Ұсыныс және оның факторлары
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І CҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ЗАҢЫ 6
1.1 Сұраныс және оның факторлары. Сұраныс функциясы 6
1.2 Ұсыныс және оның факторлары. Ұсыныс функциясы 8
1.3 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Нарықтық тепе-теңдік 9
ІІ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ НАРЫҚТАҒЫ ОРНЫ 12
2.1 Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс пен ұсыныс заңын өндіру мен
атқаруға ықпалы 12
2.2 Бәсеке, оның түрлері 18
2.3 Сұраныстың бағалық икемділігі: ұғымы, өлшемі, түрлері,
факторлары. Нүктелік және доғалық икемділік 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
КІРІСПЕ
Қазіргі таңдағы нарыққа байланысты, Елеулі мәселелердің бірі
тұтынушылардың сұранысы мен ұсынысын қанағаттандыру. Осы курстық жұмыста
талқыланатын мәселеде сұраныс және ұсыныс заңы туралы болмақ.
Онда сұраныс, сұраныс заңы, ұсыныс, ұсыныс заңы және оған жер етуші
факторлардың түрлері түгел талқылынбақ.
Сатылатын тауар біртектес \стандартты\ және тауардың әр данасы
бірдей бағамен сатылады деп жүрміз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей
алмайды. Ол \баға\ нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы
өзара бәсекенәтежесінде тағайындалады. Осы заманғы нарықтағы бәсенелестік
өз шарықтау шегінің шыңында. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу
механизімін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргізуіміз
қажет. Бағалардың қалыптасуына негізгі ықпал ететін – тұтыну суына негізгі
ықпал ететін – тұтынушы қауым. Әрине мұнда нарық зерттілеушілірінің де
еңбегі зор. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың
көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз. Сонымен
қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай жер
ететінің қарастырып талдау жасалады.
Айта келгенде, талдаулардың соңғы нәтижесінде тұтынушылар бәріне
сыншы болады. Расындан алғанда адамдарға тауар ұнаса сұраныс та ұсыныстың
да деңгейі төмен болады. Ал бугінгі қарайтын тақырып сұраныс болғандықтан,
сұраныстың бүкіл оңды – солды жағынан талдай, ашуға тырысып көрейін.
Баршамыз да "сұраныс" туралы ойша пікір түйеміз: бұл белгілі бір
игіліктерге деген қажеттілік. Экономикалық теорияда әдетте "төлем
қабілетті" сұранымды сатып алушылардың төлей алатын ақша қаражатының
көлеміне ие сұранымды айтады.
Алайда, мұндай түсінік экономистер сұраныс деп түсінетіннен қөрінетін
бөлігін ғана құрайды. Қатаң экономикалық мәнінде сұраным тауарды сатып
алудың мүмкін көлемі мен осы сатып алуға кететін шығын көлемі тәуелділігін
сипаттайды.
Кешегі Кеңес экономикасы тұтынушы емес, дәл осы енім өндірушіге
бағдарланғаны, тарихта бұрың болып көрмеген "шығындық" экономика жасағаны
құпия емес. Осыдан да отандық саяси экономия сөз жүзінде экономиканың төрт
сатылы құрылымын ("өндіріс" - "бөлу" - "айырбас" -"тұтыну") мойындап, ал іс
жүзінде өндірістік процестерді талдаумен шектелді, айырбас тіпті тұтынудағы
айырбас туралы "үн шығаруды" артық санады. Осыған қарамастан экономикалық
тиімділіктің жалпы формуласы ("нәтиженің" және "шығындардың" ара қатынасы)
экономика салаларына тәуелді түрде өзгеріп отырады. (5 тақырыпқа арналған
сызбаны қараңыз).
Бұл формулаға ортақ нәрсе: "бөлгіш" (қорытынды) қаншалықты аз болса
тиімділік те, өндіріс те, тұтыну да соншалықты жоғары болмақ.
Экономика тиімділігінің өсуі өндірілген өнімнің саны сатып алған
тауарлардың санымен, ал өнім өндіруге кететін шығындар көлемі - тауар сатып
алуға жұмсалатын шығындар көлемімен дәл келетін беталыспен (тенденция)
сипатталынады. Сөз бұл жерде жалпы экономикалық сипаттағы "беталыс"
туралы ғана екені түсінікті.
Шындығында да коғамдық өндірістін әрбір жаңа сатысы осы екі формуланың
- алымы да (және "бөлгіш" де) барынша көп сәйкес келуін білдіреді. Бірақ,
тәжірибеде өндірілген өнімнің саны әрқашанда сатып алынған тауарлардың
санынан асып түсетін болады, себебі, кез келген тауар өндірілген өнім болып
табылады, бірақ, кез келген өнім өндіруге кеткен шығын көлемі әрқашан да
тауарды сатып алуға кеткен шығындар көлемінен асып отыратын болады.
Осыдан да өндірісті де, тұтынуды да келістіріп, біріктіретін
экономикалық тиімділіктің нарық жағдайындағы формуласы қоғам жұмсаған
барынша шығындардың ең аз нәтижелерге қатынасы болып табылады. Нарықтық
экономикада "ең аз нәтиже" - бұл сатып алынған тауарлар саны, ал, "барынша
шығындар" - бұл өнім өндіруге кеткен шығындар көлемі осыдан да.
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып
алу қабілетін айтады. "Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы
тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы
мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
Егер де қандай да болмасын қажеттілік, тек қана тиісті тауарды (қызмет
түрін) төлеу арқылы қанағаттандырылса, онда бұл төлеудің (тауар бағасының)
көлемі сатып алынатын тауарларды тандауға да, оларды сатып алу көлеміне де
тигізеді.
Шартты мысалды қарастырып көрейік. Сатуға тауардың алты (дана) бірлігі
ұсынылды делік. Төлем қабілетті сұраным да алты ақша бірлігіне тең деп
есептейік. Сонда біз ұсынымның көлемі сатып алынған тауарлардың көлеміне
сәйкес келеді деп айта аламыз ба? Бұлай деп айтуға болмайды - бәрі
де баға деңгейіне тәуелді.
Шынында да, егер тауар бірлігінің бағасы алты ақша бірлігіне тең болса
онда сатып алушылар тауардың бір бірлігін ғана сатып ала алады (үш, екі
және бір ақша бірлігі бағасы жағдайында тиісінше екі, үш және тауар бірлігі
сатылып алынады).
Бір тәуелділіктер қатарын көрнекті түрде көсетіп көрейік:
Тауар ұсынымы Бағасы Төлем қабілетті Сатып алынған
(тауар бірлігі) сұраным (ақша тауарар саны
бірлігі)
6 1 6 6
6 2 6 3
6 3 6 2
6 6 6 1
Осы мысал арқылы сұраным заңын түйіндеп айта аламыз. Бірақ алдын-ала
біздің тәуелділікті сызба түрінде бейнелейік (5 тақырыпқа арналған I -
сызбаны қараныз), тік сызық осы бойынша бағалар деңгейіне "Р" әрпімен
белгілей отырып (ағылшының "рrісе" - "прайс", яғни баға деген сөзінен
шыққан) ал, көлбеу сызық бойынша - сатып алынған тауар санын, яғни
өткерілген сұраныс көлемін "Q" әрпімен белгілейміз (ағылшынның "Quantity"
"квонтити", яғни сан сөзінен шыққан және оны "d" бас әрпімен (ағылшынның
"demand" - "дәмандн", яғни сұраныc сөзінен шыққан) қоса белгілейміз,
себебі, "Q" символы сұраныс көлемін ғана емес, ұсынымның келемін де білдіре
алады, сонда оған "S" (ағылшының "Suррlеу" - ''съплай" (яғни ұсыным сөзінен
шыққан) қосылады.
Сұраныс заңымен бірінші рет танысқан адамның таңдануын көзге елестетуге
болады, ол "бұл дегеніңіз айқындылық қой" деп ойлайды. Әйткенмен, біздің
алдымызда тұрғаны шынында да нарықтық экономиканың ең елеулі заңдарының
бірі, экономикаға нарықтық сипат беретін, тұтынушының аса қуатты қорғанышы.
Міне, осы себептен де бұл заңды талдауға курстық жұмыста жетекші орын
берледі.
І CҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ЗАҢЫ
1.1 Сұраныс және оның факторлары. Сұраныс функциясы
Сұраныс заңын түсіну үшін тәуелділіктің "неден", "неге" байланысты
екендігінің, мұнда бағаның сұранымнан, немесе сұранымның бағадан
тәуелділігінің қандайлығы бейтарап калдырар нәрсе емес. Сұраныс
заңы - бұл сұраныс бағамен тек қана бағамен анықталатын
экономикалық нұска болып табылады. Сұраныс заны-.бұл сұранымның баға
деңгейіне үн қатуының тәуелділгінің заңы, бағаның сұраным көлеміне ықпалы
туралы заң. Және тағы бір жағы: - сұраныс заңы сұранымның көлемінен түсетін
ұсыным жағдайында ғана әрекет ететіндіктен нарықтық заң болып
табылады.
Сұраныс көлемі - сұраныска әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
Сұраныс пен ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын
көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарық өндірушілер мен
тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну
арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді. Үстірт қарағанда
бұл тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді,
өйткені сұраныс пен ұсыныс - өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы
қатынасты көрсететін ерекше нарықтық нысан.
Сұраныс - бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін
қажеттіліктердің көріну нысаны. Басқаша айтқанда, сұраныс - төлем қабілеті
бар қажеттілік. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс мөлшерінің арасында
барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны графикті түрде сұраныс
қисығының сызығы деп атайды.
Графиктегі көлденең білік - бұл сұраныс мөлшері, ал тік білік -
нарықтық баға. Көріп отырғанымыздай баға -Р1, сұраныс мөлшері - Х1, баға Р2
Р1 сұраныс мөлшері Х2 Х1 сәйкес келеді. Тауардың бағасы неғұрлым жоғары
болса, оған деген сұраныс төмен болады.
Сұраныс заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар
тауарды көп мөлшерде сатып алады. Егерде тауарға баға өссе, онда оларға
деген сұраныс азаяды. сұраныс қисығының сызығы бір қалыпта тұрмайды, ол
мезгіл-мезгіл жылжып отырады. Қисық графигінің оңға қарай ойысуы тауарға
сұранысының өскенін, ал солға қарай ауысуы сұранысының азайғанын көрсетеді.
2-сурет
Сұраныс – нарықтың ұсынатын бағасының әрбір шамасымен тұтынушылардың
сатып ала алатын немесе сатып алуға дайый тауарларының санын көрсетеді.
Сұраныстың өзгерісіне бағалық және бағалық емес факторлар әсер
етеді:
1. Зерттеп отырған тауардың бағасы (Р).
2. Басқа тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (Рs,
Рc).
3. Тұтынушылардың ағымдағы табыстары (I).
4. Тұтынушылардың талғамы мен қалаулары (Z).
5. Тұтынудың объективті (сыртқы) жағдайлары (N).
6. Тұтынушылардың күтуі (Е).
Сұраныстың осы көрсетілген факторларға тәуелділігі -
сұраныс функциясы деп аталады:
Мұндағы Qd— сұраныс көлемі.
Сұраныстың бағалық функциясы: Qd = f(Р).
Тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті график
арқылы көрсетуге де болады:
3-сурет. Сұраныс қисығы
Сұраныс қисығы - қарастырып отырған тауардың нарықтық бағасы мен
сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс қисығының
бойымен жылжу баға өзгергендегі сұраныс көлемінің өзгерісін білдіреді.
Сұраныс заңы - сұраныс шамасының баға деңгейіне тәуелділігінің заңы:
тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, оны сатып алу көлемі соғұрлым
көп болады және керісінше.
Сұраныс өзгерісінің баға деңгейіне кері тәуелділігі үш себеппен
анықталады: бағаның төмендеуі сатып алушылардың санын көбейтеді, олардың
сатып алу қабілетін жоғарылатады, арзандаған тауардың қосымша бірліктерін
сатып алуды тиімді қылады.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу - сұраныс көлемінің өзгерісі деп
аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің
өзгеруін анықтайды.
Бағалық емес факторлар өзгергенде қарастырып отырған затқа сұраныс
қисығы түгелімен не оңға, не солға жылжиды, оны сұраныстың өзгеруі деп
атаймыз.
Р мен В-ның өзара әрекеттесуін кері бағытта қарастыруға да
болады: Р = f(Р) - бұл сұраныстың кері функциясы. Сұраныстың кері
функциясының экономикалық мағынасы: тауардың көп мөлшерін тек қана төменгі
бағамен сатуға болады.
1.2 Ұсыныс және оның факторлары. Ұсыныс функциясы
Ұсыныс - сатушылардың берілген уақытта белгілі бір бағамен сатқысы
келетін немесе сатуға дайын тауарларының саны.
Ұсыныс көлемінің қалыптасуы кезіндегі жағдайларды ұсыныс факторлары
деп атайды.
Ұсыныс факторлары:
1. Қарастырып отырған тауардың бағасы (Р).

Рс).
3. Өндіріс шығындары мен технология деңгейі (С).
4. Салықтар мен субсидиялар (Т).
5. Өндірістің объективті (сыртқы) жағдайлары (N).
6. Өндірушілердің күтуі (Е).
Ұсыныс функциясы - S шамасының оны анықтайтын факторларға
тәуелділігін көрсетеді:
мұндағы Qs-ұсыныс көлемі.
Ұсыныстың бағалық функциясы:
Qs= f(Р)
Ұсыныс қисығы — тауардың бағасы мен оның нарықтағы ұсыныс көлемінің
арасындағы тәуелділіктің график түріндегі көрінісі.
4-сурет. Ұсыныс қисығы
Ұсыныс қисығының бойымен жылжу - баға өзгергендегі ұсыныс көлемінің
өзгерісін білдіреді.
Ұсыныс заңы - тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, оны
ұсыну көлемі де соғұрлым көп болады.
Ұсыныстың баға өзгеруіне реакциясы төмендегілермен түсіндіріледі:
1) өндіріс саласындағы фирмалар баға жоғарылаған кез-де
резервтегі және тез іске қосылатын жаңа өндіріс қуаттарын
пайдаланады, ал бұл өз кезегінде ұсынысты жоғарылатады;
2) бағаның тұрақты түрде жоғарылауы байқалса, онда басқа
өндірушілер осы өндіріс саласына кіруге ұмтылады, ал бұл жағдай тауар
өндірісін және оның ұсынысын одан сайын жоғарылатады.
Ұсыныстың өзгеруі - бағалық емес фактордың әсерінен ұсыныс қисығының
не жоғары солға, не төмен оңға жылжуын білдіреді.
1.3 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Нарықтық тепе-теңдік
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі және олардың үйлесімі баға
механизмі мен бәсеке негізінде іске асады. Бұлар нарықтағы тепе-теңдік пен
теңдестік бағаның құрылуына зор ықпалын тигізеді.
Нарықтық тепе-теңдік - бұл нарықтағы тауарларға сұраныс пен олардың
ұсынысы тең болатын жағдай.
Тепе-теңдік баға (Р) - бәсекелестік күштердің әсер етуі
нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіретін баға.
5-сурет. Нарықтық тепе-теңдік
Нарықтағы тепе-теңдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың көмегімен
орнатылады.
Тепе-теңдік бағаның орнатылуын талдау екі тұрғыдан қарастырылады:
Леон Вальрас және Альфред Маршалл көзқарастары.
1. Л. Вальрас әдістемесінде ең бастысы - сұраныс пен ұсыныс
көлемдерінің арасындағы айырма болып есептеледі.
6-сурет. Л. Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік
Егер нарықта ұсыныс артықшылығы (Р1 бағасында) болса, онда сатушылар
арасындағы бәсеке нәтижесінде баға төмендеуі (Р-ге дейін) болады да,
соның салдарынан артықшылық жойылады.
Егер нарықта сұраныс артықшылығы немесе тапшылық (Р2 бағасына сәйкес)
болса, онда сатып алушылар арасындағы өзара бәсеке бағаны жоғарылатып,
тапшылықты жоюға алып келеді.
7-сурет. А. Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік
А. Маршалл әдістемесінде ең бастысы - бағалар (Р1 мен Р2 ) арасындағы
айырма болып табылады. А. Маршалл сатушылар бәрінен бұрын сұраныс бағасы
мен ұсыныс бағасының арасындағы айырмаға көңіл аударады деп тұжырымдаған.
Осы алшақтық неғұрлым көп болған сайын, ол соғұрлым ұсыныстың жоғарылауына
(немесе төмендеуіне) себепші болады.
Ұсыныс көлемінің жоғарылауы (немесе төмендеуі) осы айырманы азайтады
және соның арқасында тепе-теңдік бағаның орнауына себепші болады.
Л. Вальрас болжамы бойынша тапшылық жағдайында сатып алушылар, ал
тауарлар артықшылығы жағдайында сатушылар бел-сенді іс-әрекет жасайды. А.
Маршалл болжамы бойынша барлық уақьггта нарықтық конъюнктураның
қалыптасуындағы басым күш - кәсіпкерлер болады.
ІІ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ НАРЫҚТАҒЫ ОРНЫ
2.1 Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс пен ұсыныс заңын өндіру мен атқаруға
ықпалы
Нарықтың сұраныс толып жатқан факторлардың әсері арқылы қалыптасады:
бағаның деңгейі; сатып алушылардың ақшалай табысы; тұрғындардың ұнатуы және
артық бағалануы; нарықтың шамасы: жиналған мүлік; сатып алушылардың саны
және басқалар. Баға неғұрлым жоғары болса, соғырлым тауарға сатып алушылар
тарапынан болатын сұраныс азаяды.
Ұсыныс - бұл нарықта тұрған немесе соған жеткізуге болатын, белгілі бір
бағасы бар тауарлар жиынтығы. Ұсыныс, өндірілген тауарлардың ассортименті
(әр алуан тауарлар жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранысты
құрайды, өз кезегінде сұраныс тауар ұсынысының көлемі мен құрылымын
белгілейді, себебі тек қана тұтынумен танылатын тауар ғана қайта өндіріле
алады. Нарықтық баға мен өндірушілердің ұсынғысы келетін тауарлар санының
арасында ұсыныс қисығының сызығы деп аталатын белгілі бір арақатынас
болады.
8-сурет.
Көрсетілген кесте шығарылатын өнім көлемінің (х) нарықтық бағаға (Р)
тәуелділігін көрсетеді. Баға - Р1, өнім – Х1-ге сәкес, ал баға - Рс және Р2-
ге дейін төмендесе, онда өнім - Хс және Х2-те сәйкес, басқаша айтқанда
тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы,
соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге және нарықта сатуға дайын болады.
Ұсыныс мөлшерінің көбеюі ұсыныс қисығының сызығын оңға қарай (S2S2), ал
ұсыныс мөлшерінің азаюы солға (S1S1) қарай жылжытады.
9-cурет.
Ұсыныс шамасы ресурстардың бағасына, қолданылатын өндіріс
технологиясының сипатына, салықтар мен дотацияларға, берілген тауар мен
оған ұқсас тауарлардың бағасына, бағаның өзгеруін күтуге, сатушылардың
санына, климаттық жағдайларға, өндірістік шығындарға тәуелді болады.
Мысалы:
1) минералды тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі – бидайдың ұсынысын
көбейтеді; жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуі — жүгеріні ұсынуды
азайтады;
2) жүгері зиянкестеріне қарсы тиімді инсектицидті жасау оның ұсынысын
көбейтеді;
3) университиттерге дотацияларды азайту – жоғары білімді мамандарды ұсынуды
кемітеді;
4) қой еті мен шошқа етіне бағаның төмендеуі – сиыр етін көбейтеді;
5) болашақта мүнайға бағаның төмендеуінің күтілуі, мұнай компанияларының
ағымдағы ұсынысын көбейтеді.
Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа
факторлар тұрақты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауардың
бағасы өзгерілуіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс
ұсыныс қисығының бойында болады.
Ұсыныстың өзгеруі — ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа
факторлар әсер еткендегі толық өзгеруі немесе жылжуы. Мысалы, үй ңұсына
беретін азыңтың бағасының төмендеуі үй құсы етінің ұсынысының өсуіне
әкеледі. Бұл жағдайда үй ңұсы етінің сату бағасы өзгермесе, онда ұсыныс
қисығы оңға жылжиды.
Үй құсы етін ұсыну көлемі
Ұсыныстағы өзгерістер
Қисыңтың S1-ден S2-ге орын ауыстыруы, яғни ұсыныстың өзгеруі барлық
мүмкін бағадағы ұсыныс көлемін өсіреді. Жаңа S2 қисығының бойындағы ұсыныс
көлемі баға 600 теңге болғанда 8 тоннаға дейін жоғарылап тұр.
Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта
болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке
негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең
бағаның құрылуына әкеліп соғады. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан
артық болса, артық ұсыныс пайда болады, немесе ұсыныс шамасы тауар
сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен
бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл
жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады. Тауардың бағасының
өзгеруі, тұтынушылардың кірісі мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр
түрлі әсер етеді.
Икемділік дегеніміз – бір айныманың екінші айныманың өзгеруіне
пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы.
Тауар баға икемділігіне көбірек ие болған сайын оның алмастырушылары
көбірек болады. Ұсыныстың икемділігіне ықпал ететін маңызды фактор - уақыт.
Ұсыныс әдетте ұзақ мерзімге икемді (өйткені, өндірісті ұлғайту немесе
өндірісті басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік бар). Бағаның өзгеруі ұсыныс
шамасына әсер етеді.
Қандай нарықтық эканомикада болмасын, сұраныс мен ұсыныс тепе-теңдігін
орнықтыру және ұстап тұру жеңіл міндет емес. Нарықтық тепе-теңдігін сұраныс
пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның белгілі бір
деңгейі деп түсіну керек.
10-сурет. Сұраныс және ұсыныс қисығы
Сұраныс және ұсыныс қисығы. Көріп отырғанымыздай, тепе-теңдік нүктесі
сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан жерінде тұр. Тепе-теңдік
нүктесіне сәйкес нарықтық баға — тепе-теңдік баға деп аталады. Сұраныс пен
ұсыныстың өзгеруіне қарай тепе-теңдік нүктесі мен тепе-теңдік бағасы да
өзгереді. Нарықтың тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің
тууына, қоғамдық қажеттіліктер мен өндірістің қозғалысында теңсіздіктердің
пайда болуына, ақырында, әр түрлі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық
салдарларға әкеп соқтырады. Бәсеке нарықта баға тепе-теңдігі Е нүктесінде
болады. Бұл жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады. Енді
баға тепе-теңдігінің өзгеруін сұраныс пен ұсынысының тапшылығы мен
артықтығы жағдайында көрсетейік. Кесте түрінде ол былай көрсетіледі.
Бұл процесс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz