Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері


ТОЛЫҚ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.
Жоспар:
Кіріспе. Бухгалтерлік есеп туралы өз ойым.
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
1. 2. Калькуляциялау прициптері, оның объектісі мен тәсілдері.
1. 3. Калькуляция және оның түрлері.
2. 0. Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері.
- калькуляцияның процестік тәсілі.
- калькуляцияның бөлістік тәсілі.
- калькуляцияның тапсырыстық тәсілі.
2. 1. Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау.
2. 2. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау «Директ-ностим» жүйесіндегі есептің ерекшеліктері.
2. 3. Шығындарды және калькуляцияның нақты және жеке нормативтері
3. 0. Түйін.
4. 0. Пайдаланған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Халық шаруашылығының есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайды қоғамның өндіріс процестерінің бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамның өндіріс процесстерінің бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамның өндірістің дамуы жолында қажет.
Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.
Қоғамның даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастыруына талап қойылатын талаптың оны, міндеттерінің артып отыратындығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпын арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырларда жүргізілді деген деректер бар. Ал, біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырларда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеп, салынған үйдің қабырғаларына жазылатын болған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық тізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметтік жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері
Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т. б. ) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.
Калькуляциялаудың міндеті - шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі - калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін кызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.
Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалык өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында - төмен. Сондықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында - төмен.
Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орындау мен орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға жэне т. б. тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы ұйымдастырушы - техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл керсетеді.
Жобалық (проектные) калькуляция - келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.
Шамаланған (провизорная) тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өндіру бойынша есептер негізінде жасалады. Бұл калькуляциялардың мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру қорытындыларын алдын-ала анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау объектісінің өлшеуіші болып саналады, әдетте, өнімнің сәйкес түріне арналған техникалық шарттарда немесе стандарттарда және заттай бейнеленетін өнім өндіру жоспарында кабылданған өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.
Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйымдастыруды сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі. Ұқсас белгілері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.
Заттай (натуральды) бірліктер бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін елшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, погон метр, текше метр, шаршы метр, литр және т. б. ) сәйкес келеді.
Ірілендірілген заттай (натуралды) бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар аяқ киімі, белгілі бір түрдегі шойынның тоннасы, дербестенбеген сыраның гектолитрі, ішкі балықтың центнері, темірбетон бұйымдардың текше метрлері және т. б, ) өнімнің нақты түрлерін кейінгі кальқуляциялау үшін заттай бірліктер (натуралды) қолданылады.
Шартты-заттай бірліктер өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін 100%-тік спирт, құрамында пайдалы заттары бар минералды тыңайтқыштар) .
Құндық бірліктер көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.
Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады (1 нормасағат, 1 нормаауысым) .
Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т. б. шұғылданатын өндірісте қолданылады (тасымалдық тоннакилометр, машинаауысым және т. б. ) .
Техникалық-экономикалық көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы шығындарды салыстыру үшін (трактор өндірісінің шығынын қуаттылық, бірлігіне, пресс өндірісінің шығынын өнімділік бірлігіне есептелу) қолданылады.
Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңдестірген.
Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
• өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
• өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
• шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
• жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
• басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.
Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жөніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқу себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға лайық технологиялық процестерді және т. б. енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін қолданылады.
Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағыны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.
1. 2. Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі.
Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен өзіндік құнның егжей-тегжейлендірген көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады.
Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары 7 "Тауарлық-материалдық қорлар есебі» бухгалтер есеп стандарттарын және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен қатар "Қорлар" ҚЕХС-ын басшылыққа алады. Өндірістік құңды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз колданылуы керек.
Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың бірі-өзіндік құн.
Өнімнің өзіндік құны - оның шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленгең шығындар кәсіпорын өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік кұны өндіріс процесінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі құрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан жиналады.
Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді:
• кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек-жарақтары шығындары (өндірісті дайындау мен игеру шығындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастырумен, тапқырлық және үнемділікпен байланысты шығындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығыстар; кадр жинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты шығыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т. б. ) ;
• өнімді өткізуге: буып-түю, орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға; делдалдық қызметке төлеу, комиссиялық алымдар мен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;
• өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ олардың өнімнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы өндірісті (геология-барлау жұмыстарына, жерді кайта өңдеуге шығындар, тамыр жіберген ағашқа суға төлеу) қамтамасыз ету үшін қажетті.
Сонымен қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ақаудан, жұмыстың өндірісішілік себептерге байланысты тоқтап қалуынан болған шығындар, материалдық құндылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым (сот шешімі негізінде) алуға байланысты еңбекке қабылеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу де кіреді.
Басқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінгі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері (қандай басқару міндеті шешілуіне байланысты) қолданылуы мүмкін.
Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат кажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлері дәстүрлі бөлінуде:
• цехтық - тікелей шығындар мен жалпы өндірістік шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға шыққан цехтың шығындарын сипаттайды;
• өндірістік - цехтық өзіндік кұн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары;
• толық өзіндік құн - коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн. Өндіріс пен де, өнім өткізумен де байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.
Толық өзіндік құнның қалыптасу процесі 7-суретте көрсетілген.
Сатуға өндірілген және дайындалған өнімнің толық өзіндік құнын мынадай формуланы пайдаланып есептеуге болады:
Жұмыс күніне тікелей шығындар + материалдар + косымша
шығыстар = Өндірістік өзіндік құн + Өткізу шығындары + Әкімшілік
шығыстары = рентабельділік % толық өзіндік құны =
Сатылым (келісімшарттық) құны.
Жеке және ортасалық өзіндік құн бөлінеді. Жеке өзіндік құн нақты кәсіпорынның өнім шығару жөніндегі шығындарын; орташа салалық - сала бойынша бұл бұйымды өндіруге шыққан орташа шығындарды сипаттайды.
Жоспарлы және нақты өзіндік құн болады. Жоспарлы өзіндік құнның есебіне ондағы кезең жоспарында қарастырылған өнімді дайындауға кәсіпорынның ең көп шамада мүмкін боларлық шығындар кіреді. Нақты өзіндік құн шыққан өнімге іс жүзінде нақты жұмсалған қаражаттың мөлшерін сипаттайды.
Калькуляциялағанда шығындар есебінің объектілері мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын дұрыс белгілеу маңызды. Кәсіпорын өндіріске кеткен шығындарға аналитикалық есеп ұйымдастыратын объектілер шығын есебінің объектілері болып табылады. Кәсіпорын калькуляциялайтын өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсететін қызметтің түрлері калькуляция объектілері болып шығады.
Шығын есебі объектілері бойынша топтасқан ақпарат басқарма талаптарына сай келуді және бітпеген өндіріс пен дайын өнім арасындағы шығындарды бөлуге және барлық шығарылғандардың да, кейбір өнімдерді де калькуляциялау үшін де негіздеме болып қызмет етуге тиіс.
Калькуляциялау объектісі - белгілі бір құнды жұмыс пен көрсетілетін қызмет, өнім, жартылай өнім, әр түрлі дайындық деңгейіндегі кейбір азық-түлік өнімдерінің түрлері.
Калькуляциялау объектілерінің негізгі номенклатурасын әрбір кәсіпорын өндіріс типін, өнім ассортименті мен күрделілігін, бөлшектер мен тетіктердің бұйымда бірегейлену деңгейі және шығынның қай топқа жататындығын сипаттайтын, басқа да белгілерді есепке ала отырып, жасайды. Көбіне калькуляциялау объектісін шығынды көтерушілер деп атайды.
Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ-энергетико салаларында бітпеген өндіріс болмаса (мысалы, энергетика, мұнай және т. б. ), шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісімен тура келеді.
Бұл жекелеген данамен, шағын сериялармен, жаппай өндірістегі бұйымның кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы тапсырыстарды, тәжірибелік-экспериментальды және біртекті жұмыстарды орындауға қатысты.
Технологиялық процеес сатыларға (бөлістерге) бөлінетін өндірісте мұндай сәйкестік байқалмайды. Мысалы, тоқыма өнеркәсібінде - иіру, тоқу, өндеу - жеке бөлістер шығын есебі объектілеріне, ал дайын өнім, яғни мата-калькуляциялау объектісі болып шығады.
Барлық сомалар үшін өндірістегі тікелей материалдык және еңбек шығындарына ресурстарды қолдану дәрежесін өндірістік процестерді ұйымдастыру мен оларға қызмет етуге шыққан шығыстары, басқару шығындарын шығын есебі объектілері ретінде көрсету ортақ болып табылады.
Басқаша айтсақ, шығын есебі объектілерін таңдау өндіріс технологиясының ерекшеліктеріне, өндірісті ұйымдастыру түріне, кәсіпорынды басқару кұрылымына, шығарылатын өнімнің техникалық параметрлерін, ішкі өзара қарым-қатынастарды және т. б. байланысты. Сипаттау әр түрлі және сондықтан шығын есебі объектілерінің номенклатурасын әрбір кәсіпорын жеке жасайды.
Машина жасау жеңіл өнеркәсіп, қара және түсті металлургия салалары және басқалар өнімнің үлкен номенклатурасымен, бұйымның кейбір бөліктерін бірегейлендірудің едәуір деңгейімен сипатталады. Бұл салалар калькуляциялық объектілерді шығарылатын бұйымдарды біртектілік белгілерімен ірілендіріледі. Технологиясы, конструкциясы бірдейлігімен, біртекті шикізат пен материалдардаң, бірдей жуық деңгейдегі материал сыйымдылығымен және еңбек сыйымдылығымен жасалатын жалпы бөлшектер, тетіктер, жартылай өнімдердін бар болуымен сипатталатын өнім түрлері біртектілер деп саналады. Бұйымдарды бір калькуляциялау объектісіне топтастыру принциптерін сақтау өзіндік кұнды қалыптастыру талаптарына жауап беретін негізгі шарт болып табылады.
Шығын есебі объектілері мен калькуляциялау объектілерін қалыптастырудың жалпы принциптері өндіріске арналған шығын есебі процесі мен калькуляциялау процестерінің бірлігімен негізделген. Жалпы алғанда өндірістік шығындардың басқару есебі жүйесі объектілердің екі басты топтары: бөлімшелер мен өнімдер, бойынша шығындарды бөлуі тиіс.
Калькуляциялау объектілерінің калькуляциялық есеппен және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляциялық объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.
Кез келген кәсіпорында калькуляциялау мынадай принциптерді ескере отырып ұйымдастырылады: шығын есебі объектілерін, калькуляциялау объектілері мен калькуляция бірліктерін белгілеу. Көп жағдайларда шығын объектілері мен калькуляциялау объектілері сәйкес келмейді.
Қосымша шығыстардың бөлу тәсілін таңдау өнім (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бірліктерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін өте маңызды. Оны кәсіпорын дербес жасайды, есеп саясатында жазылады және барлық есепті кезең бойы өзгеріссіз қалады.
Шығындарды кезең бойынша шектеу. Оның мәні операциялардын бухгалтерлік есепте жасалған сәтінде көрсетілуінде және олар ақшалай түсіммен үйлеспейді.
Өнім өндірісіне шыққан ағымдағы шығындар мен күрделі қаржы бойынша жеке-жеке есеп.
Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерін таңдау - өндіріске шыққан шығындардың аналитикалық есебі әдістері калькуляциялық объектілері мен калькуляциялық бірліктерді есептеу амалдары бойынша жинақтау.
1. 3. Өзіндік құнның қажеттілігін анықтайтын факторлардың мәнің қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда ұғымдық түрде анықтап алу керек. Оның үстіне толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялауда шешу көптеген мемлекеттер күш-жігерін біріктіру негізінде мүмкін болатындығын атап өтуге тура келеді. Ал, бұл - әрбір мемлекеттің, олардың экономикалық интеграциясына да жауап беретін орталық басқару органдарының міндеті.
Калькуляциялау - дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтің бір өлшемге есептелінген өзіндік құн болып табылады. Ол кәсіп-орын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға, өнімге жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады. Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады. Халық шаруашылығының түрлі салалаларындағы кәсіпорындарда қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелерге сәйкес белгіленеді.
Калькуляциялауды жасау мерзімі алдын-ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып 2-ге бөлінеді.
Алдын-ала жасалатын калькуляция - өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технолгиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан шерімен бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz