Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер


Мазмұны
Кіріспе
1 ЭМОЦИЯЛЫҚ-ЕРІКТІК КҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Тұлғаның эмоциялық-еріктік сферасы. Сезiм, эмоция, ерік
1. 2 Күрделi эмоциялардың түрлері
1. 3 Cезім білдіру және сезімнің негізгі сапалары
2 ТҰЛҒАНЫҢ ЭМОЦИЯЛАРЫ МЕН СЕЗІМДЕРІНІҢ КӨРІНІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Эмоциялар тұлғаның жеке тұлға ретінде дамуының негізгі кезеңі
2. 2 Эмоционалдық жағдай - психологиядағы зерттеу пәні ретінде
2. 3 Төмендегі сыныптағы оқушының эмоционалдық жағдайы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3
5
5
7
9
11
11
17
25
36
37
Кіріспе
Біз күнделікті өмірімізде сезім деген сөзді жиі қолданамыз. «Не сезіп тұрсың?» деген сөйлем мағынысы психикалық таным процесі түйсік ретінде қолданады. Бірақ, түйсік мен сезімді өзара шатастыруға болмайды. Сондай- ақ, қабылдауды да, елесті өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысың жеке дара танымдық ерекшеліктері процестерге балау- қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты. Өйткені, адам бойынан түрі мен келетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелей көрініс береді.
Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданып жүр. Адам сезімнін қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс, объективті шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілектерінің қанағаттырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Егер бұл ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін арасында елеулі айырмашылығы бар екенін аңғарамыз.
Сөйтіп, сезім дегеніміз не? Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, қоршаған заттар мен құбылыстарға көңіл-күй қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.
Сезімнің психикалық процес екендігін тағы бір ерешелігі- оңын адам көніл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейпір ренжітіп тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері- қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т. б. көніл- күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністер мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық рухани-мәдени қажеттілектерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кен мағынада қолданылуы жалпы көніл-күйді, ал эмоция сол көніл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.
«Эмоция» ұғымы төркіні - «емовера» деген латын сөзінен «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша - тітіркену, толқу. Бұл -жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу және шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция-адамдар мен жануар дүниесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтежеге жеткізеді немесе көніл-күйін жабырқатып, іс-әрекетті бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көніл-күйіне ұнамды ісер етуі стеникалық - күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретедеді. Сөйтіп, адамның сезім күй және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі -эмоция -жан дүниесінін жандану мен тіршілік ағамында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз -адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырылмау байланысты туандайтын психикалық күйлер.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мінің бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге соқтырады. Мәселен, осындай айырмашылық жануарлар мен адам психикасын арасындағы айырашылықтарды бүркемелеу мүмкін. Жануарлар эмоция түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Оқушылар іс әрекетінде эмоциялар мен сезімдердің алатын орны зор. Себебі оқыту және тәрбиелеу процесстерінің табыстылығы оқушылардың эмоциялық және сезімдік деңгейле қабылдауына тікелей байланысты. Оқушыларда сезім мен эмоциялардың жалпы танымдық процесстері барысында алатын орны зор екендігі зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігін сипаттайды.
Зерттеу мақсаты: тұлғаның эмоциялық-еріктік сферасын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Тұлғаның іс әрекетіндегі сезім мен эмоциялар рөлін зерттеу;
- Тұлғаның дамуында жоғары сезімнің жалпы нәтижесіне талдау жасау;
- Сезімді тәрбиелеу және дамыту ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу пәні: Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Зерттеу болжамы: Тұлғаның эмоциялары мен сезімдерін дамыту және тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру процессі табысты болады.
Зерттеу әдістері: ғылымилылық, жүйелілік, талдау
Зерттеудің қайнар көздері - психологтар, педагогтар, психиаторлардың зерттеу мәселелері жөніндегі еңбектері, басылымдар, журналдар, авторефераттар.
Жұмыс құрылымы : курстық жұмыс кіріспеден, 3 негізгі бөлім, қорытындыдан, әдебиеттір тізімінен және қосымшлардан тұрады. Курстық жұмыста кестелер мен суреттер қолданылған.
1 ЭМОЦИЯЛЫҚ-ЕРІКТІК КҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Тұлғаның эмоциялық-еріктік сферасы. Сезiм, эмоция, ерік
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттерiне сәйкес келу-келмеуiнiң нәтижесiнде пайда болып отыратын психикалық процестiң түрiн сезiм деп атайды. Қажеттердiң түрлi жағдайларға байланысты түрлiше өтелуi адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезiмдердi туғызып жек көрушiлiк, шошыну, абыржу, наздану, iш пысу, зерiгу т. б. осындай сезiмдер мен эмоциялардың сан алуан түрлерi.
Сезiмдер - өте күрделi психикалық процестердiң бiрi. Сезiмдер адамның тiршiлiк қажетiне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрiнедi. Адам сезiмдерi тарихи-әлеуметтiк сипатта болады. Демек, адамның өмiрi қоғамға байланысты, оның әрекетi де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезiмдерi де қоғамдық сипатта болып, сезiмнiң мазмұнын қоғамдық болмыс белгiлеп отырады. Сезiмдерден эмоцияларды айыра бiлу қажет.
Сезiмдердi эмоциялардан дұрыс айыра бiлмеушiлiк, бұл екеуiнiң мәнiн бiрдей деп ұғу, кейде қате түсiнiктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсiнiк жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуi мүмкiн. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейiмделу көрiнiсiнен, әр түрлi шартсыз рефлекстердiң тiзбегiнен немесе инстинктерiнен байқалады.
Сезiмдер мен эмоциялардың бiрнеше сапалық ерекшелiктерi бар. Олардың сапасын көрсететiн осындай ерекшелiктерiнiң бiрiн - қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсiну, сүйсiнбеу, көңiлдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы се-кiлдi сапалар өз ара екi полюскс ажырасып, бiрiне-бiрi қарама-қарсы мағынада болады.
Сезiмдердiң екiншi ерекшелiгi - олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлiнуiнсн көрiнедi. Адамға күш берiп, әрекетке ұмтылдыратын, көтерiңкi сезiмдер мен эмоциялар-ды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерiн астеникалық деп атайды. Бiрiншiсiне: жауапкершiлiк, жолдастық, достық, айбаттылық т. б. жатса, екiншiсiне: уайым, енжарлық, көңiлсiздiк т. б. ссзiмдер жатады. Бұл жерде мынадай бiр жағдай есте болсын. Түрлi нақтылы жағдайлардың ретiне қарай адамдарда бiр сезiмнiң өзi бiрде қуатты, бiрде әлсiз болып көрiнуi мүмкiн. Мәселен, қорқыныш сезiмi кейде бiр адамның буынын босатып, пәрменсiз етсе, ендi бiрде қауiп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күштi сезiм) ауысуы мүмкiн.
Сезiмдердiң үшiншi бiр ерекшелiгi - жiгерлену және кернеуден босану немесе шешiлу. Бұл да сезiмдердiң қарама-қарсы сапаларының бiрi. Мәселен, студенттердiң емтиханнан өтуi, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуi шешушi кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жiгерiн жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бiр күйге түседi. Мұны кернеуден босану (шешiлу) сезiмi дейдi.
Шамадан тыс күштi тiтiркендiргiштер адамда көбiнесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кiсi ұдайы қинала беретiн болса, оның дiңкесi құрып, берекесi кетедi. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгiлейдi. Стресс үш түрлi жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрiнiсiн мазасыздану кезеңi дейдi. Организмнiң күштi тiтiркендiргiштермен айқасқа түсуiн күш салу, немесе зорлану кезеңi деп атайды. Адам сырттан келетiн әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесiнiң жұмысына да, дене күшiне де нұқсан келтiретiндiктен, адам өзiнiң сыртқы ортамен байланысын үнемi қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезiмнiң жоғарыда айтылған ерекшелiктерiнiң барлығы да нақтылы әрекет үстiнде, кездесетiн қиыншылықтарды қарсы алу кезiнде айқын көрiнiп отырады. Сезiм адамның бүкiл өмiрiмен, оның жеке басының ерекшелiктерiмен тығыз байланысты. Адамның әр түрлi эмоциялары мен сезiмдерi оның қажетi мен қызығу ерекшелiктерiне, дүниеге көзқарасы мен сенiмiне, мiнез-кұлқы мен бiлiм келемiне, санасы мен ерiк сапаларына бай-ланысты қалыптасып отырады.
Сезiмдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетiнде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмiр үшiн күресте күштi сезiмдерсiз табысқа жету қиынға соғады.
Сезiмнiң қораш, солғын, селсоқ болуы iске кедергi келтiредi. Адам не үшiн күрессе, соны жан-тәнiмен жақсы көрiп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көрiп отыруы керек.
Эмоцияларды бiрнеше топқа жiктеуге болады. Олардың бiр тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тiршiлiк қажетiне орайлас, оның iшкi өмiрiнiң шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бiрi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйiспеншiлiк, көңiл қоштық т. б. - осындай эмоциялардың ендi бiр тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делiнедi. Бұлар - белсендi әрекетке азды-көптi нұқсан келтiретiн қораш сезiмдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмiтсiздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделi эмоциялар болып та бөлiнедi. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерiнiң өтелу-өтелмеуiне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделi түрлерiне: көңiл, аффект, құмарлық эмоциялары кiредi.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бiр ерекшелiк: оларда сан алуан мәнерлi қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгi адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстардың бiразы бiздiң ерте кездегi ата-бабаларымыздың тiршiлiгiнде елеулi орын алған әрекеттiң қалдығы екендiгiн айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйiп тiстенедi, қабағын түйiп булығады, демiн әзер алып, танауы делдиiп кетедi, жүрегi тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлi қозғалыстардың әрқайсысының өзiнше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтiрiлген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейiн деп тұрған адамның келбетiн, даярлық белгiсiн байқауга болады. Ертедегi адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердiң алдында денесiн соған бейiмдеп алып, сонан кейiн айқа-сатын болған. Қазiргi адамдар үшiн мұндай көрiнiстер дөрекi, ебдейсiз қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсiз қимылдар мәдениеттi адамның қылығына ешбiр сыйымсыз сипат. Бұған көбiнесе сотқар, ызақор, кекшiл адамдар бiр табан жақын тұрады. Адамдардың сана-сезiмi өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседi. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерiстер түсiретiнiн, бет әлпетi мен (мимика) бүкiл дене қимылдарына (пантомимика), сөздiң интонациясы мен тембрiне, дикциясы мен паузасына да өзгерiстер енгiзетiндiгiн дәлелдейтiн мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезiнде адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсi бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесi дiрiлдеп қалшылдайды, шашы үрпиiп, көзi шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үнi кiбiртiктейдi, аузы кебiрсiп, тынысы өзгередi, бетi шiмiркенiп, бүкiл денесi қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тiптi орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездерi болады. Қорқыныштың жеңiл түрi тынышсыздану, ауыры - үрейi ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезiнде адамның денесiнен байқалатын әр түрлi мәнерлi қозғалыстарды Абай өлеңдерiнен көптеп кездестiруге болады.
1. 2 Күрделi эмоциялардың түрлері
Күрделi эмоциялардың бiрi - көңiл. Кейпiне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүздi, ақжарқын, не көңiлге кiрбiң кiру, ызалы, түсi суық т. б. деп ажыратады. Адамның көңiлiне айналасын қоршаған дүние әсер етiп отырады. Егер оның қызметi жақсы жүрiп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңiлi де көтерiңкi болады. Көңiлге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерiнiң ерекшелiктерi де әсер етедi. Өмiр-тiршiлiгi үшiн елеулi маңызы бар оқиға да адамның көңiлiне үлкен iз қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген iсi оңға басса, немесе бiр нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бiтiру, диссертация қорғау т. б. ), шат-шадыман күйге түседi. Керiсiнше, ол ылғи да сәтсiздiкке ұшырай берсе, көздсген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренiштi күйде жүредi. Сондықтан да “Көнiлсiзден күлкi шықпас”, “Адам көңiлден азады” деген мақалдар тегiннен-тегiн айтылмаған. Ерiк-жiгерi күштi, рухани өмiрiнiң мазмұны бай адамдар, тiптi ауыр жағдайларда да көңiлдi жүредi. Оптимистiк, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерiк-жiгерi күштi, қажырлы адамдардың басты қасиетi. Адам өз көңiлiнiң қожасы болу керек екендiгiн олар iс жүзiнде көрсете бiлуi тиiс. Осы айтылғандардан өмiр сүруге қолайсыз кездердс де көңiлдi ырқына жiбермеуге болатындығы, көңiлдiң тұрақты болуы жұмыс қабiлетiн арттыруға, адамның жеке қасиетiнiң жақсы сапаларына байланысты екенi жақсы аңғарылады. Өз көңiлiн меңгере бiлу - мұғалiм үшiн аса қажеттi сипат. Төменгi сынып оқушыларының мұғалiмiнiң қасы мен қабағына қарап отыратыны белгiлi. Егер мұғалiм көңiлсiз, кiрбiң болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулерiне қолайсыз әсер етедi.
Эмоцияның бiр түрi - аффекттер. Аффекттер дегенiмiз қысқа уақытқа созылса да, бүрқ етiп қатты көрiнетiн эмоцияның түрi. Аффекттер кейде адамның бүкiл психикалық кейпiн бұзып, мәнерлi қозғалыстарға толы, ерiк күшiнiң әлсiреу жағдайында өтедi. (Мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршiгу, кенеттен торығу, қамығу т. б. ) М. Ю. Лермонтов бiр адамның басынан байқалған аффектiнi былайша суреттейдi:
“Орынсыз жан таласып кейде бекер,
Жұламын итмұрынды қолым жетер . . .
Сонан соң әлiм кетiп жерге құлап,
Еңiреп егiл-тегiл, жаттым сұлап.
Кемiрiп жердiң дымқыл топырағын,
Шықтай қып жерге төктiм жасты-ай бұлақ”.
Аффект кезiнде адамның “есi шығып” кетпейдi. Денi сау адамдарда болатын аффекттердi адамның жеке басының кемшiлiгi деп түсiну керек. Бұл - адамның өзiн меңгере алмауы, ерiк тәрбиесiнiң кемiстiгi. Ерiк-жiгерi күштi адам мұндай ұшқалақтыққа, лепiрмелiкке бармайды. Ондай адам не iстесе де ойланып iстейдi. “Ар-iсi ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсiздiң қылығы өле көрмек” деп Абай дұрыс айтқан.
Денi сау адамдардың аффектiсiнен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерiн (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екiншi сигнал жүйесiнiң реттеушiлiк рөлi кемiгендiктен болады. Аффекттердi тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Құмарлық - адамның ойы мен әрекетiнiң негiзгi бағытына iз қалдыратын күштi, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзiнiң қоғамдық мәнiмен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық деймiз. “Құмарлық кiсiге жүк артады, мiндеттiлiк туғызады, мiндет борышты етедi, бұлар еңбекке жүктейдi, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол”, - деп Абай адамға қажеттi құмарлықтың психологиялық табиғатын көрсеткен. А. С. Пушкин “Сараң серi” драмасында Альберттiң образы арқылы, құлқынын ақша тескен адамның “құмарлығын” былайша суреттейдi.
“Е, менiң әкем үшiн ақша малай да емес, дос та емес,
Бас иетiн қожасы, өзi қызмет етедi,
Еткенде қандай десеңшi! Алжирдiң нағыз құлындай, Шынжырлаулы төбеттей! Иттiң суық жатағында тұрады.
Қорегi оның қара су мен кепкен нан,
Көз iлмейдi түн бойы, жүгiредi арсылдап,
Ал алтыны жатыр сандықтарда мызғымай”.
Сезім - адам қатынасында өзінің танығанына, білгеніне, іс-әрекеттеріне әсерлерінен алған күйі. Адам тіршілік иелерінің ішіндегі сезім сияқты психикалық күйге ие жалғыз тіршілік иесі. Ол айналасында болып жатқан құбылыстарды жағымды, жағымсыз күйлерде басынан өткізетін және оны саналы басқара алады. Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапаларын туғызатын қажеттіліктер, талап - тілектер жатады.
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол процестер сезімді туғызады да, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды.
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
1. 3 Cезім білдіру және сезімнің негізгі сапалары
Сезімдер адамның сырт пішінінен жақсы байқалады олар адамның мінез - құлқына және жағдайына, сондай - ақ, ішкі органдарының жұмысына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректің қатты соққанын, қан тамыры соғуының жылдамдауын басымыздан өткіземіз, біздің дем алуымыз қиындайды, қол - аяғымыз дірілдей бастайды, кейде адамның ыстығы көтеріліп кетеді керісінше де болуы мүмкін: маңдайдан суық тер шығады, қалшылдай бастайды, кезден жас сорғалайды. Сезім кісінің бет әлпетінен де, мимикасынан да керінеді
Сезім мен эмоцияның сыртқа тебуінің айқын көрінісі - күлу мен жылау. Әйгілі ғалым Ч. Дарвин (1809 - 1881) мәнерлі қозғалыс әлпеті адамның арғы тегінің тіршілігі үшін пайдалы болған әрекеттердің қалдығы екенін дәлелдейді.
Адам күйінің өгеруіне байланысты даусының өзгеруі оның көңіл күйінін, қандай екенінен хабардар етіп, кісінің ішкі сезімі мен эмоциясы көз нұрынан, бет ажарынан, қимыл - қозғалысынан аңғарылып тұрады. Адамның сезім күйлері пнеймограф аспабымен зерттеледі. Аспап зерттелуші адамның кеудесіне байланады да, оған «өмірінде басыңнан кешірген қайғы-қасіретіңді есіңе түсір», - дейді.
Сезімдердін пайда болуында динамикалық стереотиптердің мәні үлкен. Павлов былай деп жазды: «Динамикалық стереотипті қондырып және қолдап тұрғандағы ми сыңарларының нерв процестерін кәдімгі өзінің екі негізгі - жағымды және жағымсыз категориясы бар сезімдер» деп атайтындығын ойлау керек.
Павлов жағымсыз әсерлердің себебі қозу және тежелу процестерінің, ол айтқандай «қағысуында» деп есептейді. Өзге психикалық процестер сияқты сезімдер табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлық әрекетпен байланысты. Сезімдердің физиологиялық негізі баска психикалық процестермен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Ми қабынан да бұрын пайда болған оның астыңғы қабатының орталықтарында және вегетативтік жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты шарларының қабында сырткы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар иррадиация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және оларды қоздырады. Соның әсерінен қан тамырларының қимыл реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады, қаны сыртқа тебеді, ішкі секреция бездерінін продуктысын бөліп шығарады.
Сезімнің негізгі көзі адамның іс - әрекеті болып табылады. Онда таным процестері үлкен орын алады. Біз айналамыздағы өмірді қабылдаймыз (біз үшін сүйкімді, әсем не ұсқынсыз жаманды көреміз, естиміз, пайдалы не зиянды, қауіпті т. б. байқаймыз), сөйтіп бізде осыларға сай жағымды не жағымсыз сезімдер пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz