Банктер арасындағы төлемдер


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет

Экономикалық факультет

«Қаржы» кафедрасы

Жанисенов Феликс Маратұлы

Төлем жүйесі және оның қазіргі экономикадағы ролі

Магистрлік диссертация

Мамандық: 6N0509 - «Қаржы»

Астана 2010

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет

«Қорғауға жіберілді»

«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі

э. ғ. к. ., доцент О. В. Лашкарева

«___»2010ж.

Жанисенов Феликс Маратұлы

Төлем жүйесі және оның экономикадағы ролі

Мамандық: 6N0509 - «Қаржы»

Магистрлік диссертация

Ғылыми жетекші: Керімқұлов С. Е.

(күні)

Э. ғ. д., профессор

Рецензент Усенбаев Т. М.

(күні)

э. ғ. к., ҚазЭҚ және ХСУ-нің

«Қаржы» кафедрасының

доценті

Астана 2010

МАЗМҰНЫ

бет

КІРІСПЕ 4

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, АҚША АУДАРУ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ

1. 1 Төлем жүйесі 9

1. 2 Ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асырудың негізгі механизмдері 20

1. 3 Төлем жүйелерін құрудың (құрылысының) халықаралық 27
стандарттары (негізгі принциптері)

1. 4 Төлем жүйелерінің қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі 30
(Австрия, Нидерланды)

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

  1. Қазақстандағы төлем жүйелерінің дамуының қысқаша тарихы 38

2. 2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы 41

2. 3 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінде мониторинг жүргізу 56

  1. Қазақстан Республикасының төлем жүйесін дамыту анализі 58

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ
БОЛАШАҒЫ

3. 1 Ұлттық банкаралық жүйесінің төлем карточкаларының құрылуы 62

3. 2 Қазақстандағы Банкаралық «Kazcard» карточка жүйесінің қызметі 70

3. 3 Евразиялық Экономикалық Қауымдастық елдерінің ортақтөлем 74
жүйесін ұйымдастыру

3. 4 Электрондық ақша ұғымы жəне қызмет атқару модельдерін талдау 78

ҚОРЫТЫНДЫ 88

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ 91

КІРІСПЕ

Қазақстан егемендігін жариялау, елдің экономикасы мен банк жүйесін реформалау сенімділігі, қауіпсіздігі мен тиімділігімен ерекшеленетін, жедел жəне көп тəуекелсіз төлемдер жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйелерін құру қажеттілігін тудырды.

Республиканың тəуелсіздігі жылдары ішінде Ұлттық Банк төлем жүйелерін дамыту жəне жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді. Жүргізілген жұмыстар нəтижелері бойынша қазіргі таңда Қазақстан Республикасының аумағында келесі ұлттық төлем жүйелері жұмыс істейді - операторы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК болып табылатын Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) жəне Банкаралық клиринг жүйесі. Халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшылары (Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Банк) ел аумағында уақтылы төлем жүргізу жəне ақша аударуды қамтамасыз ететін Қазақстанның төлем жүйелерінің жоғары тиімділігі мен сенімділігін атап өткен болатын. Осылайша, Халықаралық валюта қоры кеңесшілерінің бағасы бойынша төлем жүйелері жүйелік тұрғыдан маңызды төлем жүйелері үшін Халықаралық Есептер Банкі бекіткен барлық Негізгі қағидаттарға толық сəйкес келеді.

Зерттеру жұмысының өзектілігі- Бұл ретте ұлттық төлем жүйелерінің сенімділік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі тұрақты түрде алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды ескеру арқылы төлем жүйесінің серверлерін жаңарту бойынша жұмыстар атқаруда, нормативтік құқықтық базаны жетілдіруде.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ел аумағында қауіпсіз жəне үздіксіз төлем жүргізу жəне ақша аударуға бағытталған негізгі функцияларының бірі төлем жүйелерін қадағалау(оверсайт) болып табылады.

Төлем жүйелерін қадағалауға нақты уақыт режимінде төлем жүйелерінің мониторингі, банктерден жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан ақша аудару жəне төлемдер бойынша статистикалық ақпаратты жинау жəне талдау, төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау кіреді. Оверсайт шеңберінде Қазақстанның Ұлттық Банкі төлем жүйелерінің операторын жəне қатысушыларын тексеруді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, қадағалау барысында төлемдер жүзеге асырудың қолма-қол ақшасыз тəсілдерін, оның ішінде инновациялық бөлшек төлем құралдарын дамытуға, тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу барысында оларды кеңінен қолдануға қажетті жағдайлар жасауға айырықша көңіл бөлінеді.

Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі төлем жүйесінің негізгі құрылымдарын талдап - сараптау; төлем жүйесі ұғымының маңызы мен мәнін ашу және еліміздегі болашақта жүзеге асырылатын төлем жүйесінің дамуының жоспарларын анықтау.

Осы үдеуден шығу үшін мынадай мақсаттар қойылады:

  • Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құқықтық аспектілерін анықтау;
  • төлем жүйесін ұйымдастырудағы орталық банктер қызметіне баға беру;
  • төлем жүйесін тәуекелдікпен басқару әдісін қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасында төлемнің пайда болу механизмдерінің мәнін ашу.
  • төлем жүйесі өзіне материалдық және қаржылық активтерді иеленетін экономикалық субъектілерді қабылдай отырып, өз кезегінде міндетті есеп механизмдердің жиынтығын ұсына алады.

Әдетте мұндай міндеттемелер ақша аударылымы есебінен, не қолма-қол қаржы түрінде немесе коммерциялық банктер иелігіндегі депозиттер негізінде жойылады.

Қолма-қол ақшалар еліміздегі әрбір орталық банктер шығаратын бакнноттар мен (заңды төлем құралы) тиындардан тұрады. Депозиттік ақшалар ұғымы әдетте коммерциялық банктердің клиенттері үшін сақталатын (әдетте тек қана ағымдағы), сондай- ақ, орталық банктердегі өзге банктердің сақтаулы ақшалары мен банкаралық есептемелер үшін пайдаланылатын заңды қалдықтармен түсіндіріледі.

Сонымен қатар, экономикалық көзқараспен қарайтын болсақ, егер де әрбір шаруашылық белсенділіктегі тұлға үй көлеміндегі төлем қарыздарына мүмкіндігінше төлей алатын болса, онда бұл тиімсіз деп табылады.

Осы себепке байланысты материалдық өндіріс саласындағы экономикалық агенттер әдетте түсімдер арасындағы шығындар мен уақытша өзгерістер кезінде ақшамен төленетін тұтынысты өтеу үшін несие беретін банктер сияқты несиелік мекемелері ұсынатын төлем қызметін пайдаланады. Банктер өз кезегінде талап еткен функцияларды орындау үшін, олар банкаралық нарық қызметін, ал жекелеген жағдайларда уақытша өзгерістер кезіндегі төлем мен ақша түсірілімдерін есептік операцияларды, олардың өтем ақысын жабу үшін орталық банктердің қысқа мерзімге берілетін қаржысын пайдаланады.

Төлем жүйесінің өзі және оның құралдары шаруашылық субъектілердің маңызды бөлігі болып табылуы керек, ал бұл дегеніміз өз кезегінде төлем жүйесіне деген маңызды принциптік сенімді білдіреді. Төлем жүйесіндегі иеленуші белгілерінің осы немесе өзге де жағымдылығы жүйеге қатысушылар белсенділігінің қаржылық және техникалық аспектілеріне қатысты қандай да бір деңгейдегі сенімі болып табылады.

Өзге де маңызды сәттерге жүйенің табиғатына және оның жұмысына деген келісімпаздық жағынан алғанда пайдаланушының тұтынысын көрсетеді. Төлем жүйесі экономикалық нарыққа қатысатындарға жұмыс тәжірибесімен қоса тәуекелділік факторының құрылысын қамтып көрсете алуы керек.

Нарықтық экономика адамдар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер арасыедағы әртүрлі операциялармен соған сәйкес олардың келісімдерінің күрделі байланысымен сипатталады. Сенімділік пен өз уақытында төлемді өтеу және оны есепке алу “уақыттық бағаға” тән сипаттарға ие бола алатын ақша құндылығымен үлкен маңызға ие бола алады, оған қоса, мақсатсыз немесе күтпеген жерде төлемді анықталмаған деңгейге дейін көтеріліп кетуі соған қатысты кідірістің негізінде төлем өтеле ме жоқ па осы жүйеге қатысушыларды ұстап тұра ала ма, олардың жалпы тәуекелділігін арттыра алуымен байланысты.

Соңғы жылдары төлем жүйесіндегі белсенділікті жобалау, басқару мен бақылауға қатысты мәселелері Еуропа мен Солтүстік Американың, сондай- ақ экономикасы қарқында дамыған елдерінде қызу саяси пікір таласқа айналды. Ерте жоспарлы орталықтандыруды жаңартуға қатысты мәселеге, сонымен бірге социалистік нарықтық экономикадағы Орталық және Шығыс Еуропамен бұрынғы Кеңестер Одағы елдері де көңіл бөлуде. Нарықтық реформаны жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, жекелеген тұлғалар мен фирмалардың қаржысын қауіпсіз және тиімді аударуға деген олардың тұтынысын қанағаттандыратын қолма-қол төлем жүйесі нарықтық экономика даңғылына сәтті өтуге қажетті инфрақұрылыстың маңызды бөлшегі болып табылады.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының төлем жүйесі болып табылады.

Зерттеу пәні болып мемлекеттік төлем жүйесінің қызметі және Қазақстан Республикасының экономикалық өсіміне әсер етуші механизмдер жиынтығы табылады.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі база ретінде отандық және шетелдік жетекші экономистердің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жиынтығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төлем жүйеісі саласындағы, нормативтік - хұқықтық актілері, төлем жүйесіне қатысты семинарлар мен жыл сайын Венада (Австрия) Халықаралық Валюта Қорының ұйымдастыруымен өтетін конференцияның материалдары пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық базасында

Қазақстанда мемлекеттік төлем жүйесі туралы жазған С. Е. Керімқүлов, А. Ә. Ілиясов, С. Құлпыбаев, У. Баймуратов, А. Есентугелов, Ж. Идханов, А. Кошанов, А. Зейнельгабдин, З. Д. Искакова, С. Сатубалдин, Н. Кучукова, В. Мельников, В. Ли, Р. Е. Елемесов, Ж. М. Елубаева, М. Х. Тусеева, Б. Ж. Ермекбаева, К. Окаев және де басқа авторлардың еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері (заңдар, Қазақстан Республикасының Жарлығы және Қазақстанреспубликасы Министірлер кабинетінің ережелері), сондай-ақ «Қазақстанның Бағалы қағаздар Нарығы», «Қазақстан Банкілер», «Экономикалық шолу», «2002-2009 жылдардағы Альпари» журналдарының жарияланымдары қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалылығы мемлекеттің төлем жүйесінің кешенді зерттелуі, тұрақты экномикалық дамуды қамтамасыз ету мен мемлекеттік төлем жүйесінің әрі қарай даму механизмдерін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі мен апробациясы , жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстарын төлем жүйсіндегі мәселелерді шешуде негіз бола алады. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 0, 25 баспа табақ болатын 2 ғылыми мақалалар басылып шықты. Олар: Еуразия гуманитарлық институтының 15 жылдығына арналған «Ғылым және жаңа ұрпақ - 2010» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттер мен магистранттардың XII ғылыми конференциясы, «Жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі басмыдықтары» атты Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми конференция материалдары жинағында жарық көрген.

Зерттеу нәтижесі: тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар жасалған, оның ішінде, маңызды дегендері төмендегілер:

  1. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің теориялық негіздерінің бір жүйеге келтірілуі;
  2. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесіндегі кемшіліктерінің анықталуы;
  3. Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне қатысты проблемалық мәселелерді жетілдіру бойынша жасалған ұсыныстар.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы жалпы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің теориялық сипаттамасы, төлем жүйесінің құрылымы және қызметі, төлем жүйесінің құқықтық негіздері қарасытрылған. Екінші бөлім бойынша Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайын талдау және экономикалық өсу шегіне ықпалын бағалау. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің дамуы және тиімді ұйымдастыру әдістері, тұрақты экономикалық өсу шегі шеңберіндегі проблемалары және оларды шешуге бағытталған іс - шаралар қарастырылды.

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, АҚША АУДАРУ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ

  1. Төлем жүйесінің мәні

Төлем жүйесі экономиканың банк секторы мен қаржы нарығында басты орынды алатындықтан, төлем жүйесінің сенімді және дұрыс жүзеге асырылуы экономикалық процестің қатысушыларының ғана емес, сонымен бірге ресми тұлғалардың, оның ішінде орталық банк өкілдерінің де міндеті. Тұрақты төлем жүйесінің принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің бірден бір жолы - коммерциялық банктерге үнемі бақылау жүргізіп отыру. Бұл процесс барысында орталық банк пен қадағалау функциясы жүктелген басқа да мемлекеттік мекемелер банктер қызметінің қаншалықты тұрақты және сенімді екенін тексереді. Орталық банк коммерциялық банктерді төлем жүйесі ауқымында пайда болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға және бақылап отыруға міндеттейді.

Орталық банктің негізгі рөлі есеп айырысу мекемесінің қызметін ұсыну болып табылады. Орталық банкте ашылған шот бойынша есеп айырысуларды жүргізуге қарағанда коммерциялық банкте ашылған шот бойынша жүргізу жоғары тәуекелділікпен байланысты, себебі банк банкротқа ұшырауы немесе өз міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражаттары жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан банкаралық есеп айырысуларды Орталық Банк арқылы жүзеге асырған жөн.

Кез-келген төлем жүйесі негізгі бес бөліктен құралады:

  • заң шығарушы база.
  • төлем жүйесінің қатысушылары.
  • төлем құралдары (ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру әдістері) .
  • ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері.
  • инфрақұрылым және технология (есептегіш техника мен программалық жабдықтау) .

Заң шығарушы база - кез келген төлем жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі. Төлем жүйесі тұтастай заңдарға, ережелерге және стандарттарға негізделеді және төлем жүйесінің барлық компоненттері заңнамаға сай құралады. Реттеуші заңнамалардағы кез келген өзгерістер төлем жүйесінің басқа да құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Заң шығарушы база төлем жүйесіне қатысушы барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауы тиіс.

Төлем жүйесінің дамуы оның нормативтік базасының үнемі жетіліп, жаңарып отыруын талап етеді.

- төлем жүйесінің қатысушылары (тұтынушылары) .

Ең алдымен төлем жүйесіне қатысушыларды, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтап алу қажет. Әдетте, бұл орталық банктің нормативті - құқықтық актілерінде көрініс табады. Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шарттармен де анықталады.

Төлем жүйесінің қатысушыларын негізінен үш топқа бөлуге болады:

  • Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар - олардың күнделікті қызметі төлем міндеттемелерінің туындауына септігін тигізеді. Оларға банктердің әртүрлі төлем қызметтерін қолданатын жеке тұлғалар және әртүрлі өндірістік кәсіпорындар мен сауда және қызмет көрсету салаларының кәсіпорындары, сондай-ақ әртүрлі делдалдық және диллерлік компаниялар жатады.

Ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем құралдарын қолдану қажет. Төлем құралдарын таңдау бірқатар факторларға байланысты:

  • нақты төлем құралын қолдану құны.
  • ақшаны қолма-қол немесе басқа жолмен беру.
  • төлем сомасының қомақтылығы.
  • нақты төлем құралын қолданудың ыңғайлылығы.

Бір төлемді бірнеше төлем құралының көмегімен жүзеге асыруға болатындықтан, төлем құралын таңдау жоғарыда айтылған жағдайлар мен тұтынушының талғамына байланысты болады. Төлем құралдарын екі топқа бөлуге болады:

  • кредиттік (несиелік) құралдар.
  • дебеттік құралдар.

Несиелік құралға төлем тапсырмасы жатады. Несиелік аударымды жүзеге асыру үшін ақша аударушы тұлға өз банкісіне оның есеп шотынан ақша қаражаттарын алып, оны ақша алушы тұлғаның банкісіне аударуға тапсырма береді. Бұл жағдайда төлем құжаттары мен ақша қаражаттары бір бағытта жүреді.

Дебеттік құралдар несиелік құралдарға қарағанда көп болады (чектер, төлем тапсырмалары, инкассолық жарлықтар т. б. ) Несиелік құралдарды қолдануға қарағанда дебеттік құралдарды қолдану кезінде төлемді жүзеге асыру ақша аударушының бастамасымен жүргізіледі. Бұл жерде ақша алушы оған қызмет ететін банкке ақша төлеушінің шотын дебеттеуге тапсырма береді. Ал ақша төлеуші бұл кезде өзінің банкіне сол тапсырманы, яғни өз есебінен ақша алушының шотына ақша аударуды талап етеді. Бұл жағдайда төлем құжаты мен ақша екі түрлі бағытта жүреді. [3]

Ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру кезінде мына төлем құралдары қолданылды.

  • төлем тапсырма;
  • төлем талап-тапсырмасы;
  • тікелей банктік шотты дебеттеу;
  • инкассалық жарлық;
  • чек;
  • вексель;
  • төлем карточкасы
  • төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының өз банкісіне құжатта көрсетілген соманы өз есеп айырысу шотынан ақшаны алушының есеп айырысу шотына аударуы туралы тапсырмасы. Төлемдік тапсырма бойынша ақша аудару тек ақша аударушының есебінде тапсырмада көрсетілген сомаға жететін ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда несиелік тәуекелге ұрынбау үшін ақша алушының есебіне ақша ақша аударушының есебінен ақша жұмсалғаны туралы құжат болған жағдайда аударылады.
  • төлем талап-тапсырмасы - ақшаны алушының өз банкісіне құжатта көрсетілген соманы ақшаны жіберушінің шотынан алуы туралы талабы. Бұл талап ақша аударушыға қызмет көрсететін банк арқылы ақша алушының акцепті бар болған жағдайға жүзеге асырылады. Ақша аударушының банкісі, егер алдын-ала келісім- шартта бұл жағдай айтылған болса, әр төлем үшін ақша аударушыдан акцепт талап етпесе де болады.
  • банктік шоттың тікелей дебеттелінуі - тұтынушының жүйелі төлемдерін жүзеге асыру үшін қолданылады. Бұл жолмен ақша аудару ақша төлеушінің қызмет көрсетуші банкі оның есебінен ақша жұсалғаны туралы құжат беруіне өз келісім беру арқылы жүзеге асады (мысалы, сақтандыру компаниясы немесе коммуналдық қызмет көрсету компаниясы) .
  • инкассалық жарлық - уәкілеттілігі бар тиісті органдардың ақшаны жіберушінің есеп айырысу шотынан құжатта көрсетілген соманы аударуы туралы жарлығы. Мұндай құжаттарды міндетті түрде ақша не үшін өндірілетіні, яғни себебі және ай заңның қай бабы екені көрсетілуі тиіс.
  • чек - бұл бекітілген түрдегі чекті берушінің өз банкісіне көрсетілген соманы чекті ұстаушыға беруі туралы бұйрығын көрсететін құжат. Чектер дүкендерде көрсетілген қызметтер мен тауарлар үшін төлем ретінде және қолма қол ақша алу үшін де қолданылады. Чектер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Қамтамасыз етілген чектер чек берушінің банкке алдын ала енгізген депозитімен қамтамасыз етіледі. Ал, қамтамасыз етілмеген чектер алдын ала депозиттермен қамтамасыз етілмейді.
  • вексель - біржақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң нысанды төлем құжаты. Вексель тауарды жеткізу туралы келісімдер бойынша төлем мерзімін ұзарту мақсатымен беріледі. Вексельді пайдаланып ақша төлеу өте оңай, вексель ұстаушыға яғни, вексель иесіне тауардың ақшасын келешекте төлеуге міндеттеме алып вексель жазып береді. Вексельде көрсетілген мерзім келген вексель иесі вексель берушіге вексельді төлеу үшін ұсынады. Вексельдерді санауды (есептеу) екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады.
  • төлемдік карточкасы - бөлшек төлемдерді жүзеге асырудың ең қолайлы жолы. Төлем карточкасын чек сияқты сауда орындарында, қызмет көрсетулерге ақша төлеу үшін және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланады.

Төлемдік карточкалары кредиттік және дебеттік болып екіге бөлінеді. Сонымен бірге дебеттік- кредиттік карточкалар да пайдаланылады, олар дебеттік карточканың да, кредиттік карточканың да қызметін қатар атқарады. Кредиттік карточка оның иесіне несиеге берілген сома шегінде ғана төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, несие сомасы нақты бір мерзім өткеннен кейін өтелуі тиіс және берілген несие бойынша кредиттік карточканың иесі сыйақы төлейді.

Ал, кредиттік карточкаға қарағанда дебеттік карточканың иесі тек шотта бар ақша қалдығы шегінде ғана пайдалана алады.

Дебеттік - несиелік карточка осы екі жағдайды да қамтиды. Егер есепте ақша бітсе, банк автоматты түрде оған несие береді.

Соңғы жылдары төлем карточкалары өте көп қолданылып келеді, себебі бұл құралды қолдану өте ыңғайлы және ол бойынша операцияларды жүргізу қауіпсіз. Сонымен бірге төлем карточкасы бөлшек сауда нарығында төлемдерді жүргізуде өте ыңғайлы болып табылады.

Кез-келген төлем карточкасы өзінің шығарған төлем жүйесі шеңберінде ғана қолданылады. Мысалы: VІSA белгісі бар карточка тек VІSA төлем жүйесінде ғана қолданылады.

Сонымен қатар, банк тәжірибесінде магниттік жолақшасы және микропроцессоры бар карточкалар қолданыс тапқан. Қазіргі кезде магнит жолақшасы бар карточкалардан гөрі микропроцессоры бар карточкалар көп қолданылады, себебі бұл сенімді, қауіпсіз және функционалды болып табылады. .

Микропроцессорлы технологиялардың дамуымен дүние жүзінде электронды ақша қолданатын түрлі төлем жүйелері енгізіле бастады.

Электронды ақшалар қолда бар ақша тәріздес. Электронды ақшалар микропроцессорлы карточканың жадысына сақталады. Бұл ақшамен төлемді жүзеге асырғанда төлеушінің электрондық алушының жадысына ақша аударылады. Электрондық карточканы жоғалтқан жағдайда оның иесі карточкадағы ақшаның бәрінен айырылады. Ал дебеттік карточканы жоғалтса, оның ақшасы банкте, оның есебінде сақталады.

Төлем құралдарының тізімі және олардың біреуінің әйгілі болуы әр елдің тарихи және әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Мысалы АҚШ және батыс Европа елдерінде чектер молынан пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкаралық есеп айырысу есебі
Банкте корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру
Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
Төлем жіберуші банк
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
Банкаралық есеп айырысу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Төлем жүйесі (лекциялар жинағы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz