Халықаралық сауданың классикалық теориялары
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫ РЕТТЕУДЕ
ҚОЛДАНУ 5
1.1 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық
сауда теориялары 5
1.2 Халықаралық сауданың классикалық теориялары 11
1.2.1 Меркантилистік теорияның негізгі идеялары 11
1.2.2 Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар териясның дамуы.
1.3 Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамсы 14
1.3.1 Хекшер-Олин моделі 20
1.3.2 Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық 22
тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі
24
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ
2.1 Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың ролі мен орны
2.2 Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен 27
ролі
27
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер 30
33
35
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде - тарихи өлшеммен алғанда қас қағым
ғана уақыт аралығында елде де әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде
нарықтық шаруашылық жүйесіне өтуге бағытталған күрделі экономикалық реформа
жүзеге асырылып жатыр. Жана бағытта қиындыктар мен қайшылықтар жеткілікті
болатыныңа қарамастан, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін қалады.
Бұл жетістік болашақта халықтың ал аухатын көтеруге үміт сенімін ұлғайтумен
қатар, еліміздің экономикалық жүйесін әлемдік экономиқамен үйлестіруге алып
келеді. Мұның өзі республика муддесіне халықаралық еңбек бөлісудің
артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Республиқамыз жылдан жылға
дербес экономикалық саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы экономикалық
саясатты өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды дамыта
жүргізіп келеді.
Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер жаһандану процесінің
белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол елдердің дамуына әсер етуші
факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне және осы мемлекеттердің
ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келді.
Тауарды толық тұтынушыларға жеткізуге кететін көптеген шығын
түрлерінің жиынтығын айналыстағы өндірістің қосымша шығындары дейміз.
Капитализмде сауданың 3 түрі бар: көтерме, бөлшек және сыртқы
сауда. Сауда капиталистері тауарларды тікелей тұтынушыларға, халыққа
сатады. Бөлшек сауда — дегеніміз осы. Бір капиталистердің басқа
капиталистерге тауарларды қол көлемде сатып өткізуін көтерме сауда
деп айтамыз.
Капитализмде сыртқы сауда ерекше рөлін атқарады. Келешекте бұл
тенденция үдей түседі. Шет елдерге шығарылған тауарлар экспорт,
әкелінген тауарлар импорт деп аталынады. Экспорт көлемі импорттан
асып түссе сауда балансы активті, ал импорт экспорттан басым
болса сауда балансы пассивті болғаны. Қазір, әсіресе келешекте ел
тағдырын шешетін күштердің бірі — әлемдік нарық.
Халықаралық экономикалық қатынастар түрінің ең дамыған түрі
сауда болғандықтан, барлық экономикалық қатынастардың 80%-на жуығын
сауда құрайды. Халықаралық сауданың қарқынды дамуымен сипатталатын
қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастар ұлттық
экономиканы дамыту мәселесіне көптеген өзгерістер енгізуде. Сол
себепті бұл курстық жұмысымды жазу барысында алға қойған мақсатым
халықаралық сауданың теорияларын зерттеу және Қазақстанның халықаралық
саудамен байланысын зерттеу боп отыр.
Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық
экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқуды жетілдіру көкейтесті
мәселеге айналып отыр.
Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-
бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін
себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса,
екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.
Көптеген жағдайларда, халықаралық саудаға екі ел емес, әр елдің жеке
азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.
Алға қойған мақсатқа жетуде келесідей міндеттер қойылады:
1. Халықаралық сауданың теорияларының мәнін анықтау;
2. Халықаралық сауда дамуы жөніндегі классикалық теорияларын зерттеу:
3. Халықаралық сауданың түрлері мен құрылымын қарастыру;
4. Халықаралық сауда ұйымдарын анықтау;
5. Қазақстанның осы халықаралық сауда ұйымдарына кіру мәселесін анықтау;
6. Қазақстанның сыртқы сауда айналымын, экспорт және импорт
көрсеткіштерін және Халықаралық сауда индикаторы бойынша
көрсеткіштерін анықтау.
Бұл жұмыстың құрылымы 2 тарау, 7 тақырыпшадан және қорытынды бөлімнен
тұрады.
Бірінші тарауда, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі
халықаралық сауда теориялары, дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері
және құрылымы, Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ГАТТ) және
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) қарастырылады.
Екінші тарауда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы,
экспорттық және импорттық көрсеткіштері және Қазақстан Республикасының БСҰ-
на кіру мәселесі, сонымен қатар Халықаралық сауда индикаторы бойынша
көрсеткіштері қарастырылып отыр.
Сонымен, халықаралық сауда – әр түрлі мемлекеттердің ұлттық
шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық
сауданың негізі – халықарлық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі
жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әр
түрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Нәтижесінде өндіріс пен ғылыми
техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау жағдайын туғызып, халықаралық
сауда дами түседі.
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫ РЕТТЕУДЕ ҚОЛДАНУ
1.1 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
теориялары
Халықаралық сауда бүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар
ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін
ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік сауданың орташа жылдық өсу
қарқыны әлемдік жалпы ішкі өнімд өсу қарқынынан 1,5 есеге асып кетті. Бұл
көптеген елдердің өмірінде әлемдік рыноктың рөлінің артқанын, олардың
арасындағы байланыстың артқанын, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдегенін
көрсетеді. Осылайша әлемдік экономикаға тартылған елдерге қатал халықаралық
бәсекелесті жағдайында өзінің рыноктық үлесін алуға тура келеді.
Сол себепті де сыртқы сауда бір жағынан экономикалық өсудің қуатты
факторы болып табылса, ал екінші жағынан елдердің халықаралық сауда
айырбасына тәуелділігін арттырады. Сыртқы сауданың пайдасы, ол іскерлік
белсенділікті жандандыру арқылы әр түрлі елдердің экономикалық дамуын
теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты сыртқы саудададағы кез-
келген шектеулер елдің экономикасының дамуына теріс әсер етеді.
Сыртқы сауданың түсінігіне келсек, ол бір елдің тауарлары мен қызмет
түрінің басқа бір елдің еркін айырбасталатын валютасына немесе жалпыға
бірдей басқа құндылықтарға айырбасталуы. Бұл жерде тауарлар мен қызмет
түрінің экспорты мен импорты бөлініп шығады. Сыртқы сауда саясаты өз
кезегінде экспорттық-импорттық операцияларды реттеуге және мемлекетпен
жасалған даму стратегиясының шегінде олардың экономикалық тиімділігін
арттыру мақсатына бағытталған мемлекеттік әсер ету шараларының жиынтығы
ретінде көрініс табады.[15]
Сыртқы сауда қазіргі экономикалық ғылымның даулы және ежелгілерінің
біріне жатады. Саяси экономияның Адам Смит, Давид Рикардо және Джон Стюарт
Мил сияқты классиктерінің тұжырымдары мен идеялары әлі күнге шейін өзекті
болып табылады.
Сонымен қатар ХХІ ғасырдың қарсаңындағы әлемдік экономикадағы қазіргі
таңдағы тенденциялар, еркін тауар айналымы мен протекционизм саясаты
кезіндегі сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу механизмі жайындағы экономист
ғалымдар арасындағы ескі теориялық дауларға жаңа серпін берді. Сыртқы
саудадағы болған соңғы уақыттағы өзгерістерді зерделеуге деген ұмтылыстар
негізі ретінде салыстырмалы артықшылықтар мен қатар, ұлғайып жатқан кіріс
пен рыноктың құрылымы болып табылатын жаңа теориялардың пайда болуына
әкелді. Бүгінде халықаралық сауда теориялары сыртқы сауданы дамытудан
түскен пайданың негізіне және сыртқы сауда ағымдарының бағыты немен
анықталады деген мәселелерге түсінік береді.
Әлемдік экономикалық ғылымда сыртқы сауданың жаратылысын түсіндіретін
екі негізгі бағыт бар:
─ Дәстүрлі бағыт. Бұл елдің салыстырмалы артықшылығын (абсолюттік және
салыстырмалы артықшылықтар теориясы) Хекшер – Олин тұжырымдамасымен
толықтырылған (факторлық пропорциялар теориясы) жүзеге асыруға байланысты.
─ Жаңа бағыт – ішкі салалық сауданың пайда болуын түсіндіреді.
Дәстүрлі бағыт дамушы елдер мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер
үшін тән. Ол өндірісті табиғи фактормен қамтамасыз етудің әр түрлі
деңгейіне негізделген. Осындай негізінен дамыған елдер арасындағы немесе
дамушы мен дамыған елдер арасындағы әлемдік тауар айналымының ¼-ін құрайтын
салааралық сауда пайда болады.
Жаңа бағыт (бір саланың әр түрлі тауарларымен сауда) масштабының әсері
мен өнеркәсібтің мамандануын жүзеге асырумен байланысты. Сауданың осы
түріне негізінен дамыған елдер арасындағы әлемдік сауданың 70% тиеді.
Сыртқы сауда мен халықаралық мамандану туралы мәселелерге жауапты
экономикалық ғылым бұрыннан іздей бастады және оларды экономикалық
теорияның негізгі мәселелеріне жатқызған.
Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі мәселелерді талдап,
қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендігі жайлы өз ойын
былайша тұнсырымдады: Егер бөтен бір мемлекет өзіміз шығара алатынымызға
қарағанда, арзан тауармен бізді қамтамасыз етуге қабілетті болса, онда сол
тауарды өзіміз шығармай-ақ шетелден сатып алу әлдеқайда тиімді.
Адам Смиттің халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы
зерттеу атты басты еңбегінде (1776 жылы) басты идея-ұлттар мен халықтар
байлығының негізі, еңбек бөлінісі екендігіне саяды. Автор келесі қорытынды
шығарды: Халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып жатқан елдер пайда
табады.[18]
Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі елдің абсолюттік артықшылықтарын
ескеру мен іске асырылу керек деп сендірді. Әр мемлекет өзінің абсолютті
артықшылығы бар тауар өндірісіне мамандануы керек. Мемлекеттің өзінің
абсолютті артықшылығы жоқ тауарларды өндіруден бас тартуы және басқа
тауарлардың өндірісіне ресурстарын жұмылдыруы, өндіріс көлемінің ұлғаюына
және елдер арасындағы тауар айырбасының кеңеюіне әкеледі.
Адам Смиттің қорытындысы меркантилистердің ойына қайшы болды.
Экспорттың импорттан үлкен болуы салдарынан елге ағылатын алтын мен күміс
емес, елдің өз иелігіндегі табиғи және абсолютті артықшылықтарын пайдалану
арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысушылық қана мемлекеттің
тұрмыс жағдайының өсуіне себепкер бола алады.
Тәжірибеде елдердің кез келгені өздерінің әріптестері алдында
абсолюттік артықшылықтарға ие бола бермейді. Табиғи ресурстардың
жетіспеушілігінен немесе ұлттық жұмыс күшінің төменгі өнімділігінен кейбір
елдер маңызды тауарларды басқа елдерге қарағанда жоғары шығынмен өндіреді,
бұл осындай тауарлармен сыртқы сауданың тиімсіз екендігін көрсетеді.
Сондықтан да Давид Рикардоның шығын мен бағадағы салыстырмалы артықшылықтар
тұжырымдамасы халықаралық сауданың классикалық теориясының негізін қалады.
Осы тұжырымдамаға сәйкес кез-келген ел қай тауарды басқа елдерге қарағанда
төмен шығынмен өндірсе, онда сол тауарды экспорттауға маманданады.
Бірақ та сауданың салыстырмалы артықшылықтары классикалық теориясы
негізінде бір ғана өзгеріп отыратын факторы (жұмыс күшінің бағасы) немесе
толық мамандану қағидасы бар статистикалық модель. Осы модельді шведтің екі
экономисі Э. Хекшер мен Б. Олин жетілдірген. Олар халықаралық мамандануға
өндіріс факторларымен (негізінен жер, еңбек, капитал) қамтамасыз етілудің
айырмашылығының әсер етуін ескерген. Хекшер-Олиннің өндіріс факторларымен
қамтамасыз етілудің неоклассикалық теориясы сонымен қатар экономикалық
өсімнің сауда параметріне, ұлттық экономиканың құрылымы мен әр түрлі
өндіріс факторлары бойынша төлемдер мен түсімдердің дифференциясына әсерін
талдап анықтауға мүмкіндік береді.
Факторлық қамтамыз ету теориясы капиталға бай ел технологиясы
капиталды интенсивті пайдаланумен байланысты тауарларды өндіруге
маманданады деп пайымдайды. Олар капиталды қажет ететін өнімді экспорттап,
жер мен еңбекті интенсивті пайдалануды қажет ететін өнімге айырбастайды.
Бұл теория дамушы елдерді жер мен еңбек ресурстарын интенсивті пайдалануды
қажет ететін алғашқы өнімді экспорттауға күштерін жұмылдыруға итермелейді.
Еркін сауданың неоклассикалық моделінен шығатын негізгі қорытынды
халықаралық сауда барлық елдерге пайда әкеледі, соның салдарынан тауарлар
мен қызметтердің жалпы әлемдік өндірісі өсіп келе жатыр.
Сонымен бірге бірқатар теориялық қорытындыны бөліп қарастыруға болады.
Біріншіден, өндіріс факторында әртүрлі сұранысқа ие тауарлардың
арасында бөлінуге ықпал ететін өндірістің балама шығындарының өсуіне
байланысты, салыстырмалы артықшылықтардың қарапайым моделінде
шамаланғанындай толық маманданудың болуы әбден мүмкін. Елдер қай тауарды
өндіруде өзінде бар мол ресурстарды интенсивті пайдаланатын болса, онда сол
тауарларға маманданады. Олар өздерінде жетіспейтін ресурстардың орнын дайын
өнімді импорттау арқылы толтырады. Ішкі шығындардың өсуі мен бағаның
әлемдік деңгейден жоғары болуы толық мамандануды жүзеге асыруға кедергі
жасайды.
Екіншіден, өндірудің біртекті технологиясындағы тауарға деген ішкі
бағаның арақатынасы мен халықаралық саудадағы бағаның арақатынасын
саудаласушы елдердегі факторлық бағамен теңестіреді.
Үшіншіден, мемлекет ішіндегі процестерге факторлық қамтамасыз ету
теориясын қолдансақ, мол ресурстарды интенсивті пайдаланғандықтан мол
ресурстарды иеленушілер үшін экономикалық қайтарымы ресурстары
жетіспеушілерге қарағанда көбейеді.
Төртіншіден, елдердің капитал мен тұтыну тауарларын алу үшін,
өндірістік мүмкіндіктерінен тыс сыртқа шығуына мүмкіндік бере отырып,
сыртқы сауда экономикалық өсімді ынталандырады. Сыртқы сауда әрбір елге
тауар, білім, идея, жаңа технологияларды алуына мүмкіндік бере отырып,
өнеркәсіптің дамуына жағдай жасайды.
Соңғы жылдары елдердің біркелкі емес дамуы мен өндіріс факторларын
жинақтау процестеріне көңіл бөлетін статистикалық неоклассикалық моделден
ерекшелінетін сауда мен өсудің жаңа динамикалық теориялары қалыптаса
бастады. Мысал ретінде бай және кедей елдер үшін арналған Солтүстік-
Оңтүстік деген сауда моделін келтіруге болады. Басында Солтүстіктің
индустриялды елдерінің капиталмен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі
өнеркәсіпті, өндірісті тиімді етеді. Нәтижесінде тез өсіп келе жатқан
Солтүстік ақырын өсіп келе жатқан Оңтүстік алдында өзінің бәсекелестік
артықшылықтарын арттырады.[15 11-бет]
Қай ел болмасын өзінің капиталы мен технологиясының жоғарғы
біліктілігінің жемісін шетелдіктерге жегізіп қоймайды, осылайша біліктілігі
төмен жұмыс күшінің орындаған операцияларына маманданғысы келмейді. Азия
барыстары (Тайвань, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея) деп аталатын кейбір
елдер мемлекеттің нақты іс-әрекеттері арқасында квалификацияланған еңбек
пен капиталды қажет ететін өндіріске ойдағыдай көше білді.
Американ экономисі М. Портер 1991 жылы: Елдердің бәсекелестік
артықшылықтары деген зерттеуді жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда
мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: Халықаралық нарықта елдер емес,
фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл процессте алатын орнын анықтау үшін
фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай
сақтап қалатынын түсіну керек.
Портер өз үлестеріне экспорттың ½-і келетін 10 ірі өндірістік елде
зерттеу жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің әлемдік нарықтағы
бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі параметрлерінің өзара
байланысын көрсететін ұлттық халықаралық бәсекелестік қабілеті деген
теориясын тұжырымдады.
Портер қазіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді
атап көрсетті:
─ Факторлық шарттар;
─ Сұраныс шарттары;
─ Жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар;
─ Фирма стратегиясы және бәсекелестігі.
Портер бірінші параметрдің – саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы
ұлғаятын факторлық шарттардың маңыздылығын мойындайды. Неоклассикалық
теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігі – ол аталған факторлар ел
үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады
деп санады. Мысалы, Жапониядағы жер жетіспеушілік факторы шағын
технологиялық процестерді қалыптастыру үшін негізгі ынталандырушы күшке
айналды. Бұл кейін әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Ал швейцар
фирмалары соғыстан кейінгі жылдары жұмыс күшінің жетіспеушілігі салдарынан
еңбек өнімділігін көтеру бағытын таңдады.
Екінші параметр – сұраныс шарттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін
көрсетеді. Олар фирманың даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік
нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді.
Портер Линдер теориясын дамыта отырып, компания қызметіне ықпал
жасайтын ішкі нарықтың қажеттіліктерін аса маңызды фактор ретінде
қарастырды. Мысалы, шағын бөлмелерде тұратын жапондықтар жапон өнеркәсібі
шығара бастаған энергия қуатын сақтайтын арзан кондиционерлер тұтынуды
қолайлы деп санайды. Кейіннен мұндай кондиционерлер экспортталуын жапондық
компаниялар қамтамасыз етуі арқылы бүкіл әлемде кеңінен пайдаланылатын
болды.
Үшінші параметр – жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар
фирма қызметіне тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды.
Әшекейлік бұйымдар өндіретін италиандық фирмалардың гүлденуінің себебі:
Италия асыл тастар мен металлдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші
орынға ие болып отыр.
Төртінші фактор – фирма стратегиясы және бәсекелестік фирмалық
стратегияға және ұйымдастырушылық құрылымына байланысты. Бұл жерде
басқарудың жалпы және универсалдық жүйелерін ерекшелеп бөлуге болмайды.
Мысалы жиһаз өндірісі, жарық беру құрылғылары, буып-түю машиналары
өндірісінде жетекшілік орындағы италияндық фирмалар өзгерістерге тез
бейімделгіштігімен, серпінділігімен, басқару нысандарының икемділігімен
ерекшеленеді. Ал оптика, дәлме-дәл машина құрылысы өндірісіне бейімделетін
неміс фирмалары үшін орталық басқарудың қатаң жүйесі үйреншікті жайт болып
табылады.
Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің
мемлекеттік көмекпен қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша
пайдалы екенділігін жоққа шығарады. Осындай мемлекеттік фирмалардың
көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендегімен, табиғи шикізаттарды асыралты
пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.
Ішкі нарықтағы күшті бәсеке фирманы сыртқы нарықтар іздестіре отырып,
шетелге шығуға ынталандырады. Ішкі бәсеке ұлттық фирмаларға өзінің
тәтсіздіктері үшін шетелдіктерді кінәлауға, сөйтіп мемлекеттен көмек
сұрауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы бәсекелестік
тауардың жеткілікті дәрежедегі бәсекелестік қабілеттілігі жағдайында оның
сыртқа шығарылу жолдарын белсенді түрде іздестіруге ықпалын тигізеді.
Осы М. Портердің теориясы 90-шы жылы Австралияда, Жаңа Зеландияда және
Америка Құрама Штаттарында сыртқы сауда тауарларының бәсеке қабілеттілігін
арттыруға байланысты мемлекеттік деңгейдегі ұсыныстарды дайындауда негіз
ретінде қызмет атқарды.
Қазіргі таңда халықаралық сауданың қатысушыларының, оның ішінде
экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің алдында ұлттық мүдде үшін не жақсы
екенін анықтауды қажет ететін күрделі мәселе тұр:
─ Еркін сауданы ұстанушылардың айтуынша экспортты көбірек қолдап,
сыртқа бағытталу;
─ Протекционизмді жақтаушылардың ұсынысына сәйкес ішке бағытталу және
импортты отандық өніммен алмастыру;
─ Сыртқы саудадағы импорт алмастыру мен экспортқа бағытталу
стратегияларын рационалды түрде араластыру (біріктіру).
Осы амалдардың шегінде көптеген жылдар бойы екі үлкен лагерь; тауарлар
мен қызметтерді экспорттауды арттыруға мүдделілер фритерлер мен импорт
алмастыру стратегиясын жақтаушылардың, протекционистердің арасында қызу
пікір-талас жүріп келеді.
Импорт алмастыруды жақтаушылар дамушы елдерге алдымен жай тұтыну
тауарларының импортын алмастыратын өздерінің өнеркәсібін ұйымдастыру керек,
сосын отандық өндірісті дамыта отырып, жоғарғы тарифтер мен импорттық
шектеулерді енгізіп бұдан күрделі өндірісті алмастыру қажет деп санайды.
Ұзақ мерзімді келешекте протекционистер жергілікті өндірісті
әртараптандыруды, бірқалыпты дамуды қамтамасыз етуді, содан кейін осылардың
нәтижесі арқылы, жұмыс күшінің төмендігі және өндірістік тәжірибені
меңгергеннен кейін ғана өндірістік тауарлардың ішкі бағасы бәсекеге
қабілетті болып оны экспорттауға болады.
Экспортты көтеруді жақтайтындар өндіруші өндірісті дамыту мен
тиімділігін қамтамасыз етуде сыртқы сауданың пайдалы екендігін, тар ұлттық
рыноктан, сыйымды сыртқы рынокқа бағытталудың маңызды екендігін атап
көрсетеді. Олардың ойынша экспорттық бағытталу стратегиясы мынандай негізгі
идеяларға сүйенеді:
─ Бірінші кезекте өндіріс өнімдерінің экспортын ынталандыру еліміздің
экономикасының индустриалдануына себін тигізеді;
─ Шикізат пен құрал-жабдықтардың импортын ырықтандыру өндіріс
шығындарының төмендеуіне әкеледі;
─ Ұлттық экономиканы жалпы ырықтандыру ішкі рыноктағы бәсекені
ынталандырады және әлемдік рынокта бәсекеқабілеттілігінің өсуіне әкеледі.
Неоклассикалық бағыттың көптеген зерттеушілері (А. Крюгер, Д. Лалл
және тағы басқалар) сыртқы сауданы дамытуда экспортқа бағытталу моделінің
тиімді екенін атап көрсетеді. Осындай моделдің концептуалдық мәні болып
Жапонияның сәтті тәжірибесі одан әрі бірінші эталондағы жаңа индустриалды
елдердің (Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур) тәжірибесі және
екінші эталондағы Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филиппин елдерінің
тәжірибесі табылады. Кейінгі уақытта осы елдердің қатарына Қытайды да қоса
бастады.
Көптеген дамушы елдер ішкі және сыртқы рыноктағы ахуалдарға байланысты
қос стратегияны да қолданады. ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары Азия, Африка
және Латын Америкасы елдері импорт алмастыруға сүйенген индустриалдандыру
стратегиясын жүзеге асырған, ал 60-шы жылы ортасынан бастап экспортты
көтермелеу стратегиясын ұстанған елдердің саны арта бастады. Осындай
елдерге шығыс-азия барыстары деген атқа ие болған Оңтүстік Корея,
Тайвань, Сингапур, Гонконг, Тайланд, Бразилия, Чили, Түркияны жатқызуға
болады.
1.2 Халықаралық сауданың классикалық теориялары
1.2.1 Меркантилистік теорияның негізгі идеялары
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы
талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантелизм доктринасы
болып табылады. Ерте меркантелизм ХV ғасыр соңында пайда болып, ақшалай
байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден
шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға
шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте
меркантелистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар
сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп
саналған алтынның қорының жиналуы жүрді деп есептелген.
Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың
ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының
жүйесі болды. Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың
артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және
шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп
ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:
Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі,
сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-
салтанат заттарын әкелуге тиым салынады.
Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді.
Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа
елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шетел рыноктарын жаулауды
қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік тауарларға салық
салу арқылы шектеп, сыртықы рыноктарда сұранысқа ие тауарлар өндірісіне
арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды ынталандырды.
Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара
отырып, еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
Меркантелистер пікірі бойынша байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы
мүмкін болады және әрбәр ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты
экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты
мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес
үш сектордан тұрады: өндірістік сектор, ауылшаруашылық секторы және шетел
отарлары. Саудаген экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы
ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылады.
Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағаланғандықтан, сыртқы
сауда меркантилистер мектебінің ойыншағ, мемлекет ұлттық позицияларын
нығайту үшін мынадай шаралар жүргізу керек:
- оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз
әкелу, өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін
қамтамасыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты
жоғарылатады;
- сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының
көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету
мақсатында экспортты ұлғайтып, импортты қысқарту үшін сыртқы
сауданы реттеу;
- шикізаттың шығарылуына тиым салу немесе оны шектеу және елде
өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелуіне рұқсат
беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге
төмен экспорт бағаларын ұстауға мүмкіндік беру;
- отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық
тиым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату
метрополия ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім
шығаруға тиым салу арқылы метрополияға шикізат
жеткізушілеріне айналдыру.
Меркантелистер халыаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар
бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп,
экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.
Меркателистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы иөлем
балансына сипаттама берді. Меркантелистердің шектеулілігі олардың бір ұлт
өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана
байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің
дамуы қолда бар дбайлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы
да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған
физиократтар ілімі сыртық саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен,
меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы
классикалық мектеп ойларына итермеледі.
Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит
халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді
сынауға арналған атақты Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы
зерттеу (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана
емес, сатып алуда тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау
және импорттау тиімді болатындығын анықтауғы тырысты. Әдебиетте оның тәсілі
абсолютті артықшылықтар (absolute advantage) принципі деп аталды. А.Смит
тиімді әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін
өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.
А.Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель
абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет:
шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.
шарт. Бұл елдерде тек тауар өндіріледі
шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.
шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді).
шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.
шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.
шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем
тиімділігі).
шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.
шарт. Екі елмен екі салада жетілген бәсеке орын алады.
Кесте 1.
Абсолютті артықшылықтар моделін қарастырайық
Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тарар Т 6 сағат 4 сағат
1 кестеде нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті
уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі S тауар бірлігін
шығаруға 3 сағат қажет, ал В елінде – 12 сағат. Бұл бізге А еліне қарағанда
тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін, және А елінің S тауарын
шығаруда абсолютті артықшыллықа ие болады. Егерде А елі Т тауарының
өндірісін қысқартып, S тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі керісінше S
тауар өндірісін қысқартып Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде Халықаралық
еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі негізінде сауда
орнын алады. (кесте 1)
Кесте 2
Мемлекет А Мемлекет В Бүкіл әлем
Тауар S +2 дана -1 дана +1 дана
Тауар Т -1 дана +3 дана +2 дана
Бұл жағдайда егер А елі Т тауар өндірісін 1 данаға қысқартса, ол оған
6 сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, S тауарының 2 данасын шығаруға
пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде
өндірістің бірден қысқаруы арқылы 12 сағат үнемделіп, Т тауарының 3 қосымша
данасын шығаруға болады.
Жалпы алғанда қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында S
тауарының әлемдік өндірісі бір данаға, ал Т тауарының өндірісі екі данаға
ұлғаяды.
XVIII ғасыр соңында шикізат тауарларының саудасы басым болып,
А.Смиттің осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығында цитрустарды
Англияда емес, тропикалық елдерде өсіру тиімді екені белгілі. Бірақ сол
кездің өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа
елдеріне келген болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи
ерекшеліктерге ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит
табиғи артықшылықтарымен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен.
Кесте 3
Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тауар Т 6 сағат 4 сағат
А.Смит бір елдің барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болған
жағдайды қарастырмайды (таб 2.3). Оны өзінің Саяси экономия бастамасы мен
салық салу (1819) еңбегінде Давид Рекардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит
моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара
тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.
Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара
тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстан кедергі келтірмейтінін
көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (comparafive
advantage) заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие
тауарларға (егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса)
немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар) бойынша
абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол
хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа
айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары
Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де
пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары кесте 4 келтіріпген.
Кесте 4
Англия Португалия
пмата 100 90 жұмыскержыл
жұмыскержыл
п шарап120 жұмыскержыл
жұмыскержыл
Кесте 4 таблицасынан көріп отырғанымыздай, Англиядан (п) матаның
белгілі мөлшерін өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне
Англия өзінде өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (т) Португалдық
шараптың бір бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату
арқылы оның шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімідерді өндіруге
90 және 80 дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа
айырбастау тиімді. Д.Рикардоның пікірінше Ю.О ағылшын жұмысшысымен 80
португалдық жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы
өндіріс факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.

Д.Рикардоның моделіне байланысты, Португалия Англияға қарағанда екі
тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болып отыр, бірақ Португалия шарап
өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндіру үшін Англияға
қарағанда 67 % (80120 хЮО ) шығынын жұмсайды, ал мата өндірісіне - 90%
(90 100x100). Сондықтан Португалия үшін шарапты, Англия үшін матаны өндіру
мен экспорттау тиімді болып табылады.
Д.Рикардо өз моделінде өндірілетін тауарлар (шарап пен мата) мөлшерін
өзгеріссіз алып, оларды өндіруге кететін жұмыс уақыты шығындар
айырмашылығын қарастырады. XX ғасырда бұл тәсіл альтернативті шығындар
(немесе орнын басу шығындары) ұғымы негізінде өзгешеленеді.
Бұл талдауға тағы бір шартты енгізейік: 10 шарт. Әрбір елдегі
технологиялар мен факторлар саны өзгеріссіз.
Енді салыстырмалы басымдылық принципін осы тұрғыдан қарастырып
көрейік. Д.Рикардо мысалындағы кейбір бастапқы шарттарын қолданайық: екі ел
( Англия, Португалия) және екі тауар (шарап пен мата) бар. Англиядағы 1м2
матаны өндіру үшін 100 сағат жұмыс уақыты, ал 1 л шарапқа - 120 сағат қажет
дейік. Англия осы жылы 220 сағат жалпы жұмыс сағатына ие болсын. Сөйтіп
Англияда 2200 м. мата (220 мың сағ100 с), немесе 1833 л шарап (220 мың
с120 с) немесе екі тауарлар осы шектердегі кез келген арақатынасында
өндірілуі мүмкін.
Португалияда жалпы жұмыс сағатының мөлшері 170 мың сағатқа тең. 1м2
матаны өндіруге - 90 сағат, ал 1 л шарапқа - 80 сағат қажет. Сөйтіп
Португалияда 1899 мата ( 170 мың с90с) немесе 2125 л шарап (170 мың с80
с), немесе екі тауар осы шектеріндегі кез келген арақатынасында өндірілуі
мүмкін.
Сурет 1. Өндірістік мүмкіндік шекаралар Англия мен Португалия
өндірістік мүмкіндік шекаралары көрсетілген.
Англияда 1м2 мата 45 литр шарап көлемінде тұрса, Португалияда ол 65
л шарапқа тең. Бұл салыстырмалы бағалар Англия мен Португалия арасында
сауда жоқ деп есептелгендіктен, автаркиялық деп аталады. Егер де транспорт
шығындарын қарастырмай, екі ел арасындағы саудада ешбір кедергі жоқ болса,
Англия өзінде салыстырмалы бағасы төмен матаны Португалияға сатып,
Португалия өзінде салыстырмалы бағасы төмен шарапты Англияға сатады.
Осындай сауда, екі жабық рыноктардағы әр түрлі бағалардың орнына
бірдей әлемдік баға орнауына әкеледі. Мысалы, 1м мата 45 пен 65 литр
шарап арасында әлемдік баға қалыптасады. Мысалға оны 55 немесе 1 деп
алайық. Осы баға бойынша мата Англияда да, Португалияда да сатылады. Енді
Англияда шарап өндірушілерінің пайдасы төмендеп, мата өндірушілерінің
пайдасы жоғарылайды. Осының нәтижесінде шарап өндірісі қысқарып, мата
өндірісі ұлғаяды. Португалияда жағдай керісінше дамиды.. Осының бәрі
Англияның матаға, ал Португалияның шарапты өндіруі мен экспорттауға
мамандануына әкеледі.
Сөйтіп, еркін сауда әр елдің өндірісінің салыстырмалы артықшылыққа ие
тауарлардың дамуы мен өндірістің мамандануына және бүкіл әлемде тауар
өндірісі көлемінің ұлғаюына әкеледі. Бұл орын басу шығындарының
(орроrtunity costs) тұрақты болуын немесе бір тауар өндірісін ұлғайту үшін
басқа тауардың бір бөлігінен бас тарту мөлшерінің өндірістік шығындарын
керсетеді. Біздің мысалымызда Англияда 1м матаны өндіру үшін 45 л
шараптан, ал Португалияда мата өндірісінің жалпы көлеміне қарамастан 65 л
шараптан бас тарту қажет. Мысалға Португалияда матаны өндіруде бірінші
квадрат метрі ме, 1899-шы метр ме бәрібір қосымша 1м2 матаны өндіру 65 л
шарапқа тең болады.
Бұл жағдай шындықтан алыс болғандықтан, талдауымызға енді
пайдаланбаймыз. Шындығында, орнын басу шығындарының тұрақты жағдайында, әр
ел өзі ие салыстырмалы артықшылықты тауар өндірісіне маманданса, сыртқы
сауда да пайдасын максималды ұлғайта алады. Бірақ шын өмірде ол бола
бермейді. Барлық елдер өздерінің тұтынуы үшін тауардың бір бөлігін өндіріп,
бір бөлігін шеттен әкеледі.
1991 жылы американ экономисі М.Портер "Елдердің бәсекелестік
артықшылықтары" атты зерттеуін жариялады. Бұл зерттеуде халықаралық
сауданың мәселелері өте тиянақты карастырылды. Осы тәсілдің бір алғышарты:
"халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл процестегі
елдің атқаратын ролін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай
құрып және қалай нығайтатынын түсіну қажет". Сыртқы рыноктағы табысқа жету
дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты.
Бәсекелестік артықшылықтар стратегиясы.
М.Портер бойынша бәсекелестіктің негізгі бірлігі сала, яғни тауар
өндіретін және қызмет көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін бір топ
бәсекелестер болып табылады. Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың ұқсас
негіздері бар өнімдер шығарылады. Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік
стратегияны тандауына екі басты жағдай әсер етеді:
1. Фирманың іс-әрекеті бәсекелестік ерекшеліктері бар.
Сала құрылымы. Сала ішіндегі бәсекеге бес түрлі фактор (М-Портер бойынша
күштер) әсер етеді.
жаңа бәсекелестерінің пайда болуы.
орнын баса алатын тауар немесе қызметтің пайда болуы.
жеткізушілердің саудаласу мүмкіндігі.
сатып алушылардың саудаласу мүмкіндігі
бар бәсекелестердің арасындағы жарыс (бақталас)
Осы бес фактор саланың пайда көлемін анықтайды, өйткені олар бағаға,
фирма шығындарына, капитал болуына және т.б. жағдайларына әсер етеді.
Әрбір саланың өз құрылымы болады. Мысалға фармацевтикалық өнеркәсіпте
жаңа бәсекелестердің пайда болуы өте сирек, ал ішкі бәсеке баға негізін де
емес, ғылыми зерттеулер, жаңа дәрі шығару сияқты факторларға байланысты.
Жоғары бағалар тұтынушыларды қорқытпайды, ал жеткізушілер оларға қатты
әсерін тигізбейді. Орнын баса алатын тиімді өнімді жасау өте қиын және оған
көп уақыт қажет болады.
2.Фирманың салада алатын позициялары (орны). Фирманың саладағы
позициясы ең алдымен иеленетін артықшылығымен анықталады. Фирма тұрақты
бәсекелестік артықшылықка ие болса, өз қарсыластарынан озады. Ол үшін:
Төменірек шығындар. Бәсекелестеріне қарағанда ұқсас тауарды жасау, өндіру
мен сатудағы фирмалық аз шығындармен жүзеге асыра алатын мүмкіндігі.
Тауарлар дифференциациясы (бөлшектеу). Фирманың тауардың жоғарырақ сапасы,
немесе ерекше тұтыну қасиеттері немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетудің
кең мүмкіндіктері арқылы тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндігі. Бәсекелестік артықшылық бәсекелестерге қарағанда жоғары
өнімділікті береді.
Фирманың сала ішіндегі позициясына әсер ететін тағы бір манызды фактор
- бәсекелесу сферасы немесе фирманың сала шекараларында бағытталған
мақсаттар ауқымы.
Фирма өзі үшін, қанша түрлі тауарды шығару, сатудың қай каналдарын
пайдалану, қай тұтынушыларға қызмет көрсету, әлемнің қай аймақтарында өз
өнімін сату мен қандай ұқсас салаларда бәсекелесу қажеттігін шешуі керек.
Салалар бөлектенген, сондықтан, фирма бәсеке сферасын таңдау барысында
ауқымды бағытта ма, рыноктың бір бөлігіне ғана нысаналап бәсекелесетінін
шешуі қажет.
Сурет 2 фирманың сала ішінде позицияларын анықтауда пайдаланатын
негізгі типтік стратегиялар көрсетілген.
Бәсекелестік артықшылық
Төмен шығындар Дифференциация
Бәсекелесу Кең Шығындарды үнемдеу Дифференциация
аумағы нысана есебінен үздік шығу
Тар Шығындарға барлық Диффернциация
нысана көңілді бөлу
Сурет 2.Стратегия типтері
Типтік стратегиялар концепциясының мәні болып, әр стратегия
бәсекелестік артықшылыққа негізделген, сондықтан фирма қолда бар
артықшылыққа байланысты өз стратегиясын таңдауы керек.
Бәсекелестік артықшылыққа фирма өз іс-әрекетінің жекелеген түрлерін
ұйымдастыру мен орындау негізінде қол жеткізеді. Осының нәтижесінде сатып
алушылар үшін белгілі бір құндылықтар жасалады. Түпкілікті құндылық фирма
ұсынған тауар мен қызметі үшін тұтынушының қанша ақша төлеуге дайын болуына
байланысты. Әрине, қажетті іс-әрекеттер шығынынан жоғары болғаны дұрыс.
Бәсекелестік артықшылыққа жету үшін, сатып алушыларға бәсекелестердегі
құндылығы бар тауарларды ұсынып, бірақ оны төменірек шығындарымен өндіру
(аз шығындар стратегиясы) қажет немесе сатып алушыларға жоғары баға алуға
болатын жоғары құндылықты тауар ұсыну дифференциация (бөлшектеу)
стратегиясы.
Фирма құндылықтарының тізбегі - бір іс-әрекетті жүзеге асыру әдісі
басқа іс-әрекетті түрлерінің тиімділігі немесе құнына әсер етуінен пайда
болған байланыстар негізіндегі іс-әрекет түрлерінің жүйесі. Осы
байланыстарды басқару бәсекелестік артықшылықтардың шешуші негізі болуы
мүмкін.
Фирмалар өз саласында бәсекелесудің жаңа түрлерін тауып, онымен
рынокқа шықса бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізеді.
Бәсекелестік артықшылыққа жетудің жаңа түрлерінің пайда болу
себептеріне:
жаңа технологиялар (Германиядағы рентген аппаратурасының
өндірісі);
сатып алушылардың жаңа немесе өзгерген сұранысы (тез
тамақтанудың американ компаниялары);
. саланың жаңа бөліктерінің (сегменті) пайда болуы (Жапонияда көп
мақсатты, аз көлемді автокөтергіштер өндірісі);
өндіріс құны немесе компоненттерінің өзгеруі (елдердегі еңбек
күші құны қатынасының өзгеруі);
мемлекеттік деңгейдегі реттеу (стандарттар, қоршаған ортаны
қорғау, сауда шектеулері, т.б. сияқты).
Халықаралық бәсеке ерекшеліктері
Жоғарыда бәсеке мен бәсеке стратегиясы туралы айтылғанның бәрі сыртқы
және ішкі рынокқа бірдей дәрежеде қолданылуы мүмкін. Соған қарамастан,
халықаралық бәсекенің ерешеліктері бар.
М.Портер бәсеке ерекшеліктеріне қарай екі сала түрлерін өзгешеледі.
• көп түрлі ұлттық (multido mestic) салалар. Халықаралық
ауқымда ондай сала ұлттық салалар жиынтығы болады да және елде бәсеке әр
түрлі өтуімен сипатталады.
Бәсекенің бір стратегиясын мұндай салаларда жүргізу мүмкін емес..
Мысалға жинақ банктер саласын келтіруге болады;
• глобалды салалар, ол әлем бойынша бір бәсекелесу аймағы
болуымен ерекшеленеді. Осындай салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету өте
маңызды болады, өйткені оны бүкіл дүние
жүзінде пайдалану мумкіндігі туады. Осы салаларда көптеген
елдерде сатылуға арналған бір тәсілді қалыптастыратын және
пайдаланылатын глобалды стратегия қажет. Көп ұлтты компания-
лардың өмір сүруі глобалды стратегиясы барын көрсетпейді, өйт-
кені көп түрлі ұлттық салаларда көп ұлы компаниялар филиалдары
жеке дара жұмыс істейді. М.Портер глобалды стратегияда
бәсекелестік артықшылыққа жетудің екі жолын көрсетеді.
1. Іс-әрекет конфигурациясы. елдің ерекшеліктерін пайдалану үшін іс-
әрекетті әр түрлі елдерде орналастыру болып табылады.
Бір елде өндірістік іс-әрекеттің түрлерін шоғырландыру кезінде, тауар
экспорты арқылы сыртқы рынокқа шығу, ал өндірісті әр түрлі елдерде
орналастыру кезінде, тікелей шетел инвестициялары арқылы сыртқы рынокқа
шығу жүзеге асырылады.
Іс-әрекет түрлерін орналастыру кезінде ел төмендегідей критерийлер
бойынша таңдалады:
• факторлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz