ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Құқық пәндері кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары
5В030100
Сырттай
зЮ3-18 к
Автор Байбусинов М.Ж.
Жетекші Конырбаева Д.Т.
Петропавл қ., 2018 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ 6
1.1 Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары 6
1.2 Вавилон мемлекеті, парсылар империясындағы саяси ойлар 9
2 ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАР 12
2.1 Ежелгі Үндістанның және Қытайдың саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Шығыс Араб елдері мен Орта Азияның саяси және құқықтық идеялары 16
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Шығыс елдерінің саяси-құқықтық ойлар бастаулары саяси және құқықтық ілімдерде өте үлкен орын алады. Өзінің ерекше даму сатысындағы саяси және құқықтық деп аталған көзқарас адам білімінің ерекше аумағында және қоғамдық биліктің жеке формасын қарастырып үлгермеген болатын және аңыздық әлем көзқарасының құраушы сәтін көрсетті. Мұнда әрбір қарастырылып отырған мәселеге байланысты тарауларға бөлінген. Мен соның ішінде үндістанның, қытайдың және араб елдерінің саяси-құқықтық ойлардың бастауларына көп тоқталып, әрбір жеке ой бастауларына ерекше көңіл бөліп, біраз мәліметті айтып өттім.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде саяси және құқықтық ілімдері этикалық көзқаратармен тығыз асасып жатты. Билеушілер мен бағыныштыларды адамгершілік тұрғысынан жетілдіру, тәрбиеде және билік механизмінде жеке үлгі көрсет мәселелері алға қойылды. Шығыс ілімдерінде діни-мифологиялық көзқарастар басымдық ала бастады. Бәрінен бұрын, бұл мемлекеттің шығу тегіне, билікке, қолданылып жүрген саяси режимнің негіздемелеріне қатысты болды. Мәселенің өзектілігі, саяси және құқықтық ілімдерге үшін маңыздылығы да - осы, яғни саяси-құқықтық теориялары: - діни-мифологиялық көзқарастардан; - моральдық көзқарастардан; - саясат пен құқық жөніндегі қолданбалы білімдерден келіп шығатын күрделі мәселе болды деп айта алам.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дерек көздері мен жалпы Шығыс елдерінің саяси-құқықтық ойлардың бастаулары өзіне сүйене отырып, ол ойлардың бастаулары саяси және құқықтық ілімдерде алар орны мен әсіресе үндістанның, қытайдың және араб елдерінің саяси-құқықтық ойдың бастауларын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
Шығыстағы саяси және құқықтық ойдың бастаулары;
Вавилон мемкелеі, парсылар империясындағы саяси ойлар;
Ежелгі Үндістанның және Қытайдың саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы мен дамуы;
Шығыс Араб елдері мен Орта Азияның саяси және құқықтық идеялары.
Курстық жұмыстың қайнар көзі: Саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы өз бастауын көне заманнан алады. Олардың пайда болуы алғашқыда философиялық-діни бағытта болды. Өйткені қоғамда діни нанымдар ертерек пайда болған еді және адамдар санасы қоршаған ортаны танып білуде өте тұрпайы да, қарапайым болды. Адамдар санасында қоғамдағы болып жатқан әр түрлі табиғи-саяси және әлеуметтік үрдістерді, қоршаған ортаны түсіндіруде мифтік көзқарас басым болды. Адамдар өздерін қоршаған ортаны жанды космос әлемімен байланыстырды. Сондықтан да көне замандағы көптеген халықтар (гректер, парсылар, египеттіктер, үнділер мен үндістер, вавилондықтар мен римдіктер) жердегі болып жатқан құбылыстар мен тәртіпті көктен түскен заңды құбылыс деп қабылдады. Осыдан да болар, олар жердегі барлық жағдайды: қарапайым адамдар арасындағы қатынастан бастап, саяси істерге дейін барлығын діни идеологияға апарып таңып қойды.
Дүниежүзiлiк саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы - адамзаттың рухани мəдениетiнiң маңызды құрамдас бөлiмдерiнiң бiрi. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi саяси-құқықтық iлiмi мен тəжiрибесi жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргiзу, құқық, бостандық мəселелерiнiң негiзгi қағидалары жəне iлiмдерi анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси - құқықтық тəжiрибесi, идеялары, ойлары қазiргi замандағы саяси жəне құқықтық iлiмнiң дамуы мен оның бағытына едəуiр ықпал етедi, бiздiң қазiргi iс-əрекетiмiзге бағыт бередi. [1, 3 б.]
Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн жəне болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар əр уақытта, əр дəуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты жəне адамзаттың ұзақ ғасырлық тəжiрибесiн пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады. Қазiргi кезде елiмiзде алуан түрлi саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келдi. Олар дүниеге келiп ғана қойған жоқ, белгiлi-бiр мақсат ұстанған нақты күш ретiнде саяси аренаға шықты.
Курстық жұмыс кіріспеден; 2 бөлімнен, бірнеше тараудан; қорытындыдан; пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
3.1 Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары
Саяси-құқықтық iлiмдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтiк көзқарастары негiзiнде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мəселе ежелгi Шығыс жəне Батыс халықтарында, египеттiктерде, үндiстерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдiктерде жəне т.б. халықтардың мифтiк аңыздарында көрiнiс табады. [1, 7 б.]
Өзінің ерекше даму сатысындағы саяси және құқықтық деп аталған көзқарас адам білімінің ерекше аумағында және қоғамдық биліктің жеке формасын қарастырып үлгермеген болатын және аңыздық әлем көзқарасынң құраушы сәтін көрсетті. Жердегі тәртіп туралы аңыздық көзқарас және адам өмірінің қоғамдық ұйымдастырылуына аңыздық жол тәжірибесі толығымен келесі құқықтық ойларға құқық, мемлекет, саясаттану, діни, философиялық жаңа ғылыми концепцияларына, және келесі кезеңдегі саяси құқықтқ ілімдердің дамуы теориясына ықпал етті. Осының бәрінен яғни ңыз ол алғашқы тарихи өнімді және ұзақ билік еткен шындықты рухани меңгеру отаны, ұзақ уақыт бойы өнер, дін, философия бағынатын дамдардың өміріндегі барлық негізгі аумағындағы кеңістік пен трактаттың негізгі дәстүрін салды. [15, 10 б.]
Мифология - ежелгi адамдардың өзiн қоршаған əлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегi өндiрiс қатынастары мен өндiргiш күштердiң жетiлмегендiгiнен, бүкiл əлемдi, оның заңдылықтарын түсiну өте қиынға соқты. Сондықтан да ежелгi дүние адамдары əлемдi екiге бөлiп қарады. Оның бiрi - өздерi өмiр сүрiп, тiршiлiк етiп отырған көз алдындағы дүние болса, оның екiншiсi - олардан тыс жатқан, сыры белгiсiз, өздерi көрiп тани алмайтын басқа дүние едi.
Мифтiк көзқарастардың сипаты, негiзiнен, болған оқиғалардың қарапайым хабарламалары жəне бұл оқиғаларға адамдардың бағыныштылығы туралы болып келедi. Яғни, табиғаттан тыс, адамдардың еркi мен əрекетiнен жоғары тұратын күш туралы айтылады. Жердегi өмiр мен адамдардың iс-əрекетi - құдай iсi деп көрсетiледi. Қоғамдық жəне мемлекеттiк құрылыс, ел билеу мəселесi, адамдардың, адамдар мен құдайлардың өзара қарым-қатынастары, олардың мiндеттерi мен құқықтары құдай бұйырған əрекеттер ретiнде айтылады. Не iстеу керек немесе не iстеуге болмайтындығы алдын-ала шешiлген. Оған қарсы тұруға болмайды, ол адамның тағдыры ретiнде адамдарды патшалар мен құдайларға бағынышты ретiнде көрсетедi.
Мифтiк көзқарастарда сонымен бiрге болашақ iлiмдердiң элементтерi де кездесетiнiн, оларды алғашқы адамдар өздерiнiң тiршiлiгi мен қызметiне қажеттi түрде пайдалана бiлгенiн де айтакеткен жөн. Мифтiк аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайлардың билегендiгi, кейiннен құдайлар адамдарды ел билеу əдiстерiне үйретiп, ел билеудi олардың өз қолдарына бергендiгi туралы айтылады. Мысалы, Герадот өзiнiң шығармасында алғашқы Египет патшасынан б.з.д. V ғасырға дейiн Египетте 341 патша мен абыздар ұрпағының өткендiгiн жəне оның 11340 жылға созылғандығын жазады. Египет абыздарының айтуынша, елдi құдайлар билеген, олар адамдармен бiрге өмiр сүрген. [1, 8 б.]
Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т.т.) қолында болды."Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді" деген көзқарас қалыптасты.Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның қол астындағылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мамлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелінді.біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер - Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыстыра қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол ез заманында лицей ашып. сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер -- Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Ежелгi еврей халқында адамдарды алғашында құдайлардың билегендiгi, ежелгi Қытайда Аспан астындағы билеушiнiң болғандығы туралы айтылады. Ежелгi Египеттiң дiни жəне мифтiк аңыздарында əдiлдiк пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жiберiп отыратындығы баяндалады. Египеттiктердегi ″ма-ат″ ұғымы сияқты ежелгi үндiстерде ″рта″, ежелгi Қытайда ″дао″, ежелгi гректерде ″дике″ ұғымдары бар жəне бұлардың барлығында олар шындық пен əдiлдiктiң елшiсi ретiнде көрсетiледi.
Ежелгi Египетте ″Птахотеп өсиетi″ (б.з.д. XXVIII ғ.), ″Өлiлер кiтабы″ (б.з.д. XXV-XXIV ғғ.) жəне т.б. жердегi əлеуметтiк-саяси тəртiптер мен заңдар, адамдардың iс-əрекеттерi мен өзара қарым-қатынастары құдайдың əдiл iстерi ретiнде мақталады.
″Птахотеп өсиетi″ кiтабында барлық адамдардың табиғи еркiндiгi, туа бiткен данышпандар мен оқымыстылардың болмағандығы туралы көзқарастар кездеседi. Бұнда адамдардың мiнез-құлқы ″ка″ принципiне - iзгiлiктi де қайырымды жəне əдiлеттi мiнез-құлық өлшемiне сəйкес келу қажеттiлiгi негiзге алынады. ″Гераклеопольдық патшаның өзiнiң ұлына айтқан өсиетiнде″ (б.з.д.XXII ғ.) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билiгi туралы сөздермен қатар, заң мен əдiлдiкке қарсы ешқандай iс-əрекет жасамау керектiгi, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмiр кешетiндiгi туралы үндеулер кездеседi. Бұл өсиет кiтапта патша сонымен бiрге ″əдiлдiктi жасаушы жəне қорғаушы″ ретiнде дəрiптеледi. Өсиет кiтаптың авторы патша Ахтой өзiнiң ұлына, яғни мұрагерiне ″Өзiңнiң билiгiңдi жоғары ұста жəне оны одан əрi көтере түс, ол сенiң заңдарыңды күштi етедi жəне мемлекетiңдi қорғайды″ деп, өсиет айтады.
″Өлiлер кiтабында″ адамдардың өлгеннен кейiнгi тiршiлiгi өлiлер патшалығына ауысатындығы туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық жəне адамдар тұрмысына қажеттi нəрсенiң бəрi бар. Бұл патшалыққа келгендердi Осирис құдайдың əдiл соты олардың жер үстiндегi өмiрiнде əдiл де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы - Ма-ат мүсiнi жанында Осиристiң əдiл соты олардың барлық iс-əрекетiн сұрайды. Сот алдына келгендер ″Мен ешкiмге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкiмдi алдаған жоқпын, мен ешкiмдi жылатқан жоқпын, мен ешкiмге қарыздар емеспiн, мен құдайларды сөккен жоқпын″ - деп, ант-су iшедi. Египеттiктердiң түсiнiгiнше, адамдар жер бетiндегi сот жазасынан құтылғанымен, өлiлер патшалығындағы Осирис құдайдың əдiл сотынан құтыла алмайды. Жер бетiндегi өмiрде əдiлдiк пен шындық бола бермейдi, бiрақ түбiнде оған жауап беруге тура келедi. Жер бетiндегi патшалықтағы теңсiздiк пен заңсыздыққа адамдардың өзi жол берген. Мемлекет билеушiсi - перғауын - құдайлар патшасы - күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағайындалған. Ол жер бетiндегi барлық əрекеттi, жамандық пен жақсылықты, қатыгездiк пен əдiлдiктi бүтiндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келiспеушiлiктердiң орын алуы да осыдан пайда болады.
Билiк пен заңның белгiлi бiр топтың ғана мүддесiн қорғағандығы жəне оған мүдделi топтардың осы заңдар мен нормаларды да өз мақсаттары үшiн пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы əдiлдiк пен билiк туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын көрiнедi. Мақтанышпен айтылған əдiл билiк пен əдiлеттi заңға халық бұқарасының наразылық бiлдiргендiгi, қарулы күреске шыққандығы туралы мəлiметтер де кездеседi. Осындай халық қозғалыстарының бiрi туралы (б.з.д. 1750 жылдар шамасы) ″Ипусердiң сөздерiнде″ айтылады. Ол бұл қозғалысты ″заң мен билiкке қарсы əрекет етушiлер″ ретiнде көрсетедi, бұл кезде елде адам айтқысыз өзгерiстердiң болғандығын, билiк органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын, билеушi сарайындағы сақтаулы заңдардың көшеге шығарылып, аяққа тапталғандығын жəне жойылғандығын баяндайды. [1, 9 б.]
Қорыта айтқанда, саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыдан болса да алғаш рет Ежелгі Шығыста қалыптасты, құқықтық қатынастар мен құқықтық түсінікер алғаш рет Шығыста пайда болды. Саяси-құқықтық ойлар Ежелгі Шығыста діни сипатта қалыптасқанымен, онда таптық мүддені қорғайтын белгілер де басым болды, бұл ойлар белгілі бір топтың мүддесін білдірді, солардың билігін қолдады және Ежелгі Шығыс заңдары қаталдығымен әйгіленді.
1.2 Вавилон мемлекеті, парсылар империясындағы саяси ойлар
Ежелгі Вавилон билеушілері өздерінің билігі мен заңдарының құдайлық сипатта екендігін дәлелдеуге тырысты. Б.з.д. 18 ғ. Хаммурапи заңдарының кіріспесінде Аннуактардың мәребелі патшасы нум мен ел тағдырын шешуші көк пен жердің әміршісі!... бүкіл адамзатты билеуді маған беріп, елге әділеттілікті орнату үшін, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлді әлсізге қысым жасау үшін және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игілігіне халық мені шақырды, жерде әділдік пен тәртіп орнату үшін мені Шаман құдай жіберді, менің бұйрықтарым мен заңдарымды ешкімнің де өзгертуге құқы жоқ деп айтылады.
Хаммурапи бiрiншi Вавилон əулетiнiң алтыншы патшасы (б.з.д. 1792-1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкiл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси жəне мəдени орталығына айналу жəне оның гүлдену мен дəуiрлеу кезеңi. Вавилонның саяси жəне əлеуметтiк құрылымы туралы бағалы жəне жан-жақты мəлiметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биiк базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезiнде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тəңiрiсi Шаман құдай жəне оның алдында iлтипатты тұрған əйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөлiктерiнде заңдар сыналап ойып жазылған.
Əдiлдiктiң қорғаушысы ретiнде баяндалған бұл заң еркiн адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзiнде бекiтедi. Олардың əлеуметтiк жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретiнде бағалайды, билеушi топтың мүддесiн жəне жеке меншiктi қызғыштай қорғайды.
Ежелгi парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрiнiс тапты жəне дамытылды. Дiни-этникалық бұл ағымның негiзiн қалаушы б.з.д. VIII ғасырда өмiр сүрген Заратустра болып саналады. Кейбiр тарихшылар оның туып өскен жерi Сыр бойы деп те есептейдi. Қалай болғанда да бұл ағым дiни сипатта дамып, кейiннен едəуiр территорияға ықпалын тигiздi. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндiстан, Греция, Орта Азия елдерiне кең тарады. Зороастризмнiң негiзгi қағидасы бiр-бiрiне қарама-қарсы екi күш -жақсылық пен жамандықтың өзара күресi мазмұнында өрбидi. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдiретi деп көрсетiледi.
Қайырымдылық пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы күресiне көмектеседi. Адамдардың өмiрi мен тұрмысы да күрес нəтижесiнде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билiгiнен кейiн əрдайым жақсылық жеңiске жетiп отырады. Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегi билiгi болып саналады.
Мемлекет билеушiсi - монарх - жердегi Ормузданың əмiрiн орындаушы қызметкерi, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауiп төндiретiн əрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нəрiн себуге мiндеттi. Қоғамның əлеуметтiк құрылымы, зороастризм бойынша, əркiмнiң қандай кəсiппен шұғылдануы еркiн таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл əлеуметтiк топтың əрқайсысының басында жетекшiлiк ролдi атқаратын неғұрлым белсендi жəне беделдi адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшiлерiн өзара сүйiспеншiлiк пен сыйластыққа, бiр-бiрiн кешiре бiлуге жəне бiтiмге шақырады.
Саяси-құқықтық ойлардың ежелгi шығыс халқында батысқа қарағанда неғұрлым ертерек пайда болуы да Ежелгi шығыс мəдениетiнiң ерекшелiктерiнiң бiрi болып саналады. Қазiргi заманда да бұл ерекшелiк өзiнiң көкейтестiлiк бағытымен елеулi күшке ие болып отыр. Бұған Иран, Ауғанстан елдерiндегi дiни бағыттағы əр түрлi "ағымдар" күштерi мысал бола алады. Қоғамның ерте даму сатысында саяси-құқықтық ойдың ғылымға негiзделе қоймаған кезiнде сана бүкiл əлемге мифтiк тұрғыда қалыптасты. Айтылған ойлар мен көзқарастар белгiлi бiр күшке, құдайға келiп тiрелдi жəне олар мiндеттi құқықтық нормалар ретiнде қабылданды. Сонымен бiрге Ежелгi Шығыстың саяси-қоғамдық жəне əлуметтiк-экономикалық даму өзгешелiктерiне қарай құқық саласында да олардың өзiндiк ерекшелiктерi болды. Олардың қатарына жеке меншiк құқығының əлсiз дамуы, патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа бүкiл ұжым болып жауап беруi, жазалаудың талион принципi жəне т.б. жатады. [1, 11 б.]
Жердегі тәріп туралы мифтік көзқарастар мен адамдардың қоғамдық өмірді мифтік тұрғыдан ұйымдастыру тәжірибесі саяси-құқықтық ойдың дамуына зор ықпал етті, саясат, мемлекет және құқықтық туралы алғашқы ғылыми концепциялардың пайда болуының алғы шарттарын дайындады және саяси-құқықтық ілімнің одан кейінгі кезеңдердегі дамуына серпін берді.
1 ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАР
2.1 Ежелгі Үндістанның және Қытайдың саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы мен дамуы
Саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы өз бастауын көне заманнан алады. Олардың пайда болуы алғашқыда философиялық-діни бағытта болды. Өйткені қоғамда діни нанымдар ертерек пайда болған еді және адамдар санасы қоршаған ортаны танып білуде өте тұрпайы да, қарапайым болды. Адамдар санасында қоғамдағы болып жатқан әр түрлі табиғи-саяси және әлеуметтік үрдістерді, қоршаған ортаны түсіндіруде мифтік көзқарас басым болды. Адамдар өздерін қоршаған ортаны жанды космос әлемімен байланыстырды. Сондықтан да көне замандағы көптеген халықтар (гректер, парсылар, египеттіктер, үнділер мен үндістер, вавилондықтар мен римдіктер) жердегі болып жатқан құбылыстар мен тәртіпті көктен түскен заңды құбылыс деп қабылдады. Осыдан да болар, олар жердегі барлық жағдайды: қарапайым адамдар арасындағы қатынастан бастап, саяси істерге дейін барлығын діни идеологияға апарып таңып қойды. Көне Египетте халық биліктің қайнар көзі деп құдайлар мен фараондарды қабылдады. Сондықтан да Египеттегі биліктің өзі фараондар салдырған пирамидаға ұқсас болды. Пирамида басында құдайлар мен фараондар, яғни пирамиданың шыңы, ал пирамиданың табаны (негізі) - халық, ортасы - абыздар мен ақсүйектер деп түсінді. Ал осы тәртіпті бұзған жағдайда адамдар құдайдың қарғысына қалады, ақырзаман болады деп түсінді. Осыдан барып олар қоғамдағы қалыптасқан жағдайды, тәртіпті сақтап қалу үшін әр түрлі заңдар жинағын жариялады. Сондай заңдардың ең көнесі ретінде ежелгі вавилондағы Хаммурапи (б.э.д. 1782 - 1750 жж.) патшаның заңдарын айтуға болады. Заңның кіріспе бөлімінде осы заң сендерге әділеттілік үшін жіберілген деп көрсетіледі.
Ежелгі Үндістандағы саяси құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Бұның өзі ежелгі үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандаға тікелей байланысты болып келеді. [1, 12 б.]
Көне Үндістандағы бізге дейін жеткен көне ескерткіштердің бірі - ертедегі арийлер туралы мәліметтер сақталған Ригведа. Бұл құнды деректе олардың қоғамдық өмірі түгел сипатталады. Дерек бойынша үнділер қоғамды төрт арнайы топқа бөлген: а) брахмандар - абыздар; ойшылдар, ғалымдар; ә) кшатрийлер - әкімдер мен жауынгер әскери басшылар; б) вайшилар - көпестер мен саудагерлер; в) шудралар - бұқара халық. Қоғамдағы мұндай әлеуметтік тапқа бөліну сол заманның идеологиясына ешқандай қайшы келмеді және бір таптан басқа тапқа ауысуға қатаң тыйым салынды. Осылайша үнді қоғамында саяси өмірді реттеуші қатаң касталық жүйе қалыптасты. Ригведада берілген мәліметтерге қарағанда арийлер еңбекшілерге билік жүргізген, сондай-ақ кшатрийлерді өздері сайлап отырған. Арийлер егер де кшатрийлер өздеріне берілген қызметті дұрыс атқармаған жағдайда және патшаға адалдық сақтамаған кезде оларды билік басынан алып тастау құқығын иеленген. Көне заманнан бізге жеткен тағы да бір құнды жәдігердің бірі - ежелгі үнді тарихшысы, ойшылы Каутильяның жазған Артхашастра еңбегі болып табылады. Бұл еңбекте автор үнді жеріндегі көне Маурья мемлекеті туралы сөз қозғайды. Маурья империясы мемлекетілік нышандары түгел қалыптасқан, өз құрылымы, нысаны, салық жүйесі және басқа мемлекеттермен саяси байланыс орнатқан мемлекет болғаны сипатталады. Басқару формасына байланысты Маурья мемлекеті автократиялық тұрпатта болды, соған қарамастан қалалар мен ауылдық жерлерде оларға кейбір автономиялық өкілеттіктер берілді. Атап айтқанда, сауда, салық, мүлік, шекара күзету мәселелеріне келгенде тұрғындар бұл сұрақтарды арнайы құрылған мекемелер, заң, сот жүйесі арқылы шешіп, жүзеге асырып отырды. Маурья мемлекетінде арийлер ерекше мәртебеге ие болды. Олар ешқашан құл болмады. Арийлер патшаны олардың мүліктік жағдайына қарамастан сайлады. Таққа отыру рәсімі кезінде патша халыққа адал қызмет ету туралы ант берді. Патша егерде мен сіздерге қысымшылық көрсетсем, онда мені жаратушы аспан мен жерден және ұрпағымнан айырсын деп ант берген. Каутилья былай деп түсіндіреді, патшаның бақыты оның қол астындағыларының бақытына, олардың әлеуметтік жағдайына тікелей қатысты, өйткені патшаның негізгі қызметі халыққа қызмет етуден тұрады. Патша халқына адал болмаған жағдайда халық оны тақтан түсіруге құқылы болды. Бірақ үнді қоғамындағы билеушілердің ашкөздігі мен дүниеқоңыздығы Каутилья сипаттаған қоғамның біртіндеп құлдырауына әкеліп соқты. Маурья мемлекетінде тұрғындарды табиғат және соғыс жағдайларына байланысты әлеуметтік қорғау механизмі құрылды. Қалаларда сәулет, жол салу, туу мен өлімді тіркейтін, ішкі тәртіпті қадағалайтын арнайы муниципалды кеңестер жұмыс істеді. Бірақ соған қарамастан, Маурья мемлекетіндегі қатаң касталық жүйе біртіндеп саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан дағдарысқа ұшырай бастады. Патша мен брахмандардың шектен шыққан билігі мен қатыгездігі кедей бұқара халықтың құқықтарын аяққа таптады. Бұл өз кезегінде қоғамды идеологиялық тығырыққа әкеліп тіреді. Енді саяси сахнаға халықты осы тозақ шеңберінен құтқарушы жаңа харизматикалық лидер Будда (ханзада Гаутама Сиддхартха) келді. Будданың (Будда - көзі ашылған, нұрланған) өзі және оның ізбасарлары брахманизмнің қасиетті мәтіндерінде қалыптасқан идеяларды, ұғымдарды және санскрит тілін пайдаланды. Олардың көптеген ойлары брахманизм идеясымен ұштасып жатты.
Атап айтқанда, қайта туу (сансара) қағидаты, жазасын алу (карма), парыз, хақ жолы (драхма) және т.б. Алайда ендігі жерде Будда ұжымдық психологиядан жеке психологияға ауысты. Адам жеке өзінің хақ жолын сезініп, қалыптастыра отырып, сансардан шыға алады және тағдырына ықпал етіп, карманы өзгерту мүмкіндігіне ие бола алады. Будда іліміне кіріп, аман қалу жолында барлық адамдар бәрі бірдей деп саналды. Таптық, әлеуметтік және нәсілдік айырмашылықты адамдар рухани жағынан кемелденген шақта өзгерте алады. Ешқандай әлеуметтік сатыға, дәрежеге бөлінбейді. Адамның бақытқа жетуі де өз қолында. Ол оның істеген іс-әрекеттеріне байланысты. Будданың айтуынша, бақытқа жету үшін адам өз өміріне, құндылықтарына, қағидаттарына, тәртіп ережелеріне, қарым-қатынасына (ортамен), ниетіне, наным-сеніміне (діни) саналы мүмкіндік жасауы тиіс. Бұл жолдағы жақын мақсат пен мүмкіндік - болашақ өмірге қайта келу (туу) мәртебесіне ие болу бұқара халық үшін өте тиімді болды. Өйткені бұған дейін өмірде қайта туу мәртебесіне тек брахмандар ғана мүмкіндік алған еді. Будда ілімінің бұқаралық мәні халық тарапынан кең қолдау тапты. Тіпті аристократия өкілдері де жаңа дінді қуанышпен қарсы алды. Б.э. ІІ ғ. Үндістанда ірі мемлекет билеушісі Ашоко патша будда дінін насихаттауда ерекше еңбек етті. Ол өзін будда монахтығы - сангханың, яғни 32 буддизмнің этикалық нормасы - дхарманың қорғанымын деп жариялады. Сол арқылы ол жергілікті элитамен тартыста болашақ империяның билігін нығайтты.
Мемлекет бақылауымен Паталипутрада өткен соборда будда ілімін толық мойындау үдерісі басталды. Буддизмнің үш асыл қазынасы: ұстаз - Будда, ілім - дхарма, ақиқат иелері - сангха туралы түсінік бекітілді. Соның ішінде сангха нирванаға жетер жолды көрсете және жеңілдете алатын, ілімді түсіндіретін институт деп қабылданды. Сондай-ақ, Будда дінінде нирванаға жетер жолдағы ұстаз рөлінің маңызы артты. Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" -- "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және брахмандар -- Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер -- құдайдың қолынан, вайшийлер -- құдайдың санынан, шудралар -- құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында "Тірі жәндіктердің ішіндегі ең қасиеттісі -- жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.
Ману заңдарында адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әділетсіздігінен көрінеді.
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz