Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері

1. 2 Техникалық аудармаға қойылатын талаптар

1. 3 Техникалық мәтіндердің жіктелуі

2 ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДІ АУДАРУДА КЕЗДЕСЕТІН ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

2. 1 Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын грамматикалық трансформациялар

2. 2 Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексико-грамматикалық трансформациялар

2. 3 Мұнай-газ саласындағы мәтіндердің аудармасына талдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

3

6

6

15

16

20

20

21

25

30

33

Кіріспе

Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.

Адамзат аударма арқылы араласып -құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Аударма теориясының обьектісі - аударма , ал міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру. Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады. Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түіндерге жинақтап көрсетуге болады:

1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру;

2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргіщзіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу;

3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы өнеркәсіп өнімдер көлемінің 40 пайызға жуығын мұнай-газ саласы құрап отыр. Мұнай-газ саласы еліміздің экономикасын дамытуда, оның тұрақты қалыптасуына өз зор ықпалын тигізіп отыр. Осыған орай бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мұнай-газ саласына жаңаша қарауды, оның бағыттарында қол жеткен жаңа табыстарымызды сын көзбен саралай отырып бағалауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибеде жинақталған бай психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.

Сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынаста технологияның дамуы, тілдегі лексикалық қордың өзгеруіне себеп болуы, жаңа терминдердің пайда болуы және олардың басқа шетел тілдерінен мемлекеттік тілімізге аудару мәселесі лингвистер мен аудармашылардың назарын аудармай қоймайды. Осылайша өзім секілді болашақ аудармашыларға маңызды болған арнайы мәтіндер тек ақпарат беру көзі ғана емес, тілдегі сөздік қорын жаңа сөздермен кеңейту болып табылады.

Сол себепті курстық жұмысымның өзектілігі : қазіргі таңда, ғылыми-техниканың дамыған шағында, тәуелсіз мемлекетімізде дамушы салалардың бірі техникалық сала, оның ішінде біздің еліміздің экономикасының дамуына көп үлес қосып отырған мұнай және газ саласы. Сол саланың тілдік ерекшеліктерін терең де жан-жақты зерттеу, және де осы салаға қатысты арнайы ақпараттарды түсіну, техника саласының дамып жетілуіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты елімізде техникалық саланың тек теориялық білімі бар ғана емес, осы салада тәжірибесі бар мамандар қажет. Оның үстіне мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін зерттеу, және аудару барысында аудармалық шеберлікке, білімге ие болу және оларды қолдана білу өте маңызды. Ал біздің бұл курстық жұмыста қарастыратынымыз мұнай және газ саласындағы техникалық мәтіндердің аудару ерекшеліктерін анықтап осы өндірістік саланың дамуына үлесімізді қосу болып отыр.

Зерттеу жаңалығы: Бұл жұмыста біз ең алдымен техникалық мәтіндердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында қарастырылатын келелі мәселелерді қолға алып, олардың ерекшеліктерін және нақты мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндердің аз зерттелгендігін көрсету болды. Аударманың нәтижелілігін кітап, интернет және бұқаралық ақпарат құралдардағы аудармаға қатысты оқу-әдістемелік мағлұмат мен деректер арқылы көрсетуге тырыстым.

Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік тілдегі техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер ерекшеліктерін анықтау.

Міндеті: Техникалық мәтінді аудару барысында түрлі трансформацияларды қолдана отырып мысалдарға талдау жасау; мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде кездесетін мазмұндық құрылымдардың ерекшеліктерін айқындау; техникалық мәтіндерді аудару кезінде кездесетін қиыншылықтарды көрсету және болашақ аудармашылардың біліктілік дағдыларының дамуына көмектесетін жұмысты ұсыну.

Зерттеу құралдары: Курстық жұмыстың қарастыратын мәселесіне байланысты шетелдік және отандық ғалым зерттеушілердің еңбектері, әртүрлі электронды сөздіктер мен әдебиеттер енді.

Зерттеу нысаны: Зерттеу барысында жалпы мәтін түсінігінің сипаттамасы мен түрлері, одан келе техникалық мәтіндердің сипаттамасы, түрлері және оларды аударудағы қойылатын талаптары мен ондағы қолданылатын трансформациялар қарастырылды. Жұмыстың қайнар көзі ретінде техникалық мәтіндер түпнұсқалары қарастырылды. Өкініштісі қазыргі отандық баспада нақты зерттеліп бекітілген техникалық терминдердің қазақ тіліндегі сөздіктер мен әдебиеттердің сирек кездесуі айқын. Осыған орай біз зерттеу жұмыс барысында техникалық мәтіндердің аудару барысының құрамдас бөлігі болып табылатын термин мәселесін назардан тыс қалдырмауға тырыстық, техникалық мәтін, термин және олардың мемлекеттік тілге адекватты түрде берілу мәселесін курстық жұмыста сөз қылғанды жөн көрдік.

Теориялық мәні : Қазақ терминологиясымен техникалық аударманың қалыптасуы үздіксіз үрдіс және терминдердің мемлекеттік тілдегі баламасының жасалуы жан-жақты дамытуды қажет ететін бүгіннің талабы екендігін рас. Сол себепті, біз курстық жұмыста мұнай-газ, кен өндірісіне қатысты әр түрлі мәтіндердің аудару барысын сатылап мысалдар арқылы ерекшеліктерін көрсетуге және нақтылауға тырыстық.

Практикалық мәні : Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары техникалық аударма ісі саласын тану бағытындағы зерттеулерге, жоғары оқу орны нақты аударма мамандығының студенттеріне және басқа да ізденушілерге айқын бағдар болмақ. Зерттеу нәтижелері мен жасалған тұжырымдар аударма саласын жаңа мәліметтермен толықтырады. Оның ішінде нақты мұнай-газ саласына тиесілі мәтіндер мен терминдердің аударма ерекшеліктерінің табиғатын анықтау шеңберін кеңейтіп, айқындай түсуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, аударма табиғаты, оның тілдегі, ғылымдағы, ұлт өміріндегі орны мен маңызы, оған тіл, таным тұрғыларынан қойылар талаптар туралы түсініктерді нақтылауға, тілді орыстану саясаты ықпалымен қалыптасып, бүгінде санаға сіңіп қалған бірқатар келелі мәселелерді қайта қарауға түрткі және шетел сөздерінің мүмкіндігінше қазақша баламасын тауып, сөздік қорымызды байытуға негіз болмақ.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс қысқартулар тізімінен, кіріспе, негізгі бөлім, екі тараудан, ал олар бірнеше тараушалардан, түйіннен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған. Негізгі бөлімде жалпы мәтін түсінігі мен түрлері, оның ішінде техникалық мәтіндер, олардың классификациясы, қолданылатын трансформациялар және нақты мұнай-газ саласындағы мәтіндердің аудару барысы қарастырылды.

1 ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды-стильдік ерекшеліктері

Бөлек функционалды стильдер әдеби тілдің тарихи даму процесінде пайда болады; олар бір-бірінен тілдік қатынастың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тілдік құрал жүйесімен ажыратылады. Әдеби тіл мен функционалды стильдің арасында жалпы және жалқы қатынас бар; әрбір функционалды стильде әдеби тіл нормасының дамуының жалпы бағыттарын көруге болады; әдеби тілдің функционалды стилі әдеби тілдің дамуының әрбір сатысындағы бірлікті қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік процесінде болады.

20 ғ. бағытталған ғылыми техникалық прогресс өмірде қарқынды ақпараттың алмасуы мен басты қызметі когнитивті ақпарат болып табылатын ғылыми техникалық стильдің қалыптасуына түрткі болды. Лингвистикалық зерттеулердің нысаны болып табылатын көркем әдебиет тілінен өзгеше, 20 ғ. Лингвистердің назарларын аударатын ғылыми техникалық басылымдардың қарқынды дамуы байқалды.

Лингвостилистика, лингвистикалық стилистика - сөздің қолданылу заңдылықтары мен тілдің стильдік тармақтарын тіл білімінде зерттейтін саласы. Екінші жағынан, лингвостилистика - көп салалы, көп мағыналы стилистиканың бір саласы. Лингвостилистиканың өз ішіндегі бөліктері хақында әлемдік тіл білімінде әр түрлі қөзқарастар баршылық. Әсіресе, көркем әдебиет тілін бөлек қарастырып, оны лингвостилистика мен әдебиеттану стилистикасының арасындағы сала деушілер де болды (В. В. Виноградов) . Сонымен, бүгінгі таңдағы лингвостилистиканың көпшілік табан тіреген теориялық пікірлеріне сүйенсек, оның басты екі бағытын немесе екі түрін атауға болады. Олар: 1) тіл ресурстарының стилистикасынемесе тіл стилистикасы. Ол өз ішінде тілдің деңгейлеріне байланысты: а) лексикалық стилистика, фразеология стилистика (немесе екеуін қосып лексика-фразеологиялық стилистика деп атаушылық та бар) . Лингвостилистиканың бұл түрі лексикикалық бірліктер мен тұрақты тіркестердің стилистикалық қызметін зерттейді; ә) фонетикалық стилистика. Ол тілдегі дыбыстар жүйесінің қолданылу заңдылықтарын қарастырады; б) морфология стилистикада қосымшалардың ойды дәл және мақсатқа сай беру қатынасына көңіл бөлінеді; в) сөз тіркестері мен сөйлемдердің түрлерінің, олардан да көлемді конструкциялардың (күрделі синтаксистік тұтастық, абзац т. б. ) стилистикалық мақсатта жұмсалуындағы дұрыс немесе бұрыс құрастырылғаны негізгі нысанаға алынады. 2) Функциональдық стилистика немесе қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) . Бұл да өз ішінде бірнеше топқа жіктеледі. Бұл жіктелу функциональдық стильдер жүйесі бойынша жүзеге асады, демек, әдеби тілдегі бес функционапдық стильге бөлінеді: а) ауызекі сөйлеу стилі; ә) ресми стиль; б) ғылыми стиль; в) публицистикалық стиль және г) көркем әдебиет стилі (немесе тілі) . Бұл стильдердің барлығы да өздеріне тән тілдік-коммуникативтік жанрларда қызмет етеді. Бір функциональдық стильдің тілдік элементтері екіншісінде немесе бірнешеуінде бола беруі мүмкін, бірақ әр стильдің өздерін даралайтын лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер бар. Лингвостилистиканың арқауына енетін стильдердің тағы бір түрі - эмоциялық-экспрессивтік стильдер. Көп ретте стильдің бұл түрлері функциональдық стильдердің құрамында қарала береді.

Техникалық әдебиет тілін лингвистика жағынан зерттеулер, техникалық әдебиеттің барлық түрлерінің тілдік қарым-қатынас құралы ретінде маңызды дәрежеге ие екенін, өзіне қатысты ерекшеліктері мен белгілі тілдік құрылымдық стилі бар екенін көрсетеді.

Техникалық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері оның лексикасына, грамматикасына және стилистикалық белгілеріне де қатысты. Бұл жерде ең маңызды мәселе, техникалық әдебиет барлық тілдерге тән болғанымен де, оның ерекшеліктері, тілден тілге сол күйінде берілмейді, әр тілде өзінше аударылады. Бұл өзіндік сандық және сапалық сипатқа ие. Сапалық өзіндік әр тілдегі белгілі қатынас немесе ерекшеліктері ұқсас тілдік құрал арқылы емес, лексикалық құрал грамматикалыққа ауыстырылып берілуіне, ал сандық ерекшелік лексикалық, грамматикалық немесе стилистикалық құралдардың әртүрлі жиілікте қолдануында көрінеді.

Сонымен қатар, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей отырып, жүйелі-адекватты аударма алу үшін берілген тілдің ғылыми техникалық әдебиетін жалпы және арнайы ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Жалпы әр функционалды стильде аударма барысы мен нәтижесіне маңызды әсер беретін кейбір тілдік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалыға Комиссаров В. Н. [8, 56 б] бойынша ғылыми техникалық стильде ғылыми техникалық материалдардың лексико-грамматикалық ерекшеліктері, бірінші орында терминология және арнайы лексика болып табылады. Техникалық стильге қатысты ерекшелік - оның ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң жүйелік, басқы ой мен бөліктерінің арасындағы байланыс), дәлдік және дұрыстық және осы ерекшеліктерден шығатын айқындық пен түсініктілік.

Осы стильге қатысты мәтіндер аз немесе көп дәрежеде ережеге сәйкес ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Бірақ та осы сияқты мәтіндерде, осы сала қарым-қатынасына түрткі болатын, басымырақ қолданысқа ие құралдар бар. Лексика саласында барлығынан бұрын техникалық терминология және арнайы лексиканың қолданылу аясы бірінші орында тұратыны анық.

Қандай да болсын ғылым саласымен байланысты ұғымдар жүйесі - термин проблемасына тоқталатын болсақ: «Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешімді болмайды. Болмайтын себебі: өркендеп алға барған тілдің тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтаса да отырады» - дейді қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі, профессор Қ. Жұбанов. Оның терминге берген анықтамасы: «Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға - ғылым жолы қандай сатыда тұрса, міне осыны теліп отырады, сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы мүмкін».

Жалпы «термин» сөзін латыннан аударғанда «шек», «шекара» деген мағынаны білдіреді. «Термин» атауының өзі жайлы С. Әсілжанов былай дейді: «Соңғы кезде қазақ тілінде термин сөзін «атау», «аталым», «атауыш» деген қазақша балама сөзбен ауыстырып қолдану кездеседі» [9, 357 б] .

«Терминді тұрақтандыру, жаңа терминдерді қабылдау ісіндегі кемшіліктің басы - термин деген ұғымды ғылыми негізде түсінбей, оған жалаң, схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін ең алдымен термин деген сөздің мәнің ұғынуымыз қажет. Онсыз жерде, қазыргі аудармада кездесіп жүрген былықтан құтылу мүмкін емес» - деп 1956 жылы Қазақ әдебиеті газетінің қарашадағы санында жарық көрген филология ғылымдарының кандидаты Ғ. Мұсабаев жазған пікірі болатын [10, 178 б] . Содан бері жарты ғасыр өтсе де, қазақ тілінің өндіріс саласындағы техникалық терминологиясы әлі де ақсап келеді.

Мәтіннің терминдік деңгейде қолданарлықтай, түсініктемесі негізі толығымен қалыптаспаған. Мәтіннің әртүрлі түсініктемесі И. Р. Гальпериннің «Текст как объект лингвистического исследования» атты кітабында және басқа да авторлардың еңбектерінде кездеседі [11, 139 б] .

Ендігі, термин дегеніміз - ғылым немесе техникалық белгілі саласында мамандар пайдаланатын арнайы объекті мен мағынаны білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін айтады. Термин ретінде тек осы стильде қолданылатын сөздерге қоса арнайы мағынаға ие жалпы халықтық сөздер де қолданылуы мүмкін [12, 143б] . Мысалыға: smelter, recycling, galvanizing, die-casting, mining, non-ferrous секілді металлургия саласына қатысты лексикалық бірліктерді техникалық материалдан тыс кездестіру өте қиын. Сонымен қатар, осы мәтіндерде термин ретінде барлығына таныс, жалпы қолданыста болатын industry, market, metal, design engineers, production сөздері де қолданылады.

Терминдер арқылы нақты объектілер мен құбылыстарға нақты және дәл нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың берген ақпаратына бір мағыналы түсініктеме орнатуы керек. Сондықтан да осы типке қатысты сөздерге ерекше талап қойылады. Барлығынан бұрын термин дәл болуы керек, яғни берілген ғылым және техника саласындағы терминнің орнын табатын, қисынды анықтау арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға ие болуы тиіс.

Ағылшын тіліндегі ғылыми техникалық материалдарда грамматикалық ерекшеліктер кездеседі. Әрине «техникалық грамматика» жоқ. Басқа функционалды стильдерге қолданылатын синтаксистік құрылымдар және морфологиялық формалар техникалық мәтіндерде де қолданылады. Дегенмен бұл стильде басқаларға қарағанда грамматикалық өзгерістер көп қолданысқа ие.

Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М. М. Покровский, А. А. Потебня, В. В. Виноградов есімдерімен байланысты. Тіл білімінде семантика теориясының жүйелілік мәселесін зерттеуші Л. А. Новиков өзінің зерттеуінде мағына түрлерінің мынадай жіктемесін ұсынады:

1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның сигнификатқа (ұғымға, мән-мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады) . Ол сөздің толық семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-мағыналық көрінісін айқындайды. Мысалы, аударматану - аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы; жағдаят - сөйлеу әрекеті сәтінде болатын немесе айтылымда сипатталатын шындыққа сай болмыстың құрамдас бөліктерінің жиынтығы; түпнұсқа - аудармадағы бастапқы мәтін (аударма осы мәтіннен жасалады) т. б. ;

2) Құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі) . Бұл мағына семиотика теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе шеңберіндегі таңбаларға деген қатынасы арқылы анықталады. Осы негізде ол өз ішінде синтагматикалық құрылымдық мағына және парадигматикалық құрылымдық мағына түрлеріне бөлінеді:

а) синтагматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-синтагматикалық аспектісі) . Құрылымдық мағынаның бұл түрін валенттілік деп те атайды. Мысалы, аударма тілі, аударма теориясы, аударма процесі, аударма бірлігі, аударма лингвистикасы, аударма нормасы, аударма баламалығының нормасы және т. б.

ә) парадигматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-парадигматикалық аспектісі) . Ол белгілі бір топ құрайтын лексикалық бірліктердің өзара байланысын және қарама-қарсы мағыналарын белгілейді. Мәселен:

аударма

жазбаша аударма

көркем аударма

3) Прагматикалық мағына (лексикалық мағынаның прагматикалық аспектісі) . Мағынаның бұл түрі, негізінен, сөздің эмоционалды және экспрессивті-стилистикалық сипатын көрсетеді. Сондықтан бағалаудың спецификалық тілдік көрінісін белгілейтін лексикалық мағынаның бір түрі болып саналады. Ол аталымның экспрессивті түрінде ғана орын алады;

4) Сигматикалық (заттық, денотативтік, жағдаяттық) мағына (лексикалық мағынаның сигматикалық, заттық, жағдаяттық аспектісі) . Сигматикалық мағынаның атқаратын негізгі қызметі тілдік бірліктердің нақты жұмсалуы мен белгілі коммуникативтік міндетті атқаруымен байланысты.

Сонымен, тіл білімінде «термин-мағына-ұғым» мәселесіне қатысты үш түрлі көзқарас қалыптасты:

1. Терминдердің лексикалық мағынасы бар, бірақ ол сол ұғыммен толық сәйкес келе бермейді (Л. С. Ковтун, Д. Н. Горский, К. Н. Левковская) ;

2. Терминдердің лексикалық мағынасы бар және ол сол ұғымды толық сипаттайды (Е. М. Галкина-Федорук, П. С. Попов, А. Шафф) ;

3. Терминдер - ұғыммен сәйкес келетін лексикалық мағынаға ешбір қатысы жоқ тілдік бірліктер (В. А. Звегинцев, А. А. Реформатский, Л. Н. Капанадзе) .

Сонымен бірге, «Терминнің ерекшелігі оның тұрпат межесінде емес, мазмұн межесінде, яғни, оның мағына сипатында. Ғылыми термин - бұл ғылыми ұғыммен байланысты мағынасы бар тілдік бірлік. Бірақ бұл мағына ғылыми ұғымның тек негізгі және маңызды белгілерін ғана көрсетеді» деген пікірлер бар екені белгілі.

Терминдерді терминологиялық өрістен бөліп қарауға болмайды. Терминологиялық өріс бойынша моносемантикалық термин жасалуы тиіс. Терминдерді талдау барысында ұғымдық өріс ерекшелігіне басты назар аудару қажет. Бұл тілден тыс негіздемесіз терминологиялық өріс қалыптасуы мүмкін емес. Себебі жай лексикалық өрістен терминологиялық өрістің айырмашылығы - оның құрамына жай сөздер емес, арнайы ұғымдарға сәйкес келетін арнайы лексика жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Ғылыми стильді мәтіндерді аудару
АРНАЙЫ МӘТІНДЕРДІҢ ЛИНГВОАУДАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН СИПАТТАУ
БАҚ мәтіндерін классификациялау
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz