Топтық жұмыстың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ф.5-28

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Шетел тілдер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша
Тақырыбы: Сыныпта ағылшын тілі сабағындағы топтық және жұптық жұмыстар

__________
(баға)

Оқытушы:

П.ғ.к., профессор
(қызметі, ғылыми дәрежесі)
Ж.М. Байгожина
(аты-жөні)

__________________
(қолы) (күні)

Тобы: ШТА-31
Студент: Балтажан Т.Қ.

Ф.5-34
Мазмұны

Кіріспе

1. Сыныпта ағылшын тілі сабағындағы топтық және жұптық жұмыстар
1.1 Ағылшын тілі сабағында топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары
1.2 Топтық және жұптық жұмыстардыағылшын тілі сабақтарында қолдану ерекшеліктері
2. Жұптық және топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

2.1 Жұптық және топтық жұмысында тандем әдісін қолдану

2.2 Сыныпта тілді оқытуда топтық және жұптық жұмыстарды қолдану барысында күтілетін нәтиже

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ағылшын тілін үйрету әдістемесі оқу орындарында жетекші орын алуда. Ағылшын тілі сабақтарын жүргізу үшін білім саласында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Сол әдістердің біріне - мектепте ағылшын тілі сабағы бойынша білім беру процесінің мәні мен ерекшелігін арттыру үшін қолданылатын оқытуда топтық және жұптық жұмыс жасау арқылы оқушылардың ағылшын тілін жетік үйреніп, сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Топтық және жұптық жұмыс арқылы оқытуды интербелсенді оқыту деп те айтуға болады. Интербелсенді оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде қатысущылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген интерактив сөзі де осы ұғымды береді. Inter дегеніміз өзара мағынасында, ал act - әрекет жасау дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, интербелсенді дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диолог құру.
Топтық және жұптық оқытуда әрбір оқушы танымның (оқу үйренудің) мазмұны мен қорытындысы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, түсінігімен алмасады, жоғары нәтижеге қалай жете алатындығын анықтайды. Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды.
Ағылшын тілі сабағында топтық және жұптық жұмыс жасаудың артықшылығы жайында айтатын болсақ, бүгінгі таңда топтық және жұптық жұмыс жасау оқу процесін күшейту және оңтайландыру үшін қолданылады. Сонымен қатар тұлға аралық қарым-қатынас құралдары айқын көрінсе, ал жеке жұмыс жасау кезеңінде: сөйлесу, жоғары сенім арту, өзара әсер, қолдау, оқушылардың қорларды тиімді пайдалануы, өзара көмек сияқты қарым-қатынас байқалмайды.
Заманауи мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімінің алдына қойылатын маңызды тапсырманың бірі - шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету және мұғалімнің басқаруымен оқушылардың қарым-қатынасын максималды түрде белсенділікті қамтамасыз ету.
Білім алушылардың тілдік белсенділіктерін арттыру мақсатында ағылшын тілінің заманауи сабақтарында тиімділікті арттырудың бір жолы ретінде отанымызда және шетелде мойындаған сыныпта топпен және жұппен жұмыс жасау әдісін қолданған жөн.
Зерттеу өзектілігі: Ағылшын тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірбиені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірбие жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі, оқу барысындағы жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылықтар пайда болады, олай дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Зерттеу мақсаты: Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде қолданылатын бірлескен топтық немесе жұптық жұмыс жасау арқылы оқытудың негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдерімен танысып, жан-жақты зерттеп, оларды өз тәжірбиемде қолдану

Зерттеудің міндеттері:
а) ағылшын тілін оқытуда интербелсенді оқытудың негізгі мәселелерін анықтау;
ә) топтық және жұптық оқытудың шарттары мен ережелерін саралау;
б) ағылшын тілін оқытуда қолданылатын топтық және жұптық жұмыстың түрлерін тәжірбиеде қолдану.
Ғылыми жаңашылдығы:
Курстық жұмыста берілген жаңа әдістемелермен таныса отырып, оларды тәжірбиеде қолдану және нәтижесін тексеру. Ағылшын тілін оқытуда топтық және жұптық жасау түрлерін қолданып ұйымдастыруға қатысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар және ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың ағылшын тілінен алған білімін тереңдетуге, сонымен қатар тілдік материалдарды дұрыс игерулеріне, тілін дамыту, шығармашылық сөйлесуі мен жазу деңгейін көтеруге ықпал етеді.

1. Сыныпта ағылшын тілі сабағындағы топтық және жұптық жұмыстар
1.1Ағылшын тілі сабағында топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары
Сыныпта ағылшын тілін оқытуда топтық және жұптық жұмыс жасау, ағылшын тілі мұғаліміне сабақта "тілдік орта" құруға ықпал етеді, яғни ағылшын тілінде сөйлеуге оқушыларды біршама жақындатады.
Ағылшын тілі сабағында топтық жұмыстарды ұйымдастырудың көптеген тиімді түрлері мен түрлі нұсқалары бар. Олардың бірі Student Team Learning (STL, топпен оқыту) болып табылады. Бұл оқыту нұсқаларының зерттемелерімен Джон Хопкинс университетінің ғалымдары айналыскан. Бұл университет басқа бірлескен оқыту нысандарының негізі мен түпкі тамыры болып табылады. Student Team Learning тәсілінің мәні топтық мақсат құру. Ол барлық қатысушылар арасындағы өзара байланыспен әркашан ұштасып, топтың әрбір мүшесінің өзіндік жұмысын көздейді. Топтың жетістігіне ерекше назар аударылады.Оқушылар бірге оқып, ізденеді.
Әр топ мүшелерінің қажетті білімі болып, қажетті дағдыны қалыптастыруы керек. Student Team Learning мынадай 3 ұстанымдармен қиысады:
А) марапаттаулар;
Б) әр оқушының дара(дербес) жауапкершілігі;
В) әрбір оқушының жетістікке жетуге теңдей мүмкіндіктері бар;
Өкінішке орай, топпен жұмыс ағылшын тілін үйрету практикасында әлі кең қолданысқа ие болған жоқ, мұны топтық қатынасты ұйымдастырудағы бірқатар қиындықтармен түсіндіруге болады, дәлірек айтсақ:
:: Мұғалімнің іс-әрекетіне байланысты, ұйымдастырудағы қиындықтар:
а) топта білім алушылардың көп болуы, нәтижесінде, сыныптағы тәртіпсіздіктен қорқуы;

б) сынып бөлмелерінің икемсіздігі (жиһаздар орнын ауыстыру мен оқушылардың еркін жүріп-тұрудың мүмкін болмауы);

в) топпен жұмысты ұйымдастыру көп уақытты талап етеді (көп жағдайда бүкіл сабақ уақытын алып, мұғалім барлық топты қадағалап үлгермейді);

г) әдістемелік құралдар мен зерттеулердің жеткіліксіздігі (көбінесе үлестірме материалдарды мұғалімдердің өздері ойлап тауып, дайындайды, дегенмен, барлық мұғалімдер шығармашылық ізденіске даяр емес);

:: Оқушылар іс-әрекетіне байланысты қиындықтар:
а) оқушылардың мұндай жұмыс түріне дайын еместігі (олар мұғалім-оқушы атты дәстүрлі қатынас түріне үйреніп қалған);

б) оқушылардың тілдік дайындық деңгейінің төмендігі, талқылау тапсырмасы кезінде оқушының ана тілін қолдануы;

в) топтық қатынас үдерісінде оқушының өз рөлін түсінбеуі;

г) оқушылардың өзгелердің көзінше шет тілінде сөйлеуге қорқуы, кейбір оқушылардың бір топта бір оқушылармен жұмыс жасағысы келмеуі (мысалы, қыздардың ұлдармен);

д) топпен жұмыста тәртіпсіз оқушылардың тапсырманы орындаудан қашу мүмкіндігі;

е) жұмыс жасау екпінінің әр түрлілігі (бір оқушы тапсырманы ерте орындап қойып, өзгелерге кедергі келтіре бастайды);
Осылайша, топтық жұмыстың табыстылығы мұғалімнің кәсіби және жеке қасиеттері мен оқушылардың бірге және келісе жұмыс жасауға деген ынтасы мен қабілетіне байланысты. Мұғалімдер мен оқушылар топпен жұмыс жасауға және топтық жұмысты ұйымдастыруға психологиялық тұрғыдан дайын болуы қажет. Басқаша айтқанда, оқушыларды алдымен топпен жұмыс жасауға үйрету үшін уақыт бөліп, тек содан соң ғана топпен шешуге арналған тапсырмаларды ұсыну керек.
Егер жұмыс алдында оқушылардың нақты түсінуі үшін, не істеу керектігін түсінуі үшін нақты бағыт сілтеп, жағымсыз салдарды (сыныптағы қосымша шу мен бірнеше оқушының бір уақытта сөйлеуі) төмендетуге болады. Тапсырмалар көп уақыт алмауы қажет, әйтпесе, оқушылардың іші пысып, шаршайды.
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің ерекшеліктері
·оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуына жағдай жасайды;
·оқушылар бір-бірімен еркін қатынасқа түсетіндей, өзіне жаңа ақпарат алуына мүмкіндік беретін жұмыс түрлерін ұсынады. Көп жағдайларда, топ мүшелері арасында жұмыстың бастапқы кезеңінде қарым-қатынасқа түсе алмау, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындайды.
·топтың әр мүшесінің өз ойын айтып, іс-әрекетке енуіне жағдай туғызып, болып жатқан іс-әрекетті бақылап бағдарлайды.
·дұрыс немесе дұрыс емес деген бір жақты ой айтпайды, сондай-ақ, барлық пікір дұрыс деген жалаң ойдың жетегіне де ілеспейді.
·топ мүшелерін ынталандырып отырады, жұмыстарының жетпей жатқан тұстарын толықтыруға бағдар береді. Өзінің жұмысқа деген ынтасымен әр оқушыны алға жетелейді. Шағын топтардың жұмысының шығар биігін болжап, тиімді ой айтады. Топтың әр мүшесінің өсу жолын анықтайды. Сыныпта оқушылардың өздерін жайлы сезінуі үшін тиімді атмосфералық ахуал қалыптастырады. Эмоциалық қолдау көрсетеді.
·Топтағы жұмыс барысында топ мүшелері мұғалімнің пікірін қабылдау міндетті деген ойдан аулақ болады, бірақ ол мұғалімнің өз ойын айтуға тыйым салынады деген сөз емес.
·Кез-келген жұмыстың мақсаты мен міндетін, мазмұнын, түрлерін, құрылымын білумен қатар, топтың жеткен жетістігі, алған жауаптары, бағалары, сондай-ақ уақытты тиімді пайдалану, үзіліс жасау сынды дүниелер мұғалімнің назарынан тыс қалмайды.
·Топтың әр мүшесінің белсенді жұмыс жасауына жағдай жасайды. Бұл орайда мұғалімнің шеберлігі мен сауаттылығы қатар жүреді.
·Әр оқушының өз деңгейіне сай өсуіне мүмкіндік жасау.Топ арасындағы қақтығыстарды болдырмау, тіпті туындап жатқан жағдайда оны оңтайлы шешу де мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен сауаттылығына тікелей байланысты.
·Тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру кажет, топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, онтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.
·Оқушылардың жұмысына сыпайы түрде араласады, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдейді.Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезендерде барынша қолдау көрсетуді талап етуі мүмкін.
·Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасайды.
Топты ұйымдастырудың ережелері
Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.
Топтық жұмыстың тиімділігі
Сабақта, жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болуы керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады.Оқушы тұлға ретінде жан-жақты дамиды. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет етуі керек. Мектеп білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек.
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, сабақта оқушыларды топқа бөліп, топпен және жұппен жұмыс істеу арқылы, оқушыда өзіне деген сенімділігі, жауапкершілігі артып, өз ойынеркінжеткізеалатын,белсенді,өз алдына мақсат қоя алатын, ортада өзін еркін ұстайтын, бір-бірімен пікірлесе білетін, бір-бірін оқыта алатындығын байқалады.
Оқушылардың топта жұмыс жасауы жолында оқушының өз бетінше танымдық әрекет ету әдістері мен дағдыларын қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар: тақырыпты меңгеру үшін өз алдына мақсат қоя білу, мәтінмен жұмыс, қосымша әдебиеттермен,электрондыоқулықпен,и нтернет материалдарымен, интерактивті тақтамен жұмыс, тәжірибе жасау, бақылау жүргізу, өзі-өзі бағалау, өзгені бағалау, т.б
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаңа материалды өздігінен меңгере алатын, бір-біріне көмек бере алатын, өз алдына мақсат қойып, алынған нәтижелерді қадағалайтын, өз ойын еркін жеткізе оқушылар қалыптасады. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары, белсенділіктері, жауапкершіліктері артты, қосымша материалдармен жұмыс істеуді үйренеді.
Топпен жұмысты ұйымдастыру үшін пайдалы ұсыныстар келтірейік:
Топта 5 оқушыдан артық болмауы керек (кеңесші рөлін атқаратын әр топта өте жақсы дайындалған ең болмағанда бір оқушы болуын қадағалау қажет)
Тапсырманы қысқа, анық және нақты түсіндіріңіз.
Біріге жұмыс жасауға дағдылану үшін оқушыларға уақыт керек, егер ол топтар ауыспалы құрамды болса, оларды асықтырмаған жөн.
Топпен жұмысты созудың қажеті жоқ. Тапсырма дайындау уақытын белгілеп, сол уақытты нақты қадағалаңыз. (оларға дайындалуға аз ғана уақыт беріп, шамалы уақыт өткен соң уақыттың таяп қалғанын ескерткен жөн, мысалы, 2 минут қалды деп)
Жұмыс басталған соң оған араласпаған дұрыс және қарым-қатынас барысында оқушыларға кедергі келтірмеңіз, тек қарым-қатынас үдерісіне кедергі келтіретін қателерге ғана мән беріңіз. Басқа қателерді өзіңізге жазып алып, алдағы уақытта ол қателермен қосымша жұмыс жасаңыз.
Топтық тапсырмаларды дайындау барысында, әр топ нені талқылап жатқанын бақылап жүріңіз, бірақ топтың қасында ұзақ уақыт бөгелмеңіз, себебі сіздің бақылауыңыз жұмысқа кедергі болуы мүмкін.
Тапсырманы түсіндіру, дайындау үдерісі, бақылау, топтық қатынастың қорытындысын шығару шет тілінде жүргізілуі тиіс. Тапсырманы уақытынан бұрын орындайтын оқушылар өзге топ оқушыларына кедергі келтірмеуі үшін, қосымша тапсырмалар дайындап қою қажет.
Әр топ мүшесінің ойын мұқият тыңдап шығыңыз.
Оқушылар жұмыс бағалап, өз ойыңызды айтыңыз. Қарым-қатынастағы ерекеше сәтті мерзімді баса айтып өтіңіз (дұрыс қолданылған тілдік материалдар(лексикалық толықтырулар, грамматикалық формалардың әр түрлілігі) ым-ишараның қолданылуы, эмоционалдық фон интонациясы), қателерді назарға алмаңыз.
Топтық жұмыс қатемен жұмыс тәсілімен аяқталады. Сыныптағы жағымды психологиялық климаттыи сақтау үшін, мұғалім қателерді ешкіме тура айтпай, жалпылай дұрыстағаны жөн. Оқушылар қатені оқу үдерісінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде қабылдауы керек. Мүмкіндігінше қателерді оқушылардың өздері дұрыстағаны абзал.
Бастауыш сыныптан бастап топтық жұмысты жоспарлауға болады. Бастауыш сыныптағы оқушыларды топтық жұмысқа үйрету үшін, жұмысты тиімді және бірге жасаудың құпиясын ашатын ескертпелер беру қажет.
Мысалы:
Есте сақтаңыз: топтық жұмыс - жарыс емес, бір-біріне көмек беру мен бір-бірін қолдауға негізделген, білімге деген ұмтылыс.
Мұғалім оқушыларға төменде берілген қағидаттарды ескертуі тиіс:
Топтық немесе жұптық жұмыс барысында оқушылар - сыпайы, мейірімді, ұйымшыл, тәртіпті, әдепті және сыныптастар жаңсақтығына сабырлы болуы керек.[1; 8-15 б]
Бірақ оқушылар - ұрыспауы керек; бір-бірінің сөздерін бөлмеуі керек; сыныптастарының қателеріне қуанбауы керек; уақытынан бұрын дұрыс жауаптарға қарамауы керек; бір-бірлерімен дауыстарын көтеріп сөйлеспеуі керек (сыныпта жалғыз емес екенін ескеру)
Сонымен қатар топтық немесе жұптық жұмыс жасаудың түрлеріне тоқтала кетуге болады.
С.С. Куклина бірлесіп жұмыс жасаудың түрлері жайлы өзінің мақаласында жазады:
Same-Different (ұқсастық-айырмашылық) құрылымы.
Мұғалім оқушыларға тілдік имитативті жағдаяттарды беріп, сөйлемдерді айтады. Мұғалім топты атайды, сосын оқушылар сөйлем жағдайға сәйкес келетіндігі немесе келмейтіндігі жайлы бірге жауап береді.
Think-Pair-Square-Share.
Мұғалім жағдаят беріп, трансформациялық және репродуктивті тілдік жаттығулар беріліп, сөйлемдерді айтады. Оқушылар жауапты топта талқыдайды, негізі оны алдымен жеке ойласып, сосын жұппен ойласады, сонан соң топпен. Бір оқушы жауапты айтады.
Numbered Heads Together құрылымы.
Мұғалім әр топ мүшесіне нөмер береді. Сосын жағдаят ұсынылып, орынына қою жаттығулары берілуі арқылы сұрақ койылады. Топ мүшелері жалпы жауап дайындайды. Мұғалім топ нөмерін айтады. Нөмері сәйкес келген оқұшы жауап береді.
Fact or u Guess the Fib құрылымы.
Мұғалім орнына қою және репродуктивті жаттығулар беріледі. Тапсырманы орындағанда әр топ мүшесі сөйлемді айтады, егер ол ақиқатқа сай келмесе оны қайталайды.
Three-Step Interview u Outside-Inside Circle құрылымы.
Мұғалім репродуктивті және трансформациялы жаттығулар дайындайды. Берілген құрылым сұрақтарды қайталауға арналған, ол сұхбат түрінде өтеді. Бірінші және үшінші оқушы екінші мен төртінші оқушыдан сұхбат алады, сонан соң орын алмасады, жаңа жұптар пайда болады.
Outside-Inside Circle құрылымы.
Мұғалім аралас жаттығулар дайындайды. Өткен тақырып бойынша және жаңа тақырып тапсырмаларын араластыра жатттығулар дайындайды. Екі топтың оқушылары екі дөңгелек жасайды (бірі бірінің ішінде) және бір біріне қарама-қарсы тұрады. Қатысушылар бір біріне сұрақ қояды, және оны есте сақтауға тырысады, жұптарымен ауысады.
Pairs Check құрылымы.
Бұл құрылымды әдетте грамматикалық материалдарды тусінгені жайлы бақылау үшін қолданады. Мұғалім оқушыларды ережемен таныстырады және жаттығу барысында қолдануларын сұрайды. Бірінші және үшінші оқушы тапсырманың бірінші сөйлемін орындайды, екінші және төртінші оқушы тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалайды. Сосын жұптар орындарын ауыстырады. Осылайша топ жаттығуды аяғына дейін орындайды.
Жоғарыда берілген топпен жұмыс жасау жұмыстары түрлі жағдайда және түрлі білім беруде қолданыла береді.
Топ жұмысын ұйымдастыру оқушылардың әрекетіне байланысты ұйымдастырылады. Н.М. Тупициананың "Топтық жұмысты ұйымдастыру технологиясы" атты мақаласында төмендегідей ұйымдастыру әрекеттерін көрсетеді:
Buzz Groups.
Шағын топта бірнеше сикундтта жағдаят талқыланады, содан кейін сыныпта талқыланады, топ шешім қабылдайды.
Hearing. "Сарапшы" топтар берілген жағдаят талқыланады, бұл уақытта қалған оқушылар оларды тыңдайды, содан кейін топ ішінде талқылай отырады.
Fishbowl.
Барлық қатысушылар дөңгелене отырып талқылауға кіріседі. Бірнеше қатысушылар бірнешеуі дөңгелек ортасына отырады. Дөңгелек ішіндегі мүшелер қалғандарын тыңдап содан кейін талқылауға шығады.
Network.
Оқушылар 5-10 адамнан құралып топты құрайды. Оқытушы әр топқа бір шүйке жіп таратады. Талқылау барысында сөйлеуші қолына ұстай отырып өз пікірлерін айтып, содан кейін шүйке жіпті келесі қатысушыға жіпті жіберместен береді. Жіптің ұзындығына қарай топтың белсенділігін айқындауға болады.
Star.
Бірнеше шағын топ жағдаятқа ортақ шешім іздейді. Бұл үшін әр топ сөйлеушіні сайлап, басқа топтарға талқылайды, содан кейін өз тобына қайта оралып барлық топ мүшелерімен ортақ шешім қабылдауға тырысады.
Топтық жұмыс түрлерінің бірі жоба әдісі. Білім беру жүйесінде 1920 жылдарда қолданыста. Жоба әдісі американдық педагог және философ Д.Дьюи, У. Килпатрик және Э. Коллинсстерге тиесілі.
Сонымен қатар, жоба әдісі теориялық және практикалық білімі үйлеседі.Қазіргі кезеңде бұл әдіс Е.С. Полат көмегімен өңделген және ұсынылған. Бұл әдіс қатысушуларға нақты жағдаят беріледі, оның шешімін табуы қажет және материалын, мысалы презентация немесе журнал түрінде дайындау керек. Егер жұмыс топта орындалса жоба шығармашылық түрде ұйымдастырылады.[2; 35-38 б]

1.2 Топтық және жұптық жұмыстарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану ерекшеліктері
Оқу үдерісінде оқушыларға өздері ойлап ізденетіндей жағдай туғызып, күнделікті сабақта оқушы қабілетін дамытатындай, қалыптан тыс ойландыратын әдіс- әсілдерді қолдануда жұмыс істеудің ең тиімді жолы - топтық немесе жұптық жұмыс. Оқушы бойындағы мүмкіндікті, жақсы қасиеттерді ашудың бірден-бір тиімді жолы:кезекпен сойлеу; бірін-бірі мұқият тыңдау; пікірталаста өзгенің көз-қарасын түсіну үшін сұрақтың бар немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары
Психологиялық тренингтердің тарихы, түрлері, формалары және оны қолдану ерекшеліктері
Оқыту процесінде топтық технологиясы
Қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру
Мұғалім мен оқушы қатынасы
Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі
Топтық жұмыстың мақсаттары
Информатика пәні мұғалімі
Топтық психотерапияның қалыптасуы
Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлетінің маңызы
Пәндер