Қоғам және мемлекет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қоғам және мемлекет.
Мемлекеттің қоғаммен генетикалық байланысы. Мемлекет туралы әңгімені
бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен
қандай да бір өзара қарым − қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның
тараптарынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде өзі де
ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны
жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын
өзара қарым − қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан
айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам − адамдардың ұйымдастыруы мен өмір сүруінің нысаны, соның
шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және
айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртіпті, адамдар арасындағы
өзара қарым − қатнастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға
бағытталған, өз мүшелерінің мінез − құлқын басқарудың, реттеудің және ықпал
етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған
ұйымдардың бірі болып табылады. Ол − қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі
нәтижесі. Қоғамның анатомиясы, бейнесі, сипаты мен табиғаты қандай болса,
мемлекетте сондай болады. Жартылай жабайы қоғамның өзіне лайықты мемлекеті
болса, өркениетті қоғамда мүлде басқа мемелекет болды. Өркениеттің әр
басқышы әр алуан мемлекеттермен сипатталып келді және сипатталып отыр.
Қоғам дегеніміз − мемлекеттің объективті негізі іспетті, соның базисі,
өзгеше тіршілік ету ортасы. Ол мемлекеттен әлдеқайда көп бұрын пайда
болды. Ұзақ уақыт бойы ол мемлекетсіз өмір сүрді, туындаған мәселелерді
басқа ұйымдық құрылымдар мен институттардың көмегімен шешіп отырды. Алайда
қоғам өзі тудырған мемлекет оның қажетті серігі, міндетті түрдегі атрибуты
болып шықты. Бір кезеңнен екінші кезеңге өткен сайын ол дамып, түрленіп,
өзгеріп келді және жақын, алыс келешекте де өзгеретіндігі шүбә келтірмейді,
бірақ енді келешекте тарих сахнасынан шығып қалуы және жойылып кетуі
екіталай. Қоғам тіршілік етіп жатқан кезде мемлекетте сақталады.
Алғашқы кезде қоғам мен мемлекет бірдей болды деген сияқты оқу
әдебиеттерінде кездесетін пікір біздің ойымызша, дұрыс емес. Келтірілген
тезистің авторы Л.И.Спиридонов айтып отырған ежелгі полис бір мезгілде әрі
мемлекет, әрі қоғам болуы мүкін емес. Оның бойынан өз құрылымдары бар
мемлекет болып не табылатынын және шын мәнінде қоғамды не құрайтынын айыру
керек. Олар сәйкес келмейді, сәйкес келуі де мүмкін емес, өйткені әртүрлі
дәстүрдің құбылыстарына жатады.
Мемлекет қоғамға қызмет етуге керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін
қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды
қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор
материалдық, адам, ұйымдастыру процесіне, саяси − идеологиялық потенциалға,
басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете
отырып, мемлекет ( оларды үнемді әрі тиімді пайдаланған жағдайда)
эканомиканың, әлеуметтік, рухани және басқа да жағдайлардың дамуына оң әсер
етіп, тұрақтылыққа, тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық −
психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Мемлекеттің пайда
келтіретіндей етіп жүзеге асырылуы аса маңызды.
Алайда, ммелекеттің қоғамға мысал болатын жағдайы да кездеседі, қоғамға
зиян және орны толмайтын залал келтіре отырып, оның дамуына теріс (
тойтаратын, жансыздандыратын, тежейтін) роль атқаруы мүмкін. Мемлекеттің
қоғамға теріс ықпалының мүмкіндігі аса жоғары болғандықтан оның қоғамды
деформациялау сияқты салдары да болуы мүмкін. Мысалы, фашистік және басқа
тоталитарлық мемлекеттердің қоғам дамуындағы ролі шын мәнінде қатерлі болып
шықты; экономиканың милитарзациялануы, демократияның дамымауы, жеке адамның
құқығының аяққа басылуы, полицияның зорлық − зомбылығы, жаппай заңсыздық −
міне осының бәрі қоғамның табиғатын бұрмаламай тұра алмады, оған теріс
бағыт берді.
Көріп отырғанымыздай, қоғамға қатысты мемлекеттің ролі біржақты
бағалана алмайды екен.
Қоғам мен мемлекеттің қатынасының үйлесімділігінің қажеттілігі.
Қоғам алдында тұрған көптеген міндеттерді шешуді мойнына алған мемлекет
қалай болғанда да қоғамның түрлі саласындағы тіршілік әрекетіне араласуға
мәжбүр боалды. Тарихтың әр кезеңіндегі мұндай араласудың сипаты мен шегі
әртүрлі. Оларға көптеген объективті және субъективті факторлар әсер етеді:
экономиканың даму деңгейі, халықтың әл − ауқаты, елдің әлеуметтік
тұрақтылығы, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың демократиялық деңгейі,
аса маңызды саяси институттардың ара қатынасы, басқару элитасы
мақсаттарының бағыттылығы, басшылардың жеке басының қасиеті. Осыған
байланысты мемлекет пен қоғамның өзара қарым − қатынасының тұрпаты
қалыптасады. Мемлекет өзінің дамуының ең алғашқы кезеңіндерінде қоғаммен
өзара қарым − қатынасына жабайы әрі дөрекі нысандарды жиі қолданды:
үстемдік ету, сөзсіз бағынуды талап ету, қатаң бақылау мен ұсақ тәртіп
белгілеушілік, мәжбүрдеу және күштеу әдістерін қолдану арқылы жаппай
мемлекеттендіру. Тек кейінірек, халықтың сана − сезімі мен менталитетінің
өсу, мемлекеттік және қоғамдық институттарды бірте − бірте демократияландру
адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудың қажеттігі туралы
идеяның пада болуы мен таралу деңгейіне қарай бұл дөрекі әрі қарапайым
нысандар қалай болғанда да өзгереді, жұмсарады, басқаларға орын береді.
Өркениеттік бастаулар, мемлекет пен қоғамның қарым − қатынасына кіре
отырып, оларды жаңа сатыға көтерді, оларға жаңа сипат береді.
Әрине, бүгінде қоғамды табанына салып таптағысы, − оған өзінің еркін
таңып, дербестік пен автономиялықты жоққа шығарғысы келетін мемлекеттер де
кездесіп қалады. Алайда, олармен қатар, көптеген мемлекеттер қоғаммен
өзара қатнастарын үйлесімділік пен тең құқықтық принциптеріне құра отырып,
әміршілдік − бұйрықшылдық нысандарынан бас тартуда. Бұл тенденциялардың әрі
қарай дамуы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға алып келеді.
Мемлекет пен қоғамның өзара қарым − қатынасының үйлесімділігіне
апаратын жолдың көптеген қиындықтары бар, соқтықпалы− соқпақты болып
келеді. Жаңа принциптер мен әдістерді бекіту үшін материалдық және ұйымдық
алғы шарттармен қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге, бұйрық беруге
дағдыланып қалған әрі иландыру мен тәрбиелеуді білмейтін мемлкеттік
аппараттың барлық қызметкерлерінің ойлау селқостығын жеңу керек.
Азаматтардың сана − сезімін қайта бағдарлау аз күш жұмсауды қажет етпейді,
олар өз құқығы мен мүддесін қорғауға дағдыланбаған, кейде олардың
бұзылуымен үндемей келіседі, өмірде кездесетін заңсыздық, сыбайластық және
қиянат фактілеріне енжарлық көзқарас ұстанады.
Қоғам қабілетті әрі тиімді әлеуметтік институттар құруға міндетті,
өйткені олар мемлекеттің ролінің шектен тыс күшеюіне және оның өзіне
негізсіз билік етуіне, айқын өтімділігіне, әсіресе тоталитарлығына сенімді
кедергі болар еді. Олардың ішінде ең алдымен халықтың әртүрлі топтары
құратын саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, бұқаралық
қозғалыстарды, үкіметтік емес ұйымдарды айтуға болады. Жұртшылықтың белгілі
бір дәрежедегі қолдауына ие болған, қоғамдық пікір мен өз беделіне сүйенген
олар, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қажетті балансты сақтау немесе
қалыптастыру үшін ықпал етудің түрлі механизмдерін қалыптастырады.
Мемлекеттің пайда болуы.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы жіне мемлекеттің пайда болуының
алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен
ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға
дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету
салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам
алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп,
мемлекеттік деңгейіне дейін өсуі керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана
бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп
жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып
қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс −
әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен
сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың
жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамға еңбек
өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай
алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.
Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында
шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек қауымның құрамы бойынша
одан әлдеқайда көбірік болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен
туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның
мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар
ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары
бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынандай ерекшеліктері болуы
керек болды:
1. Сол кездегі іс −әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік беретін
қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты жүргізе
алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін
қанағаттандыратын болуы керек;
2. Туыстық жағынан аса жақын емес, сондай − ақ таяудағы мақсат, мүдделері
де бөлектеу ру мүшелерінің айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір біріне
көмектесіп, қауіп − қатерден бірлесіп қорғануы керек;
3. Осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі
мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы
жиналысында қаралып, сонда шешіледі; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық
міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа адамдарды сайлайды,
сондай − ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық қоғамдақ
міндеттердің ақысыз − пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және
ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез − келген сәтте өзгеріп тұратындығын
атап айту аса маңызды, ал кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы
қызметкерлер түрінде қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппараттарын ру
ұйымы білген емес.
Ру адамдар арасында алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы ретіндегі
қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ − ол небәрі осы жүйенің бір
буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше фратрий тайпа
құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлестіктерді де кездестіруге болады.
Осынау басқалардан анағұрлым бөлімшелердің шеіберінде болып жатқан
қоғамдық істерді басқару, руды басқару тәртібімен бірдей негізде
жүргізіледі.
Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер
оның барлық таптарына қатысты болды. Тұрмыстың экономикалық саласында
болған өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен күнге өндіргіш күштер
жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс − жидектерді, дәнді дақылдарды
жинау және жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар,
мәдени дақылдарды сеуіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Азаматтық қоғамының экономикалық жүйесі
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Мемлекет, теориялық негіздері
Азаматтық қоғам жайлы
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Азаматтық қоғамның құрылымы
Пәндер