Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті
Құқық пәндері кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Әкімшілік құқық бұзушылық

5В030100
Сырттай
зЮ3-18 к

Автор Айтмагомбетова К.М.


Жетекші Оспанова А. М.

Петропавл қ., 2018 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ 6
1.1 Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы 6
1.2 Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы 7
1.3 Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері 11
2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 14
2.1 Әкімшілік құқық бұзушылықтың жеке субъектілері 14
2.2 Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұжымдық субъектілері 16
3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 19
3.1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi 19
3.2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

Ел дамуының бағдармалық құжаты - Қазақстан - 2050. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспары, негізгі қағидалары мен бағыттары баяндалған. Қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде, жаңа тарихи жолдағы кедергілерімен күресу әдістерін, қоғамға жат құрылыстармен, әсіресе қылмыстықпен күресу әдістерін, қоғамға жат құрылыстармен, әсіресе қылмыстықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған, өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.
Осы тұста ел Президенті былай деп атап көрсетеді: Бүгінгі дамуымыдың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет.
Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз - бұл біздің өзімізге, мақсаттары мен басымдықтарды дәл білуімізге оларды уақытылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты.
Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев қоғамдық және құқықтық тәртіпті бұзушылықпен күресті күшейту қажет екенін ескерте отырып: Заңның шынайы үстемдігін бекіту және заңды құрмет тұтатын азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды, керісінше, билік пен заңның барлық күшін заңды жолмен өмір сүруді қамтамасыз етіп жүрген адамдарға қатысты қолдануымыз керек, - деп талап етті.
Құқық қорғау жүйесінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан реформалар осындай жағымсыз құбылыстарды ауыздықтауға бағытталған.
Келеңсіз құбылыстардың ең қауіпті жақтарының біріне қылмыстылық жататыны белгілі. Кейбір көрсеткіштердің динамикалық тербелісіне қарамастан, құқық бұзушылықтың деңгейі әлі де жоғары болып отыр.
Байқап отырғанымыздай, соңғы жылдары қылмыстардың жалпы саны азайғанына қарамастан ол қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесінің аса ауырлығымен және бұрын - сонды көрініс таппаған жаңа белгілерімен сипатталынады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - әкімшілік құқықтың нормаларындағы жауапкершіліктің түрлерін, құрамын теориялық негізде терең талдап, оны біршама жетілдіру; жауапкершіліктердің алдын алу шараларын анықтау.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін өзінің алдына мынадай міндеттерді қойды:
әкімшілік құқық бұзушылықтың теориялық аспектілерге қысқаша шолу;
әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілерін қарастыру;
әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін талдау;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жалпы сипаттамасын қарау.
Курстық жұмыстың объектісі - әкімшілік құқық бұзушылықтың ерекшеліктерін анықтау және сондай құқық бұзушылық жасауына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу.
Курстық жұмыстың заты - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жауаптылыққа байланысты қоғамдық қатынастар; заңда көзделген әкімшілік құқықтық нормалар; осы құқық бұзушылықты алдын алу саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
Курстық жұмыс кіріспеден; 3 бөлімнен, бірнеше тараудан; қорытындыдан; пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

1.1 Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы

Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген кұқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады. [2]
Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде әкімшілік теріс қылық деп те атайды. [1]
Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмай болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызға жүруге тағы с.с.), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұсқау келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды. [4]
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды белгілері:
а) құқыққа қарсылық - бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.
б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, біріақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойланған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.
Құқық теориясында әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың қылмыстық менмендік немесе қылмыстық салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияқтылар - осылардың бәрі және соларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана жаалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияқтылар.
Кінә - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі;ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ деп табылады.
в) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірілетін әрекет танылады. әкімшіл жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғаға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық салмағы қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаланады да, аса қатал емес жауаптылық белгіленеді.
Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің - жасы кәмелетке толмағандардың, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.
Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде 16 жасқа толғандары жауапты болады. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар туралы ережеде көзделген шаралар қолданылады.
16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13-бабының екінші абзацында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады. [2]

1.2 Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін оның заңды құрамына айырудың практикалық маңызы бар. әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілері бола тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген белгілердің (элементтердің) жиынтығы, солар бар болғанда әкімшілік жауаптылық ппайда болады.
Құқық нормаларымен реттелген және әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Іс жүзінде объект ретінде нақтылы нормалар, тпасырмалар, заңды талаптар, тыйым салулар болады.
Әкімшілік жауаптылықтың қылмыстық, азаматтық құқықтық және тәртіптік жауаптылықтан айырмашылығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қайшылығы, кінәлілігі, көп тарағандығы, жазаланатындығы, қоғамға қауіптілігі.
Құқыққа қайшылығы - құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасаудан тұрады. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың ғана емес, басқа да құқық салаларының нормаларын бұзады. Мысалы: еңбектік, азаматтық, қаржылық құқық нормалары.
Кез-келген әрекеттің кінәлілігі, оның қасақана немесе абайсызда жасалғандығын білдіреді. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі.
Әрекеттің көп тарағандығы қоғамдық қатынастарға зардап келтіру қаупін туғызатын болса, заң шығарушы бұл қатынастарды қорғауға алады және оны бұзғаны үшін жауаптылық тағайындайды.
Әкімшілік жазаланатындығы - әкімшілік құқық бұзушылық деп - тек қана әкімшілік заңмен жауаптылық көзделген әрекет ғана есептелетінін білдіреді. Қылмыс сияқты әкімшілік құқық бұзушылықта қоғамға қауіпті. Ол қауіптілік деңгейі бойынша ажыратылады. Көбінше қылмыс та, әкімшілік құқық бұзушылық та бір объектіге қол сұғады. Көптеген біртектес әкімшілік құқық бұзушылықтар бірнеше рет жасалған жағдайда қылмыс деп есептеледі. Сонымен қатар қылмыс ретінде де әкімшілік құқық бұзушылық ретінде де сараланатын құқық бұзушылықтар бар. Мысалы: бұзақылық, жол (жүру) әрекеті ережесін бұзу
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз - қоғамға қауіпті әрекеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға толық негіз беретін белгілердің жиынтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы мына 4 элементтен тұрады:
1) Объект;
2) Объективтік жағы;
3) Субъект;
4) Субъективтік жағы.
Әкімшілік құқық бұзушылық объектісі - әкімшілік құқықпен қорғалатын және реттелетін қоғамдық қатынастар. Объект - жалпы, тікелей(түрлік) болып бөлінеді.
Жалпы объект мемлекеттік басқару аясында пайда болатын және әкімшілік, бірқатар жағдайларда конституциялық, экологиялық, кеден, еңбек, жер, қаржылық және өзге де құқық салаларының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Объектіге жеке адам, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік, меншік, мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, экономика аясындағы қатынастар, басқарудың белгіленген тәртібі жатады.
Тікелей объект бұл әрбір нақты теріс қылықтың қол сұғатын құндылығы, игілігі. Мысалы: ар намыс, азаматтың абыройы, қоғамдық өнеге ұсақ бұзақылықтың тікелей объектісі болып табылады. Азаматтардың тыныштығы түнгі уақытта айқай шу болған кезде тікелей объект болып табылады.
Объективтік жағы - әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын сипаттайды. Объективтік жағы әрекет не әрекетсіздіктен, нәтижеден және олардың арасындағы себепті байланыстан көрініс табады. Сонымен қатар, құқыққа қарсы қол сұғушылық қайталанушылық, созылып кету сияқты белгілермен ле сипатталады. Мысалы, 330 бап - ұсақ бұзақылық қоғамдық орындарда балағат сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиісу, тұрғын жайларды немесе ортақ пайдалану орындарын қорлау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу, айналасындағыларды сыйламаушылық, арнайы қызметтерді (полиция, медициналық жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, авариялық қызметтерді) көрінеу жалған шақыру сияқты әрекеттерден көрініс табады.
Субъектісі - әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұлардан басқа арнайы субъектілер - яғни, лауазымды тұлғалар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары да болуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы - қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Құқық бұзушы қасақана іс әрекет жасай отырып, өзінің іс әрекетінің не әрекетсіздігінің құқыққа қарсы сипатын сезінеді, оның залалды салдарын алдын ала біледі және осы салдардың туындауын қалайды (тікелей қасақаналық). Ал жанама қасақаналықта құқық бұзушы өзінің іс әрекетінің құқыққа қайшылығын сезінеді және оған саналы түрде жол береді немесе оған немқұрайдылықпен қарайды.
Әкімшілік теріс қылық абайсызда істелуі де мүмкін. Абайсыздық менмендік және немқұрайдылық болып екіге бөлінеді. Менмендікте құқық бұзушы құқыққа қарсы зиянды салдар тууы мүмін екенін алдын ала біледі, бірақ оны болдырмаймын деп өз күшін негізсіз тым артық бағалайды. Мысалы бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде жүргізуші қатты келе жатқандықтан тоқтай алмай қалады да, жол ережесін бұзады. Менмендікте кінәлі адам өзінің іс әрекетінің зиянды салдары болады деп ойламайды, ол өзінің біліміне, тәжірибесіне, күшіне сене отырып, жағымсыз салдарларды жеңемін деп ойлайды. Немқұрайдылық құқыққа қарсы салдардың мүмкін болатынын алдын ала білмеу, бірақ тиісті назар аударған жағдайда олардың алдын алуға тиіс және мүмкін болуы. Мысалы механик машинаның жөндеу сапасын тексермей оны жолға шығаруға өкім береді, жол үстінде автоинспектор одан айтарлықтай техникалық кемістік табады. Бұл механиктің немқұрайдылығын не салақтығын көрсетеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болғанда ғана, оны жасаған адам әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босату негіздері көрсетілген. Бұл негіздерге - құқық бұзушының жеке тұлғасы, құқық бұзушылықтың сипаты мысал бола алады.
Мұнда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, құқық бұзушылық кінәсінің деңгейі, оның мүліктік жағдайы, шын жүректен өкінуі, зиянды зардаптарын жоюы және тағы басқа ескеріледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері құқық бұзушылықтың біртектес объектісіне және теріс қылықтың салалық бағытына байланысты топтастырылады. ӘҚБтКодексінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
жеке адамның құқықтарына қолсұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
кәмелетке толмағандардың құқығына қол;
меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық;
сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық;
салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
өнеркәсіп, жылу, электрэнергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық;
сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық;
қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық;
карантинді кережелер мен мал дәрігерлік қадағалауда әкімшілік құқық бұзушылық;
қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық;
қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық;
басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
кеденістері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық;
көлікте, жолшаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылық;
жалпыға бiрдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық.
Сонымен, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды. [5]
ӘҚБтКодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады. [1]

1.3 Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі түрлері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында айтылған және олар мемлекеттік аппарат қызметінің әртүрлі тармақтарына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, еліміздің қоғамдық өмірі мен экономикасының алаларына қатысты.
Мынадай түрлерге жіктеледі:
1) Жеке адамға және оның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға мысалы: ұрып-соғу, денсаулығына зиян келтіру, азаматтардың ұждан бостандығы мен сенім бостандығын жүзеге асыруға кедергі жасау, еңбек туралы заңдарды бұзу т.б.
2) Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Олар мысалы: заңсыз емдеумен айналысу,санитариялық заңнаманы бұзу. ЖҚТБмен, ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емдеуден жалтару: дәрігердін тағайындауынсыз есірткі құралдарын пайдалану т.б.
3) Көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылық. Оларға, мысалы: жүргізушілердің көлік пайдалану ережелерін бұзуы, жүргізушінің мас күйінде көлік құралдарын бсқару,сондай-ақ көлік құралдарынмас күйіндегі адамға беруі т.б.
4) Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары. Бұларға мысалы: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және заңсыз кірістер алу т.б.
5) Меншікке қол сұғатын әкішілік құқық бұзушылық. Оларға: жер учаскілерін өз бетімен иелену немесе уақытша иеленген жерді дер кезінде қайтару,жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу,бөтен біреудің жою немесе бүлдіру т.б.
6) Баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Мысалы: бұқаралы ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу, телерадиохабарларымен жарнамалық роликтерді эфирге шығару тәртібін бұзу, журналистің заңды қызметін орындауына кедергі жасау т.б
7) Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындаңы әкімшілік құқық бұзушылық. Бұлар - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу,жерді бүлдіру, жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу ережелері бұзу, орманда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық ережелер бұзу, заңсыз аң аулау т.б.
8) Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық. Бұлар - тұтынушыларды алдау, банк, валюта заңдарының талаптарын бұзу, бюджет қаражатын дер кезінде есептемеу немесе мақсатсыз қолдану, бағалы қағазды ұстаушылар құқығын бұзу т.б.
9) Карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік қадағалауда әкімшілік құқық бұзушылық. Бұларға карантиндік зиянкестер, өсімдік ауруларымен және арамшөптермен күрес жөніндегі ережелерді бұзу. Каратиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген материалдарды әкелу және әкету. т.б.
10) ҚР-сы мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және ҚР-ның аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұларға: шекара аймағында шекара режимін және жекеленген жерлерде болу тәртібін бұзу, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын бұзу т.б.
11) Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұларға: бөтен тауар таңбасын,қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердін атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану, кәсіпкердін атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану, кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, монополияға қарсы заңдарды бұзу т.б.
12) Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Бұлар: ұсақ бұзықтылық, тыныштықты бұзу, құмар ойындар, тарих және мәдениет ескерткіштерін немесе табиғи объектіні қорлау т.б.
13) Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілікт құқық бұзушылықтар. Бұлар - сотқа құрметтеушілік білдіру, прокурорға, тергеушіге және анықтау орнына, сот орындаушысына, приставына келуден жалтару, мемлекеттік наградаларды заңсыз тағып жүру т.б
14) Өнеркәсіп, жылу, электрэнергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға мыналар жатады: жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі режимдерін бұзу; энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу; газды пайдаланудың ережелері мен нормаларын бұзу, т.б.
15) Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы, құрылыс ережелері мен нормаларын бұзу; заңсыз құрылыс салу, тұрғын үй-жайларды өз бетімен қайта жабдықтау және қайта жоспарлау және т.б.
16) Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы, салық органдарында салық есебіне қою мерзімінің бұзылуы; салық салу объектілерін жасыру; жалған шот-фактура жазып беру, т.б.
17) Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Олар, мысалы, мыналар: құқық қорғау органдарының, шекара қызметінің уәкілетті қызметкерінің нұсқауларын орындамау немесе заңды өкіміне не талабына қасақана бағынбау; төтенше жағдай режимін бұзу; төл құжатсыз немесе куәліксіз тұру; күзетілетін объектілерге заңсыз ену, т.б.
18) Жалпағы бірдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға: комиссариаттың шақыруы туралы азаматтарға хабарламау; азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерін орындамауы; медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару; әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдіру немесе жоғалту, т.б. жатады. [1]
Әкімшілік құқық бұзушылық ауыл шаруашылығында жиі жасалады. Сонымен қатар ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзу көбейген. Мысалы, карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген материалдарды әкеткені, жер пайдаланушылардың арамшөптермен күресу жөніндегі шаралар қолданбаулары, ит пен мысық ұстау ережелерін бұзғандығы, жануарларға аяусыз қарағаны үшін әкімшілік жауаптылық және осы сияқты әкімшілік теріс қылықтары үшін жауапкершіліктің басқадай да негіздері тағайындалған.
Көлікте әкімшілік құқық бұзушылықтың едәуір қауіпті, ал көптеген жағдайларда апаттық салдары болуы мүмкін. Бұл салада әкімшілік теріс қылықпен нәтижелі күресу үшін заң шығарушы көлікте және жол құрылысы саласында, сондай-ақ байланыста құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қараған. Темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу, теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамассыз ететін ережелерді және басқаларды бұзу шүбәсіз қоғамдық қауіпті болып табылады. [5]

2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

2.1 Әкімшілік құқық бұзушылықтың жеке субъектілері

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері - деп ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға қатысушы тұлғаларды айтамыз. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жеке субъектілеріне - ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, лауазымды тұлғалар жатады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұжымдық субъектілеріне - ҚР Үкіметі, Министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Жеке субъектілерді қарастыру ең алдымен азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесінен басталады. Сондықтан азамат деген түсінікті анықтап алу қажет. Азаматтық дегеніміз - адамның адамгершілігін, негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген олардың өзара байланысты құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің жиынтығынан көрініс табатын адамның мемлекетпен тұрақты түрдегі саяси құқықтық байланысы. Азаматтық белгісі бойынша жеке тұлғалар бірнеше топқа жіктеледі: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, қос азаматтығы бар адамдар. Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз - азаматтардың әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген субъективтік құқықтарының, заңды міндеттерінің және жауаптылығының жиынтығы.
Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі азаматтардың әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен, олардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Құқық қабілеттілігі азаматтардың әкімшілік құқықтық қатынастарға түсуге мемлекет белгілеген және қорғайтын мүмкіндігі.
Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігі - азаматтың құқығымен берілген өзінің іс-әрекетін жүзеге асыруға, өзінің жүріс-тұрысына заңды жауапты болуға және белгіленген міндеттерді орындауға бейімделген қабілеті. Әрекет қабілеттілік толық (18 жастан), шектеулі (16 жастан) және ішінара (7 жастан) боп бөлінеді.
Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұлардан басқа арнайы субъектілер - яғни, лауазымды тұлғалар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары да болуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылық – әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері
Әкімшілік процесте
Әкімшілік жазалардың түрлері
Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Әкімшілік құқық
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Пәндер