Негізгі көші - қон легі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ұлт мәселесіндегі Қазақстан және Герман халықтарының өзіндік ерекшеліктер

Э.Т.Какенова
Қазақстан. Арқалық. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ, оқытушы

Резюме
Статье были рассмотренны проблемы о нациях между Республикой
Казахстан и Германией. В ходе работы изучалось сходство и различия по
проведенным работам в двух государствах.

Summary
Problems of Nations of Kazakhstan and Germany are considered in this
article. Similarities and distinctions of different nations in two
countries are by the author during the work.

Көптеген ұлттар мен ұлыстардың қазақстанда өмір сүруі біздің
қоғамымыздың зор байлығы, олар зор қамқорлықты қажет етеді. Солардың
арасында саны неғұрлым көп диаспоралардың бірі немістер. Таяу кезге дейін
Қазақстанда жарты миллионға жуық немістер болды және олар ұлттық
диаспораның сан жағынан үштен бірін құрады. 1980 жылдардың ортасынан бастап
немістердің Германияға эмиграциясы басталды. Сол себепті де немістердің
саны азайғанымен, соңғы кезде біршама тұрақтала бастады.
Демек, Қазақстандағы көші-қон шығынының ең жоғарғы қарқыны неміс
халқында байқалатындығын атап өткеніміз жөн. 2007 жылдың қаңтар айының
соңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ресми сапармен Германия Федеративтік Республикасына барды. Екіжақты
келіссөздердің және жоғары деңгейдегі кездесулер барысында Германия
территориясына Қазақстан Республикасынан қоныс аударған миллионға жуық
мигрант-немістердің бар екендігі және тағы 300 мың неміс Қазақстан
территориясында өмір сүріп жатқандығы туралы деректерге ерекше назар
аударылды. Кейіннен, Н.Ә.Назарбаев Германия Федеративтік Республикасынан
келемін деушілерге Қазақстан азаматтығын қайтару рәсімін жетілдіру
қажеттілігіне назар аударды. [1, 4 б]
Германияның Үкіметі қазақстандық немістердің мәселелерін өз орнында
шешуге ынтасын білдіруде. Келушілер бойынша Германияның өкілетті үкіметінің
бундестаг депутаты Йохен Вельт германдық үкіметтің атынан Қазақстанда
қалатын немістерге көмек беретінін айтты. Қазақстандағы немістерді
қолдаудағы жобаның үлкен бөлігі Өзіндік көмек үшін - көмек деп аталады.
Сонымен бірге Германия қазақстандық кәсіпкерлерге мамандарды кәсіби
дайындауда, олардың квалификациясын жоғарылатуға, яғни кәсіпорындардың одан
әрі қарай бәсекеге қабілеттілігін тек қазақстандық нарығында ғана емес,
сонымен қатар германдық нарығында да көмектесуге дайын екенін көрсетті.
Алматыда өткен пресс-конференцияда Йохен Вельттің айтқан сөзінде 2001
мен 2003 жылдары Германияның ішкі істер министрлігінен Қазақстандағы
этникалық немістерге қолдау көрсетуде 11 миллион евро бөлінгенін көрсетті.
Негізінен қолдау көрсету жобалары соғыс кезіндегі еңбек әскеріне тартылған
қарт немістерге, неміс жастарына тілді оқытуға және неміс ұлтының
мамандарының кәсіби квалификациясын жоғарылатуға арналған бағдарламаларды
қаржыландыруға бағытталған. Оны бақылауда қазақстандықтар жағынан Қайта
өркендеу аймақтық қоғамдық ұйымымен, ал германдықтар тарапынан –
Техникалық серіктестік бойынша қоғамы (GTZ) жұмыс жасайды.
Соңғы жылдары ҚР-ның үкіметі Қазақстанда тұратын немістердің
мәселелерін шешуде белсенді қызмет атқаруда:
1. Ұлттық-мәдени бірлестіктері жөніндегі ҚР-ның заңының жобасы
шығарылды, яғни әр түрлі өткізілетін ұлттық-мәдени іс-шараларға этнос
өкілдігінің бұқаралық қатысуы.
2. 1999 жылы 18 наурызда Алматы қаласында болған ҚР-ның үкіметі
Қазақстан-Германия қатынастары неміс диаспораларының әлеуметтік-
экономикалық механизмдерінің тұрақты дамуы жөніндегі халықаралық Дөңгелек
үстеліне кейбір қатысушылардың нақты ұсыныстарын қайта қарады, оның
ішінде:
а) Эксқазақстандықтар үшін екі азаматтық алу жөнінде, олардың
әрқайсысының төртіншісі Германиядағы талаптарына қанағаттанбайды және
өзінің отанына кәсіпкер ретінде келуін армандайды, яғни Германияда микро
кредит алып Қазақстанға келіп өз жұмысын ашуы. Бір жағынан бұл Германияның
Ішкі істер министрлігіне жұмыссыздық мәселесін шешуге және жеке капиталын
тиімді орналастырумен бірге Орталық Азияның транзиттік орталық зонасына
Германия өз ықпалын кеңейте алады.
б) ҚР-ның Конституциясының 89-шы бабына сәйкес кейбір немістердің
тұрақты өмір сүріп жатқан жерлеріне жергілікті өзін-өзі басқару органы
құрылуы мүмкін.
3. Мемлекетіміздің ЖОО-да актерлар мен журналистерді дайындайтын неміс
бөлімдері ашылды. [2, 4 б]
Дегенмен, Қазақстанда тұратын этникалық немістерін қайта дамыту
жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын орындаумен қатар атап өтілген
мәселелерді шешуде неміс диаспорасын қайта өркендету және мемлекетімізден
немістердің кету ағымын азайтуда іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Қазақстандағы неміс халқының елдеріне оралуы мен көші-қон
процестерінің тұрақты дамуы үшін негізінен терең саяси және экономикалық
реформалардың контексті арқылы Қазақстандағы өмір сүру сапасы мен жағдайын
жақсарту және адамдардың, сонымен бірге этникалық азшылықтың құқықтарын
сақтау қажет.
Шетелдіктер мен елшіліктердің республикасының тиісті органдарымен және
мекемелерімен өзара әрекеттестігін жандандыру қажет, сондай-ақ әлеуетті
иммигранттармен жүргізілетін жұмысты ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің
қарапайым және осы заманға сай түрлерін жүзеге асыру қажет болып табылады.
Адамдардың ұлттық шекаралар арқылы көшіп-қонуы мен қоныс аударуына
байланысты мәселелер біржақты негізде шешім табуы мүмкін емес. Көші-қон
елдер арасындағы ынтымақтастық негізінде басқарылуы және реттелуі тиіс.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында еңбек көші-қоны мәселелерін
көптарапты нысанда реттейтін нақты халықаралық келісімдік база құрылды,
атап айтсақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен, Еуразиялық
экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ), Орталық Азия экономикалық қауымдастық
және Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде ынтымақтастық дамуда.
Қазіргі таңда қазақстандық ғалымдардың зерттеу обьектісіне айналып
отырған мәселенің бірі – еліміздегі ұлтаралық ынтымақтастықты сақтау мен
қандастарымыздың отанға оралу жағдайы. Қазақстан Республикасына
қандастарымыздың келу үрдісі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына тікелей
әсер етуші фактор болып табылады. Олар ең алдымен өздерінің тарихи
отандарына қайта келіп жатқан этностық қазақтар.
2003 жылдан бері Қазақстанға жарты миллионнан астам адам (505 мың)
келіпті. Ұлан-байтақ аумақта барлығы 16 миллионнан астам адам ғана тұратын
Қазақстан Республикасы үшін бұл едәуір толықтыру болып табылады. Сондықтан
да ол елдің қоғамдық-саяси тыныс-тіршілігіне өзінің тиісті ықпалын тигізбей
қалмады.
Халықаралық саяси жағдайдағы өзгерістер әрқашанда әр елдің ішкі
саясатын реттеуге мәжбүрлейді. Сондықтан шығар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында көптеген жаңа бағыттың
мазмұндары қамтылды. Соның бірі – 2015 жылы Қазақстанның халық санын 20
миллионға жеткізу [ 3] .
Бұл жай сандық көрсеткіш емес, оның астарында үлкен саяси және
әлеуметтік мән бар. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін
қорғайтын, әлеуметтік дамуын ілгерілейтін күш – қазақстандықтар, әсіресе
негізгі ұлт болып отырған қазақ халқы екендігін жете түсінуіміз керек.
Сондықтан елбасы осы жолдауында елдің демографиялық дамуын жоғарыдай елеулі
сандық көрсеткішпен нақтылап айтты. Саннан сапа пайда болуы – заңдылық.
Қазақстан халқының санының артуы міндетті түрде адамдардың сапасының
жоғарылауына негіз болады. Міне, осы мақсатты іске асыруға тоқталғанда
Президент қазақ қандастарымызға берілетін квотаның жыл сайын еселеп
көбейетіндігін және өз күштерімен отанға оралған қандастарды құшақ жая
қарсы алу қажеттігін тағы да атап өткен болатын. Демограф ғалымдардың
айтуынша, 2015 жылы қазақтардың санын 20 миллионға жеткізу үшін кемінде 3,5
миллион қандастарымызды отанға оралту керек. Өйткені, бір елдің екіге
бөлінуі, бір халықтың бірнеше елде өмір сүруі ғана емес, олардың қайта
бірігуі де – қазіргі әлемдік тәжірибедегі бар құбылыс. Қазақстан да одан
тыс қалмас.
Шет елдерде жүрген қазақтарды отанына оралтуды басты назарда ұстанған
қазақстан үкіметі елімізде бейбіт өмір кешіп жатқан өзге ұлт өкілдері жайлы
да ешқашан ұмытқан емес.
Ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде жалпы адами мәдениеттің құрамдас
бір бөлігі болып саналатын ұлтаралық қатынас еліміздеге ынтымақтастықты
сақтауда үлкен рөл атқарады. Көп ұлтты Қазақстан жерінде ұлтаралық қатынас
өз мәніне ие болған. Ұлтаралық қатынас арқылы тұтас қоғамның мәдени
дәрежесі айқындалады. Ол еліміздегі саяси және экономикалық жағдайдағы,
ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасқа тікелей тәуелді.
Өзге ұлт өкілдерінің көшіп кетіп, халық санының азаюына біздің
еліміздің әсіресе солтүстік, батыс және шығыс аймақтары ұшырап отыр. 2003
жылы көшіп кету шығынының неғұрлым жоғары пайызы Қостанай, Павлодар және
Қарағанды облыстарында байқалды. Өйткені республикадағы өзге ұлт
өкілдерінің басым пайызы , яғни славян және неміс халқы неғұрлым көп
шоғырланған облыстар осылар болатын. Көшіп кетіп жатқан халықтың ұлттық
құрамы сан алуан. 2003 жылы кетушілер қатарында орыстар – 58%-ды, немістер
– 19%-ды, украиндар – 9%-ды, қазақтар – 5%-ды құрады. Келушілердің арасында
үлес салмақтың 41%-ын орыстар, 33%-ын қазақтар, 6%-ын украиндар, 4%-ын
немістер, 16%-ын басқа ұлттың адамдары құрады. Келушілерден кетушілердің
асып кетуі нәтижесінде қазақтардан басқа барлық көрсетілген ұлттардың көші-
қон шығыны болды. Алайда көші-қон шығынының ең жоғарғы интенсивтілігі неміс
халқының арасында болды. 1993-2000 жылдары 83 мың қазақтың көшіп кетуіне
қарамастан қазақ арасында көші-қон өсімі қалыптасты. Негізгі көші-қон легі
Қазақстан мен жақын шет елдері арасында (Ресей мен Орта Азия республикалары
арасында басымырақ) қалыптасты. [ 4,16 ]
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты оралмандардың көші-қон
ағынының саны мен сапасының өзара сәйкестелуіне мүмкіндік туғызады.
Қандастарымызға оралман мәртебесін беру немесе оралмандардың көшіп келу
квотасын енгізу және олардың отбасыларының мүшелерінің құқықтары мен
міндеттері, оралмандарды бейімдеу және оларды лауазымды адамдардың заңсыз
көшіп келушілерді жұмысқа қабылдағаны үшін жауапкершілігі, келген
оралмандарға жәрдемақы, отбасыларына жеңілдіктер беру Қазақстан
Республикасының Халықтың көші-қоны туралы Заңында айқындалып көрсетілген.

Қандастарымызды қабылдаудағы Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктер:
- оралмандарды қабылдау және әлеуметтік ұйымдастыру;
- оларды дер кезінде кешенді орналастыру;
- жаңа орындарға орналасып, қалыптасып және бейімделгенше, негізгі ұлт
өкілдерін қабылдау, орналастыру және ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету;
- оралмандар, әсіресе жастардың кәсіби білім алуымен қатар қайта даярлаудан
өтуін қамтамасыз ету;
- оралмандарды Қазақстан Республикасының заңнамаларының ерекшеліктеріне
оқыту;
- оларға жұмысқа орналастыру негізінде мемлекет тарапынан көмек көрсету;
- оралмандарға мемлекеттік қолдау көрсету, квотамен келгендер үшін тұрғын
үй алуға қажетті қаржы, жерлерді бөлу, сонымен бірге ауылшаруашылық
мекемелерін құру, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін жер беру,
кәсіпорындарды жалға алу немесе сатып алу кезінде жеңілдіктер жасау,
несиелер беру, жеңілдіктермен қарыздар алу. [5, 14-15 бап]
Осыған қоса мемлекет тарапынан көмек көрсетудегі ерекшеліктері:
- оралмандардың өз келісімдерімен елге келуіне ықпал ету және олар
республика өміріне реинтеграциялануы үшін мемлекетаралық келісімдерді қайта
жасаудың нәтижесінде, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін (зейнетақы,
жәрдемақы және т.б. қамтамасыз ету);
- оралмандарға Қазақстан Республикасы азаматтығын алуды жеңілдету үшін
Қазақстан Республикасы заңдарын одан әрі жетілдіру;
- оралмандарды еңбекпен қамту – кәсіби білім беру, өз бетінше әрекет ету
аймақтық бағдарламасын жыл сайын жаңғырту;
- оралмандардың ел өміріне бейімделуі мен ықпалдасуына әлеуметтік тексеріс
жүргізу;
- заңнамаларға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету;
- барлық жағдайда, әсіресе азаматтық іс, еңбектердегі шиеленістерге және
т.б. байланысты құқықтық көмек көрсету;
- оралмандың балаларын елдің мектебінде, колледжінде, Жоғарғы Оқу
Орындарында оқытуды қамтамасыз ету. [6, 73 б]
Осыларға байланысты Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны
туралы Заңына негізделген 25-ші бабында (2002 жылы 27-ші наурызында
өзгертулер енгізілуі бойынша) шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға саяси
баспана беру жөнінде анықталған. Қазақстан Республикасының шетелдік және
азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі туралы өтінішін
қанағаттандыруды немесе қабылдауды әрбір нақты жағдайда Қазақстан
Республикасының Президенті жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағыдай Германия Федеративтік Республикасында
да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Оралмандар
Көші - қон үрдісінің қауіпсіздікке ықпалы
Көші - қонның шарықтау шегі
Демография пәніне кіріспе
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ: КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУІ
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Қазақстан – көпұлтты мемлекет
Халықтың көші - қоны
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
Пәндер