Туризмді тұрақты дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

КІРІСПЕ

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Халықаралық туризм түсінігі және дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары

1. 2 Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін факторлар

1. 3 Халықаралық туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫТУ ПРАКТИКАСЫН ТАЛДАУ

2. 1 Халықаралық туризмнің Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайы, мәселелері

2. 2 «Триумф Travel» туристік фирманың сипатамасы мен жағдайын талдау

2. 3 «Триумф Travel» туристік фирманың халықаралық туризмді ұйымдастыру және басқару құрылымдары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРА-ЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫН ЖЕТІЛДІРУ

3. 1 Халықаралық туризмнің Қазақстан Республикасындағы жетілдіру жолдары

3. 2 Халықаралық туризмді Қазақстан Республикасында дамыту стратегиясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША 1

ҚОСЫМША 2

4

9

9

15

20

28

28

36

51

58

58

67

76

77

78

79

Кіріспе

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 2009 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2, 5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салы стырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің аркасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде бе лгіледі.

Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпанындағы Жолдауы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін берді.

Туризмнің заңнамалық және нормативтік базасы жаңартылуда. 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңының шығуы бұған дәлел болады.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2008 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851, 6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек. Осы өсу қарқыны жалғаса берсе, 2010 жылдың соңына қарай әлемдегі туристердің саны 937 млн. адамға жетеді.

Қазақстан республикасы Президентінің халыққа жолдауында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.

Жек сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда жақында басталды. Туристік қызметтік жеткіліксіз дамуы, қызмет етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, диссертацияның тақырыбын таңдауға себеп болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды. Туризм саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік - X. Криппендорф, Б. Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы өте жоғары.

Туристік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша экономикалық мәселелерді шешуде ТМД ғалымдары: Г. Л. Азоев, А. П. Градов, И. Н. Герчикова, Н. Н. Дуданов, Р. А. Фатхутдинов, А. Ю. Юданов, Р. М. Петухов және т. б. ғалымдардың қосқан үлестері зор.

Қазақстаннның қызметтер көрсету нарығының дамуындағы туризм саласының кейбір мәселелері қазақстандық ғалымдар: А. А Алимбаев, Р. А. Алшанов, С. Б. Ахметжанова, У. Б. Баймуратова, А. Есентүгелова, Б. Мырзалиев Ә. Ә. Сатыбалдин, С. Д. Тәжібаев, С. Қ. Сураганова, Б. Н. Исабеков және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Сонымен қатар, осы тақырып төңірегіндегі көптеген мәселелер аз зерттелген және ғылыми талданбаған. Туристік қызметтер төңірегінде бәсекелік мүмкіншіліктерді бағалаудың теориялық тұстары аз зерттелген. Қызметтер нарығындағы туристік фирмалардың тұрақтылығын дұрыс бағалау үшін, бәсекелік мүмкіншілігін анықтай алатын бағалау әдістемесі әлі күнге жоқ. Сол себепті, туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған көкейкесті мәселелер әрі қарай зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және отандық экономистердің еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негіздері. Туристік қызметтерді реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да Президенттің, Қазақстан республикасы Үкіметінің ресми құжаттары диссертациялық жұмыстың нормативтік-құқықтық негізі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық негізі ретінде Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмысының мақсаты - туризм саласының ұйымдастырылуын жақсартудың экономикалық жақтарын зерттей отырып, халықаралық туризмнің қазіргі даму барысына талдау жүргізу және көрсетілген туристік қызметтердің сапалылығын жетілдіруде әдістемелік нұсқаулар дайындап, нақты тәжірибелік ұсыныстар беру.

Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:

  • туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудың шетелдік тәжірибесіне шолу жасай отырып, олардың озық үлгілерін отандық туризмді дамытуда қолдану мүмкіндіктерін анықтау;

- халықаралық туризмнің қазіргі жағдайына республика және аймақ деңгейінде талдау жасап, негізгі даму серпінін анықтау;

  • туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудағы экономикалық, ресурстық, қаржылық және әлеуметтік әлеуеттердің пайдаланылу мүмкіншіліктерін бағалау;

- туристік фирмалардың қызметтерін басқару бойынша нарық тетіктерін енгізудегі ұсыныстарды негіздеу;

  • туристік фирмалардағы көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапкершіліктерін күшейтетін экономикалық тетіктер негізіндегі шараларды жетілдіру;
  • туристік қызметтерді жетілдіру мен олардың тәжірибелік нәтижелерін бағалауда кластер құрудың тиімділігін ғылыми негіздеу;

Дипломдық зерттеу нысанына барлық туристік саланың негізгі буыны ретінде «Триумф Travel» туристік фирмасы алынды.

Дипломдық зерттеудің пәні болып туризм саласы мен оның алғашқы буындарындағы ұйымдық-экономикалық мәселелер таңдалды.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Халықаралық туризм түсінігі және дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары

Халықаралық туризм - бұл мемлекетттің дамуында үлкен роль атқаратын, қиын да бірегей құбылыс. Халықаралық туризмнің әлемдік сауданың және ұлттық экономиканың дамуына әсері жоғары дәрежелі мәнге ие.

Әрбір мемлекеттің сыртқы экономикалық айырбасы, валюта негізінде көрінетін сыртқы саудасы экономикалық қызметтің негізгі сферасы болып табылады. Халықаралық айырбас теориясы жеке мемлекетттердің сыртқы сауда процессіндегі нәтижелеріне байланысты шарттар мен факторларын қарастырады. Сыртқы сауда қызметтеріне қатысты бұл теориның жалпы қағидалары туристермен айырбас жасау ерекше нысанына әбден келеді. Экономистер ішкі туризмге қарағанда халықаралық туризмге көңіл бөлген. Олар мынадай шешімге келген, яғни, төлем балансына тауарлардың аййырбасы қалай әсер етсе, туристік қозғалыс та сондай-ақ әсер етеді. Сондықтан да халықаралық туризмді сыртқы экономикалық қатынастардың бір түрі ретінде және сыртқы сауданың ерекше нысаны ретінде түсіндіруге болады.

Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың бір нысаны ретінде шетелдік туристердің кең көлемдегі рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы туристік қызметтің түрлерін ұсынуға бағытталған қызмет болып табылады.

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны ретінде өзгеше белгімен ерекшеленеді. Олардың негізгілері, әлемдік нарықта сату-сатып алу құралдары ретінде тікелей сыртқы сауды айырбасына қабілеттілігі жоқ тауарлар мен қызметтер болып табылады.

Саяхатшыны орналастырумен байланысты көрсетілетін қызметтерге (мейманхана, тамақтану, экскурция, төсек орнын жуу, тазалау т. б) тауарлық сипат тән. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер ғана сатылып және сатылып алынбайды, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік- экономикалық туристік -рекреациондық ресурстар да сатылады және сатылып алынады. Бірақ бұл сауда-саттық та олар дәстүрлі экспорт кезіндегідей территориядан алшақ кетпейді. Шетелдік туризмнен түскен валюталық түсімдер, ішкі туризмнен түскен табыстар сияқты табиғаттың емдік және ерекше қасиеттері үшін, жергілікті жердің тарихи ескерткіштері үшін өзіндік рекреационндық рента болып табылады.

Туризмнің тағы бір ерекшелігі сол, қызмет пен тауар өндірісіне жұмсалған еңбек оның жасалған жерінде затқа айналады. Бұл кезде тауар тұтынушыға қарай жылжымайды, керісінше, сатып лаушы тауардың немесе қызметтің өндірілген жеріне өзі келеді, ал бұл капиталдың айналу уақытын қысқартады. Халықаралық туризмнің бұл негізгі сипаттамасы, оның басқа экспорттық баптардан ерекшелендіретін бірқатар жағдайларды тудырады.

Біріншіден, сатып алушы саяхатшы тасымалдау шығындарын өзі төлейді. Екіншіден, шетел саяхатшыларының сапар кезіндегі тауарлар мен сувенирлерді сатып алуын сыртқы сауданың тиімді формасы ретінде қарастыруға болады. әр елдерде бірқатар салалар топтары осы «ішкі экспортқа» қызмет етеді. Мысалы, Жапонияда шетел саяхатшылары елде өндірілетін радио тауарлары менг видео аппаратураларының, фотоаппараттардың айтарлықтай бөлігін сатып алды; Швейцарияда - сағаттар, шокалад, сыр, Францияда - иіс сулар мен сән салондарының өнімдерін, Италияда - аяқ киім мен былғары галантереясының өнімдерін, Ұлыбританияда - виски және басқаларын сатып алады.

Халықаралық туризмге ішкі саудада қалыптасатын операциялар түрлері тән, атап айтқанда: экспорт, импорт және реэкспорт, бұл операциялардың халықаралық туризмде өз ерекшеліктері бар. Халықаралық экономикалық қатынастар формасы ретінде халықаралық туризмнің басты ерекше белгісі сол, қызметті сатып алу, кез келген сыртқы сауда мәмлесі сияқты, шетелдік контрагенттер (туристік фирма, шетелдік турист) арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты халықаралық туризмдегі экспорт дегеніміз - шетел қонақтарын қабылдау, ал импорт - осы елдің саяхатшыларының шетелдерге сапар шегуі. Халықаралық туризмдегі реэкспорт түсінігінің мазмұны күрделірек. Таза теориялық көзқарастан алып қарағанда, бұл категорияға осы елдің туристік фирмаларынан үшінші елге сапар шегу үшін жолдама сатып алған барлық шетел саяхатшылары жатады. Алайда, қалыптасқан есеп жүйесінің жетілмегендігіне байланысты, саяхатшылардың бұл категориясын есепке алу қиынға соғады. Сондықтан халықаралық туризмдегі реэкспортық операциялар барған сайын ұлғайып бара жатса да, олардың көрсеткіштері экспортық операцялар шінде жоғалып кетеді.

Туризм арқылы жүзеге асатын экспорттың бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың бірі - басқа жағдайларда қарапайым каналдар арқылы экспортталатын тауарлар үшін экспорт нарығының кеңеюі. Сонымен қатар мұндай экспорт шет ел валютасына көптеген тауарлар мен қызметтер жиынтығын сату мүмкіндігін береді. Оған қоса шетелдік саяхатшылар сатып алған тауарлары үшін шет нл валютасында салық төлейді.

Шаруашылық жүйесіндегі туризм - еңбек бөлінісінің бір көрінісі, бұл жерде экономикасының даму дәрежесі жоғары елдер басты роль атқарады. Мұндай жағдай халықаралық туристік айырбаста да қалыптасқан. әлемдік туристік сапарларың негізіг бөлігі өнеркәсіптік дамыған елдер арасында жүзеге асырылады, бұл елдерден (АҚШ, Франция, Ұлыбритания т. б) шетелдерге адамдардың саяхат құру проценті жоғары. Сондай -ақ дамыған елдер мен экономикалық дамудың орташа деңгейінде тұрған елдер (Греция, Португалия, Турция т. б) және дамушы елдер (Тунис, Тайланд және т. б ) арасындағы саяхатшылар ағымы да айтарлықтай. Осыған сай, бұл елднрге Бүкіләлемдік туристік Ұйым аталған елдерге келесідей анықтама берген: «саяхатшыларды негізгі қоюшы елдер», және «саяхатшыларды негізгі қабылдаушы елдер».

Туризм теоретиктері шетел туристерін қабылдаудың және оларға қызмет көрсетудің ерекше экономикалық тиімділігін атап көрсетеді, және туризмді дамытуға бейімделген экономиканың табысқа кенелтетіндігін бола айтады. Мысалы, Багам аралдарындағы экономиканың негізін шетелдік туризм қалайды. Мұндағы қызмет көрсету сферасының (туризмді қоса есептегенде) жиынтық ішкі өнімі мемлекеттік табыстың 60% -ін береді, ал өнеркәсіптің мемлекеттік табыстағы үлесі тек 10%-ке тең. Барбодостағы шетелдік туризмнен түсетін түсім осы елдің негізгі өңдеуші саласы- қант өндірісінен түсетін табыстан да жоғары. Алайда, саяхатшыларды шығаратын елдер үшін, туризм, валюталық құралдардың шетке ағыоу көзі болып табылса да, экономикалық тиімсіздік белгісі емес. өйткені, адамдардың шет елге шыу мүмкіндігінің болуы елдегі өмір сүру деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Мемлекетер арасында саяхат байланыстарының дамуы екі жақты сипатқа ие. Кез келген елге келген шетелдік саяхатшылар санының өсуі елдің фалюталық резервін толтыруға үлес қосады. Сонымен қатар, қабылдаушы елде жұмсалған валюталық құралдар, саяхатшыны шығарған елге, импорттың артылуы арқылы қайтып келеді. Мысалы Бундесбанк (ФРГ) басшылығы әкімшілік органдарын туристік операциялар бойынша қалыптасқан тапшылықты жою шараларын қабылдамауға шақырады. Олардың пікірінше, ФПГ азаматтарының шетелдік саяхат кезінде жұмсаған шығындары ел үшін валюталық құралдардың шетке ағылуын білдірмейді. Бұл валютаның айтарлықтай бөлігі ФРГ-ға қайтып келеді, өйткені оларға ФРГ-да жасалған тауарлар сатып алынады. Басқаша айтқанда, Батыс Германдық саяхатшылар, өздері барған елдерге, ФРГ-мен сауданы дамыту үшін қажетті «несие» береді. Ал халықаралық туристік айырбасты шектеу сыртқы сауданың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан белсенді туризмді (саяхатшыларды қабылдау) туристік игіліктердің экспорт ретінде, ал пассивті туризмді (азаматтардың шетелге шығуы) - олардың импорты ретінде анықтауға болады. Туристік экспорт арқылы тауарлар мен қызметтердің айырбасталуы ішкі сауданың кеңеюіне әкеледі, дәстүрлі экспорттың жаңа мүмкіндіктерін ашады және дәстүрлі тауар экспортының орнын туристік тауар экспортының басуына әкелуі мүмкін.

Белсенді және пассивті туризм тиімділігін есептеу қиын емес. Нақты ақпаратты жинау қиынға соғады, өйткені шетелдік туристердің жергілікті өндіріс өнімдеріне деген сұранысы және көлімі туралы деректер жоқтың-қасы. Мұндай сұранысты тіркеу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Шекарадан өту және ақша айырбасы мен байланысты талаптардың либерализациялануы көптеген ақпарат көздерін жабады. Елге келген саяхатшылардың тек ғана нақты санымен олардың елдегі болу уақытын ғана анықтауға болады. Туристтік тұтынуды статистикалық есепке алудың қиыдығы сонда, тұтыну саяхатшыны қабылдаушы елде жүзеге асады, ал сатып алынған тауарлар саяхатшының тұрақты өмір сүретін еліне шығарылады. бұл тауарлар, әдетте, шекараны өту кезінде тіркелмейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда белсенді туризмді - «көзге көрінбейтін экспорт», ал пассивті туризмді - «көзге көрінбейтін импорт» деп анықтауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
Туристік саланы дамыту перспективалары
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Қазақстанда баламалы туризмді дамыту әлеуеті
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамытуға қолайлы туризм түрі
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz