Азаматтық қүқықты қорғайтын мерзімдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе.

І тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Мерзімді есептеу тәртібі.
1.2 Мерзімнің түрлері.

ІІ тарау. ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1 Талап қою мерзімі.
2.2 Талап қою мерзімі қолданылмайтын талаптар.
2.3 Талап қою мерзімінің есептелуі.
2.4 Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс жасау және қалпына
келтіру .

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе
шектеулі кезең деп түсіндіріледі. Демек заң табиғаты тұрғысынан алып
қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.
Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын яғни адамдардың еркінен тыс
болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.
Азаматтық құжаттарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тығыз
байланысты. Сондықтан азаматтың құқығында мерзімнің алатын орны ерекше.
Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын,
өзгеруін немесе жойылуын анықтаумен қатар, заңда немесе шарттарда
көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді. Уақыттың
кезеңдері объективті түрде, яғни азаматтық құқықтық қатынасқа
қатысушылардың еркіне бағынбайтын болғандықтан, оқиғалар қатарына жатады.
Азаматтық заңдарда мерзімді есептеу ережелері жоғары деңгейде
анықталған. Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім заңдармен,
мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен
немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді. Мерзім
жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін
уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, мерзім сөзсіз
болуға тиісті оқиғаның көлемінде көрсетілуі де ықтимал. Мысалы: азаматтың
қайтыс болуы.
Азаматтың қайтыс болуы көптеген құқықтық салдарға әкеліп соқтырады,
мәселен, мұра ашылады және тағы басқалар.
Мерзім, негізінен алғанда заңда, мәміледе немесе соттың шешімінде
тағайындалады. Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталған кезеңі мен
аяқталған кезеңін дәл анықтау қажет. Азаматтық кодекстің 173-ші бабында
көрсетілгендей, уақыт кезеңімен белгіленген мерзімнің өтуі күнтізбелік
күннен басталады. Мысалы: егер мұра қалдырушы жиырма төртінші мамырда
қайтыс болса, Азаматтық кодекстің 1074-бабына сәйкес мұраны қабылдау немесе
одан бас тарту мерзімі жиырма бесінші мамырдан басталады. Азаматтық
кодекстің 1074-бабында былай делінген:
а) Мұрагер өзінің мұрагерлікке шақырылғандығы туралы білген немесе
білуге тиіс болған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға
құқылы.
Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін,
алайда бұл екі айдан аспауы тиіс.
ә) Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша
нотариусқа арыз беруімен жасалады.
Егер сенімхатты бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкіл
арқылы бас тартуға болады.
б) Мұрадан бас тартуды кейіннен күшін жоюға немесе қайтарып алуға
болмайды.
в) Мұрагер өзіне сол үшін берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас
тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлікті іс жүзінде
иеленуге кіріссе не оған билік етсе, не оның осы мүлікке құқықтарын
куәландыратын құжаттарды алуға өтініш жасаса, ол бұл құқықты аталған
мерзім өткенге дейін де жоғалтады.
г) Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзінің өсиет бойынша немесе кез
келген кезектегі заң бойынша мұрагердің қатарындағы басқа адамдардың
пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас
тартуға жол берілмейді.
ғ) Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлікке
шақырылса,ол осы негіздемелердің біреуі бойынша немесе екі негіздеме
бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.
д) Мұрагер мұраның басқа бөлігі мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу
құқығы бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.
е) Мұрагер мұрадан бас тартқан не ол осы Кодексте аталған мән-
жайлар бойынша шығып қалған жағдайда мұраның қандай мұрагерге есептелуге
тиіс бөлігі мұрагерлікке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседі және
олардың арасында өздерінің мұралық үлестеріне бара-бар бөлінеді.
Егер мұра қалдырушы барлық мүлікті өзі тағайындаған мұрагерлерге өсиет
етсе, мұрадан бас тартқан немесе шығып қалған мұрагерге тиесілі мұра бөлігі
өсиет бойынша қалған мұрагерлерге түседі және өсиетте өзгеше
көзделмегендіктен, олардың арасында өздерінің мұралық үлестеріне бара-бар
бөлінеді.
ж) Осы баптың бірінші тармағындағы ережелер:
1) егер бас тартқан немесе шығып қалған мұрагердің орнына мұрагер қосымша
тағайындалса;
2) мұрагер белгілі бір тұлғаның пайдасына мұрадан бас тартқан кезде;
3) заң бойынша мұрагерлік кезінде мұрагердің бас тартуы немесе
шығып қалуы келесі кезектегі мұрагерлері мұрагерлікке шақыруға әкеп соққан
жағдайларда қолданылмайды.
Мерзімнің аяқталуына тоқтатылатын болсақ, онда төменгі ережелерге
сүйенуіміз қажет. Егер мерзім жылдар есебінен есептелетін болса, онда
мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Айлармен
есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді. Жарты жыл
есебімен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері
қолданылуға тиіс.
Егер жылдармен немесе айлармен есептелетін мерзімнің
аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім сол айдың соңғы
күнінде бітеді. Мерзімнің соңғы күні жүмыс істемейтін күнге тура келсе,
онда содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып
саналады.
Егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, онда бұл
әрекет мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағатқа дейін орындалуы
мүмкін. Бірақ, егер бұл әрекет мекемеде немесе ұйымда жасалуға тиісті
болса,онда мерзім олардағы жұмыс ресми түрде аяқталған кезде немесе тиісті
операциялар жасалып болған кезде бітеді. Сонымен қатар, егер мерзімнің
соңғы күніндегі жиырма төрт сағатқа дейін почтаға немесе телеграфқа тиісті
жазба мәлімдемелер мен хабарламалар тапсырылса , онда олар мерзімінде
берілген болып есептелінеді

І тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Мерзімді есептеу тәртібі.
Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген
тәртіп бар. Мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті
оқиғалармен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары
көрсетілген, атап айтсақ, бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн),
белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) жэне сөзсіз
болуға тиісті оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді
орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы,
навигацияның басталуы мен аяқталуы және тағы басқа). Егер мерзім кезеңмен
белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міндеттемені орындау мерзімі
аяқталғанға дейінгі уақыттың кез келген сәтінде орындала беруі мүмкін.
Мысалы, мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдау
немесе одан бас тартуға шешім алуға құқылы.
Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап етеді,
мәселен, бұған азаматтың қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған
күннен бастап мұрагерлердің құқығы пайда болады және сол сәттен бастап
мұраны иелену немесе одан бас тарту құқығына ие және тағы басқа.
Күнтізбілік күнмен көрсетілген мерзімді қолдану соншалықты қиындық
туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт мерзімнің басталғанын білдіреді.
Дейтұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны
есептеу тәртібі заңға қайшы белгіленеді. Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның
басталу сәтін ғана емес, аяқталу мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы
зор. Мерзімді есептеу мерзімді бастаған күннің келесі күні басталса,
аяқталу сәті мерзім басталған айдың немесе аптаның соңғы күндерімен
есептеледі.
Азаматтық кодекстің 174-бабында уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің
аяқталуы былайша тұжырымдалған:
а) жылдармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы жылының
тиісті айы мен күніне бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен
есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады.
ә) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің
ережелері қолданылады
Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды
есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;
б) айлармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде
бітеді. Жалпы аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім
ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен
есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім
сол айдың соңғы күнінде бітеді;
Кейде айдың аяқталуы әртүрлі келеді, мәселен , бір жылы ақпан айының
жиырма тоғызында бітуі мүмкін кейінгі жылы ондай болмауы мүмкін,немесе
мерзім басталғанда айдың отыз бірінде болуы мүмкін, ал ол біткенде отыз
болуы мүмкін, ондайда тиісті айдың соңғы күні біткенде мерзім аяқталған деп
есептеледі. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе,
содан кейінгі ең таяу жүмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.
Мерзімнің бітуімен белгілі бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты, заң
әрекеті мерзімнің соңғы күнінен аяқталу керектігін міндеттейді. Егер мерзім
қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы
күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін (қарызды беру,
мұрагердің мұраға ие болуы). Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиіс
болса,онда мерзім осы ұйымда белгіленген ережелер бойынша тиісті
операциялар тоқтатылған сағатта бітеді. Мекемелер мен ұйымдардағы аяқталуға
тиісті әрекеттерді бұл ережеге бағындыра қою қиын, өйткені, мұндай ұйымдар
мен мекемелерде жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми тоқтатуымен
есептеледі немесе кейбір мекемелер жұмыс күні бітпесе де операцияларын
белгілі бір уақытта тоқтатып тастайды, айталық, нотариалдық кеңсе депозитке
ақша салуды қабылдауды күндізгі сағат он екіде аяқтайды. Мерзімнің соңғы
күніндегі сағат жиырма төртке дейінгі почтаға, телеграфқа немесе өзге де
байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәмілелер мен хабарлама мерзімінде
жасалған болып саналады. Мұндай әрекеттерді жасауда соңғы күннің мерзімі
жергілікті уақытпен есептеледі.

1.2 Мерзімнің түрлері.
Азаматтық құқықтық мерзімдерді әрүрлі негіздер бойынша топтастыруға
болады. Тағайындауына байланысты үш түрлі болады:
а)нормативтік;
ә)шарттық (жақтардың келісімімен айқындалады);
б)соттық (сот шешімімен қаралады).
Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:
а) Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;
ә) Субъективті құқықты жүзеге асыру мерзімі;
б) Үзіп тастау мерзімі;
в) Кепілдік мерзімдер;
г) Кінарат қоятын мерзімдер;
ғ) Азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;
д) Азаматтық қүқықты қорғайтын мерзімдер. Азаматтық қүқықтарды жүзеге
асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті тұлғаның өзіне тиесілі міндеттер мен
құқықтарды жүзеге асыруға кететін уақыты.
Субъективті қүқықты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы,
иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады.
1. Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке
қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл
адал, ашық және үдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік
құқығын ( иемдену мерзімін) алады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлікке меншік
құқығы бұл мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада осындай тіркеу
кезінен бастап пайда болады.
2. Мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүлкіндей иеленуші
азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып
табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге да
негіздерге сәйкес оларды иеленуге қүқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға
құқылы.
З. Иелену мерзіміне жүгінетін азамат немесе заңды тұлғаның өздері
құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелік еткен
уақытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады.
4. Тұлғада болып, оның иеленуінен талап етілуі мүмкін мүліктер
жөніндегі иелену мерзімінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап мерзімі
бітуінен ерте басталмайды.
5. Егер тұлғаға сотта оның меншік құқығын танудан бас тартылған ретте
мүлікті иеленуші тұлға меншік иесіне айналады. Үзіп тастау мерзімі жоғарыда
аталған мерзімдерден ерекшеленеді, өйткені, ол белгілі бір құқықтарды
тоқтатып тастайды.
Мысалы, Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары,
егер олар осы бапта көрсетілген мерзім ішінде құқықтарын жүзеге асырмаса,
сатып алудың басым құқығынан айырылады.

Сатып алудың басым құқығы:
а) Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату кезінде
сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салып
сату реттерінен басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған
қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.
Үлесті меншікке барлық қатысушылардың келісімі болмаған жағдайда
үлесті меншік құқығындағы үлесті сату үшін жария саудаға салу заң
қүжаттарында көзделген өзге де реттерде жүргізілуі мүмкін.
ә)Үлесін сатушы оның сату бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын
көрсете отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөтен
адамға сату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті
меншіктің баска қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын
мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал баска мүлік
жөнінен хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз
үлесін кез келген адамға сатуға құқылы.
б) Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып сатылған жағдайда
үлесті меншіктің кез келген басқа қатысушы үш айдың ішінде сотта өзіне
сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы.
в) Үлесті сатып алудың басым құқығын басқа біреуге беруге рұқсат
етілмейді.
г) Осы баптың ережелері айырбас шарты бойынша үлесті иеліктен айыру
кезінде де қолданылады.
Кепілдік мерзім дегеніміз – сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға
немесе пайдалануға арналған өнімдерің кемшілігін анықтап алуына берілетін
мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабылап алған кезде кемшілігін байқау
мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол акауды
түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан қабылдап,
ол үшін төленген соманы қайтарып алуға талап қоя алады. Кепілдік мерзімі
мемлекеттік стандартпен, бекітілген техникалық шарттармен немесе шартпен
белгіленеді.
Кінәрат мерзімі субъективті құқығын бұзған тұлға үшін заңмен
белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орындалады.
Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар берілген кінәратқа
жауап беру мерзімін де көрсетеді.
Міндеттемелерді орындау мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен
тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне
орай міндетті саналады.
Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері – талап қою мерзімі болып
табылады. Талаптың ескіруі – адам құқығының немесе заңмен корғалатын
мүддесін бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын
уақыт кезеңі. Талап қою мерзімдері және оларды есептеу тәртібі заңмен
көзделеді және оларды талаптардың келісуімен өзгертуге болмайды.

ІІ тарау. ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1 Талап қою мерзімі.
Талап қою мерзімі дегеніміз – субъективтік құқықтарына немесе заңды
мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қаппына келтіру туралы
талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезеңі.
Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған
тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Талап қою мерзімі – адам
құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың
қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Сонымен, талап қою мерзімі
дегеніміз – бұл заңда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен ақы
талап ету құқығы жойылады,басқаша айтқанда, құқықты еріксіз жүзеге асыру
мүмкінігі жойылады. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада
түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматтық қүқықтық категория ретінде,
ал екінші ұғым іс-жүргізу құқығының негізінде анықталатын қағида, яғни
құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы. Заңның мағынасынан көрініп
отырғандай, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, сот құқығы
бұзылған субъектінің құқығын қорғау туралы талабын қабылдауға міндетті.
Азаматтық кодекстің 179-бабында талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерзімді есептеу тәртібі
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
Азаматтық құқықтарды қорғау, азаматтық құқықтағы мерзімдер
Заңдылық оқиғалар
Азаматтық құқықтағы мерзімдер түсінігі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Мерзімдерді есептеу және талап мерзімі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Азаматтық талап қою мерзімі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Пәндер