Отанын барлық жаудан қорғаған даңқты батырлар біздің жүрегімізде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Олармен Қазақстан мақтан тұтады
Тойлыбай Бибіғайша
Қазақ елі кең байтақ жерімен де,көз тартар сұлу табиғатымен де,жер байлығымен де,ұлы тұлғаларымен де мақтана алады.Ақын Абай Құнанбаев,Мағжан Жұмабаев,Міржақып Дулатов,алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин, айтыскер Біржан, Ақан,Сара ,әнші Роза Рымбаева,Нағима Есқалиева, Роза Бағланова,Ескендір Хасанғалиеав,композитор Шәмші Қалдыаяқов,Бұқар жырау,Үмбетей,Тілеуке жыраулар,геолог Қаныш Сәтбаев және басқа да асыл жандар - еліміздің мақтанышы.Осы жер үшін,ел үшін күрескен батырлар жайлы сөз қозғағым келіп тұр.Кең байтақ қазақ жерінде елін,жерін қорғаған,халық тағдырын өз қамынан жоғары қойған,елі үшін құрбандыққа даяр батырлар әр кезде , әр заманда болған, әлі де бар.Олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды,олар халық жүрегінде. Қазақ халқы пайда болғаннан бастап халық өмірі күреспен өтуде.Сол күрестердің барлығында қазақ батырлары елі,жері үшін жан аямай шайқасқан.Жоңғар шапқыншылығында ерлікпен төтеп берген ҚаракерейҚабанбай,Бөгенбай,Өтеген,С ұраншы,Райымбек,Жәнібек,Ресейге қарсы көтеріліс басшылары Исатай, Махамбет,Кенесары, Сырым, 1986 жылғы қаһармандар Қайрат, Сәбирә, Ләззат, Ұлы Отан соғыс батырлары Бауыржан Момышұлы , Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев сынды батырларымыз ел есінде.Айта берсек, қазақта батыр көп болған.
Жоңғарлармен кескілескен шайқаста ерлігімен көзге түскен Қабанбай (Ерасыл) батырдың қайсарлығы ешқашан естен кетпес. Қабанбай батыр орыс,қытай жазбалаларында Бұқар, Үмбетей жыраулардың жырларында бас батыр ретінде, Абылай , Әбілмәмбеттен кейінгі маңызды тұлға ретінде жазылған. Он алты жасында жауға жасырын барып , ағасын өлтірген жоңғарды өлтіріп , кек алған.Осыдан соң Зайсанға, жездесіне кетіп, сол жерде жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып , Қабанбай батыр атаныпты. 1717 жылы Аягөз шайқасында , 1723 жылы Түркістанды қорғауға ,1726 жылы Бұланты шайқасына , 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына қатысқан.Шыңғыстаудаұғы 1741 жылғы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып,Абылай хан оған "Дарабоз" деген атақ берген.Көптеген шайқастарға қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.1758 жылы қытай-қазақ саудасын бастап берді .Қабанбай батыр 103 жекпе-жекке шығып, оның бәрінде жеңіске жеткен деседі.Өмірінің бәрі күреспен өткен даланың ерен батыры өлім алдында да ерлік көрсетіп кетті, ауырып жатқанына қарамастан жекпе-жекке шығып қырғыз батыры Қарабекті өлтірді. Даңқты қолбасшының өнегелі өмірі Бұқар, Ақтамберді , Үмбетей, Дулат ,Тәттіқара шығармаларына арқау болды.Батыр ерлігі ұмытылған жоқ, Алматы , Семей, Өскемен қалаларының көшелеріне, Аягөздегі танк дивизияларының біріне Қабанбай батыр есімі берілген. Үшарал қаласында батырға ескерткіш,Астанада ескерткіш-монумент орнатылған.1990 жылы Қаракерей Қабанбай атындағы тарихи-өлкетану музейі ашылды. Қабдеш Жұмаділов Қабанбай батыр жайлы "Дарабоз" дилогиясын жазды.Бұл туындыда батыр бейнесі жан жақты суреттелген. Қаракерей Қабанбайдың елінде өмір сүріп жатқаныма қуанамын.Сенің еліңде даланың дарабозы болған қандай керемет!
Ереуіл атқа ер салып,елді артына ерткен Исатай батырөмірінің соңына дейін Ресейге,шонжар байларға қарсы күресіп келді.Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді. Ішкі Ордада патша үкіметінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына И.Тайманұлы әу бастан қарсы болады. Ханнан, оның қайын атасы Қарауылқожадан, сұлтандар мен билерден зәбір көрген қарапайым халық бірте-бірте Исатайдың айналасына жинала бастайды. Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. 1836-1838 жылдардағы көтерілістің мақсаты - Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі болды.Оның жақын досы ақын Махамбет те көтеріліс басшыларының бірі болды. Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде болады. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі
«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Бауыржан Момышұлы: тарихи тұлға және көркем образ
Қазақ халқының тарихы сан алуан оқиғаларға толы
Кешегі немесе бүгінгі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізу
Қазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдары
Қанатты сөздерінің өзіндік стилі және тілдік - композициялық құрылысы
9 мамыр
Қазақ фольклорындағы ерлік, елжандылық тақырыптары
Пәндер