Сыртқы экономикалық қызметінің есебі мен аудиті
Мазмұны
Кіріспе
1 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы
1.1 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары
мен әдістері
1.2 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
2 Сыртқы экономикалық қызметінің есебі мен аудиті
2.1 Шетелдік валюта операцияларының есебі
2.2 Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
2.3 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
2.4 Толлингті операциялардың есебі
3 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі
Қорытынды
Кіріспе
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.
Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешіді
қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа
да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің
қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп
жоспарында бекітілген жалпы қағыдалары мен ережелерінің негізінде құрылады
және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің
құрылымын, ұйымынң нысанына, айрықшы ерекшелігіне есептің сәйкес келуін
қамтамасыз етеді.
Шарушылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық, сенімді ақпартсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру
мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын
көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл
орайда, шаруаға қарсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтары, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша
бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелеренің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін,
сөйтіп, ел экономикасынң даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу
экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен
бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің
көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет
етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи
тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит
институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт
және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең
шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл — валюталық есеп-қисап жүйесі
ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық
агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі
бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар
жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық
құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды
(интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық
қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес,
сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде
көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті суъбектілері шетел мемлекеті,
халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып
табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді
және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне
жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша
көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі
бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржи ресурстарын жұмылдыру;
халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей
қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар
жатады:
1) сыртқы сауда;
2) шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи
тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік
қатысу;
3) концессиялар — елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті
жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі
объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына
қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен
қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға
жарналар төленеді;
5) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
6) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді
ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге: бағалы
қағаздарға, шетелде өнеркәсіп және басқа объектілер салуға капитал жұмсау
нысанындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда, қызметтің бұл түрі
Қазақстанда қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың
жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мұндай активтер айтарлықтай дәрежеде шетке
"капиталдың кемуі" болып табылады.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды — айрықша құқықтық және
экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің
ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-
экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогресивті шетелдік
технологиялар мен басқару тәжірбиесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың
шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап жөне кредит қатынастарының негізіне
қойылған (21.2 сызбаны қараңыз).
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі
қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі
әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және
шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге кәзіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына
байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге - 50%
тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 50% құрайды.
Металлургия өнеркәсібінің өнімі 22,4% , химия өнеркәсібінің өнімі 5%, азық-
түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 7% алады.
Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары
шикізаты болып қалуда.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі – валюталық түсім-
ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі
бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар - көлік, жүкті ауыстырып тиеу,
порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) ара салмағы ұғымы қолданылады.
Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады.
Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина
жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін
көбейту жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары,
приборлар - 41%, химия өнімдері, пластмассалар, каучук - 15% , минералдық
өнімдер - 13%, асыл емес металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат -
9%, басқадай баптар -11% болып табылады.
Макроэкономикалық теорияға сәйкес экспорттың импорттан асып түсуі таза
экспорт таза ұлттық өнім көлеміне (19.2 бөлімді қараңыз) оның
мультипликациялануы (көбеюі) әсеріне байланысты ұлттық экономиканы
дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бұл асып түсу елдің
төлем балансының (ондағы сауда балансының едәуір ара салмағы жағдайында) оң
айырмасын тудыруы мүмкін.
Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің
импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып
түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті
тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктағы тапшылығы кезінде көп алады.
Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңестіру үшін
пайдаланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін.
Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі
қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық
валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.
Экспорт-импорт операцияларын жүргізуде республиканың негізгі
әріптестері жақын шетелдер, дамыған капиталистік елдер болып отыр.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел
инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін
шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын
жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту
және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс.
Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған,
олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді
қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып
табылады.
Шетел капиталы елге кредит, дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты
үш әр түрлі нысанда түседі. Алғашқы екі нысан туралы оқулықтың 17.3.
бөлімінде баяндалған болатын.
Инвестициялардың екі түрі болады: тура және портфелдік. Тура
инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен
пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар
— қаражаттарды жалған капиталға — басқа елдің заңи және жеке тұлғалары
шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік
рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік
және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру және т.б.;
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру (жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация (өтелім) және басқалары);
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету,
қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. Әу баста елімізге келген шетелдік
инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі
уақытта да инвестицияның басым бөлігі кен-қазба байлықтарын құрайды. Өз
кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі
істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның
сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның
бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына
мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2010 жылға дейінгі кезенде Қазақстан
экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел
инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген
тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр.
Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20
елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdу's Іnvеstогs Sеrvісе" рейтинг
агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары
рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден,
кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық
банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның
нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі
біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен
реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны
тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл
дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму
банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы
институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті
ұйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде
дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 80 халықаралық ұйымға мүше болып табылады,
олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес
республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан
туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша
қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт
ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары
көлеміне жеткен.
Туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика мен қоршаған ортаға әсер
ететін маңызды әрі кешенді фактор болып табылады. Дүниежүзілік туризм
ұйымының мәлімдеуінше, әлемдік экономиканың бір саласы турзм жалпы ұлттық
өнімнің 10 пайызын, халықаралық инвестицияның 11 пайызын береді екен. Бұл
туризмнен түсетін пайданың мұнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші
орынды мығым иеленіп отырғанын көрсетеді.
Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету
Қазақстанда арнайы заңдастырылғаны мәлім. Статистика жөніндегі
республикалық агенттік мәліметтері бойынша 2010 жылы елімізде 713 туристік
фирмалар мен агенттіктер жұмыс істеп, 229 мың туристер мен экскурсанттар
қызметін пайдаланған. Туристік фирмалардың негізгі кіріс көздері
жолсапарлық туризм болып табылады, оның үлесі 61,2 % құрайды.
Соңғы кездері шетелден келетін туристерді ынталандыру жөніндегі
бірқатар мәселелер өз шешімін тапты: туристік қызмет көрсету экспортына
салынатын қосымша құн салығы алынып тасталды, туроператорлық қызметті
жүзеге асыратын туристік ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету "Қазақстан
Республикасындағы туристік қызмет көрсету туралы" Заңмен бекітілді және
т.б.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда республикада туристік саланы дамытудың
шешілмей отырған бірқатар проблемалары бар. Бірқатар шынайы факторлар
саланың қалыптасуын тежеп отыр. Бұл ең алдымен туристік индустрияның
өзіндегі, онымен сабақтас салалардағы менеджменттің әлсіздігі, туристік
инфрақұрылым нысандарының негізгі қорының тозуы.
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді
ұстауды және олардың жұмысын қаржыландыру дамудың кәзіргі кезеңінде сыртқы
экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.
Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін
Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып,
ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына
жақсы қызмет етті. Осы уақыт ішінде қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы
саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді 64
халықаралық ұйымда өкілдігі бар. Шет елде 50 шетелдік мекеме, соның ішінде
32 елшілік, 4 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10
консулдық және 1 төлқұжат-виза қызметі жұмыс істейді. Көптеген елдерде
Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады.
Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық
заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және
дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы
қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта
республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақтарының дербестігін
кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші
субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен
алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін
қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды
реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық
қызметті басқару негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларға (кеден
баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) аударылып отыр. Сыртқы
экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты — ұлттық валютаның тұрақты жұмыс
істеуі және валюта рыногын дамыту. Валютаның нарықтық баеамы экспортты
кеңейту мен импортты оңтайландыру (рационализациялау) жөніндегі сыртқы
экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі
болып табылады. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық
бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы
құрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-
саттықты жүргізгенде валютаға сұраным мен ұсынымның ағымдағы ара салмағының
негізінде Ұлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюта және кредит
операцияларына коммерциялық банктер шығады, шаруашылық жүргізуші
субъектілер мүлікті кепілдікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға
құқық алады.
Компаниялардың, фирмалардың, ұйымдардың, банктердің сыртқы
экономикалық кепілдіктерін сақтандырудың жүйесі құрылуда.
Дамудың бағдарламаларына сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы
экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Дүниежүзілік конъюнктура
мен шетелдік бәсекенің қолайсыз дамуынан ұлттық рыноктың мүдделерін қорғау
үшін импорттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сәйес импорттық баждар
қайта қаралады. Ортақ мүдделері бар елдердің біртұтас экономикалық
кеңестігінің шекарасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі
мәселелері жөніндегі ұлттық заңнама сәйкестендіріледі.
ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық
курс экономикалық одақты сақтау және тәртіпке келтіру, бұл елдердің
кәсіпорындары арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, әскери
өндірістерді; көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық прогресс,
кадрларды дайындау сферасында, экологиялық проблемаларды шешуде, қорғанысты
қайта бағдарлау жөніндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы
экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банктің құрылымында
сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар
жасауға лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандандырылған тауар
биржаларының желісі жұмыс істейді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды
функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу —
нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта
заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделген санкцияларды
қолдану.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі
заңдарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі
валюталық реттеу органдары болып табылады. Үкімет және өзге де мемлекеттік
органдар заңдарға сәйкес өз құзырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге
асырады. Бұл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады.
Мұндай фукнцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері - уәкілетті
банктер мен уәкілетті бейбанктік қаржы мекемелері де орындайды, оларға
алынған лицензияларға сәйкес операциялар жүргізген кезде валюта
заңнамасының сақталуына бақылау жасау міндеті жүктелінген.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен
әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2) салық салу;
3) инвестициялау;
4) сыртқы қарыз алу;
5) сыртқы берешек
6) экспортты қаражаттандыру
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ
жанама әдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар
жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары
мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып,
тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ
сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және
басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым . пәрменді
және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға
салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға,
сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа
бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде
тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа
елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық
тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және,
керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін
өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер
етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы
жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені
бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл
тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда
импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным
ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің
елінде бұл тауарларға сұраным артады. Мемлекеттің валюта бағамдарының
жүйесі икемді (құбылмалы) немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде
ұйымдастырылуы мүмкін.
Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен
ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде
ұлттық валютаның алтынға немесе тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы
белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады,
сөйтіп елдің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта
рыногының қызметіне араласады. Бұл орайда шетелдік валюта бағамының кемуі
экспорт кезінде құнның импорт кезінде өтелінетін шығасын тудырады және
керісінше, бұл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт кезінде пайда
болады, бұл қосымша экспортпен жабылуы тиіс (1 кестені, А бөлімін қараңыз).
1 кесте. Валюта бағамдары өзгерісінің экспорт пен
импорттың көлеміне әсері (шетелдік ақша өлшемдерінде -
шетелдік ақша өлш. және ұлттық ақша өлшемінде - ұлт. ақша
өлш.)
КӨРСЕТКІШТЕР Бағамдар нұсқалары
1- қалыпты2-төменде3-
тілген көтеріңкі
І 2 3 4
Бағамдардың арақатынасы (шет. ақша
өлш.:ұлт. ақша өлш.) 1: 150 1:140 1:180
Ақшаның бастапқы сомасы (мың ұлт. өлш.)
А. Тіркелген бағамдар 10000
Экспорт
Алынған экспорттық түсім-ақша (мың шет.
Ақша өлш.) 100 100
100
Белгіленген бағам бойынша қайта саналған
экспорттық түсім-ақша (мың ұлт. ақша өлш.)1500 1600
Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан 1400
ауытқу (мың ұлт. өлш.)
----- 100
Импорт
1. Отандық импортшы үшін:
Шетелдік валютаға қайта саналған ақшаның -100
сомасы (импорт құны, мың шет. ақша өлш.)
66,7 62,5
Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (рыноктық
шарттар бойынша мың ұлт. өлш.
71,4
Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан10000 93,75
ауытқу (мың. ұлт. өлш.)
2. Шетелдік импортшы үшін ----- 10710 -625
Жеткізілім көлемі (мың. шет. өлш.)
Өткізуден алынған табыс (мың ұлт. өлш) 710
100 100
Шетелдік валютаға қайта саналған өткізуден
алынған табыс (мың ұлт. өлш.) 1500 1500
100
Шетелдік импортшы үшін ауытқу (мың 100 1500 93,7
шет.өлш.)
107,1
Б. Икемді бағамдар ----- -6,3
Экспорт
Жеткізілім көлемі (мың ұлт. өлш.)
7,1
Шетел рыноктарында сату (мың ұлт. өлш.)
Еркін бағам бойынша ұлт. өлш. қайта 10000 10000
саналған өткізуден алынған табыс (мың
ұлт.өлш.) 66,7 62,5
10000
Импорт
1. Отандық импортшы үшін: 71,4
Валютаға қайта саналған қаражаттардың
сомасы және сатып алу көлемі (мың шет.
өлш.) 66,7 62,5
Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (мың
ұлт.өлш.) 71,4
10000 10000
Шетелдік импортшы үшін: Шетелдік өлшемдегі
жеткізілім көлемі (мың шет. өлш.)
100 10000 100
Өткізуден алынған табыс (мың шет. өлш.)
100
Валютаға қайта саналған өткізуден алынған 1500 1600
түсім-ақша (мың шет. өлш.)
100 1400 100
100
Импорт кезінде (шетелдік импортшы үшін) шетел валютасы бағамының
жергілікті валютаға салыстырмалы төмендеуі жергілікті рынокта
мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді (2-нұсқа) және керісінше, бұл
бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне байланысты рыноктың
тұқыруына ұрындырады (3-нұсқа).
Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып
алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.
Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді,ол, өз
кезегінде, қаржы құралдары — экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден
баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және
мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді
өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал
жасайды.
Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен
қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-
теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидаттар бұзылады
әрі бұрмаланады. Бұл тұтыншыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен,
өскелең импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның
жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден
құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла
отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің
ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар
жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің
өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырған импортты да шектеуге мәжбүр
етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып
отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі
болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси
тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып
табылады; бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы —
бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары
(экспорт пен импортқа салынатын салықтар) жөнінде болып отыр.
Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу
жүргізіледі.
Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының
бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаттарының (яғни тауарлар мен өзге де
заттардың кеден шекарасы арқылы өту тәртібін, кеден салығын салуды,
ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын)
белгілейді.
Кеден тарифі ішкі рыноктағы шетелдік бәсекені реттейді. Кеден тарифі
кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар
республиканың кеден аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкетілетін
тауарлар мен өзге де заттарға салынады.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада
белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кеден төлемдерінің
басты түрлерінің бірі кеден баждары — ұлттық шекара арқылы тасылатын
тауардан кеден тарифінде қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет
алатын салықтар (21.2 кестені қараңыз). Отандық практикада баж салығының
адвалорлық, айрықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған:
адвалорлық — салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен, айрықшалықты -
белгіленген мөлшерде салық салынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне,
ал құрамдастырылған мөлшерлемелер — салық салудың екі түрінің ұштасуы
жолымен есептелінетін мөлшерлемелер. Әкелім, әкетілім, транзиттік,
маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік, протекционистік
(қолдампаздық), пұрсаттылықты (преференциалдық) кеден баждары болып
ажыратылады. Қазақстанда импорттық (әкелімдік), маусымдық, арнаулы,
демпингке қарсы, өтемдік баждар қолданылады.
1996 жылға дейін Қазақстанда экспорттық баждар жұмыс істеді.
Экспорттық кеден баждары үкімет анықтайтын тізбе бойынша тауарлардың жеке
түрлеріне салынды. Экспорттық баждар меншік нысанына және тіркеу орнына
қарамастан заңды тұлғалардан, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаратын жеке
тұлғалардан өндіріп алынды. Экспорттық баждарды шетелдік валютада
экспортерлер төлейді және тауарлар мен қызметтер көрсетудің кеден құнына
есептеледі. Бартерлік (тауар айырбасы) операциялары бойынша тауарлардың
әкетілімі кезінде баждың мөлшерлемесі сақталады. Экспорттық кеден баждары
көптеген мемлекеттерде қолданылады және сыртқы сауда айналымының,
дүниежүзілік рыноктардағы тауарлар бағасының, олардың бәсекеге
жарамдылығының шынайы реттеуіші болып қалуда жөне жалпы бұл рыноктардың
конъюнктурасына әсер етеді.
Экспорттық кеден баждарының экономикалық мәні — абсолюттік рента. Оны
шетелдік сатып алушы төлейді.
2 кесте. Кеден баждарының түрлері
Алу әдісі бойынша Айрықшалықты Адвалорлық Құрамдастырылған
Салық салу обьектісі Импорттық Экспорттық Транзиттік
бойынша
Сипаты бойынша
Маусымдық Демпингке Өтемдік
Шығу тегі бойынша қарсы
Мөлшерлемелердің Дербес Тұрақты Конвенциялық Пұрсаттылықты
типтері бойынша Атаулы Ауыспалы —
Есептеп шығару әдісі Тиімді —
бойынша
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, елдің импорттық
саясатын тиімді жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызметтен мемлекеттік
бюджеттің кірістерін көбейту мақсатымен Қазақстанда импорттық кеден тарифі
енгізілді. Импорттық кеден тарифі қарастырған кеден баждары құнына пайызбен
белгіленген және теңгемен (Ұлттық банк белгілейтін теңгенің бағамы бойынша
кедендік құнды қайта есептей отырып) немесе импортшының таңдауы бойынша
еркін айырбасталымды валютамен төленеді.
Тауардың кедендік құны — кеден шекарасын кесіп өткен мезеттегі нақты
төленген баға. Оған фактура-шотқа сәйкес тауардың бағасы, сондай-ақ фактура-
шотқа кірмеген нақты шығыстар қосылады.
Импорттық кеден баждарының жүйесі ұлттық өндірісті шетелдік өнім
экспансиясынан қорғайды: отандық тауарлармен бәсекелесетін тауарларға
жоғары импорттық баждар жоқ немесе ел ішінде жеткіліксіз көлемде
өндірілетін тауарларға төмен баждар салынады. Бұл қағидат бір мезгілде
мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру жөніндегі мемлекеттің фискалдық
мүдделерін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және оның
кеден заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларда кеден баждарынан басқа
кеден төлемдерінің мынадай түрлері төленеді:
➢ кеден ресімдеуі үшін кеден алымы;
➢ тауарларды сақтау үшін кеден алымы;
➢ кедендік ілесіп алып жүру үшін кеден алымы;
➢ Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия беру алымы;
➢ кеден ресімдеуі жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру
алымы;
➢ алдын ала шешім үшін төлемдер және т.б.
Қаржы министрлігі мен оның Кедендік бақылау комитеті кеден төлемдерін
алудың тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік мағлұмдамаға сәйкес
тауарларды кедендік бақылауға ұсынған кезде төлемдерді төлеуді тексереді.
ТМД мемлекетінде өнім жекізілімі үшін кеден баждарын төлеу
қолданыстағы заңнамаға және осы елдермен жасасқан үкіметаралық келісімдерге
сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарларды
экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау - тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік
сатып алушыға салу; импорттау – тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы
шетелдік сатушыдан алу.
Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың
құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан
дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірленген халықаралық
сауда терминін (Инкотермс) пайдалануды ұсынады.
Инкотермстің барлық термині төрт базалық категорияға топтастрылған:
Топ Жабдықтаудың Франкировка жағдайы
шартты белгілері (тасымалдау шарттары)
Е EXW Завод франкосы
F FCA Еркін тасымалдаушы
FAS Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу
FOB Еркін бортқа әкелу
C CFR Құны және фрахтысы
CIF Құны,сақтандыру және фрахтысы
CPT Тасымалдауға дейін төленген...
CIP Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті
тасымалдауға дейін төленген
D DAF Шекараға деәін жеткізілген
DES Кемеден жеткізілген
DEO Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа
Дейін өткізілген (баж салығы қосылған)
DDU Баж салығын төлемей жеткізілген
DDP Баж салығын төлеп жеткізген
Е тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге
дайын тұрған тауарды алады. Ғ тобының шарты бойынша, сатып алушы
көрсетсен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге
міндеттенген.
С тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады,
бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың
бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. Д тобының шарты бойынша сатушы
барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп
берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір
тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа
жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес порт кемесіне тийеді және сатып
алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық
тәуекелділігі де кіреді.
Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін
бағасының ішіне тауарджың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.
DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін
тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы
көрсетілген орында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға
міндетті.
FAS – жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз
есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту,
фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және
басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.
ҒОВ - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құнын,
кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т.б. кіреді
Инкотермс ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бөлігін
немесе толық көлемін пайдаланылуы тараптардың келісіміне байланысты болып
келеді.
Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан
шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді.
Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да
салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
– кедендік баж салығы;
– кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
– тауарларды сақтауға алынатын кедендік алымдар;
– шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия брегені үшін
алынатын алым;
– кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын
бергені үшін алым;
– алдын ала қабыладанатын шешімдер үшін төлем.
Бұл төлемдердің көбісінің мөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып
келеді, олардың құрамына шет елдік валютамен есептелген тауардың нақты құны
және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысыны
жабдықтаушының өзі төлесе , онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір
элементі ретінде болады және сатып алушы өтейді.
Кедендік төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны құрайды,
тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгіленген
мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге
шығарылатын тауарлардың кедендік құны; шот-фактурада көретілген тауар
бағасына, сондай-ақ егер шот-фактураға енгізілмеген болса, онда мынадай
нақты шығындар : тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін
жеткізіп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақсатн Республикасының
кедендік аумағынан сыртқары жерлерге шығару шығындары; сатушының шығарған
шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық және брокерлік сыйақылары; сондай-
ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағалнатын
тауарлармен біртұтас нәрсе ретінде қаралмаса, контейнерлердің немесе
бірнеше рет қайталанып айналымда болатын ыдыс құндары негізінде анықталады.
Қазақстан республикасының кедендік аумағына сырттан әкелетін тауардың
кедендік құны мынадай әдістерді қолдану арқылы анықталады: сырттан
әкелелінетін тауарларға жасалған мәміле бойынша ; ұқсас тауарларға жасалған
мәміле бағасы бойынша ; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша;
құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады.
Кедендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:
Адволарлық – салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына
процентпен есептеледі;
Ерекше - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген
мөлшерімен есептелінеді;
Аралас – салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерінің
екеуінеде үйлестіріледі.
Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz