Қысқа мерзімді активтер
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы ___ ___________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
1. Жалпы ережелер
1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі – Үлгілік
жоспар) Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Үлгілік жоспар
2. Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық
мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы
Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту
тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары
нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін,
екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың
топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.
Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара
кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға
сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып
ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.
3. Үлгілік жоспардың бөлімдері
5. Үлгілік жоспар мынадай бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім – Қысқа мерзімді активтер;
2-бөлім – Ұзақ мерзімді активтер;
3-бөлім – Қысқа мерзімді міндеттемелер;
4-бөлім – Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5-бөлім – Капитал мен резервтер;
6-бөлім – Кірістер;
7-бөлім – Шығыстар;
8-бөлім – Өндірістік есепке алу шоттары.
4. Қысқа мерзімді активтер 1 бөлімінің шоттары
6. Қысқа мерзімді активтер 1бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде
жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.
7. Қысқа мерзімді активтер 1 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
1000 – Ақша қаражаты;
1100 – Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары;
1200 – Қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
1300 – Қорлар;
1400 – Ағымдағы салық активтері;
1500 – Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер;
1600 – Өзге қысқа мерзімді активтер.
8. 1000 Ақша қаражаты кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға
арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 – Кассадағы ақша қаражаты, онда кассадағы ұлттық және шетел
валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 – Жолдағы ақша қаражаты, онда жолдағы ақша қаражатының
қозғалысы есепке алынады;
1030 – Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты, онда ағымдағы
банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының
қозғалысы есепке алынады;
1040 – Карт-шоттардағы ақша қаражаты, онда карт-шоттардағы ұлттық
және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 – Жинақ шоттарындағы қаражаты, онда жинақ шоттарындағы ұлттық

1060 – Өзге ақша қаражаты, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге
ақша қаражаты есепке алынады.
9. 1100 Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары кіші бөлімі қысқа
мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған.

1110 – Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар, онда ұйымдардың мерзімі
бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;
1120 – Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері, онда
бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған
қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы
қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын
портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай
саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің
тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған
ретінде қаралады;
1130 – Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар, онда
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі
басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген
немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді
қаржы активтері есепке алынады;
1140 – Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, онда
мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке
алынады:
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;
өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
саудаға арналған қаржы активтері;
1150 – Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, онда алдыңғы
топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке
алынады.
10. 1200 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек кіші бөлімі қысқа
мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.

1210 – Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі, онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген
қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша
операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1220 – Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, онда
бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген
қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің
бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың
өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1230 – Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі, онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған
активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен
ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және
бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1240 – Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі, онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі
және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық
бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1250 – Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, онда
қызметкерлердің:
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы
төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;
қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық
берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер
келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және
басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа
мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1260 – Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек, онда
ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау
төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
1270 – Алуға қысқа мерзімді сыйақылар, онда мыналар:
акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып
алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген
сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты
операциялар көрсетіледі;
1280 – Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек, онда алдыңғы топтарда
көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша
операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру
ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;
1290 – Күмәнді талаптар бойынша резерв, онда күмәнді талаптар
бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар
көрсетіледі.
11. 1300 Қорлар кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға
арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте
немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе
материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.

1310 – Шикізат және материалдар, онда өндірістік процесте одан әрі
пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық
шикізаттар және материалдар есепке алынады;
1320 – Дайын өнім, онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі
есепке алынады;
1330 – Тауарлар, онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және
қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты
операциялар көрсетіледі;
1340 – Аяқталмаған өндіріс, онда аяқталмаған өндіріс бойынша
шығындар есепке алынады;
1350 – Өзге қорлар, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар
есепке алынады;
1360 – Қорларды есептен шығару бойынша резерв, онда қорлардың құнын
сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және
қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты
операциялар көрсетіледі.
12. 1400 Ағымдағы салық активтері кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу
кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген
сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын
қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.

1410 – Корпорациялық табыс салығы, онда бюджетке артық төленген
корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ
корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
1420 – Қосылған құн салығы, онда есепке алуға жататын, оның ішінде
салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ
бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар
көрсетіледі;
1430 – Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер, онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық
заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.
13. 1500 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер кіші бөлімі егер
олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен
сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ
мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы
жоғары болып табылады.

1510 – Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер, онда сатуға арналған
ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
1520 – Сатуға арналған істен шығатын топтар, онда сатуға арналған
істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс
істейтін зауыт.
14. 1600 Өзге қысқа мерзімді активтер кіші бөлімі алдыңғы кіші
бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға

1610 – Берілген қысқа мерзімді аванстар, онда активтерді жеткізу
негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара
дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі
аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
1620 – Алдағы кезеңдердің шығыстары, онда есепті жылдың ішінде
қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар
(сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және
т.б.) есепке алынады;
1630 – Өзге қысқа мерзімді активтер, онда алдыңғы топтарда
көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке
алынады.
5. Ұзақ мерзімді активтер 2 бөлімінің шоттары
15. Ұзақ мерзімді активтер 2 бөлімінің шоттары, ұйымның ұзақ
мерзімді ретінде топтастырылатын активтерін есепке алуға арналған.
Ұзақ мерзімді активтер 2 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
2000 – Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;
2100 – Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;
2200 – Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар;
2300 – Инвестициялық жылжымайтын мүлік;
2400 – Негізгі құралдар;
2500 – Биологиялық активтер;
2600 – Барлау және бағалау активтері;
2700 – Материалдық емес активтер;
2800 – Кейінге қалдырылған салықтық активтер;
2900 – Өзге ұзақ мерзімді активтер.
16. 2000 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар кіші бөлімі үлестік
қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық
берешекті қоспағанда ұзақ мерзімді активтерді қаржылық инвестициялар есепке
алуға арналған.

2010 – Ұзақ мерзімді берілген қарыздар, онда ұйым бір жылдан асатын
мерзімге берген қарыздар есепке алынады;
2020 – Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар, онда ұйым
берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі
жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе
анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері
есепке алынады;
2030 – Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар, онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке
алынады:
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек,
өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
2040 – Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер, онда алдыңғы топтарда
көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы өзіндік
құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар,
үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын
ұйымдарға берілетін инвестициялар.
17. 2100 Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек кіші бөлімі ұзақ мерзімді
дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.

2110 – Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі,
онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер
үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша
операциялар көрсетіледі;
2120 – Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, онда
сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін
еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың
өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
2130 – Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді
дебиторлық берешегі, онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде
көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп
айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді
дебиторлық берешектері көрсетіледі;
2140 – Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді
дебиторлық берешегі, онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ
мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады;
2150 – Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, онда
қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің
дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ
қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды
(кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу
көрсетіледі;
2160 – Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, онда алдағы
кезеңдер үшін операциялық және қаржылық жалдау бойынша жалдау төлемдерін
жүзеге асыру жөніндегі шығыстар және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді
дебиторлық берешек есепке алынады;
2170 – Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар, онда қаржылық жалдау,
берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік
басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық
берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған
ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
2180 – Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, онда алдыңғы топтарда
көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар
көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру бойынша алынған вексельдер бойынша берешек.
18. 2200 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар кіші
бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды есепке алуға
арналған.
2210 – Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар, онда
үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын қауымдастырылған және тәуелді
ұйымдарға берілетін инвестициялар бойынша операциялар көрсетіледі.
19. 2300 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар кіші бөлімі инвестициялық
жылжымайтын мүлікті есепке алуға арналған.

2320 – Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы, онда
инвестициялық жылжымайтын мүлік амортизациясының сомасы шоғырландырылады.
2330 – Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан шығын -
онда егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікті бастапқы танығаннан кейін
жылжымайтын мүліктің барлық объектілері іс жүзіндегі шығындардан
жинақталған амортизацияны және құнсызданған активтердің жинақталған
шығындарын қоспай өлшенетін іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алудың
моделін таңдаған жағдайда құнсызданудан болған сома шоғырландырылады.
20. 2400 Негізгі құралдар кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке

2410 – Негізгі құралдар;
2420 – Негізгі құралдардың амортизациясы;
2430 – Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар.
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым
өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру
үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап
тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың
түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей
активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:
жер;
жер және ғимараттар;
машина жабдығы;
кемелер;
ұшақтар;
автокөліктік құралдары;
жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;
кеңсе жабдығы.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшеутеуге байланысты
синтетикалық шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық
жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі
жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып
табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 Негізгі
құралдардың амортизациясы шоттар тобы арналған.
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру
үшін 2430 Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар шоттар
тобына арналған.
21. 2500 Биологиялық активтер кіші бөлімі ауыл шаруашылық қызметімен
байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған.

2510 – Өсімдіктер;
2520 – Жануарлар.
22. 2600 Барлау және бағалау активтері кіші бөлімі минералдық
ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ
минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және
коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда
минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстарды есепке

2610 – Барлау және бағалау активтері, онда шығыстарды барлау және
бағалау активтері ретінде танумен байланысты операциялар көрсетіледі.
2620 – Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы, онда барлау
және бағалау активтері амортизациясының сомасы шоғырландырылады.
2630 – Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын
шығындар, онда барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын
шығындар сомасы шоғырландырылады.
23. 2700 Материалдық емес активтер кіші бөлімі материалдық емес
активтерді есепке алуға арналған.

2710 – Гудвилл, онда гудвиллдің болуымен және қозғалысымен
байланысты операциялар көрсетіледі;
2720 – Гудвиллдің құнсыздануы, онда құнсызданудан болуы мүмкін
залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша
гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 – Өзге материалдық емес активтер, онда сипаты және ұйымның
қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:
тауарлық белгілер;
титулдық және баспа құқықтары;
компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру;
лицензиялар мен франшизалар;
өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа
құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;
рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер;
және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.
2740 – Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы, онда
материалдық емес активтердің амортизациясы сомасы шоғырландырылады, бұл
ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес
активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест
жүргізіледі;
2750 – Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын
шығындар, онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын
шығындар сомасы шоғырландырылады.
24. 2800 Кейінге қалдырылған салықтық активтер кіші бөлімі
қалдырылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған.

2810 Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық
активтер, онда мыналарға:
шегерілетін мезгілдік айырмаға,
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге;
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге.
25. 2900 Өзге ұзақ мерзімді активтер кіші бөлімі алдыңғы кіші
бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға

2910 – Берілген ұзақ мерзімді аванстар, онда активтерді беруге
берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін
қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ
мерзімді аванстар есепке алынады;
2920 – Алдағы кезеңдердің шығыстары, онда қазіргі есепті кезеңде
жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке
алынады;
2930 – Аяқталмаған құрылыс, онда аяқталмаған құрылыс бойынша
шығындар есепке алынады, мысалы:
негізгі құралдарды салуға байланысты;
келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын
объектінің құрылысымен байланысты шығындар;
2940 – Өзге ұзақ мерзімді активтер, онда алдыңғы топтарда
көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер 3 бөлімінің шоттары
26. Қысқа мерзімді міндеттемелер 3 бөлімінің шоттары қысқа мерзімді
ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Қысқа мерзімді міндеттемелер 3 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді
қамтиды:
3000 – Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;
3100 – Салықтар бойынша міндеттемелер;
3200 – Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер;
3300 – Қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
3400 – Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері;
3500 – Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер.
27. 3000 Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері кіші бөлімі қысқа
мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға дейінгі мерзіммен
қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есепке алуға арналған.

3010 – Қысқа мерзімді банктік қарыз, онда бір жылға дейінгі
мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
3020 – Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз
банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді
қарыздар, онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз

қарыздар есепке алынады;
3030 – Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа
мерзімді кредиторлық берешек, мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды
тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу
және төлеу бойынша операциялар көрініс табады;
3040 – Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мұнда
ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мысалы қаржылық жал,
қарыздар бойынша міндеттемелер есепке алынады;
3050 – Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері, мұнда алдағы
топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке
алынады.
28. 3100 Салық бойынша міндеттемелер кіші бөлімі ұйымның салық төлеу
жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған.

3110 – Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы, мұнда төлеуге
жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;
3120 – Жеке табыс салығы, мұнда жеке табыс салығын есептеумен және
төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3130 – Қосылған құн салығы, мұнда қосылған құн салығын есептеумен
және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
3140 – Акциздер, мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен
байланысты операциялар көрініс табады;
3150 – Әлеуметтік салық, мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және

3160 – Жер салығы, мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен
байланысты операциялар көрініс табады;
3170 – Көлік құралдары салығы, мұнда көлік құралдарына салық
есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3180 – Мүлік салығы, мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен
байланысты операциялар көрініс табады;
3190 – Өзге салықтар, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге
салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
29. 3200 Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға

3210 – Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер, мұнда әлеуметтік
сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты
операциялар көрініс табады;
3220 – Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер, мұнда зейнетақы
аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс
табады;
3230 – Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер, мұнда
басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер
бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар
көрініс табады;
3240 – Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер, мұнда басқа
ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты
операциялар көрініс табады.
30. 3300 Қысқа мерзімді кредиторлық берешек кіші бөлімі бір жылға
дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.

3310 – Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек, мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе
қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен
пайдаланылған қызметтер үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп
айырысулар жөнінде операциялар және жеткізушілердің мердігерлерге өзге
қысқа мерзімді берешегі көрініс табады;
3320 – Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда
бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған
қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және
еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3330 – Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді
кредиторлық берешек, мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған
активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және
бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және
қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек
көрініс табады;
3340 – Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек, мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына
ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және
филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек көрініс табады;
3350 – Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек, мұнда
қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан
кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс
жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа)
және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
3360 – Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек, мұнда қысқа мерзімді
жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және
жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3370 – Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі, мұнда
ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты
операциялар көрініс табады;
3380 – Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар, алынған қарыздар, берілген
вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары
бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен
байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс
табады;
3390 – Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда алдағы
топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке
алынады.
31. 3400 Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері кіші бөлімі белгісіз
уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған қысқа мерзімді
бағалау міндеттемелерін есептеуге арналған.

3410 – Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер, мұнда бір жылға
дейінгі кепілдік мерзімімен іске асырылған өнімдер және көрсетілген
қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және
қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік
міндеттемелері көрініс табады;
3420 – Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер,
мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті
құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар
бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады;
3430 – Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау
міндеттемелері, мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы
нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ
пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге
сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс
табады;
3440 – Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда шоттардың
алдағы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
есепке алынады.
32. 3500 Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер алдағы кіші бөлімдерде
көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.

3510 – Алынған қысқа мерзімді аванстар, мұнда тауарларды, шикізатты,
материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ
тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу
бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке
алынады;
3520 – Алдағы кезеңдердің кірістері, мұнда ағымдағы айда алынған,
бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрініс
табады;
3530 – Сатуға арналған қатардан шығатын топтың міндеттемелері, онда
сатуға арналған қатардан шығарылатын топтың міндеттемелері көрініс табады;
3540 – Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер, мұнда алдағы топтарды
көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
7. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 4 бөлімінің шоттары
33. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 4 бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді
болып сыныпталатын ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 4 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді
қамтиды:
4000 – Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер;
4100 – Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
4200 – Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері;
4300 – Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер;
4400 – Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер.
34. 4000 Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер кіші бөлімі ұзақ
мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық
міндеттемелерді есепке алуға арналған.

4010 – Ұзақ мерзімді банктік қарыздар, бір жылдан асатын мерзіммен
алынған банктік қарыздар есепке алынады;
4020 – Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз
банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді

4030 – Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер, мұнда алдағы
топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.
35. 4100 Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек кіші бөлімі бір жылдан
асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған.

4110 – Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді
берешек, мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе
қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және
пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп
айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және
жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс
табады;
4120 – Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық
берешек, мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және
пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі
операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
көрініс табады;
4130 – Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ
мерзімді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz