ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1944 жылы Бретгон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы
өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру
туралы шешім қабылданды. Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет болса, 1993
жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы
Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табылады.
ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік
жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше-елдердің
жарнасы екі бөлік-тен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе
оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлеміндегі алтын тұрінде; 2)
квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.
Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай
запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықгарға түскен өз мүшелеріне
займдар беру үшін пайдаланады. Екіншіден, олардың негізіңде, жарна төлеген
мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы актавтерді
кезеңдік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген
сайын, мүше-елдің керек жағдайында алатын несиесінің көлемі де үлкен
болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай
болған сайын, оның квотасы солғұрлым валюта-несие... үлкен болады. Квота
көлемі ел экономикасының жұмыс істеуін және әл-ауқаттылығын талдау
негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып
тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне
байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 ж. ХВҚ-ның 35 мүшесі
7,6 млрд. $ төлеген, 1992 ж. ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға
жуық және 1993 ж. 174 ел - 140 млрд. $ төлеген.
ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан
елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы
келеді. Екінші орында Жапония - 7%, әрі қарай - Германия, Франция,
Ұлыбритания - 5-6%. ХВҚ-ның жоғарғы директивті органы - губернаторлар
кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министрі немесе
орталық банк төрағасы) және балама губернаторлардан тұрады. Себебі,
губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министрлері немесе орталық
банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкіметтері атынан шығуға
уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның
қызметтеріне мыналар жатады:
- халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу;
- экономканы қайта құру жөнінде өте кедей елдерге кеңес беру,
шаралар әзірлеу;
- жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ-ға мүше-елдерді
тексеру.
Қалған уақытта губернаторлар, штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан
атқарушы кеңесті құрайтын өкілдері арқылы, ХВҚ-ның күнделікті іс-әрекеті
бойынша өздерінің үкіметтерінің тілектерін айтады. Жиырма төрт атқарушы
директор, ресми отырыстарда, аптасына үш рет кездеседі, губернаторлар
кеңесі арқылы мүшеелдердің үкіметтерімен белгіленген шаралардың жүзеге
асырылуын бақылайды. Қазіргі уақыттағы жеті атқарушы директор мына елдердің
өкілдері: Ұлыбритания, Германия, Қытай, Сауд Арабиясы, Құрама Штаттар,
Франция және Жапония. Қалған елдер топтасып, 19 мүше-ел ішінен бір
атқарушы директорды сайлайды. Олардың үлесіне 17 директор келеді.
Атқарушы кеңестің шешімді қабылдауы мына баптарға негізделеді:
- займ тек қана мүше-елдің экономикалық өсуіне көмектесетін өнімді
мақсаттарға беріледі;
- займ сәйкес үкіметтермен кепілдендірілуі тиіс;
- займ беру шешімі экономикалық себептерге негізделуі тиіс.
ХВҚ-ның қызметкерлері 2 мынға жуық адамнан тұрады және директор-
басқарушымен басқарылады, ол сонымен қатар, атқарушы кеңестің басшысы
болады, оны кеңес сайлайды. Дәстүр бойынша директор-басқарушы - еуропалық
немесе ары кеткенде американдық емес болып келеді. 100-ге жуық елдің
қызметшілерінің интернационалдық құрамы, негізінен экономистерден тұрады,
сонымен қатар, онда статистер, ғылыми жұмыскерлер, мемлекеттік қаржы және
салық салу бойынша сарапшылар бар. Жұмысқа қабылдау конкурс негізінде
жүргізіледі. Негізгі қызметкерлер ХВҚ-ның Вашингтондағы штаб-пәтерінде
орналасқан, бірақ шағын бөлігі Париждегі, Женевадағы және Нью-Йорктағы БҰҰ-
ның жекелеген бөлімшелерінде немесе ХВҚ-ның мүшесі болып табылатын елдерде
қызмет көрсетеді.
ХВҚ-ның мүшесі болып кірген ел: өз ақшасының басқа елдер ақшаларына
қатысты құнын анықтау бойынша жасайтын қадамдары туралы басқа елдерді
хабардар етуге, ұлттық ақшаларды шетел ақшаларына айыр бастауды шектеуден
бас тартуға және осындай экономикалық саясатты бағыт етіп ұстануға
міндеттенеді, себебі мұндай саясат тәртіптелген және конструктивті түрде
оның ұлттық байлығымен қатар, жалпы бүкіл қоғамның өсуіне алып келеді.
Мүшелер осы тәртіп нормаларымен жүруді өзіне міндетті ғып санайды.
Алғашқыда ХВҚ-ды құрған кезде оның мақсаты ретінде: оған мүше-елдердің
төлем баланстары мен валюталық ба-ғамдарын жүзеге асыру, оның жағдайына
бақылау жасау мә-селелері қойылған бөлатын. Бұл ХВҚ-қа мүше-елдердің өз
валютасының паритетін алтынмен немесе АҚШ долларымен қоюға және Қордың
рұқсатынсыз оны 10%-дан астам мөл-шерге өзгертпеуге, ал ағымдағы
операциялар жүргізгенде бұл паритет мөлшері төмен немесе жоғарыға 1-1,5%-
дан астам-нан артық ауытқымауға келісім бергендерімен байланысты болып
отыр.
Қазіргі уақытта, Бреттон-Вудс ыдырағаннан соң, яғни Валюталық бағамдар
енді ХВҚ-мен шектелмейді, мүше-елдердің төлем баланстарының жағдайын
бақылау және олардың теңестірілуі үшін жағдай жасау, сонымен қатар, қажетті
жағдайда қысқа мерзімді несиелерді беру, берілген халықаралық ұйымның іс-
әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады. ХВҚ-қа мүше-елдердің көбі
өздерінің төлем баланстарын бір ретке келтірудегі қиындықтарға үнемі
жолығып отыруына байланысты, ХВҚ несие беруді барынша көбейтуге,
диверсификациялауға тырысады.
ХВҚ несиелері ақылы және шартты болып табылады. Төлем баланстарының қысқа
мерзімді тапшылығын жою мақсатына арналған несиелердің ең кең тараған түрі
резервтік несиелер (стенд-бай) болып саналады. ХВҚ сонымен қатар басқа да
несиелер түрін: мерзімі ұзартылған, оңай қол жеткізуге болатын, құрылымдық
адаптациялар мақсатына, күтпеген оқиғалардан болған зияндарды
компенсациялауға байланысты ұсынады. Несиенің жалғыз "шартсыз" түрі, яғни
ХВҚ-ға мүше-ел автоматты түрде алатын, несиелік үлес шеңберіндегі несие
(транши) болып табылады. Бірақ бұл несиенің үлесі өте аз.
ХВҚ-ға мүше-елдер, сонымен қатар, СДР жүйесінің қатысушысы болып табылады
және бұл валюталық бірлікте несиелер ала алады. СДР ХВҚ қатысушысының
ағымдағы шотындағы жазу түрінде болғанымен, бірақ оларды кез келген ұлттық
валютаға айырбастауға болады. ХВҚ қатысушыларының қаншалықты тырысқанымен
СДР әлем валютасы бола алмады. Қарыз алудың арнайы құқықтары халықаралық
валюталық резервтердің 5-6%-ын құрайды. Бүгінгі таңда 30 млрд.$ құнына тең
21,4 млрд. СДР бар.
Әрбір мүшенің ХВҚ-дан квота бойынша жазылған сомадан бірнеше есе көп
сомада несие алу құқығы болғандықтан да несиелік ресурстарға деген
сұраныстың өсу кезеңінде квоталар өздерінің мүшелерін қолма-қол
қаражаттарға деген талаптарын қамтамасыз ете алмайды. Осындай жағдайға
байланысты ХВҚ 1962 жылдан бастап, әлемдегі үкіметтер және банктермен бірге
несиелік желісін ашқан (қазіргі кезде 25 млрд. $-ға жуық сомаға). Бұл қарыз
алу туралы жалпы жағдайлары деп аталған несиелік желі әрбір 5 жыл сайын
жаңартылып отырады. ХВҚ осы жағдайларға сәйкес алынған несиелер бойынша
пайыздар төлейді және займдарды 5 жылдан кейін өтеуге міндеттенеді. Алайда
мұндай займдарды жүзеге асыру бойынша ХВҚ-ның құқықтары квоталардың жалпы
көлемінің 60%-дай мөлшерімен шектелген.
Халықаралық валюталық жүйені бақылау және өздерінің мүшелерін қаржылық
қолдаудан басқа, ХВҚ, Вашингтондағы оқу институты - ЭДИ (экономикалық даму
институты) арқылы да көмектеседі, мұнда техникалық және білім беру арналары
арқылы ХВҚ-ның мүше-елдері нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуіне
қажетті институттар құру үшін ұсыныстар мен кеңестер алады.
90-жылдардың басында өзінің әдеттегі іс-әрекетімен қатар ХВҚ,
орталықтандырылған жоспарлау экономикасынан нарыққа өту қиындықтарын кешіп
отырған, Шығыс Еуропа елдеріне, бұрынғы КСРО республикаларына көмек көрсету
үшін ірі компаниясын ұйымдастырды. ХВҚ, оларды тек ақшамен ғана қамтамасыз
етпейді (бұл елдерге 24 млрд. долларды 7,5% жылдық пайыз мөлшеріңце алуға
рұқсат етілген), сонымен қатар, еркін кәсіпкерлік жүйесі онсыз қызмет
істеуі мүмкін емес тарифтік режимдер, валюталар конвертациялануы, салық
салу жүйесі, орталық банктер сияқты экономикалық және басқа да қаржылық
құрылымдарды құру кезінде экспертгік баға береді. ХВҚ-ның елдерге беретін
көмегі негізгі үш формада жүргізіледі:
1. Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойынша ХВҚ қызметкерлері
кеңестерді жиі береді және ұсыныстар жасайды, кейіннен ХВҚ-ның атқарушы
кеңесінің отырыстарында бұл елдердің дамуының қорытындыларын талқылайды.
2. ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытгалған көмек
көрсетеді. Мұндай көмек ақшалай резервтердің көбеюіне алып келетін және бұл
мемлекеттерге өздеріне қажетті импортты төлеуге мүмкіндік беретін өте
ұқыпты дайындалған экономикалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылады.
Сонымен қатар, реформалардың үкіметтік бағдарламасын ХВҚ-ның қолдауы,
басқа да ресми инстанциялармен немесе коммерциялық мекемелермен қосымша
қар-жылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады.
3. ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды
оқытады.
ХВҚ-ның сарапшыларының ұсынған, ұлттық экономиканы басқарудың негізгі
әдістері, 4-кестеде берілген.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК
Бреттон-Вудскінің институттар деген атпен жалпыға танымал Дүниежүзілік
банкі мен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және
қаржылық тәртіптің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып
табылады. Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Халықаралық ынтымақтастық
саналы түрде, бұл екі ұйымды құруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты.
Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар.
Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180
мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық
мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің
экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі
мекеменің де штаб-пәтері Вашингтонда. Ұзақ жылдар бойы олар бір ғимарат
ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде, бір көшенің қарама-қарсы
жақтарында болса да, кітапханалары және басқа да қызметтері ортақ,
экономикалық мәліметтерімен жиі лмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар
мен кеңесулер өткізеді, жұмысшылар кездесулерін ұйымдастырады. Банк
мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек. Осыған қарамастан,
Дүниежүзілік банк және ХВҚ прициптік айырмашылыктарға ие. Ол мынадан
шығады: Дүние-жүзілік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі институт
болып табылады, ал ХВҚ -.бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер
арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін құруға
тырысады. Бұл ұйымдардың мақсаты, қаржыландыру көздері әр түрлі және
өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.
Бретгон-Вудскідегі келісімде халықаралық қауымдастық өзінің ресми атуы -
Халықаралық қайта құру және даму банкісінде (ХВҚЦБ) қарастырылған
дүниежүзілік банк үшін мәселелер шеңберін орындайды. Осыған сәйкес оның
негізгі міндеті - экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни екінші
дүңиежүзілік соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіруге көмектесу,
сонымен қатар қаржылық көмек көрсету және халықаралық сауда мен төлем
баланстарын теңдестіруге ықпал ету.
Дүниежүзілік банк өзінің жұмысын 1946 жылдан бастады. Алғашқы несиелері
Батыс Еуропа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді
қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы елдерге
өздерінің несиелерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалық және
әлеуметгік прогрессті қалыптастырды.
Дүниежүзілік банкті құру туралы ұсыныс АҚШ тарапынан болған, олар бірінші
кезекте өздерінің соғыс кезінде жоғары өсіп кеткен өндірістік қуаттарын
пайдалану үшін экспортты қаржыландыруға мүдделі болды. Сол уақытта ха-
лықаралық ұйым көмегімен капитал салымшыларының тәуекелін қалпына келтіру
мақсаты көзделді.
Дүниежүзілік банк екі үлкен ұйьшнан тұрады - Халық-аралық қайта құру және
даму банкісі (ХҚДБ) және Халық-аралық даму Ассоциациясы (ХДА). Сонымен
қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар да кіреді: дамушы елдердің жеке
меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағаттылған -Халықаралық қаржылық
корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталық;
Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі. Дүниежүзілік банкте 6000-
нан астам арнайы адам қызмет істейді және әлемде оның 40 бөлімшесі бар,
оның қызметкерлерінің 95%-ға жуығы Вашингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс
жасайды. Олардың арасында экономистер, заңгерлер, инженерлер, агрономдар,
телекоммуникация, су жүйесінің, тасымалдау, білім және т.б. салалардың
мамандары бар.
Дүниежүзілік банк - инвестиялық банк, инвестор мен алушылардың арасында
делдалдық қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса, екіншісіне несие береді.
Банк иесі болып мүше болған елдер есептелінеді, олардың акционерлік
капиталы 185 млрд. долларға жуық. Қаржының көпшілігін банк жеңілдетілген
несие беруге жұмсайды. Несие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі және халықаралық экономикалық жүйесіндегі ролі
Халықаралық валюталық қор, оның құқықтық жағдайы
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам
Дүниежүзілік валюталық жүйе. Халықаралық валюталық қатынастар
Қазақстан Республикасының халықаралық валюта-несиелік институттармен ынтымақтастығы
Қаржы нарығы мен қор биржасының дамуы
Валюта жүйесі
Валюталық нарықты валюталық қатынастар мен валюталық операциялар
Халыққаралық валюта қатынастары
Халыққаралық валюта табыстары
Пәндер