РАЗВИТИЕ ТУРИЗМА
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ
Түйін
Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм жетекші және
серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Казіргі уақытта
мемлекеттердің экономикасының дамуындағы, адамдардың сұранымын
қанағаттандырудағы, елдер арасындағы әлеуметтік байланыстарды өзара
байытудағы туризмнің маңызы мен рөлін ескермеу мүмкін емес.
Мақалада Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамытудың
алғышарттары қарастырылған.
Негізгі ұғымдар: халықаралық туризм, ақпараттық жүйелер, брондау,
болжау, экономикалық тиімділік.
РАЗВИТИЕ ТУРИЗМА
Аннотация
В современных условиях развития мировой экономики туристическая
отрасль относится к одной из ведущих и динамично развивающихся отраслей.
На сегодняшний день туризм играет большую роль в развитии экономики
страны, в удовлетворении спроса людей и в развитии социальных связей между
государствами. В данной статье рассматриваются условия развития
туристической отрасли в РК.
DEVELOPMENT OF TOURISM
Summary
In the present conditions of the global economy tourism industry is
one of the leading and fastest growing industries. To date, tourism plays
an important role in the economic development of the country, meeting the
demand of the people and the development of social ties between
nations.This article discusses conditions of the tourism industry in
Kazakhstan.
Бүгінгі күні туризм өркениет дамуының көрсеткіші, қоршаған ортаны тану
тәсілі, мәдени деңгейді жоғарылату және адамдардың денсаулығын қалпына
келтіру әдісі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан – 2050 және Қазақстанның индустриалды-
инновациялық дамуы бағдарламасында ел экономикасын дамыту концепциясы
ретінде туризм мен туризм инфрақұрылымы туризм саласын дамытудың басым
бағыты ретінде қарастырылады. Туристік-рекреацялық және Қазақстанның түрлі
аймақтарының әлеуетін нәтижелі түрде қолданбай туризмдің экономиканың
табысты саласына айналдыру мүмкін емес. Туризм бойынша жобаларды жүзеге
асыру үшін табиғи туристік ресурстардың болуына көңіл бөлу қажет.
Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың көптеген
салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті тиімі бар. Сонымен
қатар, дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың салқынын азайту үшін туризм
бірқатар экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін тигізеді. Бұл
шағын және орта кәсіпкерлік саласында көптеген жұмыс орнын құру, ұлттық
мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің жағымды саяси имиджін құру және т.б.
Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне
жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет, бірақ берілген
инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды
ресурстарды өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже береді.
Аймақтық туризмді дамыту үшін ландшафт пен климат, гидрография,
жануарлар мен өсімдіктер әлемінің және су қоймаларының болуы ескеріледі.
Сонымен қатар мәдени-тарихи құндылықтардың болуы бұл территорияны рекреация
үшін қолдану мүмкіндігі жоғарылайды. Аймақтың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру ресурстарды нәтижелі қолданумен және халықтың тұрмыс жағдайының
жоғарылауымен байланысты. Қазіргі күні туризм – экономиканың ірі секторы
болып табылады, сондықтан дамыған елдер бұл саланы дамыту үшін бар күшін
салуда. Әлемдік экономикада туризм көшбасшы салалар қатарына қосылып
қазіргі күні мұнай өңдеу саласымен бәсекелесіп, экономиканың ірі экспортты
саласына айналды. Сонымен қатар туризмді дамыту үшін экономистердің пікірі
бойынша маркетинг пен менеджментті қоса бірқатар кешенді сұрақтарды шешу
қажет. Дүние жүзінде туризм саласын дамыту үшін мемлекет пен жеке бизнестің
күш салуын қажет етеді [1].
Қазақстанда туризм өндiрiсiнiң дамымай қалуының бiр себебi оның
экономика саласы ретiнде мемлекеттiк деңгейде қарастырылмауы. Туризмдi
аймақтық ұйымдастыру және мемлекеттiк емес туристiк құрылымдарды кешендi
болжауға, ұзақ мерзiмді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының
үлкен бөлiгi жергіліктi бюджетке түсетiндiгiне қарамастан, жергiлiктi
басқару органдарының тарапынан туристiк қызметтi басымдық деп танымауы
саланы дамытуды тежеушi фактор болып табылады.
Әлемдік экономикадағы халықаралық туризмнің үлесі қазіргі таңда
келесідей болып табылады: әлемдік инвестициялардың 7 %-ы; әлемдік тұтыну
шығындарының 14 %-ы; салықтық түсімдердің 5%-ы; Батыс Еуропа, Солтүстік
Америка және Оңтүстік-шығыс азия елдеріндегі әрбір 13-ші жұмыс орны
туристік индустрияға тиесілі. Халықаралық туристік сапарлар шығындарының
бөлінуі тоқталатын болсақ: Еуропалықтар 60 %-ды; Американдықтар 25 %- ды;
Азия құрлығының тұрғындары 14%-ды құрайды. Халықаралық туризмді дамытуға
кері әсер ететін факторлар: халықаралық конфликтілер, әскери іс-әрекеттер,
халықаралық терроризм, қылмыс болып табылады. Аталған факторларға қатысты
талдау жүргізсек, Қазақстанның осы саланы дамытуға барлық мүмкіндіктері бар
екендігін ескеруіміз қажет.

серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік
туристік ұйымның деректері бойынша туризм тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің әлемдік экспортында (7,4 %) тек автомобильдер, химия және отын
өнімдерінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленеді[1,15 б.].
Ал кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина
жасаудан кейінгі үшінші орында.
Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола отырып, туризмнің
жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Мұның негізгі себептеріне
тоқталайық:
- Қонақ үйлер қызметтерінің деңгейі жоғары орналастыру орындарында
тұру бағасы әлемнің жетекші туристік дестинацияларындағы осыған ұқсас қонақ
үйлерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы қалаларындағы 5
жұлдыз санаты бар халықаралық бренд қонақ үйлеріндегі нөмірдің құны
Еуропаға қарағанда 2-3 есе жоғары;
- Басқа орналастыру орындарында – пансионаттарда, туристік базаларда,
кемпингтерде, келушілерге арналған жатақханаларда және басқаларда
көрсетілетін қызметтердің бағалары айтарлықтай төмен;
- Жоғарылатылған бағалар орналастыру орындарының төмен деңгейде
толуына, бәсекелес ортаның жетіспеушілігіне және бизнес-туристерден күшті
тәуелділікке байланысты. Қонақ үйлер қызметтерін қоса алғандағы, ұсынылатын
туристік қызметтер шектеулі сервиспен көрсетіледі және әлсіз реттелген
болып табылады;
- Тұруға және авиабилеттерге жоғары бағалар Қазақстанға тур бағасын
едәуір арттыратынын және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның
бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн [2].
Қазақстандағы ішкі және келу туризміне сұраныстың 2000 жылдан бастап
2007 жыл кезеңінде артуы, экономикалық дағдарысқа байланысты 2008 және 2009
жылдары төмендеуі байқалды. 2010 жылы экономиканың қайта қалпына келуімен
2011 жылы туризмге сұраныс жаңғыртылды және 2012 жылы туристік келу саны
6,3 %-ға және орналасу саны 6,7 %-ға артып, рекордтық деңгейге жетті- 2000
жылғы 43298 келушіден 2012 жылы 3026 227 келушіге дейін артты.
Қазақстан Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб
Әмірліктері, Тайланд Корольдігі сияқты елдерге туристік донор болып қалып
отыр, онда туризм индустриясы қарқынды дамуда, жаңа жұмыс орындары құрылып,
төлем балансының құрылымы жақсаруда және халықтың әл-ауқаты артуда.
Қазақстандық туристердің сыртқа шығу туризміне сұранысы Қазақстандағы
туристік дестинациялар мен орналастыру объектілері үшін бизнес үлесінің
жоғалуын білдіреді. Сондықтан, республикада туризмнің сапалы дамуы арқылы
қазір шетелде демалатын жергілікті туристердің белгілі бір саны туризмге
жұмсалатын шығындарды ел шегінде қалдыра отырып, қазақстандық туристік
дестинацияларды таңдайды деп болжауға болады.
Республикада туризмді жеделдетіп дамытуға қиындық келтіретін негізгі
себептерге мыналар жатады:
- туризм орындарындағы инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның
жеткіліксіз дамуы, туристік объектілерге жетудің қиындығы, туристер
демалатын жерлердегі қызмет көрсету деңгейінің жоғары болмауы, жол бойы
инфрақұрылымы объектілерінің сервис сапасының және санының жеткіліксіздігі;
- туризм саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі – оның ішінде білімнің
академиялық сипаты, білім бағдарламаларының еңбек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz