ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАР
Жоспар:
КІРІСПЕ 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАР 6
1.1 Халықаралық туристік ұйымдар түсінігі және дамыту саясатының
мақсаттары мен қағидаттары 6
1.2 Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін
факторлар 11
1.3 Халықаралық туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі 16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРА-ЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Халықаралық туризмнің Қазақстан Республикасындағы жетілдіру 24
жолдары
3.2 Халықаралық туризмді Қазақстан Республикасында дамыту 24
стратегиясы
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 40
41
Кіріспе
“Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі
дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-
өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз
жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін
қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен
келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға
белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет пен
қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының
маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі
министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік
компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін
жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік
Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің
оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік
өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. 2009 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын
дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37
пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль
экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа
мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік
рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс
жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне
басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік
рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын
өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және
халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына
қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта
есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты
жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және
туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті
басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік
индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне
қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей,
Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік
көрмелеріне қатысып келеді.
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында
халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді
не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық
туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту
саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық
өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін
табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна
мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік
өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің
есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде
кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.
Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал
туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Жек сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты
Қазақстанда жақында басталды. Туристік қызметтік жеткіліксіз дамуы, қызмет
етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы
пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті
деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, диссертацияның
тақырыбын таңдауға себеп болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен
шет елдік ғалымдардың еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды.Туризм
саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік – X.
Криппендорф, Б. Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің
маңыздылығы өте жоғары.
Туристік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша экономикалық
мәселелерді шешуде ТМД ғалымдары: Г.Л. Азоев, А.П. Градов,
И.Н. Герчикова, Н.Н. Дуданов, Р.А. Фатхутдинов, А.Ю.
Юданов, Р.М. Петухов және т.б. ғалымдардың қосқан үлестері зор.
Қазақстаннның қызметтер көрсету нарығының дамуындағы туризм саласының
кейбір мәселелері қазақстандық ғалымдар: А.А Алимбаев, Р.А.
Алшанов, С.Б. Ахметжанова, У.Б. Баймуратова, А. Есентүгелова,
Б. Мырзалиев Ә.Ә. Сатыбалдин, С.Д. Тәжібаев, С.Қ. Сураганова,
Б.Н. Исабеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Сонымен қатар, осы тақырып төңірегіндегі көптеген мәселелер аз
зерттелген және ғылыми талданбаған. Туристік қызметтер төңірегінде
бәсекелік мүмкіншіліктерді бағалаудың теориялық тұстары аз зерттелген.
Қызметтер нарығындағы туристік фирмалардың тұрақтылығын дұрыс бағалау үшін,
бәсекелік мүмкіншілігін анықтай алатын бағалау әдістемесі әлі күнге жоқ.
Сол себепті, туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған көкейкесті
мәселелер әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу
барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және
отандық экономистердің еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік
негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік,
статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негіздері. Туристік қызметтерді
реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар
мен басқа да Президенттің, Қазақстан республикасы Үкіметінің ресми
құжаттары диссертациялық жұмыстың нормативтік-құқықтық негізі болып
табылады.
Курстық жұмыстың ақпараттық негізі ретінде Бүкіләлемдік Туристік
Ұйымның, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Агенттігінің, Қазақстан
Республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысының мақсаты –
туризм саласының ұйымдастырылуын жақсартудың экономикалық жақтарын зерттей
отырып, халықаралық туризмнің қазіргі даму барысына талдау жүргізу және
көрсетілген туристік қызметтердің сапалылығын жетілдіруде әдістемелік
нұсқаулар дайындап, нақты тәжірибелік ұсыныстар беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудың шетелдік
тәжірибесіне шолу жасай отырып, олардың озық үлгілерін
отандық туризмді дамытуда қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- халықаралық туризмнің қазіргі жағдайына республика және аймақ
деңгейінде талдау жасап, негізгі даму серпінін анықтау;
- туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудағы экономикалық,
ресурстық, қаржылық және әлеуметтік әлеуеттердің
пайдаланылу мүмкіншіліктерін бағалау;
- туристік фирмалардың қызметтерін басқару бойынша нарық тетіктерін
енгізудегі ұсыныстарды негіздеу;
- туристік фирмалардағы көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін
жауапкершіліктерін күшейтетін экономикалық тетіктер
негізіндегі шараларды жетілдіру;
- туристік қызметтерді жетілдіру мен олардың тәжірибелік
нәтижелерін бағалауда кластер құрудың тиімділігін ғылыми
негіздеу;
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАР

мақсаттары мен қағидаттары
Халықаралық туризм жекелеген елдердің өмірінде әлеуметтік-экономикалық
қатынастарды сипаттамасы және бір уақытта халықаралық қатынастардың
құрамдас бөлігі бола отырып мемлекет сияқты, халықаралық деңгей шегінде де
туристтік-экскурсиялық қызметтің барлық кешенін ұйымдастыруда және
басқаруда қажетті алғы шарттар болып табылады. Мұндай алғы шарттар,
көбінесе, туристтік ұйымдарды құру кезінде жүзеге асырылады.
Туристтік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:
• Ұлттық-аймақтық белгі бойынша: халықаралық, аумақтық және ұлттық
ұйымдар. Олардың қызметі бүкіл әлемдік, аумақтық және ұлттық сипатқа
ие.
• Қоғамдық-мемлекеттік бойынша: өкіметтік, қоғамдық, жеке меншіктік.
• Қызмет түрі бойынша: реттеуші, жабдықтаушылар, нарық агенттері,
өңдеушілер, кеңес берушілер, жобалық ұйымдар, оқытушы ұйымдар,
баспашылар, кәсіптік ассоциациялар, саудалық және тұтынушылық ұйымдар.
• Қызмет сферасы бойынша: көліктік (авиациялық, автобустық, темір жол,
автомобиль және круиздік), туристтік агенттер, туроператорлар,
жергілікті (локальді) кәсіби одақтар.
Халықаралық туристтік айырбасты тұрақты түрде кеңеюі оның халықаралық-
құқықтық регламентациясына; әртүрлі құқықытық институттарды өңдеуге және
мамандандырылған халықаралық туристтік ұйымдарды құруға қажеттілікті
тудырды.
Дүниежүзілік туристтік ұйым (ДТҰ)
Бүгінгі күнде дүниежүзілік туристтік ұйым – туристтік әлемде ең атақты
және танылған. Дүниежүзілік туристтік ұйым өкіметтік емес ресми туристтік
ұйымдардың халықаралық одағының (РТҰХО) Біріккен Ұлттар Ұйым патронажындағы
өкіметаралық ұйымға ауысуы жолымен 1975 жылы 2 қаңтарда негізі қаланды.
Қазір оның мүшелілігіне 105 мемлекет, бірнеше ассоциацияланған және 150
астам қосылған мүшелер (туристтік фирмалар, авиакомпаниялар, халықаралық
ұйымдар) кіреді.
ДТҰ-ның жарғысы 1975 жылы 27 қыркүйекте қабылданды. 1980 жылдан бастап
бүл күн Дүниежүзілік туризм күні деп есептелінеді. Жыл сайын
дүниежүзілік туризм күні белгілі-бір ұранмен жүргізіледі. 4 жыл сайын ДТҰ
Бас ассамблея сессиясын ұйымдастырады, олардың арасында ДТҰ Бас
ассамблеясының атқарушы комитеті жұмыс істейді.
ДТҰ-ның штаб-пәтері Мадрид қаласында (Испания) орналасқан.
ДТҰ келесі мақсаттарды көздейді:
• Туризмнің дүние жүзінде тыныштыққа, өзара түсунушілікке, адамдардың
денсаулығына және гүлденуіне әсерін жылдамдату және кеңейту;
• Саяхат уақытытнда білім алуға және мәдениетке адамдардың қол жетуіне
көмектесу;
• Шетел туризмі үшін қажетті материалдық-техникалық базасын қамтамасыз
етуде көмек арқылы әлемнің аздап дамыған аудандарында тұру және кему
стандарттарын жақсарту және бұл аудандарды байланыстыратын көлік
жолдарын дамыту;
• Туристтерді қабылдайтын елдердің мүмкіншіліктерін кеңейту және
осыменен олардың экономикасына үлес қосу;
• Мемлекет арасында бағдарлау және ыңтымақтастық бойынша халықаралық
агенттік ролін атқару;
• Туризм саласында ұлттық ұйымдардың кеңесі үшін ең маңызды деген
мүшелеріне қызмет көрсету;
• Пленум және отырыстардың тақырыптарын анықтау, сондай-ақ қатысушы-
мемлекеттің туристтік мүдделерін бағдарлау (ұлттық туристтік ұйымдар
сияқты, саяхаттанушылардың мүдделерін білдіретін кәсіптік секторлар
және ұйымдар);
• Туроператорлардың әртүрлі бірлестіктері арасындағы тұрақты өзара
байланысты орнату;
• Барлық жоғарыда аталған шараларды ең оңай жолымен жүзеге асыру.
ДТҰ-ның қызметі негізінен туризмнің ақпараттық жылжуына, оның
маңыздылығы мен артықшылықтары кеңейтуге, сондай-ақ жаңа материалдық-
техникалық базаны құруға шоғырланады. Ұйым халықаралық туризм саласында
белгілі-бір қағидаларды өңдеу және еңгізу жолымен туризмдегі әртүрлі
ұлттардың іс-әрекетін тәртіптендіруге ұмтылады.
ДТҰ Бірікке Ұлттар Ұйымындағы туризмнің негізгі өкілдігі болып
табылады және әлемдік туризмнің ең авторитетті органы ретінде әрекет етеді.
Одан басқа ДТҰ халықаралық құжаттарды (актілерді) өңдейді және олардың
орындалуын бақылайды.
ДТҰ қызметінің басқа аспектілері өзіне туризмге әсер ететін
мемлекеттер арасындағы сұрақтарға қатысты ынтымақтастықты ұйымдастыру және
ынталандыруда мемлекет дамуына көмектесуді қосады.
ДТҰ-ның маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық туризм бойынша
статистиканы зерттеу, жаңа өлшеу әдістерін жасау, болжау, өңдеу және
маркетинг сияқтыларды қосатын зерттеулер. Мұның бәрін туристтік ұйымдар
өзінің қызметінде қолдануы мүмкін. Зерттеуші қызметі статистика әдістерінің
артуына әкеледі.
ДТҰ әлемдік туризмнің жағдайы туралы тұрақты есеп беріп тұрады, онда
туристтік индустрияның әрі қарай дамуының жетістіктері сияқты, кедергілерді
ескереді. ДТҰ халықаралық туризмге өкіметтік араласуын болдырмау немесе
шектеу арқылы әлемдік туризмге әрекет етуге талпынады. ДТҰ мемлекеттер
дамуын, әсіресе БҰҰ – мүше елдеріне техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
ДТҰ қызметіндегі ең атақты оқиға – 1980 жылы 27 қыркүйекте Манилада
(Филлипины) болған туризм бойынша дүниежүзілік конференцияның өткізілуі.
Туризм бойынша дүниежүзілік конференцияға шақыру туралы шешімді ДТҰ-ның 2-
ші сессиясының Бас ассамблеясы (мамыр 1977ж.) Қабылдады. Конференцияда
туризмнің дамуына мемлекеттердің жауапкершілігінің сұрақтары (әлеуметтік-
экономикалық шарттар, мақсаттары және міндеттері, факторлар) және адам —
өзінің демалысын ұйымдастырушысы; сұраныс пен ұсынысты реттеу; туризм
саласында ғылыми-техникалық ыңтымақтастық, туризм индустриясына кадрларды
дайындау сияқты өзекті мәселелерді қарастырады. Қорытынды құжатта талқылау
барысында бірлесе өңделген ұсыныстар сипат алған. Бұл құжат әлемдік туризм
бойынша Манильдік декларация деп аталды. Конференцияға 100 астам
мемлекеттің өкілдері қатысты.
Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (ӘКХА)
Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы – 1919 жылы негізі қаланған
және 1945 жылы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қайта құрылған барлық
халықаралық авиа-тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. ӘКХА – халықаралық
рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы
болып табылады. Оның басты қызметі – халықаралық коммерциялық авиациялық
хабарларды реттеу, барлық мүшелеріне біртұтас ерержелер пен процедураларды
еңгізу және халықаралық маршруттарға жолаушылар авиатасымалдарына келісімді
тарифтерін орнату.
ӘКХА –ның жоғарғы органы – жыл сайыңғы Бас ассамблея, оған президент
және атқарушы орган сүйенеді.
ӘКХА мақсаты – азаматтық авиация халықаралық ұйымдарының саясатын
жүзеге асыру.
ӘКХА – бұл әуе тораптар маршруттарының әртүрлі комбинацияларын
пайдалана отырып бір елден басқа елге адамдарды, пошталарды және жүктерді
жеткізуге әрекеттесу. ӘКХА көліктік конференциясында қабылданған
резолюциялар тек билеттерге ғана емес, сондай-ақ жол қағаздарына, жүк
құжаттарына да қатысты.
Тарифтерді орнату — ӘКХА жұмысының маңызды құрамдас бөлігінің бірі.
Барлық авиакомпаниялар арасында тарифтерді белгілеу қажеттілігі – бұл бір
уақытта саясат, тәжіребие болып табылады, өйткені халықаралық
авиакомпаниялары иелерінің – мемлекет өкіметімен бақыланады. Әрбір ел —
өзінің кеңістігінің иесі, ол өзінің территориясына кіруге тыйым салу немесе
рұқсат беруі мүмкін және өзіне ыңғайлы шарттарды қоюына болады.
ӘКХА – ның мүшелеріне — халықаралық әуе сапарларын жасайтын 259
авиакомпаниялар кіреді. Бұл авиакомпанияларының үлесіне халықаралық тұрақты
хабарламалардың 95 %-не жуығы келеді.
ӘКХА – ның мүшесі және конференция қатысушысы болуы үшін
авиакомпанияларының өкімет беретін, халықаралық азаматтық авиация ұйымына
да келетін, тұрақты тасымалдауды растайтын сертификаты болуы керек.
ӘКХА бүкіл жер шарының аумағын 3 үлкен аймаққа бөледі:
1) Солтүстік және Онтүстік Америка және халықаралық линиядан
шығысқа қарай тынық мухиттық аймақ бөлігі;
2) Еуропа, Африка және Таяу Шығыс;
3) Азия, Австралия және халықаралық линиядан бастықа қарай Тынық
Мухиттық аймақ бөлігі.
Туристтік агенттіктер ӘКХА – ның қызметіне оның арнайы бөлімшесі –
авиакомпаниялар агенттіктерінің халықаралық ұйымы арқылы қатысады.
Аккредитация процедурасынан өткен және тиісті белгілі-бір талаптарға сәйкес
келетін әрбір турагенттікке – визиттық карточканың бір түрі ретінде номер
беріледі және ол авиакомпаниямен және басқа салаларының қатысушыларымен
есеп айырысуды жүзеге асырғанда пайдаланылады.
Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы(ААХҰ)
Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы 1944 жылы Чикаго конвенциясымен
белгіленді. Бірікке Ұлттар Ұйымының эгидасымен жұмыс істейді. ААХҰ қызметі
әуе көлігі индустриясының қызметіне қатысты ұлттар тепе-теңдігіне
негізделеді.
ААХҰ басты міндеті – халықаралық стандартқа және нормаларға сәйкес
авиатасымалының қауіпсіз, мамандандырылған және экономикалы тиімді
халықаралық нарықтарын дамыту және қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйым келесі мақсаттарды көздейді:
• бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиациясының өсуін және дамуын
басқару және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• сыртқы ортаны қорғау есебінен әуе құралдарын құру және пайдалану
процестерін қолдау және көтермелеу;
• әуежайларды, халықаралық авиация қажеттілігінің шарттарын құруды
қолдау және көтермелеу;
• авиакөлікке адамдардың негізгі талаптарын тиісті жақсы орындау;
қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы, сапарларды реттеу, үнемділігі;
• әртүрлі елдердің авиакомпаниялары арасындағы негізсіз қақтығыстарды
болдырмау бойынша экономикалық шараларды көтермелеу;
• ААХҰ мемлекет- қатысушыларының құқықтары толығымен сақталатынына қол
жеткізу және әрбір елдің халықаралық авиакомпанияны иемденуге және
басқаруға нақты мүмкіншілігі бар екендігіне қол жеткізу;
• ААХҰ мемлекет-қатысушылары арасындағы дискриминацияны болдырмау.
ААХҰ мүшеліліге 183 мемлекет кіреді. ААХҰ келесі ұйымдармен тығыз
қатынаста жұмыс істейді:
• Халықаралық ақпараттық одақ;
• Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым;
• Электр хабарларының (коммуникация) халықаралық одағы;
• Дүниежүзілік пошталық одақ;
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;
• Халықаралық теңіз ұйымы.
Халықаралық туризм – бұл мемлекетттің дамуында үлкен роль атқаратын,
қиын да бірегей құбылыс. Халықаралық туризмнің әлемдік сауданың және ұлттық
экономиканың дамуына әсері жоғары дәрежелі мәнге ие.
Әрбір мемлекеттің сыртқы экономикалық айырбасы, валюта негізінде
көрінетін сыртқы саудасы экономикалық қызметтің негізгі сферасы болып
табылады. Халықаралық айырбас теориясы жеке мемлекетттердің сыртқы сауда
процессіндегі нәтижелеріне байланысты шарттар мен факторларын қарастырады.
Сыртқы сауда қызметтеріне қатысты бұл теориның жалпы қағидалары туристермен
айырбас жасау ерекше нысанына әбден келеді. Экономистер ішкі туризмге
қарағанда халықаралық туризмге көңіл бөлген. Олар мынадай шешімге келген,
яғни, төлем балансына тауарлардың аййырбасы қалай әсер етсе, туристік
қозғалыс та сондай-ақ әсер етеді. Сондықтан да халықаралық туризмді сыртқы
экономикалық қатынастардың бір түрі ретінде және сыртқы сауданың ерекше
нысаны ретінде түсіндіруге болады.
Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың бір нысаны
ретінде шетелдік туристердің кең көлемдегі рухани және мәдени
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы туристік қызметтің түрлерін
ұсынуға бағытталған қызмет болып табылады.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны ретінде
өзгеше белгімен ерекшеленеді. Олардың негізгілері, әлемдік нарықта сату-
сатып алу құралдары ретінде тікелей сыртқы сауды айырбасына қабілеттілігі
жоқ тауарлар мен қызметтер болып табылады.
Саяхатшыны орналастырумен байланысты көрсетілетін қызметтерге
(мейманхана, тамақтану, экскурция, төсек орнын жуу, тазалау т.б) тауарлық
сипат тән. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер ғана сатылып және сатылып
алынбайды, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік- экономикалық туристік
–рекреациондық ресурстар да сатылады және сатылып алынады. Бірақ бұл сауда-
саттық та олар дәстүрлі экспорт кезіндегідей территориядан алшақ кетпейді.
Шетелдік туризмнен түскен валюталық түсімдер, ішкі туризмнен түскен
табыстар сияқты табиғаттың емдік және ерекше қасиеттері үшін, жергілікті
жердің тарихи ескерткіштері үшін өзіндік рекреационндық рента болып
табылады.
Туризмнің тағы бір ерекшелігі сол, қызмет пен тауар өндірісіне
жұмсалған еңбек оның жасалған жерінде затқа айналады. Бұл кезде тауар
тұтынушыға қарай жылжымайды, керісінше, сатып лаушы тауардың немесе
қызметтің өндірілген жеріне өзі келеді, ал бұл капиталдың айналу уақытын
қысқартады. Халықаралық туризмнің бұл негізгі сипаттамасы, оның басқа
экспорттық баптардан ерекшелендіретін бірқатар жағдайларды тудырады.
Біріншіден, сатып алушы саяхатшы тасымалдау шығындарын өзі төлейді.
Екіншіден, шетел саяхатшыларының сапар кезіндегі тауарлар мен сувенирлерді
сатып алуын сыртқы сауданың тиімді формасы ретінде қарастыруға болады. әр
елдерде бірқатар салалар топтары осы ішкі экспортқа қызмет етеді. Мысалы,
Жапонияда шетел саяхатшылары елде өндірілетін радио тауарлары менг видео
аппаратураларының, фотоаппараттардың айтарлықтай бөлігін сатып алды;
Швейцарияда – сағаттар, шокалад, сыр, Францияда – иіс сулар мен сән
салондарының өнімдерін, Италияда – аяқ киім мен былғары галантереясының
өнімдерін, Ұлыбританияда – виски және басқаларын сатып алады.
Халықаралық туризмге ішкі саудада қалыптасатын операциялар түрлері
тән, атап айтқанда: экспорт, импорт және реэкспорт, бұл операциялардың
халықаралық туризмде өз ерекшеліктері бар. Халықаралық экономикалық
қатынастар формасы ретінде халықаралық туризмнің басты ерекше белгісі сол,
қызметті сатып алу, кез келген сыртқы сауда мәмлесі сияқты, шетелдік
контрагенттер (туристік фирма, шетелдік турист) арқылы жүзеге асады. Осыған
байланысты халықаралық туризмдегі экспорт дегеніміз – шетел қонақтарын
қабылдау, ал импорт - осы елдің саяхатшыларының шетелдерге сапар шегуі.
Халықаралық туризмдегі реэкспорт түсінігінің мазмұны күрделірек. Таза
теориялық көзқарастан алып қарағанда, бұл категорияға осы елдің туристік
фирмаларынан үшінші елге сапар шегу үшін жолдама сатып алған барлық шетел
саяхатшылары жатады. Алайда, қалыптасқан есеп жүйесінің жетілмегендігіне
байланысты, саяхатшылардың бұл категориясын есепке алу қиынға соғады.
Сондықтан халықаралық туризмдегі реэкспортық операциялар барған сайын
ұлғайып бара жатса да,олардың көрсеткіштері экспортық операцялар шінде
жоғалып кетеді.

факторлар
80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа мемлекеттерінің туристік
сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар бірқатар экономикалық және
әлеуметтік факторлар әсерімен, сондай-ақ қазіргі адамның психологиясындағы
өзгерістер мен түсіндіріледі. Туристік тұтыну құрылымына экономикалық
конъюнктураның нашарлауы шешуші әсер етті. Индустриалдық дамыған елдерді
шарпыған дағдарыс халықтың сатып алу қабілеттілігін төмендетті. Жұмыссыздар
армиясы көбейді. Дағдарыс әсіресе туристік қызметтің негізгі тұтынушылары –
қоғамның орташа тобын қамтыды, сөйтіп олардың өз бос уақытын ұйымдастырудың
басқа жолдарын іздестіруге мәжбүр етті.
Экономикалық конъюктураның нашарлауына байланысты туындаған әлеуметтік
сферадағы өзгерістер, өз кезегінде,туристік сұраныстың сипатына ықпал етті.
Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалу кезеңі ұзартылды, жұмыс
аптасы қысқартылды, икемді жұмыс графигі енгізілді. Еңбек нарығында
қалыптасқан сәйкессіздікті жоюға бағытталған бұл шаралар, сонымен бірге,
халықтың бос уақыт қорының ұзартылуына және туристік қызметті тұтынушылар
шеңберінің кеңеюіне жағдай жасады.
Жоғарыда аталған шаралардың ішінде зейнеткерлер мәселесін ерекше
қарастырып кетейік, өйткені зейнет жасындағы адамдардың туристік
белсенділігі жоғары. Дағдарысқа дейін көптеген өркениетті елдерде ол 60-65
жас деңгейінде бекітілген. Экономикалық құлдырау нәтижесінде, қаржы жағдайы
нашарлаған кейбір кәсіпорындар алпыс жасқа жетпеген адамдардың өзін
зейнеткерлікке шығара бастады. Олар- денсаулығы мықты бос уақыты шектеусіз,
демалыс сапарларына қажетті қаржысы бар адамдар. Олардың халықаралық және
ішкі туризм нарығына тигізетін ықпалы өсіп келеді.
Туристік сұраныстың қазіргі таңдағы сипаты субьективтік факторлар
әсеріне байланысты қалыптасады. Адам технологиясындағы жаңа құндылықтардың
пайда болуы терең өзгерістерге әкелді, олар төмендегілер:
- Жеке тұлғаның өз физикалық және рухани қабілеттерін дамытуға
ұмтылуы;
- Басқа индивидумдармен, әлеуметік топтармен және мекемелермен
қарым қатынас орнатуы. Мұндай қарым-қатынастарға жұмсақ әрі
икемді сипат тән, және олар негізінен адамның өз таңдауына
байланысты қалыптасады;
- Адамның табиғатқа деген қарым- қатынасының өзгеруі.Біріккен
Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөніндегі
конференциясының қортынды есебінде былай делінген: адам өз
тәкапарлығын және тұтынушылық эгоизмін бәсеңдетіп, табиғатпен
үйлесімді өмір сүруге ұмтылады. Бұл адамдар өмірінің жоғары
сапасын қамтамасыз ететін табиғатты қорғаудың экологиялық тиімді
жүйесіне негізделген қоғамның тұрақты даму концепциясыенда
көрініс тапты. Тұрақты даму қазіргі таңдаңғы адамзаттың негізгі
міндеті болып табылады.
Қарастырылған факторлар туристік тұтынуда терең өзгерістердің орын
алуына ықпал етті. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлау кезінде бос уақыт
көлемінің артуына байланысты халықтың рекреакциондық жүріп-тұрысында екі
тенденция қалыптасты: демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді
сапарлардың артуы. 80-ші жылдардың басында Австрия және Ұлыбританияда
халықтың 20 %-тен астамы жазда және қыста шыққан, ал 10%-ті демалыс
сапарларына жылына 3 және одан да көп рет барған. Осындай жағдай Италияда,
Германияда, Еуропаның басқада дамыған елдерінде қалыптасқан. Демалыс
сапарларының уақыты қысқарып, ал жалпы саны көбейді. Батыс әдебиетінде бұл
құбылыс үзілісті саяхат деген атқа ие болды.
Үзілісті саяхатты ұйымдастыру ісі табысты болып шықты, сондықтан
турфирмалар өз тарапынан мұндай сапарларға деген тұтынушылық сұранысты жан-
жақты қолдай бастады. Кәсіпорындардың туристік нарықтың жаңа сегментін
кеңейтуге деген қызығушылығы келесі себеппен түсіндіріледі - қысқа мерзімді
туристер кәдімгі туристерге қарағанда бір күнге шаққанда көбірек шығын
жұмсайды. Сонымен қатар мұндай саяхат түріне сұраныс жыл бойы сақталады
(сәуір, қыркүйек, қазан және ақпан айларында біршама жанданады), соның
нәтижесінде туристік саланың ең өткір проблемаларының бірі - мейманханалар
мен транспорт жұмысындағы мезгілдік теңсіздікті бәсеңдетуге мүмкіндік
береді.
Батыс Еуропа халқының арасында демалыс және мереке күндері саяхатқа
шығу бағыттары кең қолдау тапты. Олар негізінен көрмелерге, музейлерге,
галереялар мен дүкендерге барады. Сондай-ақ адамдар өз демалыстарын ұлттық
саябақтарда өткізгенді жақсы көреді немесе фестивальдарға, карнавалдарға
қатысу үшін аз уақытқа жолға аттанады. Статистикалық зерттеу деректері
бойынша 1993 жылы Еуропалықтардың іскерлік мақсаттан тыс сапарларының 40%-
ті жақын қалалаға келсе, 1\3 бөлігі тауда, теңізде және ауылды жерлерде
демалу мақсатын көздеген, қалған 30%-ті емделу, жазғы және қысқы спорт
түрлерімен айналысумен байланысты болған.
Қысқа мерзімге саяхатқа шығу кезінде қолданылатын негізгі транспорт
түрі – меншік автомобильдер. 1993 жылы туристердің тек 13%-ті самолет пен
сапарға аттанған. Жол сапарда олар негізінен мейманханада түнейді.
Қысқа мерзімдік сапарлардың Батыс Еуропалық нарығына туристер
негізінен Терманиядан және Ұлыбританиядан келеді. 1993 жылы бұл елдердің
үлесіне қысқа мерзімді сапардың 35 және 10 пайызы келді. Олардың көп бөлігі
Францияға, Австрияға, және Германияға барады.
Қысқа мерзімді саяхатшыларды қабылдаушы Еуропа елдерінің арасында
бірінші орынды Франция алады. Жақын арадағы туризмді дамыта отырып, ол
Германиядан, Белгиядан, Ұлыбританиядан, Италиядан, Испаниядан уақытша
туристерді қабылдайды.Бірнеше күн ішінде туристер Парижді және Францияның
келесі қалаларын аралайды: Океанографиялық турларымен әйгілі Марсель;
әскери базаның орнындағы ерекше рекреакциондық аймағы бар Белфорт;
архитектуралық ескерткіштерге бай Нант және т.б Бұлардың әрқайсысының
ерекшеліктері бар, және олар уақытша туристерді тарту үшін тиімді
қолданылады. Жүзеге асырылатын мақсатты шаралар нәтижесінде Франциядағы
қысқа мерзімді туризм жылына 25%-ке өсіп отырады, бұл ұзақ мерзімдік
туризмге қарағанда 3-4 есе артық.
Қысқа мерзімдік сапарлар санының өсуіне қарамастан ұзақ сапарларға
деген сұраныс та сақталған.
Соңғы кездегі туризм дамуының тағы бір тенденциясы – үлкен жастағы
адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Бір қарағанда, 55 жастан асқан
адамдардың туризмі парадокс сияқты болуы мүмкін, өйткені зейнеткерлікке
шығудың өзі адамның демалуын қамтамасыз етеді. Алайда әр жас тобындағы
халықтың қажеттілігін зерттеу-бұл проблеманың өткір екендігін көрсетеді.
Туризмді күнделікті жұмыстан дем алу және жұмысқа деген қабілеттілікті
қалпына келтіру құралы ретінде пайдаланатын халықтың белсенді бөлігіне
қарағанда, бос уақыты көп зейнеткерлер үшін туристік сапарлар – белсенді
өмір сүру формасы. Осыған байланысты үлкен жастағы адамдардың туристік
нарықтағы алатын үлесі айтарлықтай. Бүгінде ол елеулі өзгерістерге
ұшырауда.
Үлкен жастағы адамдардың туристік сұраныстары олардың өздерінен 10
және 20 жас төмен құрдастарына қарағанда қатты ерекшеленеді. Олар өз
жастарындағы ата-аналарына қарағанда неғұрлым сергек. Туристік сапарларға
деген бейімділік бұл адамдарда зейнеткерлікке шықпай тұрып – ақ
қалыптасқан. Еуропада туристік қызметтің күрт өсуі басталған кезде олардың
жасы 30-да болды. Олардың көбі сол кезде-ақ саяхатқа белсенді түрде
араласқан.Сол кезден бері туристік сапар олардың өмірінің ажырамас бөлігіне
айналды.
Қазіргі күнгі үлкен жастағы саяхатшылар – тәжірибелі және искушенный
адамдар. Олар үшін туризм тек күнделікті шаруалардан демалу тәсілі ғана
емес, сонымен бірге әлемді тану формасы. өмірге деген қызығушылығын
жоғалтпаған олар әртүрлі приключениялар және қауіп – қатермен байланысты
сапарларға да шығады: Альпы тауларында шаңғы тебеді; Африканың шөл
далаларында саяхатшылайды. Олардың көпшілігі топтасып саяхат құрғанды
ұнатады.
Егде жастағы саяхатшылардың көпшілігі ерекше қызмет түрлерін керек
етпейді, жастармен бірге демалады. Дегенмен, кейбір сапар түрлеріне мысалы,
круиздық және автобустық турларына әсіресе 55 жастан жоғары адамдардың
сұранысы жоғары.
Денсаулығы нашар егде адамдар да саяхат шегіп рахат алғанды жақсы
көреді, алайда олардың мүмкіндіктері шектеулі. Халықтың бұл категориясының
демалысы төртінші жас үшін арналған бағдарламалар шеңберінде
ұйымдастырылады. Оларды арнайы құрылымдар жүзеге асырады, мысалы, Даниядағы
Дайнэдж Ассоциэшн. Нидерландиядағы Сенье Ваканти План немесе Швециядағы
Свериджес Пенсиопарсфорбинд сияқты зейнеткерлер клубтары және
ассоциялары.
Егде адамдардың туристік сұранысының артуы тұрақты сипатқа ие болды.
Саяхат нарығының бұл сегментінің жоғары өсу қарқыны болашақта да сақталады.
Осы тенденцияны ескере отырып әлемнің жетекші саяхат фирмалары өз
қызметтерін егде жастағы клиенттерді тартуға бейімдеуде.
Демалыс стилінде де түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Теңіз
жағалауында қозғалыссыз уақыт өткізу демалудың ең кең тараған формасы болып
табылса да, біртіндеп, саяхатшылардың басқа да қажеттіліктері ұлғайды.
үш S- теңіз- күн- теңіз жағалауы орнын
үш L-ұлттық дәстүр- әсем көрініс- бос уақыт формуласы біртіндеп
басып келеді. Ол адам технологиясында орныққан жаңа құндылықтарға мейлінше
сәйкес келеді және қазіргі саяхатшының жүріс- тұрысы мен ойында көрініс
табады.
Күнделікті күйбең – тірліктен демалу үшін уақытша саяхатшы жергілікті
ерекшеліктеге,бөтен халықтың тұрмысына, мәдениетіне,әдет-ғұрыптарына ерекше
қызығушылық көрсетеді. Ол өзін қоршаған айналадан ерекше әсер алуға
ұмтылады. Сонымен бір мезгілде адамның күш- қуатын толық қалпына келтіру
және дамыту үшін белсенді демалыстың қажеттілігін түсінуі арта түседі.
Адамдар өндірістік және тұрмыс сфераларында туындаған дене және жүйке
тозуының орнын толтыру үшін сапарға аттанады.
Мұның барлығы адамның жеке еркіндігінің кеңеюі жағдайында жүріп жатқан
құбылыстар. Әр адам сырттан ешқандай қысым көрмей, саяхат сапарының
бағдарламасын өзі анықтағанын жөн көреді.
Белгілі Француз туризмологіне (M.Breton-Girard) сай, қазіргі
саяхатшының портретін былай сипаттауға болады: Бүгінгі саяхатшының түр-
сипаты спортшыға ұқсас, ол үнемі әртүрлі оқиғаларды іздейді. Ол өз көңіл-
күйі мен табиғаттың кездейсоқ сыйларына қарамастан уақыт өзгерісіне
бейімделіп отырады. Қазіргі кезде саяхатшы жалға тәуелсіздікті, қызық –
керуенді және өмірлік күш іздеп шығады оған ұжымдық мүшелік және бастама
бөтен. Адам, өз уақытын қызықты, белсенді өткізгісі келеді, аз уақытқа
болсын басқадай өмір сүруге ұмтылады.
Туризмнің материалдық базасын дамытуға бағытталған күрделі салымдар
тиімділігі табиғи, мәдени-тарихи факторлары, климаттық жағдайлары, тарих
және мәдениет ескерткіштері тағы басқалар арқылы сипатталатын туристік
ресурстардың ерекшеліктері арқылы анықталады. Олар пайдалану процесінде
өзінің құндылығын жоғалтпайды. туризм индустриясының кәсіпорындарын құру
халық шаруашылығының басқа салаларын құрудағыдай маңызды капитал салымдарын
талап етеді.
Белгілі инвестициялық саясат арқылы туризм қызметіне сұранысы мен
ұсынысының сәйкестік мәселесі шешіледі.
Туризм сферасына капиталды салымдар салудың мақсатты бағыты бар. Олар
туристік базаларды, қонақ үйлерді, кемпингтерді, жолдарды, көпірлерді,
сонымен қатар, табиғат, мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге, сақтауға
жұмсалады.
Туризмнің тағы бір ерекшелігі елдің экономикасына және тұтас ауданның
мәдениетіне белсенді әсер етуінде. Туристік шаруашылықты құру мен оның
қызметі жол транспортының қызметі, сауданың, коммуналды тұрмыстың,
мәдениеттің, туристерге медициналық қызмет көрсетудің дамуымен тығыз
байланысты.
Туристік мекемелерді пайдалану үшін мамандар керек. Ал, өз кезегінде
оларды құруды жоспарлай отырып нарық жағдайында мәні зор, жергілікті
тұрғындардың еңбек пен қамтылуын есепке алған жөн.
Экономикалық жағдайларды есепке ала отырып алдағы жылдары республикада
капиталды салымдар бірінші кезекте туризм обьектілерін қалыпты жағдайға
келтіруге және туристік кәсіпорындардың обьективті талаптарынан туған
кешендерін құруға бағытталуда. Туристік кешен жүйесінде жаңа құрылыстарды
салуға ғана емес, сонымен қатар қазірде бар туристік обьектілерді,
кәсіпорындарды және ұйымдарды жөндеу мен жетілдіруге де көңіл бөлінуі
қажет. Экономиканың нарықтық қатынасқа өтуі кезінде қызметтің саны мен
сапасына, формалардың түрлеріне және туристік экскурсиялық қызмет көрсету
тәсілдеріне жаңа талаптар қойылуда. Бұл жоспарда туризмнің материалды –
техникалық базасын құру мен дамытудың мәні зор. Инвестициялық потенциалды
пайдалану кезінде бұл процесс екі бағытта жүргізіледі:
1-бағыт – қазір қолда бар материалдық –техникалық базада туристік-
экскурсиялық қызмет сапасы мен көлемін жоғарылатуды қарастырады:
2-бағыт – материалды базаның одан әрі дамуын, туристік мекемелер
торабын кеңейтуді және қосымша туристік ресурстарды игеруді қарастырады.
Туризмнің дамуының осы мақсаттары мен тапсырмаларын жаңа жағдайда
жүзеге асыруы ғылыми – техникалық саясаттың негізгі бағыттары мен
концепциясын жасауды ұсынады. Бұл мақсаттардан төменгі жағдайларға
бағытталған жайлар негізделеді:
-әлемдік үлгіге жауап беретін туризм индустриасын құру :
нарықтық механизмді есепке ала отырып туризмнің нормативтік-техникалық
базисын құру :
-ғылыми білімдерді, ең жақсы отандық және шетелдік тәжірибе жобаларын
жинау және пайдалану:
-туристік саланың барлық құрылымын қамтитын стандарттау жүйесін құру.
Туристік индустрияға керекті бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі
қайнар көзі мақсатты бағытталған және жеткілікті көлемдегі инвестициялық
саясат. Туризмнің дамуын бірінші этапта қаржыландыру осы сферадағы
процесстерді реттеуші маңызды тұтқа ретінде қолданылады.
Пайдаға салық жеңілдіктерін бере отырып кәсіпорындардың уақытша, еркін
қаражаттарын еңгізудің макро және микро деңгейдегі қосымша тұрақтандыру
шараларын жасау керек.
Болашақта туризм дамуының маңызды тапсырмаларын шешуге керекті өзіндік
қаражаттың жетіспеушілігі байқалады, сол үшін келесі шараларды жүзеге асыру
міндеттеледі:
-мезгілді есепке ала отырып тоқсан сайын реттелетін туристік және
қонақ үйі қызметіне бағаны қоюдың икемді жүйесін жасау және ендіру;
-қондырғылар мен ғимараттарды күрделі жөндеуге қаржы бөлуді шектеу;
-жаңа обьектілерді соғуды қатаң техника-экономикалық негіздеу;
-өзіндік коммерциялық құрылымдар құру;
-валюта қаржаттарының бір бөлігін шетелден тауар мен азық түлікті
орталықтандырыған жерден сатып алуға жұмсау.
Инвестициялық белсенділік пен инвестициялық ресурстарды шетелдік
капитал көмегінсіз көтеру мүмкін емес. Экономиканы көтерудегі шетелдіек
капиталдың белсенді ролі тек ғана АҚШ, Германия,Франция сияқты дамыған
елдерде ғана емес, сонымен қатар Азияның жаңа индустриялы елдерінде –
Оңтүстік Кореяда, Тайваньда, Сингапурда, Гонконгта, Оңтүстік Шығыс Азия
елдері - Малайзияда, Индонезияда және т.б елдерде көрінуде. Біріккен
кәсіпорындарды, өндірістерді және туристік кешен құрылысын құру, қолда бар
обьектілерді жетілдіруде шетелдік инвестицияларды қолданудың туризмнің
дамуы саясатында маңызды бағытқа ие.
1.3 Халықаралық туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты
экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет
көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр
аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей:
Туризмнің материалдық-техникалық базасының жағдайы және дамуын
сипаттайтын көрсеткіштер елдердегі туризмнің күшін анықтайды.
Оларға жататындар: мейманхана қорындағы төсек орны және басқада
орналастыру құралдары; тамақтану кәсіпорындарындағы орын саны; ойын-сауық
орындарының саны т.б. Төсек орын қорының күші төмендегідей анықталады.
Кт = Cт х 365 + Ссхt
Кт - төсек-орын қорының күші; Ст - қолданылатын төсек-орынның жылдық
саны; t-сезондық қолданылатын күндер.
1. Туристік ағымның көлемі.
2. Тәуліктік туристік төлемнің орташа көлемі
3. Материалдық-техникалық базаның даму жағдайы.
4. Туристік фирмалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері
5. Халықаралық туризм дамуының көрсеткіштері.
Алматы мен Алматы облысы аймағында 2010 жылы туристік 142 объект 38,2
мың орын орналастыруға мүмкіндігі болды. Мамандардың есебі бойынша, жылдық
қолданудағы төсек саны 15,1 мың, сезондық қолданудағы төсек саны 36,9 мың,
ал “жоғарғы сезондық” күндер саны 60. Осыған қарап Алматы менАлматы облысы
аймағында төсек-орын қоры 332904 мыңға тең деп айтуға болады. Ал, 2011 жылы
туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни 42,8 мың орын
болған. 2011 жылы туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни
42,8 мың орын болған. 2011 жылы Алматы мен Алматы облысында төсек-орын саны
403146 мың орынға артқан. Туристік ағымға келетін болсақ - бұл елге келетін
туристердің тұрақты келуі деп түсінеміз. Туристік ағымның көлемі келесі
көрсеткіштермен сипатталады: туристердің жалпы саны; туристік күндердің
саны; елде болатын туристердің күнінің орташа мерзімі.
Туристік күндерді есептеу үшін келушілер санын, елге келетін әр
туристің орташа мерзіміне (күніне) көбейту қажет. Туристік күндер туралы
ақпарат қоғамдық инфрақұрылым жоспарлауда және материалдық-техникалық
базаны дамытуда мамандар үшін қажет дерек болып табылады.
Кт = Ст х Кор
Кт - туристік күндер; С - туристердің саны; Кор - күндердің орташа
саны.
Қазақстан Республикасының статистикасы бойынша туристердің болу
мерзімінің орташа мерзімі 2010 ж. 16 күн, сондай-ақ 2011 жылыда 16 күн
болған, ал туристердің келу саны 2010 жылы 228,3 мың, 2011 жылы 146,9 мың
адам. Осыған байланысты туристердің күні
2010 ж. = 228,3 х 16 = 3652,8
2011 ж. = 146,9 х 16 = 2350,4
Бұл есептеуден көрінгендей 2011 жылы туристердің күні төмен, ал
туристердің орташа болу мерзімінің төмендеуіне байланысты. Тағы да
себептерінің бірі фирмалардың ішкі туризммен айналысуының көбеюінен деп
санаймыз. Оған төмендегі көрсеткіш дәлел: 2010 ж. 31,6% болса 2011 жылы
37,9% ке өскен.
Осы есептеулерге байланысты әр туристің бір тәулікте қанша қаржы
шығаратыны белгілі болады. 2010 жылы туризмнен түскен табыс 1876,42 млн
тенге, ал 2011 жылы 1340,3 млн тенге, (2011 жылы төмендеу себебі туристік
күндер азайған). Егерде ос көрсеткіштерді шет елдік туристер санына бөлсек
2010 жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz