Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызметтер нарығының даму деңгейін және туристік әлеуетін талдау
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ: МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ 6
1.1 Қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері, оны қалыптастыру
жағдайлары 6
1.2 Туристік қызмет көрсету нарығының рыноктық экономикадағы рөлі
10
2 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЛ АРЫ
2.1 Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызмет көрсету орындарының
қазіргі жағдайы 14
2.2 ҚР туристік қызмет көрсету нарығын құқықтық-мемлекеттік реттеу
және қолдау жүйесін дамыту 14
3 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ 17
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер
23
26
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында үй шаруашылығы, өндірістік және сауда
фирмалары арасында, түрлі ұйымдар арасында, қызметкерлер мен фирмалар
арасында, соңғысы мен мемлекет арасында әр түрлі экономикалық байланыстар
бар. Мұндайда олардың қозғалыс механизмін білмеу себебінен туындайтын
нарықтық қатынастар дамуының келеңсіз құбылыстары қоғамның ілгерілеуіне
кедергі болатын факторлар қызметін атқарады, осыған байланысты экономикалық
әдебиетте шешімдері шаруашылық механизмін жетілдіруде, оның ішінде, қызмет
көрсету нарығында сервис сапасын көтеруде аса маңызды роль атқаратын тауар-
ақша қатынастары, нарықтық экономиканы дамыту мәселелеріне аса назар
аударылып отыр.
Нарық, нәтижесі тауарлар мен қызмет көрсетудің айналым процестері
болып саналатын алып-сату қатынастарын болжайды. Қазіргі кезеңде мәселе тек
өндіріс туралы ғана болып отырған жоқ, көбіне тауарларды өткізу, сауда
қызмет көрсету сапасы туралы да болып отыр. Фирмалардың тиімділігін көтеру
мәселелерін шешу енді тауарлар айналымы мен қызмет көрсету саласына
аударылып отыр.
Қызмет көрсету нарығы барлық нарықтарға ортақ схема бойынша
қалыптасады. Қызмет көрсету нарығы сол немесе басқа дәрежеде тұрмыстық,
коммуналдық, көліктік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, делдалдық,
ақпараттық және халыққа қызмет көрсету бойынша басқа қызмет түрлерін қамтып
отыр. Қызмет көрсету нарығының дербес бөлігі өндірістік қызметтер, яғни
өндірісте қызмет көрсету бойынша қызмет түрлері қатысады.
Таза нарықтық экономикада мемлекет тарапынан ешқандай жәрдем ақша болмауы
қажет, бірақ тәжірибеде саяси, әлеуметтік сияқты, моральдық жағынан да
оларсыз күн көру мүмкін емес. Әсіресе, сөз білім беру жайлы болса.
Қазіргі заман адамының өмірі, қалай дегенмен де,қызмет көрсетумен
байланысты. Себебі қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те, байланыс
та, банктік бизнес те, көтерме және бөлшек сауда да, көлік тасымалы да,
сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру қызметтері және т.б.
жатады. Қызмет көрсету сапасына мемлекет табысы да, фирма пайдасы да,
қолайлылық, тұтынушылардың қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да байланысты болады.
Мұндағы байланыс тура әрі айқын: өмірді жеңілдетуге арналған сапалы
қызметтерназар аудартады, оларды қолдануға ықыласын тудырады. Бөлшек
саудада біртіндеп туындаған оңтайлы жағдай тұтынушыларға біреуін
екіншісімен салыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ подталкивает
бәсекелестерді әрқашан жақсарып отыратын қызметтерді олардың сапасын
қамтамасыз ете отырып, ұсынуға итермелейді.
Қызмет көрсету саласын дамыту қажеттілігі халықтық тұтыну құрылымында
біршама қайта құруды, қызмет үлесінің едәуір өсуі мен материалдық тұтынудың
меншікті салмағының талап етеді. Қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін
түпкілікті жақсарту, сәйкес кәсіпорындар желісін кеңейту, қызмет көрсету
көлемін арттыру, олардың жаңа түрлері мен формаларын енгізу қажет (бұл
әсіресе туристердің көп мөлшері қатынайтын Алматы облысы үшін аса тиімді).
Америкалық шындықтың негізгі феномендерінің бірі болып қызмет көрсету
саласының аса зор өсімі саналады. Бүгінде оған ауыл шаруашылығында барлық
еңбекпен қамтылғандарды есептемегенде, қалған 73% жұмыс орны келіп отыр.
Салыстырмалы түрде: ГФР-да қызмет көрсету саласында 41% жұмыс орны,
Италияда - 35% жұмыс орны қамтылған. Әл-ауқаттың өсуі, бос уақыттың көбеюі
және техникалық қызмет көрсетуді талап ететін тауарлардың күрделенуі
Америка Құрама Штаттарын экономикалық қызмет көрсететін әлемдегі бірінші
елге айналдырды.
Курстық жұмыстың көкейкестігі қызмет көрсету нарығын дамыту елдің
экономикалық өсімімен тығыз байланыстығында болып отыр. Қызмет көрсету
саласындағы кәсіпорындарды дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу жалпы елдегі
экономикаға оң әсерін тигізеді.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы: дипломдық жоба экономикалық факультет
студенттері үшін негізгі әрі қосымша материал ретінде пайдаланыла алады.
Курстық зерттеудің мақсаты болып Қазақстан экономикасының тұрақты
дамуын қамтамасыз ететін маңызды фактор ретіндегі қызмет көрсету нарығын
теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеу саналады. Қойылған мақсат
келесі мәселелерді шешуге келіп тірелетін дипломдық жұмыстың мазмұнын
анықтады:
- қызмет көрсету нарығының теориялық түсінігі мен болмысын қарастыру;
- Қазақстандағы қызмет көрсету нарығының дамуына талдау жасау;
- шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды
қарастыру;
- қызмет көрсету нарығы кәсіпорындарындағы мәселелерді анықтау және
оларды шешу жолдарын әзірлеу.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Отандық туристік нарықтағы қазіргі
уақыттағы жағдай туризм инфрақұрылымын дамыту, компаниялар қызметінде
маркетинг қағидалары мен әдістерін қолдану, туристік қызметтер
тұтынушыларының мінез-құлқын зерттеу, олардың ерекшеліктерін анықтауды
талап етеді.
Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі
американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д.Аакер, А.Г. Браймер,
Л. Берри, Дж. Боуэн, Ф. Котлер, Р. Оливье, Д. Ратмел, Д. Уокер және т.б.
Бұл саланы дамытуға өз еңбектерімен зор үлесін қосып келе жатқан алыс,
жақын шетелдік ғалымдарға: А.А. Асанова, В.Г. Гуляев, А.М. Голубков, Е.Н.
Ильина, В.А. Квартальнов, В.К. Кораблев және т.б. жатады.
Экономиканың жекелеген салаларында тәжірибеде қызмет көрсетуді қолдану
Ш.Р. Абдильманова, У.Б. Баймуратов, Н.В. Джангарашева, С.Р. Есімжанова,
К.К. Кажымұрат, А.Ш. Нұрсеит, С.Н. Нысанбаев, К.Ә. Сағадиев, Н.Н. Хамитов
сияқты отандық экономист-ғалымдардың еңбектерінде көрініс алған.
Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелері: В.Н.
Вуколов, Ғ.М. Дүйсен, Ж.М. Дюсембекова, С.Р. Ердавлетов, О.Б. Мазбаев, Р.Х.
Раева, О.Ж. Устенова, М.Р. Смыкова, Ө.К. Шеденов сияқты ғалым-
экономистердің еңбектерінде орын алған.
Сөйтсе де, қазіргі уақытта қолда бар туристік ресурстарды тиімді
пайдалану, маркетинг қағидаларын басшылыққа ала отырып бәсекеге қабілетті
қазақстандық туристік өнім әзірлеп нарыққа ұсыну, соның негізінде кіру
туризмінің үлесін жоғарылату мәселелеріне қатысты ғылыми негізделген
зерттеулер әлі де жеткіліксіз деуге болады. Осы мәселелердің толық
зерттелмегендігі курстық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін айқындады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты туристік
қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік тұжырымдалған,
тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Осы мақсатқа
сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
– қызмет көрсетудің теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу;
– Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызметтер нарығының даму деңгейін
және туристік әлеуетін талдау;
– Шығыс Қазақстан облысының туристік қызмет көрсетуіне баға беру;
– облыстағы туристік фирмалар қызметін талдау негізінде олардың
мәселелері мен даму келешегін айқындау;
– туристік қызметті тұтынушылардың мінез-құлқына әсер етуші факторларды
анықтау мақсатында маркетингтік зерттеу жүргізу;
– туристік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы
туристік фирмалар алынды.
Зерттеу пәні – Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызмет көрсету
көрсету процесінде туындайтын экономикалық-ұйымдастырушылық қарым-
қатынастар жиынтығы.
Курстық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және
шетелдік ғалымдардың туризмдегі маркетинг бойынша еңбектері, туризм
мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-құқықтық құжаттар
қарастырылды.
Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің, Шығыс
Қазақстан облыстық статистика департаментінің ресми мәліметтері, туристік
фирмалардың есептік мәліметтері және автор жүргізген маркетингтік зерттеу
нәтижелері ақпараттық база болып табылады.
Курстық зерттеуде талдау, салыстыру, топтастыру, эксперттік, пікір
сұрау, экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ: МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
1.1 Қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері, оны қалыптастыру жағдайлары
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас
Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10%-н туризм
саласындағы кіріс құрайтынын, туризм саласындағы бизнес әлемі барлық
мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз
ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі уақытта Еуропа мен Азиядағы 14
миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап
отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ
елдерінде біздің елімізге қызығушылық байқалатындығын атап өткен. Сонымен
қатар, 2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан
Республикасында туризм сферасынан түскен табыс 74 млрд теңгені құраған.
Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген
аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің
қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық
ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне
алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие
болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері
біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын
қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.
Шығыс Қазақстан облысының бірегей туристік әлеуеті бар. Облыс көптеген
туризм түрлерін, атап айтқанда, спорттық (альпинизм, таулы өзендермен жүзу,
шаңғы спорты), аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру,
этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда
орналасқан. Ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы, Ресей
Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас),
ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы,
бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші
мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы облыстағы
туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады.
Соңғы уақытта Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия, АҚШ сияқты
елдердің туристерінің Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген қызығушылығы
артуда. Сөйтсе де, 2009 жылғы статистикалық деректер бойынша кіру
туризмінің үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 9,5 % төмендеуі байқалады.
Шығыс Қазақстан облысында туристік қызмет көрсетумен айналысатын
фирмалар кіру, шығу, ішкі туризм түрлерімен қатар, виза және басқа да
құжаттарды рәсімдеу, әуе, темір жол көлігіне билеттер сату, жеткізіп беру,
туристерді өз көліктерімен тасымалдау, белсенді туризм түрлерімен
айналысуда қажетті құрал-жабдықтарды жалға беру, сақтандыру, туристерді
орналастыру, брондау, аударма қызметтері және басқа да қызмет түрлерін
ұсынады. Олар өз қызметінде көптеген отандық және шетелдік қоғамдармен,
қорлармен, қауымдастықтармен, мемлекеттік ұйымдармен, туристік фирмалармен
өзара әрекеттесіп отырады. Облысқа келуші туристерге ұсынылатын туристік
өнімдер ішінде экологиялық, танымдық, жағажайлық және белсенді туризм
түрлері басым, туристік фирмалар өз қызметтерін турларды сатудан түскен
табыс көзі арқылы қаржыландырады, туристік фирмаларда жұмыс істейтін
қызметкерлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 2 есеге артқан.
Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі кіру және ішкі туризмін
пайдаланып, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру, халықты
жұмыс орындармен қамтамасыз ету, мемлекеттің және халықтың табыстарын өсіру
болып саналады. Бұл мақсатқа жету үшін туризм саласында маркетингтің
әдістері мен тәсілдерін қолдану қажеттілігі туып отыр. Маркетинг нарықта
болып жатқан үрдістерді жан-жақты ескеріп отыратын, кәсіпорынның іс-
әрекетін басқару және ұйымдастыру жүйесі, өндірісті, жалпы қоғамды дамытушы
құрал ретінде танымал. Туристік салада маркетингтік технологияларды қолдану
оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуына, ол саланы ойдағыдай дамытуға
әсерін тигізеді.
Бірақ, Шығыс Қазақстан аймағында әрекет етуші туристік фирмалар
қызметінде қызмет көрсетуді жетілдіру халықаралық деңгейден едәуір артта
қалуда. Демек, маркетингтің ол саланың дамуына тигізетін ықпалы нашар. Оның
бірқатар объективті және субъективті себептері ойдағыдай зерттелмей келеді.
Аймақтың туристік салада маркетингтік технологияларды жеткілікті түрде
қолданылмауының салдарынан Шығыс өңірінің керемет туристік әлеуеті бар
болса да (облыс территориясында 84 демалыс зонасы, 5 демалыс үйлері, 34
емдік-сауықтыру объектісі, 14 аса қорғауға алынған жерлер, көптеген мәдени-
тарихи объектілер), облыста туризм саласының дамуы кенже қалып, қазіргі
уақытқа дейін әлемдік туристік қауымдастыққа танымал емес. Ол ішкі туристер
үшін де айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Осыған көптеген факторлармен
қатар маркетинг қағидаларын жеткілікті түрде қолданбау да әсерін тигізіп
отыр.
Сонымен қатар қонақүй шаруашылығы, тасымалдау магистралдары және т.б.
осылар сияқты қажетті инфрақұрылымдарсыз туризмді дамыту мүмкін емес. Осы
мәселелердің барлығын кешенді түрде шешу қажет, ал ол көбінесе мемлекеттік
қаражат пен мемлекеттік реттеуге байланысты болып отыр.
Аталған мәселелерді шешуде нарықта әрекет етуші туристік фирмалардағы
қызмет көрсетуді жетілдірудің маңызы өте зор.
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент
Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 Бағдарламасы негізінде халыққа
жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің
мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға
ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ
өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де
кірген.
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі,
өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға
болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және
ол туристік қызмет көрсетуін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар
болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық,
саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты
нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың
табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан
фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап және
оны маркетинг тәжірибесінде қолдану қажет.
Туристік қызмет көрсету сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті негізінде
тұтынушылардың туристік өнімге, қызметке деген қажеттілігінің сапасы,
қалайтын қасиеттері, бәсекелестік артықшылықтары, бағасы бойынша неғұрлым
жақсы қанағаттандыру туризм нарығын дұрыс таңдай білу негізінде өз қызметін
отандық және шетелдік нарық талаптарына сәйкестендіру олардың тұрақты
қызметін қамтамасыз етуге негізделеді. Еліміздегі туризм нарығындағы
маркетинг жүйесін ұтымды ұйымдастыру үшін турфирмаларды әдістемелік,
ұйымдық және тәжірибелік іс-шаралармен қамтамасыз ету қажет.
Туризмдегі маркетингтің мәнін, маңызын, ерекшеліктерін талдай келе оның
мазмұнын бөліп көрсетуге болады (сурет 1).
Сурет 1 – Туризмдегі қызмет көрсетудің мазмұны
Осы орайда, туризмдегі маркетинг – пайда алу мақсатында туристік
өнімді қалыптастыруды, баға белгілеуді, жылжытуды, өткізуді, турларды
ұйымдастыруды басқарудың нарықтағы сұранысқа бейімделген, бәсекелік
артықшылықтарын жоғарылатуға мүмкіндік беретін туристік қызмет әзірлеп,
ұсынуға бағытталған үдеріс.
Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін, онда әрекет етуші туристік
сала кәсіпорындарының қызметін зерттеу облыстың зор мүмкіндіктері бар
екенін, бірақ олардың өз деңгейінде қолданыла алмай отырғандығын көрсетті.
Кесте 1 – Шығыс Қазақстан облысындағы 2005-2009 ж.ж. қызмет көрсетілген
туристер, адам
Көрсеткіш 2005 ж2006 ж2007 ж2008 ж2009 ж2009 ж. 20052009 ж. 2008
ж. ж
салыстыр-ғансалыстыр-ған
да, % да, %
Барлығы 25299 27689 39960 59667 25130 99,3 42,1
Кіру туризмі1395 624 551 1313 1189 85,2 90,5
ТМД елдері 697 454 394 918 944 135,4 102,8
ТМД-дан тыс 698 170 157 395 245 35,1 62,0
Шығу туризмі3089 8155 10162 6340 6232 201,7 98,3
ТМД елдері 136 490 91 133 56 41,2 42,1
ТМД-дан тыс 2953 7665 10071 6207 6176 209,1 99,5
Ішкі туризм 20815 18910 29247 52014 17709 85,1 34,0
Ескертпе: ШҚО Статистика Департаменті мәліметтері негізінде жасалған.
1-кестені талдау облыстағы туристік фирмалар 2009 жылы 25130 туристке
қызмет көрсетіп, 2008 жылға қарағанда туристер саны 57,9% кемісе, 2005
жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7% азайды. Соның ішінде 2009 жылы 2008
жылмен салыстырғанда шығу туризмі 1,7%, ішкі туризм 66% азайған, ал 2005
жылмен салыстырғанда шығу туризмі 2 есеге артып, ішкі туризм 14,9% кеміген.
Кіру туризмі бойынша туристер саны 2009 жылы 1189 мың адамды құрап 2008
жылмен салыстырғанда 10%, 2005 жылмен салыстырғанда 14,8% төмендеген. Оған
жалпы әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыспен қатар автожолдардың
халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, қоғамдық тамақтандыру
объектілерінің, байланыстың және басқа да инфрақұрылымды қамтитын туристік
сервистің бүтіндей жүйесінің жеткіліксіздігі және т.б. факторлар әсер етті.
Туристік қызметтер толық көрсетілетін жолдамалар саны соңғы жылдары
азаюда. Бұл халықтың толық кешенді туризмді сатып алу мүмкіндігінің
төмендігін білдіреді. Ал қызмет көрсетудің жеке түрлері енетін жолдамаларға
сұраныс қарқынды түрде дамуда. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда
осындай жолдамалар екі есе көп сатылған. Туристік фирмалар турөнімнің
қоржынын әзірлеуде осы тенденцияны ескере отырып, бағасы тұтынушылардың
экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін экологиялық, белсенді, танымдық,
емдік немесе жағажайлық турлар әзірлеуі керек.
Туристерді тасымалдау құралдарына тоқталсақ, ішкі туризмде 2008 жылы
2007 жылға қарағанда әуе көлігімен тасымал 156 адамға, теміржолмен қатынау
157 адамға кеміген, ал автобустармен жүру 523 адамға артқан. Туристер
қалааралық автобустармен қатынағанды жөн деп есептеген, сонымен қатар
көліктің бұл түрі бағасы жағынан арзан болып табылады.
2009 жылы қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілеріндегі нөмірлер
саны 4817, соның ішінде люкс дәрежелі 378 орынды құраған, ал 2008 жылы
бұл көрсеткіш 254 орын. Қонақүйдегі нөмірлер саны 2007 жылмен салыстырғанда
1652 өскен. Бес жұлдызды қонақ үйлер жоқ, төрт, үш, екі жұлдызды қонақ
үйлердің саны өте аз. Сондықтан 3,4,5 жұлдызды қонақ үйлер құрылысын қолға
алу қажет.

Шығыс Қазақстанда туристік өнімдер ұсыну қызметімен Экосистем,
Алтайские экспедиции, Эл-тур-Восток, Саяхат-Восток, Рахман
қайнарлары, Көгілдір бұғаз, Геотур, Алтай, Империя туризма,
Зүбәржат Алтай, MARKA-TUR, ВизаИнтур, Алтай Альпілері ЖШС-і және
т.б. туристік фирмалар айналысады.
Аталған кәсіпорындар нарықта кең тараған, тұрақты сұранысқа ие, қол
жетерлік бағадағы турөнім ұсынады.
Экосистем ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары: экологиялық туризм,
хикаялық турларды ұйымдастыру, экологиялық қызметті насихаттау, табиғатты
қорғау, ақпараттық-жарнамалық буклеттер мен Шығыс Қазақстан облысының
табиғаты жайлы видеофильмдер шығару. Ол өз турларын Қазақстандағы және
Еуропадағы агенттер көмегімен сатады.

жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің

ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін
негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет
көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б.
факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани
құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға
қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін
болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы
айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің
экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз
етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып
тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім
өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды
тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы
мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті
меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған
шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты
ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына
баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға
бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық
жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын
жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне
жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін
арттыру болып табылады.
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір
жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде
орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне
лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру,
ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.
Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне
лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну
және өткiзу жөнiндегi қызметi.
Тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша
жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын
құжат.
Туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн
жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа
байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор
қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм
нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар
мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм
нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия
болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында
жүреді.
Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай
ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан
кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.
Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде
беріледі.
Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың
жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат
туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым ( бұдан әрі-
лицензиялық алым) төлейді.
Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай
ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны
қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша
өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта
рәсімдейді.
Лицензия Лицензия туралы Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.
Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және
лицензиардың мөрімен куәландырылады.
Туризмнің ұйымдық нысаны - халықаралық және ішкі туризм.
Халықаралық туризмге:
Келу туризмi - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын
адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты;
Шығу туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Рес-
публикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында
тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты
кіреді.
Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен
талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын
әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен
жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді.
Түркияда туристік компаниялардың персоналды оқыту және әлемдік нарыққа
фирмалық марканы жылжыту шығындары бюджет есебінен қайтарылады. Қазақстанда
кіру туризмін дамыту үшін ҚР-ның шетелдегі елшіліктерінде, ірі әуежайларда
ақпарат орталықтарын құру, отандық туризмді насихаттайтын видеороликтер
шығару керек.
Туристік қызметтер бағасы
Бағалардың өзгеруі туралы ақпараттарды жинау республика астанасында,
Алматы қаласында, барлық облыс орталықтарында және қалалар мен аудан
орталықтарының іріктелген шеңберінде жүзеге асырылады. Сауда және қызмет
көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау сол орында жүзеге
асырылады. Сауда және қызмет көрсету түрлерінің барлық объектілері
іріктеледі, яғни ол зерттеуге ұсынылатын әртүрлі деңгейдегі сауда орындары
мен көпшіліктің сұранысындағы тауарларды (қызметтерді) тұрақты өткізетін
сауда кәсіпорындары үшін қажет.
Бағалар туралы ақпарат жинау тікелей тауарларды (қызметтерді) өткізу
орындарында баға тіркеушілермен жүргізіледі. Зерттеу жүргізілген күні қолма-
қол төленген бағалар, салықтарды қоса, бірақ оларды жеткізу үшін қосымша
алымдарды қоспай тіркеледі. Республика бойынша орташа бағаның деңгейі
жекелеген өңірлердегі баға деңгейінің орташа арифметикалық салмақтағы
шамасымен анықталады.
Үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін біріктіретін
(толық немесе ішінара) және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін,
ең бастысы тұрғын үй мен тамақ өнімдерін бірлесіп тұтынатын адамдардың
шағын тобы. Үй шаруашылығы бір адамнан да тұруы мүмкін.
Тұтыну шығыстары - халықтың тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге
бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі. Бұған тамақ өнімдерін сатып алу,
үйден тыс тамақтану, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік
емес тауарлары мен ақылы қызметтер сатып алу шығыстары кіреді.

қазіргі жағдайы
Рахман қайнарлары 1995 жылдан бастап жұмыс істейтін жетекші туроператор
болып табылады. Биік таулы, табиғаты әсем жерде орналасқандықтан
шипажайдағы санаторлы-курорттық емдеу оның басты қызметі болып табылады.
Сонымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz