Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Құқық пәндері кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Хаммурапидің заңдары
5В030100
Сырттай
зЮ3-18 к
Автор Айтмагомбетова К.М.
Жетекші Конырбаева Д.Т.
Петропавл қ., 2018 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1. ВАВИЛОН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 6
1.1 Вавилон құқығының қайнар көздері 6
1.2 Хаммурапи заңдарының жалпы сипаттамасы 7
2. ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ 13
2.1 Қарыз және сауда-саттық шарты 13
2.2 Ежелгі Вавилондағы отбасылық және мұрагерлік құқық 15
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Хаммурапи заңдары саяси және құқықтық ілімде өте үлкен орын алатын заңдар жинағы. Оның алдыңғы заңдарға қарағанда, бұл заңда біраз алға басушылық байқалады. Мұнда әрбір қарастырылып отырған мәселеге байланысты баптар топ-топ болып бөлінген. Мен соның ішінде отбасылық, мұрагерлік және қарыз шарты қатынастар туралы баптарға көп тоқталып, әрбір жеке қатынасқа ерекше көңіл бөліп, біраз мәліметті айтып өттім.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Хаммурапи заңдары саяси және құқықтық ілімдерде алғаш толық және көпжақты құқықтық нормалар ретінде қалды. Хаммурапидің заңдар жинағы сонау ерте замандағы шумерлік заңдар Ур-Намму, Липит Иштардың, сондай-ақ Билалам заңдарының, Эшнун патшаның заңдарының жалғасы болып табылады. Бұл заңның өзгелерден ерекшелігі олардың жүйелі етіп жасалуында еді. Сол жүйелілігі арқылы ол тұңғыш рет бір мемлекеттің тәжірибе жүзінде заңы болып, сол заманның аса қуатты,ірі мемлекеті Вавилонда тәртіпті қоғам орнауына ұйытқы болды. Мәселенің өзектілігі, саяси және құқықтық ілімдерге үшін маңыздылығы да - осы, яғни заңның іс жүзінде Вавилон сияқты алпауыт мемлекеттің қоғамын қалыптастыруда үлкен роль атқаруында.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дерек көздері мен жалпы Хаммурапи заңдарының өзіне сүйене отырып, ол заңның саяси және құқықтық ілімдерде алар орны мен әсіресе отбасылық, мұрагерлік, қарыз шарты және сауда-сатттық қатынастардағы дұрыс және бұрыс жақтарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Вавилон құқығының қайнар көздері және Хаммурапи заңдарының жалпы сипаттамасы;
- Хаммурапи заңдары бойынша міндеттемелік құқық;
- Қарыз және сауда-саттық шарты;
- Ежелгі Вавилондағы отбасылық және мұрагерлік құқық.
Курстық жұмыстың қайнар көзі: Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі болып табылатын Хаммурапи патшаның заңдар жинағы жазылған ескерткішін 1901 жылы де-Морган басқарған француз археологиялық экспедициясы нәтижесінде тапқан. Оны Вавилон жеріне жасалған жорық барысында эламиттермен әкетілген. Заңдар жазылған қара бағананың жоғарғы бөлігінде тақта патшалық құрып отырған күн құдайы Шамаштың алдында салтанатты кейіпте тізе бүккен Хаммурапи патшаға осы заңдар жинағын тапсырып тұрғаны кескінделген. Бұл сурет патша заңдары жинағының құдайдан шыққанын көрсетеді деген ойды білдіреді. Кіріспе мен қорытынды ритмикалық тұрғыда жазылған және онда Хаммурапи патшаның жетістіктері туралы, патша заңдары жоғарыдан жіберілген әділ де өзгермейтін заңдар екендігі көрсетіледі. Бағанада Шамаш құдай мен Хаммурапи патшаның бейнесі бейнеленген жерден бөлек жазылған 282 баппен толтырылған.
Бізге 282 бап түгелдей жетпеген, оның тек 247 ғана толық жеткен,ал қалғанын жаулап алған эламиттердің патшасы өз ерліктерін жазу үшін қырғызып, алдырып тастаса керек. Бертін келе олар атақты Ашшурбанапалдың кітапханасынан табылған жазба деректер және сол Сузы мен басқа да аймақтан табылған деректер негізінде қалпына келтірілуде. Заңдар тілі - аккадтың классикалық диалекті. Хаммурапи заңдарының алғашқы бес бабы сот ісін жүргізу мәселелеріне арналған. Жала жапқандар, өтірік куә болғандар өте қатаң жазаланатын болды. Бұның бәрі заңның дұрыс орындалуына, тәртіптің сақталуына әсер етті. Ал 6-25 баптарда жеке меншікті ұрлаудың әртүрлі жағдайлары туралы айтылған. Ұрлық үшін негізінен өлім жазасы берілген. Олардан кейінгі 26-41 баптарда жауынгерлердің құқығы мен міндеттері баяндалған. 42-126 баптарда жер, сауда, қарыз беру, кепілдік беру мәселелерінің заңдық жүйелері сипатталған. 127-194 баптарда отбасы, мұрагерлік, бала асырап алу тәртібі туралы жазылған. 195-214 баптарда біреудің денесін зақымдағаны, қорлағаны үшін берілетін жазалар белгіленген. 215-277 баптарда емшілердің, мал дәрігерлерінің, құрылысшылардың жауапкершіліктері жайлы айтылады. Соңғы бес бапта құлдарды сатып алу мәселесі сөз етілген. [1, 19-22 б. ]
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Нақты Хаммурапи заңдарын әлі күнге дейін толығымен зерттеп білген ғалым жоқ. Бірақ олар туралы өз еңбектерінде И.М.Волков Законы Хаммурапи жинағы, И.М.Дьяконов Законы Вавилонии, Ассирии и Хеттского царства ежелгі тарих хабаршысы, Н.Д Флиттнер Сиро-хетские памятники Эрмитажа мақалаларында айтып өтеді.
Курстық жұмыс кіріспеден; 2 бөлімнен, бірнеше тараудан; қорытындыдан; пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ВАВИЛОН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Вавилон құқығының қайнар көздері
Ежелгі Вавилон билеушілері өздерінің билігі мен заңдарының құдайлық сипатта екендігін дәлелдеуге тырысты. Б.з.д. 18 ғ. Хаммурапи заңдарының кіріспесінде Аннуактардың мәребелі патшасы нум мен ел тағдырын шешуші көк пен жердің әміршісі!... бүкіл адамзатты билеуді маған беріп, елге әділеттілікті орнату үшін, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлді әлсізге қысым жасау үшін және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игілігіне халық мені шақырды, жерде әділдік пен тәртіп орнату үшін мені Шаман құдай жіберді, менің бұйрықтарым мен заңдарымды ешкімнің де өзгертуге құқы жоқ деп айтылады.
Хаммурапи патшаның б.э.д.1792-1750 жылдары билік етуі заңдар жинағының пайда болуымен ерекшеленеді. Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы. Бұл уақыт Вавилоннң бүкіл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы туралы бағалы және жан-жақты мәліметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биік базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласы қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәңірісі Шаман құдай және оның алдында ілтипатты тұрған әйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөліктерінде заңдар сыналап ойып жазылған.
Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топың мүддесін және жеке меншік қызғыштай қорғайды. [10, 10 б.]
Хаммурапи заңдар жинағы 282 баптан тұрады. Қала алаңының қақ ортасындағы заңдар бағанасы, осында өтетін әділ сотқа қызмет етуді және заңды білмейміз деп ешкімнің сылтау айта алмайтынын ескертіп тұрғандай. Заң жинағының авторы баптарды олардың мағынасына қарай топтауға тырысқан. Мысалы: 1, 2- баптар іс жүргізу сипаттарының жағдайларын қамтыса, 6-126- баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған, 127-195 баптар отбасы және мұрагерлік құқтарына қатысты, 196-214 баптар жеке адамды қорғауды көздейді. Бірақ, бұлайша бөлуді автордың өзі мақсат тұтпаған, мұны біз тек шартты түрде ғана бөлеміз.
Хаммурапи патшаның заңдарының Вавилон заңдарына әсері күшті, ол ертедегі Шумер заңдарының одан әрі жетіле дамуы және жинақталып, тәртіпке салынуы болып табылады. [2, 19-22 б.]
Әрине, заңдар қоғам өмірінің барлық жақтарын бірдей реттей алмаған. Мысалы, мұнда мемлекеттік және діни қылмыстар туралы ештеңе айтылмаған. Бұл қылмыстар үшін жазаның тұрақты болып қалғаны сонша, Хаммурапи ол туралы өз кодексінде айтуды артық санаған да болуы керек.
Хаммурапи заңдары өз кезеңнен бізге жеткен көптеген құжаттармен қатар, Вавилон қоғамының шаруашылыққа белсенді түрде арласқанын көрсетеді. Жер мен құрылысты сату, бақша мен егістік жерді жалға беру, дала жұмыстарына адам жалдау, осының барлығы заңды түрде реттелген.
Ежелгі Вавилон құқығының қайнар көзі болып, өзге де мемлекеттердегі сияқты, соның ішінде Египеттегі сияқты - салт-дәстүр, әдет-ғұрып танылады. Қоғамдаға міндеттілік құқықтың мінездеме ретінде қоғамдағы қайталана беретін шешімдерден қалыптасты. Вавилондағы алғашқы қауымдастық кезеңіндегі әдет-ғұрыптар қоғамдағы өзгерістерге сай, өмір өте келе өз қажеттіліктерін жасады.
Сонымен бірге, әдет-ғұрыптармен қатар, құқықтың тағы бір қайнар көзі - заң пайда болды. Урек династиясының құлауына дейінгі заңдардан бізге жеткені Шумер заңының кодексінің кейбір тараулары. Бұл кодексте бала асырап алушылық, әйел ұрлау, меншікке зиян келтіру үшін айыппұл төлеу мәселелері қарастырылған.
Сонымен қатар, біздің қазіргі заманымызға дейін жеткен заңдардың бірі ретінде Хаммурапи патшаның заңдарын айтуға болады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Хаммурапи заңдары" болғандықтан, осы құқыққа байланысты мәселелерде, көбінесе Хаммурапи заңдылығы жайлы мәселе төңірегінде сөз қозғалады.
1.2 Хаммурапи заңдарының жалпы сипаттамасы
Ежелгі Вавилон заңдылығының ескерткіштерінің бірі ретінде - Хаммурапи заңдары сақталған. Бұл заңдылық 282 бапты қамтиды. Археологтармен Сузда табылған мәтінде бұл заңдылықтардың кейбір баптары ескіріп, өшіріліп қалған. Ол жаңа қазбалар, зерттеулер негізінде анықталды.
Хаммурапи заңдылығы құлиеленушілік қоғамның құқығын бекітеді. Ол ауыр шарамен құлдарға деген меншікті қорғайды. Құлдың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру оның иесіне зиян келтірумен теңестіріліп, жазаны емес, келтірілген зиян орнын толтырумен теңестіріледі.
Бұл заңдылық құл иеленушілердің мүддесін, құл иеленуші мемлекет пен Вавилонның діни ұйымын, құл иеленушілердің меншікті мүддесін көздейді. Бұл заң жобасының шығарылуы Ежелгі Вавилон халқының, соның ішінде әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы халықтың бір билік астына бірігіуін көздейді. Сонымен қатар, еркін адамдар арасындағы пайда болған қарама-қайшылықтарды жеңілдету. Ол құқыққа тек қана шетел азаматтарын ғана емес, сонымен қатар ата-анасының өз баласын құлдыққа сатумен көрінеді. Осы кезде Вавилон құлдарын сатумен, сатып алумен айналысатын кәсіпкерлер пайда бола бастайды. Бұл процесс Вавилон азаматтарының қорғану қабілеттігін шектеп қана қоймай, сонымен қатар Вавилон халқының, қоғамының арасындағы қарама-қайшылықты тудырды.
Хаммурапи өз заңдылығымен осы қоғамдағы қарама-қайшылықты жеңілдеткісі келді, сонымен қатар крестьяндардың кедейлену мен шаруалардың жағдайын жақсартқысы келді. Осыған орай, ол өз заңдылығымен Вавилондық құл иеленушілік қоғамды көтергісі келді.
Хаммурапи заңдылығы құқық саласындағы әртүрлі мәселелерді қамтиды. Бірақ, ол нақтылық пен толықтық жағынан алшақтау. Құқықтық жағдайлар толық анықталмаған. Осыған қарап айтылған мынадай жағдайлар болады: " Хаммурапи заңдары сот шешімдері жағынан құрылған". [2, 26 б.]
Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі.
Осы заңдылықтың алғашқы бес бабы кіріспе ретінде сот мәселелеріне арналған. Бұл сот мәселелері судьялардың әділдігіне, шыншылдығына арналған. Өйткені, сол заманда да судьяның пара алу жағдайлары жиі тараған еді.
Бұл тараудан кейін, меншік мәселелері қарастырылады. Оған: меншікті қорғау мәселелері, соның ішінде ұрлық, тонау үшін жауапкерлершілік көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл тарауда меншікпен қолдану мәселелері, әсіресе келісім шартқа байланысты мәселелер қарастырылады:
oo 26-39-баптар әскерлердің жерді бөлу мәселелеріне арналған;
oo үшінші тарау - неке, отбасы, мұрагерлік мәселелеріне арналған. Кейін жеке адамға қарсы қылмыстар үшін, адам денсаулығы мен өміріне келтірілген зиян үшін жауапкершілікті көздейді;
oo төртінші, яғни ақырғы тарау еңбек және еңбек құралы мәселелерін қамтиды. Бұл тарауда дәрігердің, құрлысшының, ветеринардың жауаптылығы мен сыйақысы жайлы, бұқаны жалға алу және ол туралы жауаптылық мәселелері қарастырылады.
Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум -- "адам") және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум -- "төмен құлайтын") танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), "әлеуметтік әділеттілікті" бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің көзқарастарына қарсылық көрсеткені туралы күмән жоқ, бірақ оларды қырсық құлдардан сақтауға тырысты. Орташа жанұялар Ерте Вавилондасирек кездесті. Құжаттарда көрсетілгендей құлдарды сатуға, алмастыруға, мұрагерлікпен беруге, сыйға тартуға, бір сөзбен айтқанда олардың тұрмыс жағдайына қарамастан оларды өмірлерін өз беттерінше қолданған құлдардың орташа бағасы 150-200 грамм күмісті құрады.
Егер үй бұзылған жағдайда да құл зиян шегетін болса, құрылысшы зиян шеккен құл үшін төлем төлеуге міндетті болған. Құлдың қаза тапқан жағдайында, сол құлдың иесіне басқа құлды беруге тиіс еді.
Заңда құлиеленушінің көзқарасын жақтады, құл иеленуші басқарушыларға қашып кеткен құлды қайтаруын және қашқаны үшін өлім жазасын беруге өз талаптарын қоюға құқы болды. Егер жалдаған құл қашып кететін болса, оның уақытша иегеріне материалдық жауапшылықта болады. Кінәлі құлды қашып кеткенін жасырған жағдайда өлім жазасына тартылды.Адамның құл екендігін оның ерекше шаш қиысынан, құлақ тесігінен, кеудесіндегі таңбасынан білуге болатын.
Ежелгі Вавилонда құлдар қатарын көбейтудің бірнеше қайнар көздері қызмет еткен. Біріншіден ол көптеген тоқтаусыз жүріп жатқан соғыстар. Сонымен қатар ең маңызды қайнар көз болып ішкі көздер табылды. Басы бос еркін адам жасаған қылмысы үшін құлға айналған, мысалы: Ирригация жүйесінің ережелерін бұзғаны үшін және де құлдарды өз еркімен сатқаны үшін де көңіл бөлініп оларды құлға айналдыру үрдісі болған.
Айта кететін жәй, еркін адамдардың құлға айналуы мемлекеттің өзіне деген қарама-қайшылықтарға әкелетінін көрсетеді. Құл иеленушіге байланысты құлдар мемлекеттік, храмдық, жеке иеленушілер мен құлдар болып бөлінді. Олардың барлығының иелері мушкен болып табылды.
Бұл жағдайда құлдар өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгерту өте қиынға түсуі мүмкін. ІІІ Ура династиясы тұсында соттық тәртіп бойынша құл өзінің жағдайын көтеруге құқы бар болатын. Сондай-ақ мұндай мүмкіндік Хаммурапи кезінде де болды. Шынында, бұндай жолға аяқ басу үшін алдымен ойланған жөн: егер жақтаған құлдың ұтылу жағдайы болғанда оны үлкен қауіп-қатерлер күтіп тұратыны белгілі. Құлдарға басы бос еркін әйелдерге үйленіп, тұрмыс құруға, сонымен қатар баласы мен әйелдердің өзі некелесу жағдайында еркін болып қала берді. Құлдың баласы құл иеленуші ерік берсе, оның мұрагері болуға мүмкіндігі бар болатын. Бұл айтылған жайлар тұрғындардың белгілі бір құқықтарын емес, еркін адамдардың жағдайларының артықшылығын көрсетті.
Ежелгі Вавилон патшалығында тәуелсіз азаматтар біртекті класты құрамады. Олар тең құқылы, яғни отағасы мен отағасының ұлдары, және тең құқылы емес, яғни мушкендер. Мушкен - Эшнуин заңында қолданылған термин, оның мағынасы бас ию болып табылады. Олар көшпелі тайпалар, әр түрлі қоныс аударушылар еді, яғни Вавилон территориясында тұратындар болатын.
Кейбір тарихшылардың ойынша мушкендерді еркін адамдар емес деп ойлайды. Оларды ерекше әлеуметтік категорияны құрушылар деп санаған. Тарихи мәліметтерге қарағанда шынында да мушкендер тең құқылы азаматтарға қарағанда әлеуметтік баспалдақта өз орындары еркін азаматтардан әлдеқайда төмен еді. Мушкендер - әлеуметтік категория екендігі туралы мынадай көзқарас дәлірек келетін сияқты: мушкендердің өкілдері қоғамдастықпен байланысы үзілген, жер иесі болып табылмайтын, бірақ, патшалық қызметті орындап жүргені үшін марапаттау негізінде сол жерді пайдалануға алған адамдар. Патшалықтың қызметшілері бола тұрып, олардың мемлекетте алатын орны төмен еді.
Мушкендердің тәуелсіз атағынан айырмашылығы, және тең құқылы еместігін көрсететін мынадай дәлел бар: егер отағасына кінәлі адам зиян көтерсе ол талион принципі бойынша жауапқа тартылатын, ал сондай жағдайға түскен мушкеннен айып пұл төлейтін болған. Сонымен қатар зиян шеккен мушкенге отағасына қарағанда медициналық жәрдем екі есе кем көрсетілетін болатын.
Сондай-ақ басқа жағынан қарағанда мушкеннің мүлкі храмдар мен сарай және құлдардың мүлкі сияқты заңмен қорғалған жоқ. Егер мушкеннің мүлкін ұрлаған жағдайда, оған көңіл бөлінбейтін, ал храм, сарай және құлдардың мүлкін ұрласа ондай ұрылар өлім жазасына тартылатын.
Хаммурапидің заңдарында бай және кедейленіп кеткен қоғамдастыққа да көп көңіл бөлінген. Қоғамдастықты тарату процесі кезінде қоғамдастықтың мүшелері өз меншіктерін өздерінің еріктері бойынша қолданып, көптеген жерлер жанұялық иемденушіге көшкен. Олар өздерінің жер өнімдері сатуға, жалға беруге, және мұрагерлік бойынша беруге құқықтары бар болатын. Қоғамдастықтың күшеюіне олардың қызметін басқаратын патшалық шенеуніктер мүмкіндік бермеді. Бір жағынан жергіліктілер, яғни қоғамдастықтар өздерінің мүшелері қылмыс жасайтын болса жауапты болатын, сондықтан билік етушілер қылмыскерлерді ұстай алмайтын.
Ежелгі Вавилонның мемлекеттік билігінің мықтылығы әлеуметтік категорияны құраушы жауынгерлерге байланысты еді.
Жауынгерлердің өмірі оңай болмады, өйткені әскери сапарға шыққанда олар жазалануы, мерт болуы және тұтқынға түсіп қалуы мүмкін. Егер әскери қозғалыс кезінде оған қатыспайтын болса онда олар өлім жазасына тартылған және де өз орнына басқа адамды алмастырса да жазаға тартылған.
Жауынгерлердің патша кез келген бұйрығына әрқашан мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін дайын болуы және қолына қаруы болуы тиіс еді.
Хаммурапи заңдарында жауынгерлердің артықшылығы мен міндеттеріне 26-дан 41-шы бапқа дейін баптар арналған. Кодексте көрсетілгендей, жауынгер өзінің қызметі үшін патшадан жердің бір бөлігіне ие болған және егер жауынгер қайтыс болған жағдайда оның мүлкі мұрагерлік бойынша оның ұлына берілетін. Егер күйеусіз қалған әйелдің қолында кішкентай баласы болатын болса, ол сол баланы болашақ жауынгер етіп тәрбиелеуге үштен бір бөлік жерді талап етуге және оны иеленуге талап етуге құқылы болды.
Жауынгердің жері мен мүлкін, заңға сәйкес ол сату-сатып алудың және айырбастаудың объектісі бола алмады.Жауынгердің жерін, малын сатып алғандар материалдық шығынға бостан босқа ұшыраған. Сондықтан иесіне қайтып берілетін болған.Егістік жер, саябақ және үй үшін қарыз болса, жауынгерден тартып алынбайды, бірақ мынадай жағдайда ғана егер жауынгердің мүлкі онын жеке қаражаттарына иеленетін болса.Басқа мемлекетте сатып алуды жүзеге асырған сауда агентінің шығындары храм немесе патша шаруашылығының өзі жауап отырған.Барлық аталған шаруалармен мемлекет қажетті сандағы маманданған армиямен өзін қамтамасыз етуге тырысты.
Мушкендермен - патша адамдарының ең төменгі категориясымен - қатар патшаға байланысты орта және жоғарғы категориялардың бай адамдары: патша шаруашылығының жұмысшылары, әкімшілік мүшелері, абыздар және тағы басқалар тұрды. Бұл категориялар сонымен бірге кез келген уақытта патша басқа бір тұлғаға бере алатын жер бөлімдерінің меншік иелері болған жоқ.
Мұрагер үнемі әкесінің орнына қалып отыруына байланысты, жер учаскелері жанұяның және оның басшысының меншігіне беріле бастады. Жоғары категорияның өкілдеріне өз қызметімен бірге өзінің жерін сатуға рұқсат етілді. Сонымен қатар патша қызметшілері қоғамдық жерлерді сатып ала алды. Патша храмда өзінің билігіне бағындырған кезде, яғни б.э.д. 1768 жылы кейін патша құлдары категориясына енген абыздардың да шаруашылық қызметі туралы мәліметтер сақталған. Олар жер, бақша, үй сатып ала алған, оларды жалға берген егумен, сатумен араласқан. Басқа әйелдерге қарағанда, абыздар еркектер сияқты меншіктік құқыққа ие болған.
Ежелгі вавилондық қоғамның идеологтары патша өзінің билігін құдай қолынан алады деп есептеген. Патша билігі ештеңемен шектелмеді, қоғам өмірінің барлық сфераларын басқару тұтқасы билік етуші династия өкілі қолында болды. Басшылық жеке облыс пен қалаларды басқаратын патша адамдары басында бар күрделі бюрократиялық аппарат арқылы жүзеге асырылды.
Патша атынан кінәлінің күйеуі шөп салуды кешірген жағдайда ұсталған нақсүйерге кешірім жасалды. Құжаттарға байланысты патша кейде көбіне ирригационды жүйенің қызмет етуімен байланысты кейбір сұрақтарды бірден шешкен.
Патша қазынасы тек патша шаруалардан келетін табыстан ғана құралмады, патша қолында храмдар шаруашылықтары да болды. Бұл екеуі де табиғи өсу мен үзілмейтін соғыс тұтқындары ағымына байланысты үнемі толықтырылып отыратын көптеген құлдар арқылы жүзеге асырылды.
Барлық елдерден Вавилонға әртүрлі салықтар және арнайы алымдар ағылды. Патша әулеті игілікті жағдайлардың өсуіне, мемлекет бақылауында болған айырбас пен сауданың дамуына мүмкіндік етті. Месопотамиядағы ірі территорияның бір мемлекетке бірігуі сауда қатынастарының дамуына игілікті әсер етті.
І Вавилондық династия кезеңінен Вавилон тобын жалпы белгі де сипаттап, қоғамның маңызды бірлігінің - жанұяның өмірі, қызметі және ұйымы туралы сөз айта кету керек.
Ежелгі Вавилонда жанұя қатынастары әртүрлі сипатталды: ашық идеализациядан үй құлдығының болуын мойындауға дейінгі аралықты қамтыды. Бір жағынан күйеуге шыққан әйелдің жағдайын абсолютті құқықсыз деп есептеуге болмайды. Жеке жағдайларда әйел жасау ретінде алынған меншікті иеленуге құқы болды, күйеуімен сыйланған сыйлықтар мен жеке заттар жатады. Ол үйленгенге дейін күйеуімен алған қарыздарға қатысы жоқ. Күйеуі өлген кезде әйелі балалары жасы толғанға дейін меншікті иеленеді. Егер өлген күйеу сарай үйлі болса, әйеліне еркін, әйелге меншіктің тек жартысы беріледі, бірақ балалары құл болмаған.
Некелік шарты егер әйел күйеуінен бас тартса, өзін дұрыс ұстамаса, әйелдерін құлдыққа сату мүмкіндігін қарастырған. Егер әйелінің баласы болмаса, күйеуі баласы мұрагер болатын құлмен өмір сүре алады.
Хаммурапи заңдары жанұяның тағы басқа мүшелерінің құқығын қорғайды. Жынысынан тәуелсіз барлық балалар әке-шешенің меншігінің мұрагері бола алады, бірақ бірінші үлкен ұлының мүддесі қаралады. Жанұя меншігінің толық мұрагері болып балалар жанұя отағасы өлгеннен кейін бола алады, бірақ егер олар әлсіз әкелерін қамтамасыз етуге міндеттеме алса, онда олар оның тірі кезінде меншікті иелене алады. Егер әкесі қандайда бір заң алдында кінәсіз себептен баласын мұрадан айырса, онда баласы соттың қорғауын сұрайды. Хаммурапи заңдары жанұяны басқа жағынан да қорғайды. Кішкене баланы ұрлаған қылмыскерге өлім жазасы қолданылды.
Хаммурапи заңы белгілі бір дәрежеде мемлекеттің салықтық және әскери мүдделеріне қамқорлық жасай отырып, осы үй иелерінің мүмкіндіктерін шектейді: шаруа салық төлеушісі және солдат болғандықтан, оның бүлінуіне жол бермеу керек болды.
2. ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ
2.1 Қарыз және сауда-саттық шарты
Хаммурапидің тақ басына отырып, билік етуі кезінде Вавилонда жеке меншік құқығы аса ерекше даму барысында болды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады.
Вавилон қоғамында жеке меншік мемлекет пен қауымдікі болып, жер қорын құрады. Жерді сату, жерге жеке меншік Хаммурапи патшаның кезіне дейін де болған. Бұл тұжырымды растайтын біздің дәуірімізге дейінгі XVI ғасырдағы құжаттар. Ал, Хаммурапи кезеңінен бастап бізге көптеген құжаттар келіп жетті. Бұл құжаттарда Вавилонда жердің жеке адамдардың меншігіне салғанын растайтын тұстар бар.
Мысалға: үйді, даланы, бақты, құлды сату актілерінен көреміз. Бұл құжаттардың бірталайы Мәскеу, Санкт-Петербург жұражайларында сақтаулы. Мемлекет жерлері патшаға тиесілі деп, оны сарайға қаратқан. Осы жерлердің кейбіреулері ұсақ жер иеленушілерге беріліп, олардан белгілі төлем алынып отырған.
Әскери шенеуніктер мен әскери жасақтарға берілген жер олардың әскери қызыметтегі балаларына мұрагерлікке қалдырылып отырған.
Шенеуніктерге, әскери жауынгерлерге берілетін жерлер, сонымен қатар үй және еңбек құралдары ерекше мүлік қатарына жатқызылатын.
Жер, үй және тағы да өзге мүліктер айналымнан алынып тасталатын. Оларды сатуға, сатып алуға, әйеліне немесе қызына мұрагерлікке беруге және өзге де шарттардың объектісі ретінде қарастыруға жол берілмейтін
Жеке меншікке қарсы істелген қылмыс өте қатал жазаланатын болған. Мысалы, храм, сарай мүліктерін ұрлағаны үшін өлім жазасы белгіленген. Ал, қой, сиыр және тағы басқа жануарларды ұрлағаны үшін 30 есе көлемінде айып төленуге тиіс болған. Ал, төлеуге шамасы келмегендерді өлім жазасына кескен.
Жеке меншік аса қырағылықпен сақталды. Бұл үстем тап мүддесіне сай құлдарға жеке меншіктік басым болғандықтан туған болуы мүмкін. Ал, сарай, храм құлдарын ұрлағаны үшін өлім жазасына кесілген. Сонымен қатар, қашқан құлды жасырғаны үшін, үйінде ұстағаны үшін өлім жазасы белгіленген. Міне, жалпы жеке меншік құқығы Вавилонда осылай дамыған.
Хаммурапи заңында көптеген баптар қарыз шартына арналған. Қарыз алу шарты бірінші Вавилон әулеті кезінде де кеңінен қолданылған Хаммурапи заңдарына дейін қарызын төлемегендер өмір бойына қарызға белшесінен батып, қауымға түскен, кедейлер тез арада өз бас бостандығынан айырылған. Хаммурапи заңдарының айта кететін пайдалы жақтарының бірі - оларда қоғамдағы осындай қайшылықтардың алдын алу шаралары қамтылған. Онда шама келгенше қоғам қайшылығын бәсендетіп, қарыздар мен құлдықтың өсіуін тежеуге, реттеуге ұмтылыс бар. Заң өмірлік қамауды жойып, кез келген қарыз үшін мезгілі 3 жыл уақытта өтеп шығуды белгілеп берген. Хаммурапи патша заңдарының көптеген таптары келісім шарттарға, атап айтқанда, қарыз беру келісіміне, өсім алушылық операцияларына арналған. Қарызын өтеуге мүмкіндігі жоқтар көбіне кепілдікке қалдырған жерді немесе отбасы мүшелерін несиелерге құлдыққа беруге тиіс болды.
Заң өзінің қарызын өтету мақсатымен қарыз беруші адамның өзіне қарыздар адамның қоймасынан не еріксіз түрде өз бетімен астық алуына тиым салды. Сірә, әркімнің өзінше үкім шығаруын ежелгі қарапайым құқықтық нышандарды, құқықсыз кедейлерді айрықша қысымға ұшыратқан байлардың озбырлығын тежеу мақсатынан туса керек. Аталған кодекс баптарының қандай да болсын жаңа керімдердің айрықша заңсыздықтар мен құжаттарының жасалуын талап етуі, тіпті тергеу істерінің тиісті нышандарының белгіленуі тегін емес.
Заң қарыздың ең төменгі процентін белгілеп берген: ақша үшін 20 пайыз, дәндер үшін 33 пайыз. Қарыздың орындалуын, қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатымен қарыз берушінің қарыздардан кепілдеме алу құқығы болған 115-117 бап
Хаммурапидің заңдар жинағында жерді жалдауға байланысты ерекше баптар көзделген. Жерге байланысты мәселелер ол кезде жер қатынастарында үлкен рөл атқарған.
Жер мен құрылыстың, егін даласы мен бақтың жалға алынуы, өгіздерді дала жұмысы үшін жалға алу заң баптары арқылы жүргізілгенін және натуралды айырбас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz