Кәсіпкерлік мемлекеттік реттеу


2 сұрақ
2. 1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» № 2227 жарлықтың эрекеті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда ¥лттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы жэне бағалы кағаздармен жүргізілген мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге кор биржасын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т. б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.
Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеуші органдар инвесторлардың қаржьюын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.
Бірініиіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқықтық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқығы бар. Ол үшін оларға мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және с. с. үлкен өкілеттілік берілген.
1. Приватизация процессі кезіндегі қозғалмайтын мүлікті сату кезінде заңмен көрсетілген приватизация туралы арнайы ережелер қолданылады.
Кәсіпорынды жекешелендіру тәртібімен сату ерекшеліктері жекешелендіру туралы заң актілерімен белгіленеді.
Кәсіпорынды сату қозғалмайтын мүлікті сатып алу - сату шартының бір түрі болып табылады. Азаматтық кодексте «кәсіпорын » түсінігі екі мағынада қолданылады. Құқық субъектісі ретінде. Құқық объектісі ретінде кәсіпорынның мағынасы мүліктің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі. Біріншіден, кәсіпорын - бұл кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін арналған мүлік. Сондықтан, ол негізінен жеке және коллективті кәсіпкердің иелігінде болады. Екіншіден, кәсіпорын - бұл бір мүліктік кешен. Ол тұтынбайтын, күрделі зат. Үшіншіден, кәсіпорын - бұл қозғалмайтын зат. Пәні кәсіпорын болып табылатын мәмілелер екрекше талаптарға бағынады.
1. Кәсіпкерлік құқық дегеніміз - кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс - әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес, (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді.
- кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез келген ақыл - есі дұрыс, жасы
толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар;
- Кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері
мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) теңдігі;
- Бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу;
- Кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;
- Кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық;
- Кәсіпкерлік мемлекеттік реттеу.
2. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық - әкімшілік бөлімдер жатады. Субьектілердің әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай - ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін: 1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланылады; 2) кәсіпкерлік қызметпен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен атық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі салық органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылған мүмкін. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатыдаы.
Жеке кәсіпкерлік субьектілерге мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері. Жеке кәсіпкер:
- еңбек заңдарына сәйкес жалдау бойынша алатын азаматтармен
шарттар (келісімшарттар), сондай -ақ еңбек ұжымдарының талабы бойынша ұжымдық шарттар жасауға;
- жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік - экономикалық
мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігуіне кедергі жасамауға;
- жалданып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң
актілеріне белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес деңдейде төлеуге;
- қолданып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала
отырып экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өндірістік гигиена мен санитарияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға;
- салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
дер кезінде толық төлеуге және мемлекеттің алдында басқа да қаржы міндеттемелерін орындауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға
жататын салаларда қызметіне, арнайы келісім (лицензия) алуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген өзге де
талаптарды сақтауға міндетті.
1. А. И. Худяков валюталық заңнаманы, банктік заңнаманы арқау етіп валюталық реттеудің құқықтық негізін сипаттау нәтижесінде валюталық құқықты (дербес құқықтық институт ретінде) қалыптастыру ісіне өз үлесін қосты деп айта аламыз. Алайда А. И. Худяковтың валюталық реттеудің құқықтық негіздері жөніндегі кейінгі көзқарасы ықшамдалып, көкейтесті проблемалар мен мәселелерді шешу жолдарын және т. б. өзекті мән-жайларды ашып көрсетпей, тек 1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған «Валюталық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңдар негізінде түсіндірме-сипаттама жасаумен шектелген.
1996 жылы 24 - желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды. Қазақстанның шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері - республикада қабылданған заңдарда айқындалған.
1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерісмен есептелетін жағдайға жетті.
2.
Ұлттық банк жүргізген валюталық бағам саясаты нарықтық жағдайлардың қысқа мерзімді өзгерістерінен туындайтын теңгенің алмастыру бағамының (динамикасын) қозғалысын реттеуге бағытталған. 1995 ж. қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу түріндегі Ұлттық банктің интервенциясы оларды нарықта сату формасындағы интервенциясымен сай келді.
1995 ж. екінші жартысында өтімді нарық құруда Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорынның ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.
1995 ж. алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 ж. сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.
Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді. Сонымен қатар әр түрлі елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар жүргізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz