Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
МАЗМұНЫ:
КІРІСПЕ 3
1 ТУРИСТІК САЯХАТТАРДАҒЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ
МАЗМҰНЫ 4
1.1 Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік 4
1.2 Табиғи-рекреациялық ресурстар 6
2 ТАРИХИ-МӘДЕНИ МұРАЛАРДЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
2.1 Тарихи-мәдени мұралардың рекреациялық ресурстарының мәні 17
2.2 Туризмнің әлеуметтік – мәдени ресурстары 17
22
ҚОРЫТЫНДЫ
27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
30
Кіріспе
Туризм жүйесінің көп қырлы функцияларының біріне оның рекреациялық
ресурстары жатады. Рекреациялық ресурс деп – рекреациялық сұранымды
қанағаттандыруға негізгі технологиялық компоненті болып есептелетін,
рекреациялық салаға тартылған объектілерді (табиғи, табиғи - техникалық
геожүйе мен оның элементтерін); адамдардың дене және рухани күштерін, оның
денсаулығы мен еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп, арттыруға ықпалды және
де курорт пен туристік қызметтегі тұтыну мен өндіруге, сондай -ақ туризмнің
әртүрлі түрлерінің сұранымдарын қанағаттандыруға қатысты қолданылатын
табиғи және мәдени-тарихи кешендер мен оның элементтерін айтамыз.
Туризмде қолданылатын мақсатты рекреациялық ресурстар қатарына:
- емдік демалыс ресурстары: минералды су, емдік батпақ, климаттық
жағдайларды (орман, дала, теңіз және т.б.);
- сауықтыру туризмінің ресурстары: ландшафты климаттық жағдайлар,
қолайлы жыл мезгілінің ұзақтығы, көлдік - өзендік жүйесі, теңіз
жағасы, суға түсу маусымын;
- спорттық туризм ресурстары: табиғи ортаның өлшемдері
(жабдықталған, әдемілік, өзгелерге ерекше болып көрінетін
ерекшеліктер, оның өзіне тән ерекшеліктерін өтуге қиын,
кедергілер, халықтың сирек орналасуы, т.с.с.);
- экскурсиялық туризм ресурстары: тарихи, мәдени, археологиялық
ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары этнографиялық және
шаруашылықтық объектілер, музей және тағы басқаларын жатқызуға
болады;
Рекреациялық ресурстарын жоғарыда келтірілген анықтамалары мен туризм
индустриясын дамытудың ұлттық бағдарлама мен Жібек жолындағы тарихи
орталықтарды қайта жаңғыртудың Мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар,
әртүрлі заң күші бар актілердегі терминологияларға сүйене отырып,
рекреациялық ресурстарға төмендегілерді жатқызуға болады:
- адамдардың өмір сүру ортасы мен оған тәуелді емес табиғи –
жаратылыс жүйесі ретіндегі табиғи – рекреациялық ресурстар;
- мәдениеттің ұрпақтан – ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін
этникалық топ, ұлт, азаматтық қоғамдастық, адамзаттық
өркениеттің тарихи және мәдени мұраларының ресурстары;
- адамдардың қолдан жасаған немесе өңдеп жаңартқан табиғи
ландшафт;
- қайта қалпына келтірілудегі адамзат дамуының ежелгі
цивилизациясының тарихи және этномәдени орталықтарын;
- көлік және ақпараттық коммуникация, орналастыру, тамақтандыру,
сауықты ұйымдастыруды қамтитын әлеуметтік – мәдени ресурстар.

МАЗМұНЫ
1.1 Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
“Рекреациялық ресурстар” - бұл тек қана ТМД елдерінде тараған түсінік.
Оның маңызы мен жіктемесі жайлы біздің елімізде де, шет елдерде де бірыңғай
анықтамасы жоқ. ДТұ Бас Ассамблеясының IV сессиясында мақұлдаған туризм
Хартиясында “табиғи”, “жасанды”, “мәдени”, сондай -ақ “туристік”,
“табиғаттық” ресурстар деген ұғымдар қолданылған.
Рекреациялық ресурстар жөнінде әртүрлі терминологиялық айырмашылықтар
болғанымен олардың барлығы да оған белгілі бір объектілер мен құбылыстарды:
табиғи ландшафттың компоненттерін, тарихи – мәдени құндылықтар мен
кешендерін, халықтық қолданбалы және басқаларды қарастырады.
“Рекреациялық ресурстар” мен “туристік ресурстар” ұғымдары өздерінің
мәндері жағынан өте жақын ұғым, олар адамдардың демалуы, мен рекреацияға
(дене және рухани күштерінің қалпына келуі), танымдық және коммуникативтік
сұранымдарын қанағаттандыруға қатысты қарастырылады.
Осы объекті мен құбылыстар жиынтығын шатастырмау үшін “туристік -
рекреациялық ресурстар” деп қарастыру дұрыс болып отыр.
Туристік нарық қызметінің саласын таңдауда немесе оның ары қарай
жіктеуінде базистік факторға туристер ағынын толастатпайтындай табиғи
географиялық ресурстардың болуы жатады.
Табиғи жаратылыстық ресурстарға технологиялық жарамдылық, жайлылық,
сыйымдылық, аттрактивтілік, мақсаттылық, тұрақтылық, кешенділік және т.б.
жатады.
Технологиялық жарамдылығына қарай ресурстар екі топқа бөлінеді: 1)
технологиялық міндетті; 2)технологиялық міндетті емес; яғни мүмкіндік
туғызушы ресурстар.
Технологиялық міндетті немесе қажетті ресурстарсыз туристік –
рекреациялық қызметті елестетуге болмайды. Туристік нарықты жетілдіруде
технологиялық қажетті ресуртар болуы қажет. Мысалы: экологиялық туризм
ресурстарына әсем табиғи комплекстің болуы, ал тау туризмі мен альпинизмге,
тау тізбегі мен шатқалдардың бірегей трассалардың болуы жатады.
Технологиялық міндетті ресурстар толық демалу мен рекреациялық
мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, бірақ барлық уақытта ең тиімді мүмкіндік
болып санала бермейді. Сұранымды толық қанағаттандыру үшін өзіне тән орта,
жан – жақты әсемдік, жарасымдылық қалыптастыратын бірнеше ресурстар
комплексі, яғни мүмкіндік туғызатын ресурстар болуы қажет.
Технологиялық міндетті және мүмкіндік жасаушы ресурстардың
үйлесімділігі демалушылардың сұранымын барынша қанағаттандыраралықтай
туристік – рекреациялық ресурстар кешенін қалыптастырады.
Технологиялық міндетті рекреациялық ресурстың өзі немесе мақсатты
бағыттағы ресурстар (емдік, сауықтыру, спорттық және т.б.) болып және
рекреациялық емес, бірақ та технологиялық қажеттілігі бар (орманның
қалындығы, судың көптігі т.б.) ресурстар болып екіге бөлінеді.
Табиғат кешенінің жайлылығы бұл демалу мен туризмнің нақты бір түріне
деген сұранымның ресурстарға деген сәйкестілік деңгейін анықтайтын қасиетке
негізделген.
Табиғи ресурстардың сыйымдылығын біркелкі емес туристер ағынын, ұзақ
уақыт бойына демалушылардың үлкен тобының сұранымын қанағаттандыра
алатындай қабілетімен есептеледі.
Табиғи ресурстардың көлемі туризмнің нақты бір түріне немесе
рекреациялық жұмыстардың циклына орай анықталады.
Табиғи ресурстарды пайдалануды реттеп отыру туристік қызмет
технологиясына аса қажетті, сондай-ақ табиғи ортадағы экологиялық тепе –
теңдікті сақтауға лайықты шара болып есеп теледі.
Аттрактивтілік. (французша atraktio – тартылыс, тарту). Табиғи
ресурстардың аттрактивтілігі сол жердің өзіндік ерекшелігі, пейзаждың
әртүрлігімен сипатталады. Табиғи ландшафты эстетикалық тұрғыдан
бағаланғанда табиғаттың маусымдық динамикасы, жер қыртысының жеке – жеке
сипаттамасымен, қар басып жататын кезеңнің ұзақтығымен, орманның қалыңдығы,
судың молдығы сияқты ерекшеліктері есептелінеді.
Табиғи ресурстардың мақсаттылығы – бұл белгілі бір аймақтың, ауданның
шаруашылық салаларына қарағанда осы туризм саласына пайдалану арқылы
түсетін әлеуметтік – экономикалық пайдамен айқындалады.
Табиғи ресурстардың тұрақтылығы – туристік аймақтарды болжауға,
экологиялық негізделген эксплуатациялық салмақты көтере алумен, өздігінен
өнім өндіру мен сақталуы қамтамасыз етуден тұрады.
Кешенділік -- бұл қолда бар ресурстардың туризм мен демалудың әрқалай
түрлерін қолдануын қарастырады.
Табиғи объектілері мен кешендер негізінен туристік рекреациялық ресурс
болып саналмайтының айтуымыз қажет. Туристік шаруашылықта олар еңбек заты
болып, ал жинақталған туристік қызметтер турістік өндірістің нәтижесі болып
саналады. Табиғи объектілер мен кешендер туристік рекреациялық қызметке
қажетті жағдай болып есептелінеді. Бірақ та олар демалуға, рекреацияға және
қоғамдық сұраныстық артумен, туристік сұранымның пайда болуы оны
зерттестіруге, бағалауға кеткен еңбек және қаржылай шығындардан кейін
туристік өнімді өндіруге, тікелей пайдалануға және пайдалануға
дайындалғаннан кейін барып рекреациялық ресурстардың категориясына жатады.
Табиғи кешендерді туристік қызмет өндірісіне пайдалануда табиғат
ресурстар шешуші фактор болып саналады.
Табиғи жағдайдың сипаттамасы туристік кешен, жол және бағыттарды
айқындайтын фактор балып есептеледі. Себебі туристердің демалу мен саяхатқа
шығу маршруттарын таңдауды табиғи ресурстар шешуші роль атқарады.
Туристік шаруашылықты ұйымдастыруда қайсы бір территорияның жерінің
маңызы ерекше. Туристер көбінесе ландшафттар мен ауа – райы, өсімдіктер
әлемінің сан қилылығы, аң мен балық аулау мүмкіндіктері, сондай-ақ
демалумен спорттың тиімді түрлерімен айналысуды қалайды.
Сонымен бірге таулы аймақтардағы көрікті орындар әсемдігі, туристерді
тартатын, өзіндік ерекшеліктері, ауасының тазалығы, альпинизм, тау шаңғысы
мен аң аулау және т.б. істермен шұғылдануға ыңғайлы маршруттар ашуға
сұраныстар туғызғанымен, туристік объектілер мен коммуникация құрылыстарын
жүргізу көптеген техникалық - экономикалық қиындықтарға кезігеді, алайда
осындай қиындықтарға қарамастан жұмсалған шығын тез арада - ақ өзінің орнын
толтыратыны белгілі.
1.2 Табиғи-рекреациялық ресурстар
Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасын жасаушы
Казгипроградинститутының берген мәліметіне қарағанда Қазақстан
Республикасының аумағында әртүрлі функциональдық мақсаттағы 80 -дей негізгі
ландшафтық – рекреациялық аймақ бар. Осы аймақтан басқа жерлерде
конвейерлік туризмді дамытуға мүмкіндік жоқ, ал жекелеген аудандарда
ғылыми, ғылыми - танымдық туризмді ұйымдастыруға мүмкіндіктер бар.
Еліміздің табиғи -- рекреациялық ресурстары өзінің жан -- жақтылығымен
ерекшеленеді. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай төрт табиғат зоналары: орманды
дала, дала, шөлейт және шөл орналасқан. Республикамыздың оңтүстік -
шығысында Тянь - Шань, Жоңғар Алатауы, Саура, Тарбағатай және Алтай тау
сілемдері ұзынынан жатыр. Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Іле Алатауының
жоталары мен Хан Тәңірі массивінде тау туризмін, тау шаңғысы спортын және
халықаралық альпинизмді дамытуға қолайлы орындар көптеп саналады. Кеген
Еңбекші Қазақ аудандарында тау шаңғысы спортын дамытуға қолайлы, тауға
өрмелеу мен альпинизм, тау шаңғысы туризмімен айналысуға жағдай жасайтын
қонақ үйлер, база т.б. жайлар салуға болатын табиғи – рекреациялық
комплекстер бар. Алматы облысы Нарынқол ауданында Мыңжылқы – Хан Тәңірі
атты альпинизм мен тау шаңғысы спортының халықаралық базасы орналасқан.
Табиғат зонасының осындай таулы аймақтарында таулы жермен жаяу жүру,
спорттық және спорттық сауықтыру сипаттағы әртүрлі базалар салуға болады.
Орта – таулы аймақтардың табиғаты мен ауа – райы жағдайы бұл жерлерде
туризм мен демалудың, спорттың қысқы түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік
береді.
Елімізде тропиктік және экваторлық климаттық белдеулерден басқа
белдеулердің барлығы бар. Климаттық факторлар мен минералды су көздерін,
емдік батпақ орындарын қамтытитын емдік – ресурстық фонд, емдік сауықтыру
туризмі мен рекреациялық шаруашылықты дамытуға жол ашады.
Сауықтыру туризмнің ресурстары қолайлы ландшафтық – климаттық
жағдайлармен, жайлы кезеңнің ұзақтылығымен, жетілген көл -- өзен жүйесінің
болуымен, жылы теңіз жағалауымен, туристік рекреациялық қызметтің түрлері:
қыдыру, суға түсу – жағажай, су спортын дамытуға арналған орындардың
болуымен анықталады.
Қолайлы кезеңінің ұзақтығы ыстық (комфорт), салқын (сукомфорт) және
суық (дискомфорт) күндердің санымен есептеледі.
Республикамыздың территориясында жыл бойына күн сәулесінің түсу
ұзақтығы да мол болып келеді. Оңтүстікте 3000- дай сағат болса, солтүстікте
2000- нан аса сағатқа созылады. Қолайлы кезеңнің ұзақтығы солтүстік – шығыс
40-50 күндей, ал оңтүстікте 120-150 күндей болып келеді, таулы жерлердегі
сауықтыру туризмін дамытуға қолайлы аймақтардың қысы жұмсақтау болып келеді
(орташа температура 2 градус С -- ден 8 градус С дейін), ал жазы құрғақ –
ыстық болып келеді (орташа температура 20 – 27 градус С).
Арал теңізінің оңтүстік жағалуында, Балқаш көлінің маңында және
еліміздің оңтүстік – шығысында қолайлы кезеңінің ұзақтығы 120 күн. Ал
Сырдарияның орта ағысы мен Шымкентте 150 күнге ұласады. Алматының сондай –
ақ Аралдың солтүстігіндегі дискомфорт күндердің ұзақтығы 30 күнге созылады,
Оңтүстік Қазақстанда 70, ал Балқаш көлінің маңайында қолайлы кезең 40 күнге
созылады.
Суға түсу – жағажайлық, су спорты мен қыдырыстыс туризм түрлерін
дамытуға өзен – көл тығыз орналасуының ықпалы зор. Біздегі құрғақ климаттық
ауа – райында өзен, көлдік жүйелер нашар дамыған. Солтүстік аудандарындағы
жазықта өзендер 100 км, 2 –3,5 км ұзындықта, ал таулы жерлерде 20 -40 шаршы
км дейін көбейеді. Жазық жерлердегі таратылып кететін сулардың катамаранка
салда серуендеуді ұйымдастыруға өте ыңғайлы болып келеді.
Тау өзендері су ағысының жылдам болуы және температурасының
төмендігінен спорттық туризмге ғана қолайлы болып отыр. Ішкі тау өзендері
Шарын, Шілік, Көксу, Қараталда, және Ертіс, Іле, Сырдарияда аса көп шығынды
қажет етпейтін су туризмнің дамытуға мүмкіндіктері бар.
Республикамыздың ірі – ірі теңіз, көлдерді Каспий, Арал теңіздері мен
Балқашты қоспағанда ірілі – ұсақты 48 мың көлдер бар. Оның жалпы көлемі 20
мың шаршы метрден көп. Алакөл, Зайсан, Балқаш өзендерімен Қапшағай,
Бұқтырма, Шардара су қоймаларында туризмнің су – спорттық және суға түсу –
жағажайлық түрлерін дамытуға қажетті бірден – бір қолайлы жағдай бар.
Минералды сулар гидрологиялық ресурстардың ішіндегі емдік қасиеті
жөнінен жоғары бағаланады. Бүгінгі күндері елімізде минералды судың 500
–дей көздері табылып, 120 емдік батпақтар табылған.
Ерекше қорғалатын территорияға жататын Солтүстік Қазақстан мен Шығыс
және Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында орналасқан ормандар мен
орманды алқаптар туризмді дамытудағы ерекше аймақтар қатарын құрайды.
Қазақ халқының құс салып, құмай тазымен аң аулау дәстүрлерін, жалпы
арнайы – ғылыми, оқу – танымдық, оқу – ағартушылық, лицензияланған спорттық
– аңшылық түрлерді дамытуда, еліміздегі табиғат саябақтары, қорықтардың
табиғат ескерткіштерінің сондай -ақ мемлекеттік және тіркелген аң аулау
шаруашылықтарының шектеулі болса да өте сирек кездесетін өзіндік ерекшелігі
бар мүмкіндіктерге ие.
Орманды дала және таулы аймақтар жануарлар әлеміне өте бай.
Қазақстандық жануарлар әлемінде сүтқоректілердің 150 түрі, құстардың 485
түрі, балықтардың 150 –дей түрлері кездеседі. Мұның барлығы белгілі бір
дәрежеде аңшылық, балық аулау туризмдерін ғана дамытып қоймай, құландар мен
ақбөкендердің, сирек кездесетін құстардың мекендейтін жерлеріне
зоологиялық, орнетологиялық саяхаттар ұйымдастыруға жол ашады.
Туристік қызметке құнды табиғи – рекреациялық ресурстарды тартуда
кәсіпкерлерден қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалануға
қатысты біліктілікті талап етеді.
Мемлекеттің табиғи – қорықтық қорындағы ерекше қорғалатын аймақтардағы
туристік қызметтің хұқықтық, экономикалық, әлеуметтік ұйымдастырушылық
негіздері Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары”
Заңында қарастырылған.
Туристік бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер өздерінің табиғи
рекреациялық ресурстарды пайдалана отырып жүргізетін қызметін таңдағанда,
осы Заңның 2 бабының 1 тарауында қарастырылған ерекше қорғалатын табиғат
аймақтарын ғылым, мәдениет, білім беру мен ағарту, туризмді дамытуға
қолдануға қатысты принциптерге сүйенуі қажет. Ерекше қорғалатын табиғат
аймақтар (ЕҚТА) арқылы өтетін туристік индустрия мен оның объектілерінің
құрылымын қалыптастыру мәселелері, сондай – ақ ғылыми, мәдени – ағарту,
оқу, туристік рекреациялық қызметтер үшін ғимараттар мен әртүрлі орындарды
жалға беру мемлекет құзырында болатынын үнемі есте ұстау керек. Қорғау
режимі мен пайдалану ерекшелігіне, мақсатына сай Заңда төмендегідей ЕҚТА
түрлері белгіленген. Олар:
- мемлекеттік табиғат саябақтары;
- мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
- мемлекеттік қорықтық аймақтар;
- мемлекеттік табиғат қорықтары;
- мемлекеттік зоологиялық парктер;
- мемлекеттік ботаникалық баулар;
- мемлекеттік дендрология парктер;
- ерекше қорғалатын табиғат аймақтарындағы ормандар;
- мемлекеттік ерекше маңызы бар немесе ерекше ғылыми құндылығы бар
су қорлары;
- халықаралық маңызы бар сулы – батпақты орындар;
- экологиялық, ғылыми, мәдени және басқадай ерекше құнды маңызды
бар жер асты байлығы бар алқаптар;
Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары”
туралы Заңында ЕҚТА –ның мемлекеттік табиғи -- қорықтық қорына төмендегідей
объектілер жатқызылады:
- зоологиялық, - сирек кездесетін және бүгіндері тіпті жойылып
кету қаупі бар жануар түрлері, жануардың кәдімгі, сирек
кездесетін, бағалы және өте сирек кездесетін түрлері;
- ботаникалық, - сирек кездесетін және бүгіндері жойылып кету
қаупі бар өсімдік түрлері, өсімдіктердің кәдімгі, сирек

- ормандық, -- ЕҚТА –дағы ормандар, орман шаруашылығын ерекше
үлгілері мен жерді қорғауға қатысты орман өсіру жұмыстары;
- дендрологиялық, - ғылыми, мәдени – тарихи мәні бар, баулық –
саябақтық ерекше үлгісі бар ағаштар мен олардың топтары;
- гидрологиялық, - ерекше мемлекеттік немесе ғылыми маңызы бар су
қоймалары мен суаттар, су қорлары;
- геологиялық, -- экологиялық, ғылыми және басқадай құндылықтарға
ие жер қойнауының геоморфтық, гидрогеологиялық бөліктері;
- топырақтық, -- кәдімгі, әртүрлі топырақтық аймақтарда өте сирек
кездесетін топырақ түрлері;
- ландшафттық, -- кәдімгі және өте сирек кездесетін ландшафттар;
- әлі игерілмеген табиғаттың эталондық бөліктері мен ерекше
рекреациялық мәні бар жер бөліктері.
ЕҚТА статусына ие әрбір табиғат кешенінің 18 бапқа сәйкес паспорты
болуы тиіс. Онда басқадай пунктер мен қатар төмендегідей пунктер болуға
тиіс:
- ЕҚТА –да орналасқан мемлекеттік табиғи - қорықтық қоры
объектілерінің сандық көрсеткішпен көрсетілген тізімі.
- ЕТҚА пайдалану түрлері.
ЕТҚА паспортының бұл пункттері туристік фирмалар мен ұйымдардың
туризмнің инфрақұрылымын дамыту мен туристік объектілер мен маршруттарды
ұйымдастыруға қатысты жұмыстарды бірлесе атқаруда ұйымдық – хұқықтық
мүмкіндіктерді айқындайды.
ЕТҚА арналған осы Заңның 22 бабына сәйкес ерекше қорғаудың хұқықтық
тәртібі немесе шаруашылықтың қызметті реттеу тәртібі енгізілген. Ерекше
қорғаудың хұқықтық тәртібі қорыққа қатысты және сұраныстық режим болып
бөлінеді. Қорықтық тәртіп ЕҚТА –та немесе арнайы бөлінген орындарда кез -
келген шаруашылықтың қызметпен айналысуға, сондай -ақ табиғи тепе –
теңдікті бұзатын кез - келген әрекетке тиым салады. Сұранымдық тәртіп ЕҚТА
немесе арнайы бөлінген орындарда шаруашылықтық қызметті белгілі бір маусым
немесе мерзім аралығында, сол жердегі мемлекеттік табиғи қорықтық қорына
зиянын тигізбеген жағдай жүргізуге рұқсат берумен сипатталады.
Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарындағы шаруашылықтық қызметі реттеу
тәртібі осы аймақтардағы табиғат ресурстарын қандай –да бір шаруашылықтық
мақсатқа пайдалануға тыйым салады.
Ерекше қорғауды аймақтарда азаматтардың, туристердің болуы сол аймақты
қорғау тәртібі мен сол территорияға арналған ережелерге сай
ұйымдастырылады.
Ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аймақтарда мемлекеттік табиғи
– қорықтық қоры объектілеріне кесірін тигізетін қызметтің кез - келген
түрінен қорғау, санитарлық - қорғау және т.б. қорғау зоналары құрылады.
Туристік қызметті ұйымдастыру мен оның мақсатының көпқырлылығына
байланысты ЕҚТА -ны пайдалану мақсаттарына да сәйкестендіріп алу
қажеттілігі туындап отыр. “Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын пайдалану”
жөніндегі VI тарауда: “ЕҚТА тек қана ғылыми, мәдени - ағарту, оқу,
туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылықтық мақсаттарға пайдалануға
болады” - деп атап көрсетілген.
Туризм саласына қатысты ғылыми зерттеулер мен оның инфрақұрылымын
дамыту туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарламаны іске
асыруға қажетті жағдай болып есептеліп, кәсіпкерлер мен шетелдік
инвесторларға практикалық көмек болып саналатыны белгілі. Осы Заңның 29
бабындағы мынадай мақсаттарды: сыртқы ортаны қорғау мен табиғатты тиімді
пайдалану негіздерін жасауда мемлекеттік табиғи - қорықтық қор объектілерін
зерттеуді атап өтуге болар еді.
Қарастырып отырған Заңның 30 -шы бабында ЕҚТА -ны мәдени – ағарту
салаларында төмендегідей мақсатта қолдануға болады деп атап көрсетілген:
- Жаратылыстану -- ғылыми білімдер мен қорықтық жұмыстардың,
қоршаған ортаны қорғау мен табиғи байлықтарды тиімді
пайдаланудағы жетістіктерді насихаттау мақсатында;
- тарихи -- мәдени мұра ретінде объектіні, табиғаттың өсімдіктер
мен жануарлардың жансыз объектілерін көрсетуге;
- табиғат қорғау мекемелерінің қызметімен таңыстыру мақсатында.
Жоғарыда атылынған мақсаттар ұлттық туризмнің ақпараттық базасын
дамытуға және туристік жарнамалық компаниялар, басылымдар мен жеке
бағдарламалар міндеттерінен туындайтын маркетингтік стратегияға сәйкес
келеді.
Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын оқулық мақсатта қолданылуы 31
бапта қарастырылған. Онда:
- оқулық экскурсияның өндірістік практика базасы ретінде;
- ғылыми мамандар дайындауға, қорық ісі жөніндегі, қоршаған ортаны
қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға қатысты
мамандардың білімін жетілдіру мен қайта дайындау пайдалануға
болады делінген.
Бұл мақсаттар оқу - танымдық, оқу – ағарту туризімін, ғылыми туризімді
және туризм индустриясына мамандар даярлау міндеттерін шешуден туындаған.
32 бапта ЕҚТА туристерді табиғаттың және тарихи -мәдени көрікті
орындарымен таныстыруға, тұрғандардың демалысын тиімді өткізуге пайдалануға
болады делінген. Бұл аймақтарда туризмді ұйымдастыру үшін арнайы орындар,
яғни туристік соқпақтар, көру алаңқайлары, дамылдайтын жайлар,
транспорттарға арналған тұрақтар, палаталық лагерьлер, қоғамдық тамақтану
орындары сауда жасау және т.б. мәдени -- тұрмыстық мақсаттағы жабдықталған
орындардың болуы шарт.
Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарыңдағы туристік рекреациялық қызмет
сол жерлердегі қорғау тәртібімен жүргізіліп, ҚР туризм жайындағы заңымен
реттеліп отырады.
Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын шектеулі шаруашылықтың
мақсаттарға пайдалану жөнінде заңның 33 бабында қарастырылған. Бұл бапта
шаруашылық мақсатта пайдалану (оның ішінде туристік шаруашылықты дамыту)
тек қана арнайы бөлінген орындарда ғана жүргізіледі деп атап өтілген.
ЕҚТА мемлекеттік қорықтық қордың обектілерін шектеулі шаруашылықтық
мақсаттарда пайдалану тек қана ‡кіметтің немесе қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі Орталық атқарушы органның рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Белгіленген жағдайда бұл аймақтарда территориялық органдардың рұқсатымен
қорықтың табиғи тепе – теңдігін бұзбайтын дәстүрлі қолөнер мен халықтың
кәсіппен айрылысуға шектеулі түрде рұқсат беріледі. Мұндай берілетін
рұқсаттар туристік шаруашылықтардың ЕҚТА -да белгіленген тәртіп көлемінде
демалу және рекреациялық объектілерді дамытып, жұмыстарын ұйымдастыруға
ықпалын тигізері сөзсіз.
Табиғи - рекреациялық ресурстардың қолдану сипатына қарай, оның
мақсаты мен қорғау тәртібіне орай, Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарына
қатысты Заңда көрсетілгендей туризм мен туристік қызметті ұйымдастыруға
қатысты шектеулі шаруашылықтың жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді немесе
тыйым салып отырады.
Мемлекеттік табиғи -- қорықтың қорларды пайдалануда және Ерекше
қорғалатын табиғат аймақтарында шаруашылықтық қызмет жүргізуге рұқсат
беретін, тыйым салатын шаралардың талдамасы туристік рекреациялық қызметті
ұйымдастыру мен дамытудың төмендегідей ұйымдастыру - құқықтың негізін
айқындауға мүмкіндік береді:
1. Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының жоғарғы категориясына
жататын республикалық дәрежедегі мемлекеттік табиғат қорықтарында
төмендегілерге тиым салынады:
- үйлер мен ғимараттар салуға, жалпы халық пайдаланылатын жолдар
салуға, су құбырлары мен электр бағаналарын жүргізуге және басқа
байланыс жабдықтарын орналастыруға;
- жер үсті немесе жер асты суларын қандайда бір болмасын
шаруашылықтық мақсатта пайдалануға;
- орманды сауықтыру мақсатында және орманды алқаптарды аңшылық
шаруашылық мақсатында пайдалануға;
- аңшылық пен балық аулауға;
- арнайы рұқсатсыз коллекция жинауға табиғи ортадағы жануарлар мен
өсімдіктерд і жоюға негізделген ғылыми зерттеулер жүргізуге;
- арнайы берілген рұқсатсыз азаматтардың рұқсат етілмеген
орындарда жүруіне (VII тарау, 35 боп, 1пункт).
Бұл тиымдық сипаттағы жайға түсініктеме берер болсақ, ЕҚТА -ның мұндай
түріне енетін территорияларда туризм инфрақұрылымы мен туризм индустриясын
дамытуға коммерциялық мақсаттағы туристік – рекреациялық шаруашылықтық
объектілерін салуға тиым салынатындығын байқаймыз.
“Мемлекеттік табиғат қорықтарын мәдени – ағарту емдік және туристік
пайдаланудың ерекшеліктері” деп аталатын 37 бапта төмендегі жайларға рұқсат
беріледі делінген.
- қорықтағы тәртіпті сақтай отырып, арнайы белгіленген орындарда
мәдени – ағарту, емдік және туристік мақсатта іс – шаралар
ұйымдастыруға;
- арнайы жабдықталған туристік соқпақтар арқылы ғылыми – танымдық
туризмді ұйымдастыруға және бұл үшін ЕҚТА –дан тысқары маңайдан
мәдени – тұрмыстық объектілер, яғни туризмнің инфрақұрлымы мен
туризм индустриясының объектілерін салуға;
2. Республикалық дәрежедегі маңызы бар, табиғат қорғау статусына ие
Мемлекеттік ұлтық табиғат саябақтарына төмендегі қызметтерге рұқсат
етіледі:
- қорықтық тәртіп қызметі іске асырылатын аумақта мемлекеттік
табиғат қорықтары белгілеген қызметті жүргізуге;
- Мемлекеттік табиғат қорықтары белгілеген сұраныстың тәртіп
аумағында, мемлекеттік қорықтық қорға қандай да бір залалын
тигізетін қызметпен айналысуға тиым салынады; саябақтың
территориясы мен объектілері ғылыми, оқулық, мәдени – ағарту
мақсаттарына пайдалануға рұқсат етіледі (51 бап, XII тарау).
- ЕҚТА –ның шаруашылықтық қызметті реттеуші режимдегі аймақтарында
немесе арнайы бөлінген орындарда табиғат ресурстары шектеулі
түрде ғана шаруашылықтық мақсаттарда пайдалану қарастырылады (V
тарау. 22 бап. 3 пункт.)
- туристік және рекреациялық қызметті реттеуші аймақтарда,
табиғатты пайдаланудың туризм мен рекреацияға қажетті түрлеріне,
оның ішінде аңшылық пен балық аулауға да рұқсат беріледі ( VIII
тарау. 40 бап. 2 пункт.).
- туристер мен келушілерге қызмет көрсететін аймақтарға ЕҚТА
туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануды “Ерекше
қорғалатын табиғат аймақтары жайлы” Қазақстан Республикасы
Заңының VI тарау, 32 бабындағы 1,2 пунктерге сүйене отырып
жүргізуге болады.
- шектеулі және дәстүрлі шаруашылық қызметімен айналысатын
аймақтарда мемлекеттік қорықтың қор объектілерін пайдалану VI
тарау 33 бабына және VIII тараудың 40 бабының 3 пунктіне сай
пайдалануға рұқсат етіледі.
3. Жергілікті маңызы бар ЕҚТА функциясына атқаратын мемлекеттік ұлттық
саябақтардың территориясыда туристік табиғи – рекреациялық ресурстар,
ерекше қорғалатын табиғат аймағының жұмысының ерекшелігінің жеке даралығын
анықтайтын құқығы бар, мемлекеттік ұлтық табиғи саябақтардың
территориясындағы жағдай мен тәртіпке сай қолданылады, сонымен қатар ол
жергілікті атқарушы органдардың табиғи және әлуметтік экономикалық
факторлар мен тұрғындардың қызығушылығынан туындаған міндеттерін шешу үшін
қабылдаған шешімдерін басшылыққа алады.
4. Қорықтық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жататын
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері мемлекеттік қорықтық қордың жекелеген
объектілері ретінде, оны табиғи жағдайында сақталынуы тиіс. Бұл аймақтарда
мемлекеттік табиғат ескерткіштерін бүлдіретін кез – келген әрекетке рұқсат
етілмейді.
Қорықтық маңызы бар ЕҚТА –тарға арналып бекітілген табиғат
ескерткіштерін пайдалану “Мемлекеттік қорықтардың мәдени – ағарту, оқу және
туристік мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері” атты 37 бапқа сай
жүргізіледі.
5. Қорғаудың дифференциалды режимдегі ЕҚТА жататын мемлекеттік орықтық
аймақ территориясында мемлекеттік табиғи қорық пен мемлекеттік ұлттық
табиғат саябақтарының тіркелген жер учаскілерінде мемлекеттік табиғи қорық
қоры объектілерін сақтауға қатысты, сондай –ақ жергілікті немесе
республикалық маңызы бар ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтап қалу үшін
қорғаудағы ландшафттың табиғи бейнесін, экологиялық жүйесін, ерекше табиғи
ресурстарды сақтау мен қайта өңдеуге қатысты кері әрекеттерге тиым
салынады. Бұл деңгейдегі ЕҚТА –да Қазақстан Республикасының “Ерекше
қорғалатын табиғи аймақтар жайлы” Заңының 28 - 30 баптарына сәйкес, сондай
–ақ қорықтық режимдегі белгіленген учаскілерде шаруашылықтық қызметтің
реттелгені режимдегі көрсетілген мақсаттарды қолдану ерекшеліктерін ескере
отырып жүргізіледі. XI тарау, 47 бап.
6. Шаруашылықтық қызметтің реттелетін тәртібі мен сұраныстың тәртібіне
негізделген ЕҚТА –ғы табиғат ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктеріне
сәйкес бұл аймақтарды ғылыми, мәдени – ағарту, оқу және шектеулі шарушылық
мақсаттарына пайдалануға рұқсат етіледі.
7. Табиғат қорғау, ғылыми зерттеу мекемесі дәрежесі бар қорғаудың
дифференциальдық тәртібіне негізделген, ерекше қорғалатын табиғат аймағына
жататын мемлекеттік зоологиялық парктің жергілікті және республикалық
маңызы бар жануарларды қорғауға және көбеюіне арналған территорияда ғылыми,
мәдени – ағарту оқулық тұрғыдағы туристік қызметті ұйымдастыруға болады. Ал
экспозициялық және қоғамдық аймақтар туристерге жануарлар мен оларды қалай
бағатындығын көрсетуге бағытталған, әкімшілік және шаруашылықтық -
өндірістік аймақтарда туристік ұйым, мекеме, фирмалар мен музей, лекторий,
басылымдар, қосалқы шаруашылық, шеберхана, зоологиялық дүкен және
мемлекеттік зоологиялық парк мекемесінің кәсібіне сай келетін (VIII тарау
53-55 баптар) басқадай объектілердің қызметін ұйымдастыруға болады.
8. Табиғат қорғау, ғылыми зерттеу мекемесі дәрежесі бар, қорғаудың
дифференциальдық тәртібіне негізделген ерекше қорғалатын табиғат аймағына
жататын мемлекеттік ботаникалық бақтың жергілікті және республикалық маңызы
бар өсімдіктерді өсіріп көбейтуге арналған территориясында ғылыми, оқу,
мәдени – ағарту тұрғыдағы туристік қызметті ұйымдастыруға қатысты бөлінген
аймақтарда: экспозициялық – туристерге өсімдіктерді көрсету үшін, ғылыми
құрылған банкілердегі ғылыми деректермен ұйымдастырылған музей,лекторий,
кітапхана және мұражай. Ғылыми және ғылыми – көпшілік басылымдардың
қорымен, қоғамдық – туристерге қызмет көрсетуге; әкімшілік және
шаруашылықтық - өндірістік аймақтарды қосалқы шаруашылық шеберхана
ұйымдастыру, гүл, сәндік өсімдіктер сатуға мамандырылған дүкендер және
мемлекеттік ботаникалық бақ кәсібіне сай келетін (XIV тарау. 56-58 баптар)
басқада объектілердің қызметін ұйымдастыруға болады.
9. Табиғат қорғау мекемесі, статусы бар, қорғаудың дифференциальды
тәртібіне негізделген ерекше қорғалатын табиғат аймағына жататын
мемлекеттік дендрологиялық парктің ағайты – бұталы тұқымдастарды қорғауға
өсіруге арналған территорияларында, мемлекеттік ботаникалық бақтардағыдай
аймақтарға бөлініп және де сол мемлекеттік ботаникалық бақтардағыдай
ғылыми, мәдени – ағарту, оқулық тұрғыдағы туристік қызметті ұйымдастырудағы
жағдайлар ретімен ұйымдастырылады. (XV тарау, 81-90 баптар).
10. Арнайы мақсатта өсірілетін, осыған тән қорғаудың ерекше құқықтық
тәртібімен немесе шаруашылықтық қызметтің реттеулі тәртібімен қорғалған
Ерекше қорғалған табиғат аймағына жататын, экологиялық, ғылыми, мәдени және
шаруашылықтық құндылыққа ие орман территориясында, мемлекеттік табиғат
қорықтары, мемлекеттік ұлттық табиғат парктері, мемлекеттік орман
ескерткіштері, аймақтың ерекше құнды орман алқаптарын, ғылыми маңызы ие
ормандар мен ғылыми, мәдени – ағарту, оқу мақсаттарындағы және шектеулі
шаруашылықтың қызметтің басқада түрлерінде (XVI тарау, 62 - 64 баптар)
қолданылып, қорғауға жататын субалпілік ормандарды қамтитын мемлекеттік
қорықтарда рұқсат етілген қызметтің барлығымен айналысуға болады.
11. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан құнды, немесе
арнайы мақсаттағы су қорларына жататын ерекше құқықтық тәртіпте қорғалатын
шаруашылықтың қызмет тәртібімен реттелетін жергілікті немесе республикалық
ЕҚТА –ға жататын су қорларының территориясында барлық қызмет ішінара
шектеулі немесе тиым салынуы мүмкін, оларды пайдалану арнайы ережелермен
сай белгіленеді (XVII тарау, 65-66 баптар).
12. Мемлекеттік табиғи қорықтардың қармағында орналасқан немесе
халықаралық маңыздылығы жеке ЕҚТА ретінде белгіленген табиғи немесе жасанды
су қоры бар, теңізден бөлініп алынған учаскілерді де қамтитын мол
өсімдіктер өсіп, жануарлар мекендейтін әсіресе суда жүзетін құстардың ұя
салып, жыл мезгілдеріне сай ұшып келіп кететін территорияларда
шаруашылықтың қызметті реттеу тәртібі мен қорғаудың қорықтық тәртібі
белгіленіп, сулы – батпақты жерлердегі суда жүзетін құстардың мекендейтін
әйгілі орындарын қорғау мен қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Әрбір
халықаралық маңызы бар сулы – батпақты орындарды аңшылық және балық аулау
мақсаттағы туризмге пайдалану осы мәселе бойынша жасалынған халықаралық
келісімге сай бекітілген жеке ережелерге сәйкес жүргізіледі. (XVIII тарау,
67-68 баптар).
13. Экологиялық ғылыми, мәдени және басқа ерекше құндылықтарға ие
ерекше қорғалатын табиғат апатына жататын шаруашылықтың қызметі құқықтық
тәртіпке негізделген жер қойнауларына:
- геологиялық объектілер – табиғи және жасанды жер қыртыстары,
тектоникалық құрылымдары, сирек кездесетін тау жыныстары,
минералдар мен метеориттер, өсімдіктер мен жануарлардың қазып
алынған қаңқалары;
- геоморфологиялық объектілер – жер бетінің сатылы рельефі,
жайылмалар, үңгірлер, арналар, сарқырамалар мен туризм және
рекреацияға ерекше көрік беріп тұратын жер беті рельфінің
басқадай формалары;
- гидрогеологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz