Халықаралық туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Жоспар:
КІРІСПЕ 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Халықаралық туризм түсінігі және дамыту саясатының 5
мақсаттары мен қағидаттары
1.2 Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін5
факторлар
1.3 Халықаралық туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі 11
16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫТУ ПРАКТИКАСЫН
ТАЛДАУ
2.1 Триумф Travel туристік фирманың сипатамасы мен жағдайын 24
талдау
2.3 Халықаралық туризмнің Қазақстан Республикасындағы жетілдіру 24
жолдары
29
ҚОРЫТЫНДЫ
39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
40
Кіріспе
“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі
дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-
өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз
жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін
қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен
келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға
белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет пен
қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының
маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі
министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік
компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін
жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік
Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің
оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік
өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. 2009 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын
дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37
пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль
экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа
мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік
рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс
жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне
басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік
рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын
өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және
халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына
қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта
есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты
жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және
туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті
басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік
индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне
қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей,
Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік
көрмелеріне қатысып келеді.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу
барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және
отандық экономистердің еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік
негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік,
статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негіздері. Туристік қызметтерді
реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар
мен басқа да Президенттің, Қазақстан республикасы Үкіметінің ресми
құжаттары диссертациялық жұмыстың нормативтік-құқықтық негізі болып
табылады.
Курстық жұмыстың ақпараттық негізі ретінде Бүкіләлемдік Туристік
Ұйымның, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Агенттігінің, Қазақстан
Республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысының мақсаты –
туризм саласының ұйымдастырылуын жақсартудың экономикалық жақтарын зерттей
отырып, халықаралық туризмнің қазіргі даму барысына талдау жүргізу және
көрсетілген туристік қызметтердің сапалылығын жетілдіруде әдістемелік
нұсқаулар дайындап, нақты тәжірибелік ұсыныстар беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудың шетелдік
тәжірибесіне шолу жасай отырып, олардың озық үлгілерін
отандық туризмді дамытуда қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- халықаралық туризмнің қазіргі жағдайына республика және аймақ
деңгейінде талдау жасап, негізгі даму серпінін анықтау;
- туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудағы экономикалық,
ресурстық, қаржылық және әлеуметтік әлеуеттердің
пайдаланылу мүмкіншіліктерін бағалау;
- туристік фирмалардың қызметтерін басқару бойынша нарық тетіктерін
енгізудегі ұсыныстарды негіздеу;
- туристік фирмалардағы көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін
жауапкершіліктерін күшейтетін экономикалық тетіктер
негізіндегі шараларды жетілдіру;
- туристік қызметтерді жетілдіру мен олардың тәжірибелік
нәтижелерін бағалауда кластер құрудың тиімділігін ғылыми
негіздеу;
Курстық зерттеу нысанына барлық туристік саланың негізгі буыны ретінде
Триумф Travel туристік фирмасы алынды.
Курстық зерттеудің пәні болып туризм саласы мен оның алғашқы
буындарындағы ұйымдық-экономикалық мәселелер таңдалды.

1.1 Халықаралық туризм түсінігі және дамыту саясатының мақсаттары мен
қағидаттары
Халықаралық туризм – бұл мемлекетттің дамуында үлкен роль атқаратын,
қиын да бірегей құбылыс. Халықаралық туризмнің әлемдік сауданың және ұлттық
экономиканың дамуына әсері жоғары дәрежелі мәнге ие.
Әрбір мемлекеттің сыртқы экономикалық айырбасы, валюта негізінде
көрінетін сыртқы саудасы экономикалық қызметтің негізгі сферасы болып
табылады. Халықаралық айырбас теориясы жеке мемлекетттердің сыртқы сауда
процессіндегі нәтижелеріне байланысты шарттар мен факторларын қарастырады.
Сыртқы сауда қызметтеріне қатысты бұл теориның жалпы қағидалары туристермен
айырбас жасау ерекше нысанына әбден келеді. Экономистер ішкі туризмге
қарағанда халықаралық туризмге көңіл бөлген. Олар мынадай шешімге келген,
яғни, төлем балансына тауарлардың аййырбасы қалай әсер етсе, туристік
қозғалыс та сондай-ақ әсер етеді. Сондықтан да халықаралық туризмді сыртқы
экономикалық қатынастардың бір түрі ретінде және сыртқы сауданың ерекше
нысаны ретінде түсіндіруге болады.
Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың бір нысаны
ретінде шетелдік туристердің кең көлемдегі рухани және мәдени
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы туристік қызметтің түрлерін
ұсынуға бағытталған қызмет болып табылады.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны ретінде
өзгеше белгімен ерекшеленеді. Олардың негізгілері, әлемдік нарықта сату-
сатып алу құралдары ретінде тікелей сыртқы сауды айырбасына қабілеттілігі
жоқ тауарлар мен қызметтер болып табылады.
Саяхатшыны орналастырумен байланысты көрсетілетін қызметтерге
(мейманхана, тамақтану, экскурция, төсек орнын жуу, тазалау т.б) тауарлық
сипат тән. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер ғана сатылып және сатылып
алынбайды, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік- экономикалық туристік
–рекреациондық ресурстар да сатылады және сатылып алынады. Бірақ бұл сауда-
саттық та олар дәстүрлі экспорт кезіндегідей территориядан алшақ кетпейді.
Шетелдік туризмнен түскен валюталық түсімдер, ішкі туризмнен түскен
табыстар сияқты табиғаттың емдік және ерекше қасиеттері үшін, жергілікті
жердің тарихи ескерткіштері үшін өзіндік рекреационндық рента болып
табылады.
Туризмнің тағы бір ерекшелігі сол, қызмет пен тауар өндірісіне
жұмсалған еңбек оның жасалған жерінде затқа айналады. Бұл кезде тауар
тұтынушыға қарай жылжымайды, керісінше, сатып лаушы тауардың немесе
қызметтің өндірілген жеріне өзі келеді, ал бұл капиталдың айналу уақытын
қысқартады. Халықаралық туризмнің бұл негізгі сипаттамасы, оның басқа
экспорттық баптардан ерекшелендіретін бірқатар жағдайларды тудырады.
Біріншіден, сатып алушы саяхатшы тасымалдау шығындарын өзі төлейді.
Екіншіден, шетел саяхатшыларының сапар кезіндегі тауарлар мен сувенирлерді
сатып алуын сыртқы сауданың тиімді формасы ретінде қарастыруға болады. әр
елдерде бірқатар салалар топтары осы ішкі экспортқа қызмет етеді. Мысалы,
Жапонияда шетел саяхатшылары елде өндірілетін радио тауарлары менг видео
аппаратураларының, фотоаппараттардың айтарлықтай бөлігін сатып алды;
Швейцарияда – сағаттар, шокалад, сыр, Францияда – иіс сулар мен сән
салондарының өнімдерін, Италияда – аяқ киім мен былғары галантереясының
өнімдерін, Ұлыбританияда – виски және басқаларын сатып алады.
Халықаралық туризмге ішкі саудада қалыптасатын операциялар түрлері
тән, атап айтқанда: экспорт, импорт және реэкспорт, бұл операциялардың
халықаралық туризмде өз ерекшеліктері бар. Халықаралық экономикалық
қатынастар формасы ретінде халықаралық туризмнің басты ерекше белгісі сол,
қызметті сатып алу, кез келген сыртқы сауда мәмлесі сияқты, шетелдік
контрагенттер (туристік фирма, шетелдік турист) арқылы жүзеге асады. Осыған
байланысты халықаралық туризмдегі экспорт дегеніміз – шетел қонақтарын
қабылдау, ал импорт - осы елдің саяхатшыларының шетелдерге сапар шегуі.
Халықаралық туризмдегі реэкспорт түсінігінің мазмұны күрделірек. Таза
теориялық көзқарастан алып қарағанда, бұл категорияға осы елдің туристік
фирмаларынан үшінші елге сапар шегу үшін жолдама сатып алған барлық шетел
саяхатшылары жатады. Алайда, қалыптасқан есеп жүйесінің жетілмегендігіне
байланысты, саяхатшылардың бұл категориясын есепке алу қиынға соғады.
Сондықтан халықаралық туризмдегі реэкспортық операциялар барған сайын
ұлғайып бара жатса да,олардың көрсеткіштері экспортық операцялар шінде
жоғалып кетеді.
Туризм арқылы жүзеге асатын экспорттың бірқатар ерекшеліктері бар.
Олардың бірі - басқа жағдайларда қарапайым каналдар арқылы экспортталатын
тауарлар үшін экспорт нарығының кеңеюі. Сонымен қатар мұндай экспорт шет ел
валютасына көптеген тауарлар мен қызметтер жиынтығын сату мүмкіндігін
береді. Оған қоса шетелдік саяхатшылар сатып алған тауарлары үшін шет нл
валютасында салық төлейді.
Шаруашылық жүйесіндегі туризм - еңбек бөлінісінің бір көрінісі, бұл
жерде экономикасының даму дәрежесі жоғары елдер басты роль атқарады. Мұндай
жағдай халықаралық туристік айырбаста да қалыптасқан. әлемдік туристік
сапарларың негізіг бөлігі өнеркәсіптік дамыған елдер арасында жүзеге
асырылады, бұл елдерден (АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б) шетелдерге
адамдардың саяхат құру проценті жоғары. Сондай –ақ дамыған елдер мен
экономикалық дамудың орташа деңгейінде тұрған елдер (Греция, Португалия,
Турция т.б) және дамушы елдер (Тунис, Тайланд және т.б ) арасындағы
саяхатшылар ағымы да айтарлықтай. Осыған сай, бұл елднрге Бүкіләлемдік
туристік Ұйым аталған елдерге келесідей анықтама берген: саяхатшыларды
негізгі қоюшы елдер, және саяхатшыларды негізгі қабылдаушы елдер.
Туризм теоретиктері шетел туристерін қабылдаудың және оларға қызмет
көрсетудің ерекше экономикалық тиімділігін атап көрсетеді, және туризмді
дамытуға бейімделген экономиканың табысқа кенелтетіндігін бола айтады.
Мысалы, Багам аралдарындағы экономиканың негізін шетелдік туризм қалайды.
Мұндағы қызмет көрсету сферасының (туризмді қоса есептегенде) жиынтық ішкі
өнімі мемлекеттік табыстың 60% -ін береді, ал өнеркәсіптің мемлекеттік
табыстағы үлесі тек 10%-ке тең. Барбодостағы шетелдік туризмнен түсетін
түсім осы елдің негізгі өңдеуші саласы- қант өндірісінен түсетін табыстан
да жоғары. Алайда, саяхатшыларды шығаратын елдер үшін, туризм, валюталық
құралдардың шетке ағыоу көзі болып табылса да, экономикалық тиімсіздік
белгісі емес. өйткені, адамдардың шет елге шыу мүмкіндігінің болуы елдегі
өмір сүру деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Мемлекетер арасында саяхат
байланыстарының дамуы екі жақты сипатқа ие. Кез келген елге келген шетелдік
саяхатшылар санының өсуі елдің фалюталық резервін толтыруға үлес қосады.
Сонымен қатар, қабылдаушы елде жұмсалған валюталық құралдар, саяхатшыны
шығарған елге, импорттың артылуы арқылы қайтып келеді. Мысалы Бундесбанк
(ФРГ) басшылығы әкімшілік органдарын туристік операциялар бойынша
қалыптасқан тапшылықты жою шараларын қабылдамауға шақырады. Олардың
пікірінше, ФПГ азаматтарының шетелдік саяхат кезінде жұмсаған шығындары ел
үшін валюталық құралдардың шетке ағылуын білдірмейді. Бұл валютаның
айтарлықтай бөлігі ФРГ-ға қайтып келеді, өйткені оларға ФРГ-да жасалған
тауарлар сатып алынады. Басқаша айтқанда, Батыс Германдық саяхатшылар,
өздері барған елдерге, ФРГ-мен сауданы дамыту үшін қажетті несие береді.
Ал халықаралық туристік айырбасты шектеу сыртқы сауданың тепе-теңдігінің
бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан белсенді туризмді (саяхатшыларды
қабылдау) туристік игіліктердің экспорт ретінде, ал пассивті туризмді
(азаматтардың шетелге шығуы) – олардың импорты ретінде анықтауға болады.
Туристік экспорт арқылы тауарлар мен қызметтердің айырбасталуы ішкі
сауданың кеңеюіне әкеледі, дәстүрлі экспорттың жаңа мүмкіндіктерін ашады
және дәстүрлі тауар экспортының орнын туристік тауар экспортының басуына
әкелуі мүмкін.
Белсенді және пассивті туризм тиімділігін есептеу қиын емес. Нақты
ақпаратты жинау қиынға соғады, өйткені шетелдік туристердің жергілікті
өндіріс өнімдеріне деген сұранысы және көлімі туралы деректер жоқтың-қасы.
Мұндай сұранысты тіркеу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Шекарадан өту
және ақша айырбасы мен байланысты талаптардың либерализациялануы көптеген
ақпарат көздерін жабады. Елге келген саяхатшылардың тек ғана нақты санымен
олардың елдегі болу уақытын ғана анықтауға болады. Туристтік тұтынуды
статистикалық есепке алудың қиыдығы сонда, тұтыну саяхатшыны қабылдаушы
елде жүзеге асады, ал сатып алынған тауарлар саяхатшының тұрақты өмір
сүретін еліне шығарылады. бұл тауарлар, әдетте, шекараны өту кезінде
тіркелмейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда белсенді туризмді - көзге
көрінбейтін экспорт, ал пассивті туризмді - көзге көрінбейтін импорт деп
анықтауға болады.
Сауданың кеңеюіне ықпал ететін шешімдердің бірі - азық-түліктің
туристік экспорты, ол туристер келетін елдерге дәстүрлі экспортты жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Болгария және Испания тұтыну тауарларының
дәстүрлі экспортын туристік экспорт пен алмастырады. Дамушы елдер өз
экспортын туристік импорт арқылы қолдау мүмкіндігін аша бастады. Оның
экономикалық тиімділігі мынада: пассивтік туризм қабылдаушы елге валюта
түсіреді, бұл, өз кезегінде, ұлттық табысқа жағымды ықпал етеді.
Нәтижесінде, саяхатшыларды қабылдаушы елдер, саяхатшыларды қоюшы елдерден
тауарлар импортын ынталандыру үшін туристік баланстың оң сальдосын
қолдануға бейім келеді. Кез келген мемлекет үшін, оң туристік сальдо
туристік экспортсыз мүмкін болатын мөлшерге қарағанда көп тауар көлемін
импорттауға мүмкіндік береді. Тіпті өнеркәсібі дамыған елдер үшін де мұндай
айырбас түрі - өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық экспортын қолдау және
дамыту жолы. Туризм экспорты шектеулі елдердің экономикалық дамуы үшін
маңызды фактор бола алады. Шетелдік туризмді экономикалық дамуды
жеделдететін, төлем балансын белсенділететін және елдің валюталық резервін
арттыратын маңызды тұтқалардың бірі ретінде қарастыруға болады.
Халықаралық айырбастың, белгілі бір өнімдер мен қызметтер экспортының
немесе импортының тиімділігін есептеу өндірістік шығындарды дәстүрлі
экспорт нәтижесінде түскен валютада және туристік экспорттан түскен
валютада салыстыру негізінде жүргізіледі. Мұндай есептеу туристік
экспорттың тиімді екеніне көз жеткізеді, өйткені бұл жағдайда тауарлар мен
қызметтер бөлшек бағамен сатылады, ал дәстүрлік экспортта - көтерме сауда
бағасы қолданылады, ол көбінесе әлемдік бағалардан жоғары болады.
Экономикалық категория ретінде халықаралық туристік нарық тауар-ақша
қатынастарының сферасы болып табылады, оның ерекшеліктерін келесі
қағидалардан көруге болады:
-нарық кешенді сипатта, яғни онда тауарлар мен қызметтердің сұранысы
мен ұсынысы бірдей әрекет етеді;
-тауарлар мен қызметтерді тұтыну өндіруші- елдерде жүзеге асады.
Сауда ішкі нарықтың бөлшек сауда бағасымен жүргізілетін болғандықтан,
туристік сауда-саттықты сыртқы сауда операциясының тиімді формасы ретінде
қарастыруға болады. Бөлшек сауда бағасының құрамына ішкі салықтар да
кіреді, ал дәстүрлі тауар экспортында мұндай салықтар алынбайды;
-сұраныс субьективті сипатқа ие. Тұтыну формасы ретінде ол
тұтынушылардың жеке табыстарының мөлшерімен тікелей пропорционалдық
байланыста болады. Халықтың әл-ауқаты көтерілген сайын сәйкесінше, тұрақты
өмір сүру жеріндегі және демалыс орнындағы шығындар арасындағы арақатынас
өзгереді. Шығындардың орын алмастыруы олардың өзгерісіне әкеледі, бұл
өзгерістің экономикалық маңызы зор. Демалыс орнындағы туристік шығындардың
артуы, әрине, тұрақты өмір сүретін жердегі шығындардың мүлдем қысқаруына
әкелмейді. Туристің демалыс кезеңіндегі шығындары, осы кезеңдегі оның
тұрғылықты жерінде жұмсайтын шығындарына қарағанда жоғары болады. Қоғамның
өмір сүру деңгейі жоғары болған жағдайда ғана туризм шығындары айтарлықтай
болады. Туристік қажеттілік өндіргіш күштерінің белгілі бір даму
деңгейінде, сәйкес қоғамдық-экономикалық шарттардың қалыптасу жағдайында
пайда болады және қалыптасады. Бүкіл қоғам көлемінде, туризм шығындары,
дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде ғана айтарлықтай мөлшерге
жетеді. Бұл процесс әсіресе экономикалық дамыған елдерде айтқын көрінеді;
-туризмдегі ұсыныс өте икемсіз. Оның себебі - бұл жерде өндірістік
мүмкіндікте дәл анықталған, және олар тез өзгерістерге ұшырамайды. Бұл
сұраныстың көп бөлігін туристік қызметтер құрайтындықтан, ұсынысты дамыту
айтарлықтай күрделі қаржыны қажет етеді;
-туристік кәсіпорын қызметінің ерекшелігі сол, онда стратегиялық қор
құру мүмкін емес. Осындай қордың болмауы кәсіпорындардың пайда
келтірмейтін мезгіліндегі айталықтай жүктемесінің орнын үдеме
мезгіліндегі ұсыныстың кеңеюі есебінен толтыруға мүмкіндік бермейді.
Мейманханадағы, самолеттегі бос орындар бүкіл пайда келтірмейтін мезгіл
бойы кәсіпорын үшін табыс әкелмейді.
Сондықтан туристік потенциалды, туристік қызметтің сұранысы мен
ұсынысы тек кешенді бағалау ғана туристік шаруашылықтың ағымдық тиімділігін
анықтауға және оның ұзақ мерзімді даму болашағын болжауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, айтуға болатыны, халықаралық
туризмнің қоғам өмірінің әртүрлі жақтарына тигізетін әсері жан-жақты және
әрқилы. Шетелдік туризмді дамыту, туристік қызметті кеңейту және тереңдету
мемлекеттің төлем балансын тұрақтандыруға жағдай жасайды, ұлттық табыстың
өсуіне әкеледі және саяси жағдайдың тұрақталуына ықпал етеді. Сыртқы сауда
айырбасын белсенділетуге түрткі бола отырып, туризм, халықаралық
қызметтерді дамыту сферасында елеулі рөл атқарады.
Екінші жағынан, сыртқы экономикалық қызметтің маңызды жақтарының бірі
бола тұра, халықарлық туристік ағымдардың өсуі мемлекеттер арасындағы
сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюіне ықпал етеді, басқа елдердің
материалдық игіліктері мен мәдени құндылықтарды жасау тәжірибесін қолдану
мүмкіндігін береді. Соның нәтижесінде, сыртқы экономикалық байланыстардың
бір түрі ретіндегі халықаралық туризмнің маңызы үздіксіз арта бермек.
Туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары
Туризмді дамытудың мақсаты:
Сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және
бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті,
рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы
жоғары салаға айналдыру;
Республиканың туристік әлеуетін арттыру;
Тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды
пайдалану;
Халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін
қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша
қанағаттандыру;
Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
Мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара
бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Республикада саланы дамыту мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге
асырылады:
әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске
асыруы;
Халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінік пен ынтымақтастықтың
ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен
дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
Әділеттік пен егемендік, саяси,экономикалық және әлеуметтік жүйесіне
қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
Қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
әлеуметтік тепе теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін
арттыру;
Туризмді тұрақты дамыту.
Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу
қажет:
Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
Туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
Туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық
негіздерін одан әрі дамыту;
Туристік рынокта демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да
шараларын қабылдау арқылы қорғау;
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тартымды туристік обьект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
Туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
Туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің
әдіснамасын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
Туристік обьектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және
шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды
ынталандыру;
Туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде
туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
Туризм саласындағы кадрлар даярлау мен олардың біліктілігін арттыру
жүйесін дамыту;
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс
әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
Туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.
1.2 Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін
факторлар
80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа мемлекеттерінің туристік
сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар бірқатар экономикалық және
әлеуметтік факторлар әсерімен, сондай-ақ қазіргі адамның психологиясындағы
өзгерістер мен түсіндіріледі. Туристік тұтыну құрылымына экономикалық
конъюнктураның нашарлауы шешуші әсер етті. Индустриалдық дамыған елдерді
шарпыған дағдарыс халықтың сатып алу қабілеттілігін төмендетті. Жұмыссыздар
армиясы көбейді. Дағдарыс әсіресе туристік қызметтің негізгі тұтынушылары –
қоғамның орташа тобын қамтыды, сөйтіп олардың өз бос уақытын ұйымдастырудың
басқа жолдарын іздестіруге мәжбүр етті.
Экономикалық конъюктураның нашарлауына байланысты туындаған әлеуметтік
сферадағы өзгерістер, өз кезегінде,туристік сұраныстың сипатына ықпал етті.
Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалу кезеңі ұзартылды, жұмыс
аптасы қысқартылды, икемді жұмыс графигі енгізілді. Еңбек нарығында
қалыптасқан сәйкессіздікті жоюға бағытталған бұл шаралар, сонымен бірге,
халықтың бос уақыт қорының ұзартылуына және туристік қызметті тұтынушылар
шеңберінің кеңеюіне жағдай жасады.
Жоғарыда аталған шаралардың ішінде зейнеткерлер мәселесін ерекше
қарастырып кетейік, өйткені зейнет жасындағы адамдардың туристік
белсенділігі жоғары. Дағдарысқа дейін көптеген өркениетті елдерде ол 60-65
жас деңгейінде бекітілген. Экономикалық құлдырау нәтижесінде, қаржы жағдайы
нашарлаған кейбір кәсіпорындар алпыс жасқа жетпеген адамдардың өзін
зейнеткерлікке шығара бастады. Олар- денсаулығы мықты бос уақыты шектеусіз,
демалыс сапарларына қажетті қаржысы бар адамдар. Олардың халықаралық және
ішкі туризм нарығына тигізетін ықпалы өсіп келеді.
Туристік сұраныстың қазіргі таңдағы сипаты субьективтік факторлар
әсеріне байланысты қалыптасады. Адам технологиясындағы жаңа құндылықтардың
пайда болуы терең өзгерістерге әкелді, олар төмендегілер:
- Жеке тұлғаның өз физикалық және рухани қабілеттерін дамытуға
ұмтылуы;
- Басқа индивидумдармен, әлеуметік топтармен және мекемелермен
қарым қатынас орнатуы. Мұндай қарым-қатынастарға жұмсақ әрі
икемді сипат тән, және олар негізінен адамның өз таңдауына
байланысты қалыптасады;
- Адамның табиғатқа деген қарым- қатынасының өзгеруі.Біріккен
Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөніндегі
конференциясының қортынды есебінде былай делінген: адам өз
тәкапарлығын және тұтынушылық эгоизмін бәсеңдетіп, табиғатпен
үйлесімді өмір сүруге ұмтылады. Бұл адамдар өмірінің жоғары
сапасын қамтамасыз ететін табиғатты қорғаудың экологиялық тиімді
жүйесіне негізделген қоғамның тұрақты даму концепциясыенда
көрініс тапты. Тұрақты даму қазіргі таңдаңғы адамзаттың негізгі
міндеті болып табылады.
Қарастырылған факторлар туристік тұтынуда терең өзгерістердің орын
алуына ықпал етті. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлау кезінде бос уақыт
көлемінің артуына байланысты халықтың рекреакциондық жүріп-тұрысында екі
тенденция қалыптасты: демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді
сапарлардың артуы. 80-ші жылдардың басында Австрия және Ұлыбританияда
халықтың 20 %-тен астамы жазда және қыста шыққан, ал 10%-ті демалыс
сапарларына жылына 3 және одан да көп рет барған. Осындай жағдай Италияда,
Германияда, Еуропаның басқада дамыған елдерінде қалыптасқан. Демалыс
сапарларының уақыты қысқарып, ал жалпы саны көбейді. Батыс әдебиетінде бұл
құбылыс үзілісті саяхат деген атқа ие болды.
Үзілісті саяхатты ұйымдастыру ісі табысты болып шықты, сондықтан
турфирмалар өз тарапынан мұндай сапарларға деген тұтынушылық сұранысты жан-
жақты қолдай бастады. Кәсіпорындардың туристік нарықтың жаңа сегментін
кеңейтуге деген қызығушылығы келесі себеппен түсіндіріледі - қысқа мерзімді
туристер кәдімгі туристерге қарағанда бір күнге шаққанда көбірек шығын
жұмсайды. Сонымен қатар мұндай саяхат түріне сұраныс жыл бойы сақталады
(сәуір, қыркүйек, қазан және ақпан айларында біршама жанданады), соның
нәтижесінде туристік саланың ең өткір проблемаларының бірі - мейманханалар
мен транспорт жұмысындағы мезгілдік теңсіздікті бәсеңдетуге мүмкіндік
береді.
Батыс Еуропа халқының арасында демалыс және мереке күндері саяхатқа
шығу бағыттары кең қолдау тапты. Олар негізінен көрмелерге, музейлерге,
галереялар мен дүкендерге барады. Сондай-ақ адамдар өз демалыстарын ұлттық
саябақтарда өткізгенді жақсы көреді немесе фестивальдарға, карнавалдарға
қатысу үшін аз уақытқа жолға аттанады. Статистикалық зерттеу деректері
бойынша 1993 жылы Еуропалықтардың іскерлік мақсаттан тыс сапарларының 40%-
ті жақын қалалаға келсе, 1\3 бөлігі тауда, теңізде және ауылды жерлерде
демалу мақсатын көздеген, қалған 30%-ті емделу, жазғы және қысқы спорт
түрлерімен айналысумен байланысты болған.
Қысқа мерзімге саяхатқа шығу кезінде қолданылатын негізгі транспорт
түрі – меншік автомобильдер. 1993 жылы туристердің тек 13%-ті самолет пен
сапарға аттанған. Жол сапарда олар негізінен мейманханада түнейді.
Қысқа мерзімдік сапарлардың Батыс Еуропалық нарығына туристер
негізінен Терманиядан және Ұлыбританиядан келеді. 1993 жылы бұл елдердің
үлесіне қысқа мерзімді сапардың 35 және 10 пайызы келді. Олардың көп бөлігі
Францияға, Австрияға, және Германияға барады.
Қысқа мерзімді саяхатшыларды қабылдаушы Еуропа елдерінің арасында
бірінші орынды Франция алады. Жақын арадағы туризмді дамыта отырып, ол
Германиядан, Белгиядан, Ұлыбританиядан, Италиядан, Испаниядан уақытша
туристерді қабылдайды.Бірнеше күн ішінде туристер Парижді және Францияның
келесі қалаларын аралайды: Океанографиялық турларымен әйгілі Марсель;
әскери базаның орнындағы ерекше рекреакциондық аймағы бар Белфорт;
архитектуралық ескерткіштерге бай Нант және т.б Бұлардың әрқайсысының
ерекшеліктері бар, және олар уақытша туристерді тарту үшін тиімді
қолданылады. Жүзеге асырылатын мақсатты шаралар нәтижесінде Франциядағы
қысқа мерзімді туризм жылына 25%-ке өсіп отырады, бұл ұзақ мерзімдік
туризмге қарағанда 3-4 есе артық.
Қысқа мерзімдік сапарлар санының өсуіне қарамастан ұзақ сапарларға
деген сұраныс та сақталған.
Соңғы кездегі туризм дамуының тағы бір тенденциясы – үлкен жастағы
адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Бір қарағанда, 55 жастан асқан
адамдардың туризмі парадокс сияқты болуы мүмкін, өйткені зейнеткерлікке
шығудың өзі адамның демалуын қамтамасыз етеді. Алайда әр жас тобындағы
халықтың қажеттілігін зерттеу-бұл проблеманың өткір екендігін көрсетеді.
Туризмді күнделікті жұмыстан дем алу және жұмысқа деген қабілеттілікті
қалпына келтіру құралы ретінде пайдаланатын халықтың белсенді бөлігіне
қарағанда, бос уақыты көп зейнеткерлер үшін туристік сапарлар – белсенді
өмір сүру формасы. Осыған байланысты үлкен жастағы адамдардың туристік
нарықтағы алатын үлесі айтарлықтай. Бүгінде ол елеулі өзгерістерге
ұшырауда.
Үлкен жастағы адамдардың туристік сұраныстары олардың өздерінен 10
және 20 жас төмен құрдастарына қарағанда қатты ерекшеленеді. Олар өз
жастарындағы ата-аналарына қарағанда неғұрлым сергек. Туристік сапарларға
деген бейімділік бұл адамдарда зейнеткерлікке шықпай тұрып – ақ
қалыптасқан. Еуропада туристік қызметтің күрт өсуі басталған кезде олардың
жасы 30-да болды. Олардың көбі сол кезде-ақ саяхатқа белсенді түрде
араласқан.Сол кезден бері туристік сапар олардың өмірінің ажырамас бөлігіне
айналды.
Қазіргі күнгі үлкен жастағы саяхатшылар – тәжірибелі және искушенный
адамдар. Олар үшін туризм тек күнделікті шаруалардан демалу тәсілі ғана
емес, сонымен бірге әлемді тану формасы. өмірге деген қызығушылығын
жоғалтпаған олар әртүрлі приключениялар және қауіп – қатермен байланысты
сапарларға да шығады: Альпы тауларында шаңғы тебеді; Африканың шөл
далаларында саяхатшылайды. Олардың көпшілігі топтасып саяхат құрғанды
ұнатады.
Егде жастағы саяхатшылардың көпшілігі ерекше қызмет түрлерін керек
етпейді, жастармен бірге демалады. Дегенмен, кейбір сапар түрлеріне мысалы,
круиздық және автобустық турларына әсіресе 55 жастан жоғары адамдардың
сұранысы жоғары.
Денсаулығы нашар егде адамдар да саяхат шегіп рахат алғанды жақсы
көреді, алайда олардың мүмкіндіктері шектеулі. Халықтың бұл категориясының
демалысы төртінші жас үшін арналған бағдарламалар шеңберінде
ұйымдастырылады. Оларды арнайы құрылымдар жүзеге асырады, мысалы, Даниядағы
Дайнэдж Ассоциэшн. Нидерландиядағы Сенье Ваканти План немесе Швециядағы
Свериджес Пенсиопарсфорбинд сияқты зейнеткерлер клубтары және
ассоциялары.
Егде адамдардың туристік сұранысының артуы тұрақты сипатқа ие болды.
Саяхат нарығының бұл сегментінің жоғары өсу қарқыны болашақта да сақталады.
Осы тенденцияны ескере отырып әлемнің жетекші саяхат фирмалары өз
қызметтерін егде жастағы клиенттерді тартуға бейімдеуде.
Демалыс стилінде де түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Теңіз
жағалауында қозғалыссыз уақыт өткізу демалудың ең кең тараған формасы болып
табылса да, біртіндеп, саяхатшылардың басқа да қажеттіліктері ұлғайды.
үш S- теңіз- күн- теңіз жағалауы орнын
үш L-ұлттық дәстүр- әсем көрініс- бос уақыт формуласы біртіндеп
басып келеді. Ол адам технологиясында орныққан жаңа құндылықтарға мейлінше
сәйкес келеді және қазіргі саяхатшының жүріс- тұрысы мен ойында көрініс
табады.
Күнделікті күйбең – тірліктен демалу үшін уақытша саяхатшы жергілікті
ерекшеліктеге,бөтен халықтың тұрмысына, мәдениетіне,әдет-ғұрыптарына ерекше
қызығушылық көрсетеді. Ол өзін қоршаған айналадан ерекше әсер алуға
ұмтылады. Сонымен бір мезгілде адамның күш- қуатын толық қалпына келтіру
және дамыту үшін белсенді демалыстың қажеттілігін түсінуі арта түседі.
Адамдар өндірістік және тұрмыс сфераларында туындаған дене және жүйке
тозуының орнын толтыру үшін сапарға аттанады.
Мұның барлығы адамның жеке еркіндігінің кеңеюі жағдайында жүріп жатқан
құбылыстар. Әр адам сырттан ешқандай қысым көрмей, саяхат сапарының
бағдарламасын өзі анықтағанын жөн көреді.
Белгілі Француз туризмологіне (M.Breton-Girard) сай, қазіргі
саяхатшының портретін былай сипаттауға болады: Бүгінгі саяхатшының түр-
сипаты спортшыға ұқсас, ол үнемі әртүрлі оқиғаларды іздейді. Ол өз көңіл-
күйі мен табиғаттың кездейсоқ сыйларына қарамастан уақыт өзгерісіне
бейімделіп отырады. Қазіргі кезде саяхатшы жалға тәуелсіздікті, қызық –
керуенді және өмірлік күш іздеп шығады оған ұжымдық мүшелік және бастама
бөтен. Адам, өз уақытын қызықты, белсенді өткізгісі келеді, аз уақытқа
болсын басқадай өмір сүруге ұмтылады.
Туризмнің материалдық базасын дамытуға бағытталған күрделі салымдар
тиімділігі табиғи, мәдени-тарихи факторлары, климаттық жағдайлары, тарих
және мәдениет ескерткіштері тағы басқалар арқылы сипатталатын туристік
ресурстардың ерекшеліктері арқылы анықталады. Олар пайдалану процесінде
өзінің құндылығын жоғалтпайды. туризм индустриясының кәсіпорындарын құру
халық шаруашылығының басқа салаларын құрудағыдай маңызды капитал салымдарын
талап етеді.
Белгілі инвестициялық саясат арқылы туризм қызметіне сұранысы мен
ұсынысының сәйкестік мәселесі шешіледі.
Туризм сферасына капиталды салымдар салудың мақсатты бағыты бар. Олар
туристік базаларды, қонақ үйлерді, кемпингтерді, жолдарды, көпірлерді,
сонымен қатар, табиғат, мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz