Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Экономика және құқық кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Теңіз аумағын халықаралық - құқықтық қорғау
050115 - «Құқық және экономика негіздері»
Орындаған: IV курс студенті Турганова А
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Какенова Э. Т
Арқалық, 2009
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
І Тарау. Каспий теңізі және экологиялық сұраныс: проблемалардың түбегейлі шешімі
1. 1 Каспий теңізінің құқықтық жағдайын анықтаудағы көрші елдердің қимылы . . . 5-9
1. 2 Теңіз экологиясындағы қауіп мәселесі: алдын-алу туралы ынтымақтастық . . . 9-16
ІІ Тарау. Су ресурстарын қорғау мен оларды пайдалану мәселелерін халықаралық - құқықтық реттеу.
2. 1 Су ресурстарын қорғау мен оларды пайдаланудың халықаралық - құқықтық аспектісі . . . 17-28
2. 2 Қазақстан Республикаындағы трансшекаралық өзен сулардың қауіпсіздік саясаты . . . 28-36
ІІІ Тарау. Каспий теңізінің халықаралық - құқытық мәртебесі
3. 1 Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің мәселелері . . . 37-45
3. 2 Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері . . . 46-53
Қорытынды … . . . 54-59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 60-61
Кіріспе
Қазіргі кезеңде әлемдік деңгейде табиғи ресурстарды қорғау және табиғатты пайдалану процесін құқықтық реттеу мәселесіне біршама қызығушылық туындап отыр.
Нарық жағдайындағы шаруашылық қызметтің ауқымы, өнеркәсіп пен аграрлық сектордағы қолданылып жүрген қазіргі заманғы технологиялық процестердің өзіне тән ерекшеліктері қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы шараларды қабылдауды қажет етеді. Соңғы жылдары өмірдің маңызды салаларына қатысты қабылданған нормативтік актілер өз кезінде құқықтық және заңдылық негізде жеткіліксіз зерттелініп, реттелуден тысқары қалып келді [1] . Атап айтсақ, қоршаған ортаны қорғау саласы, соның ішінде су қорлары. Соған орай су қорларын зерттеу дипломдық жұмыстың көкейтестілігін айқындауға негіз болды.
Тақырыптың өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі өмірлік маңызды мәселерді қарастыру арқылы анықталады. Су - жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзі. Сондықтан су ресурстарын адамзаттың дұрыс, әрі талапқа сай пайдалануы арқылы жердегі тіршілікті сақтап қалуға болады. Су ресурстарын қорғау мен оларды пайдалануды халықаралық - құқықтық реттеу, су ресурстарын қорғау мен оларды пайдаланудың халықаралық - құқықтық аспектісі, Қазақстан Республикасындағы су қауыпсіздігінің саясаты дипломдық жұмыста қарастырылатын негізгі мәселелер болып табылады. Жұмыста қарастырылатын сұрақтардың ең негізгісі Каспий теңізінің халықаралық - құқытық мәртебесі, өйткені Каспий теңізі біздің Республикамыз үшін қара алтын - мұнай мен балық шаруашылығының басты қайнар көзі [2] .
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Су ресурстарын халықаралық - құқықтық қорғау жағдайында дүние жүзі елдері жасасқан келісім-шарттар, құжаттар мен негізгі нормативтік-құқықтық актілермен танысып, оларды оқып-білу зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.
Осы мақсат негізінде төмендегідей міндеттер туындайды:
- Халықаралық құқықта су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау саласын халықаралық - құқықтық деңгейде қарастыру;
- Халықаралық құқықта су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау саласында туындағын өзекті проблемалардың теңіз құқығы нормаларының әзірленбеуінен және су ресурстарын шекара арқылы тасмалдау салдарынан болғандығын анықтау;
- Су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғауды халықаралық және ұлттық құқық саласы негізінде жақсартуды айқындау;
- Қазақстан Республикасындағы су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғаудағы қолданыстағы заңдарын сипаттау;
- Халықаралық және отандық заң шығарушылықты су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғаудағы өзара байланыстары мен өзара әрекеттерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының су заңнамасы мен су нормаларын көрші елдермен салыстыру және талдау;
- Су ресурстарын қорғауға қатысты халықаралық нормалар имплементацияларын теориялық тұрғыда заңдылыққа негіздеу;
- Су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау жұмыстарын жақсарту мен күшейтуге бағытталған халықаралық және қолданыстағы заңдарға негізделген ғылыми болжамдарды әзірлеу.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісі халықаралық құқық саласында мемлекеттер арасында су ресурстарын қорғауға негізделген нормативтік құқықтық актілер арқылы баяндалатын құқықтық қатынастардың салалары болып табылады.
Әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып заң ғылымының жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістерімен тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық әдістер табылады.
Теориялық базасы. Ғылыми жұмысты жазуда су ресурстарын қорғау мен пайдалану саласы бойынша халақаралық құқық ғылымы мен айналысатын төмендегі шетелдік, ресейлік және қазақстандық құқықтанушы ғалымдардың еңбектері негізге алынды: П. Уотерс, А. А. Салимгерей, Е. Л. Начаева, Т. Г. Калиниченко, А. А. Мукашева, О. С:Колбасова, М. Генина, В. А. Ушаков, С. В. Молодцов, А. Сабыров, С. С. Жильцов, И. С. Зонн, А. А. Аманова, Т. Т. Сарсембекова, А. Е. Кожаков т. б.
Жұмыстың құқықтық - нормативтік негізін Қазақстан Республикасының су заңнамасы, Біріккен Ұлттар Ұйымында теңіз құқығына арналған 1982 жылғы Конвенциясы, 1972 жылғы теңіздерді қалдықтармен және басқа материалдармен ластау жөніндегі ескерту Конвенциясы, 1973 жылғы теңіздерді ластау жөніндегі ескерту Конвенциясы, 1954 жылғы теңіздерді мұнаймен ластау жөніндегі ескерту Конвенциясы, 1958 жылғы ашық теңіз және құрлықтық шельф (қайраң) жөніндегі Конвенция, 1969 жылғы мұнаймен ластауда зиян келтірудегі азаматтық жауапкершілік жөніндегі Конвенция, РФСР мен Иран арасындағы 1921 жылдың 26 ақпанындағы және СССР мен Иран арсындағы 1940 жылдың 25 наурызындағы келісім-шарттар және т. б. нормативтік-құқықтық құжатар құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың мақсатымен міндеттері оның құрылымын айқындайды. Сонымен, жұмыс үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау. Каспий теңізі және экологиялық сұраныс: проблемалардың түбегейлі шешімі
1. 1 Каспий теңізінің құқықтық жағдайын анықтаудағы көрші елдердің қимылы
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ
Соңғы жылдары таңғажайып табиғи нысан Каспий теңізі төңірегінде туындап отырған проблемалардың ең бастысы - бұл экологиялық хал-ахуалды қалыпты жағдайда сақтау болып табылады.
Еуразияның түйіскен екі бөлігі Еуропа мен Азияның ортасында Каспий теңізі орналасқан. Каспий теңізінің құрлымы S латын қарпіне өте ұқсас. Каспий теңізі солтүстіктен - оңтүстікке дейін 1200 шақырымға, ал батыстан шығысқа дейін 195 тен 435 шақырымға дейін созылып жатыр. Жалпы орташа көлемі 310-320 шақырымды құрайды. Каспий теңізі физикалық - географиялық жағынан 3 бөлікке бөлінеді. Олар Солтүстік Каспий, Орта Каспий және Оңтүстік Каспий. Каспий теңізіне 130 өзен құяды. Каспий теңізіне құятын ең ірі өзендер Еділ, Жайық, Терек және Ембі, олардың жылдық су қорының көемі 90 % құрайды.
Каспий теңізі - таңғажайып су қоры, оның биологиялық байлығы мен ресурстары жөнінде оған әлемде ешқандай теңіз тең келмейді. Каспий теңізі дүниежүзіндегі ең ежелгі мұнай өндіруші орын. Осыдан 150 жыл бұрын алғаш рет мұнай өндіру мен шетелдік инвестиция көздері Әзербайжанда, Апшерон түбегінде басталған болатын. 1924 жылы өндірістік жобасы жасалды. КСРО кезінде Каспий теңізінің саяси жағы бүкіл кеңестік кеңістікті мұнаймен қамтамасыз етудің стратегиялық қоры есебінде қарастырылды. Әсіресе Батыс Сібір аймағына ерекше көңіл аударылды. КСРО күйрегеннен кейін басқаша сипат алды. «Стратегиялық қор » тәуелсіз мемлекеттердің меншігіне көшіп, халықаралық мұнай-газ коорпорациялардың табыс көзінің нысанына айналды. Сонымен қатар бірінші кезектегі басқа да проблемалар пайда болды: Каспий теңізінің мәртебесі, энегрияны тасымалдау маршруттары, аймақтың мұнай-газ ресурстарының инсвестициялық жобасы және экологиялық проблемасы.
Бұл аймақ қандай аймақ? Каспий теңізі аймағы бес мемлекеттің мүддесін білдіреді. Бұл Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Иран және Түркменстан. Бұларды «Каспий теңізі бассейні» мемлекеттері деген терминде соңғы онжылдықта дипломатия тәжірбиесінде қолданылып жүр.
Каспийдің халықаралық-құқықтық мәртебесі мен каспийлік мемлекеттердің (каспий жағалауындағы мемлекеттер) мұнай ресурстарын өзара бөлісу мәселесі қалай шешім тапсада, бүгінгі уақытта ол өзекті проблема болып қалады. Каспиий жалпы экологиялық объекті болып табылады. Бір бөлігіндегі дағдарыс жалпы экологиялық апатқа әкеліп, соңында барлық мемлекеттердің жеке жоспарындағы даму бағдарламасына зиянын тигізеді.
Каспий теңізінің көп функциялық жағдайындағы басты экологиялық проблемаларына тоқталып өтсек.
Каспий теңізінің көліктік тасымалдау функциясы: әр түрлі порттарды байланыстыратын көліктік инфрақұрлым жолдары Баку, Ланкеран, Махачкала, Астрахань, Гурьев, Түркіменбасы, Ноушахр, Энзели және Астара. Каспиий арқылы Ресей бірнеше, яғни Азов, Қара және Балтық теңіздеріне шығу мүмкіндігін пайдаланады. Қазіргі уақытта теңіздің асты арқылы құбырлардың көмегімен мұнай тасымалдау қарастырылған. Бірақ, бұл әдіс орасан зор экологиялық қауіптің көзі екендігі белгілі.
Каспий теңізінің екінші бір функциясы адамға қажетті ресурстармен қамтамасыз етуі болып табылады. Мысалы, балықтар, әртүрлі құстар, минералдық және сутегі ресурстары. Көрші жатқан мемлекеттердің ортақ мүддесінде пайдануға тиіс. Бірақ, КСРО құлағаннан кейін, әртүрлі экономикалық шараларға ысыраптап пайдалану теңіз жануарларымен құстардың жойылып кетуіне себеп болады.
Каспий теңізі ресурстарын пайдаланушы елдер ортақ келсімге келіп, құқықтық құжат қабылдаулары керек. Бұл су бассейінін тиімді пайлану мен флора мен фаунаны сақтауға жол ашады. Аймақтық экологиялық күйзеліске түспеуінің бірден - бір кепілі. Ксапий теңізі төңірегіндегі елдер бұл мәселе бойынша ортақ құқықтық келсімге келе алмай отыр. Оның басты себебі экологиялық мүддеден гөрі, экономикалық табыс көзін көбірек ойлау .
Кеңестік Одақ тарағаннан кейін құқықтық режим заңдық күшін жойды. Аймақтық мемлекеттер саяси мақсатына жету үшін әскери күш көрсетуге де дайын екендіктерін жасырмады. 1921-1940 жылдары келіссөздер жасалғанда үш мемлекет мүлдем болғанда жоқ. Сондықтанда теңіз флоты да оларға тиесілі еместе еді. Қазір олар өздерінің әскери құрлымын құрып, жетілдіру үстінде. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскери дайындық шараларын күшейтуде. Каспий теңізіне қатысты ортақ құқықтық режим жасау көрші жатқан елдердің сыртқы байланыстарына ешқандай нұқсан келтірмейді.
Каспий теңізінің құқықтық жағдайын анықтауға кері әсер етуші факторлар
Әзербайжан мемлекеті теңіздегі мұнай ресуртарының маңызын есепке ала отырып, әрбір аймақтық елдерге шамамен 1/5 бөлігінде ресурстарды бөлісуге ұсыныс жасайды. Әзербайжан ортақ мұнай бассейнді бөлісуде Түркменстан мен Иран елдерімен бәсекелеске түсіп, шиленіскен жағдайға барып отыр. Әзербайжан елі Киапаз, Сердар, Хазар және Осман аудандары үшін Түркменстан елімен таласады. Иран өкіметінің «Роял Дач Шель» және «Ласмо» секілді сейсмологиялық барлау фирмалары Әзербайжан территориясында жұмыс жасауда деп айыптап отыр. 2001 жылы маусымда Ислам Республикасының бір әскери кемесімен, «Бритиш Петрелеум» кемесіне Араз және Алуй аудандарында зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілгенде Әзербайжан дереу тоқтатуын талап етті. Осылай Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінде шиленіскен жағдай орын алды. Иран үкіметі бұл аудандарды Алббороз деп атап, өзіне тиесілі бөлік деп есептейді.
Қазақстанмен Ресей елдері әрбір елге тиесілі бөліктеріндегі теңіз астындағы ресурстарға да құқығы сақталуы тиіс тұжырымдасын қолдайды. Бірақ теңіз асты мен су ортақ игілік болып табылады.
Аймақтың шығыс бөлігінде сутегі ресурстарын тиімді пайдалана білу мақсатында Түркменстан мемлекеті өз ұстанымын бірнеше өзгертті. Басқа елдерде өз ұстанымдарын өзгерту үстінде. Бұған себеп коммерциялық және саяси негізі бар аймақтық мемлекеттердің мақсаты. Каспий теңізі бағдарламасын дамыту процессінің бастамасынан бұрын, құқықтық жағдайды шешіп алуды қажет етеді.
Иран мемлекеті 1921 және 1940 жылдары жасалған Иран мен КСРО арасындағы келсімдер өз заңдық күшін жойған жоқ деп есептейді. Онда Каспий теңізі екі мемлекет арасында бөлінген болатын. Сондықтан кез келген екі жақты келсім жарамсыз болып табылады. Каспий жағалауындағы елдер теңізді ортақ пайдалану тиіс деп есептейді. Яғни, «ортақ билік» теориясын қалыптастырады.
Каспий теңізін бөліске түсіруге келісімін Иран тек әрбір елдің үлесі 20 % тең болғанда мүмкін екендігін білдіреді. Олай болмағанда әрбір мемлекеттің құқығы экономикалық аймақтық паралелді жағалаулық сызықпен анықталады. Ал теңіздің қалған бөлігі ортақ болып табылады. Иран тұжырымдамасы тарихи дәстүрге сәйкес келмейді. Әзербайжан мен Қазақстан бұл ұсынысқа мүлдем қарсы екендігін мәлімдейді. Егер Қазақстан, Әзербайжан және Ресей ұсынып отырған сызықтық әдісті қолданатын болса, онда Иранның үлесі 12-13 % аспай қалатын болады.
Келесі бір мәселе - Каспий теңізін бірлесе отырып пайдаланудан туындайтын наразылық. Әзербайжан, Қазақстан, Ресей елдері арасында сызықтық әдіспен Каспий теңізін бөлісу жөніндегі келісімдер жасалған болатын. Түркменстан елі келсімдегі теңіз астын толық иемденуге қарсы болмағанменде, сызықтық әдіске келіспей отыр. Шекаралық жағалаудан тыс жатқан мұнай-газ ресурстарын бөлісу мүлдем қаралмай отыр.
Әзербайжан мен Түркменстан арасындағы келіспеушілік Каспий теңізіндегі бассейіндік қақтығыс туғызуы мүмкін. 2001 жылы маусымда Түркменстан Азар және Чераг бассейндеріндегі Әзербайжан елінің барлау жұмыстарын дереу тоқтатуын талап еткен болатын. Бірақ сол жылы тамыз айында Әзербайжан талапты орындамайтындығын мәлімдеген еді.
Каспий жағалауындағы тәуелсіз мемлекеттердің шиленістік жағдайға баруына экономикалық жағдайлар себепші болсада, пайда табу мақсатында өзара қарым-қатынастарын үзбей су ресурстарын игеруде тығыз байланыста жұмыс жасауда (тек Иран елінен басақасы) .
Каспий теңізіне қатысты жасалған аймақтық келсімдер нәтижесі
Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет арасында осы күнге дейін құқықтық режимге қатысты ресми ортақ келісімге келмесе де кейбір үкіметтер арасындағы екі жақты келсімдер бар. 1997 жылы Қазақстан мен Әзірбайжан арасында Каспийдің құқықтық жағдайы туралы конвенцияға қол қойылды. Онда өз шекараларын орта сызық бойынша жүргізілетіндігі жайлы мәселе бекітілген. Сол жылы Қазақстан мен Түркменстан елдері арасында да келісімдер жасалып, Каспийдің жаңа құқықтық жағдайында өз шекараларын айқындайтындығы жазылған.
1998 жылы шілде де Қазақстан мен Ресей арасында теңіздің солтүстік бөлігінің орта сызықты әдіспен бөлу туралы екі жақты келісім жасалды. Сонымен теңізде жүзу, балық аулау, экология мәселесі ортақ болып табылады.
2001 жылдың қаңтар айында Әзербайжан мен Ресей арасында келісім жасалды. Онда Каспий теңізінің астын бөлісу қарастырылған. Теңізде жүзу еркіндігі сақталып қалынған. Осының негізінде «су ортақ, теңіз асты бөлінген». Бұдан теңізді бөліктерге және аймақты көрші елдермен қарама-қарсы елдер арасында орта сызықты тең ара қашықтықта бөлісіп, өзара келісіп отырып түзеуге негіз жасалды.
Бұған дейін Әзербайжан теңіздің үсті мен астын бөлуді қолдаған болатын. 1998 жылы қараша айында Әзербайжан мен Түркменстан екі ел арасында орта сызықты негізде теңізді бөлу жөнінде келісім жасады. Бірақ кейбір аудандарды бөлуде ортақ келісімге келе алмады. Түркменстан бірнеше рет Әзербайжан тарапына Каспий теңізіне қатысты құқықтық жағдайдың ортақ келісім жасалмай шекараны анықтап алу мен ресурстарды пайдалануды тоқтата тұруды ұсынған болатын. 2001 жылдың қараша айында ТМД елдерінің басшылары бас қосқан конференцияда Түркменстан елі Қазақстанмен екі жақты келісімге келген болатын. Онда екі елдің Каспий теңізіндегі үлестік ара салмағы бекітілген еді [3] .
Каспий теңізіне үлесі бар мемлекеттердің ортақ келісімдерге келуге ықпал еткен жағдайлардың бірі су ресурстарын уақытылы пайдалана білу болып табылады (Иран елінен басқасы) . Бірақ бұл қадамдарға баруға итермелеген жағдайлардың біріне олардың бұрын 72 жыл КСРО билігі астында бірге болғандығында айтып кетуге болады.
Мұның бәрі Иран үшін қиынға соқты. Каспий теңізінің құқықтық жағдайын анықтауда Иран елі кедергі келтіріп отыр дегенде айтылып қалды. Дегенменде Каспий теңізінің ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, су бассейіндерін экономикалық жағдайда пайдалану қазірігі қажеттілік. Сондықтанда төрт ел өзара келісімге келіп, тек Исламдық Республика Иранды сырт қалдыру қаупіде жоқ емес. Бірақ, Иран оларға қосыла отырып, өз мүмкіндіктерін толық пайдалауда өздеріне қолайлы жағдай жасауда.
Ресурстарды пайдалануда қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігі
Каспий теңізінің тіршілік ортасында үстемдік етушілер арсында бекітіліген ортақ құқықтық режим болмай, экологиялық халықаралық ережелер мен заңдарды қатаң сақтау туралы мәселені мемлекеттерге жүктеу мүмкін емес. Каспий теңізінің экологиялық факторларындағы кез келген ауытқушылық көрші жатқан елдердің қоршаған ортасына әсер етпейді деп айту өте қиын.
1. 2 Теңіз экологиясындағы қауіпті жайларды алдын-алу туралы ынтымақтастықтар
Каспий теңізінің қоршаған ортасына төнген қауіптің әр түрлі факторлары жазылмас дертке айналуы мүмкін. Теңіз ресурстарын пайдаланушы кез келген мемлекет оның орнын толтыру үшін сонша мөлшерде шығын шығаратын жағдайға жетеді.
Каспий теңізі маңайындағы мекендеуші халық әлемдік қоғамдастықтың кішкене ғана бөлігі ғана болып табылады. Бірақ олар жергілікті халыққа үлкен қатер төндіретін жағдай туғызды. Табиғатты ластанудан қорғануда айқындалған белгілі бір масштабта ғана жүзеге асырылды.
Егер адамзаттың қызметі ластанудың барлық нормасынан да жоғары болса, жаратылыстың табиғи тазаруына кедергі жасаса, жерде нағыз экологиялық апат орын алады. Каспий теңізінің экологиясына қатер төндіруші негізгі қайнар көздерге: теңіз деңгейінің ауытқуы; әсіресе соңғы он жылдағы деңгейдің көтерілуі; мұнай өндіру мен өндірістік белсенділіктер жатады.
Теңіз деңгейінің ауытқуы . Каспий теңізі деңгейінің ауытқушылығы әр жылдары әр түрлі болды. Кейбір кезеңде деңгейі ең төменге құлдыраса, кейбір кезеңде ең жоғарғы маңызға ие болды. Бұл құбылыс ұзаққа созылып, экологиялық өзгерістерге ықпал етсе, сондай-ақ халықтың экономикалық қызметіне қайта құрулар әкеліп отырды. 1930 жылы Каспийдің теңізі деңгейінің құлдырау кезеңінің ең ұзақ мезгілі болды. Бұл КСРО-ның үлкен ауыл шаруашылық және өндірістік жоспарларын жүзеге асырумен сәйкес келді. Өзендердің ағымын өзгерту, жасанды су қоймаларын жасау және халықтың қызметін арттыру аймақтағы теңіз деңгейін ең төменгі көрсеткішке жеткізуге мүмкіндік берді ( 1977 жылы 29 метр болды) . Бірақ теңіз деңгейі 2000 жылға дейін төмендейді деген болжам расталмады. 1978 жылдан бастап жылына орта есеппен 15 см өсе бастады. Бұл процесс 1995 жылға дейін байқалды. Тек осыдан кейін ғана біртіндеп түсе бастады. Жалпы Каспий теңізінің көтерілу деңгейінің процессін алдын ала болжау толық мүмкін болмай отыр. Мұндай табиғи құбылыстар жағалаулас жатқан елдерге үлкен экологиялық және экономикалық шығын әкеледі. Мұнай өндіру мен өндірістік қалдықтардың жағлауда орналасқан мемлекеттердің қоршаған ортасын ластауда алғашқы орынға шығып, балық өнімдерінің құлдырауына әкеп соғатыны белгілі. Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында алқаптарды тасқын су басып, бұл жерлерді құрғату проблемасын туғызды. Теңіз толқыны жағалауда орналасқан көптеген елді мекендерді қиратып, топан су басты. Су құбырларына теңіздің ластанған қалдықтары түсу қаупі пайда болды. Жерасты суларының құрамы артып өз кезегінде жер құнарлығы мен ауыл шаруашылығы алқаптарының жойылуын күшейтеді.
Каспий теңізінде әртүрлі жануарлар, балықтар және өсімдіктер тіршілік етеді. Су құрамының бұзылуы олардың тірішілігіне нұқсан келтіреді. Жалпы су құрамының бұзылуы жағалауға жақын жатқан жерлерді басып қалуымен тіршілік иелеріне зиянын тигізеді. Құстар мен ұсақ тіршілік иелерінің азайып кетуі олардың санының күрт азаюына әкеледі.
Тіршілік ортасына келетін зиян тек су құрамының бұзылу процессінің күшеюінен ғана емес. Қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін факторларға экономиканың өсуі мен халықтың әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуінде жатқызуға болады. Әлеуметтік әл-ахуалдың жоғарлауы халықтың санының өсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, қалдықтардың көбеюіне ықпал етеді. Экономикалық қызмет жер ресурстарын игеруді арттырып, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Кейбір есептер бойынша 1977 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендей бастады. Ғылыми мәліметтер мен болжамдардың дәл болмауы Каспий теңізі деңгейінің төмендеуін күшейте түседі. Каспий теңізіне үлесі бар елдердің ғылыми тұжырымы нақты болмауы су бассейінің игеруде дұрыс шешім қабылдай алмауына және экономикалық, экологиялық проблемалардың туындауына себепші болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz