Шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары
2.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мақсатты кешенді бағдарламасына
классификациялық сипаттама
2.3. Шағын фирмаларды басқару жүйелерін жобалаудың функционалдық және
құрылымдық тәсілдері
2.4. Ұйымның өсу сатылары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасы қызметаралық және көп профильді
проблемалар қатарына жатады. Былайша айтқанда оның шешімі — кешенді және
жүйелі көзқарасты, сонымен бірге экономикалық, ұйымдастырушылық және
әлеуметтік факторларды есепке алуды талап етеді. Осы талаптардың бәріне
бағдарламалы-мақсаттық тәсіл жауап береді.
Атап айтқанда бейстандарттық және "шекаралық" проблемалардың шешімін
іздеу жолында — әсіресе сапа аралықта бағдарламалы-мақсаттық деп аталатын
ерекше тәсілдің қажеттілігі туындайды. Ол өмір сүріп жатқан құрылымдар мен
процедуралар шеңберінде орын алмайтын проблемалармен байланысты.
Бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің маңыздылығы – жүйені дамыту мақсаттарын
қалыптастыру және қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қорлардың
үлестірілуінде. Бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің құралы ретінде мақсатты
кешенді бағдарламалар қызмет етеді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мақсаттық – кешенді бағдарламаны
дайындаудан бұрын, шағын кәсіпкерлікті дамыту проблемалары бағдарлама
бойынша дайындалатын проблемалар критерийіне жауап бере ала ма? деген
мәселені анықтап алу қажет. Ондай критерийлерге көп аспектілілік,
күрделілік, проблеманың жаңалылығы, әлеуметтік критерийлер, қарастырылып
жатқан проблеманың тиімділігі мен өзектілігі жатады. Шағын кәсіпкерлікті
дамыту бағдарламалы – мақсаттық басқарудың қолданылуы, көрсетілген
критерийлерге жауап бергенде ғана ақталады. Шағын кәсіпкерлікті басқару
проблемаларын көрсетілген критерийлер тұрғысынан талдайық.
Бірінші критерий – бұл көп аспектілілік. Шағын кәсіпкерліктің дамуы,
талапқа сай шағын және орта бизнес инфрақұрылымдарының құрылуын, соның
ішінде аналитикалық бизнес-орталығын және консалтингтік топтарды
қалыптастыру, бизнес-инкубаторларын құру, кәсіпкерлерді дайындайтын, қайта
дайындайтын және оқытатын орталықтар ашу; шағын және орта бизнесті қолдау
саласында нормативтік-құқықтық қолдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін осы
бір қосалқы жүйелерді құруда, кәсіпкерлікті дамыту проблемасының көп
профильді және қызметаралық сипатына сай келетін әр түрлі аспектілер
талқыланады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын басқару проблемасы жаңалылық критерийіне
сай келеді. Былайша айтқанда бүгінгі басқару жүйесінің бұл проблеманы шеше
алмайтындығын білдіреді. Шағын кәсіпкерліктің даму проблемаларын шешу үшін
жаңа басқару жүйесін құру қажет. Шағын кәсіпкерліктің басқару объектісі
басқарудың талапқа сай жүйесін құруға мұқтаж. Бүгінгі күнде Қазақстанда әлі
бұл проблеманы шешуге мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерлікті басқарудың
тәртіпке келтірілген кешенді жүйесі жоқ.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге
негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын
құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Шағын кәсіпкерлікті дамыту
тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға
деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді.
Сондықтан шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне
сай келеді.
Соңында, шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасы өзектілік (өткірлілік)
проблемасына жауап береді. Өзектілік критерийі бойынша табиғи үйреншікті
тәртіпте жұмыс істей отырып, жүйенің қажетті өндіріс деңгейіне шыққанға
дейін қоғамның күту мүмкіндігінің болмауы сияқты, анағұрлым өткір
проблемаларды шешуге арналған бағдарламалар ерекшеленіп шығуда. Қазақстан
үшін экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі, экономиканы жандандыратын
және экономикалық дағдарыстан шығаратын маңызды фактор болуы мүмкін. Бұл
күрделі мәселенің шешімі кейінге қалдыруды күтпейді. Осы процесті
жылдамдату мақсатында шағын бизнесті қолдайтын жергілікті және аймақтық
деңгейде анықталған, талапқа сай кәсіпкерлікті басқару жүйесін құру
ұсынылады.
Осы талдауды жалпылай келе, шағын кәсіпкерліктің даму проблемасы
бағдарлама бойынша дайындалған проблемалардың барлық критерийлеріне жауап
береді деп қорытындылауға болады. АҚШ және басқа бір қатар елдерде шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әр түрлі мақсаттық бағдарламалар желісі
арқылы жүзеге асырылуы кездейсоқтық емес.
Бағдарламалы-мақсаттық тәсіл бірінші кезекте жүйе мақсатының
белгіленуін қажет етеді. Мақсаттың 3 сыныбы бар – функционалды, ұқсас
мақсаттар және даму мақсаттары. Қол жеткізу тәсілі аталмыш жүйеге белгілі
мақсаттар – функционалды мақсат деп аталады. Басқа өндірістік жүйенің
әрекеті негізінде қол жеткізілген, бірақ аталмыш жүйенің бірде – бір рет
қолы жете алмаған не қолы жетсе де, басқа сыртқы орта жағдайы мен жүйе
параметрлерінде орын алған мақсат - ұқсас мақсат деп аталады. Даму мақсаты
немесе жаңа мақсат деп, бұрын ешқашан және ешкім қол жеткізбеген мақсатты
айтамыз.
Шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасының жаңартпашылық
критерийіне сай келуі және шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару жүйесі
мақсаттарының сипатын алдын ала анықтауы — бұл даму мақсаттары.
Мақсат – бұл қоғамның келешектегі және ағымдық қажеттіліктерін,
объективті әлеуметтік – экономикалық заңдарын, сондай-ақ ұйымның өз ішінде
пайда болатын талаптарын есепке алудан шығатын, сандық және сапалық
анықтамасы бар, басқарушылар мен атқарушылар ұғынатын қажетті қызмет
нәтижесі.
Жалпы мақсаттарға қол жеткізу шарты немесе құралы ретінде міндетті
түрде пайдаланылатын жеке нәтиже бейнесіндегі, мақсаттың қандай да бір
құрамдас бөлігін қосалқы мақсат дейміз.
Келтірілген мақсаттар анықтамасын олардың бөлшектеп байланыстырылуының
бірінші ережесі шығады, оның мағынасы барлық құрамдас міндеттердің (қосалқы
мақсаттар) жиынтығы мақсатқа толық жетуді қамтамасыз ету үшін, қажетті және
жеткілікті болу керек екендігін білдіреді. Сонымен қатар міндеттің
анықтамасы мен тұжырымдамасына, жалпы мақсат анықтамасына қолданылатын
талаптарды қолдану қажет. Мақсаттарды нақтылауға тырысу кезінде мақсаттың
мәнсіз компоненттері емес, ал сол мақсаттарды жүзеге асырудың баламалы
варианттарының тізбегі орын ала бастаса, мақсаттарды бөлшектеу процесі
аяқталған болып есептеледі.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсатын қалыптастырайық:
экономиканың шағын секторында шағын кәсіпкерлік қызметті белсендету арқылы
өндіріс көлемін ұлғайту және экономиканы жандандыру. Мақсатты
қалыптастырғаннан кейін біз шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсатты кешенді
бағдарламасының анықтамасына жақындай түстік. Кешенді бағдарламалардың
сипаттамсы әдебиетте кеңінен көрсетілген. Мысалы, кешендік бағдарламалардың
әр түрлі анықтамалары бар. Мақсатты кешенді бағдарлама ретінде бірыңғай
басшылық астында жұмыс істейтін, орындаушылардың көмегімен іске асырылатын,
ресурстар бойынша балансталған бірыңғай мақсаттарға қол жеткізуге
бағытталған, уақыт бойынша жоспарланған шаралар кешені түсіндіріледі.
Бағдарламалы-мақсаттық құрылымдар — барлық өндіріс жүйесін, жеке мақсатқа
бағдарланған бірыңғай объектісі ретінде кешенді басқарудың (уақытша
құрылған арнайы органдар көмегімен) ұйымдық түрін білдіреді. Алға қойылған
мақсаттың әрбірінің іске асырылуы – сәйкес өндірістік және басқарушы
буындар тарапынан шаралар кешенінің орындалу жолымен қамтамасыз етіледі,
олардың көлемі мен мерзімі бойынша сандық және сапалық түрде анықталған
жиынтығы бағдарламаны құрайды.
Сонымен, бағдарлама — бірінші кезекте соңғы мақсатқа жетуге
бағытталған шаралар кешені. Шағын кәсіпкерлікті мақсатты кешенді
бағдарламасына анықтама бере отырып кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау
бағдарламасының мақсатын (ШБ ҚБ) және оған жету құралдарын нақтылап алу
керек. Шағын бизнесті дамытудың мақсатты бағдарламалық кешені экономикалық,
өндірістік, ұйымдық-құқықтық және нормативті - әдістемелік шаралар кешені
болып табылады, олар — өндіріс көлемін көбейтіп, сонын базасында жалпы
экономиканы жандандыру мақсатында, аймақ экономикасының шағын секторындағы
кәсіпкерлік қызметтің жандануын қамтамасыз ететін ресурстар, атқарушылар
және орындалу мерзімі бойынша ұштастырылады.
ШБ ҚБ әртүрлі классификациялық топтар тұрғысынан қарастырайық.
Бағдарламалар мазмұны жағынан әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және
ұйымдасқан-шаруашылық болып бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар
әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешуге бағытталған. Өндірістік-
экономикалық бағдарламалар өндіріс саласындағы ірі салааралық проблемаларды
шешуге, олардың тиімділігін арттыруға, еңбек, материал және қаржы
ресурстарын орынды пайдалануға, жаңа салалар мен өндіріс түрлерін ашуға
және басқа да ұқсас проблемаларды шешуге бағытталған.
ШБ ҚБ әлеуметтік-экономикалық топқа да, аймақтық бағдарламаға да
жатқызуға болатын белгілермен сипатталады. Бірақ ШБ ҚБ-ң квалификациялық
тобын анықтаған кезде бағдарламаның негізгі мақсаттылық мазмұнынан шығатын,
оның жетекші белгісін бөліп көрсету керек. ШБ ҚБ-сы шағын бизнеске толық
жеңілдік жағдайларын жасау арқылы экономиканың шағын секторында
кәсіпкерлікті жандандыруды көздейді. Сондықтан шағын бизнесті қолдаудың
кешенді бағдарламасын әлеуметтік-экономикалық бағдарлама деуге болады.

№ Классификациялану белгісі Бағдарлама түрі
Мазмұны бойынша Әлеуметтік-экономикалық
Мақсатқа жету уақыты бойынша Орта мерзімді
Мақсаттың ауқымы бойынша Мемлекеттік (аймақтық,
локалдық)
Мақсаттардың саны бойынша Көп мақсатты
Орындаушылардың құрамы бойынша Жалпы жүйелік
Ұйымдасқан-технологиялық байланыстардың Кешенді-дискреттік
сипаты бойынша
Мақсаттардың бағытталу сипаты бойынша Мақсатты даму
Әсер ету объектісі бойынша Проблемалық
Уақыт ұзақтығы бойынша кешенді бағдарламалар ұзақ мерзімді (ұзақтығы 5
жылдан жоғары), орта мерзімді (5жыл не одан аз уақытқа созылатын) және
қысқа мерзімді жылдық бағдарламаларына бөлінеді. Тәжірибе көрсетіп
отырғандай ұзақтығы 2 жылға созылатын орта мерзімділері ШБ ҚБ-да кеңінен
тараған. Бұл бір жағынан қысқа мерзімді жылдық бағдарламалар дайындаудың
тиімсіз болуымен түсіндіріледі, себебі уақыт кеңістігін кеңейту келешекті
жақсы көруге, қорларды ұтымды жұмсауға және шағын бизнестің инфрақұрылымын
құру бойынша барлық дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бірақ уақыт аралығын онан ары қарай созудың заңды болуы екіталай. Бұл шағын
кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлардың көп түрлілігінің
нәтижесінде пайда болатын болжамдаудың қиындығымен, сондай-ақ кәсіпкерлік
қызметті жандандыруды жылдамдату процесінің өте маңызды екендігімен
түсіндіріледі. Сондықтан шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын құру жұмысын 5
және одан көп жылға созу қолайсыз.
Мақсатының ауқымы бойынша ШБ ҚБ мемлекеттік, аймақтық және локалдық
сипатта болуы мүмкін. Мақсаттардың саны бойынша ШБ ҚБ — көп мақсатты, яғни
оның іске асуы бір емес, бірнеше мақсатқа жетуді қамтиды. мысалы, аймақтық
экономиканы жандандыру, қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту, аймақта
орналасқан кен орындарын игеру және аймақтық нарықты тұтыну тауарларымен
қамтамасыз ету, басқа да қызмет көрсетулермен толтыру сияқты.
ШБ ҚБ орындаушылардың құрамы бойынша – жалпы жүйелік, яғни оның іске
асырылуьша әкімшіліктің нарықгық қатынастар бөлімі ретіндегі жергілікті
билік органдары; әділет басқармасы, сақтандыру банкілері, коммерциялық
банктер, білім беру мекемелері және басқалар сияқты әр түрлі функционалды
қосалқы жүйелердің қатысуы.
Бағдарламалы шаралар мен оларды орындаушылар арасындағы ұйымдасқан
техникалық байланыстардың сипаты бойынша ШБ ҚБ – кешенді-дискретті
бағдарлама, яғни оның мақсаттарына әр түрлі орындаушылардың түрлі
деңгейдегі дербес әрекеттерінің жиынтығы арқасында қол жеткізіледі. ШБ ҚБ-
дағы көптеген қосальды бағдарламалар — дербес және басқа қосалқы
бағдарламалардың шешілуіне тәуелді емес, бұл олардың дайындалуы мен іске
асуының параллельді жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.
Мақсаттардың бағытталу сипаты бойынша ШБ ҚБ – мақсатты даму
бағдарламасы, өйткені ол нақты — шағын бизнесті қолдау механизмін құру
негізінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесін шешуге бағытталған. Әсер ету
объектісі бойынша ШБ ҚБ — объектіге бағытталған бағдарламаға қарағанда,
проблемалық бағдарламаға жақын болып келеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаттарын бөлшектегенде оның қосалқы
мақсаттары айқындалады. Ол – мақсатқа жету құралы. Қосалқы мақсаттарға
сәйкес ТТТБ ҚБ әр түрлі деңгейдегі қосалқы бағдарламалардан тұрады. ТТТБ ҚБ-
ң қосалқы бағдарламаларға бөлінуі, оларды дайындау мен іске асыруда
бағдарламаны дайындаушылар мен іске асырушылар арасындағы жауапкершілікті
нақтылап белгілеу арқылы оларды әзірлеу мен жүзеге асыру ісін ұтымды
ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Қосалқы бағдарлама,
бағдарламаның бір немесе бірнеше мақсатын іске асыруға бағытталған
міндеттер мен шараларды қамтитын бағдарламаның дербес бір бөлігі болып
табылады. Бағдарламаның ауқымы мен оның күрделілік дәрежесіне байланысты,
қосалқы бағдарламалардың жиынтығы бағдарламаны тұтасымен немесе оның
негізгі бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Әрбір қосалқы бағдарлама өз кезегінде өте төмен деңгейдегі қосалқы
бағдарламаларға (мақсаттар) бөлінуі мүмкін. Қосалқы бағдарламалардың саны
кешенді бағдарламаның ауқымы мен күрделілігіне тәуелді, бірақ өте үлкен
болмауы керек. Негізі қосалқы бағдарламалар бағдарламалық мақсаттарға
жетуді қамтамасыз ететін, нақты мақсаттар мен шаралар жүйесін білдіреді.
Қосалқы бағдарламалар негізгі және қамтамасыз етуші болады. Негізгі
қызметтің қосалқы бағдарламалары, жалпы бағдарламаның соңғы қалыптасқан
мақсатына жататын нәтижені орындауға бағытталған, ал қамтамасыз етуші
қызметінің қосалқы бағдарламалары — негізгі қызметтің қосалқы
бағдарламаларының құрамына кіретін шараларды сәтті орындауға қажетті
жағдайларды жасауға бағытталған.
Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасының
негізгі қосалқы бағдарламаларына аймақтық жөне жергілікті деңгейде
дайындалған қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын кәсіпкерліктің дамуын
қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламаларға — нормативті-құқықтық, қаржылық,
материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы
бағдарламалар жатады. Бұл қосалқы бағдарламалардың соңғы мақсаты іске
асыруға тікелей әсер етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу үшін барлық
қажетті жағдайлар жасайды.
Шағын бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару объектісі
ретінде, оның ерекше басқару механизмін дайындауды талап етеді. Біріншіден,
ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы
мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие
және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді.
Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралардан тұрады, олардың біреуінің жоқ
болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төртіншіден,
бағдарламаның шаралары функцияаралық сипатқа ие, олардың орындалуына
республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комитеттер мен
бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді және жүйелі
тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және
үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.
ШБ ҚБ-н басқару үшін бағдарлама жүмыстарын үйлестіретін белгілі бір
өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет. Республикалық деңгейде
ондай органға ҚР-ң шағын кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияларды
реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде -шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеттері
және жергілікті деңгейде - шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады.
Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау,
кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1. Бағдарламаның концепциясын калыптастыру және проблеманы бағдарлама
бойынша шешуге негіздеу.
2. Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы
вариантты таңдау.
3. Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.
Бағдарламаны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде келесі жұмыстарды
жүргізу қажет: шағын бизнес жағдайын талдау, шағын кәсіпкерлікті одан ары
дамыту қарқыны мен шағын бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану
мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке
болжам жасау.
Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар
үшін жеке-жеке, шағын бизнесті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң
бағдарлама көрсеткіштерінің құрамын анықтау өте маңызды болып табылады. Осы
кезенде бағдарламаны дайындаудың негізгі тапсырмалары қалыптасады, оған
проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны
дайындаушылардың құрамы, дайындау кезендерінің тізімі (мерзімі
көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасын дайындауды
төмендегідей құрылымға сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.
1.Кіріспе
2.Мақсатты анықтау және негіздеу
З.Бағдарламаның тапсырмасы
4.Бағдарламаны ресурстармен қамтамасыз ету
З.Бағдарламаны басқаруды ұйымдастыру
Кіріспеде шағын кәсіпкерлікті қолдау проблемаларын шешу кезінде
бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің пайдаланылуы мақсатқа лайық екендігін
негіздеу және бағдарламаның дайындалу сәтіндегі шағын бизнестің даму
деңгейін талдап шығу қажет.
Бағдарламаны дайындауда бағдарламаның мақсаттарын қалыптастыру,
маңызды кезең болып табылады. Мақсат – бұл міндетті түрде алдын ала
анықталған нәтижеге жетуді көздейтін ең қажетті нәрсе шағын кәсіпкерлікті
дамыту мақсатын таңдау және негіздеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
• Шағын кәсіпорындардың сандық және сапалық құрамы бойынша
мәліметтерді жинау және талдап қорыту;
• Шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды
айқындау;
• Республика мен аймақтардағы шағын кәсіпкерлікті қолдауды талдау;
• Шағын кәсіпкерлікті дамыту жобасын дайындау;
• Қажетті ресурстар мен проблеманың шешілуі мүмкін мерзімді анықтау;
• Мақсаттардың ресурстармен үйлесуі және соңғы мақсатты таңдау;
• Бағдарламалық мақсатты іске асырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптарын
талдау.
Жалпылама түрде, мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті дамыту
бағдарламасының мынадай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның
экономикалық дамуының маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын құру құралы,
ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру
және кәсіпкерлер класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын
қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту, елді
экономикалық дағдарыстан шығаратын маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Мақсатты кешенді бағдарламаларын құру принципі - мемлекеттік шағын
кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аймақтық шағын бизнесті қолдау
бағдарламасының іске асуы арқылы нақтыланатындай болып ұсынылуы керек.
Аймақтық шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мақсаты — аймақта шағын
кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны
дамытудың орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру;
аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи ресурстарын тиімді
пайдалану және аймақта әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту болып
табылады.
Бағдарламаның келесі бөлімі – ресурспен қамтамасыз ету. Кешенді шағын
бизнесті дамыту бағдарламасындағы ресурстық пысықтау, бағдарламаны іске
асыруға қажетті ресурстарға деген қажеттілікті анықтаудан, яғни келесі
түрлерге бөлінетін, құрамын және ресурспен қамтамасыз ету құрылысын
анықтаудан тұрады:
нормативті-құқықтық,
қаржылық,
материалды-техникалық,
кадрлық,
ақпаратпен қамтамасыз ету.
Әрбір шара бойынша ресурстарға деген қажеттілікті анықтау қажет.
Сонымен қатар айтарлықтай материалдық, еңбек және қаржы шығындарын талап
етпейтін шараларды енгізу мен ішкі қорларды көбірек пайдалануды бағдарлану
маңызды болып табылады. Мысалы: шағын кәсіпорынды тіркеу процесін
оңтайландыру айтарлықтай материалдық және қаржылық шығындарды талап
етпейді, ал оның енгізілуі шағын кәсіпорынды құру жолындағы көптеген
бюрократиялық шектеулерді жеңуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны дайындау
кезінде жаңартпашылық және өндірістік қызметке бағдарланған жаңа жұмыс
орындарын ашуды қамтамасыз ететін — кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға алып
баратын бағдарламалық шараларға ерекше көңіл бөлу қажет.
Тереңірек негізделу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес,
сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету
көздеріне деген қажеттіліктерді де белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын
бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік
қаражаттардың 60% жатады, бюджеттік емес қаражаттар 15% құрайды және
басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің,
шағын бизнеске тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына
байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып
табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл
қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры
ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың қосымша, жанама
түрі ретінде өндірістік салаға бағдарланған кепілдік қорларын,
дифференциалды несие ставкаларын, икемді инвестициялық қолдау мен салық
салудың жеңілдетілген жүйесін атап көрсетуге болады.
ШБ ҚБ көптеген бағдарламалықшараларды іске асырудағы айтарлықтай
күрделі шығындарды қажетсінбейтіндігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда тек
ұйымдық-құқықтық факторларды жандандыру арқылы ғана шағын бизнеске толық
жеңілдік жасау саясатын құру мүмкіндігі пайда болады.
Кешенді шағын бизнесті дамыту бағдарламасын кадрлық қамтамасыз ету —
кәсіпкерлерді білім беру жүйелері арқылы даярлауды және қайта даярлауды,
сондай-ақ кәсіпорын жетекшілерін даярлау және қайта даярлау үшін арнайы
курстар ашуды талап етеді.
Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету – кәсіпкерлік құрылымдарды
заңдық-құқықтық сапада болып жатқан барлық өзгерістермен әрдайым хабардар
етіп отыруды шешеді. Жаңа және жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру және
жұмыс істеу проблемалары бойынша шағын бизнесті қолдау орталықтары
тарапынан көрсетілетін консалтингтік қызметтер кешені де осыған кіреді.
Шағын кәсіпкерліктің маңыздылығын зерттеудің 2 аспектісі бар. Бірінші
аспект шағын бизнесті тұтас әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде және
экономиканын белгілі бір секторы ретінде қарастырады. Бұл жерде шағын
кәсіпорын бүтіннің бір бөлігі – типтік элемент ретінде қарастырылады.
Екінші аспект шағын кәсіпкерлікті – тек жеке алынған шағын кәсіпорын
шеңберінде ғана іске асырылатын қызмет түрі ретінде зерттеумен байланысты.
Мұндай жағдайда, дәл осы нәрсе тұтастық деңгейінде қарастырылады, ал оның
бөліктері ретінде оның әр түрлі қызметтік (маркетинг, қаржылар,
стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру сияқты т.б.) салаларын атап өтуге
болады. Осыған орай, осы методологиялық тәсіл арқылы шағын кәсіпкерліктің,
яғни шағын кәсіпорынның және оның жекелеген элементтерінің жұмыс істеу
механизмінің заңдылығы зерттеледі.
Бұл кітапта дәл осы методологиялық тәсіл іске асырылған. Кітаптың
алғашқы үш бөлімі шағын кәсіпкерлікті экономиканың белгілі бір секторы
ретінде, ал оның ерекшеліктерін басқару объектісі ретінде қарастыруға
арналған. Басқа бөлімдерде шағын кәсіпорын, оның құрылуы мен жұмыс істеу
мәселелері басқару объектісі ретінде қарастырылады. Шағын кәсіпорынды –
басқару объектісі ретінде қарастыру кезінде функционалдық және құрылымдық
тәсілдер іске асырылды.

Фирма деңгейіндегі басқару проблемаларына талай зерттеулер арналған.
Соңғы уақытта басқаруды — белгілі бір міндеттерді іске асыру ретінде
қарастыру тенденциясы ең көп тараған көзқарастың бірі болып табылады.
Басқару – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz