Ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Ұйымдарда бухгалтерлік есепті
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бухгалтерлiк есептi
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.2 Шаруашылық субъектiлердiң есептеу
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық басқарма
филиалыныың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты ... ... ... ... 10

2. Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық басқарма
филиалы бухгалтериясының есебінің
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18
2.1 Ақша қаражаттарының
қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Еңбек және еңбек ақының алғашқы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..19
2.3 Ағымдағы активтердің алғашқы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..22

3. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтан-
дыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.1 SAP (халықаралық американдық
бағдарлама) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.2
Фаворит ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.3 СЕӨЖ
(СОНО) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
28

КІРІСПЕ

Бүгiнде бухгалтерлiк есебi басқару жүйесiнде ең басты бiр орын алады.
Ол кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқа шарушылық шешiмдi
қабылдау үшiн негiзгi бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа
да өндiрiс процесiн шынайы көрсетiп бередi. Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есебi бухгалтерлiк есеп Стандарттарында және субьектiлердiң
қаржылық-шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есеп шоттарының Бас есеп
жоспарында бекiтiлген жалпы қағидалар мен ережелерiнiң негiзiнде құрылады
және ол бүкiл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтiң
құрылымына, ұйымының нысанына, айрықша ерекшелiгiне есептiң сәйкес келуiн
қамтамасыз етедi.
Курстық жұмыстың міндеті:
– бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын анықтау;
– ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және
еңбекақының алғашқы есебімен танысу;
– меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;
– кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;
– ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.
Курстық жұмыс негізгі 3 бөлімнен тұрады. Бірінщі бөлімде жалпы
ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу саясаты анықталды, екінші бөлімде
Қазақстан Темір жол Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының Шаруашылық
басқармасы филиалы туралы сипаттадым, бухгалтерлік есептің жүргізілу
тәртібін қарастырдым. Үшінші бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім
қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті
ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.
Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында шаруашылық жүргiзушi
субьектiнiң күрделi экономикалық тетiгiн нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық сенiмдi ақпаратсыз басқару жүйесiн iс жүзiнде жүзеге асыру
мүмкiн емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсiпорындардың иелерi мен еңбек
ұжымдары шикiзат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын
азайту, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнiмдерiн өндiруге, оның сапасын
көтеруге, өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделi. Бұл
орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсiпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиiмсiз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлiк есептiң маңызы мен мәнiн айрықша
бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегiмен шаруашылық жүргiзушi
субьектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн жедел
басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшiн, ел
экономикасының дамузаңдылықтардың зерделеу және зерттеу экономикалық
тетiктiң бiрi ретiнде пайдаланады.
Бухгалтерлiк есеп екi бөлiмнен тұрады: “қаржылық есептi” және
“өндiрiстiк есептi". Қаржылық бухгалтериясы деп аталатын бухгалтерлiк
есептi ұйымдастырудың қағидалары, онда бухгалтерлiк есептiң әрекет етiп
тұрған стандартына сәйкес, түпкi нәтижесiнде, пайдаланушыларға қаржылық
есеп берудiң сенiмдi ақпаратын “берумен” танылады.
Бұл үшiн қаржылық бухгалтерия кәсiпорыннын белгiленген тәртiбi бойынша
өндiрiс шығындарын есепке алатын шоттардан тыс, яғни активтер мен
мiндеттемелердiң есебiн жүргiзедi. өндiрiс бухгалтериясы деп аталатын,
бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудың қағидалары көрсетiлген, бiрақ ол
кәсiпорынның жалпы бухгалтериясының бiр бөлiгi болып табылады, онда әртүрлi
басқарушылық шешiмдi қабылдау үшiн ақпараттар әзiрленедi, өнiмнiң өзiндiк
құны мен өндiрiс шығындары туралы есеп беру мәселелерi қарастырылады,
көрсетiлген қызметтiң, атқарылған жұмыстың, өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк
құны калькуляцияланады, өндiрiске кеткен шығындар есебi танылады.

І Ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу
1.1 Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру

Қазақстанның бухгалтерлiк есеп стандарттарында және ол бойынша
жасалған әдiстемелiк ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебiн
жүргiзудiң қоғамдық тұрғысынан танылған тәсiлдерi мен әдiстерi ережелерi
мен қағидалары белгiленген, онда әрбiр кәсiпорындардың техникалық бағасына,
олардың шешетiн мiндеттемелерiнiң күрделiлiгiне, басқарушы қызметкерлердiң
бiлiктiлiгiне қарап нақтыланған.
Кәсiпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшiн таңдап алынған
тәсiлдер жиынтығы, құндық өлшемдерi, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлiк
есептегi шаруашылық қызметiне жасалған қорытынды шалу фактiлерi
кәсiпорынның есептiк саясатында көрiнiс табуы тиiс. Басқаша айтқанда,
есептiк саясат-бұл бухгалтерлiк есептiң әдiсiн жүзеге асыратын тетiгi.
Есептiк саясаты келесiдей жорамалдардан алынғаны жөн:
- Кәсiпорын өз мүлкiмен өзiмен-өзi болушылығы;
- толассыз қызметi;
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелiгi;
- шаруашылық қызметiндегi фактiлердiң мерзiмдiлiк анықтылығы.
Пайдаланатын есеп саясатының басты мiндетiмен негiзгi арналымы-
кәсiпорынның қызметiн барынша пара-пар көрсету, iс мүддесi үшiн осы
қызметтiң тиiмдiлiгiн реттеу мақсатында толық, объективтi және шынайы
ақпаратпен қаптастыру.
Ол есеп процесiнiң барлық тараптарын қамтуы керек; әдiстемелiк,
техникалық, ұйымдық жақтарын.
Әдiстемелiк аспектiсi деп кәсiпорында өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу,
амортизацияны шығару, мiндеттеме мен мүлiктi бағалау үшiн пайдаланатын
әдiстерiн айтады; техникалық деп осы әдiстердiң синтетикалық шоттарында
көрсету сызбасы, есеп регистрлерiнде осы әдiстiң қалай жүзеге асқандығын
айтады; ұйымдық деп осы әдiстердiң бухгалтерлiк қызмет тұрғысынан жүзеге
асқандығын, кәсiпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.
Кәсiпорын бухгалтерлiк есептiң келесiдей ережелерiн өз бетiнше
шешуiне болады:
-келiп түскен негiзгi құралдар обьектiсiн бағалау-бухгалтерлiк
есептiң
№6-шы Негiзгi құралдардың есебiнiң стандарттарындағы әдiстемелiк
ұсынысына сәйкес, пайдалануға берiлген және кәсiпорынның сатып алуға
төлеген нақты шығындар негiзiнде, негiзгi құралдар обьектiсiнiң бастапқы
құны анықталады.
Құнын есептеп шығарудың бiрқалыпты әдiсi; құнын есептеп шығару үшiн
орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелiнетiн әдiсi:
- құнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелiнетiн әдiсi.
Екi және одан да көп әдiстi пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтiн
тәсiлiн және негiзгi құралдың қандай түрi бойынша пайдаланатындығын
көрсету керек. Негiзгi құралдың бiр түрi бойынша амортизацияны есептеудiң
бiр ғана әдiстi пайдаланады.
-негiзгi құралдарды жөндеу-жөндеу жұмысын жүргiзудiң кезеңдiгi мен
жөндеу жұмысының мерзiмi; негiзгi құралды жөндеуге арналған резерв
қорларын жасауы; жөндеудi жүргiзудiң тәсiлi туралы мәселенi кәсiпорынның
өзi шешедi;
-Материалдық емес активтердiң амортизациясы-әрбiр материалдық емес
активтердiң әрбiр түрiнiң пайдалануына қарап пайдалы мерзiмi және
амортизацияны есептеу әдiсiн әрбiр кәсiпорын өз бетiнше алады.
-болашақ кезеңнiң шығыстары-кезеңдерi нақты анықталмаған жағдайда,
кезең барысында ол өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн, немесе басқа
да көздерiнiң есебiнен есептеп шығарылуы мүмкiн, бiрақ аталған жағдайлардың
барлығы да, яғни олардың кезеңiн және есептеп шығару тәртiбiн кәсiпорынның
өзi анықтайды;
-алдағы шығыстар мен төлем резервтерi-кәсiпорын қандай резервтердi
және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртiбiн анықтап өзi
шешедi,
-күмәндi қарыздар бойынша резервтерi-кәсiпорын түгендеу мәлiметтерiнiң
негiзiнде дебиторлық қарыздардың қандай күмәндi болып табылмайтындығы,
резервтердi құрудың әдiсiн және резервтеуге жататын шығындарын өзi таңдай
алады;
Аталған барлық жағдайды табысты тек есептеу әдiсi бойынша
танылатындығы қарастырылған. Есеп саясатының техникалық бөлiгiн әзiрлеген
кезде келесiдей мәселелер қарастырылуы тиiс:
-Негiзгi құралдарды жөндеу есебi. Негiзгi құралды жөндеу бухалтерлiк
есепте, оның құнын өсiрмейтiн сызбасының бiрiн қолдануы мүмкiн: жөндеу
жұмысының атқарылуына қарап ол өнiмнiң нақты өзiндiк құнына жатқызылуы
мүмкiн немесе алдын ала құрылған жөндеу қорына жатқызылуы мүмкiн Аталған
схемалардың бiрiн таңдау, кәсiпорының қай салаға жататындығымен де
байланысты болып келедi;
-Материалдық есебi. өндiрiске жатқызылатын, материалдық
ресурстарының нақты өзiндiк құнын анықтау тәсiлi туралы шешiм қабылдау
қажет: орташа өлшенген құны бойынша әдiсiн, ФИФО әдiсiн, ЛИФО әдiсiн немесе
арнайы теңестiрiлген әдiсiн таңдайды.
-Басқарушы есеп. Есептiң бұл сыртқы пайдаланулардың кең түрде
пайдалануына арналмаған, сонымен қоса, оның есеп беру талабына сай
келетiн регистрлерi де жоқ, сондықтан оны iшкi бақылау мен жоспарлау
мақсатында пайдаланады.
-Өндiрiске кеткен шығындар мен өнiмнiң өзiндiк құнын
калькуляциялау есебiнiң әдiсi.
Кәсiпорын калькуляциялау мен есеп объектiсiн, жанама мен тiкелей
көрсету тәртiбiн анықтайды.
-Өстеме шығыстарын есептеу және тарату. Кәсiпорын №7 “Тауарлы-
материалдық запастардың” бухгалтерлiк есеп стандартында келтiрiлген
әдiстемелiк ұсынысында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тiзiмiне
өндiрiс қызметiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қосымшалар мен
өзгерiстердi енгiзуге құқылы.
-Мүлiктер мен мiндеттемелердi түгендеу. Мiндеттi түгендеумен қоса,
құндылықтардың нақты барын тексеру үшiн бiршама қосымша түгендеулер де
жүргiзiлуi мүмкiн.
-Нақты пайдаланатын шоттар жоспары. Кәсiпорын шоттардың Бас жоспарын
басщылыққа ала отырып, өздерiне пайдаланатын шоттарын iрiктей алады, яғни
оның құрамына кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық қызметiн және қаржылық
жағдайын мүлiктiк құрамын көрсететiн синтетикалық шоттарын енгiзедi.
Қажет болған жағдайда, арнайы операцияларды көрсету үшiн, шоттардың Бас
жоспарына кәсiпорын қосымша шоттарды пайдалануына болады.
-Өндiрiс iшiндегi есеп беру. Iшкi есеп берудi жүргiзудiң барлық
мәселесiн кәсiпорынның өзi шешедi, оның кезектiлiгiн, есеп беру нысаны мен
құрамын және есептi беру мерзiмiн, сондай-ақ потенциалды тұлғаларын
анықтайды. Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлiгi келесiдей мәселелердi
қарастырады:
-Бухгалтерлiк қызметтiң құрылымы мен ұйымдастырушылық нысаны.
Кәсiпорын құрылымдық бөлiмше ретiнде, өзiнде бухгалтерияны ұстау керек пе,
жоқ, әлде келiсiм-шарттық негiзде тиiстi мамандарды жалдау керек пе;
Бiрақ барлық жағдайды кәсiпорынның басшысы бухгалтерлiк есептiң дұрыс
ұйымдастырылуына қажеттi жағдайларды жасауы керек.
-Есептi орталықтандыру деңгейi. Кәсiпорынның нақты қызметiнiң
жағдайына байланысты есеп орталықтандырылған нысанда ұйымдастырылуы мүмкiн,
ол кезде кәсiпорынның барлық бөлiшелерi бiртұтас есептiк жұмысқа
бiрiктiрiледi; ал орталықтандырылмаған жағдайда, кәсiпорынның жекелеген
құрылымдық бөлiмшелерi дербес бухгалтерия құрып, балансқа дейiнгi есеп
жұмысының барлық циклын толығымен аяқтап, кәсiпорынға тек балансты жасауға
тиiстi мәлiметтердi бередi;

1.2 Шаруашылық субъектiлердiң есептеу саясаты

Есеп саясатын құрудың негiзгi қағидалары мен талаптары №1-БЕС жан-
жақты берiлген.
Есеп саясатын әзiрлеген кезде кәсiпорын өз мүлiктерi мен
мiндеттемелерiн басқа кәсiпорынның мүлiктерi мен мiндеттемелерiн бөлiп
көрсетуi тиiс, кәсiпорын өзiнiң көз жетерлiк болашақ кезеңiнде өз қызметiн
жалғастыруды көздейтiн болса, яғни өз қызметiн тоқтату жөнiнде ниетiнiң
жоқтығын бiлдiрсе, онда толассыздық, үздiксiздiк қағидасын сақтағаны болып
табылады, кәсiпорын өзi таңдап алған бухгалтерлiк есептi жүгрiзудiң тәсiлiн
жүйелi пайдаланып, тек тиiмдi түзетулердi ғана жасап отырса, онда ол
жүйелiк қағидасын сақтағаны, ал егер де кәсiпорында орын алған барлық
шаруашылық фактiлерiн сол кезеңiне жатқызатын болса, онда мерзiмдiлiгi
анықталған қағидасын ұстағаны болып табылады.
Аталған қағидалар мен талаптар кез келген кәсiпорынның есептiк
саясатын әзiрлеу барысында оның негiзiн қалайды. Егер де олар толығымен
сақталмаса, онда бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң дұрыс еместiгi ретiнде
танылуы және кәсiпорынның мәлiметтерi бґрмалануы мүмкiн.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік қосалқы қорлары
еңбек процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өңімнің
материалдық негізін құрай отырып,өнімнің өзіндік құның құрайды.
Келесiдей активтер түрiнде болады: өндiрiсте пайдалануға немесе
жұмыстармен қызметтердi орындауға арналған шикiзаттар, материалдар, сатып
алынған жартылай шикiзаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын,
ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және ыдыстық материалдар;
аяқталмаған өндiрiс; субъект қызметi барысында сатуға шығарылған дайын
өнiм, тауарлар.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негiзгi
мiндеттер тұрады: босалқыларды кiрiске дер кезiнде және толық есепке алу,
сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша
барлыө операцияларды толық және дер кезiнде құжаттау; көлiк-дайындау
шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзiндiк құнын уақытында және
толық анықтау; КДШ-ны өндiрiстiң шығындарына жазудың бiркелкi және дұрыс
болуын бақылау; iшкi ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектiге қажет емес
материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың
қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәлiметтердi алу. Өндiрiс барысындағы
функционалдық (қызметтiк) ролi мен мақсаты бойынша барлық материалдық
босалқылар негiзгi және көмекшi болып бөлiнедi.
Негiзгiлер дайындалатын өнiмнiң заттай материалдық негiзiн (нан
пiсiрген ұн) құрайтын материалдар болса, көмекшi материалдар өндiрiлетiн
өнiмнiң өзiндiк құнына кiргенiмен негiзгi материалдар сияқты оның заттай
негiзiн құрай алмайды. Өнiмге қажеттi қасиеттердi беру үшiн (сырлар, лак)
көмекшi материалдар негiзгi материалдарға қосымша пайдаланылады.
Бiрақ материалдарды негiзгi және көмекшi етiп бөлу шартты сипатқа ие,
өйткенi олар өнiмдi шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық
сипатына және басқа да көптеген факторларына тәуелдi болып келедi.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрiн есепке алу үшiн 20-
“материалдар” бөлiмiнiң негiзгi, активтi мүлiктiк шоттары пайдаланылады.
Бұл бөлiмше құрамына төмендегi синтетикалық шоттар кiредi:
1310-Шикiзат және материалдар
1311-Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
конструкциялар мен бөлшектер, детальдар.
1312-отын
1313-ыдыс және ыдыстық матриалдар
1314-қосалқы бөлшектер
1315-басқа материалдар
1316-қайта өңдеуге берiлген материалдар
1317-құрылыс материалдары
1310- “Шикi зат және басқа материалдар” шотында шығарылатын өнiмнiң
негiзiн салатын немесе өнiмдi жасап шығаруда оның компонентi болып
табылатын қажет шикi заттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде
сондай-ақ өнiмдi шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және
өндiрiс процесiне септiгiн тигiзетiн көмекшi материалдар да есепке алынады.
1311-“Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
конструктрлар және бөлшектер” шотына сатып алынған жартылай фабрикаттар
және өндiрiлген өнiмдi құрастыру үшiн алынған дайын құрастырушы бұйымдар,
және жинауға немесе өндеуге кеткен шығындар еесепке алынады.
1312-"Отын" мұнай өнiмдерi, қатты және басқа да отын түрлерi есепке
алынады.
1313-“ыдыс және ыдыс материалдары” ыдыстың барлық түрi (цистернаны
бөшкелердi, флягтарды қоспағана) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар
есепке алынады.
1314-“Запас бөлшектер” жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерiн
айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумулятор, дөңгелектер т.б.)
арналған запас бөлшектер есепке алынады.
1315-“Басқа да материалдар” өндiрiс қалдықтары, жөнделмейтiн ақау
бөлшектер, негiзгi құралдарды жою барысында алынған материалдар және т.б.
есепке алынады.
1316-“Өңдеуге берiлген материалдар” шотында сыртқа өңдеуге берiлген
материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзiндiк құнға енгiзiлген
есепке алынады.
1317-“Құрлыс материалдары” құрылыс бөлшенктерiн, монтаждау жұмысын
және құрылыс процесiндетiкелей пайдалынатын құрлыс материалдар есепке
алады.
Әрбiр шоттың жүргiзушiсi субъектер қажеттiлiгiнше әрбiр шоттар
бойынша субшоттар және материалдық есебi бойынша аналитикалық шоттар аша
алады.
Материалдардың есебiн ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс
бағалау болып табылады.
Тауарлы-материалдық запастарды бағалау негiзiнде неғұрлым арзан
өзiндiк құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-матераилдық
қорлардың бүлiнуi немесе оларлың жекелей, әлде толықтай ескiруi немесе
олардың бағасының төмендеуi бiр сөзбен айтқанда, өзiндiк құнының деңгейiне
келтiру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, өзiндiк құнының орнына сату бағасы
пайдалануы мүмкуiн.
Шикiзат, материалдар сатып алынған жартылай шикiзаттар, отын, қосалқы
бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсiпорын балансында өздерiнiң
нақты өзiндiк құны мен көрсетiледi. Осы баға бойынша құндылықтар
синтетикалық есепте де көрсетiледi. Талдамалы есепте тұрақты есеп бағасы
мен (келiсiмдi немесе жоспарланған есеп бағасы) көрсетiледi.
Егер субъект материалдық құндылықтарды келiсiмдi бағасымен есепке
алса, онда олардың нақты өзiндiк құны КДШ қосылуы мүмкiн. КДШ құрамына
темiр жол тарифi, су фракты, автомобиль, ұшақтар және басқа да түрлерi
арқылы тасымалдау түрiнде жарналардың барлық түрi кiредi. Жабдықтаушылардың
темiржол және басқа көлiк мекемелерiнiң қоймаларынан материалдарды жеткiзу;
қорларды алу және дайындауға байланысты iс-сапарлардың шығындары,
қоймалардағы тұрақты қойма жұмысшылардың жабдықтаушы делдал мекемелерге
төленген комиссиялық сыйлықтар және босалқылар алу тiкелей байланысты
басқа шығындар жатады.
Сауда шегерiмдерi артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған
шығындарды анықтаған кезде шегерiледi. Тауарлы-материалдық запастардың таза
сату құнын шығару үшiн олардың жай шаруашылық қызметiнiң барысында
сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып
тастағанға тең. Өзiндiк құн мынадай себептер бойынша қалпына келтiрмеуi
мүмкiн, онда тауарлы-материалдық запастардың таза сату құны пайдаланылады:
-осы тауарлы-материалдық запастар бiршама бүлiнген;
-олар тұстай немесе iшiнара ескiрген;
-оларлың сату құны төмендеген;

1.3 Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық басқарма
филиалыныың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25
қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) -
Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды.
Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл
өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да
77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған
Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның қазақстандық 190
шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының
экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған,
Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы
салынды.1914-1917 жылдарыболашақ Түрксібтің бір бөлігіЖетісу жолының Арыс-
Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.)
магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей)122
шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117
шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918
жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың
шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған
Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту
және астықты шығару қажеттілігіне байланысты1926-1931 жылдары Бурабай-
Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700
шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі
құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына1926 жылдан басталған Гурьев-
Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір
(Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды
Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді
жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынғанАқмола-
Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол
телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930
жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге
дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған,
Саратовқа шығатын жол телімі - Орал-Елексалынды.
1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен
байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты
жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық
маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді.
1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін
Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады.
Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске
қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді.
Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы
құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.
1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан
кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі
Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-
Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды
желісін құрайды.
Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола
(Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір
бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады.
(Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4
есеге артты).
1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақстанның
солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен
жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай
Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары
Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты.
1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды.
Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және
Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен
қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді.
1960 жылы шөлді өлкенің дамуына себепші болған Мақат-Маңғышлақ және
Маңғышлақ- Өзен (жалпы ұзындығы 900 км) телімдері салынды. Қазақстан мен
Ресей байланысының жандануына осы кезеңде салынған Гурьев-Астрахан желісін
пайдалану зор ықпал етті.
1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-
Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды
электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік
және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-
Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан
бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында
электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға
жетті.
1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды:
Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан.
Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды.Байланыс және
белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың
жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық
есептеу жүйелеріөндіріске белсенді енгізілді.
Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986
жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және
ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың
темір жолы арқылы өткізілді.
1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын
теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі
салынды. 1956-1960 жылдары қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын
қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-
қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың
түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын
қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының
қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі
іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау
қуаты артты.
Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі
Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге
болады.
Бірінші кезең (1992-1996 жж.) - саланың КСРО-ның таралу салдарына және
мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.
Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды
өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына
негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны Қазақстан темір
жолы РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.
Үшінші кезеңде(2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта
құрылымдау басталды. Атап айтқанда, Қазақстан темір жолы ұлттық компания
ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар
еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға
айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге
отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың
талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.
2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100 жылдығы
мерейтойына жетті.
Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100 жылдығы кең көлемде
аталып өтті.Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді.Темір жолды
жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту
шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды.
2004 жылы ақпанда мерейтойлық оқиғалардың басы басталды. Ел Премьер
министрі Даниал Ахметов темір жол көлігі саласының ардагерлері тобымен
кездесу өткізді. Кездесу барысында Премьер министр Даниал Ахметов сала
жетекшілері мен теміржолға еңбегі сіңген ардагерлер құрамына кіретін "ҚТЖ"
ҰК" АҚ жанынан құрылған Консультативтік кеңесінің мерейтойды өткізу
жөніндегі шешімімен таныстырылды.
ҚТЖ ҰҚ АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы
1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау
туралы шешім қабылдады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы
мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны
респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев
мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол
қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды.
Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол
басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас
директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді.
Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше Қазақстан темір жолының 100-
жылдығына арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді.
Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен
атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде Мудис инвесторс сервис халықаралық
рейтингтік агенттігі жүргізген Қазақстан темір жолы компаниясының ұзақ
мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне
темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық
көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды.

Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық басқармасы
филиалы Қазақстан Темір жолы ұлттық компаниясы акционершлік қоғамының
орналасқан жерінен тыс орналасқан, Қоғамның оқшауланған құрылымдық
бөлімшесі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес құрылған және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2004 жылғы 18
мамырдағы №11 хаттама) қайта тіркелген. Филиал өз қызметін ҚР заңнамасына,
Қоғамның бұйрықтарына, өкімдеріне және өзге де актілеріне, сондай-ақ
Шаруашылық басқарма туралы ережеге сай жүұмыс істейді. Филиал заңды
тұлға болып табылмайды. Филиалдың дербес балансы, атауы, тауарлық белгісі,
және Қоғамның атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбасы мен бланкілері бар. Қызмет
ету мерзімі шектелмеген.
Қоғам қызметінің мәні:
– Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бағдарлама бойынша
магистральдық темір жол желісін сал, күтіп ұстау және жетілдіру;
– тасымалдау процесін басқару;
– магистраль темір жол желісіне қызмет көрсету;
– темір жол көлігімен жүктерді, соның ішінде қауіптілерін тасымалдауды
жүзеге асыру;
– темір жол жылжымалы құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау
үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
– маркетингтік қызмет;
– көліктердің әр түрін қатыстырып, тура және аралас қатынастар жүйесін
ұйымдастыру;
– Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігімен
келісу арқылы теміржолдық транзиттік көліктік коридорларды
қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысы;
– Сыртқы экономикалық қызмет пен шетелдік ұйымдармен экономикалық
ынтымақтастықты дамыту;
– өнімнің, көрсететін қызметтердің экспорты (импорты)
– ақпаратты қорғаудың техникалық құралдардын, ақпаратты өндеудің
қорғалған техникалық құралдарын әзірлеу, жасау;
– ақпараттық қызметтер көрсету;
– Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де
қызмет болып табылады.
Филиал Қоғам қызметкерлерінің ұтымды, өнімді қызмет етуі үшін қолайлы
еңбек жағдайларын жасау мақсатында құрылған. Филиал қызметінің мәні:
– филиалдың теңгерімінде есептелетін және оларға жанасатын
аумақтағы ғимараттарда инженерлік коммуникациялардың, жабдықтардың
авариясыз жұмыс імтеуінқамтамасыз ету;
– Қоғамның атынан Астана қаласының коммуналдық қызметтерімен
Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарды электр
энергиясымен, жылумен, сумен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету
жөнінде шарттар жасасу;
– Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттардағы жөндеу-құрылыс
жұмыстарының, ғимараттарға жанасатын аумақтарды абаттандыру бойынша
жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау;
– Қоғам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
“Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорнының нарықтық қатынастағы шаруашылық-қаржылық жағдайын талдау
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мерзімді еңбекақыны есептеу
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ЕСЕПТІЛІККЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ӘСЕРІ
Нақты бір ұйымдағы өнім өндірісі шығындарының есебін, оған әсер ететін факторларды анықтап, талдау жүргізу
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Пәндер