Негізгі құралдардын тозуын есептеу


Ұзақ мерзімді активтерді есепке алу.
Ұзақ мерзімді активтер дегеніміз 1 жылдан жоғары пайдаланатын активтерді айтамыз. Ағымдағы активтер қатарына жататындар: ақшалар, дебиторлық борыштар және материалдық қорлар. Бұл аталған активтер кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелерін өтеу барысында қабілеттігі жоғары, яғни тез арада өзінің құнын басқа заттарға айырбастай алатын мүліктер болып бөлінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс жүргізуі барысында ағымдағы активтерден басқа ұзақ уақыт бойы пайдаланылған, өндірістік және әкімшілік қызметті орындауға арналған активтерді қажет етеді. Ал мұндай ұзақ мерзімді активтердің қатарына негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарды және ұзақ мерзімдік инвестицияларды жатқызуға болады.
Өндірістік негізгі құралдардың , жіктелуі және бағалау.
Өндіріс процесі еңбек заттары (шикі зат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) және еңбек құрал-жабдықтары болып бөлінетін өндіріс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал-жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап белгілейді. Мысалы, заводта дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып саналады, ал орнату үшін субъект сатып алған осы қазан еңбек құралы болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді. Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар, көлік-құралдары, көлік жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланатын және өнім беретін мал және басқалар) .
Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды.
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс цикл барысында пайдаланады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады. (станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады) .
Айналым қаражаты бір өндіріс процесінде пайдаланылады және өз құнын тұтастай жаңадан өндірілген өнімге аударады. (ұн өз құнын тұтастай жаңадан өндірілген өнім нанға және басқаларға аударады)
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар (машиналар, көлік құралдары, ғимараттар, құрылыстар) дегеніміз мөлшері мен техникалық деңгейіне кәсіпорынның техникалық жарақтандырылуы тікелей байланысты болатын өндірістік құралдыр. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық көрсеткіш-негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түрдегі өнім болып табылатын қор қайтарымы.
Өндірістік емес негізгі құрал жабдықтар тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иеленуге қарай (тиесілігіне) негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз- субъектіге тиесілі және оның балансындағы көрініс табатын негізгі құралдар- белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар жалға алынған құралдар болып саналады. оларды жалға берушінің балансында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-нші «жер», 122-нші «ғимараттар мен құрылғылар», 123-нші «машиналар мен жабдықтар, күш беруші құралдар», 124-ші «көлік құралдары», 125-нші «басқа да негізгі құралдар» шотының тиісті аралық шоттарында есептеледі.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдарды жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қорда тұрған деп бөлінеді.
Жұмыс істемей тұрғандар - бұл тоқталып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытына пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылған қордағы объектілер жатады. Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрнісі бар, санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға (ғиматтардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындары (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау т. б. ) жатады. Негізгі құралдар объектілері бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру экономика салалары бойынша мына топтамаларда ақпарат алуды қамтамассыз етуі керек.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: машиналар, құрал жабдықтар (соның ішінде автоматты машина және құрал жабдық) күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылары мен лабороториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал жабды; көлік құралдары; құрал саймандар; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы өнім жабдықтар; жұмысшы өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі қорлар.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер(тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма тағы басқа) ;
ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, тағы басқалары) ;
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар т. б. )
в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электро-аппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шытырлар, кассалық аппараттар мен ьтағы да басқалары) ;
г) тасмалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және т. б. ) ;
ғ) құрал саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқалары) ;
д) шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздар, крелалар, кілемдер, сейфтер т. б. )
е) жұмыс және өнім малдары;
ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны) ;
и) Жерді жыртуға (өңдеуін) жұмсалған күрделі шығын.
к) Басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары) ;
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда олардыбағалайдың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, балансытақ құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдырдың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төлеген салық сомаларынан құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіруімен ьтікелей байланысты. Кез-келген шығындардың жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдың ағымдағы құны- бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі негізгі құралдардың нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдың баланстық құны- бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдың қамдық (жойылу) құны- негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды салып тастау арқылы анықтайды.
Негізгі құралдың келісілген құны- бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Негізгі құралды қайтадан бағалу (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріспе актив есептен шығарылған сәтте ауыстырылады.
Негізгі құралдардың кірісін есептеу.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі оңдағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарылары мен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Кәсіпорындағы негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғарғы үкімет орындарының беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорындарының үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау- тапсыру актісін тастырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі құнды бірдей құрал- саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғары да аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу- қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетуі тиіс:
- Объектінің аты;
- Объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- Салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- Құрылыстың салынып біткен уақыты;
- Амортизациялық аударым мөлшері;
- Бастапқы құны;
- Басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдарға бас мехаинкалық бөлім төлқұжаты толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты техникалық сипаттамасы т. б. мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізі құралдарға түгенде жүргізіліп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады. Негізгі құралдарға тапсырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша қосылды. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады.
Дт: Негізгі - шоты;
Кт: Ақшалар - шоты;
Еншілес (тәуелді) серіктестерге қарыз шоты;
Қоюшы мердігерлер мен есеп айырысу-шоты;
Төленбеген капитал-шоты;
Үкімет органдарының субсидилары шоты деп аталатын шоттардың тиістілері.
Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдаланып және оларға тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дт: Негізгі құралдар- шоты;
Кт: НЕгізгі құралдардың тозуы- шоты
Негізгі құралдарды кіріске алғанда бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.
Үлес қосушылардың жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралға:
-келісілген құнына
-тозу құнына
121-125
122-125
511
131-134
Жеке немесе заңды тұлғалардан сатылып алынған негізгі құралдарға:
-Қалдық құны бойынша
-Қосылған құн салығы сомасына
121-125
331
421-424, 434
432-441, 451
452-671, 687
421-424,
431
432-441,
451
452, 671
Негізгі құралдардың таңдамалық есебі.
Негізгі құралдар және тұрғын үйлерді, ғимараттарды, өткізгіш жабдықтарды пайдалануға қабылдағанда күрделі құрылыстан: машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын алғанда; шаруашылықтың өзінде өндірістік және шаруашылық шығындарды дайындағанды; жас төлдерді негізгі табынға ауыстырғанда; көпжылдық екпелерді негізгі құралдардың есебіне алғанда; тегін пайдалануға түскенде және басқа кәсіпорындарынан сатып алғанда түседі.
Күрделі құрылыстан, сатып алынған, тегін пайдалануға алынған объектілерді қабылдағанда және негізгі құралдарды шаруашылықтың өзінде дайындағанда әрбір объектіге негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі жасалады. Оларға шаруашылық инвентарының, аспаптың және жабдықтың бірнеше объектілерін қабылдау, егер олар бір типте және бірдей құнды болса, хаттануы мүмкін. актыларда объектіге сипаттама беріледі, оның техникалық жағдайларға сәйкес келуі, жинаудың нәтижелері және басқалары көрсетіледі. Оларды білікті қызметкерлерден тұратын комиссия жасайды. Бекітілгеннен кейін акты және техникалық құжаттар (паспорттер, чертеждер, схемалар) бухгалтерияға беріледі. Бухгалтерия оларды негізгі құралдарды есептеудің инвентарлық карточкаларын толтыру үшін пайдаланылады. Шаруашылыққа түскен негізгі құралдарды сақтауға материалдық жауапты адамдарға береді. Оларды бір өндірістік бөлімшеден екіншісіне беруді чек-наклоднойлар бойынша жүргізіледі. Олар инвентарлық карточкаларға объектілердің тұрған жері және материалдық жауапты адамдар туралы өзгерістерді енгізуге болады.
Негізгі құралдардың таңдамалық есебін бухгалтерия инвентарлық карточкадаларда жүргізіледі. Олар әрбір инвентарлық объектіге ашылады. Берілген өндірістік немесе шаруашылық міндеттері және техникалық сипаттамалары ұқсас, құндары бірдей және бір өндірістік бөлімшеде тұратын бір типтік қатардың шаруашылық инвентары, аспаптарды және басқа заттарды шығарып тастағанда мынадай инвентарлық карточкалар қолданады: үйлер мен ғимараттар үшін (ф. №ОС-6) ; машиналар, жабдықтар, аспаптар, өндірістік және шаруашылық инвентары үшін (ф. № ОС-7) ; негізгі құралдарды топтап есептеу үшін (ф. №ОС-9) . Оларды түскен негізгі құралдарға, техникалық паспорттарға және басқа құжаттарға жасалған актылардың негізінде топтастырады. Объектілерді және олардың жеке конструктивтік бөлшектерін сипаттау қысқа болуы және объектінің өзіндік ерекшеліктерін дәл бейнелеу, техникалық құжаттардың мәліметтерін толық қайталамауы тиіс.
Бухгалтерияда толтырылған инвентарлық карточкаларда негізгі құралдарды есептеу бойынша инвентарлық карточкалардың тізімдеріне тіркейді. (ф. №ОС-10) Олар негізігі құралдардың әрбір классификациялық тобы бойынша бір данадан жүргізіледі.
Тіркегенде карточкаларды нөмірлейді, одан кейін арнаулы карточкаға орналастыруда, мұнда олар негізгі құралдардың классификациялық топтары, ал бұл топтардың ішінде пайдаланатын жері және бұл топтардың ішінде пайдаланатын жері және материалдық жауапты адамдар, негізгі құралдардың салалық мақсаттағы өндірістік, басқа салалардың өндірістік және өндірістік емес бөліну түрлері бойынша сақталады. Карточкада мынадай бөлімдер қаралады : «Ағымдағы айда шығарылады», «Ішкі ауыстыру», «жөндеуде», «қорда», «тоқтатылып қойылады», «жалға берілген негізгі құралдар», «жалға алынған негізгі құралдар», «актив». Айдың барысында бұл бөлімдерге тиісті карточкалар орналастырылады; айдың аяғында алғашқы үш бөлімдердің карточкалары 01 счетта есепке алынған айналымдармен салыстырғаннан кейін картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Объектілер жөндеуден немесе жалгерлерден қайтарылғаннан, тоқталынып қою аяқталған қордан пайдалануға берілгеннен кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне таратылып салынады. Шығарылған негізгі құралдардың карточкалары картотеканың «Архив» бөліміне орналастырылады. Карточкаларды дұрыс жүргізу негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысын тиісінше есептеп және бақылауды қамтамасыз етеді. Негізгі құралдарды жылдық түгендеуде жасалатын негізгі құралдардың (ф. №Нав-1) жұмысшы және өнім беретін малдардың (ф. №162), көп жылдық көшеттердің (ф№163) . Түгендеу тізімдері негізгі құралдарды есептеудің дұрыстығы мен сенімділігін айғақтайтын маңызды құжаттар болып табылады.
Айдағы әрбір классификациялық топ бойынша айналымдар мен қалдықтардың жиынтығы негізгі құралдардың қозғалысын есептеу айналымдар мен қалдықтар жазылады, одан кейін оларды 01 счет бойынша бас кітаппен салыстырады. Объектілерді қабылдау актылар немесе чек-наклоднойлар бойынша іске асырылады. Олар негізгі құралдардың инвентарлық тізіміне жазу үшін негіз болады. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда тұрады, оларды жедел мақсаттар үшін пайдаланады. Тізімдер мен инвентарлық карточкаларының мәліметтері сәйкес келу тиіс. Негізгі құралдарды тұрған жері (пайдаланатын) бойынша есептеу бухгалтерия жазып беретін инвентарлық карточкаларда жүргізілуі мүмкін. бухгалтерияның карточкасы мен пайдаланатын жердегі карточкаларының мәліметтері ұқсас болуы тиіс.
Негізгі құралдарды есептен шығару есебі.
Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрлағанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептеп шығара алады. Кәсіпорындарды негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:
- кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары;
- бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;
- негізгі құралдардың сақталуына жауапты адам;
- негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;
- мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есеппен шығаратын жағдайда) ;
- тағы-да басқа жұмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін.
Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия ұйымда мынадай жұмыс пен міндетті атқарады:
- Есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды.
- Объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық тозғандығы, табиғи тозғандығы, апат болғандығына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрлағандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан, тағы да басқа жағдайлардан) .
- Негізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын есептен шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі тұлғаны заңға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөніндегі ұсыныс жасайды.
- Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детеальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді.
- Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орындарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 "Негізгі құралдарды есптен шығару актісі" немесе үлгілі түрі НҚ-4 "Көлік құралдарын есептен шығару актісінің" тиістілері толтырылады.
Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:
- объектінің салынып біткен уақыты;
- ұйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты;
- пайдалануға берілген уақыты (күні, айы, жылы) ;
- объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру құны) ;
- бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептелген тозу сапасы;
- жөндеулердің жүргізілген уақыты;
- көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы көрсетіледі;
- негізгі құралдардың істен шығарылу себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
- аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
- сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданатын шараларды актіге жазады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz