қанағатталады.?
Стратегиялық артықшылықка қол жеткізу және бәсекелестік күреске төтеп
беру үшін кәсіпорын тұтынушылардың белгілі болып тобының қажеттіктерін
қанағаттандыру керек. Өнімнің тұтынушысы кім? Деген 1 - ші сұраққа жауап
беру кезінде барлық тұтынушылар өмірлік стиліне, әлеуметтік тобына,
дербес ерекшеліктеріне, жас мөлшеріне және т.б. байланысты әртүрлі
топтарға бөлінуі мүмкін. Кәсіпорын орташа немесе типтік тұтынушының
болмайтындығын есте сақтауы керек, демек стандартталған өнім, негізінде
барлықтарының қажеттіктерін қанағаттандыру мүмкін емес. 2 - ші сұраққа
жауап беру кезінде тұтынушылардың қажеттіктерінің қандай екендігін анықтап
алу қажет. Сондыктан тұтынушылардың қажеттіктерін анықтау жұмысын
ұйымдастыруда кәсіпорын жетекшілерінің рөлі үлкен. 3- ші сұраққа жауап
беру кезінде фирманың қажеттіктерді қандай түрде канағаттанғандығын анықтап
алу керек, яғни тұтынушылардың қажеттігін канағаттандыру үшін оған қандай
стратегияны пайдаланған жөн. Жалпы стратегияның келесідей түрлері бар:
• төменгі баға стратегиясы;
• дифференциалданған (бағалық, емес) стратегия;
• интеграцияланған стратегия (әртүрлі стратегиялардың құрастырылуы);
Төменгі баға стратегиясын толығырақ қарастырсақ. Бұл стратегия бойынша
фирма стандартталған (бірыңғай) өнімді төменгі бағамен мүмкіндігіне көп
тұтындыруға сату арқылы бәсекелестік артықшылыққа кол жеткізуге тырысады.
Ондай мүмкіндікке ие болу үшін фирма әрдайым өндіріс көлемін көбейту,
үнемдеуші технологияларды пайдалану, өнімді тасымалдау шығындарының өзіндік
құнын азайту жолында тұрақты жұмыс істеуге міндетті.
Төменгі баға стратегиясын бәсекелестіктің деңгейіне әсер ететін 5 факторы
бар. Олар:
• Бәсекелестік күрестің қарқындылығы;
• Тұтындырушылардың ықпал етуі;
• Жеткізушілердің ықпалы;
• Жаңа бәсекелестердің пайда болу қаупі;
• Бірін - бірі алмастыратын тауарлар өндірісі;
Төменгі баға стратегиясын таңдаудың бір қатар артықшылықтарына
қарамастан өзіндік тәуекел деңгейі бар. Мысалға, бәсекелестердің жаңа
технологияларды қолдануы төменгі баға стратегиясын таңдаған фирмаға
қарағанда олардың едәуір көлемде бағаны төмендетулеріне алып келуі мүмкін.
Дифференциацияланған стратегияны қолдану кезінде- тұтынушылардың
қажеттіктері тауардың өзіндік немесе бірегей сапасы мен ерекшеліктері
арқылы қанағаттандырылады. Фирма бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізе
отырып, сала бойынша ортақ бағадан жоғары бағаны қою арқылы қанша пайда
таба алады. Диференциацияланған стратегияны таңдаған фирманың нарықтың
басым бір бөлігін иемденуі өте сирек кездесетін құбылыс. Сондықтан да
барлық шағын және орта кәсіпорындар осы стратегияны таңдауға тырысады.
Фирма негізгі күшін сату көлемін ұлғайтудан гөрі өнімді тұрақты
түрлендіріп, жаңалап отыруға және жекелеген тұтынушы топтардың
қажеттіктерін толық қанағаттандыру үшін қажетті сапаларды іздестіруге
жұмылдырады. Тауарды дифференциялаудың төмендегідей әртүрлі әдістері бар:
- қазіргі өнімді өзгерту немесе жаңа өнім шығару;
- өнім сапасының жоғарылығы;
- өнімнің өзіндік (спецификалық) ерекшеліктері;
- жоғары қызмет көрсету деңгейі;
- тауардың танымалдылығы;
- әртүрлі талғамдық сапалар;
- дизайн;
- буып - тую (упаковка) т.б.
(1.2. - кестеде) диференциацияланған стратегияны таңдаған фирманың іс -
қызметінің негізгі бағыттары көрсетілген. Аталмыш стратегияны бәсекелестік
деңгейіне әсер ететін 5 фактор негізінде қарастырайық:
- Бәсекелестік күрестің қарқындылығы;
- Тұтынушылардың әсері;
- Жеткізушілердің әсері;
- Жаңа бәсекелестердің пайда болу қаупі;
- Бірін - бірі алмастыратын тауарлар өндірісі;
Диференциацияланған стратегияны таңдаудың
бірқатар
артықшылықтарына қарамастан, өзіндік тәуекел деңгейі баршылық. Мұның басты
себептерінің бірі кейбір тұтынушылардың ең төменгі нарық бағасы арасындағы
айырмашылықты аса жоғары деп қабылдауында жатыр. Бұл аталмыш өндірістің
тұтынушылардың қажеттілігін шамадан тыс қанағаттандыратынын көрсетеді.
Фирма қызметі саласында толығымен бәсекелестік артықшылыққа қол
жеткізуге әрекеттенген кезде жоғарыда қарастырылған баға және
диференциацияланған стратегиялар қолданылады. Ал фирма белгілі бір
тұтынушылары тобының қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталғанда
фокусталған (шоғырландырылған ) стратегияны жүзеге асырады. Фирма барлық
салаларда бәсекелестік артықшылық таныта алмаса да, нарықтың
белгілі бір бөлігінде жетістікке қол жеткізуі мүмкін. Шоғырландырылған
стратегияның маңыздылығы - оны қолданған фирманың жалпы салалық
бәсекелестік басымдылыққа ие фирмаларға қарағанда нарықтың белгілі бір
бөлігінде қажеттіліктерді едәуір тиімдірек қанағатттандыра алуынада жатыр.
Жоғарыда көрсетілгендей, шоғырландырылған стратегияның 2 түрі бар. Олар
-сегменттелген (сараланған) төменгі баға стратегиясы және сегменттелмеген
диференциацияланған (бағалық емес) стратегия. Бұл стратегиялардың басты
сипттарын жоғарыда қарастырып шықтық. Мұндағы ерекшелік
шоғырландырылған стратегиялар жалпы салада емес, нарықтың белгілі бір
бөлігінде ғана қолданылады. Бәсекелестік күрестің күшеюі мен бизнеске деген
қоршаған орта әсерінің күрделенуі салдарынан тек бір стратегияны ұстану
жеткіліксіз болуда. Сондықтан фирмалар аталмыш екі стратегияны бір уақытта
іске асыруды қолдайды.
Альтернативаларды бағалау және шешім кабылдау. Кәсіпорын стратегиялық
мақсаттарына жету үшін бизнестің ішкі және сыртқы орталарын талдай отырып
стратегиялық жоспарын құруы қажет. Стратегияларды өңдеу әртүрлі
альтернативтік шешімдерді қалыптастыру мен ең оңтайлы стратегия түрін
таңдау процесінен құралады. Бірінші, альтернативтылық стратегиялар болғанда
ғана ең оңтайлы шешім қабылдауға болады. Альтернативаларды бағалау кезінде
анықталмағандық (белгісіздік) дәрежесі, түсетін пайданың мөлшері мен
тәуекел деңгейі экономикалық тиімділік, уақыт пен ресурстар бойынша
шектеулі секілді критерийлер қолданылады.
Үшінші, критерий ретінде стратегиялық альтернативалардың экономикалық
тиімділік деңгейін - жоспарланған нәтижелер мен оларға жету үшін
жұмсалатын шығын мөлшерінің қатынасымен анықталады. Сондай-ақ, 4 - ші
критерий ретіндегі уақыт факторы да кейбір альтернативалар
тұрғысынан аса маңызды болуы мүмкін. Соңында, әр альтернатива
ресурстардың қолда бар мөлшері мен оларға деген қажетгілік тұрғысынан
қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларда бағалануы тиіс. Жоғарыда
қарастырылған критерийлер бойынша альтернативалық стратегиялар
бағаланғаннан кейін барып, ең оңтайлы стратегия таңдалады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz