Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

І Тарау. ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар

1. 2 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу

1. 3 Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу

ІІ Тарау. АДАМГЕРШІЛІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

2. 1 Жезөкшелікпен айналысуға тарту

2. 2 Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау

2. 3 Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату

2. 4 Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау болып бірге беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің қүқықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық құқық) арқылы қорғалуы аса қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін, денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мүраларды, адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау - әркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-әрекеттермен шұғылдану сияқты қылмыстардың етек алуы алаңдатушылық туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.

Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар негізінен екі түрлі топқа:

1) халықтың денсаулығына және

2) адамгершілікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді.

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарға: есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап) . Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап) . Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап) . Құрамында есірткі зат бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап) . Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап) . Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап) . Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап) . Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (266-бап) . Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бүзу (267-бап) . Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268-бап) . Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап) жатады.

Адамгершілікке қарсы қылмыстар: Жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап) . Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (271-бап) . Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап) . Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-бап) . Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату (274-бап) . Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (275-бап) . Адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (275-1-бап) . Жануарларға қатыгездік жасау (276-бап) жатады.

І Тарау. ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 259-265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстардың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы болып табылады.

Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына-есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және Қылмыстық кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады.

«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі арнаулы Заңымен, «Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық қүралдар және прекурсорлар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан былай-тізім деп аталады) жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, БҰҰ-ның Есірткі заттардың және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу (259-бап)

Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде иемденіп алу тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі заттар - адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес зат-

тардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілгентізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бүларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын және т. б. заттар жатады.

Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар - адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т. б. жатады.

Қылмыс объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе дайыңдағаны арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» №3 қаулысында Жоғарғы Сот Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі №2, 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №19, 2003 жылғы 7 шілдедегі №7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен тиісінше түсінік берілген.

Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т. б. заңсыз иемденіп алу деп түсіну керек.

Кінәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.

Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мүмкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, ас-паптардың, құралдардың, прекурсорлардың заңсыз иесі - өзіне тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды, аспаптарды, құралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады.

Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың (259-баптың 1-тармағы) объективтік жағының міндетті белгісі занда көрсетілген заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып табылады.

Заңсыз сақгалуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгіну қажет.

Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-әрекетге көрсетілген қылмыс құрамы болмайды.

Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Сол себепті ол заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған болып табылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналық-пен істеледі. Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз алғанын және сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағында бұл қылмыстың ауырырақ түрі: «Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әрекеттер» үшін жауаптылық көзделген.

Көрсетілген заттарды заңсыз иемденіп алудың, тасымалдаудың және сақтаудың түсініктеріне осы баптың бірінші бөлігін талдағанда тоқталып өттік. Кез келген әдейі жасалған әрекет нәтижесінде белгілі бір есірткі немесе жүйкеге әсер ететін зат тізімінде көрсетілген затқа айналдырылса онда оларды дайындау болып табылады.

Ал сол заттардың пішінін өзгерту (ұсату, таблеткаға қалыптау, пиллюлалар, пасталар жасау т. б. ) заңсыз дайындау болып табылмайды.

Белгілі бір есірткі немесе психотроптық (жүйкеге әсер ететін) заттың күшін көтеру үшін арнайы рұқсатсыз тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз ұқсату болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткізат алынбаса) заңсыз қайта өндеу деп есептелмейді. Мұндай әрекеттер жеке қылмыс болып табылады.

Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-саймандарды, прекурсорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы жіберуді айтамыз. Жоғарыда көрсетілген заттарды, құрал-саймандарды, прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа тұлғаларға кез келген тәсілмен заңсыз беру (сату, сыйлау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа адамға укол салу т. б. ) осы заттарды заңсыз өткізу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағындағы қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі - занда көрсетілген заттарды өткізу мақсатында иемденіп алу немесе сақтау болып табылады. Өткізу мақсатында заңсыз иемденіп алу немесе сақтау пиғылымен жасалғандығы жөнінде мәселені шешу үшін бұл заттарды шын мәнінде өткізуге дайындалғанын дәлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (Мысалы, жоғарыда көрсетілген заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана пайдаланатынын жоққа шығармайтын фактілердің болуы - заттардың бөлшектенуі, құралдар мен жабдықтардың бөлініп қойылуы, кінәлінің басқалармен есірткіні қолданатын фактілерінің орын алуы т. б. ) .

Ал осы заттарды өткізу мақсатынсыз алғаны немесе сақтағаны анықталса, онда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағындағы қылмыс құрамының бар жоғына мән беру қажет.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты әрекеттер үшін де жауаптылық көрсетіліп отыр. Яғни есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды даусыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау, өткізу мақсатын көздесе кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағымен сараланады. Сондай-ақ өте ірі мөлшерде есірткі затгарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты заңсыз әрекеттер істегені үшін де жауаптылық осы баптың 2-тармағы бойынша белгіленеді.

Қылмыстық кодекстің 259-бабының 3-тармағында осы қылмысты аса ауырлататын түрлері: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді.

а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-бабын қараңыз) ;

б) әлденеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз) ;

в) есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты ірі мөлшерде жасағаны үшін жауаптылық көзделген.

Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың ірі немесе аса ірі мөлшерге жататыны немесе жатпайтыны жиынтық кесте арқылы анықталады.

Қылмыстық кодекстің 259-бабының 4-тармағында: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді;

а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса (ҚК-тің 31-бабын қараңыз) ;

б) олар өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 259-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттарды өз еркімен тапсырған адам немесе есірткі заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған және есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенділік көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 қаулысының 18-тармағына сәйкес жоғарьща көрсетілген «заттарды нақты қолдану мүмкіндігі бола тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен тапсырған болып табылады».

1. 2 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу

Қылмыстың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады. Олардың сипаттамасы ҚК-тің 259-бабында көзделген қылмыс құрамын талдағанда толық берілді.

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі-адамдардың өмірі, денсаулығы немесе меншігі болады. Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі нысан арқылы - талан-тараж немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.

Талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нәрселерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз, тегін алып қоюын немесе айналдыруын айтамыз.

Есірткі заттарды және психотроптық нәрселерді талан-таражға салу әр түрлі тәсілдер қолданыла отырып істелуі мүмкін. Қылмыстық кодекстің 260-бабындағы қылмыстар талан-тараждың - ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Талан-тараждың алаяқтық нысаны арқылы кейбір реттерде қолдан жасалған рецептер арқылы есірткі заттарды, психотроптық нәрселерді медициналық мекемелерден немесе дәріханалардан заңсыз алады.

Наркотикалық заттар немесе психотроптық нәрселерді өзіне сеніп тапсырылған адамның (фармацевтің, провизордың, дәрігердің, медбикелердің және басқа адамдардың) иеленіп алуы немесе ысырап етуі арқылы да осы қылмыс істелуі мүмкін.

Ауырлатпайтын жағдайдатонау арқылы көрсетілген заттарды талан-таражға салған ретте кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 260-бабының 1-тарамағымен сараланады.

Есірткі заттарды немесе психотроптық нәрселерді талан-таражға салу қылмысы осы көрсетілген заттарға кінәлінің толық нақты, иелік жасаған, яғни осы заттар тиісті адамдардың иелігінен шыққан уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

Талданып отырылған қылмыс құрамының объективтік жағының екінші бір белгісі есірткі заттарды немесе психотроптық нәрселерді қорқытып алу болып табылады. Қорқытып алудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 181-бабындаберілген. Қылмыстық кодекстің 260-бабындағы қорқытып алу нақты қылмыстық заңда көрсетілген заттар - есірткі заттар немесе психотроптық нәрселер жөнінде ғана болып отыр. Осыған орай қорқытып алу формальдық қылмыс қүрамы болғандықтан қылмыс есірткі заттарды немесе психотроптық нәрселерді қорқытып талап еткен уақытган бастап, кінәлінің талабының қанағаттандырылғанына немесе орындалмағанына қарамастан аяқталған деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 260 және 175-178-баптары бәсекеге түскен жағдайда, артықшылық арнаулы нормаға - Қылмыстық кодекстің 260-бабына берілуі керек, өйткені ол қылмыстық құқықтың арнаулы нормасы болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатымен істеледі.

Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған адам.

Қылмыстық кодекстің 260-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса (ҚК-тің 31-бабын қараңыз) ;

б) әлденеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз) ;

в) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы (ҚК-тің 228 және 307-баптарын қараңыз) ;

г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осыңдай күш қолданумен қорқьпу арқылы жасалса (ҚК-тің 178-ба-бын қараңыз) үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыстық кодекстің 260-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрлері:

а) ұйымдасқан топ (ҚК-тің 31-бабы) ;

б) ірі мөлшердегі есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар жөнінде (ҚК-тің 259-бабы 3-тармағының «в» тармақшасы)

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалған (ҚК-тің 179-бабын қараңыз) үшін жауаптылық белгіленген.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап)

Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар.

Қылмыстың объективтік жағы негізінен екі түрлі нысан арқылы сипатталады. Оның бірінші нысаны - басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кеңестер беру, ұсыныс, өтініш жасау, алдау, организмге осы заттарды енгізу ерекше сезімге бөлейтіндігі жөнінде пікірлер айту арқылы көндіру болып табылады. Екінші нысанының мағынасы басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды түтынуға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы көндіруге байланысты болады.

Есірткі заттарды тұтынуға оларға жататын таблеткаларды (кодейн, барбамид) немесе ұнтақтарды (кебу морфин, апиын) ішке жұту, инъекция арқылы (морфий, кокаин) ұнтақтарды дем арқылы ішке тарту (кокаин, эфир), тарту арқылы (гашиш) немесе құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді (бетол, қызғалдақ) шайнау арқылы қабылдау жатады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол адамды көрсетілген заттарды тұтынуға көндірген уақыттан бастап (жәбірленушінің тұтынған немесе тұтынбағанына я болмаса тұтынудан басқаның бөгет болуына байланысты бас тартқанына қарамастан) аяқталған деп саналады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі өзін басқа адамның наркотикалық немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіргенін сезеді және соны тілейді.

Қылмыстың объектісі 16-ға толған адам.

ҚК-тің 261-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;

б) әлденеше рет;

в) кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі екі немесе одан да көп адамдар жөнінде;

г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалған әрекетгер үшін жауаптылық белгіленген. Ал ҚК-тің 261-бабының 3-тармағында:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
ҚР НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КРИМИНЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
Адамгершілікке қарсы қылмыстар
Денсаулықты сақтау саласындағы қылмыстар
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz