Қоғамдық пікір


Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Көзқарас, түсінік, сенімін қалыптастыру үшін тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылар педагогикалық әсерден тыс қалып отырса, онда қойылған мақсатқа жету процесі өте баяу жүреді. Терең сезім оқушылардың ойы айқын, әсерлі бейнелерге аударылғанда ғана пайда болады. Тәрбиеленушілердің тәрбие іс-әрекетіне белсенді араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана әдістер өз мақсатына жетеді.
Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады. Педагогтың деңгейі жоғары болған жағдайда бұл топтағы әдістер жүйелі әрі басқалармен бірлескен түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай анағұрлым қиын, сөздік-эмоционалдық әсер етуші әдістері мынадай: әңгімелеу, түсіндіру, этикалық кеңес, диспут және көрнекі тәжірибелік әсер ету әдісі, өнеге-өрнек келтіру.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы әңгіме - бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері тәрбиеленушілерді моралды жәйттерді бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика тақырыбындағы әңгіме бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершілік тәжірибесін байытуға бағыттау.
Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның қателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді.
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер (басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т. б. ) түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандықтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоционалды - сөзді әсер ету әдісі. Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы - берілген топқа немесе нысаналы әсер етуде. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары қолданылады: "Былай істеу керек", "Барлығы осылай істейді" т. с. с. Бұл әдіс мынадай жағдайларда қолданылады:
а) қылық формасы немесе жаңа моралдық сапаны қалыптастыру және бекіту үшін;
б) болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын орнықтыру үшін.
Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Сендіру тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.
Этикалы сұхбат тәрбиеші мен тәрбиеленуілілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұхбаттың (беседа) әңгімеден айырмашылығы - сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моралды, этикалы, тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты - адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.
Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепші болады. Мұндай сұхбаттасу оқиға "ізінше" немесе кейінірек, балалар өз қылықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі.
Этикалы сұхбаттасудың нәтижелілігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты:
1. Сұхбаттасудың проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.
2. Этикалы сұхбаттар алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Оқушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.
3. Сұхбатты дәрісбаянға айналдыруға болмайды.
4. Сұхбаттасу құралдары тәрбиеленушінің эмоционалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.
5. Сұхбаттасу кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.
6. Әңгімеге дұрыс жетекшілік - тәрбиеленушінің оңды шешімге өзбетімен келуіне арқау.
Тәрбиеленушілермен өткізілетін жеке этикалы сұхбат тәрбиешінің жоғары кәсіптік деңгейін керек етеді. Мұндай сұхбат кезінде психикалы тосқауыл туып кетпеуі лазым. Егер тәрбиеші жеке сұхбаттасуға жан-тәнімен мән берсе, онда оның үлкен табысқа жететіні сөзсіз.
Пікірталастар - тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда әртүрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.
Пікірталас негізі - бұл пікір сайысы, ой күресі, ол арнайы дайындықты талап етеді. Пікірталас мақсаты - белгілі бір шешім шығару емес, оның маңызы - балаларды процеске қосу әрі оны басқара жүргізу. Педагог балаларға ойды жинақтауға, логикалы дәлелдерге сүйенуге, өз ұстанған бағытын ашып көрсете білуге көмектеседі.
Пікірталас - қиын әдістердің бірі және ол педагогтан жоғары кәсіби біліктілікті, білімділікті талап етеді. Басқаларды үйрету үшін тәрбиешінің өзі алдымен, шебер ұйымдастырылған пікір сайыстар мектебінен өтуі керек.
Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын түұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
Өнеге-өрнек - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т. б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие.
Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.
Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.
Мысалы, бұл жағдайдың психологиялық негізі ретінде еліктеуді айтуға болады. Еліктеудің арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды. Еліктеу - жеке адам іс-әрекеті. Кейде еліктеудің аяқталып, шығармашылықтың басталатын кезін анықтау қиынға соғады. Көбінесе шығармашылық өзіндік, ерекше еліктеуден болады.
Өмірде жақсы да, жаман да өрнектер бар. Оқушылардың назарын адамдар өміріндегі теріс қимылдарға аударып, соларды талқылап, дұрыс қорытынды шығаруға бағыттау қажет. Уақытында және орынды келтірілген мысалдар тәрбиеленушінің теріс қылықтардан аулақ болуына көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz