Халықаралық өндірісті кооперациялау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. Негізгі құралдар және тұрғын үйлерді, ғимараттарды, өткізгіш жабдықтарды пайдалануға қабылдағанда күрделі құрылыстан: машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын алғанда; шаруашылықтың өзінде өндірістік және шаруашылық шығындарды дайындағанды; жас төлдерді негізгі табынға ауыстырғанда; көпжылдық екпелерді негізгі құралдардың есебіне алғанда; тегін пайдалануға түскенде және басқа кәсіпорындарынан сатып алғанда түседі.

Күрделі құрылыстан, сатып алынған, тегін пайдалануға алынған объектілерді қабылдағанда және негізгі құралдарды шаруашылықтың өзінде дайындағанда әрбір объектіге негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі жасалады. Оларға шаруашылық инвентарының, аспаптың және жабдықтың бірнеше объектілерін қабылдау, егер олар бір типте және бірдей құнды болса, хаттануы мүмкін. актыларда объектіге сипаттама беріледі, оның техникалық жағдайларға сәйкес келуі, жинаудың нәтижелері және басқалары көрсетіледі. Оларды білікті қызметкерлерден тұратын комиссия жасайды. Бекітілгеннен кейін акты және техникалық құжаттар (паспорттер, чертеждер, схемалар) бухгалтерияға беріледі. Бухгалтерия оларды негізгі құралдарды есептеудің инвентарлық карточкаларын толтыру үшін пайдаланылады. Шаруашылыққа түскен негізгі құралдарды сақтауға материалдық жауапты адамдарға береді. Оларды бір өндірістік бөлімшеден екіншісіне беруді чек-наклоднойлар бойынша жүргізіледі. Олар инвентарлық карточкаларға объектілердің тұрған жері және материалдық жауапты адамдар туралы өзгерістерді енгізуге болады.

Негізгі құралдардың таңдамалық есебін бухгалтерия инвентарлық карточкадаларда жүргізіледі. Олар әрбір инвентарлық объектіге ашылады. Берілген өндірістік немесе шаруашылық міндеттері және техникалық сипаттамалары ұқсас, құндары бірдей және бір өндірістік бөлімшеде тұратын бір типтік қатардың шаруашылық инвентары, аспаптарды және басқа заттарды шығарып тастағанда мынадай инвентарлық карточкалар қолданады: үйлер мен ғимараттар үшін (ф. №ОС-6) ; машиналар, жабдықтар, аспаптар, өндірістік және шаруашылық инвентары үшін (ф. № ОС-7) ; негізгі құралдарды топтап есептеу үшін (ф. №ОС-9) . Оларды түскен негізгі құралдарға, техникалық паспорттарға және басқа құжаттарға жасалған актылардың негізінде топтастырады. Объектілерді және олардың жеке конструктивтік бөлшектерін сипаттау қысқа болуы және объектінің өзіндік ерекшеліктерін дәл бейнелеу, техникалық құжаттардың мәліметтерін толық қайталамауы тиіс.

Бухгалтерияда толтырылған инвентарлық карточкаларда негізгі құралдарды есептеу бойынша инвентарлық карточкалардың тізімдеріне тіркейді. (ф. №ОС-10) Олар негізігі құралдардың әрбір классификациялық тобы бойынша бір данадан жүргізіледі.

Тіркегенде карточкаларды нөмірлейді, одан кейін арнаулы карточкаға орналастыруда, мұнда олар негізгі құралдардың классификациялық топтары, ал бұл топтардың ішінде пайдаланатын жері және бұл топтардың ішінде пайдаланатын жері және материалдық жауапты адамдар, негізгі құралдардың салалық мақсаттағы өндірістік, басқа салалардың өндірістік және өндірістік емес бөліну түрлері бойынша сақталады. Карточкада мынадай бөлімдер қаралады: «Ағымдағы айда шығарылады», «Ішкі ауыстыру», «жөндеуде», «қорда», «тоқтатылып қойылады», «жалға берілген негізгі құралдар», «жалға алынған негізгі құралдар», «актив». Айдың барысында бұл бөлімдерге тиісті карточкалар орналастырылады; айдың аяғында алғашқы үш бөлімдердің карточкалары 01 счетта есепке алынған айналымдармен салыстырғаннан кейін картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Объектілер жөндеуден немесе жалгерлерден қайтарылғаннан, тоқталынып қою аяқталған қордан пайдалануға берілгеннен кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне таратылып салынады. Шығарылған негізгі құралдардың карточкалары картотеканың «Архив» бөліміне орналастырылады. Карточкаларды дұрыс жүргізу негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысын тиісінше есептеп және бақылауды қамтамасыз етеді. Негізгі құралдарды жылдық түгендеуде жасалатын негізгі құралдардың (ф. №Нав-1) жұмысшы және өнім беретін малдардың (ф. №162), көп жылдық көшеттердің (ф№163) . Түгендеу тізімдері негізгі құралдарды есептеудің дұрыстығы мен сенімділігін айғақтайтын маңызды құжаттар болып табылады.

Айдағы әрбір классификациялық топ бойынша айналымдар мен қалдықтардың жиынтығы негізгі құралдардың қозғалысын есептеу айналымдар мен қалдықтар жазылады, одан кейін оларды 01 счет бойынша бас кітаппен салыстырады. Объектілерді қабылдау актылар немесе чек-наклоднойлар бойынша іске асырылады. Олар негізгі құралдардың инвентарлық тізіміне жазу үшін негіз болады. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда тұрады, оларды жедел мақсаттар үшін пайдаланады. Тізімдер мен инвентарлық карточкаларының мәліметтері сәйкес келу тиіс. Негізгі құралдарды тұрған жері (пайдаланатын) бойынша есептеу бухгалтерия жазып беретін инвентарлық карточкаларда жүргізілуі мүмкін. бухгалтерияның карточкасы мен пайдаланатын жердегі карточкаларының мәліметтері ұқсас болуы тиіс.

2. Салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың ара қатынасынан тұрады. Біріншісі - салық төлеушілердің табысы мен мүлкінен алынатын мемлекет түсімі, екіншісі - тауар бағасына немесе қызмет көрсетуге үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Тікелей салық салуда ақша қатынастары мемлекет пен қазынаға енгізетін төлеушінің өзімен тура болады.

Жанама салықтың субьектісі, мемлекет пен төлеуші арасьында болатын делдал, яғни тауар сатушысы болып табылады.

акциз салығы кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады, сондықтанда үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Бұл салық, әрқашанда тауар бағасының өсуімен бірге өсіп отырады, сөйтіп бюджеттің тұрақты, әрі тиімді қаражат көзі болып табылады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты мүлік түрлерінің әрқайсына төленетін, жеке және заңды түлғалардың кіріс көздерінен немесе декларация бойынша алынатын салықтар болып бөлінеді.

7. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңымен зейнетақы реформасы басталды, нәтижесінде 3 қосарлас зейнетақы жүйесі қызмет етеді, атап айтқанда:
толық ортақтас жүйе - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткер жасында болғандар үшін;
аралас жүйе - зейнетақы жоғарыда аталған күннен кейін белгіленген және осы уақытта белгіленетін зейнеткерлер үшін;
жинақтау жүйесі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс өтілі болмаған (немесе жарты жылдан кем болған) адамдар үшін.
халық қартайған сайын алдыңғы екі жүйе кеми бастайды да жинақтау жүйесіне толық жол беретін болады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңның нормалары 2001 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы төлемдері ерлерге 63 жасқа, әйелдерге 58 жасқа толысымен тағайындалады деп белгіледі.
Осы заңның 13-бабына сәйкес 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, жұмысындағы үзілістеріне қарамастан, кез келген 3 жылғы орташа айлық кірісінің 60 пайызы есебінен есептеледі. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңдегі орташа айлық кірістің көлемі жинақтау зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары аударылған кіріске сәйкес белгіленеді.

14. Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл - валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды (интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.

Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.

Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:

қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржи ресурстарын жұмылдыру;

халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;

халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.

15-16

Қазіргі жағдайда кез - келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан - жақты дами алады.

Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи - географиялық, ұлттық, әлеуметтік - саяси құрылымы бойынша, бір - бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдәк щаруашылыққа бірте - бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр, сондай - ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдрдің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Буның өзі кәсіпорындардың ғылыми техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ, бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдалақтарының құралы.

Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт ағымынан кейін артта қалып отыр, демек, тағы да бір мойындайтын қағида : ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭК-тар пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды.

ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.

Сонымен, әлемдік экономика - экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылымтарды да зерттейді. Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа зозылатын процесс. Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда -экономикалық, қаржылық және ғылыми -техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.

Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның , яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік -экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы - ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама -қайшылықтар болып тұрады.

Дегенмен, өндірістің классыкалық капиталистік әдісі өзінің даму заңдылықтарында ұлттық шекарадан шығып халықаралық деңгейге жетті. Еңбекі бөлудің интернационалдық жүйесі машина индустриясының пайда болуына байланысты болды. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті. 1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды. Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.

Әрине, дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды. Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды. Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді. Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға : баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары
Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы
Антидепрессанттар
Халықаралық өндіріс
Кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жолдары
Қазіргі заманғы өндірісті басқару теориясы
Өндірісті құрамдастыру, өндірісті мамандандыру, өндірісті кооперациялау, өндірісті шоғырландыру
Шикізатты кешенді пайдалану
Халықаралық экономикалық интеграция туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz