Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар. Үйректерді күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған :
Тексерген :

Алматы 2013

Жоспар

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-31
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6 - 9
2.1.2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 .Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық
талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу. ... ... ... ... ... ... ... 9-12
2.3.Ауылшаруашылық құстарын азықтандыру және құс азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, құс азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 -16
2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау
шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-18
2.5 Үйректі күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық- гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-27
2.6 Құс шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақттаудағы профилактикалық, санитариялық-гигиеналық шараларын белгілеу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27-30
2.7 Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған
ветеринариялық-санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30-31
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32-33
IV Қолданылған әдебиеттер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

I Кіріспе
Үйрек шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласa. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда үйректың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.
Дербес шаруашылық жағдайында үйрек өсіру өте ыңғайлы да тиімді. Өйткені құс басқа мал сияқты жайылып, ірі азықтарды қажетсінбейді. Аула ішінде, арнайы қоралардан шығармай өсіруге бейім. Оның үстіне өсу, жетілу, көбею қабілеті де басқа малмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Ал өнімге азық жұмсауы әлдеқайда төмен. Мысалы, қосқан әрбір килограмм салмағына ірі қара 10-12, қой - 8-10, шошқа - 6-8 азық өлшемін жұмсайтын болса, құс 3-5, ал тез жетілгіш етті бағыттағы балапандар (бройлерлер) - 1,5-2 азық өлшемін жұмсайды.
Қазігі уақытта елімізде өндірілетін құс еті мен жұмырқасының 13 бөлігі дербес шаруашылықта өсіріліп отыр. Бұл азық-түлік программасын орындауға елеулі септігін тигізеді. Медециналық мөлшерлер бойынша адамды жылдық ет және ет өнімдерімен қамтамасыз етуде, олардың біршама бөлігін жеңіл қорытылатын, диеталық, емдік қасиеті жоғары құс еті толықтыруы қажет. Үйрек жұмыртқасы да тіршілікке қажеті барлық амин қышқылдарымен толықтырылған өте құнарлы тағам.
Дербес шаруашылықта үйрек өсірудің тиімділігі- оларды азықтандыруда асхана, бақша және қорық қалдықтарын толығымен пайдалануға болады. Ауыл маңындағы басқа малды жаюға келмейтін көлшіктердің, бұлақтардың жағалауын пайдаланып, құс өнімін неғұрлым арзандатуға болады.
Құстың дәмді де шипалы етімен және жұмыртқасымен қоса олардан өте жеңіл де жылы қауырсын, ал қалдықтарынан қорыққа өте құнды органикалық тыңайтқыш алынатынын ескерсек-үй құстарының дербес шаруашылықта өсіруге өте қажетті де, пайдалы екеніне көзіміз әбден жетеді. Сонымен қатар оларды өсіретін қораны да жеңіл, қолда бар құрылыс материалдарынан-ақ тез тұрғызуға болады. Күтімі де күрделі емес. Бала-шаға-ақ күте береді. Басқа малдай өнімін де жылдың белгілі мерзіміне қарамай, жыл бойы біркелкі алып тұруға болады.
Бұл өте жауапты маңызды іс. Оны дұрыс ұйымдастыру үшін табын құру, құстарды шағылысқа қосу және пайдалану мерзімдерін анықтау; табын құрылымын және айналымын белгілей, құс тұқымын асылдандыру жұмыстары орындалуға тиіс [6].

Бардық өндірістік циклдер өздерінде атқарылатын құс фабрикаларында тұқымға қалдырылатын балапандарды өздері өсіріп, үйректердің тәуліктік балапан шығауға арналған ата-аналық табынын құрып отырады.
Құстардың табын құрылымы құс фабрикасы мен фермаларының мамандандырылуына, құстың жасына, жыныстық жетілу ерекшелігіне, шаруашылықта пайдаланылатын мерзіміне, құсты күту және оның табынын тәсілдеріне байланысты болады.
Үйректерді тордың ішінде ұстап күтетін шаруашылықтарда бір жыл ғана пайдаланады, еденде еркін ұстайтындар - екі жыл, ал асыл тұқымды құс өсіретіндер үш жыл пайдаланады. Мұның себебі мекиендердің жұмыртқалағыштығы екінші жылы 15-20%, ал үшінші жылы 20-30 процентке азайып отыруындаҮйрек өсіргенде әрбір 6-7 аналыққа бір ата үйрек ұстау керек, аналықтардың бір жасқа дейінгісі 70% болуы тиіс. Күркетауық өсіргенде әрбір 10-11 мекиенге бір әтеш, ал мекиендердің бір жасқа дейінгісі - 80, екі жастағысы - 15, үш жастағысы 5 проценттен аспауы керек.
Құс өсіруде тұқым асылдандыруға ерекше назар аударылғаны дұрыс. Осы мақсатта құс фабрикалары мен фермаларда табынды жұмыртқа мен етті көп беретін гибридті құстардың кросстарымен құруға тырысады. Гибрид құстардың өнімділігі, өнімдердің сапасы анағұрлым жақсы болады және олардан алынатын балапандардың тіршілікке бейімделуі де артық болады.
Өндірістік үйрек шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады [1].

РЕФЕРАТ
Жұмыс: 34 беттен , 6-кестеден , 4- суреттен тұрады.
Түйінді сөздер
Дезинфекция ,дезөткел ,дезтөсеніш, санөткел,рацион ,профилактика, ветеринариялық емхана , ветеринариялық лаборатория , изолятор .

II Негізгі бөлім
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
Үйрек шаруашылығында қора -- жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен манызы бар. Үйректі өсіру және бағып-күту үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.
Үйрек өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Үйректерді бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне карай еденде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, үйректерді клеткаларда бағып - күтетін цех, жаз айларында бағып - күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшікті және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа - райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.Құс қоралардың жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогрессті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.
Үйрек шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті, интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады. [1]
Экстенсивті жүйе - көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды, ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермадағы ауыр жұмыстарды (азық тарату, көң тазалау т.б.) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
Интенсивті жүйе - жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді үйректерді клеткаларда және едендерде ұстап, технологиялық процесстерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауаттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе - үйректерді технологиялық процесстері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып немесе үйректер жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа уақытында - интенсивті жүйеде ұсталады.
Үйректі қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау тәсілі көбінесе, ет бағытындағы фермаларда қолданылады. Қалың төсеніштерде үйректерді ұстау үшін әуелі құрғақ, дезинфекцияланған және алдын ала қортылған хлорлы әкі ұнтағы себілген (әр кв.м. 0,5-1 кг) еденге қалыңдығы - 15 см төсеніш салып, соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш материалын қосып, жалпы қалыңдығы жыл аяғына дейін 25-30 см жеткізеді.
Мұндай төсеніштерде, биотермиялық процесстердің нәтижесінде, қыс айында температура 12-18ºС жетеді де, ал төсеніш аралығындағы сапрофитті микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В түзіліп, үйректер төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне қажет кейбір витаминдерді табады. Сол сияқты, құстарды қалың төсеніш едендерде ұстағанда, олар еркін қозғалыста болып, денсаулығына бір шама пайдалы әсері тиеді.
Мұнымен қоса үйректерді қалың жиналмайтын төсенішті едендерде ұстау кезінде айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен ұстаған кезде, үйректер белгіленген ұяларға жұмыртқаламай еденге түсіріп, олар ластанып тек тағамдық қана емес инкубациялық сапасын төмендетеді және жұмыртқаларды жинау қиынға түседі. Екіншіден, құстардың саңырық араласқан төсеніштермен ылғый денесі түйісіп, шоқып жеп альминтарлы (іштен) инфекцияға және инвазиялық (құрт) ауруларға шалдығуына қауіп төндіреді. Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төсенішті ұзақ алмастырмағанның нәтижесінде, онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеу үшін өте көп жаңа төсеніш қоры қажет болады (жылына әр құсқа 5-6 кг).
Үйректерді сырықты (планчатты) едендерде ұстау тәсілі кезінде арнайы ағаш сырықтардан құрылған (размері, көбінесе 2 м x 3 м) рамаларды қоралардың еденінен 80-85 см биіктікте, көлдеңнең орналастырады. Рамаларды жасауға қалыңдығы 1,5-2 см, жалпақтығы 4-5 см ағаш сырықтар (рейка) алып, құс саңырығына бөгет болмау үшін үстіңгі бетін тегіс, қырларын жұмырлап үстіріктеп, бір-бірінен 2,5-3,0 см қашықтықта орналастырады. Мұндай едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған арыққа түсіп, одан механикалық түрде арнайы сырғыш-қырғыш құрылымдардың көмегімен тазаланып отырады.
Сырықты едендерде ұстағанда үйректерге төсеніш қажет болмайды және олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың саңырығы еден тесігінен төмен түсіп кетеді де, олардың денесі таза болып, ауру жұқтыру қаупі төнбейді және құстардың орналасу сиымдылығы жоғарлайды. Бірақ, мұндай артықшылығымен қатар айтарлықтай кемшілігі болып, бұл сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей, тез істен шығып, жарамсыздануы саналады.
Үйректерді тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қарағанда тиімді болып есептеледі.
Ол үшін аса берік, ауыр салмаққа иіліп кетпейтін, сыртқы әсерлерге төзімді, әсіресе химиялық заттар мен газдарға, тот баспайтын (цинкпен, полиэтиленмен, резинамен қапталған) сымдардан ара қашықтықтары (тесігі) 3,5 x 3,5 см төркөздер (сетка) жасалып, жерден 60-70 см биіктікте, керіп орнатылады. Олардың астында көң жиналатын бетондалған арықтар жасалады. Бұл тәсілдің сырықты едендерден артықшылығы сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігі болса, кемшілігі ұзақ уақыт құс салмағына шыдамай, еден иіліп, салбырап кетеді де, оны жиі керіп отыруға қосымша еңбек жұмсалады және құстардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралуға тура келеді.
Арнайы клеткаларда үйрек ұстау тәсілі үйрек шаруашылығында, әсіресе ірі өндірістерде (фабрикалар) кең таралған. Бұл тәсілмен ұстау кезінде арнайы клеткалы батареялар (тізбегі) жасалып қораның ішіне бірден бес қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырып орналастырылады. Ол үшін үйректерді жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі топпен (бірнеше ондық) ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар жасалып тізбектеп орналастырылады.
Қазіргі кезде клеткалы батареяларда барлық негізгі технологиялық процесстер: азық жеткізу, суару, жұмыртқа жинау, саңырық тазалау, жуу, дезинфекциялау т.б. механикаландырып және автоматтандырылған. Клеткаларды қорада орналастырылуы тігінен және сатылы немесе каскадты жасалады. Құстарды клеткалы батареяларда ұстағанда, олардың орналасу қабатына байланысты, еденде ұстағанмен салыстырғанда 2-4 есе, қораның сиымдылығы артады. Онымен қоса клеткалы батареяларда құстарды ұстау кезінде жұмыртқалаудың жыл мезгілдеріне бөлінуі жойылады, өндірістің санитарлық жағдайы жоғарлайды, құстардың денсаулығын мезгілді бақылап отыруға қолайлы болып, азық шығыны кеміп, оларды ұстап ветеринариялық-зоотехникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік туады. Клеткалы батареяларда ұстағанда технологиялық процессті механикаландыру және автоматтандырудың нәтижесінде еңбек өнімділігі жоғарлайды.
Үйректерді клеткалы батареяларда ұстаған кезде тек қана оларды мол, құнарлы азықтармен қамтамасыз етудің ролі артпай, қорадағы микроклиматты, оның ішінде, жарықтану режимін қалыптаудың маңызы жоғарлайды.
Құнарлы азықтармен азықтандырып клеткалы батареяларда ұстаған құстардың, басқа серуенді тәсілмен салыстырғанда, жұмыртқаларының химиялық құрамы, биологиялық бағасы және тағамдық қасиеттері кем болмайды.
Құстарды клеткалы батареяларда ұстап, өсіріп-бағу оларды едендерде ұстау тәсілдерімен салыстырғанда айтарлықтай өзгешеліктері болады.
Үйректерді клеткалы батереяларда ұстағанда, олардың қозғалысы шектеледі және ондай тәсілмен ұстауға дағдыланбаған тұқымды құстар семіріп, кейбір органдарының қызметі бұзылып, жұмыртқалау қабілеті төмендейді. Сондықтан, клеткалы батереяларда ұстау тәсілдерін дамытумен қатар, ондай жағдайда ұстауға бейімдеуге арналған селекциялық жұмыстар жүргізілуі керек.
Үйрек бір жерден ауыстырмай ұстап өсіруді көп сатылы (фазалы) түрімен, яғни жас құстарды жиі орнын алмастырып отырып өсіргенді өндіріске енгізеді. Бірақ үйрек мезгіл-мезгіл орын ауыстырып өсіру кезінде оларға әртүрлі стресс факторлар әсер етіп, олардың тәбеті төмендеп, төзімділігі нашарлап, өнімі азайып және еңбек шығынын арттырады.[2]
Үйрек қоралары пешпен немесе бір орталықтан келетін ыстық сумен, ыстық бумен, ауамен және электр қуатымен жылытылады. Жергілікті жылытқыш ретінде қалқанды құрылғылар, жылытқыштар қосымша қолданылады, ал соңғы уақытта инфрақызыл сәулелі қондырғылар қолданылады. Балапандарды торларда бағып - күтетін қораларда механикаландырылған ағынды желдеткіштермен ұштастырылған ауамен жылыту жолын қолданған тиімді болады. Үйрек қораларында таза ауаны механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Желдеткіш арқылы келетін ауаның мөлшері үйректің тірідей салмағының 1 кг-на балапандар үшін 1,2-1,5 м3 болуы тиіс, ал ересек үйректерге -- 1 м3, ет үшін бордақыланатын балапандарға -- 5 м3 жазда, қыста -- 1,5 -- 2 м3 көлемде болуы керек. Үйрек қоралары табиғи түрде терезе арқылы желдетіледі яғни терезе жақтауына кере тартылған матадан ауа кіріп тұрады, мұнда өтпе жел болмауы тиіс. Жылытылатын үйрек қораларында отжағылатын қондырғылардың дұрыс-бұрыстығын бақылап, балапандарды уландыратын иісті газды болдырмайтын желдеткіш жүйесінің жұмысты жақсы атқару жағын бақылап отырған жөн. Механикалық желдеткіш балапандарды торда бағып -- күтетін қораларға, инкубаторлардағы күс соятын цехтарға, сондай-ақ құс еденде бағып күтілетін қораларға орнатылады.[3]

2.1.2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі.
Еден жағдайында күтіп -- баққанда құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады. Үйрек қораларының едені тақтайдан салынады ,түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек үйректерде торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікке орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған балапандары үшін 12х12 мм, ал 45 күн толған балапандар үшін 15х15мм. Үйрек қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Жас үйректерді арнайы бетондалған, көлемі 18x200 м бөлетін бордақылау алаңқайларында ұстаған тиімді. Себебі 5 басм тығыздықпен орналастырғанда 18 мың үйрекке дейін азықтандыруға болады. Бұл кезде өнімнің өзіндік құны 20-30 пайызға төмендейді. Тауықтарға арналған торлы қоршаумен қоршалды, оның биіктігі 1,6-2,2 м болады, ал үйректер және олардың балапандары үшін 0,5 -- 0,6 м, ал балапандарға 1,5 -1,6 м етіп жасалады. [5]
2.2 Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.
Ветеринариялық нысандардың негізгі міндеті - аурулардың алдын алу шараларын, ветеринариялық-санитариялық және емдеу жұмыстарын жүргізу және қадағалау әрі диагностикалық зерттеулерді жүргізу болып табылады.
Ветеринариялық нысандарға жататындар: ветеринариялық емхана, ветеринариялық пункт , ветеринариялық лабораторития және изолятор т.б.
Ветеринариялық емхана - бұл цикл аяқталғанша қызмет ететін малдәрігерлік үлкен мекеме. Ол ауру құстарға амбулаторлық және тұрақты (стационарлық) емдеу,диагностикалық зерттеу, сондай - ақ, шаруашылықтарда профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Емхана - амбулаторлық және станционарлық бөлімдерден тұрады.
Ветеринариялық орын (пункт) - әртүрлі мал шаруашылықтарына қызмет етуге арналған.Пункт ауру малға амбулаториялық және тұрақты көмек көрсетеді, сондай-ақ профилактикалық және ветеринариялық-санитариялық жұмыстар жүргізеді.
Ветеринариялық лаборатория - құс фабрикасы және асыл тұқымды мал шаруашылығында орналасып, соларға қызмет етеді.Лаборатория - диагностикалық зерттеулер, азықтың сапасы зерттеу , профилактикалық, емдік және ветеринариялық-санитариялық шаралар жұмысын жүргізеді.
Изолятор - барлық мал шаруашылықтарында орналасқан . Изоляторға ауру малды індет ауруына күдіктенгенде бөлек күтіп - бағады. Изолятор - бөлек , қоршаған , кіріп - шығатын жерінде дезинфекциялық өткел болуы тиіс.
Ветеринариялық-санитариялық нысандарға жататындар: сойыс - санитариялық пункті, карантиндік орын, дезөткел, дезтөсеніш, санөткел.
Сойыс - санитариялық орны (пункт) - малды еріксіз союға тура келгенде, малды сойып тексеру үшін , өлексені толық құртып, утильдеп, өңдеуге арналған.Пункттің екі бөлімі болады: малды соятын және өлексені утильдейді.
:: Карантиндік бөлімде - кешенге келіп түсетін жануарларды қабылдап, ветеринариялық - санитариялық өңдейді, диагностикалық шаралар жүргізеді. Каранитндік бөлменің көлемі ол жерде малды 30 күн ұсталатыны ескеріле отырып кешенге келіп түсетін мал басы санына байланысты алынады. Карантин ғимараты басқа мал шаруашылығы нысандарынан кем дегенде 100 м қашықтықта орналасуы кереек. Карантиндік ғимараттар қабырғамен қоршалады, кіргізу және шығару дезөткелдері болуы керек.
Дезөткел - фермаға кіріп-шығатын көліктің дөңгелектерін дезинфекциялау үшін қажет. Дезөткелді шаруашылық кіреберісіне орналастырады.
:: Дезтөсеніш - мұны қора алдына қызметшілер аяқ-киімін дезинфекциялау үшін төсеп қояды, әрбір қора алдында орналастырылады.
Санөткел- бұл малшыларға арналған санитариялық - тұрмыстық бөлме. Бұны шаруашылық территориясына кірер алдына орналастырады, осы жерден барлық шаруашылық қызметкерлері, фермаға келген адамдар да ветеринариялық - санитариялық режимді сақтау үшін өтеді.[5]

Қиды және саңғырықты сақтау технологияларына қойылатын ветернариялық - санитариялық талаптар.
Құсханалардың және қоршаған ортаның экологиялық жағдайына жағым-сыз әсер ететін факторларының бірі - құс саңғырығы. Орташа деңгейдегі құс фабрикаларынан күніне 60 тоннадай саңғырық шығады. Оларды тазалау, бір жағынан оңайға түспейді, ал екіншіден құсханалардың ылғалдылығын жоғарылатып, аммиак, метан, күкірттісутегі сияқты зиянды газдардың концентрациясын шамадан тыс көбейтіп жібереді. Саңғырықты дер кезінде залалсыздандырып отырмаған жағдайда ол инвазиялық және инфекциялық аурулардың көзіне айналады. Саңғырықтың жағымсыз исі тек құсхана төңірегінде ғана сезілмей, қоршаған ортаның ауасын бүлдіреді. Экологиялық жағдайдың нашарлауы балапандардың өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізіп, ересек тауықтардың өнімділігін және оның сапасын төмендетеді [1,2].
Құс фабрикаларында саңғырықты тазарту, тауықтарды күтіп-бағу әдістеріне қарай әртүрлі әдіспен жүргізіледі.
Құстарды торда ұстаған жағдайда көлденең транспортермен 15-20 м жердегі контейнерге жинап, тасымалдаушы трактор немесе автомобильдермен көң сақтау қоймаларына апарып төгіледі. Саңғырықтың ылғалыдылығы алғашқыда 62-65% болса, тасымалдаушы көліктерді шайып-жуғаннан кейін ол 85-90% артады. Сұйық саңғырықты автокөліктерге ФГ-450, НЖП-200, ПНЖ-250 сорғыштармен артады. Көң қоймасына жиналған саңғырықты өңдеп, зарарсыздандырып, органикалық тыңайтқыш ретінде егістік алқаптардың топырағының құнарлылығын жоғарылату үшін пайдаланылады.
Құс саңғырығын биотермиялық, биологиялық, химиялық, гидравликалық әдістермен өңдейді [1,5,7].
Биотермиялық әдіспен өңдеу үшін ылғалыдылығы 60-65% саңғырықты гидроизоляцияланған шұңқырға толтырып, үстін жапқан соң 20-25 тәуліктен кейін саңғырықтың температурасы 600С дейін көтеріледі. Микроорганизм-дердің қатысуымен ыдырау процесі 30-40 күнге дейін созылады. Осы уақытта көптеген ауру қоздырғыш микробтар өледі, иіссізденген саңғырықтан колпост жасалынады да егістікке шашылады.
Биологиялық әдіспен бактериялар мен ферменттердің әсерімен өңделген саңғырықтың құрамындағы қоректік элементер жоғарылап, иіссізденген масса басқа үй жануарларына жем ретінде пайдалануға болады [5,7].
Химиялық әдіспен саңғырықты қайта өңдеуден кейін патогенді микробтар толығымен жойылып, иіссізденеді. Бұл процесте негізінен ұнтақталған әк, магнезия, т.б. қолданылады. Құс жемі негізінен дәнді дақылдандан және жо-ғарғы белокты қоспалардан тұратын болғандықтан құс саңғырығының құнарлылығы басқа малдардікімен салыстырған жоғары болады. Оның % есебімен химиялық құрамы; құрғақ зат - 84, протеин - 37, жасұнық - 11, май - 1,5, АЭЗ - 22%, күл - 12,5% болады.
Құсханаларды саңғырықтан тазарту микроклиматтың және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, оны қайта өңдеу тыңайтқыш ретінде пайданалу ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін жоғарылатады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда жұмыртқалағыш тауықтар-дың өнімділігі және оның сапасы табиғи климаттық факторлармен бірге құсханалардың микроклиматы, сиымдылығы, құстарды орналастыру тығыздығы, күтіп-бағу технологиясы саңғырықтың шығымына және оны дер тазартып тұруға байланысты болып келетіні айқындалды [1,6].
2.3 Ауылшаруашылық құстарын азықтандыру және құс азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, құс азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу.
Азықтандыру кезінде белгілі бір режим мен жем шөп беру кезектілігін сақтау керек . Бірақ ең алдымен , азық сапасы құстың жасы мен физиологиялық жағдайына және өсірілу бағытына сай болуы қажет. Былайша айтқанда , құсты дұрыс азықтандыру дегеніміз азықтандыру мен күтіп бағу жағдайларының әсерінен болатын ас қорыту процестерінің заңдылықтарын білу және сақтау арқылы асқазан ішек жолының азықты толық сіңіру қабілетін арттырып, соның арқасында қоректік заттардың пайдалану тиімділігі мен азықтың өнім өндіруге бағытталған әсерін күшейту.
Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері:
* құс организмнің азыққа деген қеректі көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету;
* құс азығындағы бүкіл қоректік заттар құрамын жеткілікті деңгейде
ұстау ;
* жақсы , дәмдік сапасын сапасын сақтау ; қоректік заттардың ас қорыту ға жеңілдігі ;
* жем - шөпте патогендң организмдердің, соның ішінде микробтардың , зиянды және улы заттардың болмауы.
Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда құс арасында әртүрлі аурулар туу мүмкін [5] .
ВАСХНИЛ-дің (1963) мал шаруашылығы бөлімінің шешіміне сәйкес азықтардың жұғымдылығын алмасу энергиясы арқылы бағалау белгіленеді.
Жалпы , азықтың протеинді , амин қышқылды және минералды құндылығын нормалау мұндай жағдайда толық рационды жемнің 100г есебімен жүргізеледі.
Азықтың қоректің заттарында - көміртекте, протеинде, майда - азықтың жалпы қуаты (энергиясы) жинақталған. Азықпен бірге құс организміне түскен жалпы энергияның бәрі бірдей пайдаланылмайды. Оның бңр бөлігі қорытылмаған заттар арқылы саңғырақпен бірге сыртқа шығады.
2.3.1кесте . Құсқа арналған құрама жемдегі алмасу энергиясы мен қоректік заттардың мөлшері , (% - бен жемнің жалпы салмағына)
Құстың түрі, ай
Алмасу
энергиясы
Шикі протеин
Шикі клетчатка
Кальций
Фосфор
Натьрий
Пекин үйректері
1,109
16
7,0
2,5
0,7
0,3 1,5
х-ІІ кросс үйректері
1,130
17
6,0
2,5
0,8
0,4 0,77

Организмде алмасу немесе физиологиялық пайдалы энергия ғана қалады. Ал-масу энергиясы = азықтың жалпы энергиясы - қорытылмаған энергия (саңғырық энергиясы).
Жұмыртқа , ет , қауырсын сияқты мол протеинді өнімдерді жеделдете түзу құсты тек протеиннің қажетті мөлшерімен қамтамасыз еткенде ғана жүзеге асады. Азықтардың протеиндік қоректілігін бағалау және құстың протеинге деген мұқтаждығын нормалау құрама жемнің 100г шикі протеин бойынша жүзеге асырылады.
Құстың протеинді қорегінің құндылығы ауыспайтын аминқышқылдарының мөлшері арқылы бақыланады.
Құстың мол өнімділігі қамтамасыз ету үшін рациондағы алмасу энергиясы мен шикі протеиннің мөлшері олардың ара қатынасы бойынша теңестірілуі тиіс . Энергия-протеинді қатынас құрама жемнің 100г әрбір пайыз шикі протеинге алмасу энергиясының қанша мөлшері келетінін көрсетеді.
Энергия-протеинді қатынас құс организміндегі алмасу процесіне үлкен әсер етеді.Атап айтқанда рационда протеин басымырақ болып, алмасу энергиясы жеткіліксіз болса, протеин қуатты мақсатқа жұмсалады. Азықтарда энергия жеткілікті болса, протеин дене ұлпаларын құрып, жұмыртқа түзуге пайдаланылады(1.2-кесте). Құстар үшін аминқышқылдарының мөлшері 1.3 - кестеде көрсетілген [3] .

2.3.2 - кесте Құстың қоректік заттар мен энергияға деген мұқтаждығы , тәулігіне граммен.
Құстар
Жұмыртқалағы
штығы,%
Алмасу
Энергиясы
МДж
Шикі протеин
Кальций
Фосфор
Натрий
Х-ІІкросс үйректері
71-80
3,22
48,4
7,13
2,28
1,14
Пекин
үйректері
71-80
2,733
40,0
6,25
1,75
0,75

Дәнді азықтар. Олар құс рационының негізі болып саналады.Құрамында көп мөлшерлі көміртегі , оның ішінде 70% дейін крахмал болады. Сондықтан бұл азықтар рацион қуатының қайнар көзі қызметін атқарады.Бұршақты дақылдардың дәнінде протеин көп болады(18-25).
Әйтседе, дәнді азықтардың протеинінде лизтн, метионин сияқты алмаспайтын амин қышқылдары жетіспейді.Жүгері құс үшін ең маңызды азықтардың бірі. Онда клетчатка шамалы , ал көміртегі көп болады.Шикі протеин мен энергия мөлшері жөнінен ол дәннің, барлық түрінен басым түседі. Бірақ жүгері протеинінде құсқа қажет амин қышқылдары бола бермейді.
Арпа - құс үшін өте жақсы азық.
Тарыда каротин болады. Балапанды ақталған тарымен азықтандырады.
Сұлы - амин қышөылдары құрамы мен диеталық қасиетіибойынша өте маңызды азық.
Бұршақ тұқымды азықтардан құс шаруашылығында соя, бұршақ т.б. қолданылады.
Техникалық өндіріс қалдықтарының құс азықтандыруда зор мәні бар. Өйткені олардың кейбірінде (күнжара,шрот) көп мөлшерде протеин мен май , басқасында (ашытқы, балық майы) витаминдер көп болады.
Бидай кебегінде фосфор мен В тобының витаминдері көп болады.
Соя ,күнбағыс , зығыр күнжарасы мен шроттары аминқышқылдары құрамы бойынша жануар тектес протеиге жақындай түседі.
Ашытқыларда 45-50% шикі протеин болады, макро-микро элементтерге бай келеді.
Балық ұны - құс рационын алмаспайтын амин қышқылдарымен байыту үшін қолданылады.
Қауырсын ұны цистин мен метионинге бай келеді.
Сүт - барлық құс үшін оңай сіңірілетін протеинді азық болып есептеледі. Әлбетте құсты көк сүтпен, май суымен , ірімшікпен азықтандырады.
Тағамдық емес жануар майы құс рациондарының құндылығын арттыру үшіе пайдаланылады.
Витаминді және шырынды азықтар. Құсты дымқыл қоспалармен қоректендіретін шаруашылықтар қолданады. Көбіне қоспаға сәбіз бен ұсақтап тураған көк шөп (жоңышқа , беде, қалақай т.б) араластырады. Азықтық капустаны күзгі маусымда дымқыл қоспалар дайындау үшін пайдалануға болады.
Суда жүзетін құстардың рациондарында су өсімдіктерін : мүйіз - жапырақты, рясканы, злодеяны қолдануға болады. Бұл өсімдіктерде протеин мен азотсыз экстрактивті заттардан басқа 6-8% минералды заттар және каротин болады. Азықтандыру құрғақтай түрінде шөп ұнын пайдалануға болады. Ондағы протеин мөлшері 15-20 % сонымен бірге олар витаминдер мен кейбір микроэлементтердің қайнар көзі болып табылады. Оларда көптеген каротин, рибофлавин , К витамині мен фолий қышқылы болады.
Құсты қыс айларында А витамині мен қамтамсыз ету үшін қызыл сәбізбен қоректендіреді. 1 кг сәбізде 60-100 кг каротин болады.
Қант қызылшасы құстың ас қорыту органдарының қызметіне игі әсер етеді.
Картоп крахмалға бай келеді. Онымен құстарды шикідей де, пісіріп те азықтандыруға болады.
Сүрлемді құсқа арнайы дайындайды. Оның құрамында беде мен жоңышқаның көгі , қызылша , сәбіз бен буландырылған картопты енгізеді. Сүрлемнің жекелеген компонентерінің ара қатынасы қолда бар шикізатқа байланысты. Бірақ сүрлемнің шаммамен 10% сәбіз бен қызылша , 4-5% картоп болғаны дұрыс. Жақсы дайындалған сүрлемнің хош иісі , қышқылтым дәмі болады, онда 1,5% сүт қышқылы , 3,5% протеин, 3% клетчатка болады.
Минералды азықтар.Табиғи заттардың құрамында кейбір минералды заттар жеткілікті болмағандықтан құс рациондарына түрлі минералды азықтар қосылады.
Теңіз немесе өзен ұлу қабыршақтары , сөндірілген әк, бор және басқалар кальцийдің қайнар көзі болып табылады. Сүйек ұны кальций мен фосфорға бай. Онда кейбір микроэлементтер болады. Ас тұзы құс организмін натриймен және хлормен қамтамасыз ету үшін қосылады. Құсқа арналған құрама жемге микроэлементердің (марганец,кобальт, йод, мыс, мырыш т.б.) тұздары қосылады.
Құрама жемдер. Оларды өнеркәсіп жергілікті жемшөп қорын ескере отырып, алуан түрлі аймақтарға арналып жасалған рецепттер бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Түйелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Жылқы малдарының гигиенасы
Тауарлы балық шаруашылығы
Қозыларды күтіп – бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық –гигиеналық бағалау
Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Ірі қара төлін өсірудің маңызы
Балықтың құрылымы мен физиологиялық ерекшеліктері
Пәндер