Дератизациялық әдістер мен тәсілдер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
А)Дератизация түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық
маңызы, әдістері мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Б) ҚР аумағында тіркелген дератизациялық препараттар ... ... ... ... ... ..6
В) Мал қораларына дератизация жүргізу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..7
Г) Дератизациялық жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
IV. Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

І Кіріспе
Дератизация(де... және лат. rat - егеуқұйрық) - індет ауруларын тарататын кеміргіштерге(егеуқұйрық, тышқан, т.б.)қарсы күрес.
Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкірттіангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.[2]
Дератизация егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу (профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және құрылыс маңындағы жер телімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау жатады. Ал санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты -- тұрғын үйлерде, қоймалар мен сауда орындарында, мал қораларында кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу. Ол үшін подвалды үйлердің есіктері қиюына келтіріліп, тығыз жабылуы тиіс; сондай-ақ терезелер әйнектеліп, құбырлар енетін саңылаулары цементпен бітеліп, желдеткіштердің тесіктері де 5 мм-лік ұяшығы бар торлармен жабылуы қажет. Кеміргіштерді жою шаралары механикалық, химиялық және биологиялық тәсілдермен жүргізіледі. Механикалық шараларға әр түрлі қақпандар мен ұстағыштар жатады. Қақпандардың серіппелі үлкен (егеуқұйрықтарға арналған) және кішкене (тышқан қақпан) түрі коп қолданылады. Химиялық тәсілге уланған жемді пайдалану жатады; у ретінде көбіне зоокумарин қолданылады. Ал биологиялық тәсілмен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізгенде олардың табиғи жаулары мысықтар мен егеуқұйрық ұстайтын иттерді пайдаланады.

ІІ Негізгі бөлім
А)Дератизация түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы, әдістері мен тәсілдері.
Дератизация (de - жоямын, ratus - егеуқұйрық) - әртүрлі ауруларды тасымалдаушы болып табылатын және шаруашылықтарға үлкен зиян тигізетін кеміргіштермен күресу шараларының жиынтығы.
Елімізді мекендейтін 332 түрлі сүтқоректі жануарлардың 132-сі кемірушілерге жатады. Оның ішінде індет таратуға қатыстылары синантропты деп аталатын адамның мекен-жайын төңіректеп тіршілік ететін 3 тұқымдастыққа жатады:
1. Тышқан тәрізділер: егеуқұйрықтар, үй тышқаны.
2. Атжалман тәрізділер: сұр тышқандар, құмтышқандар, атжалмандар
3. Тиінтектестер: суырлар, саршұнақтар.
Мал қораларына тышқандар мен егеуқұйрықтар орасан зор зиян келтіреді. Әрбір егеуқұйрық жылына 20 кг, ал тышқан 1,8 кг дән жейді. Жас төлді тістеп, жаралап, кейде торайлар мен балапандарды жеп те қояды. Бұл кемірушілердің келтіретін басты зияндарының бірі - олардың әр түрлі аурулар таратуы. Ауру қоздырушы микробтардың бір бөлігі бұл зиянкестердің арасында ауру тудырады, ал басым көпшілігі ауруды ешқандай белгісінсіз микроб алып жүруге сөқтырады. Инфекция қоздырушылары кемірушілердің бірінен біріне сыртқы тоғышарлар арқылы немесе жұғу факторлары арқылы тарайды. Осы аталған кемірушілермен күресу шараларын ұйымдастыру қажет.
Дератизация профилактикалық және жою шаралары болып бөлінеді.
Профилактикалық шараларға:
Санитариялық-техникалық шаралар жүргізу:
- құрылыс-техникалық нормаларының сақталып, кеміргіштердің ғимаратқа енуіне және індерін салуға кедергі жасау. Құрылыс жүргізгенде еден астында, төбе жабынында бос кеңістік қалдырмау;
- кеміргіштерді азықтан, судан айыру арқылы олардың көбеюіне кедергі жасау;
- азық пен суды кеміргіштерден қорғау.
- Санитариялық шаралар жүргізу (қораларды, территорияны ластамау және б.), тәртіп пен тазалықты сақтау, әсіресе ет сақтайтын және ет соятын жерлерде. Санитариялық шаралардың ең маңыздысы қалдықтарды дұрыс өңдеу (өртеу, компостау, өңдеу).
- Агротехникалық шаралар - кеміргіштердің өмірі мен көбеюіне кедергі жасайды (арамшөптерді жою, жерді дұрыс жоспарлау, уақытында егінді жинау).
Дератизациялық әдістер мен тәсілдер
Физикалық әдіс (кеміргіштерді жалпы жоймайды).
Кеміргіштерді әртүрлі алдап ұстауға негізделген механикалық құралдар - қақпандар, буындырғыштар (кеміргіштер аз болғанда ыңғайлы), т.б. қолданылады. Бұл тәсіл қорада да әрі басқа территорияларда да жүргізіледі. Сонымен қатар механикалық әдіске кеміргіштердің інін сумен толтыру (сарышұнақтарға қарсы), жабысқақ композицияларды (конифоль және костов майы, литографиялық лак, қою сірне) және электрлік қондырғыштарды ("электродератизаторлар") қолдану жатады. Бұл әдісті: территорияларда, қораларда кеміргіштердің бар-жоғын және дератизация шараларының тиімділігін анықтау үшінде қолданады.
Физикалық әдіс әртүрлі стационарлы және тасымалданатын ультрадыбыстық қондырғыларды немесе қорғаныс дератизациялық жүйелерді пайдаланады (алайда тиімділігі өте төмен). Үркіткіштер кеміргіштерді қорқытатын ультрадыбысты шығарады, ал дератизациялық қорғаныс жүйелері кеміргіштер жақындаған кезінде импульсті тоқпен ұрады.
Физикалық әдіс химиялық немесе биологиялық әдістермен қосылып пайдаланса оның тиімділігі жоғары.
Ең тиімді әдіс ол химиялық әдіс болып табылады. Ол улы заттарды қолдануға негізделген. Улар организмге ену жолдары арқылы өкпелік, ішектік (алдамыштық және алдамыштық емес) болып бөлінеді.
Биологиялық әдіс. кеміргіштердің табиғи жауларын (ит, мысық) және адамға қауіпсіз бактериалды культураларды қолдануға негізделген. Бактериалды культуралар ретінде көбінесе сальмонеллалар қолданылады. Оларды ет пептон сорпасында, сүт немесе ашытқы сұйық ортасында, құрғақ және жартылай құрғақ сүйек үгінділері орталарында өсіреді. Бактерия өсінділерін азық алдамыштары ретінде қолданады. Ауру кемірушілердің жаппай өлімімен аяқталады. Бұл бактериялардың препараттары 6-19 тәуліктен кейін 100% тышқандарды, 60-90% егеуқұйрықтарды жояды.
Аралас әдіс. Кеміргіштерді жоюдың ең тиімді әдісі, себебі антикоагуляциялық әсері бар улы заттарды бактериалдық культурамен бірге қолданады. Бұл мақсатта бактериалық культуралар мен зоокумариннің қосылысы- бактокумаринді пайдаланады.
Нағыз бактериалды препараттардан бактокумариннің ерекшелігі бактериялардың қоректік орталарын сілтілі реакция жасау үшін қолданылатын сілтінің орнына зоокумариннің натрий тұзын қосады. Қолдануға дайын бактокумаринде бактерия культурасына теріс әсерін тигізбейтін 0,07-0,15% концентрациясында у болады.

Дератизациялық тәсілдер
1. Алдамыш тәсілі - уланған алдамыштарды қолдануға негізделген;
2. Тозаңдау тәсілі - кеміргіш індерін умен тозаңдаумен іске асырылады;
3. Улы көпіршік тәсілі - ылғалды қора жайларда жүргізіледі;
4. Жабысқақ заттар тәсілі - жабысқақ желім сияқты заттарды қолдану арқылы іске асады;
5. Газдау тәсілі - кеміргіштерді жою үшін улы газдар қолданылады.

Родентицидтер
Родентицидтер - (лат. rodentis - кеміргіш, caedo-өлтіремін) кеміргіштерді жоюға арналған улы препараттар.
Барлық улар шығу тегіне қарай өсімдік тектес және синтетикалық болып бөлінеді.
Родентицидтер негізгі екі топқа бөлінеді: жіті және созылмалы. Жіті әсер ететін улар, организмге бір рет енгеннен кейін, қысқа мерзім ішінде өлім тудырады (0,5-24 сағат), (неорганикалық: натрий кремнефтор, көмірқышқыл барий, сары фосфор, цинк фосфиді; органикалық синтетикалық: крысид, барий фторацетаты, монофторин және б.). Созылмалы әсер ететін улар (Кумарин тобынан: зоокумарин, кумахлор, дикумарол, және б.; индадион тобынан: дифенацин, ратиндан және б.) улы алдамышта жегеннен кейін бірнеше тәуліктен кейін уландырғыш әсер етеді. Препараттардың бұл жиынтығы бүкіл әлемде шектеулі, әрі бірдей.
Родентицидтер әртүрлі түрде қолданады: ұнтақ, сұйық және суспензия, паста, шаң, газ, көпіршік және б.
Жіті әсер ететін препараттардан жасалған алдамыштарды бір рет жегеннен кейін кеміргіштердің өлімі туындайды. Оларға: күкіртқышқылды барий, мырыш фосфиді, сары фосфор, мышьяк қосылыстары, т.б. бейорганикалық қосылыстар жатады.
Сонымен қатар өсімдік тектес органикалық заттар: сциллирозид, крысид, тиосемикарбазид, промурит, барий және натрий фторацетаты, т.б.жатады.
Созылмалы (кумулятивті) әсер ететін препараттардың әсері ұзақ, латентті кезеңмен сипатталады. Бұл препараттар жануардың организмінде біртіндеп жиналып, уақыт өте келе организмде биохимиялық және патологоанатомиялық өзгерістерге, нәтижесінде өлімге әкеледі. Оларға: зоокумарин, кумахлор, дикумарол, дифенацин, фентолацин, т.б. препараттар жатады.
Біртіндеп әсер еткен жағдайда кеміргіштердің сақтанушылығын туғызбайды. Кеміргіштер желінген алдамышты улы жем мен ауру шығу аралығын аңдымай қалады да, жемді жей береді. Сол себепті антикоагулянттар жоғары нәтижелі болады.

Б) ҚР аумағында тіркелген дератизациялық препараттар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН ДЕРАТИЗАЦИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР
oo Ракумин- көгілдір түсті ұнтақ. Әсер ететін заты: куматетраил -0,75%. Улылығы 3 класс. Шығару түрі ұнтақ.
oo Гельцин - сарғаш түсті гель тәрізді масса. Әсер ететін заты: техникалық трифенацин (0,2% мөлшерінде). Улылығы 3 класс. Шығару түрі : гель.
oo Индан-Флюид - жабысқық майлы сұйық концентрат. Әсер ететін заты: изоиндан -0,25% немесе хлорфацион - 0,25. Улылығы 3 класс. Шығару түрі : сұйық концентрат.
oo Клерат - қызғылт түсті гранулалардан тұрады. Әсер ететін заты: бродифакум - 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : гранула. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дератизация
Дератизациялық шаралар және родентицидтер
Дератизация әдістері мен тәсілдері
«Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары»
Қазақстанның кейбір облыстарындағы мал қораларында кезігетін кеміргіштердің түрлері
Өндірістік бақылау бағдарламасына қойылатын талаптар
Тұрғындардың аллергияға ұшырауы. Қатерлі ісік аурулары. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру
Аурудың алдын алу
Пәндер