Банктің бағалы қағаздармен операциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТТЕТІ

Экономика және бизнес институты

Қаржы және маркетинг кафедрасы

“Бекітемін“
институт директоры
________ Досқожаев Д.Т.
____ ___________2006ж

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Банк қызыметін басқару пәні бойынша
050509 – Қаржы мамандығына арналған

Алматы 2006

Банк қызметтерін басқару пәні бойынша Қ..И. Сатпаев атындағы Қазақ
ұлттық Техникалық Университеттiң 050509 Қаржы (бакалавриат) студенттерiне
арналған.- Алматы: ҚазҰТУ, 2006.

Құрастырушы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің Экономика және бизнес
институтының Қаржы және маркетинг кафедрасының доценті, э.ғ.к. Мақыш С.Б.

Аңдатпа: Аталған әдістемелік нұсқаулық кредиттік оқу жүйесі жағдайына
сәйкес оқу процессін реттейтін негізгі құжат ретінде пәнді оқу алдында
студенттерге берілетін, оқу-әдістемелік кешеннің мақсатын, міндеттерін және
сипатын анықтайды.
Банк қызметтерін басқару пәні 6 семестрде оқытылады. Банк қызметтерін
басқару пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы пәнді оқытудың
бағдарламасы, оқу жоспарының көшірмесі, тапсырмалар түрлері мен оларды
орындау мерзімдері, бақылау түрлерi бойынша рейтингтiк балдар, курстың
бағыты және саясаты, курстың тақырыптық жоспары, дәріс сабақтарының
конспектісі, СӨЖ-ге арналған тапсырмалар, тест сұрақтары мен олардың
жауаптары, реферат тақырыптарының тізімі, емтихан сұрақтары, сәжірибелік
сақбақтардың тапсырмалары, СОӨЖ тапсырмалары, және пайдалануға ұсынылған
әдебиеттер тізімдері және оқу әдістемелік құралдар және глосарий қамтылған.
Сонымен қатар, Банк қызметтерін басқару пәнінен алған білімдерін
студенттер Ақша-несиелік реттеу, Банк ісі, Банктік менеджмент, Банктік
маркетинг пәндерін игеруге пайдаланады

© Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық Университет, 2006

SILLABUS – ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушы: Мақыш Серік Биханұлы, э.ғ.к., доцент
Байланыс ақпараты: 92-57-04, iшкi 3-20
Кафедрада болатын уақыты 10.00 –15.00

1.2. Пән туралы мәлімет:
Атауы: Банк қызметін басқару
Кредит саны: 3
Сабақ өткізу орыны:
1-кесте
1.2 Оқу жоспарының көшірмесі
КурСемКреАптадағы академиялық сағаттар Бақылау
с естдит нысаны
р




Дәріс Лаб. Прак.
сабақ семинар
Ағымдағы Сұрақтар, 1-3 1. Негiзгi (1-3) 10 3-апта
бақылау тестер
Ағымдағы Сұрақтар, 3-5 Әдiст. Материалдар 10 6-апта
бақылау тестер (1-2)
Аралық Реферат 1-15 1. Негiзгi (3-6) 10 7-апта
бақылау
Ағымдағы Сұрақтар, 1. Негiзгi және 10 10-апта
бақылау тестер 6-10 қосымша (7-13)
Ағымдағы Сұрақтар, 11-14 1. Негiзгi (8-11) 10 12-апта
бақылау тестер
Аралық Реферат 16-33 1. Әдiст. Материалдар 10 14-апта
бақылау (1-2)
Қортынды Емтихан 1-34 1. Негiзгi (3-11) 40 15-апта
бақылау

1.7 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Мақыш С.Б., Ілиясов А.Ә Банк ісі. Оқу құралы. Алматы. Қазақ
университеті 2004
2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-
маркет. 2004.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердiң операциялары. Оқу құралы.
Алматы. Издат-маркет. 2004
4. Банковское дело Под ред. Г.С. Сейткасымова Алматы “Қаржы-
Қаражат” 1998.
5. Банковское дело Под ред. О.И. Лаврушина Москва “Финансы и
стататистика” 2004
6. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. – М. ИКЦ ДИС,
1997.
7. Банковское дело: стратегическое руководство Под ред. В.
Платонова, М. Хиггниса. - М.: “Консалтбанкир”, 1998.
8. Банки и банковские операции Под ред. Е.Ф. Жукова. - М., 1997.
9. Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг. Учебное пособие
Алматы. “ИРБИС“,2000.
10. Хамитов Н.Н. Банковский надзор и его эффективность. Алматы. 2001.

11. Гвоздев Б.З. Факторинг. – М. : Ассоциация авторов и издателей
“ТАНДЕМ”. Изд. ЭКМОС, 2000.

Қосымша әдебиеттер
1. “ҚР-ғы Ұлттық банк туралы” ҚР заңы 30.03.1995.
2. “ҚР-ғы банктер және банктiк қызмет туралы” ҚР заңы 31.08.1995.
3. “Бағалы қағаздар нарығы туралы” ҚР заңы 06.08.2003.
4. Валюталық бақылау және реттеу туралы ҚР заңы. 18 декабрь 2005ж
5. “Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мелекеттік реттеу және қадағалау
туралы” ҚР заңы. 04.07.2003.
6. “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы 29.06.1998
7. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен
бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық
нормативтер туралы” ереже.
8. 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген
“Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулық.
9. 2002 жылы 16 қарашадағы N 465 қаулысымен бекітілген “Активтердің,
шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз
санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы
ережесі.
10. 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен
бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды
жүргізу” ережесі.
11. “Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-
қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы
ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен N 179
қаулысы.
12. Екінші деңгейдегі банктердің аудармалы және жай вексельдермен
операцияларын жүргізу ережесі. 15.11.1999 ж. ҚҰБ Басқармасының N 397
қаулысымен бекітілген
13. Ұлттық Банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы N 465 қаулысымен
бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды
күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы
провизиялар құру” туралы ережесі.

Әдістемелік материалдар
1. Мақыш С.Б., Сұпығалиева Г.И, Керімбеквоа Н.Н. Ақша, несие банктер
пәнінен практикум Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2004
2. Мақыш С.Б. Банк ісі пәнінен курс жұмысын жазуға арналған
нұсқаулық. Алматы 2005.

1.8 Бақылау түрлерi бойынша рейтингтiк баллдарды білу
Мамандықтың оқу жоспарына енген әрбір пәндер рейтингі 100 баллдық шкала
бойынша бағаланады.
Әрбір пәндер үшін бақылаудың төмендегі түрлері белгіленеді: ағымдақ
бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау (3-кесте)
3-кесте

Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу

Вариант № Қорытынды бақылау түрі Бақылау түрлері балдар
1 Емтихан Қорытынды бақылау 40
Аралық бақылау 20
Ағымдық бақылау 40

Ағымдық бақылау түріне бақылау жұмыстары, рефераттар, семестрлік
тапсырмалар, коллоквиумдар және т.б. жатады. Қорытынды бақылауға емтихан
жатады.
Ағымдық бақылаудың нәтижелерін тапсыру мерзімі пән бойынша оқу үрдісінің
күнтізбелік кестесімен анықталады (4-кесте).
4-кесте
Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі
Банк қызметін басқару пәні бойынша

Апталар

Студенттердің білімі, шеберлігі мен дағдысы 3-кестеде келтірілген
төмендегі жүйе бойынша бағаланады.
Студент жалпы ≥ 30 рейтинг балы есебімен қорытынды бақылауға жіберіледі.
Қорытынды бақылауға ≥ 20 балл жинаған жағдайда ғана өткізілді деп
есептелінеді. Пәннің қорытынды бағасы шкала бойынша (5-кесте) анықталады.

5-кесте
Студенттердің білімдерін бағалау
Баға Әріптік Рейтингтік балл Балмен
эквивалент пайызбен (%)
Өте жақсы А 95-100 4
А- 90-94 3,67
Жақсы В+ 85-89 3,33
В 80-84 3,0
В- 75-79 2,67
Қанағаттанарлық С+ 70-74 2,33
С 65-69 2,0
С- 60-64 1,67
D+ 55-59 1,33
D 50-54 1,0
Қанағаттанарлықсыз Ғ 0-49 0

Модульдар мен аралық бақылау бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
тізімі.

1-модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Банк қызметін ұйымдастыру негізі
2. Банктің меншікті қаражаттары
3. Банктің тартылған ресурстары
4. Банктің есеп айрысу қызметі
5. Банктің бағалы қағаздармен операциялары
6. Банктің несиелік саясаты
7. Заңды тұлғаны несиелеу операциялары
8. Халықты несиелеуді ұйымдастыру

2-модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Банктің несиелерін қамтамасыз ету тәсілдері
2. Банктің комиссионды-делдалдық операциялары
3. Банктің электрондық қызметінің түрлері
4. Банктің конверсиондық операциялары
5. Банктік тәуекел-менеджментін ұйымдастыру
6. Банкт өтіміділігін басқару
7. Банктің табыстарының көздері
8. Банктің шығыстарының құрылымы

Аралық бақылауға дайындалу сұрақтары
1 Банк қызметін ұйымдастыру тәртібі
2. Банк қызметін реттеу әдістері
3. Банктік капиталдың көздері
4. Депозиттік операциялар түрлері
5. Банкаралық несие
6. Депозиттік саясатты қалыптасу принциптері
7. Банк активтері
8. Банк активтерінің жіктелуі
9. Есеп айырысу операциялары
10. Есеп айрысу формалары
11. Карточкалармен есеп айрысу
12. Кассалық операциялар
13. Инвестициялық қоржынды басқару
14. Несиелік саясаты және несиелік механизм
15. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
16. Проблемалық несиелермен жұмыс
17. Несиелік тәуекелді төмендету
18. Банктің өтіміділігі
19. Банктің пайыздық табыстары
20. Банктің пайызсыз табыстары
21. Банктің пайыздық шығыстары
22. Банктің пайызсыз шығыстары
23. Банктің қаржылық операциялары
24. Банктің валюталық операциялары
25. Банктік тәуекелдер
26. Банктік тәуекелдерден сақтану
27. Банк өтімділігін басқару
28. Банкаралық корреспонденттік қатынастыр
1.9 Курстың барысы және саясаты
Барлық байланыс уақыты мыналарға бөлінеді – дәріс, оқығанды талқылау, үй
тапсырмаларын бақылау, әр түрлі жұмыстарды орындау және СОӨЖ-да білімдерді
толықтыру. Әрбір сабаққа дайындалу тапсырылған материалдарды оқу және солар
бойынша тапсырмаларды орындау міндеті саналады. Тапсырмалардың орындалуын
бақылау түрлері - бұл сұраулар, конспекті тексеру, реферат, бақылау
жұмысы, тест бойынша тексеру. Бақылау ешқандай алдын-ала ескермей кез-
келген уақытта откізіледі. Бақылау бағасы ортша қорытынды баға шығарғанда
міндетті түрде ескеріледі.

2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

2.1 Курстың тақырыптық жоспары
6-кестеде берiлген, онда тақырыптардың аттары мен әр тақырыпқа қатысты
қарастырылатын сабақ түрлерi бойынша академиядық сағаттар саны көрсетiлген.
Таңдап алынатын сабақтар бойынша оларды өткiзу кестесi жасалады.

6-кесте
Сабақтың түрiне қарай сағаттарға бөлiнуi
№ Тақырыптың атауы Академиялық сағат саны
Дәріс Тәжірибе СОӨЖ СӨЖ
семинар
сабақтар
Дәріс сабақтары
1-модуль
1 Банк қызметін ұйымдастыру және 2 2 3 3
реттеу
2 Банк ресурстарының құрылымы 2 2 3 3
3 Банктің активтерінің құрамы мен 2 2 3 3
сапасы
4 Банктің есеп айырысу-кассалық 2 2 3 3
операциялары
5 Банктің инвестициялық қызметі 2 3 3
6 Несиелік операцияларды ұйымдастыру 2 2 3 3
7 Корпоративтік клиенттерді несиелеу 2 3 3
8 Жеке тұлғаларды несиелеуді 2 3 3
ұйымдастыру
2-модуль
9 Банктің қарызды қайтаруды 2 3 3
қамтамасыз ету формалары
10 Банктің қаржылық қызметтері 2 2 2
11 Банктің электрондық қызметі 2 2 3 3
12 Валюталық операциялар 2 2 3 3
13 Банктік тәуекелдерді басқару 2 3 3
14 Банктің өтімділігі және төлем 2 1 3 3
қабілетіндігі
15 Банктің табыстары мен шығыстары 2 3 3
Барлығы (сағаттар) 30 15 45 45

2 Дәріс сабақтарының конспектісі

1-дәрiс. Банк қызметін ұйымдастыру және реттеу

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда
қабылданған “ҚР Ұлттық банкі” және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-
ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңдарын басшылыққа алады.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет
туралы” ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе
оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және
оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);
• банктің жарғысы (түп нұсқа);
• банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер;
• құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды
тұлғалар үшін);
• құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
• егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса,
ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау
органынан жазбаша келісім қажет;
• егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк
ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы
есептік мерзімге жасалған бугалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы
туралы аудиторлық қорытынды;
• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер,
оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесініде кемінде
- үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының
бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек
тәжірибесі болуы және т.с.с.;
• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті
органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк
қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп
айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда
және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін
қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
• тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы
құрылтайшылардың есебі;
• нотариальды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге
құзіретінің барлығын растайтын құжаттың;
• басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай
мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Қаржылық қадағалау агенттігі банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін
жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау агенттігі
рұқсат берген күнен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет Министрлігінде банк
мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау агенттігінің банк
ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық
құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық
қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік
тіркеуден өткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық
банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-
жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді
қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды
орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан
бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау агенттігі қарайды. Лицензияның
мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі
көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыра алады. Оларға мыналар жатады: брокерлік – мемлекеттің бағалы
қағаздарымен; дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
кастодиандық; клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Қаржылық қадағалау агенттігінен жекелеген
және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру
барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес
банктерін аша алады.
Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін
банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік
балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық қадағалау
агенттігінiң келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы
ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы
мәліметтер.
Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тиым
салынады..
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің
тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс
орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашалады.
Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған
лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік
қадағалау органының жазбаша расталымы;
- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы
қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы
еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау
органының жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі
туралы мәліметтер.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі
және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік
операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік
мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің
келісімі негізінде құрылатын бантік аумақтық бөлімшесі.
ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің екінші деңгейдегі банктерді ашуға
берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы
шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк
қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам
уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған
жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген
операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін
жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу
механизмінің тәртібі ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің
қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен
анықталады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған “Банктер және банктік қызмет туралы” ҚР
заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі
банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған
банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады: пруденциялық
нормативтер белгілеу; банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық
актілер шығару; банктердің қызметін тексеру; банктің қаржылық жағдайын
сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру; банктерге ықпал ететін шектеу
шараларын қолдану; банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына
санкциялар беру.
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық
нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213
қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық
нормативтер туралы” ережеге сәйкес оларға мыналар жатады: жарғылық қордың
ең төменгі мөлшері; меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті; бір
қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері; өтімділік
коэффициенті; ашық валюталық позиция лимиті; негізгі қорларға және басқа
қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары
мөлшерінің коэффициенті.
Банктердің пруденциялық нормативтерді сақтауына ҚҚА-гі бақылау жасайды.
Банктер пруденциялық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа да нормалар
және лимиттерді, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық
актілерін бұзса, олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері банктің
қаржылық жағдайына және тұрақтылығына, немесе депозиторлары мен
клиенттерінің мүддесіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасаса, онда ҚР
Қаржылық қадағалау агенттігі шектелген ықпал ету шараларының мынадай
түрлерін қолдануы мүмкін: а) міндеттеме-хатты талап ету; ә) банкпен жазбаша
келісім жасау; б) ескерту жасау; в) орындауға міндетті бұйрық хат беру.
Міндеттеме хаты – банктн бар кемшіліктерді мойындап, банк басшылығы
оларды қатаң түрде белгіленген мерзім ішінде жою бойынша дайындығы.
Жазбаша келісімі – анықталған кемшіліктерді дереу жою және онымен
байланысты бастапқы шараларды бекіту туралы банк пен Ұлттық банк арасындағы
келісімі.
Ескерту хаты – ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің банктік заңдылықпен
қарастырылған санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы банкке хабарлауы.
Бұйрық хат – ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің айқындалған
кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға нақты шараларды қолдану
қажеттілігі туралы банкке тапсырмасы.
ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі тәртіп бұзушылықтың түріне қарай
жоғарыда аталған ықпал ету шараларының біреуін немесе бірнешеуін қолдануы
мүмкін.
ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі шектелген ықпал ету шараларын қолданумен
қатар банкке банктік заңдылықпен көрсетілген санкцияларды қолдану
мүмкіндігін де пайдаланады.
Банкке шектелген ықпал ету шараларының бір түрін қолдану, оған бұның
алдында қолданған шараларды тоқтатпайды.
Егер де банк өзіне қолданған шектейтін ықпал ету шаралары қарастыратын
міндеттерді орындамаса, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі оған қосымша
банктік операциялардың түрлерімен айналысуға лицензия беруге немесе филиал
ашуға рұқсат беруден бас тартуы мүмкін.
Санкциялар. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банкке қолданған ықпал ету
шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде төмендегідей
шараларды жүзеге асырады:
а) Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген негізде айыппұл
салу және өндіріп алу;
ә) барлық немесе жеке бір банктік операцияларды жүргізуге лицензияларды
жою;
б) банкті консервациялау;
в) белгілі бір негіз бойынша банктің ашылуына рұқсатты қайтарып алу.
ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан екінші деңгейдегі банктердің
банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензия қайтарылып алғаннан
соң, лицензия берген органдармен тиісті шешімдер қабылданғанға дейін
банктік операцияларды жүргізу тоқтатылады.
Банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қайтарылғаннан кейін, ҚР
Қаржылық қадағалау агенттігі ондай банкті басқару үшін уақытша әкімшілік
тағайындайды және барлық басқару органдарының құзыреті уақытша әкімшілікке
беріледі. Сондай-ақ банкті бұған дейінгі басқарған органдарының құзыреті
тоқтатылады. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банктік операцияларды
жүргізуге лицензияны қайтарып алғаннан кейін, белгіленген тәртіпте 10 күн
ішінде банк қызметін еріксіз тоқтату туралы сотқа арыз береді.
Банкті консервациялау - банктің қаржылық жағдайын сауықтандыру және оның
жұмысының сапасын жақсарту мақсатында өкіліетті ұйымның шешімі бойынша
әкімшілік, заңи, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де шаралар
кешенін мәжбүрлі түрде қолдануды білдіреді.
Банк мынадай жағдайларға байланысты консервациялауға жатуы мүмкін:
- меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициентін жүйелі түрде
(соңғы үш ай ішінде) орындамауы;
- ҚР-ға банктер және банктік қызмет туралы заңның 48 бабында
көзделгендерге байланысты.
Банкті консервациялар шаралары сол банктің меншікті қаражаты есебінен
жүзеге асады.
Банктің қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, ҚР Қаржылық қадағалау
агенттігі оның акционерлері алдында қаржылық жағдайын сауықтыру
қажеттілігі туралы, басшылықты ауыстыру немесе банкті қайта құру мәселесі
туралы талап қояды және төмендегідей ұсыныстар береді: депозиттерді
қабылдауды шектеу туралы; жарғылық капиталды көбейту туралы; дивиденттерді
төлеуді тоқтату және провизияларды көбейту туралы;
– жеке филиалдар мен өкілдіктерді жабу және қызметкерлерді қосымша
жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды қысқарту туралы;
– банктің кез келген лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін жұмыстан
уақытша немесе мүлдем босату туралы;
– жоғары тәуекелдік деңгейіндегі банктік операциялардың кейбір түрін
шектеу немесе тоқтату туралы.
Депозиттерді айналымға жіберу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде заңды
тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақпартты анықтау
мақсатымен банктерге тексеру жүргізілді.
Сонымен қатар заңғай сәйкес, банктердің ерікті түрде қайта құрылуы
көзделеді. Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуға мыналар жатады:бірігу;
қосылу; бөліну; қайта түрлену.
Банк акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешім банкті ерікті
түрде қайта ұйымдастырылуына негіз болып табылады.
Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына рұқсат алу үшін мынадай құжаттар
талап етіледі:
- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы туралы ең жоғары
басқару ұйымының шешімі;
- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуының шартын, нысанын,
тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар;
- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуынан кейін жасалатын есеп
айырысу балансын қамтитын, ерікті түрде қайта ұйымдастырылунының
салдарына байланысты қаржылық болжам.
Банктің несиелік серіктестікке айналуына байланысты жоғарыда атлағна
құжаттарға қоса банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензия мен соңғы
есептік күнге жасалған бухгалтерлік балансын тапсыруға тиіс.
Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға ұсынылған құжаттар
қабылданған күнен бастап екі ай ішінде қаралады.
Жалпы банктер мынадай жағдайларды таратылады:
- құзіретті ұйымның рұқсатының болуына байланысты оның
акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті түрде тарату);
- ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес соттың
шешімі бойынша (мәжбүрлі түрде тарату).
Мәжбүрлі түрде банкті таратуды арнайы құрылған тарату комиссиясы жүзеге
асырады. Банкті таратуға байланысты шығыстардың барлығы таратылатын банктің
есебінен жабылады.
Банкті тарату туралы шешім шығарған күннен бастап, оның
құрылтайшыларының (қатысушыларының) банк мүлкін иеленуге құқы болмайды.
Банктің мүлкін бағалауды және оны сатуды тарату комиссия жүзеге асырады.
Аралық тарату балансы мен кредиторлардың талаптарының реестрін құзіретті
ұйым бекітеді. Тартып біткен соң тарату комиссиясы сотқа тарту балансы мен
тарату таралу есебін тапсырады, сондай-ақ барлық құжаттарды құзіретті
ұйымға хабарлай отырып, мұрағатқа (архив) тапсырады.
Қазақстандық банктік тәжірибеде жоғарыда аталған екі жағдай бойынша
банктердің таратылуы орын алады. Соның нәтижесінде екінші деңгейдегі
банктер саны біршама азайды, яғни бірігу, қосылу, бөліну немесе өзге
банктік емес ұйымға айналу шаралары іске асты.

Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі: [ 1.2-15, 2. 4-12 бет],

Бақылау сұрақтары:
1) Банк ашу және қызметін ұйымдастыру неше кезеңді қамтиды(
2) Банкті ашуға рұқсат алу үшін қандай құжаттар қажет(
3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу талаптары қандай(
4) Банктің филиалы дегеніміз не?
5) Банктің өкілеттігі қандай қызмет атқарады?
6) Еншілес банктің басқа банктің бөлімшелерінен айырмашылығы неде?
7) Банктің есеп айрысу кассалық бөлімшесін қалай ұйымдастыруға болады?
8) Банк қызметін реттеудің қандай әдістерін білесіз(
9) Қандай пруденциалдық нормативтерді білесіз(
10) Банктік қадағалауды қандай орган жүргізеді(
11) Қашықтан қадағалау механизмі неден тұрады(
12) Инспекциялық қадағалау дегеніміз не(

2-дәріс. Банк ресурстарының құрылымы

“Банк ресурстары” термині “несиелік ресурсы” қарағанда кең ұғымды
білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да
активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін
пайдаланылады.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында
біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден,
коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты
қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен
және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің,
корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды
сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін
алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы,
әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын,
коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің
әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты
және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер
ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай
баптар құрайды:
• жарғылық капитал;
• резервтік капитал;
• қосымша капиталдар;
• банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған
қорлар (резервтер);
• бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
• акционерлік банк формасында;
• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік
қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында
құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз
мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық
қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік
қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда
болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары
бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне
байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозитік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары
түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын
қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады.
Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан
тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің
өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық
банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен
байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы
активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтіміді
қаражаттара жатады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етілетін депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификаттары)
депозиттер.
Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне
байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады :
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін
жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін
өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылымайды, бірақ
қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл
төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда,
оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен
кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға
болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын
куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның
филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық
беретін бағалы қағаз.
Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын
және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан
салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы
қағаз.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін
қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің
несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде
тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы
нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық
банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп
отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және
күндізі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік
қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура
келеді. Кейде жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе
жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Овернайт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.
“Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық банкінің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР Ұлттық банкіндегі корреспонденттік
шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір
түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан
корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО
операциясы) - қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді
займның түрін білдіреді.
Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын
ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды
көздейді.
Банктердің мемлекеттің бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО және кері РЕПО
операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.
ҚР Ұлттық банктерде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру – бұл
қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты коммерциялық банктердің ҚР
Ұлттық банкке өздерінің вексельдерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту
тәсілі.
ҚР Ұлттық банкі вексельдерді қайта есепке алуда ресми есептік
мөлшерлемені белгілейді.
Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін
жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк
вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден,
вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден,
вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден,
вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт
мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту
барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі
болады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 13-21, 2 . 15-27, 3. 11-24 бет],
Қосымша: [ 3. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары
1) Банк ресурсы дегеніміз не(
2) Банк ресурсы құрылымы неден тұрады(
3) Банктің мешікті қапиталын қандай баптар құрайды(
4) Меншікті қаражат жеткіліктігін қалай анықтайды(
5) Депозиттің қандай түрлері болады(
6) Депозиттік емес ресурстарға не жатады(
7) Банк аралық несиелерге не жатады?
8) Банктік акцепт деген нені білдіреді?
9) Овернайт несиесін қай банк бере алады?
10) Қандай вексельдерді Ұлттық банкте қайта есепке алу жүзеге асады?

3-дәрiс. Банктің активтерінің құрамы мен сапасы

Банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі
активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін
сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді
активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің
өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1. касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. берілген несиелер;
3. бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4. банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне,
толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс
әкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі
үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге
тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне
байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай
банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. жоғары өтімді активтер;
2. өтімді активтер;
3. ұзақ мерзімді өтімді активтер.
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктеге арналған пруденциялдық нормативтерге
сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары
Бағалы қағаздар классификациясы
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық операциясы
Сбербанк АҚ және Қазақстанның қор нарығы:мәселелері, қазіргі кезеңде даму болашағы
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын зерттеу
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Пәндер