Тапсырма шарты консенсуалды шарт



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Шарттар туралы жалпы ережелер
2.2. Шарттардың түрлері.
2.3. Тапсырма шарты түсінігі мен элементтері
2.4. Тапсырма шартының мазмұны
2.5. Шартты жасау

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы
пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі
қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі
міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң
талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы
ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық
қатанастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның
азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы
келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді.
Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме
жасайды: "Шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер
қолданылады". Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең,
өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті
баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше
көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.
Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық
шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен
өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Шарт еркіндігі Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық
кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-
тармағы).
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі
шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда:
1) шартты жасау не жасамау;
2) шарт бойынша серікті жақты таңдау;
3) шарттың түрін тандау;
4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса
алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-
тармағы).
Тәжірибе көрсеткендей, отандық кәсіпкерлер өзара міндеттемелерді
реттеуде көбіне-көп Қазақстанда әлі жақсы өріс ала қоймаған нарық
механизміне, сондай-ақ вербалды (ауызша) келісімдерге сүйенеді. Ал,
кәсіпкерлікте шарттық құқықты білмеу - пайданы, серіктестерді, абырой-
атақты жоғалтуға әкеліп соғады. Ал бизнестің шетелдік қатысушылары
кәсіпкерлікте нақтылы әріптестік қарым-қатынаста барлық шарттарды егжей-
тегжейлі реттеуге дағдыланған.

2.1. Шарттар туралы жалпы ережелер
Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық құқық
нормаларының дамуы сауда айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт
зат алмасудың негізгі құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік
иесінен екіншісіне ауысып отырады.
Қолтаңбалар мен мөрлері бар қағазды шарт деп түсіну, аңғалдық болар
еді. Ол дұрыс емес.
Шарт дегеніміз тараптардың арасында туындайтын өзара міндеттемелер
жүйесі екенін түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа тіреп жүр. Шарт талаптары
тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған
күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы
істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді әрі әр тарап өзін қысым көруші
ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын даушарлардың көзі
болады. Ал бұл жағдай шынтуайтына келгенде, шарт жасау кезінде оның
талаптарын дайындауға шала-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп
қарау керек.
Сонымен, шарт дегеніміз не? Алдымен ұғымның өзін қарастырайық.
Барлық дамыған елдерде шарт міндеттемелік құқықтың негізгі институты болып
табылады. Еуропа елдерінде - қатысушылармен белгілі құқықтар мен міндеттер
белгіленетін келісім, ағылшын-американ заңы бойынша бір тарап басқа тұлғаға
қатысты қабылдайтын уәде немесе кепілдік ретінде қарастырылады. Мұндай
уәдеден құқықтық салдар туғызу үшін оны басқа тарап қабылдайтын болуы тиіс.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы
белімі) 378 - бабында "екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар
мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі шарт болып
танылады" деп айтылған. Сонымен, шарт – оның тараптарының арасындағы дербес
еркінің актісі, бірнеше құжатпен бекітілген болса да, өзара келісімі болып
табылады. Шарттың атқаратын қызметі, мақсаты – құқықтар мен міндеттерді
орнату, өзгерту немесе тоқтату.
1. Бір тараптың ғана ықтияры (іс-әрекеті) жеткілікті болатын мәмілелер
(шарттар) бір жақты болып табылады. Бұл жағдайда басқа тараптың оған деген
ықтияры болмайды. Мәселен, өсиет хат жазу, сенімхат, чек беру, мұрадан бас
тарту және басқалары бір жақты шарт (мәміле) болып табылады. Бір жақты
мәмілені (мысалы, өсиетхат) көбіне-көп бір ғана тұлға жасайды, дегенмен бір
жақты мәмілелердің қайсыбірін, мәселен, ортақ сенімхат беруді, жұрт алдында
награда беруге уағда етуді, меншік иелерінің (жалға берушінің) мүлік жалдау
шартынан бас тартуын және тағы осындайларды бір тарап ретінде әрекет ететін
екі немесе одан да көп тұлғалар бірлесе отырып жасауға хақылы.
2. Екі жақты (өзара) мәміле деп екі тараптың өзара келіскен еркінен (іс-
әрекетінен) тұратын мәмілені айтады. Екі жақты мәміле шарт деп аталады. Ол
тараптың өзара келісімін білдіреді.
Екі жақты мәміле кең тараған - оларға сатып алу-сату, жеткеру,
мердігерлік, мүлік жалдау, сақтандыру, авторлық және тағы басқа шарттар
жатады.
3. Көп жақты мәміле үш немесе одан көп тараптар ықтиярымен олардың
арасындағы келісімнен тұратын мәміле. Кейбір көп жақты мәмілелерде тараптар
ықтияры мазмұны бойынша сәйкес келеді (мысалы, бірлескен қызмет туралы
шартта барлық қатысушылар бірдей ақша сомасын енгізуге және бірдей көлемде
барлық жұмыстарды орындауға міндеттеме алады), бірақ көп жақты мәмілеге бұл
сипат міндетті түрде қажетті емес. Өйткені, көп жақты мәміледе тараптардың
қатысу үлесі әр түрлі болуы мүмкін. Үштен кем емес тараптан тұруы қажет
мәмілені (мысалы, бір жақтан екі сатушы және екінші жақтан үш сатып алушы
қатысатын үйді сатып алу-сату шарты) әр тараптан бірнеше тұлга
қатысатын екі жақты мәміледен айыра білу қажет.

2.2. Шарттардың түрлері.
Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол
ашады, Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі
(өзіне тән шарт белгілері).
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек
құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру
шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны
талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу,
мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік, тасылмалдау және т.б.).
Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға
тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың
құнын төлеуге міндетті, және затты өзіне беруді талап ете алады.
Шарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және
қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе
тоқтатуға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей
жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген залалдың орнын
толтыруды талап ете алады.
Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін
атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған
затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің
құнын алады, Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей
ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының
2-тармағы). Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы
немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып
табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті ақысыз
тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз
әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген
бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы,
сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен
міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займшарты, азаматтардың
қатысуымен сақтау шарты).
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша
құқықтар мен міндеттерді алатындар — сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда
азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір
міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің
уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.
Үшінші жақтын пайдасына жасалған шарт — бұл тараптар несие берушіге
емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап
етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы). Үшінші
жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан
бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан
еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие
берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы
— шартты орындауды талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші
жаққа шарт бойынша беріледі.

2.3. Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері
Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші
тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды
іс-әрекет жасауға міндеттенеді.
Бұл шарт азаматтық құқықта әмбебап маңызға ие. Ол белгілі-бір субъект
өзіне қажетті әрекеттерді жеке өзі емес, басқа тұлғалардың қызметіне
жүгінетін өте көп өмірлік жағдайларды реттеу үшін бейімделген.
Тапсырма қатынастары "таза" тапсырма аясында да және өзге шарттық
қатынастар аясында да өмір сүре алады. Тапсырма кәсіпкерлік қызмет
субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында бірқатар заңды іс-
әрекеттер атқаруға мүмкіндік береді және дәл осындай жағдайларда ғана
"классикалық" тапсырма шартының өмір сүруі туралы айтуға болады.
Тапсырма өзі арқылы өкілдік қатынастары қамтамасыз етілетін негізгі
құқықтық нысандардың бірі болып табылады. Тапсырма шарты өкіл мен өкілдік
етілетін тұлғаның (сенім білдірілген өкіл мен сенім білдірушінің) ішкі
қатынастарын рәсімдейді, сирек жағдайларды қоспағанда, онсыз шарттық
өкілдік мүмкін емес. Қызметтік тапсырмалардың заңдық табиғаты жеке құқық
доктринансының кеңінен дамуын ескергенде жалпы тапсырмаға өте ұқсас болады.
Тапсырма өкілдікпен қатар қызмет көрсету бойынша міндетті туындата
алады. Қызмет көрсету элементінің өкілдіктің өзінен ерекшелігі, біздің
ойымызша құқықтық реттеудің жеке пәні болып сол бір немесе өзге салада
арнайы білімдерге көрсетілетін кәсіптенген қызметтердің сапасына қойылатын
талаптардың белгілі бір жиынтығының болуында. Тапсырманың қызмет көрсетумен
ара қатынастылығын әсіресе заңдық қызмет көрсету бойынша, соның ішінде
сотта сенім білдірушінің құқықтары мен мүдделеріне өкілдік етумен
байланысты қызмет көрсетудің мысалынан жақсы көруге болады. Сенім
білдірілген адвокат шартталған талаптарды жүзеге асыру жолымен сенім
білдіруші атынан материалдық іс жүргізушілік құқықтарды немесе міндеттерді
алған бөлігінде тапсырма элементтері орын алады. Адвокат қызметінің сандық
және сапалық параметрлері - қызмет көрсету элементі болып табылады.
Тапсырмамен қызмет көрсету элементтері өзара әртүрлі ара қатыста
болады. Кейбір жағдайларда тапсырма қызмет көрсетулерден басым болады және
қызмет көрсету элементтерімен күрделенген тапсырма шарты туралы сөз
қозғаған жөн. Басқа жағдайларда, керісінше, қызмет көрсету негізгі болып
табылады (өтелмей қызмет көрсету шарт), ал тапсырма тек шекті түсінікте
орын алады.
Біз тапсырмамен қызмет көрсетудің сол бір немесе өзге ара қатысы шарт
сипатын өзгертетінін білеміз, Тапсырма дәстүрлі түрде сенім білдірілетін
шарт ретінде қарастырылған. Құқықтарды иеленушінің (азаматтың) өз атынан
құқықтар мен міндеттерді алуды басқа тұлғаға сеніп беруге тәуекел етуі
өзінің негізгі бөлігінде осы тұлғаға білдірілген жоғары дәрежедегі сеніммен
байланысты. Дәл сол сенім тапсырма негізі болып табылады. Бұл ақысыз
тапсырма шартында ерекше айқын білінеді. Тапсырма қатынастарына заңды
тұлғалар қатысқан кезде сенім туралы сөз қозғалмайды. Тапсырма механизмі
тек өзінің сыртқы көрінісі бойынша ғана әрекет етеді. Бұл орайда сенім
білдірілгенді таңдауда қателескен нақты лауазымды тұлғаның (еңбек шарты
бойынша, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес) жауапкершілігі және
қолданылатын сақтық шаралары орын алуы мүмкін. Заңды тұлғалар арасында
кәсіпкерлік тапсырма шарттарын бекіту кезінде бүтіндей және толығынан
кәсіпкерлік қауіптерді (тәуекелдерді) есепке алу орын алатын болады.
Ақылы тапсырма шартында да сенім маңызды болады. Қатынастардың сенім
білдірушілік сипаты белгілі бір дәрежеде сенім білдірілгеннің сыйақы
алуымен жасырылады.
Біздің ойымызша, сенімнің екі түрін ажыратуға болады. Тапсырма өзінің
бастапқы түрінде жеке сенім білдірушілік сипатқа ие. Ол құқықтық аспектіде
көрінбегенмен, дәл сол туысқандық фактісі, жақын достық қатынастар және
басқа да соған ұқсас қатынастар сенім негізі болып табылады. Әрине мұндай
сенімнің тұрақсыз болып қалмайтындығына кепіл жоқ.
Жеке сенімге қарағанда, кәсіпкерлік айналымға басымды түрде тәуекелге
негізделген сенім орын алады. Мұндай сенім болашақ сенім білдірілетін
өкілдің тұрақты іскерлік беделінен және сенім білдірілуші оның құқықтарына
иелік етумен, қоғамдағы құқықтық тәртіптің жалпы жай-күйімен жэне
азаматтардың заңға бағынуының орташа дәрежесімен мүмкіндік ала отырып сенім
білдірушінің мүдделеріне зиян келтіруге ниеті болмауға тиіс сияқты
логикамен негізделеді. Сенімнің осы екі түрі арасындағы тәжірибелік
айырмашылық неде деген сұрақ туындайды. Бір тұлға кәсіпкерлік мәміледе бір
уақытта екі тұлға атынан сенім білдірілген өкіл ретінде шыққан жағдайда
жауап айқын болады. Егер бір тұлға сенім білдірілген өкілге және сенімде,
ал екіншісі - басымды түрде тәуекелге негізделген сенімде болса, онда
мәміле жасаудың кейбір жағдайларында бұл тараптардың біріне залал келтіруі
мүмкін (сірә сенімі тәуекелге негізделген тұлғаға) және сол себептен
тапсырманың осы екі түрінің бір уақытта орын алуына жол берілмейді деп
танылуға тиіс.
Ақылы қызмет көрсету басым болатын шартта сенімнің орны өте елеусіз
болып табылады, онда кәсіпкерлік міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктің
барлық кешенді шараларын қолдану мүмкіндігімен кәдімгі тауарлы ақша
қатынасы көбірек көрініс табады.
Жоғарыда айтылғанды жинақтай келе, тапсырма шарты арқылы сенім
білдірушінің атынан және соның есебінен заңды іс-әрекеттер жасайтын сенім
білдірілген өкілдің қызметі қамтамасыз етіледі деп қорытындылауға болады.
Сенім білдірілген өкілмен жасалған мәміле немесе өзге заңды іс-әрекеттер
бойынша құқықтар мен міндеттер сенім білдірушіде туындайды.
Тапсырма шарты сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс-әрекеттерді
анықтау үшін арналады.
Тапсырма шартының нысаны. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалуға
тиіс.
Тұрмыстық (кәсіпкерлік емес) тапсырма шарты жалпы ереже бойынша
ақысыз болып табылады. Тапсырма шарты шарттың бір немесе екі тарабымен
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болған жағдайларда, ол
жалпы ереже бойынша ақылы болып табылады.
Тапсырма шарты консенсуалды шарт. Ол оның мәнді жағдайы бойынша
келісімге келген сәттен бастап бекітілуі деп есептеледі. Оның мәнді жағдайы
болып шарт пәні туралы жағдай табылады.
Тапсырма шартының тараптары болып сенім білдіруші және сенім
білдірілген өкіл табылады. Тапсырма оған азаматтық құқықтық қатынастар
субъектілерінің кеңінен қатысу мүмкіндігімен сипатталады. Тапсырма
қатынастарына қатысудың критерийі болып әрекет қабілеттілік табылады.
Тапсырма шартына 14 жастан 18 жасқа дейінгі ішінара әрекет қабілеттілігі
бар азаматтардың қатысуы жоққа шығарылмайды. Олардың осы құқықтық
қатынастарға қатысуының тәжірибе жүзіндегі мүмкіндігі елеулі түрде
шектелетін болады. Кәмелетке толмағанның ата-анасы (асырап алушысы),
қамқоршысы кәмелетке толмағанның өз бетінше біреуге тапсырма беруіне келісе
қоюы неғайбыл. Кәмелетке толмағанды сенім білдірілген өкіл ретінде таңдап
алуда күдік туғызады, өйткені сенім білдіруші кәмелетке толмағанға тапсырма
берген кезде аса жоғары тәуекелге (қауіпке) тап болады. Ішінара әрекетке
қабілетті тұлғалардың қатысуымен тапсырма шартының заңдық құрылымының
мүмкіндігінің өзі күдік келтірмейді.
Заңды тұлғалар тапсырманы бере де алады, орындай да алады. Жалпы
ереже бойынша коммерциялық емес заңды тұлғалардың сенім білдірушілері үшін
коммерциялық өкілдікті жүзеге асыратын сенім білдірілген өкілдер ретінде
шығуға жол берілмейді. Олар өздеріне рұқсат етілген коммерциялық қызмет
кезінде коммерциялық өкілдер бола алады.
"Белгілі бір іс-әркеттерді жасау жөніндегі тапсырма коммерциялық
ұйымдардың қызметін басқару аясында да орын алуы мүмкін. Мәселен, 5-мамыр
1998 жыл ҚР-ң "Жауапкершілігі шектелген және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы" Заңымен серіктестік қатысушысының өз өкіліне жалпы
жиналысқа қатысуды, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуды және
шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруді тапсыру мүмкіндігі көзделген (42-
бап). Осындай құқық акционерлік қоғамның акционеріне де беріледі (10-
маусым, 1998 жыл ҚР-ң "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 56-бабы).
Акционердің өкілі жиналыста дауыс беруге қатысады, солайша ол акционерлік
қоғамның шешім қабылдауына ықпал етеді.. .'
Тапсырма шартының пәні болып материалдық емес қызмет көрсетулер
табылады. Сенім білдірілген өкіл қызметінің нәтижесі заттық нысанда бола
алмайды. Ол тұлғаның материалдық немесе іс жүргізушілік құқықтарының пайда
болуы, өзгеруі, тоқтатылуы арқылы көрініс табады.
Тапсырма пәнінің өзі сенім білдіруші беретін нұсқаулар арқылы
анықтала алады. Бірақ сенім білдірушінің нұсқаулары мен тапсырма пәні бұл
бірдей түсініктер деуге болмайды. Нұсқаулар сенім білдірілген өкілдің
қызметінде және сенім білдіруші қол жеткізуге талпынған нәтижені де қамтуы
мүмкін. Құқықтық нәтиже сонымен бірге тапсырма пәнінің аясынан шығып
кетеді. Тапсырма пәні деп сол бір немесе өзге нәтижеге бағытталған
әрекеттердің өзін ғана түсінген жөн.
Бұған қоса нұсқаулар сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс-
әрекеттерді жалпы түрде анықтай алады. Ол түпкілікті мақсатқа сүйене
отырып, оларды түзете алады. Яғни алдын ала көзделмеген іс-әрекеттерді
жасап, керісінше жоспарланған іс-әрекетті жасамауы мүмкін. Ең бастысы, бұл
орайда жасалатын іс-әрекеттер сенім білдірушінің нұсқауларына қайшы келмеу
керек, оларды нұсқауларға қайшы келеді деп тануға да болмас. Тапсырма пәнін
осылайша түсіну сенім білдірілген өкіл шарт бойынша ол арнайы білімдер
немесе дағдыларды меңгеруге байланысты тартылғанда ерекше маңызды
болады[1].
Осы айтылғанға сүйене отырып, тапсырма пәнін не нақты іс-әрекеттер
қызмет көрсетулер, не толығымен анықталған деп атауға болмайтын қызмет
көрсетулер құрайды деген қорытынды жасауға болады. Олардың қатарын,
шектерін тапсырма шартының құқықтық мақсатына сүйене отырып белгілеуге
болады.
Шарт пәні анықталатын сенім білдурішінің нұсқаулары нақты заңды және
жүзеге асырыла алатын болуға тиіс. Нақтылық, бірінші кезекте, сенім
білдіруші қол жеткізуге ұмтылған құқықтық нәтиженің толық айқындылығын
білдіреді. Мысалы, сенім білдіруші үшін мүлікке абстрактілі мүліктік
құқықты алып беруге қатысты тапсырма беру мүмкін емес, Сенім білдірілген
өкілге қандай заттық құқық немесе қандай міндеттемелік құқық туралы сөз
болып отырғандығы көрсетілуге тиіс (сенім білдіруші тиісті заңдық
құрылымдарды білмеуі мүмкін деген оймен-ақ). Бұл айтылған ой-сенім
білдірілген өкілге сенім білдіруші үшін құқықты баламалы таңдау мүмкіндігін
беру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мұндай жағдайда белгілі бір құқықтық
механизмнің көмегімен қол жеткізуге ұмтылатын іс жүзіндегі нәтиже туралы
түсініктер нақты болуға тиіс (яғни жасалатын мәмілелердің шығындалу
дәрежесі және пайдалылық дәрежесі және т.б.).
Тапсырманың заңдылығы азаматтық құқықта тұрақтанған заңдылықтың жалпы
позициялары тұрғысынан бағалануға тиіс. Сондықтан тапсырма аясында
жасалатын іс-әрекеттер жария құқықтың да, жеке құқықтың да белгіленген
нормаларына қайшы келмеуге тиіс. Олар азаматтық құқықтың негізгі
бастауларына - саналылық, әділеттілік және адалдық талаптарына қайшы
келмеуге, құқықты теріс пайдалану сипатында болмауға, басқа тұлғалардың
және қоғамның мүдделеріне зиян келтірмеуге тиіс.
Біздің ойымызша, заңдылықпен жүзеге асырыла алушылық өзара тығыз
байланысты түсініктер. Жалпы алғанда, заңды болып табылатынның бәрі жүзеге
асырыла алады. Бұл үшін мемлекет тиісті құқықтық "инфрақұрылымды" құрады.
Сирек жағдайларда құқықтық мүмкіндік пен тапсырманы іс жүзінде жүзеге асыра
алу арасында алшақтық орын алуы мүмкін, бұл өз нәтижесінде сенім
білдірілген өкілге заңды іс-әрекеттердің толық кешенін сенім білдіруші
пайдасына жасауға мүмкіндік бермейді. Мысалы, сенім білдірілген өкіл
тауарды шалғайда жатқан (жетуге қиын) жерден шығару шартымен сатып алу-сату
шартын бекітуі мүмкін, бірақ тауарды шығара алмауы мүмкін. Біздің ойымызша,
егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, мұндай тапсырма жалпы
жүзеге асырыла алмайтын деп танылуға тиіс. Тараптар қалыптасқан жағдайға
сүйене отырып, тапсырма шегін тек сатып алу-сату шартын бекітумен ғана
шектей алады.
Кейбір жағдайларда заңды іс-әрекеттердің (жүзеге асырыла
алмайтындығын жүзеге асырыла алмаушылықтың қатаң формалдылығы туралы сөз
болып отыр) жеңу мақсатымен әдейі берілуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір тұлға
(потенциалды мұра қалдырушы) із түзсіз жоқ болып кетті. Сенім білдіруші
(мұрагер бола алатын) мұрагерлік құқықтық қатынастарға түскісі келіп,
мұрагерлікпен байланысты белгілі бір іс-әрекеттерді нақты тұлғаға өзінің
сенім білдірілген өкіліне тапсырғысы келеді. Жоғарыда аталған тұлғаның алу
фактісін сот анықталғанға дейін мұраға алу жүзеге асырыла алмайды. Бірақ
тапсырма барлық іс-әрекеттерді жасауға тұлғаны өлді деп жариялаумен
байланысты. Ерекше өндірісте сенім білдірушіні білдіруге және оның
мұрагерлік құқықтарын жүзеге асыруға беріле алады.

2.4. Тапсырма шартының мазмұны
Тапсырма шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін
қарастырайық. Сенім білдіруші сенім білдірілген өкілдерге аталған
талаптарға сәйкес қажетті нұсқаулар беруге міндетті. Мұндай нұсқаулардың
нысаны жазбаша да ауызша да бола алады. Тәжірибеде жазбаша тапсырма шартын
бекіту тек сенімхат беруімен жиі алмастырылады. Сенімхат та белгілі бір
шамада сенім білдіруші нұсқауларының мазмұнын түсінуге көмектесе алады.
Сенім білдіруші нұсқаулар берумен қатар, сенім білдірілген өкілді
тапсырманы орындау үшін қажетті қаражат пен де қамтамасыз етуге міндетті.
Сенім білдірілген өкіл егер тапсырманы орындау үшін қажет болатынның
бәрімен қамтамасыз етілмесе, тапсырманы орындауға кіріспеуге құқылы болады.
Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген талсырманы сенім білдірушінің
нұсқауларына сәйкес орындауға тиіс. Тапсырманың орындалуының нұсқауларға
сәйкестігін немесе сәйкес еместігін түсіну, көбіне сенім білдірілген
өкілдің жеке басына байланысты болады, яғни ол кәсіптенген бе әлде
тұрмыстық тапсырманы орындаушыма. Бірінші жағдайда жоғарыда атап
өткеніміздей, нұсқауларға сәйкес келу тиісті нұсқауларға қайшы келмеушілік
ретінде қабылдануы мүмкін. Тұрмыстық тапсырма кезінде сенім білдірілген
өкілмен жасалатын іс-әрекеттердің сенім білдірушінің нұсқауларына дәлме-дәл
сәйкес келуі туралы айтқан орынды болар. Екі жағдайда да сенім білдірілген
өкіл сенім білдіруші қайсысына қол жеткізуге тілек білдірсе, сол құқықтық
нәтижеге қол жеткізуге тиіс. Сснім білдірілген өкіл сенім білдірушінің
нұсқауларынан тек ерекше жағдайларда ғана шалыс кетуге құқылы. Оларға
тапсырманы бастапқы түрінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим жеке құқындағы міндеттеме және шарт туралы ілім
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Шарт ұғымы және оның түрлері
Ақысыз шарттар
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Сый алушының құқықтары мен міндеттері
Сыйға тарту шартының мазмұны
Рим құқығынан кешен
Пәндер