Ұжымдық шарттын тараптары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Ұжымдық шарттын түсінігі және қағидалары.Ұжымдык шарттар және
әлеуметтік-әріптестік келісімдер жұмыс берушілердің қанауына карсы
жұмысшылардың күресінің нәтижесінде ғана пайда болды. Алғаш рет ұжымдык
шарттар Англияда XIX ғасырдың ортасында еңбек пен капитализмнің үйлесу
негізі ретінде пайда болды. Алайда, оларды кұқықтық реттеу, соның ішінде,
Халықаралық еңбек ұйымының халықаралық-кұкықтық актілерімен реттеу тек XX
ғасырдың екінші жартысынан бастап кана мүмкін болды.
Бұрынғы Кеңестер Одағының аумағында бірінші ұжымдық шарт Ресейде 1904
жылы Баку мұнау өндіру орындарындағы қарулы қақтығыстың нәтижесінде
бекітілді. Алайда, ұжымдық шартты алғаш рет құқтық реттеу 1918 жылғы
бекітідді, ал 1922 жылғы Еңбек туралы заңдар кодексі ұжымдық шарттарды
құқықтық реттеуді одан әрі дамыта түсті. ҚР Қазакстан Республикасындағы
еңбек туралы заңында ұжымдық шарттарға жеке тарау арналған.
XIX ғасырдағы жабайы капитализм жұмысшылар козғалысының нәтижесінде
икемдірек бола түсті, жұмысшылар табының өз құқықтарын корғауына мүмкіндік
берді, олардың жағдайына икемделе тұсті. Әлеуметгік әріптестіктің дамуының
нәтижесінде өнеркәсібі дамыған батыс елдерінде еңбек пен жұмысшылар табына
жаңа көзкарасты калыптастырған өнеркәсіптік деморатия пайда болды.
Әлеуметтік әріптестік еңбек пен капиталдың арасьшдағы карама-кайшылыктарды
жояды, жұмысшылар мен жүлыс берушілердің карама-кайшы мүдделерінің
үйлесімді шешімі болып табылады, өндірістегі жетістіктерге әкеледі.
1
келіссөздерді жүргізуге де мүдделі, себебі, осы актілер арқылы олар еңбек
пен тұрмыс жағдайын жаксартуға жете алады. Қазіргі кезде көптеген дамыған
батыстық мемлекеттерге өмір сүрудің жоғары деңгейі, кызметкерлердің
әлеуметтік корғанғандығы тән.
Әлеуметтік әріптестікті реттеудегі негізгі нормативтік құқықтық акт
болып ҚР Ұжымдык шарттар туралы заңы табылады. Бұл заң ұжымдык шартгар
мәселесін де құқықтық тұрғыдан реттейді.
ҚР Ұжымдық шарттар туралы заңының мәні мыналардан көрініс табады:
• алғаш рет Қазакстан Республикасының еңбек құқығында ұжымдық шарттарды
жүргізу тәртібін бекітті және әлеуметтік әріптестік катынастарды ұйымның
деңгейінен жоғары деңгейде реттеуді көздеді;
ұжымдык шарттарды жасаудың, бекітудің жэне олардың эрекет етуінің
кағидалары мен кұкыктык негіздерін бекітті;
• еңбек жағдайы мен әлеуметтік-еңбек мәселелерін ұжымдық шарттық және
әлеуметтік әріптестік тұрғыда реттеуді кеңейтті;
• ұжымдық шарттың зандық түсінігін бекітті, мұндай шарттардың мазмұнын және
оларды кепілдеуді анықтады;
• еңбек заңнамасының шарттық заңнамамен арақатынасын белгіледі;
• ұжымдық шарттардың кай жерде және калай бекітілетінін жаңаша белгіледі,
оларды қолдану салаларын аныктады және ұжымдық шартты бекіту-бекітпеу
құжығын еңбек ұжымдарына тиесілі етті;
• ұжымдық келіссөздерді жүргізу кезіндегі келіспеушіліктерді шешу жолын
белгіледі;
___________________________________ __
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы.
Алматы Жеті жарғы 2002 жыл.
Ахметова Н.
2

2.1. ҚР Ұжымдық шарттар туралы заңының
кыскаша сипаттамасы осындай.
Нарықтық қатынастардың калыптасу және меншіктің әр түрлі түрлерінің
орын алу жағдайында еңбек қатынастарын реттеудің ұжымдық шарттық әдісінің
рөлі ерекше өседі. Бұл жағдайда еңбек заңнамасы жалданбалы еңбектің
кызметкерлері үшін кепілдіктердің белгілі мөлшерін белгілейді. Сондыктан,
еңбек қатынастарын тек ұжымдық шарттық реттеу кезінде ғана тараптар еңбек
жағдайын белгілеу және өзара мүдделер мен табысты әділ бөлудің негізінде
ақы алу мүмкіндігіне ие болады.
ҚР ҚР еңбек туралы заңы жұмыс берушінің, кәсіптік одақ ұйымдарының
және қызметкердің арасында ұжымдық шарт бекіту мүмкіндігін көздеді. Егер
кәсіптік одақ ұйымы және қызметкерлер ұжымдық шарт бекіту ниетін білдірсе,
жұмыс берушінің бас тартуға құқығы жоқ.
Ұжымдық шарттарды жасау, бекіту және орындаудың жалпы құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері ҚР 1992 жылғы 4-шілдедегі Ұжымдық шарттар
туралы заңында, ҚР ҚР еңбек туралы заңында (3-тарау), ҚР Президентінің
1994 жылғы 19 желтоқсандағы Әлеуметгік-экономикалық еңбек қатынастар
саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы жарлығында, халықаралық
конвенцияларда, Халықаралық еңбеқ ұйымының ұсыныстарында және өзге де
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген.
Ұжымдық шарт - бұл әлеуметпйк еңбек қатынастарын реттейтін және
қызметкерлермен жұмыс берушінің арасында жасалатын жазбаша шарт

3
ретінде ресімделген құқықтық акт, Бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер
(олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар, не кәсіптік
одақтарға мүше емес, келіссөздер жургізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер
қол қойған жазбаша шарт түрінде ресімделген құқықтық акт (Еңбек туралы
занның 1-бабы).
Тиісті түрде рәсімделген ұжымдық шарт локальдық (жергілікті) нормативтік
құқықтық акт болып табылады. Жеке еңбек шартына карағанда ұлсымдық шарт
тараптардың еңбек жағдайының жалпы ережелеріне байланысты келісімі болып
табылады, бүкіл рақымның немесе қызметкерлердің жекелеген топтарының
мүдделерін қамтиды.

___________________________________ __
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы.
Алматы Жеті жарғы 2002 жыл.
Ахметова Н.

4

2.2. Ұжымдық шарт келесі қағидаларға
негізделе отырып бекітіледі:
• тараптардың құқықтар мен міндеттерді ажырата білу, өзара сенім және
кұрмет, әлеуметтік әріптестік;
• еңбек ұжымы мүшелерінің шарттың ережелерін жасауға қатысуы;
• тараптардың ұжымдық шарттың жасаудагы тең құқылығы;
• шынайы мүмкіндіктерді ескеру, заңды құқықтар мен мүдделерді сақтау;
• тараптардын міндеттемелерді орындауға, заңды құқықтар мен мүдделерді
сақтауға қатысты жауапкершілігі және бақылауы;
• тараптардың шартка енгізілген міндеттемелерді орындауға қатысты
жауапкершілігі және бакылауы (ҚР Ұжымдық шарттар туралы заңының 2-бабы).
Ұжымдық шарттын тараптары. Ұжымдық шарттың тараптары болып мыналар
табылады:
1) кызметкерлер - өз өкілдері арқылы;
2) жұмыс беруші - ұйымнын басшысы немесе ұйымның жарғысына (не өзге де
локальдык актіге) сәйкес өкілеттіктерге ие өзге де тұлға аршлы.

___________________________________ _
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы.
Алматы Жеті жарғы 2002 жыл.
Ахметова Н.
5

2.3. Ұжымдық шарттың бір тарапы болып
жұмыс беруші табылады.
Жұмыс берушінің өкілі оның атынан келіссөздер жүргізіп, рақымдық
шартты бекіту мәселелерін шеше алады. Заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің
өкілі ретінде кұрылтай кұжаттарының негізінде жұмыс берушінің (немесе жұмыс
берушілер тобының) мүдделерін білдіруге уәкілетті жеке немесе занды тұлға
болуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорында жұмыс берушінің өкілі болып
кәсіпорынның басшысы, ал мемлекеттік емес кәсіпорында - меншік иесі немесе
меншік иесінің өкілі болуға уәкілетті кәсіпорын басшысы табылады.
Аталған лауазымды тұлғалардың өкілдік уәкілеттері жұмыс берушінің ерекше
бұйрығымен (өкімімен) рәсімделуі тиіс.
Ұжымдық шарттың екінші тарапы болып кәсіпбрынның немесе ұйымның
кызметкерлері табылады. Қызметкерлер ұжымдық шарттың тарапы бола отырып,
шартқа жекелеген тұлғалар ретінде емес, заңды тұлғаның құқықтарына ие
дербес субъект - жалпы еңбек ұжымы не оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі
ретінде катысады және де қызметкерлердің немесе еңбек ұжымының өзі ұжымдық
шартты бекітуге тікелей қатыспайды, олардың атынан өкілдері - кәсіптік одақ
ұйымдары немесе өзге де уәкілетті екілдік органдар әрекет етеді. ҚР ҚР
еңбек туралы заңының 1-бабына сэйкес, кызметкерлердін өкілдері болып
кәсіптік одақтардың және олардың бірлестіктерінің кұрылтай құжаттарына,
сенімхатқа не жиналыста қабылданған шешімге сәйкес өкілдік етуге уәкілетті
органдары, сондай-ақ қызметкерлер уәкілдік берген өзге де түлғалар мен
ұйымдар табылады.

6
Сонымен, ұжымдык шарттың тарапын айқындап алған жен: тараптар ретінде
қызметкерлер (еңбек ұжымы) жэне ұжымдық шарттық ұрдістің қатысушылары
шартқа қатысады. Жоғарыда атап өткеніміздей, шартқа қызметкерлер тарапынан
кәсіптік одақ органдары не ұйым қызметкерлерінің жалпы жиналысында
(конференцияда) кұрылған және арнайы уәкілеттіктерге ие коғамдық органдар
қатысады.
Ұжымдық шарттың мазмуны - бұл нақты бір кәсіпорында немесе ұйымда
әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарды реттеу үшін тараптармен
келісілген және қабылданған ережелер (жағдайлар). Ұжымдық шарттың негізгі
ережелері ҚР ҚР еңбек туралы заңының 33-бабында және ҚР Ұжмдық шарттар
туралы заңының 5-бабында көзделген.

___________________________________ __
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы.
Алматы Жеті жарғы 2002 жыл.
Ахметова Н.
7
2.4. Аталған ережелерді үш тұрге бөлуге болады,
нормативтік, міндетті және ақпараттық.
Ұжымдық шарттың нормативтік ережелері - бұл тараптардың өз құзыреті
шегінде белгіленген, тұрақты түрде колдануға арналған, жалпы сипаттаты
құқықтың локальдық нормалары. Бұл құқықтың локальдық нормалары белгілі бір
ұйымның немесе оның өндірістік бірлігінің барлық қызметкерлеріне таралады.
Нормативтік ережелер құқықтық мәселелердің үш тобын шешуге бағытталған:
а) заңнамада құқықтық мәселелерді шешудің ұжымдық-шарттық тәртібі тікелей
көзделген жағдайда;
ә) заңнамада олкылықтар орын алса және құқықтық сауалдарды рақымдық-шарттық
жолмен шешу заңнама мен құқықтың кағидаларына және нормаларына қайшы
келмесе;
б) заңнаманыц жалпы ережелері нақты бір ұйымның ерекшеліктеріне карай
түсінідірілген және нақтыланған жағдайда.
Нарықтық қатынастарға өткелі бері ұжымдық шарттардың нормативтік
ережелерінің саны күн санап өсуде. Оның себебі, жүргізілген реформалар
барысында әлеуметтік - еңбек қатынастарын құрлсытық реттеу
орталықтандырылған (заң шығарушылық) реттеуден локальдық (ұжымдық-шарттық)
реттеуге ауысуда. Заң шығарушылық реттеу ең алдымен қызметкерлер үшін жалпы
міндетті кепілдіктерді (еңбек акысының заңда кезделген мөлшерден кем
болмауы, демалыс ұзақтығы және т.б.) белгілеуді көздесе, ұжымдық - шарттық
реттеу белгілі бір ұйымдағы кәсіби катынастар мен еңбек ерекшелігімен
байланысты накты мәселелердің кеңірек ауқымын камтиды.
ҚР Ұжымдық шарттар туралы заңында ұжымдык шарт пен

8
заңнаманың нормативтік ережелерінің арасындағы нақты арақатынас
белгіленген.
Ұжымдық шарттың мейлінше жиі кездесетін нормативтік ережелерінің қатарына
нормаланбаған жұмыс күнінде жұмыс істейтін кызметкерлердің тізімін, оларға
берілетін қосымша демалыстардың ұзақтығын, жоспардан тыс аванстарды төлеу
тәртібін; олар үшін жалақы төлеудің кесімді, мерзімді немесе өзге де
жүйелері белгіленген кызметкерлер кәсібінің тізімін; кэсібін басқа кәсіппен
айналыса отырып жүргізуге рұксат берілген кызметкерлердің тізімін және т.б.
белгілейтін нормалар жатады.

___________________________________ __
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы.
Алматы Жеті жарғы 2002 жыл.
Ахметова Н.

9

2.5. Ұжымдық шарттардағы нормалар өздерінің құқықтық
табиғаты бойынша норма келісімдер болып табылады.
Оларда шарт тараптарының өзара еркі және тараптарға локальдық заңнама
арқылы құқықтарды тиесілі еткен мемлекеттің (заң шығарушының) еркі көрініс
табады.
Ұжымдық шарттың міндетті ережелері нормативтік ережелерге (жоғарыда аталып
өткендей, бұл нормалар жалпы сипатка ие және бірнеше рет қолдануға
бағытталған) карағанда әркашанда накты сипатка ие және тараптардың өзара
міндеттемелерін камтиды. ҚР Ұжымдық шарттар туралы заңының 5-бабына
сәйкес, ұжымдық шартқа қызметкер мен жұмыс берушінің келесідей сауаядары
бойынша өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін. Ол: еңбекті ұйымдастыру мен
ақы телеу жүйесі.
Ұжымдық шарттар туралы заңның 5-бабында ұжымдық шартта жұмыс беруші мен
қызметкердін арасындағы келесідей сауалдар бойынша өзара міндеттемелері
көрініс табуы мүмкін деп көзделген. Ол: еңбекке акы төлеудің нысаны, жүйесі
және мөлшері, ақшалай сыйакылар, жәрдемақылар, өтемакылар; бағаның өсуіне
байланысты еңбекке акы төлеуді реттеу механизмі, медициналық және
әлеуметтік сақтандыру бойынша сауалдар және т.б.
Ұжымдық шартта мыналар көзделеді: еңбекті және жалақыны ұйымдастыру; ең
төменгі тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақылардың мөлшері; тауарлар
мен қызметтерге бағаның өсуіне байланысты қызметкерлер табысын етеу тәртібі
мен мөлшері; қызметкерлер жұмысынан айырылған жағдайда оларды сақтандыру

10
тәртібі мен шарттары; өндіріс уақытша токтаған жағдайда оларды корғау
шаралары; жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту мүмкіндігі
мен мөлшері; зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы және жартыкеш
отбасыларына қосымша жеңілдіктер беру мен кемек көрсету; еңбек пен тұрмыс
жағдайы; ерікті және міндетті медициналық әрі әлеуметтік сақтандыру;
кызметкерлерді жұмыспен камту және қайта оқыту; өндірісті дамыту
мәселелері; еңбек және өндіріс тәртібін сақтауда еңбек ұжымы мүшелерінің
жауапкершілігі; басқа да еңбек және әлеуметтік - экономикалық мәселелер
жөніндегі ережелер.
Ұжымдық шарттар қолданыстағы заңнаманың негізінде бекітіледі және олар
қызметкерлердің құқықтарын шектемеуі немесе еңбек жағдайын нашарлатпауы,
әлеуметтік кепілдіктерді бұзбауы тиіс. Сол себепті, ұжымдық шарттарға
заңнамаға қайшы, еңбек жағдайын нашарлататын және әлеуметгік кепілдіктерді
бұза отырып енгізілген ережелер жарамсыз деп танылады. Мұндай жағдайларда
ұжымдық шарттың емес, қолданыстағы заңнаманың нормалары қолданылады.
Әдетте, ұжымдық шарттарда мынадай мәселелер қарастырылады: еңбекті
ұйымдастыру және жалақы төлеу мәселелері; тарифтік ставкалардың және
лауазымдық жалақылардың мөлшері; инфляцияның нәтижесінде қызметкерге
төленетін өтемакының мөлшері; кызметкерлерді сақтандыру мәселелері;
өндірістің уақытша тоқтатыпуы жағдайында қызметкерді қорғау шаралары,
зейнеткерлерге, көп балалы от-басыларға косымша жеңілдіктер жасау және
көмек көрсету.
___________________________________ __
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы.
Алматы Жеті жарғы 2002 жыл.
Ахметова Н.
11

2.6. Ұжымдық шартты бекітудін тәртібі.
Ұжымдық шартгы бекітуге кез келген тарап ниет білдіруі мүмкін. Шартты
бекітудегі алғашқы кезең болып келіссөздер табылады. Бұл кезенде жұмыс
беруші мен кызметкердің өкілдері жэне олардың өкілеттіктері аныкталады.
Өкілеттіктер белгіленген соң ұжымдық келіссөздер тағайындалады. Тараптардың
кез-келгені екінші тарапты келіссөздердің басталғаны туралы жазбаша түрде
хабарландыра алады. Бұл жағдайда екінші тарап келіссөздерден, ережелерді
белгілеуден және шартқа қол коюдан бас тарта алмайды. Жазбаша хабарлама
алған соң сол хабарламада көзделген мерзімге дейін келіссөздер жүргізіледі.
Келіссөздер жүргізу және ұжымдық шартты жасау кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымдық шарт институтының құқықтық реттелуі
Еңбек дауларының үғымы және себептері
Еңбек шартының нысанасы
Еңбек құқығы жүйесі
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
Еңбек заңнамасындағы кәсіподақ құқығы
ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУЫ
Жеке еңбек шартының мерзімі
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
Еңбек шартына түсінік, онын маңызы
Пәндер