ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1 ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ

1. 1 Тонау қылмысы туралы ұғым

1. 2 Тонау қылмысының объектiсi және объективтiк жағы

1. 3 Тонау қылмысының субъектiсi және субъективтiк жағы

2 ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЖАУАПТЫЛЫҚ

2. 1 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың жалпы түсінігі

2. 2 Тонау қылмысы және ұрлықтан өзгешелiгi

2. 3 Тонау және сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу
немесе ысырап ету үшін қылмыстық жауаптылық

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3

5

5

7

9

13

18

26

28

30

31

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасында ең көп кездесетін қылмыстар қатарына «Меншікке қарсы қылмыстар» жатады. Оның ішіндегі ең қауіптілерінің бірі «тонау» қылмысы болып табылады. Өйткені «тонау» қылмысы өзінің жасалу әдісімен, яғни ашық түрде жасалатындығымен ерекшеленеді [1] .

«Тонау» қылмысын курстық тақырып ретінде зерттеу барысында оның қылмыстық құрамын, саралану ерекшеліктерін, басқа меншікке қарсы қылмыстардан өзгешеліктерін, субьектісінің ерекшеліктерін толық түрде қарастыру қажет [5, 47] .

«Тонау» қылмысы қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі қылмыстар қатарына көрсетілгенімен, оны қылмыстық құқықтың жалпы бөліміндегі көрсетілген негізгі белгілермен, қағидалармен байланыстыра отырып зерттелгені орынды болып табылады, өйткені жалпы бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша ерекше бөлімнің нормаларын қолдану мүмкін емес.

Меншiкке қарсы қылмыстар, оның iшiнде тонау қылмысы, оны өзiне ұқсас басқа қылмыстардан ажыратып дәрежелеу құқық қорғау қызметкерлерiнiң басты мiндетi болып саналады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықтық принципiнiң бiрi жауаптылықтан құтылмайтын принцип. Бұл принцип бойынша әрбiр кез келген адам лауазымдық түрде жауапты болады. Сондай-ақ, осы принциптiң жүзеге асырылуы құқық қорғау және құқық қолдану органдарына мiндет жүктейдi.

Курстық тақырыпты зерттеу барысында тонау қылмысының нақты мазмұнын ашу, оның құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау басты мақсат болып табылады. Сонымен қатар, келтірілген залалдың қауіптілігін, мөлшерін де анықтап, соған сәйкес дәрежелеудің маңыздылығын атап өту қажет. Сонда ғана, бұл қылмыс түрінің құрамына ғылыми анықтама беріледі.

Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Курстық жұмыстың мақсаты - тонау қылмысына қылмыстық құқықтық сипаттама беріп, тонау қылмысы үшін көзделген қылмыстық жауаптылық ерекшеліктерін және осы қылмыстардың алдын алу жолдарын іздестіру. Тақырыпты ашу үшін төмендегідей міндеттер қойылған:

- тонау қылмысының теориялық негіздерін зерттеу;

- тонау қылмысын саралаудың тәжірибесімен танысу;

- тонау қылмысының құрамын қарастыру.

Зерттеу объектісі: тонау қылмысының құрамын анықтау және қылмыстық жауаптылығын анықтау.

Зерттеу пәні: тонау қылмысын саралауды құқықтық реттеу.

Жұмыстың әдістемелік негізін тонау қылмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің анализіне сүйенеді және құқықтық, әлеуметтік тәжірибеге сүйенеді.

Ғылыми тәжірибелік маңызы тонау үшін көзделген жауаптылық жеке дара тақырып ретінде бірінші рет зерттеліп отыр. Тонау қылмысын талдау үшін автормен көптеген жұмыстар жүргізіліп және іс- шаралар ұсынылған, сондықтан бұл тақырыптың тәжірибелік маңызы бар.

Жұмыстың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар, Президенттің Жарлықтары, заңды тәжірибе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі құрайды.

1 ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ

1. 1 Тонау қылмысы туралы ұғым

Меншік кез келген қоғамдағы экономикалық қарым қатынастардың негізі болып табылады. Нарықтық экономика ең әуелі нарықтық құқықтық қарым - қатынастарды, соның ішінде меншіктік қарым-қатынастарды дұрыс реттеуді талап етеді. Сондықтан меншік қатынастарын жаңартуға, соның ішінде жеке мешікті дамытуға бағытталған көптеген заң құжаттары қабылданды. Меншікті реттеу Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алып, еліміздің азаматтық кодексімен, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, тағы басқа заңдармен, нормативтік құқықтық актілермен жалғасын тапқан. Өкінішіке орай, меншікті реттейтін заңдардың арасында өзара қайшылықтары, шешімін таппаған қиындықтары да бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында “Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Конституцияның 26 бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншікте ұстай алады делінген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 235-бабына сәйкес, заңды түрде алған мүлік болып - ол мүлікті дайындаған, жасаған, сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде, мұрагерлікке алу жолымен, иеленген мүлік болып есептеледі [5, 47] .

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағына сәйкес, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Меншік субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi” деп көрсетiлген, яғни ата заңымызда азаматтардан және мемлекеттiк меншiгi қылмыстық кол сұғушылықтан заңмен қорғалатыны анықталған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекiсiнiң 188-бабында меншiк құқығына толық анықтама берілген. Сонымен, меншiк құқығы дегенiмiз - субьектiнi заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiнiң тиесiлi жеке мүлкiн өзiнiң қалауы бойынша иеленуi, пайдалануы және оған билiк ету құқықтары болып табылады. Сонымен қатар осы бапта меншiк иесi өзiнiң қалауы бойынша өз меншiгiндегi затқа байланысты кез-келген әрекеттер жасауға, басқа адамдардың меншiгiне беруге, өз иелiгiнен шығаруға, немесе өзi меншiк иесi бола отырып, басқа адамға иелену, пайдалану және билiк ету өкiлеттiгiн тапсыруға, кепiлге беруге, өзгеше түрде билiк етуге құқылы екендiгi көрсетiлген.

Бөтеннiң меншiгiне қол сұғушылық жасалған сипатына қарай Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық

заңмен және қылмыстық заңдармен қорғалады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңында меншiк иесiне немесе иеленушiге залал келтiре отырып немесе залал келтiру қаупiн туғызу арқылы қасақана немесе абайсызда жасалған iс-әрекет қылмыс болып табылатыны және меншiкке қарсы қылмыс деп аталатыны айқындалған.

Қазақстан Республикасы қылмыс кодексiнде меншiкке қарсы қылмыстардың бiрнеше түрi көрсетiлiп, 6-тарауға ендiрiлген, олар: ұрлық-175 бап, Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету-176 бап, Алаяқтық-177 бап, Тонау-178 бап, Қарақшылық-179 бап, Ерекше құнды заттарды ұрлау-180 бап, Қорқытып алушылық-181 бап, Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру-182 бап, Көрiну қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату-183 бап, Интелектуалдық меншiк құқықтарын бұзу-184 бап, Автомобилüдi немесе өзгеде көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену-185 бап, Жерге заттай құқықтарды бұзу-186 бап, Бөтен адамның мүлкiн қасақана жоþ немесе бүлдiру-187 бап, Бөтен адамның мүлкiн абайсызда жоþ немесе бүлдiру-188 бап.

Бұл қылмыстардың барлығының топтық объектiсi - меншiк, яғни меншiк иесiнiң иелену, пайдалану, оған билiк ету құқығын құрайтын меншiкке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Тонау қылмысы - меншiкке қарсы қылмыстардың қауiптi түрiнiң бiрi болып табылады.

Қазақстан Республикасы қылмыс кодекiсiнiң 178 бабында “Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау” - деп көрсетiлiп, тонау қылмысына анықтамам берiлген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шiлдедегi “Бөтеннiң мүлкiн ұрлауды саралаудың кейбiр мәселелерi туралы” №9 қаулысында “ұрлық деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына қайтарымсыз алып қоþ немесе айналдыру танылады. Бөтен мүлiктi алып қоþ немесе өзгенiң пайдасына айналдыру жасырын, және ашық түрде, алаяқтық және қорқытып алушылық жолымен, иеленiп алу немесе ысырап ету, қызмет бабын пайдалану жолдарымен де жүзеге асырылады” деп көрсетiлген.

Тонау қылмысы белсендi әрекет арқылы жасалынады. Қылмыстың жасалу тәсiлi ашық түрде, яғни мүлiк иесi немесе иеленушi, сондай-ақ басқа адамдар кiнәлiнiң құқыққа қайшы әрекеттер жасап жатқанын сезiнедi, қылмыс жасаушы адам да осы жағдайларды көрiп-бiлiп тұрып, қылмысты әрекетiн жасайды. Кiнәлi адам жасырын түрде ұрлық жасау ниетiнде болып, оны жасау барысында көзге түсiп қалып, қылмысты әрекетiн одан ары жалғастырған жағдайда, жасырын түрдегi ұрлық ашық түрдегi тонауға ұласады. Бұл жерде кiнәлi адам өзiнiң көзге түсiп қалғанын сезiнуi қажет [27, 59] .

Тонау материалдық қылмыс құрамына жатады, яғни бөтеннiң мүлкiн иеленiп, пайдалану, билiк ету мүмкiндiктерi пайда болған жағдайда ғана аяқталған қылмыс болып саналады. Бөтеннiң мүлкiн ашықтан-ашық ұрлауға бағытталған ниет, әрекет, егер ол толық жүзеге аспаса, тонауға оқталу болып табылады.

Тонау қылмысы қасақана тiкелей ниетпен жасалынады және қылмыстық жауапкершiлiкке 14 жасқа толған, есi дұрыс адам тартылады.

1. 2 Тонау қылмысының объектiсi және объективтiк жағы

Әрбiр қылмыс құрамында оның объектiсiн, объективтiк, субъективтiк жақтарын, және субъектiнi бейнелейтiн белгiлерi мiндеттi түрде болады. Қылмыс құрамы ұғымы теорияда нақты қылмыстардың түсiнiгiнен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгiлерi арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгiлерi мен элементтерiн сипаттап көрсетедi. Қылмыстық құқық теориясы әрбiр қылмыста болатын төрт түрлi мiндеттi элементтердi Қылмыстың объектiсiн қылмыстың объективтiк және субъективтiк жақтарын, субъектiсiн атап көрсетедi.

Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгiлердi көрсетедi. Кез келген қылмысты iс-әрекеттiң мәнiн ашу үшiн қылмыстың объектiсiн анықтаудың маңызы ерекше. Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсiнiктерi кеңiнен қолданылады. Осы белгiлерге орай кез келген қылмыстың құрамын осындай төрт түрлi түрлi элементтерге бөлiнедi. Осы элементтердiң әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлiгi болып табылады, сондықтан да осы элементтердiң бiреуiнiң жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негiздiң де жоқ екендiгiн көрсетедi.

Әрбiр iстелген қылмыс белгiлi бiр объектiге қол сұғумен қатар оған белгiлi бiр зиян келтiру қауiпiн туғызады. Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын объектiге қылмыстың қолсұқпауы мүмкiн емес. Сондықтан да қылмысты қол сұғушылықтың объектiсiн дұрыс анықтаудың теориялық, практикалық маңызы ерекше. Қылмытың объектiсiн дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бiр-бiрiнен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседi. Өйткенi қылмыстық-құқық қорғау объектiсiне әрқашан да өзiнiң мәнi мен дәрежесiне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объектi маңызды болса соған сәйкес iстелген қылмыста қауiптi болып саналады, соған орай оны қылмыстық-құқылық қорғауда қатаң түрде жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық объектiсi деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбiр iстелген қылмыс белгiлi бiр жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы объектiсi деп таниды.

Бiрақ жалпы объектiнiң түсiнiгi бiр тектес нақты iс-әрекеттердiң ерекшелiгiн бейнелуде жеткiлiксiз болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық ғылым теориясы қылмысты қол сұғушылықтың топтық және тiкелей объектiлерiн бөлiп, қарастырады.

Топтық объект дегенiмiз - қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын бiртектес немесе ұқсас қоғамдық қатынастардың белгiлi бiр бөлiгi болып табылады. Мысалы, қарақшылық, басқа бiреудiң мүлкiн ұрлау, тонау, оны алаяқтықпен алу, бiр топтық объектiге- басқа бiреуден мүлкiне меншiгiне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмысты қол сұғуды бiлдiредi.

Қылмыстың тiкелей объектiсi деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бiр немесе бiрнеше қылмыстардың тура немесе тiкелей бағытталуын айтамыз. мысалы, ұрлық, тонау, алаяқтық- басқа бiреудiң меншiгiниемдену үшiн жасалады. Бұл қылмыстар бiр-бiрiнен объектiсi бойынша емес қылмыс құрамының бақа белгiсi- қылмыстың объективтiк жағының белгiлерi бойынша ажыратылады. Осы қылмыстардың да тiкелей объектiсi басқа бiреудiң меншiгiнде болып табылады. Тiкелей объектi топтық объектiнiң бiр бөлшегi және ол қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi болып табылады.

Тонау қылмысының топтық объектiсi жалпы меншiк болатын болса тiкелей объектiсi бөтеннiң қол сұғу болып табылады. Сонымен бiрге тонау көп объектiлi қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тiкелей объектiсi болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.

Қылмыстың объективтi жағының негiзгi белгiлерi қоғамға қауiптi iс-әрекет немесе әрекетсiздiк, қауiптi әрекеттен туындайтын қауiптi зардап, қауiптi әрекет (әрекетсiздiк) пен қауiптi зардап арасындағы себептi байланы, уақыт, орын, жағдай, тәсiл болып табылады.

Қылмыстың объектив жағы қылмысты iстеген адамның мiнез-құлқының сыртқы көрiнiсiн бiлдiредi. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес ондай мiнез-құлық бiрiншiден қоғамға, екiншiден қылмытық заңға қайшы болуы керек.

Iс-әрекет кез келген қылмыстың объективтiк жағы қажеттi белгiсi болып табылады. Iс әрекеттiң қауiптiлiгi құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қаупiн туғызу арқылы көрiнедi. Iс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгiнiң дәрежесiнен алдымен келтiрiлген зиянның мөлшерi, қол сұғылатын объектiнiң құндылығы арқылы анықталады.

Қылмыстық заңда көрсетiлген қылмыстардың басым көпшiлiгi әрекет нысанында жасалады. Аздаған қылмыстар ғана әрекетсiздiк нысанында жүзеге асырылады. Ал кейбiр жекеленген қылмыстар белсендi әрекеткүйiнде де немесе әрекетсiздiк күйде де iстелуi мүмкiн. Мысалы: Тонау, қарақшылық тек қана белсендi әрекет арқылы жүзеге асырылады. Дәрiгерлер өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамай, ауру адамға жәрдем бермей, қауiптi зардапқа әкелiп соқтырып әрекетсiздiк, енжарлық жолымен қылмыс жасайды. Кiсi өлiмi белсендi әрекетпен де, кейбiр жағдайларды әрекетсiздiк жолымен де жасалуы мүмкiн [5, 49] .

Қоғамға қауiптi iс-әрекеттер қоғамға зиянды өзгерiстер туғызуға соны болдыру қаупiн туғызады. Қылмыстық зардап бұл қылмыстық заңда көрсетiлген қоғамдық қатынастарға әрекет немесе әрекетсiздiк арқылы келтiрiлген зиян болып табылады. Келтiрiлген залалға қарай қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi анықталады, соған қарай дәрежеленедi. Мысалы, тонау қылмысында өмiрге және денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану, iрi материалдық залал келтiру сияқты зардаптары көрсетiлген. Басқа қылмыстарды ауыр дәрежелi дене жарақатын салу немесе орта және жеңiл дәрежедегi зияндар келтiру т. б. залалдар көрсетiлген.

Қылмыстық құқық принципi бойынша iс-әрекет пен қауiптi зардаптың арасында себептi байланыс болуы тиiс. Себептi байланыс әрекет немесе әрекетсiздiк арқылы iстелетiн қылмыс құрамдарының мiндеттi белгiсi болып табылады және зардапты анықтауда, қылмысты саралауда үлкен маңызды ролü атқарады.

Сонымен қатар қылмыстың объективтiк жағының ôакулüтативтiк белгiлерi, яғни қосымша белгiлер болады, олар уақыты, орны, тәсiлi болуы мүмкiн.

Қылмыстың объективтiк жағының маңызы бiрiншiден, оның белгiлерiн дәлме-дәл анықтау арқылы iстелген қоғамға қауiптi iс-әрекеттi дұрыс саралаудың негiзi болып табылады. Екiншiден, объективтiк жағының белгiлерi арқылы өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бiр-бiрiнен ажыратуға мүмкiндiк туады (Мысалы, ұрлықты тонаулан, алаяқтықты ұрлықтан т. б. ) Осыған байланысты қылмыстың объективтiк жағы қылмыс құрамының iшiндегi ең маңызды элементтерi қатарына жатады.

Тонау қылмысы объективтiк жағынан белсендi әрекет күйiнде бөтеннiң мүлкiн ашықтан ашық тартып алу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтiк жағының ерекшелiгi - қылмыстың iстелу тәсiлiне, кiнәлiнiң бөтеннен мүлкiн ашықтан ашық алуымен ерекшеленедi.

1. 3 Тонау қылмысының субъектiсi және субъективтiк жағы

Жалпы қылмыстың субъектiсi болып қоғамға қауiптi iс-әрекетжасаған және заңға сәйкес сол қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабiлеттi адам танылады. Қылмыстың субъектiсi болып тек қана азаматтар тартылады. Қазақстан Республикасы территориясында қылмыс жасаған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарынан бөлек, азаматтығы жоқтар және шетел азаматтары да Қазақстан Республикасы заңдарымен жауапқа тартылуға тиiс. Қылмыстың субъектiсi болып заңды тұлғаларды тартуға болмайды. (Мекеме, кәсiпорын т. б. ) Бұндай жағдайларда еңбек еңбек қорғау заңдарынан елеулi бұзған жағдайда бұған кiнәлi лауазымды адамдар қылмыс субъектiсi ретiнде жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодекiсiнiң 14- бабында “есi дұрыс, осы Кодекiсте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиiс”- деп көрсетiлген. Осыған сәйкес, қылмыс субъектiсi болып тек қана жеке тұлға - адам ғана саналады. Субъектiнiң бұл негiзгi бiрiншi белгiсi болып табылады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша қылмыстық жауаптылыққа өзiнiң iстеген iс-әрекеттерiне есеп бере алатын, өзiн-өзi басқаруға қабiлеттi адамды, яғни есi дұрыс адамды ғана тарта аламыз. Егер ол адам қоғамға қауiптi iс-әрекет iстеген кезде, өзiнiң iс-әрекетiне есеп бер алмайтын болса, не iстеп не қойғанын бiлмесе, яғни қылмысты есi дұрыс емес күйде жасаған болса, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмауға тиiс. Өйткенi оның iс әрекетiнде қасақаналық немесе абайсыздық кiнәлары жоқ. Қылмыс субъектiсi өзiнiң қоғамға қауiптi iс-әрекеттерiн ұғынып, оның мағынасына жетiп, ақылмен, бiле тұра қасақана немесе абайсызда жасаған жағдайда ғана кiнәлi деп танылуға тиiс.

Қазақстан Республикасы қылмыс кодекiсiнiң 16-бабында есi дұрыс еместiк жайлы толық анықтама берiлген. Онда “осы Кодекiсте көзделген қоғамдық қауiптi әрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған яғни созылмалы псиõикалық ауру, псиõикасының уақытша бұзылуы, кем ақылдығы немесе псиõикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiнде сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес

Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медицина сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн” - деп көрсетiлген.

Қылмыстық құқық ғылыми есi дұрыс еместiктiң ұғымын ашып көрсеткенде екi белгiнi: медициналық (биологиялық) және заңдылық (псиõологиялық) белгiлердi қолданады. Заңдылық белгi бойынша қоғамға қауiптi әрекеттi iстеген адамның өзiнiң iс-әрекеттiне есеп бере алатынын және оның қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алатынын анықтайды.

Медициналық (биологиялық) белгi бойынша қоғамға қауiптi әрекеттi iстеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабiлетсiздiгiнiң себебi анықталады. Тек осы екi белгi бiрдей болған жағдайда ғана адам есi дұрыс емес деп танылуы мүмкiн.

Есiнiң дұрыс болуы қылмыс субъектiсiнiң екiншi негiзгi белгiсi болып табылады.

Жалпы қылмыс субъектiсi болуға қажеттi негiзгi белгiнiң бiрi ол қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа толу.

Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексiнiң 15-бабында қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады деп көрсетiлген. Одан бөлек осы баптың 2-бөлiгiнде он төрт жасқа толған кезде жауапқа тартылатын қылмыстар түрлерi көрсетiлген. Бұл бапта көрсетiлген қылмыстардың тiзбегi тұжырымды. Осы көрсетiлген қылмыстардың қауiптiлiгiн 14 жасқа толған әрбiр адам сезiнедi, өз әрекетiне есеп бередi. Сол себептi заң шығарушы осы қылмыстар үшiн жауаптылықты он төрт жасқа толған кезден бастап белгiлеген.

Тонау қылмысының субъектiсi 14 жасқа толған, есi дұрыс адам болуға тиiс.

14 жастан бастап қылмысты жауапқа тартқан жағдайда оның жас мөлшерi анық, яғни дәл анықталуы тиiс. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдары бойынша белгiлi бiр жасқа толу, оның туған күнiнен кейiнгi тәулiктен басталуы тиiс. Оған мысал ретiнде мына оқиғаны көрсетуге болады:

15 қараша 2002 жылы кәмелетке толмаған, 15 қараша 1988 жылы туылған “Н”, Арыс қаласы темiр жол вокзалында, кәмелетке толмаған 10. IV. 1990 жылғы туылған, Монтайтас станциясының тұрғыны “К”-ға, күш қолданамын деп қорқытып, iшiнде 500 теңгесi бар амиянын ашық түрде тартып алып кеткен. Оның iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасы Қ. К-нiң 178-бабы 1-бөлiгiнде көрсетiлген қылмысты әрекеттердiң белгiлерi бар екендiгi анықталады. Тексеру барысында оның 14 жасқа 16 қараша 2002 жылы толық толатыны анықталып, қылмыстық жауапқа тартылуға жасы толмағанына байланысты, яғни тонау қылмысының субъектiсi бола алмайтыны ескерiлiп, қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНА КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Бір неше рет жасалған қылмысты квалификациялау
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы
Қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану
Қылмыстардың көптігі
Қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы және белгілері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz